Көкшетау қаласының ағынды суларын тазарту жөніндегі имараттарға талдау жүргізу және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚОЛДАНБАЛЫ ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Қорғауға
Кафедра меңгерушісі
э. ғ. к, доцент Хусаинов А. Т.
Әсел Сайранқызы Амзина
Көкшетау қаласының ағынды
суларын тазартудың экологиялық аспектілері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Ғылыми басқарушысы:
Хусаинова Р. К.
КӨКШЕТАУ - 2008 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 2
1. Су ресурстарының ластануы мен ақаба суларды тазартудың қазіргі
заманғы проблемалары (әдебиетке шолу) . . . 5
1. 1 Қазақстан Республикасындағы су ресурстарының экологиялық
жағдайы . . . 5
1. 2 Су ресурстарының ластану көздері . . . 12
1. 3 Ақаба суларды тазартудың әдістері . . . 16
2. Талаптар, обьектілер және зерттеу әдістері . . . 26
2. 1 «Көкшетау қаласы канализациясының тазарту имараттары» обьектісінің сипаттамасы . . . 26
2. 2 Көкшетау қаласы канализациясының тазарту имараттары арқылы ақаба суларды тазарту технологиясы . . . 31
2. 3 Шектеулі рауалы шығарынды нормативтерін есептеу және
анықтау . . . 45
3. Ақаба суларды тазарту технологиясын жетілдіру бойынша шаралар . . . 51
3. 1 Технология элементтерін қайта құрастыру . . . 51
3. 2 Ақаба суларды «Универсал-250» флотатор маркасының флотациялық сүзгісімен қайта тазарту технологиясы . . . 58
3. 3 Экономикалық тиімділікті есептеу . . . 60
3. 4 Еңбекті қорғау жөніндегі шаралар . . . 71
Қорытынды . . . 73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 74
КІРІСПЕ
Қалалардың өсуі, өндіріс пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы, суармалы жер алқаптарының барынша кеңеюі, мәдени-тұрмыстық жағдайдың жақсаруы және тағы да басқа факторлар сумен қамтамасыз ету жөніндегі проблемаларды одан бетер қиындата түседі.
Қазақстан Республикасындағы су ресурстарының экологиялық жағдайын зерттеу оның қиын-қыстау сәтті басынан кешіріп отырғандығын дәлелдейді. Қазақстан Республикасының Үкіметі су ресурстарын, ауа мен жерді қорғау жөнінде арнайы заңдар қабылдауы қажет. ҚР 2003 жылдың маусым айында ҚР Жер кодексі, ал 2003 жылдың 9 шілдесінде ҚР Су кодексі әзірленді және әрекет ете бастады. 2007 жылдың қаңтар айында Экологиялық Кодекс қабылданды.
Кодекстер ауа кеңістігін, сулар мен жер алқаптарын ластағаны үшін кәсіпорындарға жүктелетін жауапкершіліктер туралы бірқатар баптардан тұрады. Кәсіпорындарды экологиялық құжаттандыру енгізілді. Бұл шаралардың барлығы белгілі бір жемістерін беруде. Бірақ осымен қатар өндірістік кәсіпорындар көп мөлшерде ластаушы заттармен уланған ақаба суларды су обьктілеріне және шаруашылық тұрмыстық канализация жүйелеріне төгуді жалғастыруда, мұның бәрі қоршаған ортаға қайтып орны толмас зиян келтіреді, яғни су обектілерінің рекреациялық қабілетінің және жасанды жинақтауыштар толығуының бұзылуына әкеліп соқтырады. Тиімсіз жұмыс, пайдаланудың төменгі деңгейі, кей кездері тіпті тазарту имараттары мен айналым жүйелерінің жоқтығы Глубочанка, Ульба, Тихая, Ертіс өзендерінің экологиялық жағдайының нашарлауына әкелді.
Қазақстан қалаларының суды тұтыну мен су тарту жүйелеріне талдау жүргізу кәсіпорындардың локальды су айналымы жүйелерінің жоқтығын дәлелдеді, бұл технологиялық қажеттіліктер үшін таза суды көп мөлшерде пайдалануға және қазірдің өзінде он облыс орталығында апатты күйдегі жинақтауыштарға түсетін ауыртпалықтардың артуына әкеліп соқтырады.
Жыл сайынғы су шығыны сумен қамтамасыз ету түрлері бойынша 3300-3500 км 3 құрайды. Жалпы суды тұтынудың 70% ауыл шаруашылығында пайдаланылады. Суды көп мөлшерде химиялық және целлюлозалық-қағаз өндірісі мен қара және түсті металлургия мен энергетика пайдаланады. Судың басым бөлігі мал шаруашылығы саласының қажеттіліктері, сонымен қатар халықтың тұтыну қажеттіліктері үшін шығындалады. Судың көп бөлігі пайдаланылғаннан кейін ақаба сулар ретінде өзендер мен грунт суларына қайтып келеді.
Көкшетау қаласындағы грунт сулары ластануының негізгі көздері өндірістік және коммуналдық кәсіпорындардың, фермерлік шаруашылықтардың, АЗС, СТО, депо, теміржол және автомобиль көліктері төгінділерінің, агрохимикаттар, пестицидер және т. б. ақаба суларының жеткілікті түрде тазаланбауы болып табылады. Ластаушы заттар грунт суларына түсісімен судың сапасын өзгертеді, бұл көбінесе судың физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеруінен байқалады, яғни жағымсыз иістер мен дәмдер пайда болады. Есіл, Нұра, Шағалалы өзендерінің суларына жасалған химиялық талдаулар одан төмен орналасқан елді мекендердің өткен жылғы зерттеу қорытындылары бойынша су құрамында азоты бар заттардың - аммиак, нитраттар, нитриттердің артқандығын дәлелдейді, бірақ таза су көздерінде аммиак пен нитрит тіркелмеген, ал олардың бар болуы органикалық заттармен жақын уақытта ластанғандығының, ал нитраттардың бар болуы бұдан ертеректеу ластанғандығының дәлелі.
Өзендердің ластануына кері әсер ететін жағдайлардың біріне өндірістік кәсіпорындардың апатты төгінділері жатады.
Осыған байланысты Көкшетау қаласының ақаба суларын тазарту имараттарының жағдайын зерттеу және олардың тиімді жұмыс істеуін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу өзекті мәселе болып табылады.
Бұл мәселені зерттеудің шектелуі аталмыш аймақ үшін тазарту имараттарының барынша тиімді әдістері мен жүйелерін терең және ғылыми тұрғыда негізделген түрлеріне ізденісті қажет етеді. Сондықтан да, Ақмола облысы, Көкшетау қаласының жағдайында жүргізілген, тазарту имараттарының жай-күйін талдау мен ақаба суларды тазартудың перспективтік технологияларын әзірлеуге бағытталған зерттеулер өзекті проблемалардың бірі болып табылады.
Зерттеулердің мақсаттары мен міндеттері . Жұмыстың мақсаты Көкшетау қаласының ағынды суларын тазарту жөніндегі имараттарға талдау жүргізу және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру.
Ақмола облысы, Көкшетау қаласының жағдайында тазарту имараттарын зерттеу және ағынды суларға талдау жүргізу үшін келесі міндеттер қойылған:
- Көкшетау қаласын сумен қамтамасыз ететін көздердің жағдайын зерттеу;
- ағынды сулар мен тазарту имараттарының жағдайын талдау және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу;
ағынды сулардың жағдайына жүргізілген мониторингтің негізінде оларды тазартудың алдыңғы қатарлы технологияларын анықтау;
- ағынды сулардың ластануын нормаға келтіруді есептеу, су сапасына бақылау жүргізудің әдістерін ұсыну;
- жинақтаушы тоғандарға төгілетін химиялық заттардың шектеулі рауалы төгінділерінің (ШРТ) нормативтерін әзірлеу;
- ағынды суларды тазарту бойынша әзірленген шараларға экономикалық баға беру.
Жұмыстың өзектілігі. Ақмола облысы, Көкшетау қаласының тазарту имараттарына жүргізілген талдау мен ақаба суларды тазарту бойынша тиімді шараларды әзірлеудің негізінде :
- тазарту имараттарына талдау жүргізілді және ағынды суларды тиімді тазартуды арттыратын шаралар әзірленді;
- жинақтаушы тоғандарға төгілетін химиялық заттардың шектеулі рауалы төгінділерінің (ШРТ) нормативтері анықталды;
- ағынды суларды тазарту бойынша экономикалық тиімді шаралардың деңгейі анықталды.
Жұмыс нәтижелерінің тәжірибе жүзіндегі маңыздылығы
Көкшетау қаласының тазарту имараттары мен ақаба суларын тазартуға жүргізілген талдаудың негізінде тазалаудың тиімділігін арттыратын шаралар әзірленді.
Зерттеу қорытындыларын пайдалану ЕҚОҚБ мен «Қалалық су каналы» ЕМК-не ақаба суларды өңдеудің жаңа әзірленген жүйесін ұсынуға мүмкіндік береді, бұл жүйе ақаба суларды тиімді, әрі барынша толық тазартуға және ластағаны үшін төленетін нормативтік төлемді 537296 теңгеден 166265 теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік беретін флотациялық тазартуды іске асыруға жол береді.
«Универсал 250» флотатор сүзгісін пайдалану ақаба сулардың құрамын май, хлор, күкірт заттары мен мұнай өнімдерінен тазартып қана қоймай, сонымен қатар ақабалардағы оттегінің концентрациясын жоғарылатуға да мүмкіндік береді, бұл одан ары биологиялық тазартуға қолайлы жағдай жасайды.
Тазартуды одан әрі тиімдірек ету үшін келесі химиялық реагенттерді қолдану керек: күкіртті темір Fe2(SO4) 3, хлорлық темір FeCb, күкірт қышқылды алюминий A A SO A , күкірт қышқылды темір қосу әк сүті (10%) Al2(SC>4) 3 + Са(ОН) г флотация процесін жеделдетеді және тазарту имараттарынан шығу кезінде химиялық заттардың концентрациясын (өлшенген заттарды 80%, ОХТ 70, 4%, хлоридтерді 11 %, аммиакты 35о/а, нитриттерді 50%, нитраттарды 60%, сульфаттарды 34%, СПАВ 29%, және ОБТ 20, 1%) төмендетеді.
Қорғауға шығарылатын ережелер.
■ Көкшетау қаласының тазарту имараттарының жүйесі және ағынды сулардың сапалық құрамы;
■ ағынды сулардың ластануын нормаға келтіру және суды бақылауға алу әдістері;
■ жинақтаушы тоғандарға төгілетін химиялық заттардың шектеулі рауалы төгінділерінің нормативтерін әзірлеу;
- "Универсал 250" флотатор сүзгісін тазарту имараттарының жүйесіне енгізу кезінде ақаба суларды тазартудың тиімділігі.
- СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЛАСТАНУЫ МЕН АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАРТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
(ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ)
Су ресурстарының ластануы дегеніміз су қоймаларына сұйық, қатты және газ түзуші заттарды төгуге байланысты судың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгеруі болып табылады, олар аталмыш су қоймаларының суын пайдалануға қауіпті ете отырып, қолайсыздық тудыруы мүмкін, мұның бәрі ауыл шаруашылығына, адам денсаулығы мен халықтың қауіпсіздігіне зиян келтіруге дейін апарады. [1] .
1. 1 Қазақстан Республикасындағы су ресурстарының экологиялық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы су ресурстарының экологиялық жағдайын зерттеу оның қиын-қыстау сәтті басынан кешіріп отырғандығын дәлелдейді.
Өндірістік кәсіпорындар көп мөлшерде ластаушы заттармен уланған ақаба суларды су обьктілеріне және шаруашылық тұрмыстық канализация жүйелеріне төгуді жалғастыруда, мұның бәрі қоршаған ортаға қайтып орны толмас зиян келтіреді, яғни су обектілерінің рекреациялық қабілетінің және жасанды жинауыштар толығуының бұзылуына әкеліп соқтырады. Тиімсіз жұмыс, пайдаланудың төменгі деңгейі, кей кездері тіпті тазарту имараттары мен айналым жүйелерінің жоқтығы Глубочанка, Ульба, Тихая, Ертіс өзендерінің экологиялық жағдайының нашарлауына әкелді.
Қазақстан қалаларының суды тұтыну мен су тарту жүйелеріне талдау жүргізу кәсіпорындарда локальды су айналымы жүйелерінің жоқтығын дәлелдеді, бұл технологиялық қажеттіліктер үшін таза суды көп мөлшерде пайдалануға және қазірдің өзінде он облыс орталығында апатты күйдегі жинақтауыштарға түсетін ауыртпалықтардың артуына әкеліп соқтырады.
Ақмола облысындағы су ресурстарының жағдайы нашар күйде. Облыстың ірі өзендеріне Есіл, Колутон, Жабай, Сілеті, Нұра, Шағалалы, Қылшақты өзендері жатады.
Типтері бойынша өзендер жазық типке жатады, соған орай олардың қармен қоректенуі басымырақ. Өзендер сәуір айының ортасына қарай ашыла бастайды. Көктемгі су тасқындары лайлы, тотықтануы төмен, иісі жоқ болып келеді. Еріген сумен араласқан кезде кальций және магний тұздарының құрамы азаяды, судың кермектілігі төмендейді. Жалпы кермектіліктің минералданудағы жоғары көрсеткіштері маусым айында байқалады. Аса суық қыс кезінде кейбір өзендердің түбі қатып қалады, су ағыны уақытша тоқтайды.
Негізгі су артериясы Есіл өзені болып табылады. Елді мекендердің тұрғындары өзеннің суын шаруашылық-ауыз суы мақсаттарына орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәртіпте де пайдалана береді. Өзеннің жоғарғы ағысында Вячеславка су қоймасы орналасқан. Облыс аумағындағы су жинау алқабы 84300 шаршы км құрайды. Есіл өзені ағындысының жылдық көлемі 90%-дық қамтамасыз ету кезінде облыс көлемінде жылына129967мың м 3 құрайды.
Ақмола облысы көлемінде Есіл өзенінің ластануы Киров селосы - Тургеневка кентінің учаскесінде бақылауға алынады.
Вячеславка су қоймасына дейінгі (Тургеневка кенті) өзеннің суында ОБТ5 (1 ШРК дейін), сульфаттардың (1, 15 - 3, 5 ШРК), хлоридтердің (1, 2 РШК дейін), жалпы темірдің (6, 7 ШРК дейін), мыстың (3 ШРК дейін), фенолдар мен мұнай өнімдерінің (1-2 ШРК) жоғарғы құрамы байқалады. Су ластануы индексінің маңыздылығы (СЛИ) -1, 1 орташа кезінде 1-2. 2 (3 класс, орташа лайлы) құрайды.
Вячеславка су қоймасының суы 0, 55 - 1 (2 класс, таза) СЛИ мағынасы кезінде сульфатпен (1. 1-1. 4 ШРК), темірмен (1, 6 - 2. 7 ШРК дейін) және мыспен (1 ШРК дейін) ластанған.
Келесі ірі өзендердің біріне Нұра өзені жатады, өзеннің ұзындығы 406 км, Ақмола облысының аумағында су жинау алабы 9460 шаршы метрді құрайды. 90%-дық қамтамасыз ету кезінде өзен сағасындағы ағынның жылдық көлемі жылына 66400 мың м 3 / құрайды.
Ақмола облысының аумағында Нұра өзенінің ластану жағдайы екі жақтан бақылауға алынады. Судың сапасы ОБТ 5 (1, 2 - 2. 7 ШРК дейін), сульфаттар (2, 35 - 5 ШРК дейін), хлоридтер (1, 3 ШРК дейін), жалпы темір (1, 2-12, 5 ШРК), мыс (1-3 ШРК, фторидтер (1, 45 ШРК дейін), үш валентті хром (1, 4 ШРК дейін), фенолдар (1-3 ШРК) және мұнай өнімдері (З. 4 ШРК дейін) бойынша органикалық заттардың жоғарғы құрамымен 2. 1 СЛИ (3 класс, орташа лайлы) орташа мәнде 1, 25 - 2, 44 СЛИ мәнімен сипатталады, аталмыш шөгінділер мен судағы сынап 1, 2 - ден бастап 2, 4 дейінгі ШРК құрайды.
Облыстың солтүстік бөлігінде Шағалалы өзені орналасқан, ол облыс орталығы - Көкшетау қаласының негізгі су көзі болып табылады. Өзеннің ұзындығы облыс аумағы бойынша 144 км құрайды, ағынның орташа жылдық көлемі 40770 мың м 3 / жыл құрайды. Басқа өзендер ұзын емес, олардың басым көпшілігі ыстық жаз мезгілінде құрғап қалады.
Облыс аумағында 140 аса ірі көлдер мен су бетінің ауданы 1км 2 (көлдердің 85% су бетінің ауданы 1км 2 кем емес) құрайтын шағын көлдер өте көп. Ірі көлдердің біріне Тенгиз көлі жатады. Су бетінің ауданы 1590км 2 құрайды, тұзды көл. Тағы ірі көлдердің біріне Қорғалжын көлі жатады. Су бетінің ауданы - 330 км 2 , көл тұздылау.
Көлдердің тереңдігі көбінесе үлкен емес. Олардың орташа тереңдігі 1-1, 5 м аспайды. Көл шұңқырының жазық бедеріне байланысты көлдердің көлемі жаз мезгілінде қысқарады. Шағын көлдердің көпшілігі құрғап қалады, ірі деген су қоймаларда бөлек-бөлек терең сулар ғана сақталады. Мұндай деградациялардың басым көпшілігі судың лайлануы мен олардағы шұңқырлардың біртіндеп балдырлануынан болады.
Басқа көлдер келесі сипаттамаларға ие:
Алтайсор Бөгембай ауылынан солтүстік-шығыс бөлігіне қарай 11 км қашықтықта орналасқан. Су жинау алабы -1310км 2 . Судың құрамы натрий иондарының басымдығымен хлоридті болып келеді.
Суы тым кермек. Тұрмыстық сумен қамтамасыз етуге пайдаланылмайды. Көлдің орташа ауданы 7, 6км 2 . Кіріс - жылына 5, 47 млн. м; буланғыштығы - жылына 5, 47 млн. м 3 (құрғап қалады) . Ластану индексі - лайлы, 4 класс.
Атансор облыстың оңтүстік-шығыс бөлігіне қарай орналасқан, су жинау алабы 1160 км, су бетінің ауданы - 20, 0 км, судың құрамы натрий иондарының басымдығымен хлоридті болып келеді, ластану индексі - орташа лайлы, 3 класс.
Жөкей Шучье қаласының оңтүстік-шығыс жағына қарай орналасқан. Су жинау алабы-160км 2 . Көлдің орташа ауданы - 15км 2 . Су гидрокарбонатты-хлоридті-натрий-магний. Минералдануы 2, 3 - 2, 5 г/кг. Кермектігі 14-17 мг/экв., ластану индексі-лайлы, 4 класс.
Үлкен Шабақты - су бетінің ауданы 22 км 2 . Судың құрамы натрий иондарының басымдығымен гидрокарбонатты және магний иондары басым болып келеді. Ластану индексі - орташа ластанған, 3 класс.
Кіші Шабақты - су бетінің ауданы -21 км. Судың құрамы магний басымдығымен хлоридті-натрий. Ластану индексі - лайлы, 5 класс.
Щучье көлі, су жинау алабы - 64, 4 шаршы км, су бетінің ауданы 18км 2 , судың құрамы - гидрокарбонатты-кальции. Минералдануы - 250мл, кермектігі 2, 0 - 2, 5 мг/экв. Ластану индексі - орташа лайлы, 3 класс.
Зеренді, су жинау алабы - 97, 7км 2 , су бетінің ауданы 11км 2 , құрамы натрий иондарының басмыдығымен гидрокарбонатты. Ластану индексі -орташа лайлы, 3 класс.
Қопа, су жинау алабы - 3860км 2 , су бетінің ауданы - 13 км 2 , су құрамы гидрокарбонатты хлоидті-натрий. Минералдануы 300-700 мг/л, кермектігі 3-7 мг/экв (тым кермек) . Ластану индексі - лайлы, 5 класс.
Бурабай, су жинау алабы 164 км, су бетінің ауданы - 10 км, судың құрамы гидрокарбонатты кальций. Минералдануы 100-150 мг/л, кермектігі 1, 0-1, 5 мг/экв (тым жұмсақ) . Ластану индексі - орташа лайлы, 3 класс.
Қотыркөл, су жинау алабы 29, 9 км 2 , су бетінің ауданы - 4, 5 км 2 , судың құрамы гидрокарбонатты-натрий. Кермектілігі 3, 8 мг/экв (орташа кермекті) . Ластану индексі - тым лайлы, 6 класс.
Майбалық, су жинау алабы 5, 8 км, су бетінің ауданы - 1 км 2 , көлдің суы тұзды. Ластану индексі - тым лайлы, 6 класс.
Есіл, Нұра, Шағалалы өзендерін ластайтын негізгі көздер елді мекендер аумағынан келетін нөсер ағындылары, сонымен қатар су жинау алаптарынан еріген қар мен жауын-шашын суларымен шайылған минералды және органикалық тыңайтқыштар болып табылады. Суларға жасалған химиялық талдаулар одан төмен орналасқан елді мекендердің өткен жылғы зерттеу қорытындылары бойынша су құрамында азоты бар заттардың - аммиак, нитраттар, нитриттердің артқандығын дәлелдейді, бірақ таза су көздерінде аммиак пен нитрит тіркелмеген, ал олардың бар болуы органикалық заттармен жақын уақытта ластанғандығының, ал нитраттардың бар болуы бұдан ертеректеу ластанғандығының дәлелі.
Өзендердің ластануына кері әсер ететін жағдайлардың біріне өндірістік кәсіпорындардың авариялық төгінділері жатады. «Хипром» АҚ кәсіпорнының авариялық төгіндісінің нәтижесінде Нұра, Есіл каналдары құрамында сынап қалдықтары бар зиянды заттармен ластанған. Төгіндінің нәтижесінде канал құрылыс аяқталысымен бірден жабылды, бірақ Нұра өзенінің әлі күнге дейін ластану мүмкіндігі туындап отыр.
Көлдердің басты ластаушы көздері олардың су жинау алабында орналасқан елді мекендер мен өндірістік кәсіпорындар болып табылады. Судың сапасына әсер ететін факторлардың біріне су жинау алабындағы егістік жерлердің шайылуы жатады. Халықтың шаруашылық қызметінің нәтижесінде енді қайтып қайтарылмай алынған су көлемінің органикалық заттармен және тұрмыстық қоқыстармен ластануына байланысты су сапасының төмендеуі, балдырлардың қарқынды өсуі орын алған, соның нәтижесінде сулардың үдемелі лайлануы мен көлдердің таяздануы, одан қалды су сапасының нашарлауына жол берілген.
Облыс аумағындағы жер асты су жинауға қатысты Су комитетінің мәліметтері бойынша шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін барланған 15 кен орнының есептік пайдалану мерзімі өткен: Айдарлы, Ақмола, Атбасар -Приишимское (2 кезек), Атбасар (1 кезек), Вишневка учаскесі, Ерментау, Нұра, Рождественский - 1, Рождественский, Сандықтау, Северный учаскесі (Солтүстік-Ерментау), Тамсор, Целиноград, Мейірман учаскесі, Қызыл. Аталмыш орындардың сумен қамтамасыз ету қоры қайта бекітуді қажет етеді. Бұл орындардың басым көпшілігіндегі жер асты суларының қоры сарқылды деп айтуға ешқандай негіз жоқ, себебі олардан су таңдау бекітілген жер асты суларының қорынан айтарлықтай аз. Тек Вишневка жер асты суының кен орны В категориясы бойынша бекітілген жер асты суларының қорының көлеміне тепе-теңдікте соңғы жылдары су таңдау арқылы пайдаланылып келеді. Кейбір орындардағы жер асты суларының деңгейін қалыпқа келтіру бойынша жұмыстарды жоқтығына көп жылдар бойғы Мемлекеттік режимдік бекеттердің жер асты суларының деңгейіне жүргізген бақылаулары дәлел бола алады. Мысалы, Нұра кен орнындағы жер асты суларының деңгейі бастапқы көрсеткіштерге қарағанда 0, 92-1, 85 м, Сандықтау 0, 67 -1, 73м, Атбасар - 0, 59 - 5, 05 м төмендеген.
Астана қаласын шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тікелей жер асты суларының 3 орны барланды: Целиноград, Ақмола және Рождественский. Целиноград кен орны шеңберіндегі аумаққа құрылыс жүргізудің («Заречный» орталық үй-жайы) нәтижесінде жер асты сулары сапасының (минерализацияның 0, 3-1, 0 бастап 1, 3 - 2. 3 г/л дейін артуы) төмендеуіне байланысты ол 1980 жылы жабылды. Қорларының тартылуына байланысты 1980 жылдан бастап Ақмола кен орны сақтаулы күйінде тұр, оның су қоры 5-10 жылға бекітілген болатын, бірақ пайдалану технологиясындағы бұзушылықтарға байланысты (су іріктеу екі есеге жоғарылаған) 5-7 жылдың ішінде пайдалану ұңғымаларында жер асты сулары деңгейінің бірден төмендеп кетуіне жол берілді. Жер асты суларының деңгейі режим деректері бойынша осы уақытқа дейін бастапқы 0, 5-) . 7м. дейінгі қалпына келтірілген жоқ. Астана қаласын сумен қамтамасыз ету үшін қосымша көздер ретінде су орнын табу мақсатында қайта барлау жұмыстары қажет. Рождественский жер асты суларының орны тәулігіне 1, 87 мың текше м су іріктеуімен «40 лет Казахстана» и «Красноярский» совхоздарын шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ғана пайдаланылады. Аталмыш орын бойынша Нұра өзеніне Ертіс-Қарағанды каналынан су келуіне орай оның гидрологиялық режимінің өзгеруіне байланысты жер асты суларының пайдалану қорын 2, 5 есеге арттыру мүмкіндігі туып отыр. Ал зерттеу мәліметтері жер асты суларының орны сынаппен ластанғандығын дәлелдеп отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz