Көкшетау қаласындағы ағынды судың экологиялық жағдайы және оны тазалау жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

«География, экология және ОӘ» кафедрасы

Қорғауға жіберілді:

«География, экология және ОӘ»

кафедрасының меңгерушісі

С. О. Жетпісов

«___» 2008 ж.

Диплом жұмысы

Тақырыбы:

Көкшетау қаласындағы ағынды судың экологиялық жағдайы және оны тазалау жолдары

Орындаған:

Ғылыми жетекші: Сыздыков Е. Т.

Көкшетау-2008 жыл

МАЗМҰНЫ

Кіріспе. . . . . 3-5

  1. Әдеби шолуСу ресурстары және сумен жабдықтау . . . 6-10Көкшетау қаласына жалпы сипаттама . . . 10-12Судың қасиеттері мен маңызы . . . 12-15Ақмола облысы суының экологиялық жағдайы . . . 15-19Суды ластайтын заттардың классификациялары . . . 19-28
  2. Ағынды суларды тазалайтын Көкшетау станциясы жұмысының тиімділігіне сараптама . . . . 29Негізгі нысандардың қысқаша табиғи-климаттық сипаттамасы. 29-30Көкшетау қаласындағы ауыз судың сапалық көрсеткіштерінің сипаттамасы . . . 30-32«Көкшетау су арнасы» МКМ пайдаланатын нысандардың

тізімі . . . 32-33

  1. «Көкшетау су арнасы» МКМ шаруашылық қызметі . . . 33
  2. Жер ресурстарын пайдалану . . . 33
  3. Шикізат және қосалқы материалдар . . . 33-34
  4. Су тазалаудың инженерлік-технологиялық процестерінің суреттемесі . . . 34
  5. «Көкшетау су арнасы» МКМ-нің тазартқыш құрылыстарының жұмыстағы тиімділігі . . . 35-37
  1. Су тазалаудың технологиялық сұлбасы. . . 38-42Ағынды суларды тазарту әдістері . . . 42-43Қайта тазалау, сүзу әдістері . . . 43-44Сорбция әдісімен қайта тазалау . . . 44-45

3. 1. 2. 1. Түйіршіктелген активті көмірдің сорбциясы . . . 45-47

3. 1. 2. 2. Ағынды суларды қайта тазалағанда ұнтақ активтелген көмірді қолдану . . . 47

3. 1. 3. Қышқылдандыру әдісімен қайта тазарту . . . 47-48

3. 1. 4. Флотация әдісі . . . 48-51

3. 2. Қорғағыш жапқыштар . . . 51-52

3. 2. 1. Су құбырларын жасаудағы балама материалдар . . . 52

4. Жобаны енгізудің экономикалық тиімділігі . . . 53

4. 1. Экономикалық жіктеу . . . 53-54

5 . Еңбекті қорғау

5. 1. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың сараптамасы . . . 55

5. 2. Санитарлық тазалық шаралары . . . 55-56

Қортынды . . . 57-58

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 59-60

Қосымшалар . . . 61-68

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасындағы су ресурстарының экологиялық жағдайын зерттеу олардың ауыр жағдайда екенін көрсетіп отыр.

Өнеркәсіп орындары су объектілеріне немесе канализация жүйелеріне ластанған ағынды суларды жіберу арқылы қоршаған ортаға өте зор зиян келтіріп, су объектілерінің өзіндік қалпын сақтауын бұзып, жасанды су қоймаларының шексіз толуына әкеліп отыр.

Адамдардың шаруашылық кәсібінің салдарынан көптеген пайдаланылған сулардың орны толмай, оның үстіне қалдықтармен көл сулары лайланып, судың сапасы төмендеп, ол кейбіреулері мүлде құрғап кетті.

Ал жерасты суларын пайдалану мәселелеріне келсек, су комитетінің
мәліметтері бойынша облыста 15 ауыз су мақсатына жоспарланған жер асты
суларының есепті пайдалану мерзімі аяқталған: Олар Айдарлы,
Акмолинская, Атбасар, Есіл (екінші кезең), Атбасар (бірінші кезең) . Вишневская, Нуринское, Рождественское-1, Рожденственская, Сандықтау, Солтүстік учаскісі, Тамсор, Целиноградское, Мейірман, Қызылтуское . Осы су орындарының қорларын қайта қарау керек. Бүл орындарда су қорлары таусылды деп айтуға негіз жоқ. Тек Вишневское жерасты су орнының В категориялы су алынған көлемі бекітілген қорға сәйкес келіп отыр.

Жерасты суларының көлемін анықтаудың кейбір су орындарында босаңсығанын жер асты суларының мемлекеттік байқау көрсетіп отыр. Мысалға Нұра су орнында жер асты суының деңгейі алғашқыдан 0, 92-1, 85 м, Сандықтау су орнында 0, 67-173 м төмендегенін көрсетіп отыр, ал Атбасарда -0, 59-5, 05 м.

Басқа су орындарында да жер асты суларының лайланғаны белгілі болып отыр. Астрахан су орнында марганец -2ПДК, бром 2 ПДК. Жер асты суларының лайлануы - орташа қатерлі, Нұра жер асты су орнында - сынап 1, 2-38 ПДК, темір 1, 4-6, 7 ПДК, марганец -2-4, 6 ПДК. Жер асты су орнының лайлануы орташа қатерлі. [8]

Сандықтау су орнындағы бақылау ұңғымаларында су құрамында аммоний 9-48 ПДК. Жер асты суының лайлануы қатерлі. Державенское су

орнында бром -2, 4 ПДК, бор -2, 4 ПДК. Жер асты суының лайлануы орташа - қатерлі Қызыл су жер асты су орнында бром - 6, 25 ПДК, марганец -3, 8 ПДК, лайлану қатерлі. Целиноград және Вишнев су орындарында да гидрохимиялық жағдайлар өзгерді. Жер асты суларының минералдануы ұңғымаларда 1, 1-3, 4 ПДК.

Жер асты суларының лайлануы деңгейлері бұл су орындарында орташа қатерлі. Соңғы жылдары Қарағанды және Ақмола облыстарындағы жер үсті және жер асты суларында сынап бар екендігі айқындалды. Олар 1996 ж. жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ашылды. Нұра өзенінің суында сынап 1, 2-24 ПДК. Нұра су тартқыш ұңғымаларында сынап 1, 2-38 ПДК (ол өте қауіпті) . Тек солтүстік бөлігі мен Жақсы су орындарында су лайлануы қауіпсіз.

Ақмола облысы бойынша су тарту динамикасы млн м 3

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Көрсеткіштер:

Көрсеткіштер

Көрсеткіштер:

2005 ж.

Көрсеткіштер:

2006 ж.

2007 ж.

Көрсеткіштер: Жер асты көздері
Көрсеткіштер: 22, 0

28, 0

27, 033
Көрсеткіштер: Жер үсті көздері
Көрсеткіштер: 57, 64

54, 33

57, 832

Көрсеткіштер: Барлығы
Көрсеткіштер: 79, 64

82, 33

84, 915

Облыста жер асты және жер үсті суларын лайлау су жинақтағыштарға және тазаланбаған ағынды суларды лықсыту арқылы да болады. Қаржы жетіспеушілігіне және мамандардың осал дайындықтарының салдарынан су тазартқыш қондырғыларының техникалық жағдайы жылдан жылға төмендеуде.

Облыста 10 су тазартқыш қондырғылары жұмыс істейді, оның ішінде 3 жер үсті суларын лықсытады, ал 7 ағынды суларды су жинағыштарға лықсытады. Оның 3 жұмысы ғана тиімді (Көкшетау, Шортан, Айдабол спирт заводы) .

Бұрынғы су орталықтарындағы және темір жол бойындағы су тартқыш құрылыстардың жұмыстары тоқталды, көбінің иелері жоқ және жарамсыз. Ауызсуға және технологиялық қажетке пайдаланатын су алудың көлемі ұлғайғанына байланысты, ағынды суларды бұрудың да көлемі көбейді.

Ақмола облысы бойынша су бұрудың

динамикасы, млн м 3

Суды бұру:

Суды бұру

Жылдар:

Жылдар

Суды бұру: 2005
Жылдар: 2006
2007
Суды бұру:

Жалпы облыс бойынша

Жылдар: 16, 9
11, 14
12, 37
Суды бұру:

Оның ішінде а) су нысандары

Жылдар: 6, 821
5, 4
4, 71
Суды бұру:

б) тазалағыш жинағыштарға және беделдерге

Жылдар: 10, 076
5, 74
7, 66

Облыстағы ірі тазалау станциясының бірі «Көкшетау су құбыры және канализациясы басқармасы» МКК-на қарасты Көкшетау қалалық су тазартқыш құрылысы болып есептеледі.

«Көкшетау су арнасы» МКК мәліметі бойынша су тазартқыштың қуаты тәулігіне 32000 м 3 . (жылына 1168 м 3 ) . Бірақ ағынды сулардың нақты көлемі:

Міп 800 м 3 сағат немесе 19200 м 3 тәулігіне, немесе 7008000 м 3 жылына.

Мах 1350 м 3 сағат немесе 32400 м 3 тәулігіне немесе 11806000 м 3 жылына.

Ағынды сулардағы лайланушы заттардың тізбегі қосымшада (№1) көрсетілген.

Ағынды сулар Мырзакөлсор көліндегі су жинағышқа лықсытылады. Ол Көкшетау қаласынан 22 шақырым. Солтүстік - Шығыс жағындағы ақпайтын шұңқырда орналасқан. (Қосымша 9) Ол ағынды суларды лықсыту арқылы толтырылады. Маусымдағы деңгейінің өзгеруі 1-1, 5 м сәйкес. Су жинағыштың көлемі 120 шақырым. Қазір Мырзакөлсор тек ағымды суларды жинағыш ретінде пайдаланылады және оның көкжиегі 240 м белгіде. Жинағыштық көлемі -115 млн м 3.

Жиналған ақпараттардың сараптамасы бойынша Ақмола облысындағы су бассейнінде, оның ішінде Көкшетау аумағында экологиялық жағдай тұрақсыз. Жер асты және жер үсті суларының лайлануы қауіпты жағдайда облыс бойынша суды бұру динамикасы өте осал - 2006 ж. су тарту көлемі 84, 915 млн м, болса, оның бұру көлемі 12, 37 млн мг ғана болады. Су алу айналымының жоқтығы көрніп тұр. (су көзі -тұтынушы - қалпына келу су көзі) пайдаланылған су тазаланбайтын қайтадан лықсытылады, кейде жинағыштар пайдаланылмайды, су өз - өзінен тазаланылады деген үміт бар, табағат күші шексіз деген ойға сенім бар. Таза су көздері табиғатқа тұрпайы қараудан да азаюда. Адам өміріне тым қажет су ресурстарын сақтау үшін антропагендік су айналымына жедел кірісу керек. [29, 31]

Ол үшін дүниежүзілік және отандық ағынды суларды тазартудың
көптеген тәсілдері бар. Кейбір тазалаудың инженерлік-техникалық әдістерін мен осы жобада керсеттім. Көкшетау станциясының үшінші сатыдағы «үшінші дәуірлік» тазартудың кейбір әдістері негізінде, мен суды Шағалалы өзенінің бассейніне қайтаруды ұсынамын. Ол өзеннің ағымында орналасқан елді - мекендердің суды шамалап қайта пайдалануына жол береді. Осы аз қалдықты технологиялық сүбені басқа қалалардың, аумақтардың, орталықтардың, кіші елді мекендердің пайдалануы Қазақстан Республикасының сумен қамтамасыздандыру мәселелеріне өзінің пайдасын жалпы экологиялық жағдайды түзетуге және су бассейіндерін лайлаудан сақтауға өз пайдасын тигізеді деп ойлаймын.

1. Әдеби шолу

1. 1. Су ресурстары және сумен жабдықтау

Табиғатта, қоғам тарихында, адам өмірінде, тіршіліктің әр саласында су ерекше орын алатыны белгілі. Тіршіліктің ең жоғары сатысындағы адам денесінің 65-70%-і судан тұрады. Сондай-ақ, өсімдіктердің өсіп жетілуі үшін де орасан көп су қажет.

Халық шаруашылығына қажетті су көзі тек адамдар мен жануарлардың ішуі үшін емес, өнеркәсіпті дамытуда да, жер суаруда да, барлық техникалық процестерді жүзеге асыруда да пайдаланылады. Сол сияқты судың энергетикалық қуаты, жылылық көзі, жанға шипа, табиғатты жақсартып, жасарту қасиеттерін ескерсек, шын мәнінде сусыз тіршіліктің мүмкін еместігі байқалады.

Су климат пен ауа райының өзгеруіне тікелей әсер етеді. Су қорына байланысты әрбір аймақтың климаты да өзгеріп тұрады. Мұны теңіздер мен көлдер деңгейінің өзгеруіне байланысты ауа райының өзгеруінен байқауға болады. Арал теңізінің шөгіп бара жатқанына байланысты бұл мекенде коныстанған елдердің климаттық жағдайы да күрт өзгерді. Балқаш көлі деңгейінің төмендеуі оның төңірегіндегі жерлердің климаттық жағдайының өзгеруіне әсер етуде.

Қазақстанның су ресурстарына жататындар

Халық шаруашылығында суды пайдаланудың негізгі екі тәсілі бар- суды пайдалану және суды тұтыну . Бірінші жағдайда су суаттардан алынбайды да шаруашылық мұқтаждығын шешуге пайдаланады. Суды пайдаланушыларға гидроэнергетика, су транспорты, ауыл және балық шаруашылықтары т. б. жатады. Суды тұтыну -су суаттардан алынып, судың бір бөлігі технологиялық процестерге пайдаланып, ал қалған бөлігі қайтарымсыз жоғалады. Республикамызда өндірісті сумен жабдықтаудың екі жүйесі бар:

  1. тура ағатын;
  2. айналма ағатын.

Сумен жабдықтаудың тура ағатын жүйесі - суды су көздерінен алып, пайдаланғаннан кейін және оны тазалаудан өткізгеннен соң суды суаттарға жіберу, ал сумен айналма жабдықтау - пайдаланып біткен суды тазалаудан өткізіп, оны өндірістік циклдерге қайтадан қолдану.

Су ресурстарын-өндіргіш күштерді жүйелі орналастыру, тіпті жиі өндіріс құралы ретінде маңызды факторлардың бірінені саналады.

Су ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану Қазақстан үшін өте маңызды. Себебі, республика бойынша сумен қамтамасыз етілу деңгейі бір шаршы метрге шаққанда орта есеппен 30 мың текше метрден келеді. Бұл көрсеткіш Украинаға қарағанда 4 есе, Ресейден - 3 есе, ал Грузиядан - 30 есе кем.

Республикамыздың сумен қамтамасыз етілуі әр аудандарында әр түрлі. Мысалы, таулы аудандарда бір шаршы метрге шаққанда жылына 24-тен 212 мың текше метр аралығында, ал жаздықтарда 2, 3-тен 4, 7 мың текше метрден келеді. Республикадағы су ресурстарының негізгі көздері - көлдер. Олардан жылына орта есеппен 100 текше километрден астам су ағады, ал оның жартысына жуығы Қытайдан, Өзбекстаннан, Қырғыздан және Ресейден келеді. 1997 жылдың басында республика бойынша жер асты суының қоры 15824, 1 млн. текше метр болды.

Соңғы жылдары республикамызда су ресурстарын пайдалану және оларды қорғауға мән беріле бастады. Бұлардың негізгі заңдылықтары, құрылымдары, орналастырылуы, жер асты суларының химиялық құрылымы зерттелді. Табиғи және эксплуатациялық ресурстардың болжамдық карталары жасалды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларында су ресурстарын пайдалану және оларды қорғауға байланысты ғылыми не-гізделген ұсыныстар дайындалды.

Алайда, республикамызда қолда бар су ресурстары әліде болса өз дәрежесінде ұтымды пайдаланылмай келеді. Халық шаруашылығында жер үсті суларын пайдалану не бәрі 34 - 40%, ал жер асты суларын пайдалану 5 - 10 %-тен аспайды. Су мәселесі жөнінде өте қиын жағдай басқа республикалармен шекералас Сырдария, Орал, Іле, Шу және Талас өзендерінде болып отыр. Тек Солтүстік Қазақстанда соңғы 10-15 жыл ішінде өзендердің көлемі 10-12 %-ке қысарған.

Су ресурстарын пайдалану ауыл шаруашылығы өндірісімен тығыз байланысты. Су шаруашылығы мен ауыл шаруашылығының бірлігі ғана суды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал су ша-руашылығы - бұл су қорын зерттеу, есепке алу, оларды кешенді түрде пайдалануды жоспарлау, болжамдау, жер беті мен жер асты суларын ластанудан сақтау, суды тұтынушыларға жеткізіп беру т. б. мәселелерімен айналысатын халық шаруашылығының бір саласы.

Су ресурстарын пайдаланудың экономикалық дәрежесіне көптеген факторлар әсер етеді. Мұнда ең алдымен ирригациялық жүйелердің техникалық деңгейін, суару әдістері техникасын, суару режимін т. б. атауға болады. Республика бойынша суармалы жерлердің мелиорациялық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар баяу жүргізіліп келеді. Мелиорациялық жүйелерді жақсартатын кешенді шаралардың орындалуын көздейді. Ол үшін ескі жүйелер қайта құрылып, жаңа жүйелер ішінара жақсартылуы және қосымша жабдықтармен жарақтандырылуы қажет.

Суару жүйелерінің пайдалы әсер коэффициенті оның жұмысының негізгі техникалық көрсеткіші болып табылады. Жүйенің пайдалы әсер коэффициентінің шамасын кемітетін негізгі себептерге мыналар жатады:

  • суару каналдарынан судың жерге сіңіп кетуі;
  • судың гидротехникалық құрылыстар арқылы пай-далануға берілмеген каналдарға ағып кетуі;
  • каналдарға су өткізу қабілетін кемітпейтінүйінділер мен шөптерден дер кезінде тазартыпотырмау т. б.
  • тұрақты каналдардан жоспарда көрсетілмеген сумөлшерінің әкетілуі.

Суаруға жұмсалатын суды ұтымды пайдалану суармалы жерлердің тиімділігін арттырудың үлкен резерві болып табылады. Дегенмен су ресурстары әлі де үнемділікпен пайдаланылмай келе жатқандығы белгілі. Сондықтан жер суаруға пайдаланылатын судың тиімдігін арттыру үшін суару жұмыстарын барлық жерде де суды үнемділікпен пайдалануға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру қажет.

Жер суаруға жұмсалатын суды тиімді пайдалану үшін жаңбырлатқыш машиналардың жәрдемімен суаруды, суарудың басқа да озық әдістерін қолданып, суару жұмыстарын механикаландыруды жеделдеткен жөн. Сол сияқты суару жүйелерінің техникалық дәрежесін арттыру, суару әдістері мен техникасын жетілдіру жұмыстары да су ресурстарын ұтымды пайдаланудың жолдарына жатады.

Жұмсалған су мен шаруашылық қызметінің нәтижесін салыстырғанда, су ресурстарын тиімді пайдалануын қортындылайтын көрсеткіш - бұл су сыйымдылығы.

Су сыйымдылығы ұлттық табыс бөлігін алу үшін қанша су ресурстарын жұмсау керек екендігін көрсетеді. Осы көрсеткіштің динамикасы су ресурстарын тиімді пайдаланудың индикаторлық қызметін атқаруы мүмкін.

Қазіргі кезде ішкі сулардың ластану дәрежесі өте қауіпті жағдайға соқтырып отыр. Әсіресе Ертіс өзенінің жағдайы ерекше қауіп-қатерде болып отыр. Ол Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарын сумен қамтамасыз етеді. Онда 900-ден астам су тұтынушылары бар. Өзенге жылма-жыл жалпы судың 60% ағын сулары келіп түседі. Ал осы суларды ластаушылар - мыс, цинк, азот нитраттары т. б. Орал өзенін Ресейдің өндіріс кәсіпорындары ластауда. Сырдария, Іле, Шу, Талас өзендеріне басқа республикалардан ағып келетін сулар сол жақтан ластанып келсе, екіншіден, оған өзіміздегі ластар қосылады. Соңғы 40 жылдың ішінде Арал теңізінің суы бес есе азайды, су деңгейі бір жарым есе төмен түскен. Мұның барлығы Арал өңіріне үлкен зиян келтіріп, экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Каспий теңізі суының жоғары көтерілуі және көптеген мұнай кәсіптерінің су басып кетуі жағадағы сулардың ластануына әкеліп соқтыруда.

Суларды ластаудың негізгі көздері

Бұл айтылған су ресурстарының ластану көздерінің ішіндегі ең қауіптісі балықтарға зиянды әсер ететін құрамында химиялық улы заттар бар өндірістің қалдықтары. Оған: целлюлоза-қағаз фабрикалары, химия өндіріс орындары, мұнай өндеу, металлургия зауыттары, мал шаруашылығы өнімдерін - жүн, тері өңдейтін зауыттар т. б. жатады.

Су қорына аса қауіп-қатер туғызатындар: мұнай, пестицидтер, түсті металдардың, күрделі химиялық қосылыстары. Әсіресе, мұнайдың суларды ластаудағы зияны шексіз. Себебі, оның құрамында әр түрлі зиянды заттар көп. Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы өндіріс орындарының су қорына тигізетін зиянды әсері де молшылық. Ал лас суларды ауыл шаруашылығына пайдаланудың да зияны өте көп. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарын ластаған сумен суару, біріншіден олардың шығымдылығы өте төмен, ал екіншіден адам денсаулығына қауіпті болады. Сонымен қатар топырақтың тұздылығы көтеріледі, топырақта биохимиялық процестердің жүруі төмендейді. Сулардың ластануы әсіресе балық қорына тікелей зиян келтіреді. [9]

Соңғы кездерде республикада суды ластандырудан қорғауды күшейтуге байланысты біршама маңызды шаралар қабылданды. Еліміздің көптеген ірі қалаларында ірі-ірі су тазалайтын құрылыстар салынады. Өнеркәсіп салаларында суларды екінші қайтара пайдалану жұмыстарына көңіл бөліне бастады және өнеркәсіп мұқтаждарын қанағаттандыру үшін таза суларды жұмсау азайды. Алайда бұл мәселелер жөнінде кемшіліктер баршылық. Сондықтан да тұщы ауыз суларды таза ұстау, оларды ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау жұмыстары бүкілхалықтық көкейтесті мәселеге, актуалды проблемаға айналып отыр.

Су байлықтарын сақтау - бүкілхалықтық іс екенін ұмытпауымыз керек. Себебі, су бірінші қажеттілік және біздің таптырмайтын байлығымыз. Осыған орай су ресурстарын қорғауға бағытталған бірқатар іс-шаралар, қаулы-қараларда қабылданды. Су ресурстарын пайдалану және оларды қорғаудағы заңды құжаттардың бірі -ол 1993 жылдың 31 наурызында қабылданған «Су кодексі». Мұндағы көрсетілген Қазақстан Республикасындағы су заңдарының міндеттері - халықтың, экономика салаларының суды ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету, су ресурстарын ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғау, судың зиянды ықпалын болдырмау және оны жоқ мақсатында су қатынастарын реттеп отыру, су қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту болып табылады.

  1. Көкшетау қаласына жалпы сипаттама

Көкшетау- қаласы Ақмола облысының әкімшілік орталығы (1999 жылдан; 1944 - 97 жылдар аралығында Көкшетау облысының орталығы болған) . Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 276 км жерде, Көкшетау қыратының солтүстігінде, Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы көрікті жерде орналасқан. Тұрғыны 133, 1 мың адам (2006) . Қаланың аумағы 420, 0 км 2 . Көкшетау қаласының климаты айқын континенттік, жазы жылы, қысы ұзақ және аязды. Жылдық орташа температура 0°С шамасында. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 - 350 мм. Жауын-шашын негізінен жаз айларында жауады. Көкшетау - Қазақстанның тарихы бай қалаларының бірі. Қазіргі қала орналасқан аумаққа жергілікті халық ежелгі замандарда-ақ қоныс салып, қорғандар тұрғызған. 1824 жылы 30 сәуірде Бұқпаның бөктері, Шағалалының сол қапталындағы Шат шатқалының ішінен (қазіргі Көкшетау-Қостанай тас жолымен қаладан шыға берістегі Шағалалы өзені үстінен өтетін көпірдің тұсы) Ресей империясының шығыстағы шекаралық әскери бекінісінің құрылысы басталды. 1824 жылы 17 қыркүйекте (жаңа күн санауы бойынша 30 қыркүйекте) Ресей империясы Сенатының шешімімен Көкшетау бекінісі ресми тізімге енгізілді. 1839 жылы Көкшетауға әскери гарнизоны әкелініп, казактар станицасы құрылды. 1868 жылы Көкшетау бекінісі әскери маңызын жойып, қатардағы елді мекендердің бірі болып қалды.

Үйлердің барлығы да ағаштан қиылып салынатын болғандықтан Көкшетауды кезінде "ағаш қала" деп те атаған.

1910 жылы шойын құю шеберханасының механигі Захаров қала тұрғындарына тұңғыш рет өз киноаппаратымен дыбыссыз кино көрсетті. 1913 жылы қаңтарда қала санағы өткізілді.

1916 жылы Көкшетауда алғаш рет қуаты 8 кВт/сағ электр станциясы жұмыс істей бастады.

19 ғасырдың 60 жылдарынан Көкшетау қаласының ортасындағы Покров (қазақтар оны Боқырау жәрмеңкесі деп атаған) базарында жәрмеңке өтіп тұрды. Жәрмеңке 1918 жылға дейін жұмыс істеді. 1918 жылдың наурызынан Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Көкшетау уездік кеңесі Бурабай консерві заводын, Харломовтың сіріңке фабрикасын, Көкшетау бу диірменін, Айдабол спирт заводын, Бурабайдағы санаторий мен саяжайларды мемлекет меншігіне айналдырып, Көкшетаудың бүкіл кәсіпорындарын өз қарауына алды.

1921 жылы 21 ақпанда Көкшетау уезінде Кеңес үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс болды. "Есіл бүліншілігі" деп аталған бұл бас көтеруді Қызыл армия бөлімшелері күшпен жаныштады.

1922 жылы Көкшетау - Қызыл-жар (Петропавловск) тас жолы (ұзындығы 200 км-ге жуық) іске қосылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІН СИПАТТАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Ақмола облысының көлдер жүйесіне толықтай сипаттама
Мырзакөлсор сужинағышының балдырларының түрлік құрамы
Көкшетау қаласының сарқынды суын тазарту үшін биологиялық тазарту ғимараттарын жетілдіру
Ақмола облысының экологиялық жағдайы
Қопа көлі және балық шаруашылығы
Ақмола облысы бойынша су ресурстарының экологиялық жағдайы
ЩУЧЬЕ – БУРАБАЙ КУРОРТТЫҚ БЕЛДЕМІНІҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ
Көкшетау қаласының ағынды суларын тазарту жөніндегі имараттарға талдау жүргізу және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz