Қазақ кітаптары мен қисса-дастандардың көрнекті зерттеушісі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3-5

І. Ү. Субханбердина және алғашқы қазақ басылымдары . . . 6-31

1. 1. Алғашқы қазақ басылымдарындағы әдеби нұсқалар . . . 6-24

1. 2. Қайта жаңғырған есімдер . . . 24-31

ІІ. Қазақ кітаптары мен қисса-дастандардың көрнекті зерттеушісі . . . 32-54

2. 1. Қазақ кітаптарының жанашыры . . . 32-40

2. 2. Қисса-дастандарды қайта тірілткен . . . 40-54

Қорытынды . . . 55-57

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 58-59

Кіріспе.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеуде Қазақстан Республикасының Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, библиограф, әдебиетші-ғалым Үшкілтай Хасенқызы Субханбердинаның ғылыми мұрасы қарастырылды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ елі тәуелсіздік туын желбіреткеннен бергі уақытта тарих қойнауындағы біршама ақтаңдақтар ашылып, соның арқасында ұлттық сана-сезіміміз биіктеп, елдігіміз нығая түсуде. Алаш идеясы - ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да қазақпен бірге жасайды десек, онда сол орасан мақсатты орындау үшін қазақтың тілі мен мәдениеті, өнері мен әдебиеті, тарихы мен салт-дәстүрі, айналып келгенде, қазақты ел ететін, мемлекет ететін рухани олжасы Қазақ елінде айрықша орынға ие болу керек.

Алаштың жолы, Алаш қайраткерлері қалыптастырған ұлттық санамызды жаңғырту сапары - бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы етер берік ұстындардың бірегейі болатынын естен шығармағанымыз абзал.

Азаттық жолында құрбан болған Алаш көсемдерінің бірі- Субханберді Хасенұлының ұрпағы, қазақ кітаптарының 110 жылдық хронологиясын жасаушы библиограф, алаш қайраткерлерінің есімдерін жаңғыртып, шығыстық қисса-дастандарды ауыз әдебиетінің үлгілерімен сабақтастырып, қазақ баспасөзі мұраларын жинаушы әдебиетші Ү. Субханбердинаның ғылыми мұрасын зерделеу - зерттеу өзектілігін тереңдей түседі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Үшкілтай Субханбердинаның зерттеу еңбектері туралы Б. Кенжебаев, Ж. Бектұров, Б. Төлепберген, Ғ. Әнесов, Қ. Ергөбек, Т. Кәкішев, Ө. Әбдіманов, Д. Қамзабекұлы, Д. Сәрсенбекова, т. б. ғалымдар мақалалар жазды.

Алайда Ү. Субханбердинаның қазақ әдебиеттану ғылымындағы зерттеу еңбектері алғаш рет дербес зерттеу нысаны ретінде арнайы диплом жұмыс барысында қарастырылып отыр. Жалпы Ү. Субхандердинаның зерттеу еңбектерінің деректік, теориялық ғылыми маңызы зор.

Зерттеу нысаны. Ү. Субханбердинаның ғылыми еңбектері мүмкіндігінше тұтас қамтылады. Зерттеу еңбегінің негізгі нысаны ретінде Ү. Субхандердинаның «Қазақтың төңкерістен бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар»(1963), «Қазақ кітаптары»(1986), «Дала уалаятының газеті»: әдеби нұсқалар(1-том-1989; 2-том-1991; 3-том-1992; 4-том-1994; 5-том-1996), «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа»(1993), «Айқап»(1995), «Әдеби мұра. Революциядан бұрынғы мерзімді баспасөз бетіндегі жарияланған көркем шығармалар»(1970), «Ғашық-наме»(1976), «Батырлық дастандар»(1996), «Қазақ халқының атамұралары»(1999), «Кітап жолы-Арман жолы»(2001), «Түркістан уалаятының газеті»(1986), «Қазақ кітабының шежіресі: 1807-1917»(1996), «Ғашықтық дастандар»(1994) сынды көптеген библиографиялық көрсеткіштер мен зерттеу еңбектері алынды.

Зерттеу пәні. Зерттеу барысында Ү. Субханбердинаның ғылыми мұрасы нақтылы мәнде зерттеу пәні ретінде алынды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ү. Субханбердинаның зерттеу еңбектерін қазақ әдебиеттану ғылымының басты даму бағыттары аясында қарастыра отырып, онық сан салалы ғылыми мұрасын ғылыми айналымға енгізу - зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады.

Осы мақсат жүзеге асуы үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:

-Ү. Субханбердинаның ғылыми-зерттеу еңбектерінің ғылыми тарихнамасын жасау;

-Қазақ зиялылары мен Алашшыл әдебиетті қазақ әдебиеті тарихында орнықтырудағы зерттеушілік ұстанымдарын саралау;

-Ғалымның қазақ баспасөзін, қазақ кітаптары мен мәдени мұраларды жаңғыртуға қосқан үлесі жайлы жаңа байламдар жасау;

Зерттеу жұмысының жаңалығы. Зерттеу жұмысында Ү. Субханбердинаның қазақ әдебиеті тарихы мен алаш әдебиеті саласындағы ғылыми еңбектері, зерттеу мақалалары алғаш рет зерттеу көзіне айналып, ғалымның кеңестік кезең мен тәуелсіздік тұсындағы жазылған ғылыми-зерттеу еңбектері сол кезеңнің тарижи ахуалымен бірлікте қарастырылып отырады. Сол арқылы Алашшыл әдебиеттің кемелденіп, толысуындағы зерттеушінің өзіндік орны айқындалды. Сонымен қатар:

-Библиограф Ү. Субханбердинаның қазақ баспасөзі мұраларын алғаш жинаушылардың бірі екенігі айқындалды;

-Шығыс қисса-дастандарда кездесетін ауыз әдебиеті үлгілері нысанаға алынып, қазақтың төл әдебиетіндегі дастандармен сабақтастығы жөнінде ғалымның еңбектеріне сүйеніп нақты тұжырымдар жасалды;

- Алаш қайраткерлерінің есімдерін жаңғыртудағы және қазақ кітаптарының хронологиясын жасауға қосқан ғалым Ү. Субханбердинаның ерен еңбегі бағаланды;

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздерін Қазақ әдебиеттану ғылымындағы А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаев, Ы. Т. Дүйсенбаев, Б. Кенжебаев, Ж. Кенжалин, Қ. Сақ, Ө. Әбдіманов, Т. Кәкішев, Д. Қамзабекұлы, М. Төлегенов, Ө. Күмісбаев, А. Қанафин, Е. Бертельс, Ә. Жиреншин сынды көрнекті ғалымдар мен әдебиеттанушылардың еңбектері жұмысқа теориялық және әдіснамалық негіз ретінде ұсынылды.

Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысын жазу барысында алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін тарихи-фунционалдық талдау, тарихи-салыстырмалы сипаттау, проблемалық жүйелеу, жинақтау әдіс-тәсілдері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу тұжырымдары мен нәтижелері, ғылыми пайымдаулары ХХ ғасыр басындағы әдебиетіне материал, жаңа зерттеулерге бағыт-бағдар ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар, зерттеу жұмысын жоғары оқу орындарында оқытылатын алаш және әдебиет атты элликтивті пәнге қосымша материал ретінде және арнаулы курс дәрістерінде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Ү. Субханбердинаның ғылыми-зерттеу еңбектерін зерттеу нәтижесінде төмендегідей ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:

-Үшкілтай Субханбердина- қазақ әдебиетінің көкейтесті мәселелерін зерттеуде ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлттық әдебиеттану ғылымы мен библиография саласында ғылыми құндылығы айқын, жүйелі еңбектер қалдырған ғалым.

-Ғалымның қазақ баспасөзінің тарихына қатысты зерттеулері ұлттық баспасөзді зерттеуге қосылған қомақты үлес болып табылады.

-Ү. Субханбердинаның шығыстық қисса-дастандарды қазақтың төл дастандарымен салыстыра қарастыруы да рухани мұраны тануға едәуір ықпал етеді.

Зерттеу жұмысының жариялануы мен сарапталуы. Зерттеудің жекеленген тұжырымдары Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, филология факультетінде филология апталығының барысында өткен «Филология әлемінде» атты студенттердің ғылыми-практикалық конференциясында жасалған баяндамада көрініс тапты.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау.

Ү. Субханбердина және алғашқы қазақ басылымдары

1. 1. Алғашқы қазақ басылымдарындағы әдеби нұсқалар

Еліміздің тәуелсіздігі тарихымызды түгендеуге, рухани болмысымызды бүтіндеуге кең мүмкіндік ашып отырған қазіргі кезеңде ұлт ретінде қалыптасу жолында бедерлене байқалған тарихи белестердің сыр-сипатын зерделеу барынша терең ғылыми ізденістерді қажет етуде. Әлбетте, бұл Алаш қозғалысын зерттеуге де тікелей қатысты. Айтулы қозғалысқа тек саяси-қоғамдық тұрғыдан ғана баға беру тарлық етеді. Қозғалыстың өз дәуіріндегі тарихи мәні айқындалып келеді дей отырып, оның рухани жаңғырығының дәйектей түсер тұстары мол. Мәселен, оны аса ірі рухани-мәдени құбылыс ретінде кешенді түрде қарастырып, осы құбылыстың әлеуметке, жеке тұлғаға ықпалын анықтаудың концептуальды жолдарын қарастырғанымыз абзал. Ең алдымен, Алаш қозғалысының қазақ баласына, адамға, тұлғаға, содан шығып, әлеуметке деген көзқарасын дәйектеуіміз қажет. Алаш қайраткерлерінің, қаламгерлерінің еңбектерімен танысқанда, олардың ой-пікірлеріндегі гуманистік аңсарды аңғармау мүмкін емес. Әрбірден соң, қозғалыстың өзі- адамға, ұлтқа деген жанашырлықтан туған гуманистік әрекет. Ұлттың еркіндігі мен азаттығы, оны құрайтын жеке адамдардың бақыты мен теңдігі ұранын көтерген қозғалыс- білімі кемел, ой-өрісі кең, мәдениеті жоғары, адам мен қоғамның мәселелерін жетік білетін ұлтшыл ғана емес, гуманист азаматтардың белсенділігінен туғанына күмән келтірмесек, онда бұл тарихи-саяси құбылыстың діңгегі- елжандылық пен адамсүйгіштік екендігіне шүбә келтірмегеніміз жөн.

Өткенін қастерлеп, бүгінгінің керегіне жарата білу келешегі бар өркениетті елдердің үлесіне ғана тиетіні белгілі жағдай. Осы тұрғыда өзі өткен ұзақ жолдағы тарихи-мәдени, әдеби дүниелерін кезінде қағаз бетіне түсіріп отырмаған қазақ халқының тасқа басылып, хатқа түскен ескерткіштерінің ішіндегі Қазан төңкерісінен бұрынғы газет-журналдарда басылған нұсқалардың орны ерекше. Әр дәуірде шығып тұрған газет-журналдарды- халықтың өз тұсында болған саяси, шаруашылық, мәдени тұрмыстарын кеңінен қамтитын нақтылы деректері деуге болады. Ғылыми маңыздылығы жағынан бұл нұсқаларды архив қазынасымен салыстыра аламыз. Қиын-қыстау заманда қыруар қиындықпен дүниеге келген библиографиялық көрсеткіштермен қатар, қазақтың Қазан төңкерісінен бұрынғы газет-журналдарының тарихына, шығарушы редакторларына арналған азды-көпті ғылыми еңбектер де жарық көрді. Олардың ішінде Б. Кенжебаевтың, Қ. Бейсембиевтің, Х. Бекхожиннің, Ә. Жиреншиннің, Т. Кәкішевтің, З. Тұрарбековтың, Б. Әбілқасымовтың, С. Зимановтың, Қ. Идрисовтың, З. Бисенғалиевтің, т. б. зерттеулерін ерекше атаған жөн [1, 6] . Осыдан аттай бір ғасыр бұрынғы қазақ даласының тіршілік тынысынан, ой-таным өресіне, рухани болмысына айна болған газет бетіндегі материалдың кітап болып шыға бастауы, айтары жоқ, рухани зор қуаныш. Мұндай қуаныштың өздігінен келе қалмайтыны, көз майын тауысып, маңдай терді мың төгу арқылы жүзеге асатыны бүгінгі оқырманға белгілі. Осы орайда, «құрастырушы» деп қана кітаптың бір бүйіріне аты-жөнін басқан библиограф, әдебиетші-ғалым Үшкілтай Субханбердинаның еңбегін атап өту қажет. Себебі, «құрастырушы» сөзінің астарында сырт көз аңғара бермейтін көп қасиеттер жасырын қалғандай.

Павлодар облысы, Баянауыл ауданында 1927 жылдың 15-і қаңтарында дүниеге келген ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Субханбердина Үшкөлтай 1948 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірсе, 1952-1965 жылдары Орталық ғылыми кітапхананың библиографиясы қазақ кітаптары мен сирек кездесетін кітаптар және қолжазба бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. Ал 1966-1973 жылдары Әдебиет және Өнер институтының текстология және қолжазба бөлімінің аға ғылыми қызметкері, 1973-1982 жылдары фонофото бөлімінің меңгерушісі, 1982-1999 жылдары қолжазба және текстология орталығының аға ғылыми қызметкері болып қызмет еткен [2, 481] . Бүкіл саналы өмірін төңкерістен бұрынғы араб әліпбилі қазақ жазба нұсқаларын жариялауға, олардың библиографиясын түзіп зерттеуге арнаған библиограф-ғалым Үшкөлтай Субханбердинаның «Қазақтың төңкерістен бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар»(1963), «Қазақ кітаптары»(1986), «Дала уалаятының газеті»: әдеби нұсқалар(1-том-1989; 2-том-1991; 3-том-1992; 4-том-1994; 5-том-1996), «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа»(1993), «Айқап»(1995), «Әдеби мұра. Революциядан бұрынғы мерзімді баспасөз бетіндегі жарияланған көркем шығармалар»(1970), «Ғашық-наме»(1976), «Батырлық дастандар»(1996), «Қазақ халқының атамұралары»(1999), «Кітап жолы-Арман жолы»(2001), «Түркістан уалаятының газеті»(1986), «Қазақ кітабының шежіресі: 1807-1917»(1996), «Ғашықтық дастандар»(1994) сынды көптеген библиографиялық көрсеткіштер мен зерттеу еңбектері бар.

« . . . Ғылым дегеніңіз де қызық. Біреу өзін ғылымға арнайды. Біреу ғылым атын жамылып өзіне жағдай жасайды. Үшкөлтай өзін ұдайы қиынға салып, қинаудан бір танбаған жан. Және мен мынадай іс тындырдым деп кеуде қағу, көкірек көрсетудің бірі жоқ. Ол әуелі ғылымға библиограф болып келді», -дейді сыншы Құлбек Ергөбек» [3, 3] . Ү. Субханбердинаның ерен еңбегі жөнінде ғалым А. Жетпісбаева: « . . . Ушкультай Хасеновна - человек, мало заботившийся о приобретении ученых степеней и званий. Но уже первые ее работы, ознаменовавшие начало нового этапа в казахском литературоведении и главным образом связанные с исследованиями в области дореволюционной казахской периодики, используются как учебные пособия для филологических факультетов вузов республики. «Статьи и письма на страницах «Айкапа»(1961), «Материалы, опубликованные на страницах дореволюционной печати» ( в двух частях, 1963) - каждая из этих книг ныне библиографическая ценность» [4, 158] . Ғалым-библиограф Ү. Субханбердинаның құрастырған «Қазақ халқының атамұралары» атты мазмұндалған библиографиялық көрсеткіште 1870-1917 жылдар аралығында шығып тұрған қазақтың мерзімді баспасөздері «Айқап» журналы (1911-1915), «Түркістан уалаятының газеті»(1870-1882), «Дала уалаятының газеті»(1888-1902), «Қазақстан»(1911-1913), «Алаш»(1916-1918), «Сарыарқа»(1917), «Бірлік туы»(1917), «Қазақ»(1913-1918) [5] қамтылған. Аталған газеттердің әрқайсысына тоқталсақ.

. . . Биыл Алаш қозғалысына 90 жыл. 1937жылы ерекше қарқын алып, халықты жаппай қуғын-сүргінге ұшыратқан репрессия саясатына 70 жыл толды. Бұл кезең ұлттық тарихымыздың ең қаралы, ең қасіретті беттері қатарынан орын алады. Ұлтымыздың зиялы қауымын, барша көзі ашық азаматтарын, баудай жапырған «ұлы террордың» айтылмай жатқан көлеңкелі беттері де аз емес. Енді осынау ұлы тұлғаларымыздың «Қазақ» газетінде жарияланған өлеңдерін, мақалаларын, аудармаларын зерттеу, зерделеу келешек ұрпақтарының рухқа деген құрметі, сүйіспеншілігі болары хақ.

ХХ ғасырдың басы-қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ұлттық сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше, осы тұста ұлттық сананың ең өнімді саласы - әдебиеттің, қоғамдық сананың көрсеткіші- баспасөздің күрт алға басуы заңды нәрсе. Бұл кезеңде Абайдың жалғасы Шәкәрім шығармашылығы өзінің шырқау биігіне көтерілсе, Ахмет, Міржақып, Ғұмар, Сұлтанмахмұт, Мағжан тәрізді алыптар әдебиет айдынына шығып, көркемдік сипаты соны дүниелері арқылы әдебиетіміздің жазба түрін жаңа белестерге көтерді.

Бүгінгі ұрпақ атын енді естіп, мәні мен маңызына тамсанып тұрған уақытта, өз заманының энциклопедиялық басылымына айналған, бүгінгі қалың оқырман қызыға оқуға қолы жетпес қасиетті «Қазақты» зерттеу құндылығы арта түспесе, кемімек емес. Ендеше, 72 жылдай тек қара күйе жағылумен келген газеттің ақ-қарасын айырып, тарихи-әлеуметтік орнын айқындау-уақыт сұранысы. Осы орайда ғалым Дихан Қамзабекұлының: « . . . Айқап» және «Қазақ» азаматтық тарихымызда тұңғыш рет жаңа заманға сай ұлтты ұйымдастыруды түбегейлі қолға алды. Осы тарихи миссиясы орасан екі мерзімді басылым мынандай нәтижеге қол жеткізді:бірінші, ұлт проблемасын жалпыхалықтық сараптауға, яки талқылауға сала алды; екінші, жақын және алыс болашақтың мақсат-міндеттерін анықтап, оларды кезең-кезеңмен орындауға жұмылды; үшінші, Абай негіздеген жаңа әдеби тілді дамытып, өрістетті; төртінші, әдебиет пен халық сұранымын, руханият пен мүддесін тоқайластыра алды, - деген пікірі газетіміздің мән-маңызын айқындайды [9, 131б. ] . «Қазақ» газетінің алғашқы редакторы, ұйымдастырушысы Ахмет Байтұрсынов болса, бастырушысы, қамқоршысы Ахмет ишан Оразайұлы болған. Ол баласы Мұстафа Оразайұлын сол газет бастырушысы етеді. Бұл жөнінде мұрағат деректерінде былай делінген : «Согласно циркулярному распоряжению от 9-го декабря 1905 года за №14508 уведомляю Главного Управления, киргизу №8 аула Кзылжингильской волости, Тургайской области, Мустафе Ахмедовичу Уразаеву, подответственным в полном объеме, редакторством киргиза №5 аула Турсунской волости, Тургайского уезда и области Ахмеда Байтурсынова издавать в Оренбурге еженедельную газету на киргизском языке, под названием «Казах" следующей программе». Бас редактор А. Байтұрсынұлының орынбасары қызметін Міржақып Дулатов атқарып келген. Газет кейін «Серіктікке» айналған. Газеттің ел өмірінен алатын орнын Мұхтар Әуезов 1923 жылы «Ахаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында: «Қазақ» газетінің сол заманнан бері қарай талай өмірі өткен сияқты. Бұл уақыт саусақпен санардай аз болса да, болып өткен уақиғаларына қарағанда көп заманға жауап болатын толқынды заманның бірі.

Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын деп жазды[10, 287б. ] .

Зерттеуші Қ. Сақтың: «Қазақ» газетін ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылындағы қазақ қоғамдық өмірінің шынайы шежіресі, ұлттық сананың ұйытқысы және жаңа үлгідегі қазақ баспасөзінің негізін қалаған энциклопедиялық басылым деп бағалауға әбден болады [11, 183б. ] деген әділ бағасымен келісуіміз қажет.

«Қазақта» халықаралық қатынас, шетел, оқу-білім мәселесі, ел басқару ісіндегі олқылықтар, әдебиет, мәдениет, ұлтжандылық, елжандылық, отаншылдық тақырыптарындағы, сондай-ақ тікелей атамекенді сүю тәрбиесіне байланысты мақалалар көп болған. Газет жұмысына қазақтың белгілі оқығандары Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Ғұмар Қарашев т. б. белсенді қатысып тұрған. Олардың қаламынан туған мақалалар оқырманға әрдайым сарабдал ой тастап отырған. Баспасөз қашаннан қоғамдық пікірді, патриоттық көзқарасты қалыптастырушы, көшпелі мәселелерге ықпал етуші ақпарат көзі болып табылатындығын «Қазақ» газеті бұл жолы да айқын дәлелдеді. Оның айналасына топтасқан қазақ зиялыларының алға қойған мақсаттары көптеген мәселелердің ойдағыдай шешім табуына ықпал етті. Соның нәтижесінде діндарлардың қазақ халқына деген соқыр сенімдерді таңу дағдысына тойтарыс берілді. Мұның сыртында реакцияшыл соттар жойылатын болып, олардың орнына құқықтық құрылымдар енгізілуге тиіс болды. Әйелдердің еркектермен бірдей құқы сақталу керектігі жөнінде мәселе қозғалды. Қалың малға тыйым салынсын делінді. Ал ең маңыздысы қазақ үшін білім алу міндеті іс деп қаралды. Және мұны азаматтық өкіметке жүктеу жөнінде шешім болды [12, 90б. ] .

Ғұлама ғалым Әлихан Бөкейхан газет жөнінде: «Казах» появилась на белый свет в тот самый момент, когда в бытовой жизни киргизского народа происходил коренной перелом и когда были поставлены ребром вопросы жизни и смерти. И «Казах» являясь единственным краевым органом, имела, имеет и вероятно будет иметь своей целью:освещение различных сторон обширного Киргизского края, распространение среди населения полезных сведений из разных областей науки, искусства и техники и ознакомление с культурною, политическою и экономическою жизнью нашего отечества- России и других государств мира», - деп айтқан-ды [13, 144б. ] . Ал «Қазақ» газеті өзінің мақсатын былай түсіндірді: «Бұл газетаның мақсаты: жұрт пайдасына көз болу; қазақ арасына ғылым, өнер жайылуына баршылық ету; басқа жұрттардың халінен хабар беріп, таныстыру.

Сол мақсаттарды орнына келтіру үшін закундарды, хакимдардың бұйрық-жарлықтарын білдіріп тұру; Государственная дума һәм Государственный совет жұмыстары турасында жете хабар беру; ішкі һәм сыртқы хабарларды жазып тұру; Қазақтың бұрынғы және бүгінгі жайын жазу, күнелту, сауда, кәсіп, жер, су, егін, мал шаруасы жайынан кеңесу; оқу, оқыту, мектеп, медресе, школа, ғылым, өнер, тіл, әдебиет турасында жөн көрсету; адам һәм дәрігерлігі жайынан жазу». Басқаша айтқанда, қазақ халқының қоғам-әлеуметтік, мәдени-шаруашылық өмірінің бірсыпыра көкейтесті мәселелерін қозғап, сөз қылды. «Қазақ»-алашорданың үні болды[14, 21б. ] .

Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, профессор Рашит Каренов газеттің мән -маңызы турасында: «Ә. Бөкейхановтың саяси күрестін елеулі жетістігі ретінде 1913 жылдық ақпан айында Дала өлкесінде қазақ халқы тарихындағы жалпы ұлттық басылым ретіндегі «Қазақ»газетінің пайда болуын ерекше айтуға болады. Аталмыш газет қолдан - қолда, ауылдан-ауылға таралып отырды, үлкен сұранысқа ие болды. Оның құрылтайшылары қазақ халқының біртұтас ұлт болып қалуын көздері және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыруын аңсады, -дейді[15, 128б. ] .

Уыз жастығын ұстаздықтың ұлағатты жолына арнап, одан әрі де халқының санасына сынаптай сіңетін уытты сөз жолы деп журналистикаға бой ұрған Міржақып Дулатұлының кейінгі өмірі осы майданда өткені белгілі. Соның алғашқы белгісі «Қазақ» газеті еді. Газеттің шыға бастағанына бір жыл толған атаулы күнге арнап жазылған «Екінші февраль» атты мақалаға көз тігейік. «Қазақ» газеті - әуелі тез ойланып, тез дүниеге шыққан істің бірі, екінші, пұлмен емес, тәуекелмен бастаған істің бірі . . . Халықта баспасөзге аңсаған адамдардың барлығымен газет жүріп кетті . . . Дүниеге шығып көрінуі-ақ мұң екен, жұрт жабылып көтермелеп кетті. Сондықтан бастауға себепкер біздер болсақ та, жүргізуге себепкер болған - жұртқа кірген саңылау сана һәм сана, яғни жұрт ішіндегі саналы, саңылаулы адамдар . . . Жұрттың бұлай көрінгенін қолымызға қуат, белімізге сүйеу көріп, газеттің екінші жылғы жұмысына екі есе артық жігермен, екі есе артық үміт сәулесімен қуаныш етіп кірісіп тұрмыз» [16, 19б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халық дастандары және халқымыздың рухани мәдениетінің әлемге танылу мәселесі
ХІХ – ХХ ғасырдағы қазақ қиссалары (тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері)
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
Қазақ тілінде тарихи хикая
Шығыстық ақын - шайырлардың қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Араб-қазақ поэзияларындағы ғазал жанры
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
М. Қалтаев - ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz