Бастауыш мектептердегі бейнелеу өнері сабағында табиғатты бейнелеу арқылы оқушылардың дүниетанымдық қызығушылығын арттыру


Кіріспе.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа танылып, жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі Қазақстан педагогика ғылымының жаңа бағытта сипат алуына кең жол ашып берді.
Қазіргі кезде білім берудің, оны дамытудың көкейкесті мәселелерін шешу нақты ғылыми-теориялық және өмірлік бағыттағы реформаны қамтамасыз ететін, тұтас, интегративтік дамытуды жобалау мен жасақтауды, ерекше оқу-тәрбие үрдісін, жоғары тиімділіктегі педагогикалық технологияның пайда болуын талап ететін дидактикалық ғылымға тікелей тәуелді. Елімізді парасат-пайымға негізделген әрі ғылымды мол қажет ететін материалдық өндірістері басым дамыған мемлекетке айналдыру белгілі мақсатқа бағыт алумен айқындалады. Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден оқу үрдісіндегі жаңа технологияны меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеде батыл енгізуді талап етеді.
Қазақстан республикасының білім беру жүйесі саясатының мақсатының бірі - жан-жақты, білімді, шығармашылық қабілетті, танымдық белсенділігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру.
Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы және оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады.
Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Білім беру мекемелерінің қазіргі жаңа құрылымы мен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен жаңа технологияны ендіру міндеттерін шешуді талап етуде. Мұның өзі бастауыш мектепте оқушының пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыруда маңызы зор екендігін айғақтайды.
Білім мен тәрбие беру негізінде оқушылардың дүние танымын қалыптастыру білігі - бүгінгі күннің басты міндеті. Сондықтан еліміздегі жаңа саяси - мәдени қатынастары жағдайындағы «Дүниетаным» ұғымына анықтама беріп, жас ұрпақтың санасы мен мінез-құлықтарын қалыптастыруда тиімді жолдарын іздестіруіміз қажет.
Байқағанымыздай өнердің баланың дүниетанымын кеңейтіп эстетикалық тәрбие беруде де атқаратын қызметіне баға жетпес. Еднеше, өнер-эстетика ғылымының негізгі нысанасы. Бірақ оны көбіне-көп өнердегі көрінісіне байланысты алады дей келе М. Қаратаев, бұлай зерттеу бір жағынан жалпы адам санасының дүниетану әрекетіне өнер атаулының қосатын өзіндік үлесін көрсетсе, екінші жағынан өмір шындығының өнер шындығына (көркемдік шындыққа) айналу процесінің диалектикасын көрсетеді - деп өнердің қоғамдағы мәнін айқындай түседі.
Зерттеу көздеріне анализ:
Зерттеу жұмысының барысындағы ізденіс біздің көзімізді мынаған жеткізді:
а) бейнелеу өнері сабағында тек бейнелеу өнеріне деген қызығушылықты ғана емес жалпы танымдық қызығушылықты тудырудың маңызды екендігіне.
ә) әңгімелесу мен пікірталас әдістерінің арқасында балалардың бір-бірімен және мұғаліммен қатынастарын дамытып, сұрақ қоюмен сол сұраққа жауапты тауып оны сараптап анализ жасаудың дағдысын қалыптастырудың маңыздылығына.
б) көрнекіліктерді, мүсіндеу мен аппликация әдісін қолдану арқылы дүниетанымдық қызығушылықты дамыту маңыздылығына.
в) танымдық қызығушылық әрекетінің дағдысын қалыптастыру оқушылардың болашақ оқу процесі мен өміріне ықпал ететін фактор екендігіне.
Сондықтан танымдық қызығушылықты қалыптастыру әр мұғалімнің міндеті деп есептеймін. Ал бейнелеу өнерінде ол үшін барлық мүмкіндіктер бар және бұл үшін ол үлкен мүмкіндік береді.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері:
Таңдап алынған тақырыптың көкейтестілігі мен маңыздылығына байланысты дипломдық жұмысының қажеттілігін айқындауға мүмкіндік туады. Бейнелеу өнері пәнінің ерекшелігі мен спицификасына байланысты оның дүние танымдық қызығушылығын дамытудағы мүмкіндіктерін зерттеп анықтау жолында зерттеушінің алдында бірнеше міндеттер туындайды:
- пейзажда бейнелеу барысындағы танымдық ойлау қабілетін дамыту жлдары мен көздерін анықтап алып зерттеу.
- Танымдық іс-әрекеттерге деген қызығушылықты дамыту әдістерін зерттеу.
- Пейзажда бейнелеу арқылы дүниетанымдық қызығушылықты арттыру әдісін жинақтау.
- Бейнелеу өнеріндегі пейзаж тақырыбының ерекшеліктерін пайдаланып, әңгімесу әдісін пайдалану арқылы баланың дүниетанымдық іс-әрекетіне деген дағдысын қалыптастыру жолдарын іздестіру.
Бейнелеу өнерінде пейзаж тақырыбының танымдық қасиеттерін пайдаланып, оларға деген қызығушылықты арттыру әдістерін қарастырып, тиімділігіне көз жеткізіп оларды өз тәжірибемде толығымен пайдалану.
Зерттеу орны:
Бастауыш мектептегі төменгі буын сыныптары мен 5 - 6 сыныптардағы оқу-тәрбие процессі.
Зерттеу пәні:
Бастауыш мектептердегі бейнелеу өнері сабағында табиғатты бейнелеу арқылы оқушылардың дүниетанымдық қызығушылығын арттыру.
Болжам:
Бала дамуының сапалы өзгерісі тек қолайлы қоршаған орта, тиімді оқыту және тәрбиелеу әдістерінің әсерінен ғана болатынын естен шығармау керек.
Балалардың бақылауға, қоршаған ортадағы заттардың ерекшеліктерін көруге, оларды өзара салыстыруға, ұқсайтын және ұқсамайтын жақтарын табуға, негізгісін ажыратып алуға, және оны қарындашпен, бояу және басқа матерриалдармен жұмыс істеуінің техникалық, қабілеттеріне деген икемділігін тәрбиелеуіне тәуелді бейнелеудің талаптарының дамуына көбірек жағдай жасалып жатыр.
Бұл қасиеттердің пайда болуына бейнелеу өнеріне арналған мектеп бағдарламасында қарастырылған барлық оқыту тапсырмаларының түрлері ықпал етеді. Десек те басты мәселенің назардан тыс қалып кетеуіне көңіл аударсақ деген ниетпен өз ойымды ортаға салмақшымын. әсіресе қалалық жерлерде бейнелеу өнерінің жеке түрімен, жанрларымен, балалардың тұлғалық-танымдық негіздерін қалыптастыру барысында, ойын түрінде (қызықты суреттер, қағаздан ою-өрнектер қию, аппликация, пластилин) жұмыс істеу сияқты іс-тәжірибе жинақтау бала-бақшалардан бастау алады. 5-6 сынып оқулығында бейнелеу өнерінің түрлеріне, оның құрамдас бөліктеріне, жанрларына, теориялық және практикалық жақтарына көбірек көңіл бөлінеді. Бұның бәрінің керек екені де рас, бірақ мені мазалайтын ой біріңғай жеке-дара бөлшектерін зерделеу мен айналысып кетпей, жинақтау, тұтастық кешенді түрде бейнелеу өнерін қабылдай білуге, мән-мағынасын түсініп, әр нәрсенің байыбына тереңірек бара алатындай деңгейге қарастыруға көбірек көңіл бөлу қажет.
- ең алдымен балалардың бір-бірімен және мұғаліммен пікірталас ұйымдастырып өз көзқарасын дәлелдей алып, сұрақ қоя алу қабілетін дамытып пікірталас әдістерін дұрыс ұйымдастыру.
- Суретшілер мен олардыш шығармалары туралы айтып қана қоймай оқушылардың өздеріне шығармаларды талдап, шешім қабылдауға көмектесу.
- Нұсқадан қарап сурет салғанда үлгі ретінде суретшілер шығармаларын көрсетіп, балалардың көңілін нұсқаның қызықты ерекшеліктеріне аудару.
- Балаларды қызықтырып, заттардың формасы мен көлемін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін мүсіндеу мен аппликация әдісін қолдану.
Осы әдістерді қолданып, оқушылардың жұмыс орнының жабдықталуын қадағалап, бейнелеу өнері сабағын өткізуге дайындалған кезде тақырыптық сабақтастықпен пән аралық сабақтастық жөнінде ұмытпай ұйымдастырылған оқу процессі, баланың бейнелеу өнері жөнінде білімін ғана дамытпай, оның танымдық қызуғышылығын да қалыптастыра алады.
Ғылыми жаңалық:
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту жолдарын іздестіріп, олардың танымдық қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру. әңгіме, пікірталас әдістерін пайдаланып оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен ашық сөйлесіп сұрақтар қою дағдысын қалыптастыру. Көрнекіліктермен суретшілер шығармаларын талдау кезінде балалардың өз ой-пікірін қорғауға үйрету. Табиғатты бейнелеу арқылы заттардың көлемі мен пішініне ғана емес, олардың пада болған себебі мен маңыздылығы жайында сұрақ қою арқылы ойландыру.
Практикалық маңызы:
Қазіргі кездегі оқыту үрдісінің алдында қойылған мақсаттардың ең бастысы - білімді де білікті жас тәрбиелеу. Ал ешқандай білімнің танымсыз болмайтыны мәлім, ал қызығушылықсыз таным іс-әрекеті күштей арқылы өтіп баланы жалықтырып кетеді. Танымдық қызығушылықты тудыру арқасында жас баланың болашақта танымдық дағдысын қалыптастыруға болады. Танымдық дағдысы бар адам ғана жан-жақты, дамыған білімді де білікті маман бола алады. Мұндай жастары бар елдің болашағы жарқын болмақ. Міне сол себептен танымдық қызығушылықты дамыту қазіргі кезде тәрбие процесінде маңызды орын алады.
I Бейнелеу өнерінің тарихы, жанрлары мен техникалары.
1. 1 Қазақстандағы бейнелеу өнерінің даму тарихы.
Қазақстанда кескіндеме, графика, мүсін өнері соңғы 50 жыл ішінде ғана өркендеді. Қазақ халқының көшпелі өнері, құлдық пен кедейшілік, дінй ұғымдар бай мен патша саясатын қолдап халықты өз уысында ұстауға қолайлы еді. Осының бәрі де бейнелеу өнерінің кәсіптік даму мүмкіндіктерін шектеді. Қазақстан халықтарының көркем творчествосы негізінен күнделікті тұрмыста қолданылатын өнермен ғана байланысты болдыды.
Қазақстанда ұлттық дәстүрлері революцияға дейін-ақ қалыптасқан әдебиет пен музыкадан өзгеше, бейнелеу өнерінің жолы адам айтқысыз қиын болды. Революцияға дейінгі қазақтардың бейнелеу шығармашылығы қолданбалы, сәндік өнер түрінде қалды. Өмір ағымының өзгеруіне қарай халықта жаңа мәдени талаптармен сұраныстар пайда болды. Октябрь революциясынық қарсаңында Қазақстанда өзінің төл-тума профессионал-суретшісінің болмағаны былай тұрсын, тіпті жаңа, жүйелі өнердің негізін қалауға қол ұшын берерліктей дайын кадрлар да жоқ еді. Сондықтан Қазақстан бейнелеу өнерінің дамуында жетекші роль атқарған орыс суретшілері болған. Олар Қазақстанның жас өнеріне реалистік дәстүрлі орыс және әлемдік бейнелеу өнерін беретін алғашқы ұлттық кадрларды дайындаған тәрбиешілер болды.
Қазақстан бейнелеу өнерінің бастауы 1877 ж. Алматыға келген орыс суретшісі Н. Г. Хлудовтың есімімен тығыз байланысты. Бұрын көрмеген жаңа әлем, бейтаныс әдет-ғұрыптар, көз үйренбеген бет-пішіндер оны қатты тебірентті, ол осының бәрін асқан бір іждахаттылықпен, құштарлықпен қағазға, кенепке түсірумен болды.
Ол Алматыдағы тұңғыш көркемсурет студиясын 1920 жылы ұйымдастырып, онда өзі сабақ берді. Ол студияда суертші Н. Антонов пен мүсінші А. Пономаревта ұстаздық етті.
20-30-шы жылдарда Қазақстанның бейнелеу өнері живопись пен графиканың профессионалдық шеберлігін меңгеру жолында алғашқы қадамдар жасады. Жас суретшілер аяқ алысын байқатып, көзге көріне бастады, олар өздерінің әзірге бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпаған балаң шығармаларында бүкіл елді қамтыған алып істерді, жаңа құбылыстарды көркем бейнелеуге тырысты. Қазақстанда бейнелеу өнерінің өрісіне алғаш жол салған Н. Крутильников, Ә. Қастеев, Ә. Исмаилов, Б. Сарсенбаев, X. Ходкиков сынды суретшілер болды. 1928 жылы ұйымдастырылған ең тұңғыш көркем сурет көшпелі көрмесі Семей қаласында, кейіннен басқа қалаларда да (Петропавл, Қорған, Лениногорск, Қызылорда, Қарсақпайда) болып өтті.
Суретшілер бір жерден екінші жерге түйемен көшіп жүріп, халық арасында көркем өнерді кеңінен насихаттады.
1929 ж. Түрксіб құрылысынан Алматыға жас жұмысшы, бұрынғы қойшы Ә. Қастеев оқуға келді. Оның әкелген суреттері талабы бар жас екенін көрсетті. Осы кезде қондырғылы өнер жасауға Ә. Сәрсенбаев, Ә. Шегебеков, соңынан ағайынды Қожахмет және Құлахмет Қожықовтар араласты, бұл алғашқы ұлттық суретшілердің пайда болуы қазақ халқының шығармашылық күш қайратының оянуын паш етті. Бейнелеу өнері 30-40 жылдан бастап барған сайын біртіндеп қалыптаса берді.
Қазақстан суретшілерінің профессионалдық бейнелеу өнерінің қыры мен сырын тезірек және ойдағыдай меңгеруіне туысқан республикалар шеберлерінің, әсіресе Москва мен Ленинград суретшілерінің тәжірибесі көп көмектесті. Отызыншы жылдарда Қазақстан суретшілерінің қатары арнаулы білімі бар талантты шеберлермен толықты. Мұның өзі 1933 жылы Қазақстан Суретшілер одағының ұйымдастыру комитетін құруға мүмкіндік берді. 1934 жылы Москвада, Шығыс мәдениеті музейінде қазақ суретшілерінің бірінші көрмесі, ал арада жыл өткен соң Алматыда Т. Г. Шевченко атындағы көркем сурет галереясы ашылды.
Әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірдің жаңа жағдайлары көркем шығармалардың жаңа тақырыптарын туғызды. Суретшілер енді бүгінгі өмірдің көкейтесті мәселелеріне шұғыл бет бұрып, көркем өнерде жасампаз совет адамының алып тұлғасын, мәртебелі бейнесін орнықтыра бастады.
Қазақ совет бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуы бәрінен бұрын Ә. Қастеевтің есімімен байланысты. Бүгінде республиканың халық суретшісі атанған, расында да халықтың қайнаған қалың ортасынан шыққан бұл тамаша дарынның ғажайып ұлттық творчествосы отызыншы жылдарда үрдіс дамыды. Әуелі батырақ сосын жұмысшыдан профессионал-суретшіге дейін көтерілген бұл қыл қалам шеберінің өсу жолы да жаңа дәуірді жақсы бейнелейтін жол. Бір кездері хат танымаған, қараңғы малшы-кедей өз халқымен бірге туған елінің шын қожасына айналды, өз халқының жаңа ұлттық көркем мәдениетін жасаушы болды. Кастеевтің ең алғашқы шығармаларынан-ақ оның өзіне тән творчестволық ерекшеліктері: аспай-саспай, бабымен баяндау, тұрмыс көріністерін туған елінің табиғатын ақындық асқақ шабытпен бейнелеу қасиеттері айқын көріне бастады. Суретші творчествосының талғамы терең, өрісі кең: онда тарихи тақырып шығармалары да, қазақтардың революцияға дейінгі және социалистік игі өзгерістер дәуіріндегі тұрмысын бейнелейтін жанрлық картиналар да молшылық. Соңғы айтылғандар «Ескі тұрмыс пен жаңа тұрмыс» атты тұтас серияға жинақталған. Қастеев творчествосында портреттер мен табиғат суреттері де үлкен орын алады, туған ел табиғатының сұлулығы мен ерекшелігін эмоциялық түйсіну шынайылықпен, лирикалық сезімталдықпен ғажап ұштасып, ұласып жатады. Бояу түстерінің ырғақ-әуені, бейнелердің оптимистік әр сипаты оның творчествосындағы қазақ эпосының ең үздік туындылары мен тұрмыстық өнердің жарасты үндестігінен туған халықтық қайнармен біте қайнасқан. Табиғат суреттері арқылы Қастеев үздіксіз жаңарып, жасарып жатқан туған өлкесін перзенттік сүйіспеншілікпен, асқақ шабытпен жырлайды. Акварельмен салынған суреттер сериясы қазақтың шетсіз-шексіз жомарт даласы, диқандардың еңбекке, ерлікке толы дарқан өмірі, тамылжыған жайлау жәннаты жайлы сыр шертеді.
Кастеев сияқты, Ә. Исмаилов та арнаулы жоғары білім алған алғашқы қазақ суретшілерінің бірі. Оның табиғат суреттері Отан бейнесіндегі жаңа нышандарды, соны серпінді паш етеді.
Отызыншы жылдарда Қазақстаннық көркем өнерін дамытуға өздерінің творчестволық жолын республика өмірімен байланыстырған көптеген орыс суретшілері белсене ат салысты. Бұлар - живопись шеберлері А. Риттих, Н. Соловьев, А. Бортников, Н. Крутильников, Л. Леонтьев, графика шеберлері Г. Брылов, Б. Чекалин, Л. Гербановский, тағы басқалар.
Қазақстан суретшілерінің 1940 жылғы июньде ашылған бірінші съезі творчестволық коллектив атқарған үлкен жұмысты қорытып, бейнелеу өнерін одан әрі дамытудың нақты жолдарын белгіледі. Суретшілер съезі алдынан Қазақстанда Совет өкіметінің орнағанына жиырма жыл толуына арналған көрме ұйымдастырылды. Онда тарихи картиналар, бүгінгі күн тақырыбына бағышталған шығармалар, табиғат суреттері сарапқа салынды.
Қазақстан бейнелеу өнері көп ұлтты еліміздің барлық халықтарының өнерімен тығыз ынтымақта ойдағыдай дамыды, солармен бірге жалпы советтік өнерді гүлдендіруге үлес қосты. Қазақстанда профессионалдық бейнелеу өнерін қалыптастыру үшін Б. Иогансон, А. Дейнека, С. Герасимов, А. Пластов сияқты әйгілі санлақтардың творчествосы үлкен роль атқарды.
Қырқыншы жылдардың басына қарай Қазақстанның бейнелеу өнері көп жанрлы өнерге айналды. Тек мүсін өнері кенжелеу келіп, бірлі-жарым ғана мүсіндік портреттер туа бастаған еді. Қазақстанның ең байырғы мүсіншілері деп А. Пономарев пен И. Иткинді атауға болады. Бұл екеуінің алғашқысы республиканық атақты адамдарының тұтас бір портреттер галереясын жасады. Иткин өз өнеріне ағашты шебер пайдаланды. Кейде тіпті ағаштардың мың бұралған табиғи формалары, неше түрлі, алуан айшықты бұтақтар, қатпарланған ағаш қабықтары талапты шебердің қиялына қозғау салып, сан түрлі ғажап бейнелер жасауға жетелеумен бірге оған көмектесті.
Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау, ауыр жылдарында да Қазақстанның бейнелеу өнері дамуын тоқтатқан жоқ. Тылда қалған суретшілер бейнелеу өнерін фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен шайқаста бұқаралық-үгіт қаруы ретінде, советтік озық идеяны насихаттау құралы ретінде пайдаланды, совет адамдарының қаһармандығын, ерлігін, батылдығын, жанқиярлық еңбегін, асқақ патриотизмін бар әлемге паш етті.
Ол кезеңде Л. Леонтьев, К. Баранов, А. Риттих, Н. Крутильников, А. Черкасский, И. Иткинд, М. Лизогуб және басқалары ойдағыдай еңбек етті, сөйтіп қырқыншы жылдардың аяқ шенінде-ақ Қазақстанның суретшілер коллективі айтарлықтай: өнерлі күшке айналды. Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан суретшілері бейнелеу өнерінің барлық саласында: живописьте, мүсін өнерінде, графикада көптеп туындылар бере бастады. Адам бейнесін жасауға: совет адамдарының моральдық және рухани әдемілігін, олардың қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін терең ашып көрсетуге басты назар аударылды. Ұлттық ерекшеліктері айшықтанған тақырыптық туындылар да нақ сол кезеңде жасалынды.
Халық, оның күнделікті тіршілік-тынысы, енбектегі жігер-қайраты мен жауынгерлік ерліктері қазақ суретшілерінің шығармаларына өзекті арқау болды. Олар сонымен бірге туған елінің бай табиғатын да шабыттана жырлады. Терең мағыналы халықтық тақырып, бейнелеудің жаңа амалдары мен формаларын ерінбей-жалықпай іздестіру - Қазақстан суретшілерінің ең үздік шығармаларынан байқалатын жақсы қасиет міне осы. Ондай туындылардың қатарында А. Черкасскийдің «Дина мен Жамбыл» картинасын, В. Антощенко-Оленев салған Сәкен Сейфуллин мен Ильяс Жансүгіровтың графикалық портреттерінің X. Наурызбаевтың «Жамбыл», «Құрманғазы», И. Иткиндтіқ «Философ», «Күліп тұрған қария» мүсіндерін, тағы басқа шығармаларды айтуға болады. Ә. Қастеевтің «Қазақстан жерінде» атты сериядағы акварельмен салған табиғат суреттерінде, Я. Сидоркиннің И. Квачконың, Ш. Кенжебаевтің графикалық беттерінде, С. Мамбеевтің, К. Телжановтың, К. Нұрмұхаммедовтың, К-Шаяхметовтың Р. Сахидын, живописьтік туындыларында өмір шындығы ақындық шабытпен бейнеленген.
Қазақстан көркемөнерінің дамуының екінші кезеңінде 50-60 жылдары натураға, яғнй табиғатқа, болмысқа, заттың өзіне көбірек зер салу, соны бейнелеу тән болса, 60 жылдары бейнелеу публицистикасына бой ұру, «Қатаң стильді» ұлттық тұрғыдан игеру, жаңа кейіпкерді іздеу тән деуіміз керек. Ал 70 жылдағы көркеөнер - бұл жаңа анағұрлым күрделі кезең болып есептеледі.
Бұл кезеңнің ерекшелігі дараланған трактовкалардың (өзінше бейнелеудің) мәнерлер мен стильдердің, заманымыздың көкейкесті проблемаларын, әр қилы шешетін жарқын шығармашылық тұлғалардың өте көп болуы.
Қазақстан шеберлерінің шығармалары ішінен қазақтың тұңғыш әйел-суретшісі Айша Ғалымбаеваның туындылары көрнекті орын алады. Олар негізінен республикадағы совет әйелдеріне арналған. Бұлар Шығыстың жаны сұлу, рухани қайраты мол, мәртебесі биік, еңсесі жоғары, тең құқықты тамаша әйелдері, жаңа заманның жасампаз азаматтары. Айша Ғалымбаеваның шығармалары живописьтік құрылымының әдемілігімен де ерекше көз тартады. Г. Исмаилованың да көркемдік шешімін дәл тапқан, көркімен, мәнерімен, бояуларының байлығымен, ашықтығымен, орындалу шеберлігімен қаз тойдыратын көптеген туындылары қазақ әйелінің бейнесін жасауға бағышталған.
Әйел-суретшілер жайлы айтқан кезде, республиканың ең байырғы суретшілерінің бірі, тау табиғатын құлай сүйген Е. Говорованың творчествосына тоқталмай кетуге болмайды. Бұл суретшінің Қазақстан табиғатына арналған талай суреттері бейнелеу өнерінің сыры мен қырын бес саусағындай меңгерген ғажап шеберлікті, дәл байқағыштық пен нәзік сезімталдықты танытады.
Қазақстанның қазіргі өнері жанрға да, бағытқа да аса бай. Живописьші-суретшілердің көбісі өздері сүйген тақырып төңірегінде тынбай ізденеді. К. Тельжанов өзінің шағын-шағын жанрлық шығармаларында жерлестерінің күнделікті тіршілік-тынысы мен еңбегінің қайталанбас ғажаптығын, қуаныш-қызығын әдемі ашады. Суретшіні сонымен бірге тарихи сом тақырыптар да терең толғантады. Экспрессивтік живописьтік мәнерде орындалған «Бастау» атты триптих азамат соғысы жылдарындағы Казақстан еңбекшілерінің орыс пролетариатымен ынтымағын сезімталдыкпен, сергек бейнелейді. «Бабалардың жерінде» атты картина - суретші творчествосының үлкен бір белесі. Мұнда тың және тыңайған жерлерді игеру тақырыбы монументтік формада шешімін тапқан, орасан зор және терең мағыналы философиялық дәрежеде орындалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz