Жақан Сыздықов поэмаларындағы ақын шеберлігі және тіл көркемдігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. 3-5

Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 6-12
Жақан Сыздықовтың “Қос қыран” поэмасындағы өмір шыңдығы
І тарау Жақан Сыздықов-эпик ақын
1.1 Ақын шығармашылығындағы Отан қорғау тақырыбы ... ... . 12-19
1.2 “Қос қыран” жинағы және оның сол кезеңдегі басқа
ақындар творчествосымен
үндестігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .. 20-26

ІІ тарау Жақан Сыздықов поэмаларындағы ақын шеберлігі
және тіл
көркемдігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... . 27-40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .. 41-42
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
43-45

Кіріспе

Өткен жылы елдігіміздің он бес жылдығын қуана қарсы алып, үлкен
қуанышпен атап өткен болатынбыз. Содан бастап неміз бар, нендей жетістікке
жеттік, неміз әлі ашылмай жатыр дегенді саралап қарасақ, біздің әлі де
талай дүниеміздің зерттелмей, көпшілікке танылмай келгендігін айқын
сезінеміз. Бүгінгі ұрпақ бұрын есімдерін де естімеген талай абзал
азаматтардың асыл туындыларымен қайта қауышып жатса, екінші жағынан
есімдері жұртқа таныс болғанымен, олардың еңбегін біле бермейтін, жаңа
әдебиетіміздің көш басында болып, көп еңбек сіңірсе де, кейінгі ұрпаққа
бейтаныс болып қала берген талай дарындар бар. Тіпті, атағы айдай әлемге
белгілі Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтің өздерінің тағдыры
туралы, олардың көптеген шығармаларының шындығы жаңадан бастап белгілі бола
бастады. Өзінің туған халқының тағдыры үшін өмірлерін сарп еткен абзал
жандар тауқыметіне тереңірек үңіліп, шын мәнінде өз халқы үшін тер төге
еңбек еткендер хақында неғұрлым көбірек білгеніміз, әрине, қуантарлық жай.
Осы орайда, сонау жиырмасыншы жылдардан бастап [1924 ж.] жаңа әдебиет
көшін бастаушылардың бірі болған, кезінде әдебиет сүйер қауымның аса
сүйікті ақындарының бірі болған, 1977 жылы өмірден өткенге дейін 60-қа жуық
өлең, поэма, аударма кітаптарының авторы болған жерлес қаламгер Жақан
Сыздықов шығармашылығын кеңінен насихаттау қазіргі ең өзекті мәселелердің
бірі.
Бүгінде оның замандастары мен қатары кеңінен насихатталып, олар туралы
ғылыми еңбектер жазылуда. Ал, кезінде жаладан жапа шегіп, кеңестік заманда
көп қуғын көрген ақын өмірден өткенімен де әлі күнге дейін дұрыс
зерттелмей, еңбегі еш болып қала беруде. Тек, 1991 жылы жазушылар одағы
мен белгілі ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің, ақынның інісі, жазушы, ақын-
драматург Төлеген Қажыбаевтің, Көкшетау Мемлекеттік университетінің ұстазы
Аманжол Есмағұловтың қозғауымен 90 жылдық тойы аталып өтті. Келесі 1992
жылы А.Ы.Есмағұловтың “Жақан Сыздықовтың ақындық әлемі” атты диссертациясы
қорғалды, [1] екі томдық таңдамалары баспаға ұсынылды. Алайда нарықтық
экономика бұл игі істің жүзеге асуына мүмкіндік бермеді. Тек қана 1990 жылы
басылып шыққан төрт автордың “Шындық дауысы” [2] атты жинағына ақынның
даңқын шығарған, дарынын танытқан, ұзақ жылдар бойы басынан өткерген тағдыр
тауқыметіне себепші болған, “Әлі қарттың әңгімесі” поэмасы жарияланады да,
мерей күніне арналған мақалалар республикалық, облыстық, аудандық
газеттерде басылды. [3-9] Көп ұзамай ақын есімі басқа науқандық шаралар
араласып, қайта ұмыт бола бастады. Әсіресе, 1996 жылы бұрынғы Көкшетау жері
облыс болудан қалып, екі облысқа бөлінген кезден бастап, ақын есімі мүлде
ұмыт болуға айналды. Соның салдарынан, елі үшін мол еңбек сіңірген ұлылар
есімі ұмыт болуға айналды.
Солтүстік Қазақстан облысы бұрынғы көкшеліктерге өгейсіреп қарап, 2000
жылы екі бірдей үлкен дарынның – Смағұл Сәдуақасов пен Ғаббас Тоғжановтың
100 жылдық мерей тойлары мүлде атаусыз қалды да, аздаған ғана шүкірлік,
тағы да 90 жылдығын өткізуге ат салысқан шағын топтың араласуымен Тайынша
қаласында 2001 жылдың тамызында Жақан Сыздықовтың 100 жылдығы елеусіз
аталып өтті. Аудандық, қалалық, облыстық газет беттерінде, “Қазақ
әдебиетінде” мақалалары жазумен шектелінді. Қаржы тапшылығынан ақын
жинақтары басылмады. [10-11]
Ал, Жақан болса кеңес кезеңіндегі алыптар тобымен тікелей араласқан, елу
жылдан астам уақыт қазақ әдебиетінің өркендеуіне үлес қосқан дарынды тұлға.
Сондықтан да оның шығармашылығы әдеби айналысқа берік енуі қажет. Әрі орта
мектептің 5, 6, 7 сыныптарында бірді-екілі өлеңдері оқылатын факультатив
сабағында “Әлі қарттың әңгімесі” өткізілетін, біздің университетте арнайы
курс оқылатын ақын шығармашылығын тереңірек зерттеген жөн деп білеміз. Әрі
поэзияға қазақ кеңес әдебиетінің ірге тасын қалаушылардың ізін шала, сонау
1924 жылы губерниялық “Бостандық туы” газетінде жарияланған “Домбыра”
күйіне, “Атбасар суреттері” ол, тез арала қазақ поэзиясының көрнекті өкілі
болып кеткен еді. Оған, 1927 жылы шыққан “Жыл құсы” альманағына екі
бірдей поэмасының жариялануы [басқалардың бір ғана дүниесі жарияланған-ды]
айғақ. Міне, содан бергі ұзақ жылғы ақындық жолында 60-қа жуық жыр
кітаптарын беріп, [12-17] творчестволық жолда жалықпай ізденіп, өмірден
өткенше қолынан қаламы түспей, талмай жазған өзіне де, өзгеге де талап-
талғамы жоғарғы дәрежедегі ақынды елге кеңінен танытқан абзал.
Ол көрнекті ақын болумен қатар, көркем әдебиеттің әр саласында еңбек
етіп ысылған жазушы, қаламы ұшқыр журналист, шебер аудармашы, білікті
әдебиетші де бола білді. Ол ұзақ жылдай газет-журналдарда, баспада,
республикалық радиода қызмет етті, қазақ-татар, ұйғыр әдебиеттері мен
классикалық шығын әдебиетінің жаршысы болы, татардың классик ақыны Ғабдолла
Тоқайды [16] қазақ оқырманына жеткізді. Сондай-ақ Қауа Нажми, Мұса Жалил
поэзиясымен, башқұрт, ұйғыр, иран, тәжік поэзиясының көрнекті өкілдері
Әбілқасым Лахути, Қадыр Хасанов, Әдқам Ахтямов, Садыр Палуан, Нұтфолла
Мүталлип, Сәйфи Құдаш және басқалары мен біз де Жақан аудармасы арқылы
таныспыз, татар жазушысы Ғылымжан Ибрагимовтың “Қазақ қызы”, ұлы орыс
жазушысы Лев Толстойдың “Арылу” романдарымен де біз Жақан арқылы таныстық.
Мұқтар Әуезов атындағы академиялық театрында бірнеше кезеңде сәтті қойылған
Мирхайдар Файзидің “Ғалиябауын” , Абай атындағы опера және балет театрында
қойыған “Башмағым” музыкалық комедиясының Тәжи Ғиззат жазған либреттосын
аударған да Жақан Сыздықов еді.
Ол сондай-ақ көптеген әдеби шығармаларға сыни пікірлер жазып, дарынды
қадамгерлер өміріне, шығармашылығына тереңдеп барып, құнды сыни пікірлер
жазған білікті әдебиетші бола білді.
Біз өзіміздің бұл еңбегімізді негізінен Жақан Сыздықовты эпик ақын
ретінде алып қарастырамыз да содан барып оның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
еңбектеріне тоқталып, “Қос қыран” поэмасына тқталамыз. [17-430-444 б.]
Содан барып оның поэтикасына, тіл шеберлігіне, көркемдік ерешкелігіне
тоқталамыз.

Негізгі бөлім. Жақан Сыздықовтың “Қос қыран”
поэмасындағы өмір шындығы.
І тарау Жақан Сыздықов - эпик ақын.

Бүгінде өміріне қайта үңіліп, творчествосына жаңа, жаңарған көзқараспен
қарай бастаған қаламгеріміздің бірі де бірегейі – Жақан Сыздықов
поэзиясының негізгі арнасы оның эпикалық туындылары.
Қазақ совет поэмаларының даму, өркендеу процессінде Жақан Сыздықов
творчествосының алатын орны елеулі. Ұзақ жылдар бойы жиырмадан астам поэма
жазған ақын көрнекті эпиктердің бірі болып қала бермек.
Ол жасап кеткен поэмалардың тақырыбы да әр-алуан, көркемдік шеберлігі
де әрқилы.
Эпикалық поэзиядағы ақынның көп жылғы творчествосына тұтастай көз
жіберсек, оның үнемді іздену, шеберлікті жетілдіру үшін талмай еңбектеніп,
аянбай тер төккенін көру қиын емес. Шеберлігін шыңдау жеткен жетістіктері
де аз емес. Іздену жолында ақынның тап болған сәтсіздіктері, өкінішті
сәттері де жоқ емес. Өмір шындығын көрсетудің талай айла амалдарын біліп,
оны қолданды да, өмір бұралаңдарынан аман қалу жолдарын да қарастыра
отырып, қиыннан жол таба алғаны рас. Сол ұзақ жылдардағы шарқ ұрып іздену,
сарыла еңбектену нәтижесінде ақын қаламынан қазақ әдебиетіне үлкен олжа
салған идеялық, көркемдік дәрежесі өрелі бірнеше поэма туды. Олар тек қана
ақын творчествосының ғана жетістіктері болып қоймай, қазақ поэзиясының,
тіпті бұрынғы көпұлтты кеңес поэзиясының абыройын асырған аса ірі
творчестволық жеңістерінің қатарына қосылды.
Тағы бір айта кететін жай, ақын жазған жиырмадан астам поэманың ең
тартымдылары оның шығармашылық жолының бастапқы шағы мен алпысыншы жылдар
кезеңінде, яғни толысқан шағында жазған туындылары екенін көреміз.
Қазақ совет поэзиясында оның қалыптасу кезеңінің көрінісіндей, оның баып
дамығанының белгісіндей, эпикалық туындылар жасауға ұмтылыс жиырмасыншы
жылдардың орта кезеңінен басталады. Оның алғашқы қарлығашы – қазақ
поэзиясында жаңа заман шындығын асқан шеберлікпен суреттей білген
поэтикалық ірі туынды - “Советстан” поэмасы еді. [18] Бұған дейінгі
Бейімбеттің “Рәзия қыз”, “Маржан”, “Қашқын келіншек”, “Зәйкүл”,
“Өтірікке бәйге”, Сәбит Мұқановтың “Пионер”, “Наурыз мейрамы”, “Құрдастар”
поэмалары тек қана қазақ поэмасының туу барысындағы қажетті қадамдар ғана
болатын, олар сюжетке құрылған өлеңнен көлемі арқылы ғана ажыратылатын еді.

“Советстан” поэмасы жарық көргеннен кейін қазақ поэзиясында көлемді
эпикалық туындылар жазуға игі бетбұрыс басталды. Оның ақын белгісі –
айналдырған екі-үш жыл ауқымында үлкен-үлкен тамаша поэмалардың жарық көруі
еді. Олардың қатарына Сәкен Сейфуллиннің “Аққудың айрылуы”, “Чжан Цзолин”,
“Көкшетау”, Бейімбет Майлиннің “Кемпірдің ертегісі”, “Қанай”, Сәбит
Мұқановтың “Батырақ”, “Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы”, “Октябрь
өткелдері”, “Балбөпе”, “Сұлушаш”, Иса Байзақовтың “Құралай сұлу”, Ілияс
Жансүгіровтің “Мәйбек”, “Кәмпеске”, “Күй”, Жақан Сыздықовтың “Әлі қарттың
әңгімесі”, [2] “Майкөл тамы” [16] т.б. атауға болады. Бұлардың дені тарихи
аңыздар мен ертегілердің, ел оқиғасы мен хикаясы негізінде жазылған
дастандар еді. Бұлай болуының өзіндік себебі де бар, уақыт талабы жаңа мен
ескінің арасындағы айырмашылықты ғана емес, солардың өзара қақтығысы мен
күресін барынша шыншылдықпен суреттеуді талап етті де, қазақ ақындарында
өткенді жаңа дүние таным тұрғысынан жырлау тенденциясы берік орын ала
бастады. Оның үстіне аңыз ертегі мен тарихи оқиғалардың, қалыптасқан
дәстүрлі образдар мен көркем тәсілдердің болуы және сюжеттік желінің
тартылуы т.б. жайлар ақындарға осы тақырыпты игеруге біраз жеңілдіктер
тудырғанын да есте тұтқанымыз жөн.
Міне, осындай көптеген себептердің негізінде жиырмасыншы жылдардың
екінші жартысынан бастап қазақ поэзиясында Сәкен Сейфуллиннің “Көкшетау”,
Сәбит Мұқановтың “Сұлушаш”, Жақан Сыздықовтың “Майкөл тамы”, Иса
Байзақовтың “Құралай сұлу” поэмалары реалистік, романтикалық жоспарда
нақтылы, мәнді оқиға тартысы, негізгі идеялық – көркемдік түйіні мен қазақ
поэма жанрының бір жақсы қырын анық танытты. Олар өздерінің көркемдік
құнымен де жырға өзек болған мәнді оқиғасымен де, ел еңбекшілеріне берер
үлгі-өнгесімен де әдебиет тарихынан айрықша орын алды. Ал, бұлардың бәріне
жол бастаған Сәкенннің “Советстаны” болатын.
Бұл туралы Сәбит Мұқанов “Поэзия мәселесі” атты мақаласында: “Жас
пролетариат ақындар [Асқар, Ғалым, Тайыр, Жақан мен де солардың ішіндемін
т.б.] “Советстан” түрімен көп жаңа нәрселерді жазды. Сәкен айта алмаған
көп пікірлерді айтты. Жаңа пікірлер айтуға “Советстан” түрі пролетариат
поэзиясына жол ашты” [18-604 б.]
Халықтың аңыз-ертегілерінің негізінде бірсыпыра романтикалық поэмалар
жазған ақынның бірі – Жақан Сыздықов “Майкөл тамы”, “Алмас”, “Арыс
тарихынан”, “Меруерт тау”, “Маймыл ертегісі” [13-14] және басқа да
поэмалары да осы топқа енеді. Басқа халықтар сияқты, қазақ халқының аңыз-
ертегілерінде асқақ арманды, жалпы адамзаттық гуманизмді, батырлық пен
батылдықты дәріптейтін романтикалық арқауы күшті жатады. Қазақ ақындары
фольклорлық тақырыпқа барғанда да тозық дүние емес, озық дүниелерді
таңдайды. Бұл тақырыптағы шығармалар ішінде “Майкөл тамы” поэмасының орны
бөлек. Жақан қаламынан туған тұңғыш поэма 1927 ж. Қызылжар қаласында
жазылып біткеннен кейін Жақанның поэма жанрындағы ең елеулі табысы, оның
ақындық талантын елге танытқан, өмір жолындағы тілкекті тағдырына себепші
болған, өзінің сүйікті туындысы, сол 1927 жылы жазылған “Әлі қарттың
әңгімесі” поэмасымен бірге сол жылы шыққан “Жыл құсы” альманағының бірінші
санында басылып шыққан болатын.
Жақанның “Әлі қарттың әңгімесі” [2] атты лирикалық поэмасы оқушының
назарын бірден аударған поэма болды. Жақан бұл дастанында құлашы кең алысқа
шабатын жүйрік ақынның нышанын бйқатты. Алған тақырыбы да елдегі кедейдің
өмірі, оның мұң-мұқтажы, ашаршылықпен күресі, азамат соғысы жылдарының ауыр
кезеңі. Поэмада осының бәрі аянышты халде көрсетілген. Ақырында сол
қиындықты басынан кешірген кедей колхозға еніп, бақыт табады. Сондықтан да
бұл поэманың қазақ совет әдебитеті тарихында алатын орны ерекше, әрі бұл
поэма Жақанның ақындығын танытқан туынды ретінде оның творчестволық
өресінде де ерекше тұратын туынды.
Ұзақ жылдар бойы “Советтік заманның тіршлігін, шаруалар тұрмысын қисық
елестеткен; социализмге жабылған жала” [19-226 б.] деп әдебитемізден
шығарып тасталған, өзінің авторына да біраз қиындық әкелген бұл поэма қайта
құру заманында ғана өз оқырманымен қайта қауышты. Поэма 1988 жылдың 13
майында “Қазақ әдебиеті” газетінде қайта басылып шықты. Сәрсенбі Дәуітов
жазған түсініктемемен шыққан бұл поэма содан бері оқырмандар талқысына
түсіп, түрлі пікірлер айтылуда. Сондай-ақ, 1990 жылы “Жазушы” баспасынан
шыққан “Шындық дауысы” [2] атты жинаққа кезінде деректі социологиялық сын
мен советтік шындық “күрескерлерінің” құрбаны болған ақындар Жақан
Сыздықов, Шахан Мусин, Нұрқан Ахметбеков пен Бүркіт Ысқақовтың шығармалары
топтастырылыпты. Халықтың сорына екі кезеңде де жай түсіп, қаншама қыр-
шындарды алып кеткен аштық жайындағы [1920-1921 және 1931-1932 жж.].
Жақанның “Әлі қарттың әңгімесі” мен халық ақыны Нұрқанның “Күләндам”
поэмалары ел басына түскен ауыр қайғыны суреттесе, бірі 1937 жылдың,
екіншісі 1951 жылдың қуғынынының әсерінен Қолыма лагерлерінің азабын
тартқан Шахан мен Бүркіт жырлары өмір үстемдігіне, өмір әділетсіздігіне
қаосы ақын жанының шырылын береді. [20] Бұл шығармалардың біреуінен ауыр
зұлмат жылдарындағы елдің аянышты халі сезілсе, екіншісінен жалындаған
жастық шағын абақтыда өткізген, айдауда Сібір, Тайга, Тундра, Магадан,
Қолыма азаптарын белшеден баса жүріп өзінің өнерге құмарлығын өшірмеген,
өмір құштардығын мәңгіге сақтаған өнер иесінің қасіретті тағдырын көрсек,
үшінші ұлы ақындарымыз Сәкен, Бейімбет, Ілиястардың тас еден ызғарын сезе
жазған жырларының, бізге жетпеген жырларының орнын толтырар, өзі де 1951-
1956 жылдары репрессияға ұшырап тамұқтың тауқыметін көріп қайтқан жандардың
жүрек толғанысын көрсетеді. Сондықтан да бұл жинақтың бүгінгі әдебиетімізде
алар орны ерекше.
Осы жинақтан біздің арнайы тоқталатынымыз өз тақырыбымызға байланысты -
“Әлі қарттың әңгімесі” поэмасы. Әрине, бұл сияқты тағдыры тәлкекке түскен
поэманың өз оқырманын қайтадан табуы, оған жұртшылық назарының аууы,
қуанарлық жайт. Өйткені, бұл Жақанның ақындық өресін айқан танытқан алғашқы
ірі туындысы ғой. Әрі қазақ әдебиетінің Сәкен, Бейімбет сынды алыптарының
Жақан шығармашылығына көңіл аударуы да осы поэмадан басталған екен.
Жақанның творчествосында елеулі орын алатын екінші шығарма - “Майкөл
тамы” поэмасы. Алғаш “Жыл құсы” алманағында басылған бұл поэма, келесі
1928 жылы бірігіп шыққан [қаңтар-ақпан] “Жаңа әдебиет” журналының алғашқы
санында ең таңдаулы шығарма ретінде Сәкен Сейфуллиннің “Жер қазғандар”
повесі, Бейімбет Майлиннің “Қара бала”, “Мырзалар” әңгімелері, Сәбит
Мұқановтың “Сұлушаш” романының бірінші бөлімі қатарында басылды. [21-317]
Мұнан кейін ақын жинақтарының көбінде басылып, орыс-татар тілдеріне
аударылған бұл поэмада сол кездегі ауыл өмірін, бірін-бірі сүйген екі
жастың арманына жете алмаған жастың таргедиясын, байлардың озбыр
қиянатшылардың нашарға көрсеткен зорлық-зомбылығын шындық пен нанымды
көрсеткен. [14-280-291] Жақанның бұл поэмасының жемісі ел аузындағы аңыздан
алынған. Тоқсан деген өнерлі, еті тірі жігіт пен Айсұлу атты қыздың бір-
біріне қосыла алмай, трагедиялы халге ұшырағаны айтылады. Екеуінің арасына
феодалдық ортаның содырлы қара күштері бөгет болады да оқиға Тоқсанның
солардың қолынан қаза табуымен тынады. Әрі бұл қара күштер өз дегеніне
жеткен соң Тоқсанның өлігінің қасына оны өлтірген қанға боялған қара
пышақты тастап кетеді.
“Майкөл тамы” Жақанның ақындық талантының ілгері дамып, поэзиясының
күрделі жанры-сюжетті поэма жазуға көшкенін, оның бұл саладағы алғашқы
адымының сәтті болғанын ыспаттаған, “Әлі қарттың әңгімесімен” бірге ақын
талантның биік шынын байқатады.
Поэмалық шығармаларының ішінде алғашқыларының бірі болып есептелетін
“Күрес” поэмасы. Бұл поэманың көзге түскен бір ерекшелігі - көлемінің
шағындығы, өлеңінің жатықтығы, тілінің құнарлығы. Ал, кемшілігі, өз
кезіндегі үлгіге айналған тәсілден аспауы. Бұрын езілген жалшының Совет
өкіметі тұсында ірі байларды аластау кезінде есесін алып шығуы-схемаға
айналған сюжеттік тәсіл болатын. Ақын схемадан шықпай, жалпы сүрлеумен
кеткен, қаһарманның ішкі дүниесін, жан құбылысын терең ашып, көрсете
алмаған. Осы жылдары жазылған “Қызғалдақ” поэмасы да сол деңгейде.
Жақанның “Арыс тарихынан”, “Шағалалы басында”, “Алмас”, “Арсен туралы
аңыз” поэмалары 30-шы жылдары жазылды да негізінен халқымыздың, көршілес
елдерінің өткен тарихынан алынып, жаңа өмірді, жарқын болашақты аңсаудан
туған. “Арыс тарихынан” [13-283-290] сонау Шыңғыс ханға қарсы күрескен
халық өмірін көрестуден бастап, ұзық жыл бойына халықты қан қақсатқан әмір,
бек билігін сөз ете, келіп, бүгінгі шаттық еңбекті жыр жолына түсіреді.
“Алмас” [14-296-314] – еркіндікті, шат тұрмысты аңсаған Алмас пен оның
ағаларының бақыт іздеп шығып, алдауға түсіп, жер астында қалуын,
жауыздыққа, қара түнекке қарсы топ құрып күресуші екі батырға кезігіп
еркіндікке жетуін жатық та көркем тілмен жырға қосқан тәп-тәуір туынды.
Ал, “Арсен туралы аңыз” [17-417-421] поэмасында өткен ғасырда азаттық
үшін күрескен туысқан Грузия халқының адал ұлы Арсен ерлікпен қаза болады.
Алайда, ол істеген істер ел есінде мәңгі сақталады. Өйткені ол бұхара
халықтың қорғаушысы болды. Поэманың мазмұны ел үшін қызмет ет, керек болса
жаныңды да қи, ол еңбегің мәңгі ел есінде өшпес емес деген Ғибрат.
“Мерует тау”, “Алмас”, “Маймыл ертегісі”, “Арсен” сияқты әр халықтың
ертегілерін негізінде жазылған поэмалары, “Батыстағы үн”, “Дағдарыс
долысы”, “Аспандағы айқас”, “Патрис Лумумба” [17] сияқты халықаралық
мәселелерге арналған поэмаларының қай-қайсысын алсақ та Жақан өзі жазып
отырған тақырыпты терең зерттеп, қанығып барып кіріскен. Өзі зерттеген
мәселесіне ой жүгіртіп, одан өзіндік болжам да жасаған. Сонау 1958 жылы
жазған [өкінішке орай бұл поэмасы да әлі қолжазба күйінде] “Аспандағы
айқас” поэмасында, жердің жасанды серігі жасалды деп масайрап жатқан
шағымызда, бұл қарудың болашақта ауаға, аспанға етер кері әсерін болжап,
экологиялық зардабын айтып сақтандырған да Жақан Сыздықов болатын.
Сондықтан да болар, біздің сақ цензорлар мен редакторлар оған әлі күнге
дейін жарық көрсетпей келеді.

1.1 Ақын шығармашылығындағы Отан қорғау тықырыбы.

Отызыншы жылдары қазақ поэзиясындағы ең бір көп жырланған тақырып
болатын. Қазақтың пролетарлық әдебиетінің көшбастаушысы болған Сәкен
Сейфуллиннің “Чжан Цзолин” атты поэмасы мен “Азия” өлеңінен басталған бұл
үрдіске басқа ақындар да белсене араласты. Сәбит Мұқановтың, Асқар
Тоқмағанбетовтың, Әбділда Тәжібаевтың, Тайыр Жароковтың, Ғали Ормановтың
және басқа да ақындардың лирикасы, поэмалары жарық көрді. [18-160-163]
Испаниядағы азамат соғысы, Италия мен Германиядағы өршіп келе жатқан
фашизм, Шығыста өрлеп келе жатқан жапон милитаризмі бас көтеріп, әр елге
тиісіп, дүниежүзілік соғысы қаупі төніп тұрған шақта, кеңес қаламгерлері
көз жұмып отыра алған жоқ. Осы шығармалар тууымен қатар, шет елдердегі
еңбек адамының тұрмысын, олардың қара түнек басқан ауыр тұрмысында ақындар
өз жырларына қосты. Асқар Тоқмағанбетовтың “Берлин көшесінде”, Әбділда
Тәжібаевтың “Екі жаһан” поэмалары мен көптеген өлеңдер осы тақырыпта
жазылған сәтті туындылар. [18-164]
Германия фашизміне қарсы жазылған “Ақын дауысы” атты өлеңінде ақын
Әбділда Тәжібаев немістің ұлы ойшылы, гуманист ақыны Генрих Гейнеге неміс
фашистерінің көзқарастарын көрсету арқылы өзінің оған қатынасын анық
танытады. Өлеңде сюжет элементі бар. Фашистер Гейненің томдарын өртеп,
жағып жатыр. Соны көрген совет ақыны оларға өз үкімін айтады.
Еркіндіктің өлеңін,
Өртеп бітем дей ме екен.
Еркіндіктің ақынын,
Жерлеп бітем дей ме екен!-дейді бар даусымен айқайлап.
Фашизмнің озбыр қиянатына қарсы күресе алатын күштің бірі әділетшіл
жыр. Ақын жырының отқа түссе жанбайтын, суға салса батпайтын, уақыт
тозығына көмілмейтін құдірет-күші, әділеттілігі мен шыншылдығында.
Жанбақ, қалай өртенбек,
Оттан ыстық өткір жыр.
Жақан Сыздықов та Отан қорғауға халықаралық тақырыпқа мол барған
ақындарымыздың бірі. Оның соғыс қарсаңындағы “Ел бар сонау алыста”,
“Тоқта, палач”, “Екі шақ”, “Қанды хат”, “Партизан жорығынан”, “Моншадағы
маймыл”, “Долорес”, “Түркия түнегінде”, “Байтоушан биігінен”,
“Лақтырылған бөбек”, “Личжи”, “Ашылды көзім”, “Балалар неге ашынар”,
“Бағанаға сүйенгендер”, “Африка сілкінді” көптеген өлеңдерімен қатар
“Маймыл ертегісі”, “Дағдарыс долысы”, “Батыстан жеткен үн” сияқты
поэмалары [17], кейіннен 50-60 жылдары жазған “Аспандағы соғыс”, “Патрис
Лумумба” сияқты поэмалары да осы тақырыпқа айналған. Сонау 1933 жылы
жазылған “Маймыл ертегісі” [13-291-296] поэмасында ақын гитлершіл
фашистер жаңа бас көтеріп, қанішерлік қылықтарын таныта бастағанда-ақ:
Жер жүзін күңірентіп шаттық күйі,
Әсем деп гүлдендірмек, жеңіс биі.“
Қиратамыз фашизмнің шаңырағын, -
Жеңеміз. Ертеңгіге біздер ие, - деп дүниежүзіне қара күйе болып
жабысқысы келген фашизмнің күйрейтінін зор сеніммен өлеңге қосты. Және
ақын фашистердің адамға жат айуандық істерін маймылға теңеп, фашизм
кейпін дөп басқан суреттемесін дарынды қаламгер Юрий Домбровскийдің
талантты туындысы “Обезьяна приходит со своим черепом” романынан отыз
бес жыл бұрын жазып қалдырған-ды. Ал, отызыншы жылдардың орта кезеңінде
жазылған “Дағдарыс долысы” поэмасында капитал дүниесін қаулаған аштық,
жалаңаштық жайын тілге тиек еткен ақын, алпысыншы жылдары “Патрис
Лумумба” атты көлемді дастан жазып, Африка елдері халықтарының да
бостандық, азаттық жолындағы күресін еліміздің еншісіне айналдырды. [17-
437-440]
Отызыншы жылдардығы Жақан творчествосында өзіміздің жай күйімізді
жырлау мен шет ел өміріне арналған өлеңдерінің арасында бір қыдыру
айырмашылық барын көреміз. Өз еліміздегі өмір шындығын жазғанда бір жақты
жалаң мақтауға бара беретін ақын шет ел өмірін жырлағанда көсіліп сала
береді. Терең үңіле қарасақ мұнда өзіндік себеп те жоқ емес. Шет ел
еңбекшілерінің қайыршылық өмірін көрсету арқылы біздің елімізде болып
жатқан келеңсіз өмір көріністерін қазақ еліндегі жаппай қырылудан да
хабар берекету ниеті көкейінде отырғандай сезіледі.
Біздің елімізде де аштық жайлаған сол отызыншы жылдарда оны ашық жаза
алмаған ақын газеттерден “Тегеранда Мәсуме деген әйел аштан өлетін
болған соң өз баласын өзі үйдің төбесінен лақтырып жібереді”, деген
хабарды оқысымен “Лақтырылған бөбек” [13-126] деген өлеңін жазады.
Бала – аш, ана – жалаңаш,
Тұман басқан Тегеранды,
Сұрланды бөбек, қиналды,
Ықылық атты, ыңыранды...,
Әлдилеп ана бөбегін,
Аймалап басты төсіне,
Бебеу бағып, қалтырап,
Ананың қалмай есі де,
- қолында өліп, сөніп бара жатқан баласының жан тәсілім сәтін көруге
шыдамы жетпеген ана, үйдің төбесіне шығып:
Аспаннан аққан жұлдыз, - деп,
Бөбегін жерге лақтырды.
Қара өмірдің түнегін,
Түруге келмей шамасы,
Қара жерді құшақтап,
Өліп жатты баласы.
Өз елімізде де талай жас қыршынды алып кеткен аштық зардабын көзімен
көрген ақын адам психологиясы, ана қиналысын осындай шыншылдықпен көрсете
білген. Әрі, өзіміздегі жайды айта алмаса да, осы уақиғаға байланысты
ойын ақын былай қорытады:
... Жалғыз ғана бұл емес,
Талай бөбек ыңыранды.
Бала – аш, ана – шалаңаш,
Сұмдық басқан ойранды.
Айы – ажарсыз, күні – түн,
Зарлаған мұң жан-жағы.
Өшірген үнін бөбектің,
Аштықтың ажал қармағы.
Сөйтіп, өзі көрген, өзі куәсі болған еліміздегі келеңсіз көріністерді
дөп басып айта алмаған, айту мүмкіндігі болмаған ақын шет елдердегі
уақиғаны меңзеп асқан байқағыштықпен, көрегендікпен дәл суреттей білген.
Өмір шындығын көрсетудің заман талабына бейімделген ақын
суреткерлігінің бір әдісі, әрі ұтымды әдісі осы деп білеміз.
Жаңа басшылық келген соң өмір қайтадан сабасына түсіп, поэзия жаңа
өрлеу шындығын көрсете бастап, идеялық-көркемдік мәселесіне көңіл
аударып, тақырып аясын кеңейте түсті. Әсіресе, кең байтақ Отанымызды
қорғау, еліміздегі халықтар достығы, социализмді қорғауға арналған
өлеңдер жауынды көктемнен кейін қаулаған жауқазын гүлдей жайнап, дами
түсті.
Басқа да қаламгерлер сияқты Жақан да жасарып, түлегендей беріле,
шаттана жырлады. Оның “Тасқын”, “Шаттық үні”, “Биік шыңда”, “Өлеңдер
жинағы” сияқты жекелеген жыр жинақтарымен қатар, көптеген аудармалары,
сапарнама өлеңдері көптеп шығып, оларда азаматтық пафос, әлеуметтік мәнді
мәселелер молынан көтерілді. Бүтін елімен бірге еңсесі көтерілген ақынның
бұл кезеңдегі өлеңдерінде еркін де жеңіл үйлесім, ұғымдылық оның
өлеңдерінің тіл шұрайлылығын аңғартады.
1936-1937 жылдар Жақанның шығармашылық өмірінде өнімді еңбек шағы
болды. Бұл кезде жазған “Маймыл ертегісі”, “Алмас”, “Қаңбақ шал”, грузин
ақыны Ордзелашвилидің еркін аударған “Арсен туралы аңыз” және басқа да
поэмаларынан басқа ақын қаламынан жүздеген жыр асылдары туды. Алайда, бұл
сәт көпке созылмады. Бүкіл елімізде, оның ішінде біздің Қазақстанда бұрын
ауыз айтып, көз көрмеген ауыр қасиет күндері жақындап қалған болатын. Ол
күндер 1937-1938 жылдардың қасіретті, халқымыздың асылдарының тағдырын
тәлкекке салып, талай боздақтарымыздан айрылған күндері болатын. Партия
басшылығымен елімізде қол жеткен табыстарымыздың барлығы “ұлы
көсемімізге” телініп, оның социализм женген сайын тап күресі шиелінісе
түседі деген теориясын желеу етіп, тырнақ астынан кір іздеп, “халық
жауы”, “тап жауы” жапон немесе герман империализмінің шпиондарын, толып
жатқан оппортунистер мен уклонистерін іздеп, даурыққан айғайлар басталып
кетті. Жеке адамға табынушылық лирикаға мол зиян келтірді. Әрі көп жылдан
бері жастарға, бүкіл қазақ-совет поэзиясына үлгі болған Сәкен, Ілияс,
Бейімбет сынды ақындарымыз жазықсыз ұсталып кетті. Олардың ізбасарлары
Сәбит, Жақан, Тайырлар қамауға алынып, тергеуге түсті. Жаңа ғана таланты
қайта қанаттанып, шабыты шалқыған көптеген ақындардың тауы шағылып, беті
қайтты. Міне, бұл жайт Жақанға да тән еді. [22]
Лирика табиғатының өзі мейлінше шыншылдықты көңіл аңсары мен күдігін
ірікпей айта білуді қажет етеді ғой. Шаттық та, мұң да шын ақиқат пен
поэзияға бөлініп берілсе ғана адамның сыры басқалар үшін ғибратқа
айналмақ. Бірақ жеке басқа табыну асқындаған дәуірде зар арды, бәрінен
бұрын, лирика шекті. [23-135] Ақындар көкейіндегі діттеген ойын толық
ашып айта алмады, өмірдің күнгей жағын, табыс пен жеңісті мақтау ғана
мүмкін болды, өлеңдігі нашар болса да, ондай шығармалар тоқтаусыз
жарияланып отырды. Көңілдердің қайшылығы да, өмірдің қайшылығы да
лирикадан көрінбеді. Сезім күйлерін жырлаған нағыз творчестволық
ізденістерге мүмкіндігі азайды. Біра жағынан, ниет түзулігін дәтке қуат
санаған ақындар поэтикалық сонылық, іздеп көп әуреленіп жатпай, дайын
схема ізімен кетті; түрдің жатықтығына да кейде көңіл бөлінбеді. Екінші
жағынан кейбір ақындар өлең түрлерін едәуір құнттағанымен, мазмұны жұтаң
жатты. Шарықтаған ойдың жасанды түрде тосқауыл көруі творчестволық
ізденулерді тежеді.
Міне, алты ай түрмеде отырып, жаза шеккен, әрі өзі қадір тұтқан ақын
ағаларынан көз жазып қалған Жақан бұл кезде абдырап та қалған еді, өзі
тапқан өлеңдегі тынысынан жаңылып, осы кезде жалпылай дәстүрге айналған
“ұлы көсемді” мақтауға арналған туындылар жазған-ды. “Сталиндік Москва”,
“Сталинге” т.б. [12-110-113] бұл сәтсіздіктен ақынды бүкіл халық басына
түскен зор ауыртпалық - Ұлы Отан соғысының басталуы құтқарғандай болды.
Бүтін елмен бәрге Жақанда зұлым жауға қарсы күреске бел шешіп кірісті.
Соғыс жылдары Жақанның қаламы өткірлене түсті. Ұлы Отан соғысының
алғашқы сағатына өзінің “Қанжар” деген жалынды жырын радиода оқып
тыңдаушыларын кескілескен күреске шақырды.
Ұлы Отан соғысы кезінде 300-ден астам жыр тудырған ақын өлеңдерінің
көпшілігі бірден майдандық газеттерде республикалық мерзімді баспасөз
беттерінде жарияланып тұрды. Олардың тақырыбына қарап-ақ онда айтылатын
ойды сеземіз. “Найзағай”, “Жорыққа”, “Қарақшыларға”, “Жеңіске”, “Рейн”,
“Ызалы сөз”, “Роза”, “Семсер”, “Найза”, “Теңізде”, “Жауынгерлік сөздер”,
“Фашизм кескіні”, “Сексен батыр туралы толғау”, “Тазартқанша жер үстін”,
“Құрметті екі қарындас” және басқа жырларында ақын жауынгерлерді ерлікке
шақырып, жауға тойтарыс беру керектігін тілге тиек етті. Сондықтан да
майдан жауынгерлері оны өз санында сезінді, оның жырлары майдандық газет
бетінен оқылды: “Қос қыран”, “Көкше күмбезі”, “Покрышкин” және басқа
өлеңдері солдаттармен бірге шабуылға шығып, солдат жанын жылытуда еді.
[24] Сондықтан да майдандағы жауынгерлер 1944 жылдың октябірінде Жақанның
қаламгерлік өмірінің 20 жылдығын атап өтті, онда ақын Тайыр Жароковтың
арнайы шығарылған “Жүрек сыры – Атыраудың” өлеңі мен “Жеңістер жаршысы”
деген мақаласы басылды.
Кеңес жауынгерлері Югославия астанасы Белград қаласын гитлерлік
басқыншыларынан азат етуге көтерілді. Сол шабуылда ауыр жараланған
Құндызбай мергеннің төс қалтасынан “Совет жауынгері” газетінің Жақан
творчествосына арналған саны табылыпты. Демек, ақын творчествосы солдат
жүрегіне жол тапқан, сөйтіп, ақын майдандағы солдаттармен бірге фашизмді
тізерлетуге белсеге қатысты.
Оған соғысының қан майданында елін қорғап, туған жер үшін қасықтай қаны
қалғанша алысып жатқан ер ұланға:
Елің бір сүйіп алқалап,
Тұлғаңа көзі тоймаған.
Қиырсыз, байтақ шартарап,
Қамыңды сенің ойлаған.
Мәпелер сені біздің ел,
Батырым, жолдас-жауынгер!
- деген жүрекжарды жыр жолдарын арнаса, ел шетіне келіп, бейбіт елімізге
тұтқиылдан тиіскен жауға деген бүкілхалықтық өшпенділік пен кек қайнатқан
аттанысты, оның ішінде ұрпақ қамы үшін әрдайым отқа түсер аналар аттанысын
да көркем кестелей білген.
Ызалы қайрат кернеген,
Жалынды жігер тербеген.
Тербеген сайын өрлеген,
Қарсыласып майданда
Қарулы қолын сермеген,
Қайратты ана аттанды.
... Топ-тобымен күнбе-күн,
Жоқ қылмаққа күндерін.
Төбеттердің үргенін,
Фашистердің, зұлымның,
Өшірмекке үндерін,
Кетті ана майданға,
Кекті ана аттанды! [24-65]
Ұлы Отан соғысы кезінде ең оперативті жанр поэзия болғаны баршаға мәлім.
Басқа ақындар сияқты Жақан Сыздықов та жоғарыда атап өткеніміздей соғыс
өрті лаулап тұрған мізгілде де, Отан соғысы жеңіспен біткеннен кейін де
соғыс тақырыбына мол да дархан жазды. Ақын майдан өмірін әр минуты майдан
деп соққан тыл өмірін жан тербететін сұлу сөз, адам көңілін қозғайтын әдемі
лирикамен суреттеп береді. Оның жырлары халық мүддесі үшін майданға
аттанған солдаттардың өмірін, олардың тамаша ерлігін, қандай қиынщылықтарға
қарамастан, қатал жауға қарсы күрестің қажеттігін тебірене жеткізеді. Оның
өлеңдері патриоизм, интернационализм идеясына толы болып келеді. Қарапайым
қазақ сөздеріне жаңа екпін, тың мазмұн беруге шебер ақын, көлемі шағын
өлеңдерінің өзінде-ақ қаншама ой түйіп, адам тебірентеді.
Лаулаған патриоттық сезімі, жаңа көркемдік бояу, идеялық биік пафосы –
Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған поэзияның басты қасиеттері. Бұл кездегі
поэзияны сипаттай келіп академик Қажым Жұмалиев: “Соғыс жылдарындағы жақсы
шығармалар өткір, патриоттық ойға толы болуымен қатар, романтикалық
қаһармандық пафосымен, тамаша лиризмімен, психологизмімен дараланды. Отан
соғысы еліміздің тарихында адам айтқысыз үлкен оқиға болуымен бірге, осы
тақырыпқа өте құнды көркем туындылары пайда болуына ерекше әсер етті.
Мұндай шығармаларда ақынның ойы мен ішкі дүниесі, сыртқы түрі мен мазмұны
органикалық түрде қабысып жатты”, - деп жазды. [25-88] Зерделі ғалымның осы
ойын Жақан Сыздықовтың Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазған лирикалары туралы
да айтуға болады. Ақынның Ұлы Отан Соғысы тақырыбына жазған өлеңдері
көркемдік жағынан жоғары, қаһармандық, патриоттық қасиеті тең болып келеді.

Жақан Сыздықовтың Ұлы Отан соғысы жылдарында жазған өлеңдерінің бір аз
ғана бөлігі 1948 жылы жарық көрген “Қос қыран” деген шағын жинағына
топталған.

1.2 “Қос қыран” жинағы және оның сол кезеңдегі басқа ақындар
творчествосымен үндестігі.

Жинақ көлемі өте шағын, небәрі ірілі-ұсақты 16 өлең мен “Қос жүрек”
деген поэмадан құрастырылған болатын.
Әйткенмен де, ақын өлеңдері еліміздегі әлеуметтік оқиғалардың негізгі
салаларын қамтыды. Жинақтың негізгі мазмұны оның атына сәйкес батырлық,
ерлік, Отанға, туған жерге деген махаббат, кешегі өткен Ұлы Отан
соғысындағы халық батырларының өлмес істерін баяндау да, ал жинақтың өзі
ақынның сүйікті інісі майдангер Қажыбай Сыздықовқа арналған болатын.
Майданның алғашқы күнінен бастап, 1942 жылға дейін соғыстан шықпаған
Қажыбай ерлікпен қаза тапқан еді де, өзінің кенжесін көре де алмаған-ды.
Әкесінің орнына Төлеген деп ат қойылған сол нәресте бүгінге қалалық
“Көкшетау” газетінің бас редакторы, белгілі ақын-жазушы, драматург,
публицист, республика мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан
Жазушылар одағының Ақмола филиалының директоры, Көкшетау қаласының құрметті
азаматы.
Ақын жаны әр уақытта сезімтал.
Ол өзін қоршаған табиғат құбылыстарынан да, алай-дүлей үйіре соққан
бораннан да, тамылжыған тымық күннен де, түнде соққан самал желден де үлкен
әсер алады. Ол әсерлкер ақынның жан-жүйесіне белгілі бір із қалдырады.
Ақынға әсер еткен құбылыс пен ақынның жан-дүниесіне, көңіл-күйіне
байланысты, оның қабылдау түйсігіне байланысты, талапты да талантты
лирикалық жырлар пайда болады. Талантты ақын үлкенді-кішілі оқиғалардан
әсер алып, ішкі лабораториясына өткізіп, өз шығармасын арқау етеді. Ақынның
бұл жинағына енген өлеңдерінің көпшілігі туған елге арналған жырлар.
Мүмкін, ақын от пен оқтың ортасында, қан майданда жүрген ерлердің ұрыс
арасындағы сәт-қағым тыныста өз елін, туып өскен ортасын еске алатындығын
жүрегімен сезген де болар. Туған ел тақырыбы – біздің поэзиямыздан кең орын
алуға тиісті тақырып қой. Оны ақын сезгендей, оның жырларының майдангерлер
жүрегінен берік орын алуының басты себебі де осында. Ақын осы жинаққа енген
“Көкшенің күмбезі”, “Москва”, “Тобыл” сияқты өлеңдерінде осы тақырыпты
барынша кең қамти білген, отанымыздың жер байлығыг жеке алмай ондағы
күрделі өмірімен қоса, совет адамының өзінің туып өскен жеріне деген
махаббат сезімін жырлайды. Осындай махаббат сезімі туғанда ғана елін
қорғаушы азамат ерлікке бара алмақ.
Саялы жер, самал жел.
Сарыарқаның сауыры.
Қалы кілем түріндей,
Сұлу Көкше бауыры.
Ақ бас бура көк шатыр,
Аспан тіреп бір өзі.
Көкті құшып көз тартқан,
Кербез Көкше күмбезі,- деп Көкшенің сұлулығын тамашалай келіп, елін
жаудан қорғайын деп ел шетінде ұйықтап кеткен Жеке батырдың ерлігің жырға
тиек етеді де, ерлік пен ән егіз, ал Көкше өңірі тек ерліктің елі емес, ән
екендігін еске салады.
Теңіздей терең сыры бар,
Сері Ақанның мекені -
Көкшеде күй ағылған
Қай тау бұған жетеді.
Қырандай көкке самғаған,
Асқақты әні Біржанның.
Көкше сұлу ордасы,
Күй мен өлең, жыр, әннің. [24-18]
Көкшенің сұлу бейнесі жасынан бесік болып тербеткендіктен де, ерлікке
баулып, өткен күндердің, өмірден өткен ерлердің бейнесін еске салғандықтан
да бұл өлкеден батыр Мәлік шыққан деген ойға саяды ақын өз жырында.
Әрі Көкшені көрген адамның жүрегін елжіретер сұлулығымен жау қолына
берілмейтін берік қамау екенін зор мақтанышпен жырлайды.
Желкілдейді көк торғын,
Сүйсе аялап күн көзі.
Досына ту, жауға аббат,
Айбынды Көкше күмбезі. [24-19]
Ақын туып өскен жеріне деген орынды мақтанышы мен махаббатын білдіреді.
Сол арқылы елін аңсаған жауынгер жүрегіне ерлік ұялатады.
Толқы, толқы Тобылым,
Толқыта тарт, ескегім.
Толқыныңда ойнақтап,
Тобылым сенде өскенмін.
Төлегей тобыл толқыны,
Толқытады жүректі.
Тербеп Тобыл ұшырған,
Мұзбалақ қыран түлекті, [13-79]
дей келе ақын осындай айдынды өзеннің толқынында ойнақтап жүзгендерден ғана
ақындық шабыт шығады, батырлық жүрек болады дейді. Атақты тарлан ақын
Нұржан Наушабаев ғұлама ғалым, ақын да халық қамқоры Ыбырай Алтынсарин, қол
бастаған халық батыры Амангелді, оның ұлы ерлігін жалғастырушы батыр Сұлтан
мен ер Естай осындай жандар деп қорытады өз ойын ақын.
Жинақтағы өлеңнің енді бірсыпырасы қан майданда аңызға айналған
ерлігімен, қайыспас қайсарлығымен ел аузына іліккен батырларға, майдан
ерлеріне арналған. Сондай өлеңдердің бірі - “Қаһарман тұлға – батыр тұлға!”
[24-42]
Мәлік елге келгенде бүкіл елің, туған жерің, сүйікті тауың, әсем көлің
түгелдей елеңдеп, қуана қарсы алды, тіпті қия мен тас та елең қақты, дейді
ақын.
Оқжетпестің қиясы,
Көк торғыны желеңдеп.
Кемпірқосақ, көкжиек,
Жұпар жауын себем, деп
Күңіренді Көксеңгір,
“Ұлына сәлем, менен!”-деп
Қуанып бала жүгірді,
“Ағаға сәлем берем,”-деп
Құшағын жайды қарт ана:
“Қаһарман ұлды көрем,” [24-72]
-деп әрине, батырдың ерлік жолын жырлайтын, оған ән арнайтын кезең алда.
Мынадай көрікті табиғат әсер етіп, елтіткен өлкеде, аспандағы аққуға әнін
қосқан өлкеде жыр тумауы, оның асқан ерлік көрсеткен Мәлікке арналмауы
мүмкін емес, дей келіп:
Алыбын сүйер, алқалар,
Ежелден елдің салты бар.
Жау жеңіп қайтқан, батырым,
Атағын тудай жарқырар!
- деп аяқтайды өз жырын ақын.
Талай жылдар әдебиет майданында тізе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
Отызыншы жылдардағы әдеби сынның негізгі бағыттары
Абайдың шығармашылық өмірі - қазақ әдебиеті тарихының кіндік тұтқасы
М. Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Сәкен Сейфуллин (1894—1938)
Фариза оңғарсынова поэмаларындағы идеялық - көркемдік ізденістер
Мұқағали Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға
Абайдың түпнұсқада келтірген метафорасының орыс, ағылшын тілдеріндегі баламаларын талдап, аудармашылар шеберлігін, шығармашылық даралығы мен көркемдік-эстетикалық танымының берілуін, көрінуін зерттеу
Пәндер