Қазақстан СЭҚ мемлекеттік реттеу мен кеден саясатын дамыту болашағы және көкейтесті мәселелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

К І Р І С П Е . . . 3-7

І. Сыртқы экономикалық қызметті (СЭҚ) мемлекеттік реттеудің негізгі теориялық әдіснамасы.

1. 1. СЭҚ кедендік реттеу әдістері және халықаралық тәжірибесі . . . 8-11

1. 2. Сыртқы сауданы шектеудің кедендік принциптерінің шетелдік тәжірибесі . . . 12-13

а) Сыртқы сауданы мемлекетаралық шектеу . . . 14-15

ә) СЭҚ Қазақстан экономикасын дамытудағы ролі . . . 15-19

1. 3. Кеден ісі саласындағы СЭҚ қатысушыларды тексеру . . . 20-25

ІІ. Қазақстан Республикасындағы СЭҚ реттеудің қазіргі кездегі тәжірибесі.

2. 1. СЭҚ реттеудің негізгі қағидалары . . . 26-33

2. 2. Көкшетау кеденінің ұйымдастырылуы . . . 33-37

2. 3. Көкшетау (Ақмола облысы) бойынша пост-кедендік бақылау бөлімі қызметіне талдау . . . 36-40

ІІІ. Қазақстан СЭҚ мемлекеттік реттеу мен кеден саясатын дамыту болашағы және көкейтесті мәселелері . . . 41-45

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46-51

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 52-53

Қосымшалар (кестелер) . . . 54-68

КІРІСПЕ

Өткен ғасырдың 90 жылдарында әлемдік деңгейде үлкен өзгерістер болды. Соның бірі Кеңес Одағы құлап, соның салдарынан 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Сөйтіп, біз мекен етіп отырған Қазақстан республикасы да егеменді ел болып, өз Тәуелсіздігін алып, экономикасы өтпелі, демократиялық мемлекет болды. Қазақстан мемлекетін бүкіл әлемдік елдердің барлық ұйымдары таныды, оған Қазақстан мемлекетінің БҰҰ-на мүше болуы т. б. дәлел болады. Бұл жағдайда септігін өте көп тигізген шара ретінде «Қазақстан-2030» бағдарламасын айтуға болады. Бұл аса маңызды құжатта мемлекеттің приоритеттік мақсаттары, әсіресе ашық экономикалы ел болатындығы, дәлірек айтқанда, мемлекеттің басқа әлемдік елдерімен тығыз экономикалық қатынас орнататыны атап көрсетілген. Ал, бұл приоритетті басымдық, сыртқы экономикалық қызметті, кеден саласын дамытудың аса маңызды факторлардың біріне айналып отырғандығын дәлелдейді. Бұдан, дипломдық жұмысқа таңдап алынған тақырыптың өзекті тақырып екендігі айқын болады.

Қазақстан 1992 жылдан Бүкіләлемдік кеден ұйымына мүше бола отырып, Бүкіләлемдегі Сауда ұйымына мүше болу мәселелерін қарастыруда .

Кеден саласының қызметін басқа мемлекеттік қызмет салаларынан бөлшектеуге болмайды, өйткені олардың арасында өзара байланыстың объективті негізі бар.

Кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қолданылатын бірыңғай кедендік төлемдер жүйесін құру жолымен іске асырылатын кеден саясатын мемлекетіміздің сыртқы экономикалық қызметінің бір бөлігі ретінде қарастыра отырып, жалпы мәселелерінің, кеден саясатының мақсаттары мен кеден ісінің жөнге қойылуының және кеден саласының маңыздылығын байқауға болады.

Кеден шекарасының жалпы ұзындығы 13 мың км. оның ішінде Ресеймен - 7000 км, Өзбекстанмен - 2000 км, Түркменстанмен - 400 км, Қырғыз Республикасымен - 1000 км астам, Қытаймен - 1700 км. Теңіз шекарасы - 1700 км. ұзындықты алып отыр.

Қазақстанның кеден шекарасы арқылы орта есеппен бір жылда 1 млн. жеке тұлға қатынайды (мысалы 1995 ж. - 651 148 адам Қазақстан Республикасынан, 526 050 - Қазақстан Республикасына, 1996 ж. - сәйкесінше 590 879 және 507893 адам) ; 1997-1998 ж. ж. 1 млн. астам тауарлар айналымы динамикасы әкелінуден сыртқа шығарудың жоғары екендігін байқатты (мысалы: 1995 ж. 73715 мың тонна шығарылса, 19418 әкелінген, 1996 ж. тиісінше 67474 және 18 069, 1997 ж. -55 000 және 15 000; 1998 ж. - 43044 және 12 100 тонна кірген) . Көптеген процедуралық әрекеттер жүзеге асырылады. (мәселен, 1995 ж. - 298 537 жүк кеден декларациясы рәсімделген, кейінгі жылдары оның көлемі 200 000 асқан) .

Кеден құқығы егеменді Қазақстанда мемлекетіміздің сыртқы экономикалық қызметінде жаңа құрал болып табылады . Заңдарымыз “кеден ісі”, “кеден саясаты”, «кеден саласы” сияқты құқықтық категориялардың жетекшілікті түрдегі дәл анықтамасын бермегендіктен, оларды қолдануда кейбір қиыншылықтарға соқтырады.

Мемлекеттің бірыңғай сыртқы экономикалық қызметінің жүйесін қалыптастыру 1990 жылы 15 желтоқсанда “ҚазССР сыртқы экономикалық қызметінің негізгі қағидалары туралы» ҚазССР Заңымен қарастырылған.

Мемлекетіміздің сыртқы экономикалық қызмет механизмін анықтауға тағы бір талпынысы 1991 ж. 6 маусымдағы №328 “Қазақ ССР республи-калық валюта комитеті туралы” Қазақстан Президентінің қаулысы болды. Жаңадан құрылған мемлекеттік орган валюталық және және экспорт-импорт саясатын жасау мен үлестіру, экспорт базасын дамыту мен экспорт үшін ресурс іздестіру шараларын айқындауы керек болды. Президент аппара-тының бұл бөлімшесін Премьер - министр басқарса да, шын мәнінде, бұл комитеттің бар мәселелерді шешуде ешқандай ролі болмады және жарыса қызмет істеуші орган болып табылады.

Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу кейінгі кездері оның босаңсуы әкімшіліктен гөрі экономикалық әдіске көшу тенденциясын көрсетеді. Әрине, бұл көптеген күрделі процедураларды жеңілдетіп, кеден тарифін реттеудің анық қажеттілігі пайда бола бастағанымен, осы уақытта кедендік әкімшіліктендіру сақталады.

1990 жылдың 15-желтоқсанында қабылданған “Сыртқы экономикалық қызметтің негізгі қағидалары туралы” Қазақ ССР Заңында республика-мыздың сыртқы экономикалық қызметін ретке келтіру мақсаты қойылды.

КСРО ыдырауының қарсаңында республиканың сыртқы экономика-лық қызметін жеке өзі шешуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақ ССР Президенті 1991 ж. 31-тамыздағы “Қазақ ССР-нің сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету туралы” Жарлығымен 1991 ж. 1-қыркүйегінен экспорт пен импорт өнімдеріне квота және лицензия беру, бартерлік операциялар жасау Қазақ ССР өз құзырына жататындығын қабылдады.

Қазақстан Республикасындағы кедендік саясатты жүзеге асырушы орган-қазақстандық кедендік қызмет, ол Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 12-желтоқсандағы “Қазақстан Республикасы Кеден комитетін құру жөніндегі” Жарлығы бойынша құрылған Қазақстанның кеден органдары біртұтас жүйені құрайды, оның құрамына Орталық кедендік орган, кедендік комитет, сонымен бірге кедендік басқармалар, кедендер және кеден бекеттері кіреді.

“Кедендік іс жөніндегі” Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы кедендік органдарға мыналар кіреді: Орталық кедендік комитет, 19 кедендік басқарма және еркін экономикалық аймақта (“Атакент” - Іскерлік ынтымақтастық орталығы және Қорғас) орналасқан 2 дербес кедендік органдар. Республикадағы кедендер мен кедендік бекеттер саны 100-ден астам.

Қазақстанның әлемдік экономикалық және сауда байланыстары жүйесіне біртіндеп бірігу процесі туындаған проблемаларды шешу барысында мүлде жаңа әдістер мен тәсілдерді, нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді, қазіргі заманғы ғылыми жетістіктер мен ақпараттық технологияларға пара-пар болатындай және кеден органдарының қызметін ұйымдастыру олардың даму деңгейіне және мемлекеттік экономикалық саясат мүдделеріне сәйкес келетіндей кедендік бақылау жүйесін жасауды, басқаша айтқанда, сыртқы экономикалық қызмет саласының маңыздылығы объективті түрде арта түсетіндігін көруге болады.

СЭҚ актуальдық сипатын мына төменде берілген жағдайлар да айқындайды, мысалы:

тауарларды кедендік ресімдеу мен декларациялау мәселелерінің сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тарапынан көптеген шағымдар мен ескертпелер туғызатындығын атап өту керек. Бұл орайда қолданылып жүрген заңдардың нормалары олардың тәртібі мен рәсімін жеткілікті түрде регламенттемейді, бұл өз кезегінде қолданылып жүрген нормативтік актілерді дұрыс түсіндіруге мүмкіндік бермейді. Онда тауарларды таңдап алынған кеден режимдері шеңберінде декларациялау және ресімдеу үшін тек Кодекстің өзінде белгіленген құжаттар ғана талап етілетіндігі туралы ереже заңмен бекітілген. Аталған норма кеден органдары лауазымды адамдарының тарапынан болатын әуре-сарсаң, төрешілдік және өз қызметтерін теріс пайдалану әрекеттерін жоққа шағаруға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, кеден ісінің СЭҚ саласының актуальдылығы, қоғам дамуы барысында арта түсетіндігі ашық байқалады.

Дипломдық еңбекте СЭҚ қатысушылардың тексеру жұмыстары қарастырылған.

Бірінші тарауда, теориялық негіздері қарастырылса, екінші тарауда аналитикалық ақпараттар сараланады, үшінші тарауда СЭҚ даму болашағы қарастырылады.

Дипломдық еңбекте индукция, дедукция, монографиялық әдіс, анализ-синтез, т. б. зерттеу әдістері пайдаланылған.

Ақпарат көздері ретінде түрлі кедендік құжаттар, заңдар жинағы, ғылыми әдебиеттер т. б. құжаттар қолданылған.

Дипломдық еңбек Ақмола облысы бойынша кеден бақылау департаменті ұйымы негізінде орындалған.

Дипломдық жұмыстық қорытынды сараланған ұсыныстары СЭҚ қатысушыларды тексеру проблемаларына арналған.

І. Сыртқы экономикалық қызметті (СЭҚ) мемлекеттік

реттеудің негізгі теориялық әдіснамасы

1. 1. Сыртқы экономикалық қызметті кедендік реттеу әдістері және халықаралық тәжірибесі

Қандай да болмасын елдің, оның жеке аймағының халықаралық маңызы оның экономикалық әлуетінің әлемдік тауар өндіру, технология, қаржы жүйесіндегі орнымен, жалпы экономикалық серпінділігімен анықталады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғам-дастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де халық-аралық экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып отыр.

Әлемдік шаруашылықтың ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ерекше-ліктерінің бірі халықаралық экономикалық қатынастардың қарқынды дамуы болып табылады. Әртүрлі елдер, елдер тобы, экономикалық топтар, жеке фирмалар мен ұйымдар арасындағы экономикалық қатынастар кеңіп, тереңдей түседі. Бұл үдерістер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен шаруашылықтық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалар-дың ашықтығының артуынан, бір-бірін толықтыруынан, бір-бірімен біте қайнасып жақындасуынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың дамуы мен нығаюынан көрінеді.

Халықаралық экономикалық қатынастардың диалектикасы мынада: жеке елдердің ұлттық экономикалық тәуелсіздікке, ұлттық шаруашылықты ны-ғайтуға ұмтылуы нәтижесінде әлемдік шаруашылықтың интернационал-дануына, ұлттық экономикалардың ашықтығына, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне алып келеді.

Халықаралық экономикалық қатынастар - жалпы экономикалық жүйенің басты компоненті.

Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне жеке елдер, интеграциялық бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша өтелетін қатынастар тетігі кіреді.

Халықаралық экономикалық қатынастардың дамуының алғы шарты - әлемдегі жұмыс күшінің, табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың, негізгі және айналым капиталының, ғылыми-техникалық әлуеттің орналасуындағы географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады.

Осы заманғы халықаралық экономикалық қатынастар елеулі, тұрақты, мемлекетаралық реттеуді талап етеді.

Халықаралық экономикалық қатынастарды іске асырудың микро-деңгейіне халықаралық маркетинг жүйесі мен сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру мен оның техникасы кіреді.

Халықаралық экономикалық қатынастардың құрылымына мыналар кіреді:

  • халықаралық еңбек бөлінісі;
  • тауарлар және қызметтермен халықаралық сауда;
  • капиталдар мен шетел инвестицияларының халықаралық қозғалысы;
  • халықаралық жұмыс күшінің миграциясы;
  • халықаралық валюталық-қаржылық және несиелік қатынастар;
  • халықаралық экономикалық интеграция.

Халықаралық экономикалық қатынастар (негізінен, саудалық қатынастар) әлемдік шаруашылық пайда болғанға дейін де болған. Мысалы, жеке елдер арасында, аймақтар шеңберінде халықаралық экономикалық қатынастар дамыған. Бұл қатынастар еларалық, тар аймақтық сипатта болады. Әлемдік шаруашылық пайда болып, дамуына байланысты халықаралық экономи-калық қатынастар өзінің әрекет ету шеңберін кеңейтіп, тереңдетіп, ғалами сипатқа ие болды. Халықаралық экономикалық қатынастар жеке елдер немесе әлемдік экономикаға негізделе отырып көп жағдайда олардың дамуына байланысты болады. Бірақ халықаралық қатынастар дами келе, өз заңдарына бағынатын дербес құбылысқа, әлемдік шаруашылықтың әрекет ету және даму түріне, оның ішкі тетігіне айналады.

1991 жылдың 16-желтоқсанынан бастап тәуелсіз мемлекет деп жарияланған Қазақстан Республикасы жөнінде сөз қозғайтын болғандықтан, заңды және жеке тұлғалар да, жалпы алғанда, бүкіл республика оның өзі халықаралық саудаға белсенді түрде қатыса алады.

Бірақ әлемдік кеңістіктегі кез келген сыртқы экономикалық және ел ішіндегі қызметтің заңдылық негізі бар екендігін атап айту керек. Демек, халықаралық саудаға өздерінің кедендік заңдылықтарына сәйкес әртүрлі шарттарды ұсынатын көптеген елдер қатысқандықтан, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде серіктесті анықтау қажеттілігі туындайды.

Сондықтан, тауар өндірілген елді анықтаудағы мақсат - Қазақстан Республикасы территориясына әкелінген және оның шекарасынан әкетілу процесінде тарифтік жән бейтарифтік реттеуді жүзеге асыру. Тарифтік реттеу республиканың кеден шекарасы арқылы өтетін тауарларға, транспорттық құралдар мен басқа да бұйымдарға қатысты қолданылады. Оның мақсаты - кедендік төлемдер мен алым алу. Олар ұлттық бюджетке келіп түсетін түсімдердің маңызды көзі болып табылады, сондай-ақ ұлттық өңдеушілерді шетелдік бәсекеден қорғау қызметін атқарады.

Қытаймен шекарадан басқа барлық территория кеденнің үлесінде, яғни 4 мың адамның қарамағында. Сондықтан да кедендік пункттер арасындағы шекаралардың ара қашықтығы - 150-200 м, ал кейбір жерлерде 500-600 м. -ге жетеді. Ал барлық өркениетті елдерде көрші орналасқан пункттер бір-бірімен рация арқылы хабарласа алады, яғни олардың арасындағы қашықтық - 50-60м. Бірақ барлық бекеттерді жабу 17 теміржолдың, 22 аэропорттың (оның ішінде 2 әскери аэропорт) шекарасында тұру үшін 12 мың адам қажет. Қазіргі кезде кедендік шекараның 11, 5 мың километрін ғана тәуліктік кедендік тексеруден өткізу қамтамасыз етіледі, ал республика шекарасы 13 мың километрге созылып жатыр.

Қазақстан Республикасының кеден тарифі - Қазақстан Республикасы-ның кеден шекарасынан өткізілетін тауарларға қатысты кеден баж салығы мөлшерлемесінің жиыны. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлы номенклатуралары Қазақстан Республикасының Үкіметімен халықаралық тәжірибеде қолданылатын тауарларды топтастыру жүйесіне сәйкес анықталады.

Шекті мөлшерлемелер Қазақстанға жақсы әсер ету режимі қолданылатын елде жасалынатын тауарларға салынады. Ал мұндай режим жоқ немесе шығару елі белгісіз тауарларға қойылатын енгізу мөлшерлемелері заңды негізде екі есе артады.

Шығарылатын тауарлардың баж салығы мөлшерлемесі мен олар қолданылатын тауарлар тізімі жән сыртқы экономикалық реттеудің тарифтік емес құралдары Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталады, әрі Қазақстан территориясында сыртқы экономикалық қызметті реттеудің шаралары болып келеді.

Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайын қорғау мақсатында шығарылатын және әкелінетін тауарларға ерекше баж салығы қолданылады: арнайы, антидемпингтік, өтемақылы.

Қазақстан Республикасының кеден трриториясына әкелінетін және шығарылатын тауарлардың кедендік құны Қазақстан Республикасының үкіметімен, “Кеден тарифтері және баж” туралы Заңға сәйкес негізде анықталады.

Нарықтық қатынастары жағдайында мемлекеттік қызметтің экономикалық жиынтығы мемлекеттік реттеу механизмі арқылы, әкімшілік ұйымдарының кәсіпкерлік қызметке экономикалық сипаттағы әдістер мен түрлі формаларды пайдалану арқылы араласуымен іске асады.

1. 2. Сыртқы сауданы шектеудің кедендік принциптерінің шетелдік тәжірибесі

Сыртқы экономикалық қызметтің жетістіктеріне ішкі нарықта бәсекенің тұрақтануына ғана байланысты емес және ұлттық өнімнің бәсекеге түсе алуына да, сондай-ақ оны өткізу мүмкіншілігін білуі шетел әріптестерінің нарықта еңбек тәртібін сақтауы сыртқы саудаға ықпал ететін ұлттық және мемлекетаралық құралдардың, қағидалардың орындалуы жатады. Сыртқы экономикалық қызметті жүргізетін елдердің әлемдік нарықта сыртқы сауда операцияларын шектеу жағдайларын нашар білуі экспорттық өнімді өндіруді, еңбекті жоққа шығарады, алынатын валюталық пайданы қысқартады, ескертілмеген шығынды көбейтеді, сондай-ақ өзара пайдалы сыртқы сауда жұмысын тоқтатады. Бұл қателіктерді болдырмау үшін сыртқы сауданы реттеу механизмін тұрақты қадағалау, ұлттық кеден тәртібінің ерекшелігін білу, кіргізілетін халықаралық келісімдердің нормасын білу қажет.

Сыртқы экономикалық қызметке мемлекеттің араласуының күшеюі кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің кеңеюінің қажеттілігіне және жалпы экономикалық өндірісті кооперациялау мен интернационал-дандырудың халықаралық көлеміне, сондай-ақ сыртқы нарықтық жағдайы және жекелеген елдердің реттеу шараларының әртүрлі болуына байланысты.

50-жылдары сыртқы экономикалық жүйеде дамыған елдердің өсу қарқыны алда болды. 1995 жылы әлемдік сауданың өсуі (8%) өнім шығарудың әлемдік жиынтығынан (3, 7%) артық болды.

Тек сыртқы сауда көлемінің өсуі ғана емес, сонымен бірге шетел инвестициясы, ғылыми-техникалық ынтымақтастық масштабы, қызмет көрсету және т. б. жүйелер дамыды. Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықта өзінің сыртқы саудасын реттемейтін бірде-бір ел кездеспейді. Көптеген елдердің реттеу жүйесі сарапшылардың айтуынша өте жоғары. Мысалы, Австрия қамтамасыз ететін елдердің әрқайсысынан 10 мың т. ет алуға квота алған. Германия тұтынушыларға Францияның арзан электр энергиясын алуға рұқсат етпейді, оларды өзінің қымбат энергиясын алуға мәжбүр етеді, т. б.

Қазіргі кездегі халықаралық тәжірибеде сыртқы сауданы шектеу өзіне тән ерекшелігімен көріне бастады. Оның себебі 90 жылдарда әлемдік сауда дамуының негізгі бағыттарына байланысты болады, ақпараттық техникалық және құқық қағидаларын қалыптастыру процестерінің қарқынды дамуы, сондай-ақ халықаралық келісімдер жүйесінің ерекшелігіне байланысты болды.

Қазіргі кезде сыртқы сауданы реттеу құралдарының әр түрлі формалары, есеп және төлем операциялары мен құжат айналымдары қалыптасқан десе де болады. Ұлттық сыртқы сауданы реттеу жүйесіне тән сипат жоғары деңгейде ұйымдастырылған заңмен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтің субъектілерінің құқын және міндеттерін анықтап беру. Оның өзі атқарушы орындардың мүмкіншілігін көрсетеді, сонымен бірге мемлекеттік сыртқы сауда саясатында тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Қазіргі кездегі шектеу механизмінің ерекшелігі сыртқы сауда қызмет ақпарат-техникалық базасының жоғарғы дәрежеде болуы, әртүрлі хабарлар ағымын жылдамдату, оның тез өңделіп, банктерге қажетті көрсеткіштерді қамтамасыз етуі болып табылады.

Сонымен, бұның ең маңызды сипаттамасы, сыртқы саудаға қолданылатын көптеген бір-біріне байланысты және толықтыратын әдістер мен олардың элементтерін кешенді (комплекті) пайдалану. Сыртқы сауданы шектеу тәжірибесіндегі кешенді пайдалану ұлттық және мемлекетаралық құралдар-дың нақты болуына экспортты тарифтік және бейтарифтік ынталандыру мен импортты ұстауға болады.

Сыртқы сауданы мемлекетаралық шектеу

Екіжақты және көпжақты келісімдер (тарифтік және сауда жөніндегі бас келісімдер, мемлекетаралық сауда-экономикалық төлем келісімдері) валюта нарығының элементтерін реттеу, экспорттық-импорттық операция-ларды несиелеу жүйесі және валюталық тәуелсіздікті қамсыздандыруды қамтамасыз етеді.

Сыртқы сауданы мемлекетаралық шектеудің ұлттық жүйесінің негізін көптеген әдістер құрайды: экспортты және импортты бейтарифтік элемент-термен немесе тарифтік таңдау, қаржы-несие құралдары, экспорттық өнім-дерді ынталандыру әдістері, сондай-ақ техникалық нормалар, шығаратын өнімдерге қойылатын стандарттар мен талаптар.

Қазіргі кезде импортты шектеудің әкімшілік әдісін барлық мемлекеттер қолданады, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Бұл әр түрлі сандық және бағалық шектеулер, жекелеген өнімдердің импорттық көлемінің қысқаруы немесе нақты қамтамасыз етуші өнімінің шектелуі. Ол әр түрлі кедергілерден тұрады: квоталау, лицензия, контингент, кеден ұйымдарының түсініктемелері, техникалық нормалар мен қауіпсіздік қағидалары, өздігінен өнім беруді тоқтату, демпингке қарсы шаралар.

ХХ ғасырдың басында пайда болған әкімшілік құралдар, сыртқы саудада ірі фирмалар мен монополиялардың көбеюіне байланысты тұрақты жағдайды қосымша шаралар ретінде қарастырады, олар уақытша сипатта болады да экономикалық тұтқаның тиімсіз жағдайында қолданылады. Дегенмен бұл шаралар экономика төмендеп кеткен жағдайда оны теңестіру кезінде басқа мемлекеттер мен сыртқы сауда байланысын реттеудің негізгі құралы болып саналады.

Экспортқа және импортқа тосқауыл қою халықаралық тәжірибеде еріксіз болып отырады. Олардың өз ерекшеліктері бар, сонымен бірге, ашық және қадағалап отыратын түрлері болады.

Сосынғы бір жағдай, сыртқы саудаға қосымша кедергілер жасалмауы тиіс. Көптеген елдердің ұлттық заңында жүктің шекарадан өтіп, келесі кеден шекарасына барғанға дейін кеден қадағалауында болуы тиіс. Бұл жерде оған кеден салығының салынғандығына қарамайды. Кеден органдары шекарадан өткенде тек құжаттарды ғана талап етеді, яғни жүк пен көліктің құжаттары. Бірақ өз тіліне аударуды талап етпеу керек.

Жүкті импортқа немесе экспортқа жіберуде кеден декларациясын көрсету және қосымша қабылдау мен тексеру, тауарды тексеруден өткізу, кеден салығын есептеу, оны төлеу, тауарды кеден шекарасынан өткізу сияқты операциялар жүргізіледі. Бұл шара кеден шекарашыларымен, олар-дың ұйымдарының қадағалауымен жүргізіледі.

Соның ішінде, кедендік тексеру, яғни тауардың толықтырылған құжат көрсеткіштеріне сай келуін қарайды. Тіркеудің ең соңғы операциясы тауар-ды ішкі тұтынуға немесе экспортқа шығару болып саналады да, кеден салығы мен баж салығы төленеді. Бейтарифтік шектеу шараларының басқа түрлеріне экспорттық-импорттық және бағаның деңгейін тексеру, аванстық кеден баж салығын төлеудегі талаптар, импорттық депозиттер (процентсіз ақшалай кепілдік салу) жатады.

Сыртқы экономикалық қызметтің Қазақстан экономикасын

дамытудағы ролі

Сыртқы экономикалық байланыстар іс жүзінде әлемнің барлық елдерінің әлеуметтік - экономикалық мәселелерін шешуге әсер етеді. Олар мемлекет, аймақ және кәсіпорын көлемінде іске асырылады. Сыртқы экономикалық байланыстар - халықаралық экономикалық саудалық байланыстар. Олар елдер арасындағы сыртқы саудалық, ғылыми- техникалық, өндірістік, валюталық-қаржылық және несиелік байланыстар-дың әр алуан түрлері, құралдары мен әдістерінің жиынтығынан тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы экономикалық қатынасты кедендік реттеудің халықаралық қызметі
Кедендік операцияларды жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Кедендік терминалда жүктердің есебін жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Сыртқы экономикалық саясат
Сыртқы сауда қызметінің түсінігі
Қазақстан Республикасының кеден саясаты және сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шаралары
Қазақстанның әлемдік экономикаға кіруі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі
Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі(мысалға қазақстан республикасы)
Кеден ісін басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының Кеден қызметі: маңызы, мақсаты және міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz