СЫРЫМ ДАТҰЛЫ ҚОЛБАСШЫ ЖӘНЕ САЯСИ КӨЗҚАРАСЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . 3

1 СЫРЫМ ДАТҰЛЫ БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ.

1 . 1. Сырымның тұлға ретінде қалыптасуы және көтерілістің басталуы . . . 7

1. 2 Қазақ шаруаларының феодализмге және отаршылдыққа қарсы күресі мен Нұралы ханның патшадан саяси баспаны іздеуге мәжбүр болуы . . . 17

1. 3 Барон Игельстромның реформаларымен Кіші жүзде хан билігін жою . . . әрекеттері және Жайық казактарының қазақ халқына жасаған озбырлықтары. . 28

1. 4 Қозғалыстың қайта өрлеуі, сәтсіздіктер мен патша өкіметінің айла шаралары . . . 34

2 СЫРЫМ ДАТҰЛЫ ҚОЛБАСШЫ ЖӘНЕ САЯСИ КӨЗҚАРАСЫ

2. 1. Сырым батырдың бас старшина тархан болып сайлануы және Орал әскерлерінің қазақ аулына жаңа шабуылы . . . 47

2. 2 Сырым Датұлы азаттық туын алғаш көтерген айбынды батыр . . . 53

2. 3 Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы . . . 60

2. 4 Сырым батырдың құпия қазасы және Сырым батырдың ерлігі жөніндегі зерттеулер . . . 66

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 76 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 80

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.

Сырым батырдың қозғалысы отырғышы халықтардың азаттық жолындағы қозғалысы қауіпті жағдайдағыдан гөрі өзгешелігі бар жағдайлардан туындаған. ХVIII ғасырдың 70-80 жылдары ханмен сұлтандар билігі, патша әкімшілігі арқылы күшейіп отырса старшындардың елді басқару ісі шектеле берді. Осы кезден бастап старшиндардың ханға қарсы қозғалысы кең етек алды. Олардың негізгі мақсаты хандық билікті жою болды. Бұдан біз сол кезеңдегі қазақ қоғамындағы дағдарыстың басталғанын көреміз.

Хандық билік күші жүзде әлсіреп, халықтың алдында беделмен айырылғанын Нұралы ханның өзіде мойындайды. Бұл сол кезеңдегі халық бұқарасының азаттық жолындағы күресінің жоғары сипат алғандығын көрсетеді. Тақырыптың қыр-сыры, ашылмаған тұстары әліде болса молынан кездеседі. Осы тұрғыдан алғанда тақырып осы заманның өзекті мәселесінің бірі екендігін көрсетеді.

Осы тақырыпты басшылыққа ала отырып мынадай мақсат міндеттерді алға қойдық:

  1. Бірінші міндетіміз қазақ қоғамында ХVIII - ғасырда дәулеттілік және әлеуметтік қарым қатынас жағынан, саяси өмір жағынан патриархтың - ру, салт - сананың үстемдігі нақты қандай деңгейде болғандығын зерттеу.
  2. Қазақстандағы отаршылдық тәуелділіктің жағдайларындағы қоғамдық қарым-қатынастардың патриархтық-феодалдық системасынан туған өзгешелігін көрсету.

Зерттеп отырған қозғалысты сол қозғалыстың дамыған кезеңдегі шаруашылық, әлеуметтік жағдайлармен және сол кездегі саяси ахуалмен біте байланыстыра қарайтын болғандықтан, біз негізгі деректерге және әдебиетке шолу жасағанда бұлардың тек қана Сырым батырдың әрекетіне тіке байланыстыларын қарастыруы мен ғана тыным қоймаймыз. Сондықтан біз қазақ қоғамы тіршілігінің жағдайларын көрсететін байланысты негізгі деректермен әдебиеті сиппатауға да тоқталуға тиістіміз. Сырымның күресі ХVIII ғасырдың соңғы екі он жылдығын (1783-1797) түгел қамтиды деуге болады. Біздің шолуыңыз осы дәуірге тікелей немесе жуық қатысы бар ескерткіштерді қарастыру шеңберінен шықпауы тиіс, тек кей бір кездерде ғана, жұмысымыздың мазмұнына қарай қажетті болған жеріне ғана, неғұрлым ертеректегі негізгі деректерді пайдалануға тиістіміз.

Сырым батырдың қозғалысын зерттеуге қатысы бар тарихи негізгі деректердің көлемі толып жатқан фольклорлық материалға, сол сияқты этнография мәліметтеріне қарамай өтсек үлкен қате болар еді.

Қазақстан этнографиясына қатысты жазбаларының ішіндегі бізге ең керектісі - уақытына қарай біздің зерімен отырған дәуірімізге неғұрлым таяу уақытта жазылғандары.

Тақырыптың зерттелуі.

Сырым қозғалысының шын мәніндегі тарихын жасамақшы болып, ең бірінші зерттеп талап қылған адам - А. П. Рязанов. Ол 1924 жылы «Советская Киргизия» журналының №10 санында әуелі «Батыр Сырым Датов» деген зерттеу мақаласын жариялады. Мұнан соң, 1926 жылы Қызылордада «Сорок лет борьбы за национальную независимость казахского народа» (1797-1838) деген еңбегін жарыққа шығарды.

Бұл еңбектердің құнды жері сол - Сырым өмірі мен қоғамдық қызметіне қатысты осы кезге дейін ғылымға белгісіз болып келген, белгілісінің өзі ғылыми айналымға түспей, талданбай, бағасы берілмей келген; Орынбордың архивіндегі көп-көп тарихи материалдар нақ осы еңбектерде бірінші рет сөз болып, халыққа жария етілді. «Эта была выдающаяся и талантливая личность, имеющая огромное влияние на массу казак-киргизского народа» деген баға да Рязановтың аузымен осы еңбектерде Сырым Датұлы секілді үлкен тұлғаның атына бірінші рет айтылды. Сонымен бірге Сырым қозғалысы осы еңбектерде тұңғыш рет нағыз тарихшының кәсіби көзқарасымен талданып, зерттелінді.

Әйтсе де, бұл - А. П. Рязанов еңбектерінде кемшілік жоқ деген сөз емес. Әсіресе, архив материалдарын пайдаланғанда түпнұсқаны оқи алмай, Орынбор шекара экспедициясының өңдеуіне түскен, кеңсе аудармаларын пайдалануы; кейде асығыстық жасап, өзі пайдаланған архив материалдарының фактісін дәлме-дәл келтірудің орнына оның мазмұнын баяндауы; әсіресе, қазақ қоғамында қолданылып жүрген күнбе-күнгі әлеуметтік терминдердің мағынасына мән бермеуі - оның осынау елеулі еңбегінің естен шығаруға болмайтын кемшіліктеріне саналуға тиіс.

Сырым қозғалысының тарихын егжей-тегжейлі зерттеген бірден-бір адам - М. П. Вяткин.

Зерттеудің тарихнамасы.

Жалпы, Сырым батыр қозғалысының тарихнамасы онша бай емес. Сондықтан жоғарыда көрсетілген авторлар еңбегіндегідей арнайы сөз болмаса да, бұл қозғалыс жайында жанама түрде әңгімелеп кеткен кейбір авторлар еңбегіне де тоқталсақ, өткен ғасырдың басындағы Ф. М. Лобысевичтің «Поступательное движение Среднюю Азию в торговом и дипломатическом отношении», А. И. Добросмысловтың «Тургайская область» дейтін тарихи очеркін, М. Терентьевтің «История завоевания Средней Азии» дейтін дүниелерін айта кетудің артықтығы жоқ.

Кеңес өкіметі тұсында бұл тақырыпты қайта көтергендердің бірі - А. П. Чулошников болды. Ол өзінің «К истории феодальных отношений в Казахстане в XVII-XVIII вв. » дейтін еңбегінде Сырым көтерілісіне де соғып өтеді. Әсіресе, 1791 жылдардағы Сырым қозғалысының бағытын дәл тапқаны көрініп тұр. Бірақ бұл еңбектің де елеулі-елеулі, көзге ұрып тұрған кемшіліктері бар. Мәселен, Сырым Датұлының көтерілісін - ірі-ірі феодалдық топтардың күресі ретінде көрсетпек болуы, бұл көтерілістің қозғаушы күші - халық бұқарасы екенін бүркемелеп тастайтыны өз алдына, екінші жағынан, орыстың отаршылдық саясатына қарсы бағытталғанын мүлде естен шығарып тастағандай әсер қалдырады.

Зерттеудің деректемесі.

Деректемелерде Сырым батыр есімін айта келіп: «Сырымнан ілгеріректе өткен Бұқар жырау патша үкіметінің отаршылдық саясатынан соққан ызғардың алыстағы демінен қалтыраса, Сырым батыр сол ызғардың түтеген боранына тұншықты, аязынан үсіді. Бұқар жырау отаршылдық өртіне алыстан байбалам салып, оның арты неге соғарын данышпандықпен болжаса, Сырым батыр сол өртке шарпылып, оны сөндіруге жанталасты. Сырым көтерілісі Бұқар жыраудың жырында айтылатын қауіптің расқа шыққанын іс жүзінде дәлелдеді», - деп жазып еді. Ақсақал қаламгердің ел тарихындағы елеулі оқиғаларға осылайша мән беруі - кейінгі қаламгерлерге үлгі болғандай.

Орыстың зиялы адамдарының бірі, белгілі тарихшы Михаил Порфирьевич Вяткин: «Тарих мынаны айқын көрсетеді. Ол - Сырымның өз халқына білдірген асқан сүйіспеншілігі; өз халқын сатқан ел басшыларымен ешқашан ымыраласпайтындығы; өз Отанының бостандығы үшін, оның мемлекеттігі нығайып, дамуы үшін жанын аямай күрескені… Қазақтар халық қамы үшін күрескен осы бір батырды ешқашан есінен шығармақ емес», - деп жазып еді. Одан бері қаншама уақыт өтті талай нәрсе ұмыт болып, талай нәрсе ескірген шығар. Бірақ Михаил Порфирьевичтің бұл қорытындысы ескірді деуге әлі күнге ешкімнің аузы барған емес. Ескірмейді де! Өйткені бұл - ақиқат сөз еді.

Ал ақиқат ешқашан ескірмек емес!

Жұмыстың мақсаты мен міндеті.

Сырым Датұлы бастаған ұлт- азаттық қозғалыстың басталу себебін ашып толық жан-жақты зерттеу болып табылады. Көтерілістің аса ірі орталықтары, патша өкіметінің ұстанған саясаты мен қазақтардың байырғы жерлерін алу мақсатындағы көтерілістің шығуын толықтай зерттеу.

Халық бұқарасының 1783-1797 жылдардағы күресі қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиғаның болғандығын жан-жақты зерттеп анықтау.

Тақырыптың ғылыми жаңалығы.

«Қазақ КСР тарихының» осы оқиғаға арналған тарауының авторына құлақ түрсеңіз, ол: «Сұлтандармен келісімге барған билер мен рубасыларының сатқындығы, көтеріліс басшыларының, атап айтқанда, Сырым Датовтың дәйексіздігі мен солқылдақтығы халық көтерілісінің жеңілуіне себепші болды», - дейді. Дәлел қайда? Дәл осындай ой қорытындысын жасауға дәйек боларлық құжаттар бар ма? Біріншіден, мұндай дәлел-дәйектемелер авторда жоқ. Екіншіден, көтеріліс жеңіліс тапқандықтан басылып қалған жоқ, оны күрестің басшысы - Сырымның өзі тоқтатты. Басқаны былай қойғанда, осы кітап («Қазақ КСР тарихы», III т., 130-бетінде) авторының өзі: «1797 жылдың тамыз айындағы Хан кеңесіне Сырым мыңнан аса жолдастарымен келіп, мәжіліске қатысып, сол жерде: «…халықтың ауыр жағдайына және Хан кеңесінің құрылуына байланысты өзінің күресті тоқтататынын (қайталап айтамыз: жеңілгенін емес, тоқтататынын. - Қ. М. ) мәлімдеді», - деп жазып отырғанын өзі ұмытып қалғаны ма?! Үшіншіден, көтеріліс жеңілген болса, 1785 жылдан 1790 жылға дейін үздіксіз, ал одан соң реті келгенде Сырым құрған Халық кеңесі үнемі жиналып тұрар ма еді?! Төртіншіден, көтеріліс жеңілген болса, оның басшысы Сырым «дәйексіз», «солқылдақ» біреу болса, қырық жылға жуық ел билеген Нұралы ханды тақтан кім тайдырды?

Бесіншіден, көтеріліс мақсатына жетпеген болса, 1785 жылғы 21 қыркүйекте өткен Халық кеңесінен кейін, елдің алдында тұрған ең үлкен қиыншылық - жер мәселесі шешімін тауып, Жайықтан арғы шүйгін жайылымдарға шығуға 70 мың 300 үйге рұқсат берілер ме еді?Алтыншыдан, көтеріліс мақсатына жетпей, жеңіліс тапса, көлденең жатқан Жайықтың күншығыс бетін жайлаған қазақ дейтін жұртыңның тынышын кетіріп, тынымсыз шапқыншылық жасаумен айналысқан озбыр отаршылдардың зорлықтары тыйылар ма еді?!

Осының бәрін көтеріліс көсемі Сырым жүзеге асырды ғой! Ханды тақтан тайдырса, оның орнына - «Халық кеңесін» орнатып берді. Елді тығырыққа әкеп тіреген ең үлкен қиыншылықтардың бірі - малға өріс, жұртқа қоныс та, екіншісі - озбыр отаршылдардың құлдық қамытын халқының мойнына ілгізбеу болса, Сырым өз заманында мұның екеуін де істеді. Сонда бұл Сырымды «дәйексіз» де «солқылдақ» деп жазғырудың жөні қайсы?! Әлде автор оны: «Озбыр отаршылдық жүйені жермен-жексен қылып біржола жеңе алмадың» деп кінәлағысы келе ме? Ондай күш ол заманда қайда, Құдай-ау! Қайта «Қолынан келгені - мынау, ал мынадай істерді тындыруға мүмкіндігі болмады» деген лайықты да ақиқат бағасын бермей ме екен тарихшы?

Мұнан шығар қорытынды: ұлттық езгіге, отаршылдыққа қарсы бағытталған бұл тұңғыш көтерілістің ресми тарихнамадағы бағасы түгелімен қайта қаралып, Қазақстанның саяси тарихындағы оның орны мүлдем жаңаша көзқарас тұрғысынан қайтадан баяндалмаса, ендігі жерде Қазақстан тарихы ғылымына үлкен мін болғалы тұр.

Зерттеудің хронологиялық шеңбері.

1783-1786 - көтерілісшілердің орыс бекіністеріне шабуыл жасауы.

1786 - Патша үкіметінің Нұралы ханды биліктен шеттетіп, Кіші жүзді басқару жүйесі туралы жаңа реформаны енгізу әрекеті.

1790 - Патша үкіметі реформасының сәтсіздікке ұшырауы. Ералының хан болуы.

1792-1797 - көтерілістің жаңа кезеңі, көтерілісшілердің 1797 жылғы 26 наурызда Есім ханды өлтіруі.

1797, тамыз - «Хан кеңесін» шақыру. Көтерілістің аяқталуы.

1802, ақпан - Сырым батырдың қаза болуы.

Дипломдық жұмыс құрылымы: Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 СЫРЫМ ДАТҰЛЫ БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ.

1. 1 Сырымның тұлға ретінде қалыптасуы және көтерілістің басталуы

Сырым турасындағы 1783 жылға шейінгі документа биографиялық мәліметтер өте үзінді-үзінді болып және толық емес болып келеді. Бұл мәліметтерге маңызды толықтаулар - қазақтардың Сырым атына байланысты халық аңыздары.

Аңыздың айтуына қарағанда, Сырым жас басынан-ақ ақылды және адал болған. Жиырма жасында Байбақты руынан, ақсақалдардан ел билеу данышпандығын үйренемін деп ел аралайды. Ол кәрілігі жеткен Тама руының биі Малайсарыға да барады. Атақты би оған мынаны айтады. «Балам, асыл үш сөз бар, - дейді Малайсары. Егер осы үш сөзді ұмытпасаң ел де сенің төңірегінде болады, егер ұмытсаң сенің қасында ешкім де қалмайды. Ол үш сөз мынау: ар, намыс, ел алдындағы борыш. Тағы да саған айтатыным: Жақынға жара түсіремін деп асық болма, алыстағыға күйе жағам деп асық болма». Мүмкін, Малайсары бұл сөзді Сырымға тіпті айтпағанда шығар, дегенмен батырдың бейнесі халық есінде осындай болып қалған, және осы бейне тарихи ақиқатқа да өте үйлес келеді. Сырым ру басшыларының арасынан шыққан атақты батыр болған. Сырымның билеуінде 2 мыңдай үй болады, былайша айтқанда, ол өзінше ірі деген ру старшиналарының қатарында болады.

80-жылдардың бас кезінде Сырымның дәулеті қандай болғандығы туралы ешқандай мәліметтер сақталып қалмаған, бірақ оның 90-жылдар аяғындағы байлығы туралы оған берген астық келбетіне қарай топшылауға болады. Осы ас туралы Я. Гавердовскийдің айтуына қарағанда, Сырымның балалары мен туысқандары оның асына 3 мың қой, 300-ге жуық жылқы ұстаған, 6 мың шелекке жуық қымыз ішілген, бірнеше киіз үй, сауыт-сайман, толып жатқан басқа түрлі мүлік үлестірілген. Мұндай ас тек бай адамдардың ғана қолынан келеді. Сырым атқа мініп саяси күреске айналысқан кезде де ол ауқаты төмен адамдардың қатарында болған деуге ешқандай дерек жоқ. Мұның қарындасын әйелдікке Нұралы хан алған. Малы жоқ кедей батыр Нұралы сияқты ханмен жақын болады деуге болмайды. «Өзінің байлығы және соңынан ерген халқының көптігіне қарағанда, Сырым ханнан да асып түседі».

Орыс материалдарында Сырым жөніндегі ең бірінші дәлді мәліметтер 1774 жылдан бастап кездеседі, бұл уақыт Пугачев, қозғалысының қазақ даласына қарай жайылған кезі[1] .

1779 жылы Шекара істерінің Орынбор экспедициясында қазақ тұтқынынан қашып келген Орал қазақ-орысы Федор Курицын дегеннен жауап алынады, ол өзінің берген жауабында Сырым 1774 жылы әртүрлі рудан шыққан қазақтардан құралған көп санды отрядтың басшысы болды дегенді айтқан.

Мұндай құрама отрядтар наразы қазақтар өздерінің тілектерін старшиналар құттамаған кездерде құрылған, осындай кездерде қазақтар түрлі рулардан жиналып өздеріне сенімді бір батырдың басшылығымен отряд жинаған. Курицынның айтуы, Сырым 1774 жылы көтеріліске шыққан халық бұқарасының басын біріктірген санама старшиналардың бірі болған деп ойлауға мүмкіншілік береді. Сырымның 1774 жылғы көтерілісі қазақтардың линияға жасайтын әдеттегі шабуылы емес, қазақтардың Пугачев қозғалысына қатынасқан кездерінің бірі екендігін 1775 жылғы тиісті мәліметтер дәлелдейді. Суворовтың 1775 жылы 22 июнь күні Симбирскіден граф П. Панинге берген хабарынан біздің білетініміз, Сырым патша әскерлеріне қарсы жүргізілген қару-жарақты күреске тек белсене қатысып қана қоймай, мұның үстіне ол сол күрестің ең ірі басшыларының бірі болған. Қазақ жонғарлары яғни сұлтандар, қозғалыстан әлдеқашан бой тартып кеткеннен кейін де Пугачев, өлгеннен кейін де Сырым қажырлы күрес жүргізе береді. Бұл арада өкінішті бір жері, Сырымпың Пугачев қозғалысына катынасқандығы туралы ешқандай басқа материалдар сақталып қалмаған, сөйтіп Сырымның бұл кездегі күресінің нақтылы қандай түрде болғанын және қаншаға созылғанын біз біле алмаймыз. Бірақ, 1776 жылдың қүзіне Сырымның күресті тоқтатқандығында күмән жоқ. Ортажүздің Керей руында «Невидимка» қозғалысы туа бастағанда, Нұралы хан қозғалыстың басқа руларға жайылып кетуінен сақтану үшін «өзіне қараған руларға» Сырым мен Есім сұлтанды жібереді, Тегі, Сырым ханның тапсырмасын орындаған болу керек, өйткені хан Есім мен Сырымды «бұлардың істеген қызметі және ханға берген жақсы кеңестері үшін» онда «қалдырып қоймауды» өтінеді, және Сырымның мұнда ұсталып жатқан аға-інілерін Сырым барлық істі ынтасымен істеп жүргендіктен, босатып жіберуді сұрайды».

Сырым жөніндегі бұдан арғы мәліметтер 1778 жылдан басталады. Орынбор соғыс губернаторы Н. Н. Бахметовтың берген мәліметтеріне қарағанда, бұл жылы Орал қазақ-орыстарының қазақ даласына жасаған шабуылдарының бірінде бұлар Сырымның балаларын өлтіреді. 1783 жылы август айында Сырымға жазған хатының көшірмесі сақталып келген. Бұл хатта экспедиция Сырымға сөз салып, купец Филипп Григорьевтің керуенін қазақтар талағанда оның шеккен шығынын орнына салу жөнінде шара қолдануды өтінеді. Мұнда экспедицияның сөз тәсілінің өзі қызық: «Сіз, құрметті старшина, - деп жазылған әлгі хатта, - бұл жақтағыларға өзіңіздің көңіліңіз дұрыс келіп, қашан да ынтаңызбен қызмет істейтін болғандықтан, әлгі айтылған талаушылардан Григорьевтің малый өндіріп алып жеткізіп беруге уәде бересіз . . . өйткені . . . сіздің басқаларға қарағандағы өзгеше мінезіңіз және бұл жақтағыларға деген ниетіңіздің дұрыстығы мұнда әбден мәлім» Сөйтіп біз 1783 жылдың август айына шейін Сырым Орал әскерлеріне қарсы және шекара өкіметтеріне қарсы күреске тартылмаған деп айта аламыз. Бірақ, 1783 жылдың декабрь айында Сырымды Тополинск форпостының маңында Орал әскерлерінің қазақ-орыстары тұтқынға алады. Мұны Орал әскерлері Сырым, Шаганов деген старшинаны ұстап алып, оны Хиуа құлдығына сатып жібергені үшін одан кек алу ретінде істейді.

Қазақтарды талаған, тіпті ханның өз ауылдарына шабуыл жасаған Орал әскерлерінің отрядтарына қарсы Сырымның жүргізген күресі, тегі, 1783 жылдың күзінен басталды. 1784 жылдың жазғы тұрымында Нұралы хан Сырымды тұтқыннан сатып алады. Хан Сырымның тұтқыннан босатылғаны үшін 70 жылқы және 350 сом ақша береді. Сырым 1784 жылы жүз ішіне қайтып келіп, Орал әскерлеріне қарсы тағы да өштескен күреске кіріседі. Бұл күрестің дамуы үшін себеп мейлінше толық болады, оны біз жоғарыда көрдік. Орал әскерлеріне және шекара өкіметтеріне қарсы қазақтарды үгіттеудің қажеті болмайды: олардың тек басын біріктіру ғана керек болады. Қазақтардың біз жоғарыда айтқан 1783 жылғы жаппай көтерілісі 1784 жылға шейін созылып келеді. Қозғалыс бұрынғысынша Нижнеурал линиясында және Орск бекінісінің ауданында дамый береді. Табын және Шекті руларындағы, Барақ, Тіленші, Оразбай және Айшуақ ұлы Жантөре сұлтан билеген жерлердегі қазақтар Верхнеурал бекінісімен Елек қаласының арасындағы линияға ірі шабуыл жасамақ болып әзірленеді. Ноябрь айында Сырым Сағыз өзенінің бойына линияға шабуыл жасау үшін бір мыңдай қазақтан құралған ірі отряд жинайды.

Бірақ қазақтардың патша әкімшілігіне және Орал әскерлерінің старшинасы қарсы өз старшиналары бастаған күресі кең түрде дамыған кезде, Нұралы хан осы күреске қатынасқандарға жаулас бағыт ұстанады. Мұның өзі хан мен Сырымның арасы ашылуына себеп болады. Сырымның отрядтары хаш үшін белгілі түрде қауып туғызады. Сырымның отряды Сағыз-өзенінің бойына келіп жыйналғанда, хан өзінің ауылдарын алып лажсыздан Оралға көшіп кетеді. Мұның өзі хан мен Сырымның арасындағы қатынастар 1784 жылдың күзіне қатты шиеленіскендігін көрсетеді Старшиналар мен хан арасындағы қатынастар шиеленісе береді. Бұл түсінікті, өйткені шекара отрядтарының қазақтарға істеген зорлықтарына Нұралының және оның балаларының қатынасқандықтары салдарынан туған наразылық әлдеқашан шегінен асып болған және мұның үстіне хан әлгі күшейген күресте патша әкімшілігі агентінің қызметін орындайды. Бірақ қозғалыс бұл дәуірінде жергілікті әкімшілікке, Орал әскерлерінің старшиналарына қарсы күресу жолымен жүреді және дұрысында, отаршылдыққа қарсы қозғалыс шеңберінен шықпаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨТЕРІЛІСТІҢ КЕҢЕЮІ
18-19 ғғ. Қазақстан территориясындағы ұлт-азаттық қозғалыс
Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
Сырым Датұлы кім
Қазақ халқының Ұлт-азаттық көтерілістері туралы
Ұлт-азаттық қозғалысының шығу себебі және оның алғашқы кезеңі. Барон Игельстромның реформалары және Кіші жүзде хан билігін жою әрекеттері
XVIII ғ. Қазақ-орыс қатынасы
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы
Көтерілістің қозғаушы күштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz