Т. Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасының тілдік ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І МӘТІННІҢ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ СӨЙЛЕУ ТҮРЛЕРІ
1. Мәтін-қазіргі лингвистиканың негізгі зерттеу
нысаны ... ... ... ... ... ... .5
2. Көркем мәтінің композициялық сөйлеу түрлерінің өзіндік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

ІІ Т.Ахтановтың Шырағың сөнбесін ШЫҒАРМАСЫНЫҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1Шығарманың композициялық сөйлеу түріндегі
көркемдігі ... ... ... ... ... 33
2.2 Шығармадағы троптар мен фигуралардың көркемдік
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63 

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.Көркем әдебиет тілін зерттеудің алғашқы
қадамдары ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Еуропа тілші –
ғалымдары тарапынан жасалғаны белгілі. Ал қазақ тіл білімінде көркем
мәтінді тілдік тұрғыда талдау, қазақ тілінің стилистикасы туралы мәселелер
ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап қолға алынып, аталған пәндердің теориялық
алғышарттары қалыптаса бастады.
Көркем шығарма тілін лингвистикалық тұрғыдан қарастыру, көркем сөз
тілін ғылыми тұрғыда дәйектеу, әдеби шығарма тілінің көркемдік ерекшелігін
тілдік фактілер негізінде жүйелеу, түсіндіру, талдау жұмысы ─ күні
бүгінге дейін өзекті мәселелердің бірі. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ
әдебиетінде шоқтығы биік қаламгер Т.Ахтановтың тіл шеберлігін, өзіндік
стиль ерекшелігін Шырағың сөнбесін шығармасының негізінде зерттеу
жұмыстың өзектілігін танытады.
Көркем шығарма тілін зерттеумен көп шұғылданған және елеулі табысқа ие
болған ғалымГ.Винокурдың пайымдауынша, көркем шығармада тіл үш түрлі сапада
көрініс табады (сөйлеу тілі, әдеби норма үлгісі және өнер туындысы тілі)
соған сәйкес оны үш түрлі бағытта зерттеу мүмкіндігі туындайды.
Ал, академик В.Виноградов тілді бағалаудың үш түрін ұсынады. Олар жалпы
тілдік стилистика немесе құрылымдық стилистика, екіншіден сөйлеу
стилистикасы, үшіншіден, көркем әдебиет стилистикасы. Бұл ғылыми
міселелердің ішінде зерттеу нысаны ретінде кенжелеу қалғаны – көркем
әдебиет стилистикасы. Осы тұрғыдан келгенде,Т.Ахтановтың тіл шеберлігін,
өзіндік стиль ерекшелігін Шырағың сөнбесін шығармасының негізінде
анықтау ғылыми жұмыстың өзектілігін танытады.
Зерттеудің нысаны–Т.Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасының тілі.
Зерттеудің пәні – Т.Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасының
көркемдік ерекшелігін анықтау.
Диплом жұмыстың мақсаты – Т.АхтановтыңШырағың сөнбесін шығармасының
көркемдік сипатын қатысымдық мағынасын сипаттау арқылы бұл сөздің тілдік
және тілден тыс факторларын анықтау, оның қалыптасу себептері мен
қолданыстағы ерекшеліктерін көрсету.
Негізгі мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешеміз:
-көркем шығарма тіліндегі сөйлеу түрін анықтау;
- монологтық және диалогтық сөйлеу түрлері, олардың өзіндік
ерекшеліктерін, түрлерін анықтау;
- Т.Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасының көркемдік сипаты
ретінде монологтық сөйлеу формасының ерекшелігін ашу;
- Т.Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасының көркемдік сипатын
шығарма тіліндегі кейбір троптар мен фигуралардың негізінде анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде Т.Ахтановтың Шырағың сөнбесін
шығармасының көркемдік сипатын мәнмәтіндегі вербалды және бейвербалды
ақпарат негізінде анықтау.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеу барысында
қол жеткізген тұжырымдар – лексикология, тілдік қатынас, коммуникативтік
лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика салаларынан және арнаулы
курстарда қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспе, екі бөлімнен,
қорытынды және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

І Мәтіннің композициялық сөйлеу түрлері
1.1 Мәтін-қазіргі лингвистиканың негізгі зерттеу нысаны
Мәтін теориясы XX ғасырдың екінші жартысында лингвистика, психология,
шешендік өнер, прогматика, семиотика, герменевтика, әлеуметтану сияқты
түрлі ғылымдардың зерттеу нысанына айналды. Бұл – мәтіннің көп қырлы
құбылыс, әрі оны зерттеудің көпаспектілігін танытатынын белгісі. Тіл
білімінде сөйлеудегі жанды тіл ретіндегі мәтінге қызығушылық ХХ ғасырдың
20-30 жылдары басталып, 50 жылдары мәтін лингвистикасына қатысты кейбір
иеориялық мәселелер айқындала басталды. Мәтін туралы түрлі пікірлер
А.Байтұрсынұлы, В.В.Виноградов, В.В.Одинцов, И.Р.Гальперин, Г.Я.Солганик,
О.А.Нечаева, И.О.Москальская, Г.А,.Золотова, Л.С.Выготский, М.М.Мұқанов,
М.Жинкин, А.Р.Лурия, Е.А.Реферовская, И.Я.Чернухина, М.П.Брандес,
О.Н.Гришина, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, М.Балақаев, Ә.Т.Қайдар, Р.Сыздық,
Т.Қордабаев, Е.Н. Жанпейісов т.б.ғалымдардың зерттеулерінде сөз болып,
көркем әдебиеттің тілдік фактілері сараланып, көркем шығарма мәтініндегі
лексикалық және грамматикалық элементтерді автордың қолдану шеберлігі
тұрғысынан қарастырды.
Қазақ тіл білімінде мәтін туралы алғаш пікір айтқан А.Байтұрсынұлы
көркем мәтіннің өзіне ерекшеліктерін басты назарға ала отырып, ақын тілі
мен әншейін тілдің айырмашылығын, сөздің ажарлы, келісті де қисынды
болуының талғамдық шарттарын ұсынды. Ол тілді зерттеудің функционалдық,
қатысымдық қырын басшылыққа ала отырып, көркем мәтінді өзге мәтіндерден
ажыратудың басты белгісі ретінде эстетикалық кретийриді алады. Ғалымның
әуезе түрлерін анықтауда мазмұндық – құрылымдық емес, жанрлық ұстанымды
басшылыққа алатыны байқалады. Ол осы ұстанымға сүйене отырып, әуезенің
шежіре, заман хат, өмірбаян, мінездеме, тарих, тарихи әңгіме деген түрлерін
көрсетеді [1,208].
Қазіргі тіл білімінде мәтін теориясына қатысты шешімін таппаған
мәселелер баршылық. Мысалы, мәтінді зерттеу мәселесінде мәтін теориясы
терминінен басқа, мәтін ленгвистикасы, мәтін құрылымы, герменевтика,
мәтін грамматикасы, мәтін стилистикасы сияқты терминдер жарыса
қолданылуы мен мәтін ұғымын анықтауда бүгінгі тіл білімінде тілдік
құбылыс табиғатын толық ашатын нақты анықтаманың берілмеуі мәтін теориясына
қатысты мәселелердің қазіргі тіл біліміндегі өзектілігінің айғағы болып
табылады.
Бір ұғымның түрлы атаумен аталып, терминдердің тұрақталмауының өзі
мәтін табиғатының ерекшелігімен зерттеу нысанының көпаспектілігін
аңғартады. Бұл ретте, А.Р.Лурияның пікірі өте орынды: Необходимость
комплексного изучения текста не есть методическое требование, оно есть
выражение существа самого объекта [2,17].
Мәтін мәселесі лингвистикада тілдің функционалды – коммуникативтік
сипаты: негізінде қарастырылып жүр, дегенмен бүгінгі таңда мәтінің тілдік
табиғаты толық айқындалмай отыр. Оған көз жеткізу үшін лингвистикада
мәтінге берілген анықтамаларды саралайық.
Коммуникативті лингвистиканың көрнекті өкілдерінің бірі
Г.В.Колшанский: Текст – это связь по меньшей мере двух высказываний, в
которых может завершаться минимальный акт обшения – передача информации или
обмен мыслями между партнерами, - деп мәтін табиғатын тілдік қатынас
тұрғысында тұжырымдаса [3,14], тілші Н.Д.Зарубина: Текст – это письменное
по форме речевое произведение, принадлежащее одному участнику коммуникации,
законченное и правильно оформленное, - деп мәтінді тудырушы автордың болуы
және жазбаша түрде жүзеге асу ерекшелігін негізге алып, өз көзқарасын
білдіреді [4,113].
Мәтін табиғатын зерттеуші В.А.Лукин: Текст – это сообщение,
существующее в виде такой последовательности знаков, которая обладает
формальной связностью, содержательной цельностью и возникающей на основе их
взаимодействия формально – семантической структурой, -деп тұрпаттық,
мазмұндық, құрылымдық, байланыстылық сияқты мәтін белгілері негізінде
анықтама берсе [5,11], Г.Я.Солганик: Текст (от латинского textus – ткань,
сплетние, соединение ) можно определить как объединенную смысловой и
грамматической связью последовательность речевых единиц: вычказываний,
сверхфразовых единиц (прозаических строф), фрагментов, разделов и т.д.,
-деп мәтінге тән бөлшектенушілік пен мағыналық және грамматикалық
байланыстылыққа негізделуін басты белгісі ретінде қарастырады [6,16].
Қазақ көркем проза мәтінін прагматикалық аспект тұрғысынан қарастырған
Г.Әзімжанованың тұжырымы көңіл аударарлық: Көркем мәтін – тілден тыс
жағдаяттың күрделі белгісі, ол коммуникация бірлігі, сондықтан да оны
семантикалық, синтаксистік және прагматикалық ерекшеліктерін ескере отырып
зерттеу қажет, - деп мәтін құрушы бірліктердің прагматикалық
ерекшеліктерін басшылыққа алу қажеттілігін атап көрсетеді [7,18].
Мәтін әр түрлі тілдік элементтер мен олардың арасындағы қатынастардың
аса күрделі және көп деңгейлі құрылымы болғандықтан, көптеген зерттеушілер
оны бірізді түсіне бермейді.
Мәтінге берілген анықтамаларға шолу жасау барысында әр тілші әр қырын,
әр белгісін негізге алғанын аңғарамыз. Тілшілер мәтінді бірде ақпараттық
кеңістік деп, бірде сөйлеу әрекетінің нәтижесі деп т.т.қарастырады. Мәтін
(лат. textus ) мата, тоқылу, байланысу дегенді білдіреді, сондықтан да
зерттеу барысында не байланысады, не мақсатпен және қалай байланысады деген
мәселелерді шешу де маңызды.
Қазіргі тіл білімінде мәтінге берілген анықтамалардың арасында, біздің
ойымызша, ең толыққандысы – лингвистика саласының белгілі ғалымы
И.Р.Гальпериннің анықтамасы. Мәтін лингвистикасы жеке ғылым саласы ретінде
қалыптаса бастаған кезде ұсынылған бұл пікір әлі де маңыздылығын жойған
жоқ: Мәтін – аяқталған, жазба құжат түрінде объектіленген, құжаттың типіне
қарай әдеби түрде өңделген сөйлеу әрекетінің шығармашылық нәтижесі. Оның
құрамында әртүрлі лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық
байланыста тұратын, бірнеше ерекше бірліктері белгілі мақсат пен
прагматикалық ұстанымға бағытталған, - деп тұжырымдай отырып, ғалым
мәтінді ақиқат шындықтың шағын бөлігінің графикалық көрінісі немесе тілдің
жазба вариантының туындауы деп те түсіндіріп, ғалым мәтіннің жазба түрде
берілуіне бпса назар аударады. (Текст – произведение речетворческого
процесса, обладающее завершенностью, объективированное в виде письменного
документа, литературно обработанное в соответствии с типом этого документа,
произведение, состоящее из названия (заголовок) и ряда особых единиц
(сверхфразовых единств), объединенных разными типами лексической,
грамматической, логической, стилистической связи, имеющее определенную
целенаправленност и прагматическую установку [8,4-5].
Мәтін лингвистикасы туралы сөз болғанда, бір зерттеулерде мәтіннің
жазба нұсқаға түскен сөйлеу құрылымы екендігі баса айтылса, кейбір
зерттеушілер мәтінді ауызша да, жазбаша да сөйлеу құрылымында кездесетін
жүйе ретінде қарастырады. Мәтін қандай формада көрініс берсе де (ауыша,
жазбаша, мономәтін түрінде, поэзиялық, прозалық сипатта) белгілі бір дәуір
туысқан мәдениетін, шығармашылықтың, рухани қызметтің жемісі әрі осындай
рухани байлықты ұрпақтан-ұрпаққа сақтап жеткізуші феномен болып табылады.
Көркем мәтіңннің басты белгілері ретінде оның біртұтастығы, белгілі
бір ойды жеткізудегі жүйелілігі, басталуымен аяқталуының болуы, тақырып
таңдаламы, мәтін арқылы белгілі бір ақпараттың берілуі (информативтік
қызметі) және мәтіннің қарым-қатынас құралы (коммуникациялық қызметі) бола
білуі, сондай-ақ ең маңыздысы мәтін арқылы адам дүниетанымының, ұлттық
рухани мәдениетінің көрініс беруі (мәтіннің коммуникативтік қызметі) сол
арқылы жеке адам тұлғасының дүниенің тілдік бейнесінің жасалуы (мәтіннің
консиптуалдық-тілдік қасиеті) туралы мәселелер талданады.
Мәтінге мынадай сипат тән:
1) мәтінде адамның қызығушылығы, өмірлік мақсаты мен, мотиві, талап-
тілегі көрініс береді;
2) мәтін дегеніміз-белгілі бір ұлтты айырып танытатын, білімдер мен
пайымдаулар, ақыл мен құлшыныс, ақиқатты қабылдау мен таразылау
әлемі;
3) мәтін бізге барынша байланысты түрде ақпарат беретін бірыңғай,
біртұтас жүйе, қатынасты түрде жабық құрылым.
Мәтін мынадай басты категорияларға ие:
1) ақпарат (мазмұнды концептуалды, мазмұнды фактуалды, мазмұнды
астарлы);
2) когезия (мәтін ішілік байланыстар);
3) континиум (уақыт пен кеңістікте дамитын мәліметтер мен
оқиғалардың бірізділігі);
4) мәтін үздіктерінің автосемантикасы (тұтас мәтін немесе оның
бөліктерінің мағыналық қарым -қатынас);
5) мәтіннің модальділігі (ой-предметтің субъективті бағалауыштық
сипаттамасы);
6) ретроспекция (оқырманды бұрынғы мазмұнды-фактуальді ақпаратқа
апаратын тілдік өрнектердің грамматикасы);
7) проспекция (мәтіннің келесі бөліктерінде хабарланатын мазмұнды-
фактуалды ақпараттарды білдіру үшін түрлі тілдік формаларды
байланыстаратын мәтіннің грамматикалық формасы);
8) интеграция (мәтіннің тұтастымдылығына қол жеткізу мақсатында оның
барлық бөліктерін бір-бірімен ұластыру);
9) аяқталғандық (аяқаталғандық ұғымы мәтін бөліктеріне емес, тек
қана тұтас мәтінге байланысты).
Мәтін тақырыбының дұрыс таңдалуын мәтіннің толыққандылығының бір
белгісі ретінде танимыз. Жалпы, аталым – мәтін мазмұнының көрсеткіші, мәтін
арқылы берілетін коммуникацияның жинақталған, сығандалған атауы баламасы
деуге болады. Аталалым арқылы мәтіннің не туралы екенін аңдауға мүмкіндік
туады. Мәселен, бізге ауызша айтылу арқылы жеткен жыраулар шығармашылығының
бір ерекшелігі – мәтінде жыршы не жырау арнайы тақырып қойып, ат беріп,
айдар тағуды мақсат санамаған, жырға атауды тыңдаушылардың өзі қойып алатын
кездері көптеп ұшырасқан. Бұған бір шығарманың бірнеше атпен сақталуы
немесе жырлардың көпшілігінің алғашқы сөйлемдермен аталып кетуі дәлел
болады. Осындай фактілер мәтін табиғатына талдау жүргізуде тыңдаушы мен
жаттап айтушының қабылдау, түйсіну деңгейі мен ерекшелігін де ескерту
қажеттігін талап етеді.
Бір мазмұнға құрылған өлеңнің түрлі тақырыппен қағазға түсіп, таралуы
оның мазмұнын жырлаушы (жеткізуші) мен тыңдаушы (қабылдаушы) жақтың түрліше
қабылдауына байланысты. Себебі мәтін теориясына қатысты еңбектерде
тыңдаушының мәтінді түрліше қабылдауы мағыналық жатқан таратуы
(интерпритациялау) реципиенттің таным аясымен эмотивтілік деңгейіне
байланысты болатыны жазылып жүр. В.П.Беляниннің пайымдауына сүйенсек,
мәтінді қабылдау бірнеше сатыда жүзеге асырылады: реципиент, алдымен,
мәтіннің таңбалық түрін қабылдап, одан айтылымның мағынасын қабылдау
сатысына өтіп, соңында мәтінді тұтас құрылым ретінде қабылдауы тиіс.
Мәтіннің толыққандылығы оның көлемділігінен ғана емес, мазмұндық
құрылымынан, мағыналық жүйелілігі мен тұтастығынан, сондай –ақ мәтіннің
басталуы мен аяқталу жүйелілігінен көрінетіні белгілі.
И.Р.Гальперин мәтінді талдауда оның жеке бөлімдерінің жекеленген және
өзара байланыстылықта қаралуын дұрыс деп есептейді. Мұндай талдау әдісін
синтездеу немесе интеграциялау деп атайды. Интеграция термині
энциклопедиялық сөздіктің түсіндіруінде мәтіннің жеке бөлімдерін жекелеп,
және тұтастай қарастыратын жүйе теориясының ұғымы болып табылады. Мәтіндегі
интеграциялау нтижесі оның аяқталу категориясымен байланысты. Интеграция
ғылыми, публицистикалық іскерлік мәтіндерге бір басқа, көркем шығарма
мәтінінде басқаша сипат береді. Мәтіндегі когезия құбылысы мен
интеграцияның аражігін ажырата білу керек. Когезия мәтіннің жеке
бөліктерін байланыстыратын грамматикалық , семантикалық, лексикалық
формалар, ол бір контекстік-вариативтік мүшеленуден екіншісіне өтуді
көрсетеді. Интеграция мәтіннің тұтастығын сақтау мақсатында оның барлық
бөліктерін біріктіретін құбылыс.
Мәтін мазмұнындағы жүйелікпен ондағы ақпараттардың бір-бірімен
байланыс түзеп, тізбектеле келіп, толық ойды білдіруі оның тұтасымдылық
белгісінен көрінеді. Мәтіннің мұндай табиғаты оны тыңдаушының тез
қабылдауына (мазмұндық ұғынылуына) ықпал етіп қана қоймай, мәтіннің
эстетикалық бояуын да артыра түседі.
Көркем автор мен оқырманның қарым-қатынасын жүзеге асыратын тілдесім
деңгейінде қарастыру туралы идея М.Бахтиннің еңбектерінде жан-жақты
баяндалды.
Тілдесімнің болмысында тән қасиет – оның қандай да бір жақ,
адресатқа арналуы болып табылады. Тілдің ешкімге арнайы қаратылып
айтылайтын мағына тудырушы бірліктері – сөз бен сөйлемге қарағанда
тілдесімнің тағы бір ерекшелігі онда авторы және адресант міндетті түрде
болады. Бұл адресант күнделікті пікірлесу, сөйлесуге жай ғана қатысушы,
мәдени байланысты белгілі бір саласы бойынша айрықшаланатын ұжым немесе
өкілі немесе публикадан, халықтан, замандастарынан, әріптестерінен,
жауларынан, пікірлестерінен, бастықтарынан, бағыныштыларынан аз не көп
деңгейде айрықшаланатын, тіпті басқалар үшін анықталмаған, бейтаныс болуы
да ғажап емес, - осы аталған белгілер, адресат концепциясын осы тілдесімге
қатысты болатын адам тұрғысынан сипаттайды. Тілдесім кімге бағытталған,
сөйлеуші өзінің адресатын қалай елестетеді, автордың адресатқа әсер ету
мүмкіндігі қаншалықты – оның стилі, композициясы соған байланысты құрылады.
Әрбір мәтін жанры тілдесімнің кез келген жанрын айқындап беруге қатысатын
адресаттың типтік концепциясына ие болады.
Тілдесім адресаты қатысты болып жауап ретінде кімге немесе кімдерге
арналса, соған сәйкесуі мүмкін. Сөз болып отырған дербес сәйкестіктер
негізінде бір ғана жақ түрлі рөлді орындай алады. Осы түрлілік тілдесім
үшін маңызды. Менің қарсы жаққа жауабым (келіскенім, қарсы болғаным,
қатерге алғаным т.б.) қолма-қол айтылып кетті де, қарсы жақтың жауабы әлі
айтыла қойған жоқ. Сөйлеу барысында мен тыңдаушы тарапынан менің сөзімнің
қабылдануының апперцивті қорын (сөз болып отырған мәселеге қатысты бүрынан
қалыптасқан түсініктің бар-жоғын): ситуацияны қаншалықты меңгергенін,
берілген саладағы мәдени қарым-қатынасты бейнелейтін арнайы білімді
қаншалықты меңгергенін, оның көзқарастары мен сенімдерін, оның симпатиясы
мен антипатиясын – жалпы менің сөзімнің оған қаншалықты әсер етіп жатқанын
есепке алу мен боламын, себебі менің сөзімді оның белсенді түсінуіне ықпал
ететіні сөзсіз .
Мәтін – белгілі бір құрылымдық заңдылықпен жинақталған, фразадан
жоғары тұтастық құрап, өзара қатынаста тұратын сөйлемдер жиынтығының
іріленген бірлігі (абзац, параграфтар, бөлімдер, тараулар және т.б.). Бұл
бірліктер коммуникация мақсатына орай белгілі бір мазмұнды жеткізу үшін
қызмет етеді де оларды қабылдап, түсінуге лайықты ішкі құрылымы болады,
яғни мәтіннің әрбір элементі белгілі бір байланыста болып, мәтін тұтастығын
қамтамасыз етеді.
Мәтінді құрайтын барлық бөліктер өзара бірімен – бірі лексикалық,
логикалық, грамматикалық, ассоциативтік байланыс негізінде біртұтас жүйе
жасайды. Шығарма семантикасын оның вербалды қабатында көрінетін горизонтал
және вертикал контекст түзетіндіктен, көркем мәтінде тілдік құралдар
күрделі ойды ашатын тақырыпқа сай таңдалып, іріктеліп алыналды. Олар
негізгі ойды беретін бір немесе бірнеше сөздің лексика – семантикалық
парадигматикасы, синтагматикасы арқылы мәтіндегі ойды жылжытып, оқиғаны
сипаттап, дамытып отырады. Туындының тілдік қабатын ұйымдастырушы автор
мұндай сөздермен өзінің субъективті көзқарасын білдіріп, яғни мәтін
модальділігін түзеді.
Кез келген көркем шығарма белгілі бір оқырмандар тобына арналады да
уақытқа тәуелсіз болады. Жарық көрген кезде ү.лкен қызығушылық тудырып,
таласа оқылатын туынды араға көп уақыт салмай естен шығуы, ал әуелде
елеусіз қалған мәтін жылдар өте үлкен қажеттілікке айналуы да мүмкін. Демек
әрбір көркем туынды – қажеттілікке қарай өзектелетін, әр ұрпақ өз бетінше
дербес ақпарат ала алатын, жаңа мән – мағына таба алатын ашық жүйе. Көркем
мәтінді оқыған әрбір адамның когнитивтік базасы, кеңістігі, тілдік – мәдени
құзіреті әр түрлі болуына орай оны қабылдап, түсіну де әр қилы, ал мұның
өзі көркем шығарма семантикасының түрліше интерпретациялануына әкеледі. Осы
ретте белгілі ғалым Н.Уәли: Көркем шығарма дискурсының оқырманға тигізер
ықпалы, оқырман реакциясы, оқырманның зерделеу әрекеті тұрғысынан
зерттеудің маңыздылығы мен өзектілігі сөз мәдениеті ғылымының, стилистика
ғылымының имманентті жүйеден антропоцентристік бағытқа бет бұруы үшін аса
маңызды, аса өзекті болып отыр. Белгілі бір коммуникативтік бірліктің
немесе сөз актісінің (мәтіннің, дискурстың) адресант+мәтін жағы зерттеліп,
тілдік, тілдік емес құрылымы талданып, ал мәтін+оқырман (адресат) жағының
қалып қоюы коммуникативтік біртұтас жағдаяттың табиғатын объективті түрде
айқындауға мүмкіндік бере қоймайды, - деген пікірі орынды [10,195]
Мәтін кез – келген тілдік бірлік сияқты өзіне тән белгілерімен
ерекшеленеді. Мәтінтанушы ғалымдар мәтінге тән белгілерге ақпараттық,
тұтастық пен байланыстылық (И.Р.Гальперин), аяқталғандық (И.Р.Гальперин,
Г.В.Колшанский), бөлшектену (Т.В.Трошина), прагматикалықты (И.Р.Гальперин)
көрсетеді [11,19].
Кез – клген мәтін белгілі бір мазмұнда құралып, белгілі бір көлемдегі
ақпаратты жеткізеді. И.Р.Гальперин көркем мәтін ішінде берілетін ақпараттың
үш түрін көрсетеді: мазмұндық – нақты (содержательно-фактуальную (СФИ)),
мазмұндық – концептуалды (сожержательно- концептуальную (СКИ)), мазмұндық –
астарлы (содержательно-подтекстовую (СПИ)).
Мәтіннің мазмұндық - нақты ақпараты қоғамдағы болған не болып жатқан
нақты құбылыс, жағдай, оқиға туралы хабарлайды. Бұл ақпарат мәтінде екі
жақты қызмет атқір жағынан атқарады: бір жағынан ақпараттың бұл түрі
белгілі бір мазмұндағы мәтіннің пайда болуына негіз болса, екінші жағынан
мәтіндегі ойды тұмшалап, мазмұнды бір жақты түсінуге кедергі келтіреді де
оның әртүрлі интерпретациялануын тудырады.
Көркем мәтіндегі мазмұндық –нақты ақпарат автордың жеткізгісі
келген ойымен сәйкес болады. Осы ақпараттың көмегімен автор өз
кейіпкерлерінің тағдыры, күйініш – сүйініштері негізінде көркемдеп
әңгімелейді.
Сондықтанда мәтін мазмұнындағы көптеген жеке деректер мен
пайымдаулардың шашырамай тұтастықта болуы мәтін мазмұнындағы ақпаратттың
келесі бір түріне негізделеді.
Мәтіннің мазмұндық – концептуалды ақпараты қаламгердің қоғамдық өмір
құбылыстарын өз дүниетанымы тұрғысынан саралауы мен бағалауын оқырманға
жеткізу ерекшелігінен көрінеді. Бұл ақпарат вербалды түрде нақтыланбауы да
мүкін, сондықтан оқырманның тарапынан түрліше интерпретацияланады.
Мәтіннің мазмұндық – астарлы ақпараты мәтіндегі тілдік бірліктердің
ассоциацитивті және бағалауыштық сипатына негізделеді де жасырын ақпаратты
жеткізеді. И.Р.Гальперина мазмұндық – астарлы ақпарат пен мәтіннің астарлы
ойы (подтекст) терминдерін синоним ретінде қатар қолданады. Ақпараттың бұл
түрі – мәтіндегі нақты ақпараттан туынданғанмен бірден көзге түспейтін,
мәтінді толық қабылдап, интерпретациялау нәтижесінде туындайтын шығарма
мәні, оқырман мәтіндегі оқиғаны өзінің жекебасының ерекшелігіне қарай көңіл
көзінен өткізіп, алған әсері, мәтінді түйсіну тереңдігі [8,28]. Мысалы,...
Сондай – ақ ұлыған қарлы дауыл астында, елсіз меңіреу дала, Абайдың өзі
туып - өскен сахарасы болса да, қазірде соншалық мейірсіз, қатал, өгей
анадай. Кеше ғана балалығымен, жігіттік жастығының, жасыл шөбі сарғаймас
алтын бесігіндей болса, сол қызықты қан жайлау қазір суық қабыр ызғарындай,
аяздап, қырауытып тұрған тас табытындай (М.Әуезов).
Мәтіндегі айтылған ойды дұрыс қабылдау тек тілдік бірліктер мен
графикалық таңбалар негізінде ғана жүзеге аспайды. Ақпаратты, автордың
айтайын деген ойын дұрыс түсіну үшін қосымша білім қажет болады. Ғылыми
әдебиеттерде ол пресуппозиция (латын тілінде ргае- алдында; supposition –
ойлау, болжау), аялық білім терминдерімен анықталып жүр.
Пресуппозиция – тілдік бірліктер арқылы вербалданбаған қосымша білімге
негізделген мәтіннің семантикалық компоненті. Қосымша білім – оқырманның
білімі мен өмірлік тәжірбиесінің жемісі. Ғылыми айналымға В.В.Виноградов
енгізген аялық білім де қосымша білімге негізделеді.
Аялық білім – сөйлеуші мен тыңдаушыға мәлім мәдениет, тарих, әдебиет
саласындағы ақпараттар жиынтығы. Көркем мәтіннен алынған тілдік
бірліктердің аялық білімді қажет етуіне назар аударсақ, жоғарыда
айтылғандарға көзіміз жетеді.
Автор мәтін мазмұнында вербалды және вербалданған ақпараттың үйлесімді
берілуін басты назарда ұстайды. Ақпараттың бұл түрлерінің ара қатынасының
бұзылуы гипервербалдануды (тілдік бірліктер арқылы шектен тыс артық
берілуін) не гиповербалдануды (шектен тыс кем берілуін) тудырады. Сондықтан
олардың ара салмағы автордың мәтіндегі көздеген мақсатына орай өзгеріп
отырады. Бұдан шығатын қорытынды, кез келген мәтінді дұрыс қабылдау үшін
автор (мәтінді тудырушы) мен оқырманға (интерпретациялаушыға) түсінікті
аялық білімінің қажеттілігі тілдік қатынастың жасалу шарты болып табылады.
Тілші В.Я.Шабес аялық білімді мазмұнындағы ақпараттың сипатына қарай
төмендегідей топтастырады:
1) әлеуметтік (социальные) – пікір алмасуға дейін коммуникаттардың
барлығына таныс ақпарат.
2) жекелік (инвидуалбные)- пікір алмасуға дейін тілдесімге қатысатын
екі адамға ғана таныс ақпарат.
3) ұжымдық (коллективные) – пікір алмасуға дейін белгілі бір әлеуметтік

топ өкілдеріне ғана таныс ақпарат [12,57].
Мәтінді түсінуге негіз болатын бұл құбылысты тіл білімінде ХХ ғасырдың
80 жылдарынан бастап түрлі терминдермен атап жүр: В.Я.Мыркин коммуникативті
мәнмәтін, румын ғалымы Т.Слам – Казаку глобальді мәнмәтін, ал
Г.В.Колшанский мәнмәтіндер топшасы (сетка контекстов), И.Р.Гальперин
тезаурус, З.И.Тураева пресуппозия дегенді жөн көрсе, О.С.Ахманова мен
Ю.Гюббенет вертикал мәнмәтін деген терминді ұсынып: Вертикал мәнмәтін –
берілген әдеби туынды мен оның бөліктерінің тарихи – филологиялық
мәнмәтіні, - деп анықтама береді. [9,11]. Бұл ұғымға шығарманың жазылған
уақыты мен оның кейіпкерлері өмір сүрген кезеңнің ең қарапайым
детальдарынан бастап, қоғамды елең еткізген, белгілі оқиғалар туралы
оқырманға таныс ақпарат жатады.
Мәтін белгілерінің келесі бір түрі – байланыстылық пен тұтастық. Бұл
мәтін белгілерінің ішіндегі ең негізгісі дей аламыз, себебі лингвистикалық
зерттеу нысаны болып табылатын кез –келген мәтн ақпараттық және құрылымдық
бірлікке, тұтастыққа негізделген семантика – функционалдық тұрғыда
аяқталған коммуникативтік бірлік болып табылады. Мәтінің ос сипаты мәтін
түзудің заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Байланыстылық пен
тұтастық мәтіннің негізгі құрылымдық белгілері болып табылады да олар
мәтіннің мазмұндық және құрылымдық сипатын анықтайды. Кез – келген мәтін
мазұн және құрылым байланыстылығына негізделеді. Байланыстылық таза
лингвистикалық категория, себебі ол тілдік құралдар арқылы жүзеге
асырылады. Мәтіннің құрылымдық бөліктері белгілі бір тәртіппен орналасып,
белгілі бір заңдылықтар негізінде семантикалық және грамматикалық
байланысқа түседі.
Орыс тіл білімінде Н.Д.Зарубина байланыстылық түрлерін төмендегідей
ажыратады:
1) локальді (локальная), бұл бір абзац ішіндегі тілдік құралдардың
тізбекті байланысы;
2) глобальді (глобальная), бұл тұтас мәтіндегі тілдік құралдардың, мәтін
бірліктерінің байланысын іске асырып, мәтіннің мазмұн тұтастығын
қамтамасыз ететін байланыс;
3) жанаса (контактная) байланысу, бұл тілдік бірліктердің қатар тұрып бір
– бірімен байланысы;
4) алшақ (дистантная) байланысу, бұл тілдік бірліктердің бір – бірінен
алшақ тұрып байланысуы [14,87].
Тілшілер Л.М.Кольцова мен О.А.Лунина байланыстылықтың екі түрін
көрсетеді: когезия мен когерентілік. Мұндағы когезия лат. тілінде cohaesi-
байланысу , корегентілік лат. тілінде cohaerentia – тұтасу деген
мәнді білдіреді [15,22 ]. Мәтіннің байланыстылығы синтасистік байланыс
негізінде іске асырылады. Синтаксистік байланыс дегеніміз – сөйлеу
бірліктерінің өзара қатынасы. Мәтін ішіндегі фраза аралық байланыс тізбекті
және параллель байланыс арқылы жүзеге асады. Тілшілер Л.М.Кольцова мен
О.А.Лунинаның жоғарыда айтқан корегентілік байланысы тізбекті байланыс
негізінде іске асырылады.
Кез – келген мәтін мазмұн және құрылым байланыстылығына негізделеді.
Мәтіннің құрылымдық бөліктері белгілі бір тәртіппен орналасып, белгілі бір
заңдылықтар негізінде семантикалық және грамматикалық байланысқа түседі.
Синтаксистік байланыс дегеніміз – сөйлеу бірліктерінің өзара қатынасы.
Құрылымдық – мазмұндық тұтастықты қамтамасыз ететін синтаксистік
байланыстың тіл білімінде Г.Я.Солганиктің көрсетуі негізінде екі түрін
білеміз: тізбекті және параллель байланыстар.
Тізбекті байланыс негізінде түзілген мәтіндегі сөйлемдер өзара
іліктестік қатынаста байланысып тұрады, яғни сөйлемдер бірінен – бірі
туындап, соңғысы алдыңғысына бағынып отырады. Бұл жай бірінші сөйлемнің
элементі (бір мүшесі) екінші сөйлемде, екінщі сөйлемдікі – үшіншісінде,
үшінші сөйлемдікі – төртіншісінде т.с.с қайталанып қолданылуы арқылы жүзеге
асады. Ондай қайталанушы сөздер лексика – семантикалық категориялар арқылы
немесе лексика – грамматикалық категориялар арқылы беріледі. Бұл мәтін
ішіндегі байланыстылықты әрі ойдың дамуын іске асырады. Мәтіндегі тізбекті
байланысқа негізделген сөйлемдер
Бір – бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оларды жеке алып қарауға
келмейді, коммуникативтік, т.б. қызметтерге басқа сөйлемдермен қарым –
қатынасының нәтижесінде ғана ие болады. Мысалы. Неге екенін білмеймін, бұл
қыздың дауысын құбылтпай, бірқалыпты табиғи биязылықпен өтіне айтқан сөзі
маған бұйрықтан бетер әсер етті (1). Жау танкімен жекпе – жек айқасуға
жауапты бұйрық берген командир сөзін тыңдағандай, екі қолымды жамбасыма
жапсыра ұстап, тіп – тік бола қалдым да, құп болады дегендей ишара жасап,
алдымен басымды изеп, одан соң еңкейе иілдім (2). Бұл арадағы екі қимылдың
бірі артық: бас изеген соң иілудің қажеті жоқ еді (3). Бірақ мен сол сәтте
не қажет, не қажет емес екенін біліппін бе, сірә (4). Содан соң қайтадан
кеудемді керіп, бақырайып, бағжиып қызға қарап, оқтау жұтқандай тіп – тік
боп серейдім де қалдым.(5). Мұным: Мен сіздің құлыңызбын, айтқаныңызды
бұлжытпай орындаймын, тағы не бұйырасыз? дегенім сияқтанды (6).
(Ә.Нұршайықов).
Бұл мысалға келтіретін мәтіндегі фраза аралық байланыс - тізбекті
байланыс. Талдауға жеңілдік тудыру мақсатында сөйлемдерді нөмірлейміз.
Мұнда тізбекті байланыс келесідей тілдік құралдар арқылы іске асырылады:
-лексикалық қайталау (мысалымыздағы 1 мен 2 сөйлем бұйрық сөзінің, 3
пен 4 сөйлем қажет сөзінің қайталануы арқылы байланысқан);
-лексикалық бірліктердің семантикалық және ассоциациялық сәйкестігі
негізінде (2 мен 3 сөйлем бас ию еңкею сөздері және екі, қимыл
сөздерінің, 4 пен 5 сөйлемдер сол сәтте және содан соң тіркестерінің
семантикалық сәкестігі негізінде)
-есімдіктер арқылы (5 пен 6 сөйлемдер мұным сілтеу есімдігі
негізінде) т.б.тілдік құралдар арқылы іске асырылады.
Мәтін ішіндегі құрылым тұтастығын қамтамасыз ететін келесі бір
байланыс – когезиялық байланыс, ол параллель байланыс арқылы іске
асырылады. Мысалы: Үй іші күзектің суық күндеріне бейімделіп жиналған (1).
Биік төсек, жүкаяқтар жоқ (2). Мол жастық, қалың көрпелі жертөсек пен
айнала тұтқан қалың текемет, түскиіз, кілемдер бар (3). Төр жақта, сырмақ
үстіне салынған арқар терісі, жүні ұзын сеңсең бөстектер жатыр (4). Іргеден
жел соқпастай етіп қымталып, шымқалған жылы жайдың қонақ отыратын орындары
да сыз өткізбес қалың (5). Маздап жанған қидың оты, қызуын үлкен үйге кең
жайып, даланың салқынын бұл мекенге кіргізбей тұр (6) (М.Әуезов).
Бұл - өзара тепе – тең дәрежеде байланысқан, параллельді байланыс
негізіндегі алты жай сөйлемнен тұратын мәтін. Мәтіннің құрылымдық және
мағыналық тұтастығын қамтамасыз ететін бөліктер: мәтіннің алғашқы бөлігі,
негізгі бөлігі, соңғы бөлігі. Келтірілген мәтіндегі алғашқы сөйлем мәтіннің
басқы бөлігінің қызметін атқарып (зачин), кейінгі айтылатын ойдың қысқаша
мазмұнынөзіне жинақтап тұрады да ой түзуге негіз болады. Мәтіннің бастапқы
бөлігі жаңа микротақырыпты тудыруға негіз болады. Одан кейін орналасқан
сөйлемдер оған тәуелді болады. Одан кейін орналасқан сөйлемдер оған тәуелді
болады. Одан кейін орналасқан сөйлемдер оған тәуелді болады. Мәтіннің
алғашқы бөлігі бір сөйлемнен де бірнеше сөйлемнен де құралуы мүмкін.
Мәтіннің алғашқы бөлігінің негізгі белгілерін орыс тіл білімінде Л.М.Лосева
көрсетеді:
1) мәтіннің алғашқы бөлігіндегі сөйлемдерде семантикасы бұған дейінгі
мәтінге тәуелді, мағынасы сол мәтін бөлігінде айқындалатын сөздердің
болмауы;
2) олар кез – келген құрылымдық типтегі толымды сөйлемдер.
3) мәтіннің алғашқы бөлігіндегі бірінші сөйлем өзіне дейінгі мәтіннің
қорытынды бөлігіне барынша тәуелсіз болуы;
4) мағыналық жағынан бірінші сөйлем жаңа микротақырыпты баяндауға негіз
болады [16.94]
Мәтіннің құрылымдық және мағыналық тұтастығын қамтамасыз ететін
бөліктер ретінде мәтіннің алғашқы бөлігінен кейін негізгі бөлігі туындайды.
Мұнда алғашқы сөйлемде берілген микротақырыптың дамуы жүзеге асырылады. Әрі
мәтіннің алғашқы бөлігіне тәуелділігімен айқындалады да есімдіктер,
қайталаулар, синонимдер, үстеулер т.б.тілдік құралдар арқылы байланысып,
көлемі жағынан мәтіннің алғашқы бөлігінен үлкен бролады, себебі мәтіннің
бұл бөлігінде мазмұндық – тақырыптық
Ақпараттың ауқымды бөлігі беріледі. Мәтінді соңғы бөлік аяқтап тұрады.
Мұнда берілген мәтін мазмұны жалпыланып, ақпарат қорытындыланады. Соңғы
бөліктегі сөйлемнің құрылымы бұған дейінгі бөліктердегі сөйлем
құрылымдарынан өзгешелігімен ерекшеленеді. Мұнда қыстырма сөздер,
ыңғайластық жалғаулықтар қолданылып, кейде мәтіндегі модальділік пен шақтық
форма да өзгеруі мүмкін. Енді жоғарыда келтірілген мысалды осы мәтін
бөліктеріне сәйкес талдайық.
Мәтіннің алғашқы бөлігі: Үй ішікүзектің суық күндеріне бейімделіп
жиналған. Мұндағы тірек сөз үй іші. Ол мәтіннің микротақырыбын анықтап
тұр. Осы тірек сөздің өзі мәтіннің кейінгі бөлігінің мазмұнын алдын ала
болжауға жағдай жасайды.
Мәтіннің негізгі бөлігі: мол жастық, қалың көрпелі жертөсек пен айнала
тұтқан қалың текемет, түскиіз, кілемждер бар. Төр жақта, сырмақ үстіне
салынған арқар терісі, жүні ұзын сеңсең бөстектер жатыр. Іргеден жел
соқпастай етіп қымталып, шымқалған жылы жайдың қонақотыратын орындары да
сыз өткізбес қалың. Мұнда алғашқы бөлімдегі үй іші тірек сөзіне
семантикалық жағынан байланысты, мазмұндық жағынан тәуелді жастық, көрпелі
жертөсек, текемет, қонақ отыратын орын сияқты тілдік бірліктердің берілуі
тірек сөзді мазмұн жағынан кеңейтіп тұр.
Мәтіннің соңғы бөлігі: Маздап жанған қидың оты, қызуын үлкен үйге кең
жайып, даланың салқынын бұл мекенге кіргізбей тұр. Бұл сөйлем мағыналық
жағынан алғашқы сөйлеммен байланысты болады. Салыстырыңыз: Үй іші күзектің
суық күндеріне бейімделіп жиналған. Маздап жанған қидың оты, қызуын үлкен
үйге кең жайып, даланың салқынын бұл мекенге кіргізбей тұр. Бұдан шығатын
қорытынды мәтін бөліктері өзара семантикалық бірлікте, тұтастықта болады.
Мәтін бөліктерін құрайтын сөйлемдердің синтаксистік байланыстылығына
келсек, сөйлемдері өзара тең дәрежеде, бірдей грамматикалық формада
байланысады, келтірілген мысалдағы сөйлемдердің баяндауышы бірдей жақ (ІІІ
жақ), бірдей шақ (осы шақ) түрінде байланысқан. Бұл сөйлемдердің бәрі басқы
бөлікте, яғни алғашқы сөйлемде айтылғанды нақтылап, дәлелдеп, әрі қарай
кеңірек түсіндіріп тұр. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің жалпылауыш сөзге
қатысы сияқты, параллельді байланысқа негізделген мәтінді құраушы
сөйлемдердің бәрі басқы бөлікке бірдей, тең дәреже қатысты болып келеді.
Мысалы, осы келтірілген үзіндідегі әрбір жай сөйлемді басқы бөліктен, яғни
алғашқы сөйлемнен кейін әрқайсысын лингвистикалық мәнмәтінінен ажыратып,
жеке – жеке айтатын болсақ, мәтіндегі ой тұтастығы бұзылып, оқырманға
мәтіндегі ақпарат толық жетпей, оны қабылдауына қиындық туар еді. Ал осы
байланыс желісін үзбей толық ақталған ойға негізделген мәтінді тұтас
алсақ, мәтін түзушінің айтайын деген ойын қабылдаушының толық түсінуіне
жағдай жасаймыз. әрі мәтінің соңғы сөйлемі осы ой тұтастығын қорытындылап,
ақпараттың қорытушы бөлігі болып табылады. Сонда мәтінің әрбәр бөлігі өзара
тығыз байланыста болып, құрылым тұтастығын қамтамасыз етеді.
Сонымен, параллель байланыс негізіне құрылған мәтіндерде сөйлемнің
тұрлаулы мүшелерінің параллельдігі негізгі рөл атқаратынын жоғарыдағы
мысалдан көрдік. Мұнда да алғашқы сөйлем мағыналық және құрылымдық жағынан
ұйымдастырушылық рөл атқарып тұрады. Ол болмаса, кейінгі сөйлемдер
арасындағы байланыс жоғалып, мәтінде тұтастық болмас еді.
Тізбекті және параллель синтаксистік байланыстар мәтін ішіндегі
локальді байланысты іске асырады.
Глобальді байланыс – мәтіннің мазмұн тұтастығын қамтамасыз ететін
байланыс түрі. Тілші ғалым Леонтьев: Кез-келген оқырман мәтінді қабылдаған
кезде бірінші оның семантикалық жағына, яғни мазмұнынга назар аударады да
кейін осы мазмұнды жеткізуші синтаксистік құрылымға көңіл бөледі, яғни
мәтін синтаксисінде симантикалық аспект құрылымдыққа қарағанда бірінші
қабылданады деп тұжырымдауға болады, - дейді. Ал осы мәтін мазмұнының
семантикалық бірлігін қамтамасыз ететін және оның бөліктерін тақырыптық
және концептуальдық тұрғыда біріктіретін осы глобальді байланыс мәтін
ішіндегі тірек сөздер арқылы іске асырылады.
Мәтін лингвистикасына арналған әдебиеттерде мәтін мазмұнының
семантимкалық бірлігін қамтамасыз ететін сөздерді түрлі терминдермен атап
жүр: ключевые слова, смысловые вехи, топики, дескрипторы, ядра, фокальные
точки.
Мәтін мазмұнында тірек сөздер семантикалық тұрғыда доминат атаулар
ретінде айналасында біртұтас мағыналық мәнмәтін тудырады да коммуникативтік
жағдаятқа қатысты басқа сөздермен байланысады. Мәтіндегі тірек сөздер
мәтіннің семантикалық өрісін тудырады. [17,31]. Олар мәтіннің мағыналық
лейтмотиві болып табылады, себебі тірек сөздер мәтін тақырыбымен байланысты
болады да мағыналық орталық ретінде міндетті түрде мәтіннің басты бөлігінде
болады. әрі осы сөз мәтіннің микротақырыбын ашатын кейінгі бөліктеріндегі
басқа сөздерді семантикалық жағынан ұйымдастырып тұрады. Тірек сөздер
мәтіннің семантикалық маңызды элементтері ретінде белгілі бір образды
жасауда, ақпаратты баяндауда маңызды қызмет атқарады. Осы сөздердің қатысуы
арқылы көркем шығарманың мазмұны ғана беріліп қоймайды, сонымен қатар
авторлық стиллистикада көрініс табады. Тірек сөзге негізгі белгілерге
олардың міндетті түрде көпмағыналы болуы, семантикалық құрылымының
күрделілігі, мәтін ішінде басқа сөздермен сөзжасамдық, парадигмалық және
синтагмалық байланыста болуы сияқты сипаттарын атауға болады.
В.А.Лукиннің пікірінше тірек сөздердің негізгі белгісі – олардың мәтін
ішіндегі атқарар функционалдық қызметі. Тірек сөдер басқа тілдік
таңбалармен қатар қабылдаушының мәтінді түсінуіне жағдай жасайды, қабылдау
үрдісінде өзінің семантикалық ерекшелігіне қарай бұл сөздердің рөлі басым
болады. Тірек сөздердің өзіне тән белгілерін төмендегідей көрсетуге болады:
1 тірек сөз мәтін мазмұнымен танысып, мәтін мағынасын болжағанда ғана
белгілі болады;
2 тірек сөз мәтін ішінде (бөліктерінде) бірнеше рет қайталанып берілуі
мүмкін;
3 тірек сөз берілген мәнмәтінде ғана мағыналық және ақпараттық қызметі
басым сөз болады;
4 тірек сөз оқырманның мәтін мазмұнын түсінуіне, интерпретациялауға
қатысады;
5 тірек сөз белгілі бір формадағы тілдік бірлік арқылы беріледі [5,183-
187].
Мәтіндегі сөйлемдер синтаксистік байланыстармен қатар логикалық және
интонациялық байланыстар арқылы да іске асырылады. С.А.Васильев мәтін
ішіндегі байланыстың төрт түрін: синтаксистік, лексика – семантикалық,
интонациялық және логикалық деп көрсетеді.
Жоғарыда сөз болған тізбекті және параллель байланыстар синтаксистік
және лексика – семантикалық байланыстарлы жүзеге асыратынын келтірілген
мысалдар негізінде байқадық. Ал интонациялық байланыс синтаксистік
бірліктерді байланыстырудың бір түрі ретінде, синтаксистік бірліктердің
интонациямен ара қатынасы туралы мәселе тілшілерді бұрыннан қызықтырған
еді. Осы мәселеге қатысты фонетистер мен синтаксистердің көзқарастары әр
түрлі. Интонацияны синтаксистер дыбысталған мәтіндегі синтаксистік
бірлікті көрсетудің бір тәсілі ретінде қарастырады. Сондықтан интонацияға
деген қызығушылық алғаш рет А.А.Шахматов пен А.М.Пешковскийдің еңбектерінде
синтаксисте сөйлеу тілін зерттеу мен пайда болы. А.М.Пешковскийдің ойынша,
синтаксис пен фразалық интонация арасындағы қатынас өте күрделі, ол
күрделілік фразалы – интонациялық құбылыстың өзіне ғана тән ерекшелігіне
байланысты түсіндіріледі. Бүгінде интонацияны жалпы тілдік құбылыс емес,
жеке құбылыс ретіндегі дыбысталған сөйлеу әрекетінде ғана қарастыруға
болады деген пікір де қалыптасқан. Бұл ұстанымды қолдаушылар интонацияның
эмоциялық – экспрессивтік, синтаксистік, стильдік мағына ажыратқыштық және
түрлі тілдік бірліктерді байланыстыру қасиетін негізге алады. Интонациялық
байланыс негізінен ауызша жасалған қарым – қатынасқа тән.
Мәтін ішіндегі логикалық байланыс мәтін ішіндегі логикалықты тудырып,
үш логиканың өзара қарым – қатынасы негізінде іске асады. Олар болмыс
логикасы, ойлау логикасы, сөйлеу логикасы. Мәтіндегі логикалық байланыс
материалды белгілі бір реттілікке негіздеп баяндау, ойды дәлелдеуге
деректердің нақты әрі жеткілікті болуы, сондай – ақ баяндалатын болмыс
нысандары мен олардың өзара қатынастары мен байланыстылығының сақталуы
(жалпы мен жалқылық, себеп және салдарлық, ұқсастық пен өзгешелік, тұрпат
пен мазмұн, салаластық пен сабақтастық) арқылы айқындалады. Көркем мәтінде
көркем логика көрініс табады. Логикалық тұрғыда мәтінді заттық – логикалық
құрылымды (объективтік логика, деректі логика), образды – ассоциативті
құрылымды (субъективтік логика, деректі қабылдау, тану логикасы) деп
қарастырамыз [18,15].
Заттық – логикалық құрылымды мәтіндер көркем шығармаларда кездеспейді,
себебі мұндай құрылым көркем шығарма табиғатына жат, мындай құрылым ғылыми,
ресми мәтіндерге тән. Ал образды – ассоциативті құрылымды мәтін көркем
мәтінде туындайды да бағалаудың ерекше критерилеріне негізделеді. Мысалы,
Махамбет Өтемісұлының Жәңгір ханға айтқаны ерекше логикаға негізделген:
ассоциациялардың қарама –қайшылығы, метафорлық қолданыстарды дұрыс түсіну,
авторлық субъективтілік бәрі жинақталып логикалық байланыстылықты түзеді.
Мәтін табиғатына тән келесі бір белгі – бөлшектену.
Ғылыми зерттеулерде мәтін бірліктерді шығарманың өсіңкілік қасиетіне
сүйене отырып, бірнеше деңгейлерге бөлініп көрсетіледі: Сөйлем – КСТ –
Үзінді – Тарау - Бөлім – Шығарма (аяқталған тұтас шығарма) [19.32]. Қазақ
тілінің мәтін құраушы құралдарын зерттеген С.С.Мұстафинаның ойынша,
фразадан жоғары тұтастық - әрі синтагматикалық, әрі функционалды ұғым, оған
байланыстылық, тұтастық тән. Оның құрылымдық тұтастығы анафоралық
қайталаулардан және есімдіктерден, етістіктердің шақтық тұлғаларынан,
жалғаулықтардан т.б.көрінеді. Ал байланыстылығы мазмұнның мағыналық бір
тұйық тұтастыққа бірігуінен көрінетінін айтады [20,24]. Мәтіннің
бөлшектенуі автордың ойын оқырманның саналы түрде қабылдауына, оны меңгеру
амалдарын жеңілдету мақсатына сай құрылуы болып табылады да ол графикалық
жолмен, абзац арқылы іске асады. Абзац термині екі түрлі мағынада
қолданылады:
1) жол басында оңға қарай жылжу (азат жол).
2) жазба не баспа түрдегі мәтіннің бір азат жолынан екінші азат жолына
дейінгі бөлігі.
Мәтін ішіндегі абзацтар мәселесі ғалымдар арасында әлі де бірізді
көзқарасқа, анықтамаға ие болмай келеді. Лингвисттер абзацты мәтін бірлігі
ретінде не композиялық, не логикалық, не семантикалық бірлікке жатқызып
жүр.
Сөйлемдерді аса ірі мәтін бірліктеріне жинақтайтын белгілердің
сызбалық, синтаксистік және семантика- синтаксистік түрлерін айрықша атап
кетуге болады. Қазіргі кезде осы аталғандардың ішінен зертеу әдңстері
семантика – синтаксистік бағыт ең жиі қолданыс тауып жүр. Сөйлемдер
тізбегін бұл әдіспен жинақтау (бөлшектеу) – күрделі синтаксистік
тұтастық, фразадан жоғары бірлік, прозалық (прозаическая) строфа және
т.б.ұғымдар арқылы аталып жүр. Мұндай ұғымдардың 20- дан астам анықтамалары
бар деуге болады. Олардың барлығынында сөйлемдерді топтауға, жинақтауға
қоятын талаптары ұқсас, яғни мәтіннің мұндай бөлігіндегі сөйлемдер арасында
мағыналық және синтаксистік байланыстың болуы. Бірақ мұндай анықтамаларда
мәтінді бөлшектеудің формальды жақтары әрқилы түсіндіріледі. Мысалы, кейбір
авторлар үшін күрделі синтаксистік тұтастық абзацпен сәйкес келетін
болса, басқаларында ол не абзайтан кіші немесе бірнеше абзацтарды
біріктіріп қарастырумен парапар болады.
Алайда психологтардың тәжірбиелеріне сүйенсек, мәтінді формалды
бөлшектеу негізінде оның сыртқы белгісінен гөрі, мән – мағыналық мазмұны
көбірек орын алады. Жазушының шығармашылық ой дамыту процесінде мәтіннің әр
бөлігі өзінше бөлек немесе шарты жақындықтағы мазмұндық тұтастыққа ие
болады.
Мәтінді абзацтарға бөлу, ең алдымен, мәтін мазмұнын жақсы меңгеруге
және есте сақтауға ықпал етеді. Екіншіден, абзац бөліктері ойдың логикалық
бірлігін, тұрақтылығы мен түйіндеу қалпын сақтайды. [3,29-33].
Сонымен абзац дегеніміз, шындығында, сөйлеу тәжірбиемізде бар ақиқат
мәтін бірлігі. Оны жазушының өз ойын оқырманға оңай қабылдау мен дұрыс
меңгеруді жеңілдететін әрекеті деуге болады. Мұндай бірлік – ойлау
нәтижесінің неше түрлі тарамдарын өзара байланыста ұстайтын тұтастық
сипаттағы жағдаяттың көрінісі. Адам баласының ойлау қабілетін тіл мен ойдың
өзара байланыстылығы тұрғысынан қарастырсақ, оны танымдық және
коммуникативтік деп екіге ажыратуға болады. Ойлаудың коммуникативтік түрі
деп отырғанымыз адамның өзі үшін танылған белгілі ақпаратты басқалар үшін
қайта өңдеу, яғни белгілі бір білімді тілдік қарым – қатынас ыңғайына қарай
өзгерту деп түсінуге болады.
Мәтінді туындату кезінде ойлаудың осы аталған коммуникативтік түрі орын
алатынын ескерсек, онда абзац мазмұнын ашуда да ойлаудың осы түріне
сүйенуіміз керек.
Қарым –қатынас кезінде В.А.Звегинцевше айтсақ ... мы обмениваемся не
словами и их значениями, а мыслями, используя слова [23,168], яғни адамдар
арасындағы тілдік қарым – қатынас қызметіндегі психикалық жағдай үзігінің
санада бейнеленуінің бастамасын да ой деуге болады. Бірақ ойды нақтылау
нәтижесі бір ғана сөйлем түрінде бола бермейді. Сөйлеу әрекеті бір – біріне
тәуелді болып келетін бірнеше синсематикалық сөйлемдерден тұрады.
Сондықтан мәтін бойындағы ой жай хабарламалардың жиынтығын құрап,
іріленген пішіндегі күрделі бірлік ретінде психикалық жағдай үзіктерінің
қосындысының аса қомақты хабарын таратады.
Әдебиеттерде осындай бір немесе бірнеше ой қосылысының ішіндегі ең
азын (минимумын) микротақырып (микротема) деп атап жүр. Микротақырыптағы
бірнеше ойлар денотаттың заттық қасиеттеріне (мезгілдік, функционалдық,
кеңістіктік және т.б.) сай, өзара байланыста тұруы керек. Сонда ғана,
барлық мәтіннің тақырыбы, аталған қатынастарда тұратын бірнеше
микротақырыптардың біріккен сипаты бола алады. Әрине, ол қатынастар барлық
микротақырыптарға тән денотаттардың заттық қасиеттеріне сәйкес келуі керек.
Осындай жағдайда кез – келген шығарманың композициялық құрылымын белгілі
бір абзацтар жүйесі деп қарастыруға болады.
- мазмұн мүшелері ретінде анықталады. Шығарманың тақырыбынан басқасы
мазмұны болады. Мазмұнның үш мүшесі болады: 1. Аңдату. 2. Мазмұндау.
3.Қорыту. ... Аңдату мүшесі шығармаларда керегіне қарай болады. Мазмұндауда
ой тиегін ағытқан сияқты айтайын деген пікірдің бәрі айтылады. Мазмұндау –
шығарманың мазмұн мүшесінің ең зоры, онсыз шығарманың мазмұны болмайды.
Мазмұнның қорытуында мазмұндауда айтылған пікірдің қорытылып, маңызы
шығарылады. Қорыту мүше де мазмұн біткеннің бәрінде бола бермейді, бұ да
керегіне қарай болатын мүше [1,13]. Ғалымның осы тұжырымдарын негізге ала
отырып, композициялық – сөйлеу формаларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем мәтін тіліндегі сөз-символ қолданысы
Тахауи Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасы тіліндегі диалектілік сөздердің қолданысы
Т.Ахтановтың өмір жолы және шығармаларының көркемдік қасиеті
Сөйлем құрылымында қолданылатын өзге тыныс белгілері
Боран романы енді
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Т. Ахтановтың прозасындағы соғыс тақырыбы (Қ. Қайсенов Жау тылында, Б. Момышұлы Соғыс психологиясы (академиялық дәрістер), Ә. Нұршайықов Ақиқат пен аңыз, т. б. )
Повесть, роман – идеялық- өркемдік ізденістер
Т.Ахтановтың шығармашылық өмірбаяны
Эмоционалды мәтін прагматикасы
Пәндер