Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдалану әдістемесі және оны эксперимент арқылы тексеру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

I . Тіл сабағында көрнекі құралдарды пайдалану әдістемесінің

ғылыми-теориялық негіздері

  1. Тіл сабағында көрнекі құралдарды пайдалану әдістемесінің

зерттелуі. Көрнекіліктердің түрлері . . .

1. 3. Қазақ тілін көрнекі құралдар арқылы оқытудың педагогика-психологиялық негіздері . . .

II. Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдалану әдістемесі және оны эксперимент арқылы тексеру

2. 1. Қазақ тілі сабағында тиімді қолданылатын әдістің бірі- техникалық құралдар . . .

2. 2. Оқушылардың сөйлеу тiлiн дамытуда техникалық құралдарды пайдаланудың әдіс-тәсілдері . . .

2. 3. Қазақ тілі сабақтарында техникалық құралдарды пайдаланудың ұтымдылығын эксперимент арқылы тексеру . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

3

5

16

19

25

31

48

49

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі : Мектеп реформасы оқу пәнінің мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс - тәсілдерін одан әрі жетілдіру, мектептің өмірімен байланысын нығайту мәселелерін өзара тығыз бірлікте қарастыруды міндеттеп отыр. Сондықтан да орта мектептің жетілдірілген бағдарламасы сабақ барысында тиімді әдіс - тәсілдерді кеңінен қолдануға айрықша маңыз береді.

Сондай әдістердің бірі - оқушылардың байқау, есту, тыңдау, көру қабілетінің ерекшеліктерін ескеретін көрнекі құралдар.

Кейбір мектептердегі оқыту сапасының төмен болуы осы көрнекілік құралдарға тиісінше мән бермеуге байланысты екенін тәжірибе көрсетіп жүр. Көрнекілік құралдар мұғалімдердің шығармашылық ізденісін, әдістеме жаңалықтарына сергектікті, оны сабақ өткізу барысында шебер пайдалана білуді талап етеді.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 8-бабында айтылғандай: «Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту және оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу» -деп көрсетілгендей көрнекілік құралдар арқылы оқыту баланың шығарма мазмұнын көз алдына елестету, қайта жаңғырту қабілетінің дамитынын, бейнелі ойлау, ой дербестігінің пайда болатынын көрсету. Көрнекілік құралдар арқылы оқытылған білім мен тәрбиені оқушы көру, есту қабілеті арқылы бірден зейін аударып, есінде ұстап қалады, байқағыштыққа төселеді және баланың қабылдауын жеңілдетеді, ойының айқын болуын қамтамасыз етеді, естіген, көрген және оқығандарын ұмытпауға, берілген білімді саналы меңгеруге баулиды. Сонымен қатар көрнекілік құралдар арқылы оқыту оқушылардың эстетикалық талғамын шыңдайды, қызығу, сүйсіну, еліктеу сезімдеріне үлкен әсерін тигізеді.

Қазіргі кезде мектеп реформасы талап етіп отырғанындай, білім беру құрылымын жетілдіру, оқытудың тиімді формалары мен әдістері, көрнекілік, техникалық құралдарды неғұрлым кеңінен қолдану міндеті қойылып отыр. Сондықтан жеткіншек ұрпаққа ғылым негіздерінен терең де тиянақты білім беруде, оларды тәжірибелік істерге жаттықтыруда көрнекілік, техникалық құралдардың орны айрықша деп айтуға болады. Осы жоғарыда айтылған мәселелердің бәрі орта мектепте көрнекілік, техникалық оқу құралдарын қолдану мәселесін ғылыми тұрғыда жан - жақты зерттеудің өзектілігін айқындайды.

Зерттеудің нысанасы: Диплом жұмысы орта мектептерде көрнекілік құралдар арқылы оқыту - ең тиімді әрі жемісті әдістердің бірі екендігін зерттеуге арналады.

Зерттеудің мақсаты:

  • 5-6 сыныпта көрнекілік құралдарды қолданудың тиімділігін анықтау;
  • 5-6 сыныпта көрнекілік оқу құралдарын қолданудың кейбір ұтымды жолдарын көрсету.

Зерттеудің міндеттері:

- 5-6 сыныпта көрнекілік оқу құралдарын қолданудың оқыту сапасын арттырудағы маңызын көрсету;

- 5-6 сыныпта оқытуда қолданылатын ұтымды көрнекілік оқу құралдарынының түрлерін анықтау;

- көрнекілік оқу құралдарды сабақтың мазмұнына, қажетіне қарай қолдану мен оларды сабақ үшін таңдай білу жолдарын көрсету.

Еңбекте қойылған міндеттерді шешу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: талдау, жинақтау, сипаттау, салыстыру, қорыту, тәжірибеден өткізу, бақылау, зерттеу.

Зерттеудің әдістанымдық негіздері: Еңбекте психология, педагогика, орта мектепте оқыту әдістемесі салаларында жазылған ірі зерттеу жұмыстары негізге алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Көрнекілік оқу құралдарын тіл сабағында қолданудың психологиялық, педагогикалық негіздері нақтыланды. Көрнекілік оқу құралдарын тіл сабағында қолдану барысында жүргізілетін тапсырмалардың түрлері анықталып, ерекшелігі айқындалып, тиімділігі тәжірибе арқылы дәлелденді.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, жұмыстың ғылыми-практикалық негіздері, жаңалығы берілген.

Бірінші тарау «Тіл сабағында көрнекілік құралдарды пайдалану әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері» деп аталады. Бұл тарауда көрнекілік құралдарды пайдалану әдістемесінің зерттелуі мен даму тарихы, қазақ тілін көрнекілік құралдар арқылы оқытудың педагогика-психологиялық негіздері мәселесі сөз болды.

Екінші тарау көрнекілік құралдарды сабақта пайдалану жолдары және ұтымдылығын эксперимент арқылы тексеру мәселесіне арналады. Бұл тарау үш бөлімнен тұрады: көрнекілік құралдардың түрлері және оны сабақта пайдалану әдіс-тәсілдері, оларды ұйымдастыру жолдары және көрнекілік құралдарды қолданудың ұтымдылығын эксперимент арқылы тексеру мәселесі.

Диплом жұмысының қорытынды бөлімінде жалпы жұмыс мазмұны тиянақталып, ондағы негізгі ой-пікірлер дәлелденді.

I . Тіл сабағында көрнекі құралдарды пайдалану әдістемесінің

ғылыми-теориялық негіздері

  1. Тіл сабағында көрнекі құралдарды пайдалану әдістемесінің зерттелуі. Көрнекіліктердің түрлері.

Қазақстан педагогика тарихы, сондай-ақ қазақ тілі мәселелері Ы. Алтынсарин есімімен байланысты. Ол мектептегі оқу процесінің ғылыми негізінде құрылуын, халықтың жаппай білім алуын, халқымыздың мәдениетінің ілгері дамуын аңсады.

Тіл мамандары кеңес үкіметі тұсындағы ең алғашқы зерттеулерді мектепке керекті оқулықтар мен оқу құралдарын жасаудан бастады. 20-30 жылдарда тіл мамандары тек алфавит, орфография, пунктуация, ана тілі оқулықтары, грамматикалар, сөздіктер және басқа құралдар жасаудың айналасында еңбек етті. 1935 жылға дейін қазақ тілі оқыту әдістемесіне арналған мақалалар ғана жарық көрді. Олар «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі» атты жинақ.

Қазақ тіліндегі тыныс белгілерін оқыту әдістемесін жан-жақты зерттеген - Ш. Әуелбаев. Ш. Әуелбаев «Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясын оқытуға арналған құрылымдық схемалар» атты еңбегі жарық көрді. 1965 жылдан бастап қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына үлес қосушылардың бірі - Б. Кәтенбаева. Оның «Грамматикалық кестелер» және т. б. еңбектері жарық көрді.

Ең алғаш оқытудағы көрнекілікке анықтама беріп, құнды пікір қалдырған Я. А. Каменский болатын. Оның көрнекілік туралы айтқан «Алтын ережесінде»: « . . . бала сезімі қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн. Көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты, жұмсақтығын т. б. байқасын . . . » [1, 361], - деген болатын.

Көрнекілік түсінігі соңғы жылдары айтарлықтай тереңдеп, өзгерістерге ұшырады. Кезінде көрнекілікпен айналысқан В. Т. Балтянский (1970ж. ) : «Изоморфизм плюс қарапайымдылық» деген болатын[2, 11] . Ал А. Н. Леонтьевтің еңбегінде «Ішкі тірек қызмет атқаруы тиіс» делінген. П. Я. Гальперин, Т. В. Кудрявцев және т. б. зерттеулерінде практикалық қызмет процесінде көрнекілік абстрактілі деңгейлі ретінде қарастырылады. В. Г. Балтянский, Э. Г. Мингаузев, В. П. Стрекозин және т. б. бірқатар ғалымдар оқушылардың меңгеретін білімдегі көрнекілік принцитің маңызын атап көрсеткен. Сонымен бірге көрнекілік мәселесіне К. Д. Ушинский де көп еңбек сіңірген.

Көрнекіліктің түрлері көп. Әр тақырыптың ыңғайына қарай көрнекілікті таңдауға болады. Көрнекіліктің түрлерін педагогиканың дидактика тарауында көрсеткен.

  1. Жаратылыс көрнекілігі. Оқушыларды табиғатқа экскурсияға апару арқылы шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жаздыру.
  2. Көлемдік көрнекілігі. Фото, суреттер, картиналар, диафильм, диапозитив, кинодан фрагмент т. б. көрсету арқылы тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыру.
  3. Дыбыстық көрнекілік. Күйтабақ, грампластинка, магнитафоннан үзінді оқып, талдату.

4. Графикалық символдық көрнекілік. Картина, схема, таблица, диограммалар.

Қазақ тілі сабағына тақырыптың ыңғайына қарай, жоғарыда аталған қажетті көрнекілік таңдалады. Сабақ сайын көрнекілік - білімді ынталы игеруге, уақытты үнемдеуге пайдалы.

Көрнекілік әдісі - оқушылардың тілін дамыту, қисынды ойлау қабілетін жетілдіру, өткен материалдарды қайталап, бекіту үшін маңызды әдістердің бірі. Оқушылардың материалдарды саналы түрде меңгеріп, есінде берік сақтауын қамтамасыз ететін көрнекіліктің мәні өте зор. К. Д. Ушинский көрнекілік жайлы: «Бірнеше сезім мүшелері қатысуы арқылы жаңа ұғым адам санасына тез қонады және берік сақталады»[1, 372], - деп оның ұтымды әдіс екенін естен шығармауды ескертеді. Көрнекілік оқушының белсенділігін арттырып, жан-жақты сөйлеп үйренуге бағыт береді. Оқыту үрдісінде көрнекілік принципін жүзеге асыру - қазақ тілі сабағына қойылатын басты талаптардың бірі. Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау немесе суретін көрсету арқылы жүргізілетін сабақ есте жақсы сақталады. Сабақты құрғақ сөзбен түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралдарды пайдаланып түсіндіру тиімділігін мұғалім әрқашан есте ұстауы қажет.

Демек қазақ тілінің әрбір сабағын көрнекі құралдарды пайдалана отырып өткізген жөн. Олардың түрі, көлемі, мөлшері әр сабақ тақырыбына байланысты алынады. Кей жағдайларда оқулықтың өзіндегі материалдарды үлкейтіп пайдалануға да болады. Ал енді осы көрнекілік құралдармен өткізілетін сабақтардың тиімділігіне көз жүгіртейік:

  1. Оқушының таным қабілеттерінің барлығы (елестету, ойлау, жады, қабылдауы, зейіні) қатысады.
  2. Оқушының таным қажеттіліктерін қанағаттандырады (Тілдік карым-қатынас, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, т. б. ) .
  3. Оқушының белсенді сөздік қорын дамытады, оқуға, білімге деген қызығушылықтарын қалыптастырады.
  4. Оқушы жаңа сабақты, материалды оңай қабылдап, тез меңгереді.
  5. Сыныпта басы артық шу, әңгіме болмайды, материалдарды түсіндіруде мұғалім көп қиналмайды.
  6. Көрнекілік пайдалану жеке сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлемге әрі сұрақ-жауап жасап, қарым-қатынас жасауға көп көмек береді.

7. Сюжетті суреттерді колдану - оқушыларды жүйелі сөйлеуге баулиды.

8. Оқушының тілін дамытып, тіл ұстартуға тиімді.

Жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілін түрлі әдіс-тәсілдермен оқытатын ұстаздар үшін бірден-бір тиімді жол - көрнекі құралдарды пайдалана отырып, оқушыларды коммуникативтік тілдік қатынас деңгейіне жеткізу.

Оқыту үрдісінде көрнекілік принципін жүзеге асыру - мектептердегі қазақ тілі пәніне қойылатын басты талаптардың бірі. Кез келген жаңа сөзді көзбен көру, мүмкіндік болса, қолмен ұстап көру оқушының санасында берік орын алады. Оқулықта берілген материалдардан көрнекілік жасап алу өте тиімді. Олардың түрі, көлемі әр сабақ тақырыбына байланысты болмақ.

Ал көрнекіліктің бір түрі - кесте, сызбалар модульдік технологиямен жазылған оқулықтарда басты орын алады. Жыл мезгілі туралы мына сызба арқылы жүйелі таным қалыптастыруға болады.

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда тірек- сызбаларын пайдалану оқушылардың танымдық қабілеттерін, тіл шеберлігін ұштайды.

Тірек сызбасын үздіксіз жүйелі қолданудың нәтижесінде қазақ тілінен оқушылардың білім деңгейінің жоғарылағаны байқалады.

Тірек сызбасын сабақта кеңінен пайдалану- мұғалімнің жан жақты пайдалануына, уақытты ұтымды өткізуіне әсері зор.

Уақыт талабы мұғалімнен сабақты қызықты, тартымды өткізе білуді көп шығармашылық ізденісті, білімділікті, тапқырлықты қажет етеді. Оқушылардың белсенділігін, жеке дара жұмыстануын ынталандыру, жеке көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегініңнәтижесі тиімді болуын талап етеді.

Тірек сызбасы 6-11сыныптардың бағдарламасы бойынша жасалады. Жеке-жеке тақырыптар бойынша беріледі. Тірек схема оқушылардың алған білім дағдыларын тексеруге, өтілген материалды одан әрі тануға, жаңа материалды түсіндіруге бейімделіп жасалады. Әрбір тірек схема үлгісін сыныптағы оқушыларға жететіндей молшерде көбейтуге болады, не болмасатақтаға ілініп қойылады.

Әр сабақта шығармашылықпен көрнекілік таңдап, эстетикалық талғаммен іріктеп, жүйелі түрде қолдану мұғалімнің іскерлікпен жүргізіп отыратын күнделікті жұмысында жақсы нәтижеге жетудің ең тиімді жолы деуге болады.

Кез-келген затты көзбен көріп, қолмен ұстап, я болмаса суретін көрсе, ол баланың есінде ұзақ сақталады. Осы көзқарасқа қытай халқының тәлімдік сөзі арқау бола алады: «Егер маған айтсаң, мен ұмытып кетемін,

Егер маған көрсетсең, мен есіме сақтаймын,

Ал егер менің өзіме ерік беріп, тапсырманы орындатсаң, мен өзімнің мүмкіндіктерімді толық іске асыра алар едім», - деген екен.

Осы дана сөздің айғағындай біз кез-келген лексикалық, я болмаса грамматикалық тақырыпты көрнекілік арқылы оқушыға түсіндіріп, оның өз қабілетіне ерік берсек, жұмыстың тиімді нәтижелі болуы анық. Зерттеу жүргізген ғалымдар сабақты көрнекілік арқылы түсіндіргенде 91% ұқса, тек кұрғақ сөзбен түсіндіргенде 24% ғана ұғатынына көз жеткізген.

Сол сиякты қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекіліктің тағы бір түрі - дидактикалық кеспе қағаздар. Дидактикалық кеспе кағаздар неғұрлым әдемі, эстетикалық талғамға сай жасалса, соғұрлым оқушылардың қызығушылығын жақсы арттырады. Ондай кеспе кағаздарды өткен сабақты қайталауға, бекітуге қолдануға болады.

Көрнекіліктің басқа бір түрі суреттерді пайдалану (жеке кеспе суреттер, сюжетті суреттер) . Мұндай әдіс жақсы нәтижелер береді, оқушылардың тілін дамытуда да өте тиімді. Негізінде еске сақтау қабілетін дамытатын көрнекіліктерді жеңілден қиынға қарай өзгертіп қолдануға болады.

Тіл пәнінің алға қойған мақсатын орындау үшін пән мұғалімі үнемі ізденісте болып, шығармашылықпен еңбек етсе, өз жемісін береді деп сенуге болады.

Көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Көрнекіліктерді пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин де зор көңіл бөлген. "Қазақ жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай көзімен көріп ажырата білулері керек" деп тұжырымдайды ағартушы ұстаз [3, 387] .

Сан алуан көрнекіліктер түрлері педагогика ғылымында жүйеленіп, топ-тастырылған: нақтылы, табиғи көрнекіліктер, символиқалық, графикалық, салыстырмалы көрнекіліктер.

Мектептегі оқыту ісі сабақ мазмұнына байланысты алуан түрлі әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануды қажет ететіні мәлім. Соңдай әдістердің ең ұтымдыларыньң бірі - оқушылардың байқау-көру қабілеттерін дамыту үшін сабақта қолданылатын көрнекі және дидактикалық құралдарды пайдалану. Бұл негізінен мұғалімдердің ізденісіне, әдістемелік жаңалықтарды іске асыра білуіне байланысты болып келеді. Мысалы, оқушыларға көрнекі құрал ретінде заттың өзін пайдаланған тиімді. Бұл оқушылардың қабылдауына жеңіл болып, олардың сабаққа деген белсенділігін арттырады.

Оқушыларға ғылым негіздерінен алғашқы мағлұматтар берілуі, бағдарламада көрсетілген оқу материалдары бойынша пайдаланылатын көрнекіліктер оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне сәйкес болуы қажет. Сабақта оқушылар өздеріне берілетін білімді қабылдау белсенділігін арттырумен бірге, ойын да (салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жүйелеу) жетілдіруі, яғни қабылдау мен ойлаудың себеп-салдарлық байланысы қатар дамиды. Сондықтан негізгі мақсат - оқушыларға бағдарламалық оқу материалдарын сапалы, жүйелі меңгерте отырып оларды ғылыми негіздерімен қаруландыру. Соңдай-ақ оқушылардың қоғамдық өмір жөніндегі ғылыми көзқарасын қалыптастырудың, өздігінен еңбек ете білуге үйретудің, алған білімін тәжірибемен ұштастыра білу дағдыларын жетілдірудің, пәнаралық байланыс жүйесін сақтаудың мәні өте зор. Мәселен, оқу материалының тақырыбына сәйкес мұғалімнің көмегімен оқушылардың өздері дайындаған көрнекі құралдарды сабақ үстіңде пайдалануы олардың танымдық қабілетін арттыратынына дәлелдеудің қажеті жоқ. Бұл бағьтта, әсіресе, қазақ тілі сабағы үлкен рөл атқарады.

Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану грамматикалық ұғымдарды немесе ережелерді түсінуге көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ оқушылардың пікір алысуьша да мүмкіндік туғызады. Көрнекі құрал мұғалімнің сабақта еткен материалдарды қайталау, жаңа материалдарды тусіндіру, бекіту мақсаттарында қолданылуы мүмкін. Сондықтан да көрнекілікті белгілі бір мақсат қоя отырып пайдалану қажет.

Қазақ тілі сабағында жиі қолданылатын көрнекілік - кесте. Ол не схема, бұрын таныс емес грамматикалық материалды нақты түсіндіруге, сөйлем құрылысыи меңгеруге өте ыңғайлы.

Қазақ тіліндегі кестелер мазмұнына қарай: лексикалық, морфологиялық, фонетикалык, орфографиялық және синтаксистік, пунктуациялық болып бөлінеді. Ал қолданылуы жағынан - салыстырмалы, сөзді көрсету, анықтау, түрі жағынан (формасы) жылжымалы болып бөлінеді. Лексикалық кестелер сөздің мағынасын түсіндіруге, оқушының сөздік қорын дамытуға, лексикадан ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады. Лексикалық кестелер мазмұны жағынан әр түрлі болады. Өрнектелуі және жасалуы жағынан кейде сөздің тізімі болуы да мүмкін. Мысалы, сөз және оның мағынасы, сөздің тура және ауыспалы мағынасы, омонимдер, синонимдер, антонимдер, қазақ тілінің сөз байлығы туралы, басқа тілден енген сөздер, көнерген сөздер (архаизмдер) мен жаңа сөздер (неологизмдер), жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдерге, диалект сездер мен кәсіби сөздерге, тұрақты сөз тіркестеріне, мақалдар мен мәтелдерге, сөздіктер мен олардың түрлеріне байланысты мұғалімдер мен әдіскерлердің жасаған кестелері бар.

Осындай мақсатта жасалған кестелер оқушылардың сөздік қорын молайтумен бірге, грамматикадан, орфоэпиядан, орфографиядан тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Фонетикалық және орфографиялық кестелер жазылуы және айтылуы қиын сөздерді меңгерту үшін қолданылады. Әсіресе фонетика тарауын өткен кезде дыбыстар жүйесін саналы меңгерту көптеген ұйымдастыру және шығармашылық жұмыстарды қажет етеді. Мысалы, фонетиканы оқытуға байланысты жасалған мына кестеге көңіл аударып көрелік:

Ұяң дыбыстар
Ұяңмен келген сөздер
Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер
Ұяң дыбыстар:

Б

В

Д

З

Ж

Г

Ғ

һ

Ұяңмен келген сөздер:

Байлық

Вагон

Дала

Зейін

Жаппар

Гүлсім

Ғұмар

Аһ, уһ

Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер:

Ел байлығы жылдағыдан арта түсті.

Бұл вагонда Асқардың ағалары бар еді.

Дала гүлге бөленді.

Айша сабақты зейін қойып тыңдады.

Жаппар ағасының сөзін тыңдады.

Гүлсім оқуға жүріп кетті.

Ғұмардың жолдасы Павел болатын.

Аһ, - деп демімді алдым.

Бұл кестедегі материал бойынша ұяң дауыссыз дыбыстардың фонетикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін (қатаң мен сонор дауыссыз дыбыстарға қарағанда) салыстырып байқайды.

Ал грамматикалық кесте меңгеруі қиын сөздерді түсіндіру мақсатында пайдаланылады дедік. Мысалы, сын есім, зат есім, сан есім, есімдік, етістік жалғау, жұрнақ категорияларын, сондай-ақ құрмалас сөйлемңің жасалу жолдарын меңгеруге орай жасалатын кестелерді қолдану тиімді.

Морфологияны оқытуға байланысты кесте.

Қосымша

Жұрнақ Жалғау

сөз тудырушы сөз түрлендіруші көптік, тәуелділік, септік, жіктік

Жұрнақ

Сөз тудырушы Сөз түрлендіруші

ім ар

Біл - гіш Айт - қан

гір қыз

Сондықтан бұл кестенің құрылысы V сынып оқушыларының жас ерекшелігіне лайықты. Кестеде негізгі мәселе дараланып берілген, яғни жұрнақ жалғанғандағы өзгеріс қандай, жалғау жалғанғанда қандай айырмашшылық болғанын оқушының саналы түсінуіне көмектесетінін көруге болады.

Кесте-схема қазақ тілі сабақтарында жиі пайдаланылады. Әсіресе ол жаңа материалды бекіту кезеңінде көбірек қолданылады. Оқулықты өздігінен байқауға, салыстыруға, белгілі тілдік материалдың көлемімен таныстыруға, абстрактілік қабылдау сезімдерін дамытуға үлкен әсері бар.

Қазақ тілі әдістемесінде құрылымдық схема-кестенің негізін
жасаушылардың бірі - әдіскер Ш. Әуелбаев. Кестелерден мысал
келтірелік [4, 50] .

а) Ыңғайлас салалас

Кілемдей жерім түрленді,

қызғалдағым гүлденді. (Ж. Ж:)

жерім қызғалдағым

кілемдей

ә) Іліктес салалас

Екі тайым бар: бірі ақ, бірі қара. (Ы. А. )

Екі тайым бірі

бар: ақ,

бірі,

қара

б) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас

бағыныңқы сөйлем -п, -ьш, -іп . . . басыңқы

сөйлем

-а, -е, -и . . .

(-қан, -кен) (-дай, дей-)

Жапырағы судырлап, тал сұлуша таранды. (І. Ж. )
Жапырағы тал

судырлап, сұлуша таранды'.

Мұндай құрылымдық схема-кесте арқылы оқушыларға қазақ тілінен негізгі синтаксистік құрылымдарды таныту арқылы пунктуациялық білім негіздерін жан-жақты меңгертуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдаланудың жолдарын зерттеу
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны
Қазақ тілін көрнекі құралдар арқылы оқытудың педагогика-психологиялық негіздері
Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеп, жан-жақты қарастыру
Қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекіліктер мен техникалық құралдар
Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті
Көрнекі құралдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz