Қоршаған ортаның негізгі құрама бөліктері мониторингін жүргізу әдістемесі


Мазмұны
Кіріспе . . . 4
- Әдебиетке шолу . . . 9
1. 1 Қоршаған ортаға әсерді бағалауды өткізудің әдістемелік аспектісі… . . . 9
2 Ортақ табиғи жағдайлар мен ресурстар . . . 17
2. 1 Климаттық және метеорологиялық жағдайлар . . . 17
2. 2 Жер бедері . . . 21
2. 3 Топырақ . . . 22
2. 4 Өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі . . . 23
3 Қоршаған ортаның негізгі құрама бөліктері мониторингін жүргізу әдістемесі . . . 24
3. 1 Мониторинг өткізуге қойылатын жалпы талаптар. . 26
3. 2 Мониторинг өткізу кезінде ластағыш заттар сынсұрыптау әдістемесіне қойылатын талаптар. 29
4 Қалдықтарды көмудің технологиялық сызбасының нұсқасы . . . 42
4. 1 Технологиялық құрал-жабдықтардың, көліктің сипатаммасы. . 42
5 Полигонның шаруашылық қызметінің әсерін қоршаған ортаға кешенді бағалау . . . 47
5. 1 Объекттің атмосфералық ауаға жобаланған әсері . . . 47
5. 2 Объекттің жер үсті және жер асты суларына жобаланған әсері49
5. 3 Объекттің топырақ жамылғысына жобаланған әсері. 51
5. 4 Объекттің өсімдіктерге жобаланған әсері52
5. 5 Объекттің жануарлар әлеміне жобаланған әсері . . . 53
6 Еңбекті қорғау . . . 55
7 Табиғатты қорғау . . . 60
8 Экономикалық тиімділік . . . 62
Қорытынды . . . 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі68
Кіріспе
Ақмола облысының негізгі саласы ауыл шаруашылық болып табылады. Соңғы уақытта шаруашылық субъектілердің ауыл шаруашылық дақылдарын аурулардан, арамшөптермен зиянкестерден қорғауға қолданылатын пестицидтер мен гербицидтерге мұқтаждылық, егіс алқаптарының өсуіне және экономикалық жағдайдың жақсаруына байланысты артып отыр. Өсімдіктерді қорғайтын химиялық құралдардың көп бөлігі өнім ретінде ҚР аумағына шет елдерден түседі және осында пестицидтерді қолданылғаннан кейін босатылған ыдыс қауіптіліктің 2, 3 класс улы қалдықтарға айналады.
Қалдықтардың осы түрінің жиналуы шаруашылық субъектілердің бөлінген жағдайында және пестицидтер мен гербицидтердің ыдыстарын жоюға орталықтандырылған жағдайдың болмауы Ақмола облысы аумағында мамандырылған полигон ұйымдастырылуы қажет екенін көрсетеді.
Мемлекеттің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, Қазақстан экономикасының басты стратегиялық саласы ауыл шаруашылық болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық дағдарыспен қатар келген тәуелсіздік кезеңінде ауыл шаруашылық өнімдері объектілері көп мөлшерде қысқарды. Ауыл шаруашылық үлесі ЖІӨ 1990 жылы 34 %-тен 9, 9 %-ке дейін 90 жылдар аяғында төмендеді. Егіс алқаптарының күрт азаюынан, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің шығарылуы 1/3 қысқарды. Қазақстанның ауыл шаруашылығы өткізу нарықтарынан алыстығынан, артта қалған технологиялар салдарынан, өнімдердің төмен сапасының салдарынан, шетелдік өнімнің әрдайым өсуінен тиімсіз сала болып қалды.
90 жылдары ауыл шаруашылығында реформалар басталды. “Жер реформасы туралы” Заң (1991) Қазақстанда жер қатынастарын қайта құрды. Барлық мемлекеттік меншік негізінен ауылдағы еңбек ұжымдарына ақысыз берілді немесе жартылай сатылды. Әлеуметтік әділдік принципін қамтамасыз ету үшін барлық ұжымдық меншік ұжымның әрбір мүшесіне оның меншіктік пайымен шартты бөлікке иеленуі туралы куәлік берілді. Өздерінің пайлары мен үлестері бар жаңа меншік иелері шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарды ұймдастыруды бастады. Олардың негізгі бөлігі ерікті түрде өндірістік кооперативтерге, акционерлік қоғамдарға және де әртүрлі шаруашылық серіктестік фирмаларға бірікті.
Бүгінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің негізгі бөлігі жеке шаруашылықтармен көрсетілген. Негізінен ол шаруа қожалықтары, олардың саны 122 мыңға жетті. Үлкен рольге халықтың жеке қосалқы шаруашылығы ие болды.
1999 жылдан бастап ауыл шаруашлығында оң тенденциялар көріне бастады. Алдымен өзгерулер өсімдік шаруашылығында болды. Барлық ауыл шаруашылық дақылдар ауданы 16, 8 млн. га болды. Астық шаруашылығы бұрынғыдай өсімдік шаруашылығының басты саласы, астық дақылдары егістік аудандардың 75 пайызын алып жатыр. Астық дақылдарды жиынының құрылымының 80 пайызы бидай, оның негізгі өндірушілері Солтүстік аймақтар. Әлемдік нарықта аса бағаланатын, қатты және жұмсақ сұрыпты бидай өсіруге Қазақстанның солтүстік аймақтарының топырақтық-климаттық жағдайлары қолайлы. Осындай сұрыптар әлемде аздаған елдерінде - Канадада, Австралияда, Аргентинада өсіріледі.
Қазіргі кезеңде егіннің сапасы мен көлемінің ұлғаюы арнайы құралдардың- тыңайтқыштар мен ауыл шаруашылық дақылдарды қорғау үшін егістік алқаптарды пестицидтермен өңдеуді енгізу есебінен болып отыр.
2004 жылдың басында Қазақстан Республикасында ескірген және қолдануға жарамсыз пестицидтерді бастапқы түгендеу аяқталды. Ол “Қазақстан Республикасына Тұрақты Органикалық Ластауыштар туралы Стокгольмдік конвенцияның міндеттемелерін орындауға бастапқы көмек” деген БҰҰ Даму бағдарламасы ЖЭҚ (Жаһандық экологиялық қор ) жобасының шеңберінде өткізілді. Түгендеудің мақсаты- пестицидтердің ескі, есептелінмеген, тасталған, бұзылған қоймаларын табу; пестицидтер мен олардың препараттарының қоспалары арасындағы тұрақты органикалық ластағыштарға жататын заттарды анықтау; қолдануға жарамсыз пестицидтер мен олардан қалған ыдыстар көлемін анықтау еді.
Көбінесе пестицидтер қоймада идентификацияны талап ететін (қымбат физико-химиялық анализ әдістері түрлерімен) қоспалар түрінде болады. Кейде қоймалардың өздерін іздеп табу қиынға түседі, себебі олар иесіз бұзылып қалған.
“Сельхозхимияның” бұрынғы қоймаларын, колхоздар мен совхоздардың бұрынғы қоймаларын, ауыл шаруашылық авиация аэродромдарын қарастыру нәтижесінде барлығы 1500 тоннадан астам пестицидтер мен олардың қоймалары табылды. Оның ішінде тұрақты органикалық ластауыштар 41, 7 тонна. Ал ескіріп көмілген пестицидтер санын әлі есептеу керек. Соңында оларды көмілген жерден алып, тұрақты органикалық ластауыштар туралы Стокгольмдік конвенциясы талаптарына сай жою керек.
Еліміздің аумағында бұрын есептелмеген пестицидтердің көп мөлшері бар. 60-80 ж. ж. әкелініп, қолданылмаған пестицидтер ескі, арнайы бейімделмеген қоймаларда сақталады. Пестицидтердің үлкен көлемі толық бұзылған қоймалар территориясында табылуда, олар туралы мәлімет ресми деректерде жоқ.
Ескірген пестицидтердің жиналуына әкелетін негізгі себептер:
- сатып алынған препараттардың токсикологиялық және экологиялық қауіптілігінің жоғары болуы есебінен қолдануына тыйым салу;
- тиімділіктің жетіспеуінен, нашар сақталуынан және жоғары өрт қауіптілігінен пестицидтерге сұраныстың төмендеуі, ораманың бұзылуы;
- препараттардың сақталу мерзімінің өтіп кетуі.
Қоймаларда сақталып қалған пестицидтердің арасында 40 жыл бұрын ауыл шаруашылығында қолданылған препараттар кездеседі.
Ескіріп қалған пестицидтерді түгендеу өткізілген уақытта барлығы 140 ескірген пестицидтер қоймасы қаралды, оның 57-і жұмыс істейді, қалған 83-і бұрынғы “Сельхозхимияның” толық бұзылған қоймалары. Олардың аумағында пестицидтердің топырақпен немесе минералды тыңайтқыштармен қоспаларының болуы сирек емес. Ортта есеппен пестицидтердің белгісіз құрылымды қоспалары барлық табылған пестицидтердің 72 пайызын құрайды. Бұл қоспалар арасында тұрақты органикалық ластауыштарға жататын пестицидтер бар деп болжауға болады.
Пестицидтерден басқа, олардың ыдыстарын жою мәселесі өз шешімін таппай отыр. Ақмола облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары мен Ауыл шаруашылық Министрлігінің аумақтық комитетімен бірлесіп өткізген түгендеудің нәтижесінде облыс аумағында 50 тонна жарамсыз болып қалған пестицидтер, 9, 45 мың тонна ескірген минералды тынайтқыштар және 8 мың данадан асатын металдық ыдыс бар екені анықталды. Бұлар «тарихи қалдықтар» санатына жатқызылады. Ал бұдан басқа АОАҚОҚБ мәліметі бойынша 2004 жылы облыс аумағына 50 мың пластмасалық ыдыс бар екені анықталса, 2005 жылы бұл 93 мың дана химиялық улардан қалған ыдыс құрады. Соның ішінде 59719дана- 5 литрлік пластмасалық канистра; 8000 дана - 1 литрлік пластмасалық канистра; 4863 дана - 30 литрлік пластмасалық канистра. Қалдық ыдыстар халық үшін өте қауіпті, себебі олар жиі шаруашылық мақсатта, тамақ пен су сақтауға қолданылады. Тұрғындар оның денсаулыққа тигізетін зияны туралы білмейді.
Аймақта экономикалық ахуалдың жақсаруы, ауыл шаруашылық жерлердің көлемінің ұлғаюымен және қалдықтарды жоюдағы орталықтандырылған жағдайлардың болмауымен Ақмола облысының аумағында барлық нормативті талаптарға сай жобаланған полигон керектігін көрсетеді.
Қазіргі кездегі санитарлы-гигиеналық заңнамаға сәйкес рұқсат етілмеген, жарамсыз пестицидтермен олардың ыдыстарын зарарсыздандыру -көму әдісімен іске асырылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанның аумағында тек 2 жұмыс істейтін могильниктар- Қостанай және Павлодар облыстарында бар.
Рұқсат етілмеген жарамсыз пестицидтерді көму әдісі олардың суда ерігіштік қасиетімен және қауіптілік класымен анықталады. Рұқсат етілмеген, жарамсыз пестицидтерді қауіптіліктің класына сәйкес көму әртүрлі арнайы сақтау бункерлерінде жүзеге асырылады.
1 Әдебиетке шолу
1. 1 ҚОӘБ өткізудің әдістемелік аспектілері
Қазіргі уақытта қоршаған ортаға әсерді бағалау үшін біртекті әмбебап әдістемелер жоқ. Бұндай жағдай көпдеңгейлі құрылымдық байланыстары бар экожүйелермен техникалық кешендердің қарым-қатынастарының қиындығынан туып отыр. Статистика жағынан жеткілікті түрде негізділген мәліметтердің болмауы, ең бірінші, әсерді мөлшерлі бағалаудың мүмкіншіліктеріне әсер етеді. Нақты жағдай сапалық әдістерді қоршаған ортаға әсерінің интегралды бағаларды алудың сенімді әрі қолжетерлік етті. Жобаны жасаудың бұл сатысында жобаланған қызметтің көп түрлері үшін мөлшерлік көрсеткіштері жоқ екенін және әсер ету көздерінің тек үлкейтілген көрсеткіштер үшін шамамен алынған мөлшерлік мәндерді анықтау мүмкін екенін ескерсек, берілген ҚОӘБ-да қоршаған ортаға жоспарланған операциялардың әсер етуін бағалау үшін негіз ретінде әсерді бағалаудың жартылай мөлшерлі әдісі алынған. Бұл бағалаудың әдісі ҚР ҚОӘБ процедуралары бойынша методологиялық әзірлемелерде көрсетілген талаптарға негізделген. Оның басты жетістігі экспертті бағалардың көп қолданылуы, сонымен қатар бағалау үшін қолданылатын көрсеткіштердің мөлшерін ойлы шектелуі мен олардың сәйкес келуін қамтамасыз етуі болып табылады [2] .
Қоршаған ортаға полигон қызметінің бастапқы бағалауы бірнеше кезеңдерде орындалады. Бірінші кезеңде, сапалық көрсеткіштерді қолдана отырып, әлуетті (потенциалды) мәнді әсерлерді анықтау үшін шаруашылық қызметінің негізгі аспектілердің (түрлердің) мүмкіншілікті зардаптарын экспертті экспресс анализ орындалады. Бұл әсерге баға беру кезінде негізгі көңіл қоршаған ортаның компоненттеріне көбірек мәнді әсерлерге аударылуы үшін істеледі.
Әсердің деңгейін бағалау үшін экспертті экспресс-анализ кезінде қолданылатын критерийлер тәуекелді бағалаудың ортақ 5 балды шәкілге негізделген. Шәкіл берілген тәуекелді 1- ден (әлсіз) 5-ке (апатты) дейін жіктейді. Бұл принцип сапалы көрсеткіштер негізінде әсерді бағалау үшін қолданылады ( Кесте 1) .
Кесте 1 - Теріс сапалы көрсеткіштер
Қосымша көрсеткіштер кешен бойынша жұмыстардың нәтижесінде әсердің аз мәнге ие (шамалы) немесе оң деңгейлерін көрсету үшін қолданылады. Бұл жетістіктер 2 кестеде көрсетілген көрсеткіштерді қолданылумен жіктеледі. Кесте зиянды не оң әсерге әкелмейтін іс-әрекетті көрсету үшін қолданылатын арнайы сапалы әсер -«шамалы»-деңгейінен басталады [3] .
Кесте 2 - Оң сапалы көрсеткіштер
Әрбір көрсеткіш қоршаған ортаның негізгі компоненттеріне және төменде көрсетілген жоба бойынша жұмыстардың аспектілеріне қолданылады.
Кесте 3 - Қоршаған ортаның негізгі компоненттері және жоба бойынша жұмыстардың аспектілері
Бағалаудың екінші кезенінде қоршаған ортаның компоненттеріне аса мәнді әсерлер үшін алынған әсерлер классификациясы нақтыланады.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау үшін әсер етудің негізгі үш көрсеткіштерін қолдануға қолайлы болады: оның кеңістік және уақыттық масштабтары, сонымен қатар мөлшері немесе қарқындылығы [3] .
Әсердің көрсеткіштерінің анықтамалары 4 кестеде берілген градациялар бойынша анықталады. Әсер көрсеткіштерінің ұсынылған критерийлер мен градациялары (штаттық) -қалыпты режимде де, апатты жағдайларда да іс-әрекеттің әсерін бағалау үшін қолданылады. Соның ішінде әртүрлі көрсеткіштер бойынша әсерді бағалау мүмкіндігінше тәуелсіз қаралуы керек. Тек бұл жағдайда ғана әсердің қандай да түрі туралы, экологиялық мәні туралы объективті түсініктемесін алуға болады, өйткені едәуір радикалды әсер ету, егер қысқа мерзімде немесе нүктелі болса экологиялық жағынан қолайлы болуы мүмкін.
Жазықтық масштабтардың градациялары бойынша бөлінуі (аумақта) әкімшілік алаңдарды, аумақтарды ландшафты дифференциациясы кезінде әдетте қолданылатын пайда болулардың географиялық мөлшерлеріне негізделеді.
Кесте 4 - Әсердің жазықтық масштабы (ауданы)
Уақыттық масштабтардың градацияларға бөлінуі табиғи процестердің өзгергіштігіне байланысты. Айталық, қысқа мерзімді әсер өзінің ұзақтығы бойынша табиғи процестердің синоптикалық өзгергіштігіне сәйкес. Уақытша әсер мезгіл ішіндегі өзгерістер ұзақтығына сәйкес. Ұзақ мерзімді қоршаған ортаның мезгіл аралық өзгерістердің ұзақтығына, көпжылдық және тұрақты -қоршаған ортаның жыл аралық өзгерістердің ұзақтығына сәйкес [2] . «Қоршаған ортаға әсер ету көзінің іс-әрекетінің (жұмыстың) ұзақтығы» және «әсер ету ұзақтығы» айырмашылығын анық айыру керектігін атап айту қажет. Мысалы, мұнайдың апатты төгілуі бірнеше сағаттың ішінде, ал оның кері әсері бірнеше жылдарға созылуы мүмкін.
Кесте 5 - Әсердің уақыттық масштабы (ұзақтығы)
Әсердің өлшемінің (интенсивтілігінің) градацияларға бөлінуі табиғи ортаның өзгергіштігіне және оның қайта қалпына келу мүмкіншілігіне негізделген [3] .
Кесте 6 - Әсердің өлшем масштабы (интенсивтілігі)
Қоршаған ортаның бөлек компонентіне жобаланған қызметтің мәнді (интегралды бағасы) әсерін анықтау үшін жүргізілетін бағалаудың үшінші кезенінде қоршаға ортаның берілген компоненті үшін алынған әсердің көрсеткіштердің кешендірілуі жүргізіледі. Әсердің мәнділігі үш градация бойынша анықталады.
Кесте 7 - Жобаланған қызметтің табиғи ортаға әсердің мәнділігін (интегралды бағасын) анықтау
- іс-әрекет үлкен алаңда (физикалық ортаның) кері өзгерістерді тудырады;
- іс-әрекет экожүйелерге табиғи өзгергіштігінің шектерінен тыс болатын өзгерістерді тудырады, экожүйелердің қалпына келуі ұзақ немесе мүлдем болмауы мүмкін;
- іс-әрекет физикалық ортада локальді кері әсерді тудырады;
- іс-әрекет экожүйелерде табиғи өзгергіштігінің шегінен аса алатын кері әсерді тудырады; экожүйелер толық қалпына келу мүмкіндігін сақтайды;
Кешендіру үшін - ирригациондық-дренаждық құрылыс объектілерінің қоршаған ортаға әсер туралы барлық мәліметтерін есепке ала отырып, сараптамалық бағалау әдісі қолданылады.
Әлеуметтік - экономикалық аспектілеріне әсерін бағалау үшін анықтамалары кестеде көрсетілген басқа градациялар мен критерийлер жасалынған. Әлеуметтік - экономикалық аспектілерге әсерді бағалау үшін критерийлер табиғи орта үшін алынған тәртіп бойынша алынған. Олардың айрмашылығы нақтыланып бейнелеуінде болып тұр, ол бағаланатын позициялардың мөлшері көп болатын әлеуметтік - экономикалық ортаның ерекшелігімен байланысты. Әлеуметтік - экономикалық критерийлер бар тәжірибенің негізінде оңай болжай алатын әсердің тек жазықтық масштабтарын бейнелейді. Оларды уақыттық масштаб келтірілмейді, өйткені әлеуметтік позицияларды іске асыру әкімшілдік басқару шешімдеріне тәуелді және олардың іске асырылатын уақытын алдын ала білу мүмкін емес.
Әлеуметтік - экономикалық салаға оң және кері әсердің жазықтық масштабтары өсірім тәртіппен алынған және әсерлердің келесі деңгейлеріне сәйкес келеді:
• әлсіз - жобаның объектілерін орналастыру аумағында әсер;
• қалыпты - жақын орналасқан тұрғын пунктілеріне әсер;
• орташа - әкімшілік ауданның аумағында әсер;
• қатты - облыс аумағында әсер;
• ұлттық - Республика аумағында әсер.
Критерийлерді бейнелеу мөлшерінің көптігі ҚОӘБ құрамындағы әлеуметтік - экономикалық аспектілерді нақтылап қарастырудың керектігіне байланысты. Критерийлер мөлшерінің көптігі сонымен қатар таблица құрылымына қиын жатқызылатын экономикалық және әлеуметтік саланың ерекшелігімен байланысты [2] .
Берілген кезеңде едәуір жеңіл бағалана алатын әлеуметтік - экономикалық критерийлер, тек жазықтық масштабтарды қамтып көрсетеді. Әлеуметтік - экономикалық аспектілерге уақыттық масштабына әсерді бағалау қиын, себебі әлеуметтік және экономикалық позицияларға көптеген әсерлер ұзақ уақытымен ерекшеленеді.
2 Ортақ табиғи жағдайлар мен ресурстар
2. 1 Климаттық және метеорологиялық жағдайлар
Өсімдіктерді қорғайтын құралдарды көму мен жою полигоны құрылысының алаңы Симферополь ауылынан солтүстікке қарай 5 км қашықтықта, яғни Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Симферополь ауыл аймағының Озерное деген жойылған ауылының аумағында орналасқан.
Құрылыс алаңы ауданның климаттық ерекшеліктері бойынша құрғақ дала белдемінде, құрғақ бетегелі - бозды дала белдемшеде орналасқан. Климаты шұғыл континенталды. Ауа температурасының жылдық және тәулік үлкен толқулары, жыл бойы жер режимінің жоғары белсенділігі, шаң дауылдары, тұман, борандардың жиі қайталануы байқалады. Негізгі климат қалыптастырушы фактор- күн сәулесі, оның ұзақтығы жылына 2200 сағат құрайды, максимумы шілде айына келеді. Жылдық жинақ радиациясы 112 ккал/см 2 -қа дейін жетеді.
Облыс аумағына негізгі 3 түрлі ауа массалары келеді: артикалық, полярлы, тропикалық. Жылдың суық уақытында ауа райы көбінесе азиаттық антициклонның батыс сілемдері (отрог) анықтайды. Қыста ашық ауа райы қалыптасады. Антициклондық режим көбінесе көктемде сақталады, ал бұл түнгі үсіктермен және күндізгі ауаның жоғары температурасымен тұрақсыз, желдік, құрғақ ауа райына әкеледі. Жаз уақытында дала жазықтарының үстінде ауаның интенсивті жылынуының әсерінен бұлтсыз, құрғақ, ыстық ауа райы қалыптасады. Қаңтардың орташа температурасы Ақмола облысында 16 0 -тан оңтүстік шығыста, 18, 5 0 -қа дейін солтүстік-батыста аутқиды. Шілденің орташа температурасы 18, 5-22, 5 0 С.
Жылы кезеңнің ұзақтығы 194-202 күн, суық 163-171 күн. Аязсыз кезең 105-130 күн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz