Бастауыш сынып оқушыларының танымын дамытуда ойын әрекетінің ықпалы


«Көкше» академиясы
«Психология» кафедрасы
Қорғауға жіберілген күні: ««2010ж
Кафедра меңгерушісіКукубаева А. Х
Салимова Айгерім
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
“ Бастауыш сынып оқушыларының танымын дамытуда ойын әрекетінің ықпалы”
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Болатбекова. Н. Ж.
Көкшетау 2010 ж
Жоспар
Кіріспе 1- 2 б
I. Бастауыш сынып оқушыларының танымын дамытуда ойын әрекетінің ықпалы
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының мінез - құлық және танымдық ерекшеліктеріне сипаттама. 3 - 15 б
1. 2 Бастауыш сынып оқушылары іс - әрекеті және жетекші іс - әрекет ретінде ойынның психологиялық сипаттамасы. 16 - 25 б
- Балалар ойынының әлеуметтік мазмұны. 26 - 35 б
II. Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда ойынның жетекші іс - әрекет ретіндегі рөлі.
- Ойынның баланың таным деңгейінің дамуындағы рөлі. 36 - 42 б
2. 2 Танымдық деңгейлерін анықтаудағы тәжірибелік зерттеулер. 43 - 55 б
Қорытынды 66 - 68 б
Қолданылған әдебиеттер тізімі 69 - 71 б
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Балалар ойыны мәселелері, біз үшін балалық шақтағы дамып - жетілу деңгейіне терең үңіліп, мән беруімізге үлкен әсерін тигізді деп айта аламыз. Осы мәселені шешуде қазіргі балалар психологиясы, балалардың рухани өмірінің мән - мағынасын түсінуге айтарлықтай мүмкіндік алды. Балалар ойынының анализі балалық шақтың елеулі жақтарын, балалық шақтың өзіндік ерекшеліктерін және олардың ішкі жан - дүниесіне терең үңілуге мүмкіндік берді. Алғаш рет неміс ақыны, философ Шиллер балалар ойынына өзінің атақты «Эстетикалық тәрбие хаттарында» айрықша мән берген. Ол ойынды адамдардың эстетикалық өмірімен байланыстырған. Ол философиялық тұрғыдан өте терең қарастырылып, бостандық жайлы уағыздармен байланыстырылған.
К. Гросс теориясында ойын әртүрлі физикалық және психикалық күш жаттығулары ретінде қызмет етеді деп айтылған. Оның ойынша балалар ойынын сырттан бақылап тұрса, оның қимыл - қозғалыс, сезім, көз қозғалыстарын, сонымен қатар зейін, бақылу, ойлау қабілеттерін дамытуға көзделген әрекет екеніне көз жеткізуге болады деген. Сондықтан да ойын әрекеті баланың дене мүшелерімен қатар психологиялық даму деңгейіне әсер етеді деген пікір өте орынды айтылған.
Балалар ойынын бүге - шүгесіне дейін зерттеуді қолына алған К. Гросс өзінің Die Spiele der Menschen атты үлкен кітабында - ойын балалар дамуына шын мәнінде үлкен ықпал етеді деп дәлелдеген. Сырт көзге үстіртін қарағанға мақсатсыз болып көрінетін ойындар, жоғарыда айтылған фактілер бойынша жоғары мақсатты көздеген әрекет түрі болып есептелінеді.
“ Х Х І ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет, ”-деп Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында білім беру саласының алдына үлкен міндеттер қойды. Бұл міндеттердің мақсаттарын ол “Қазақстан - 2030” еңбегінде былай деп көрсетеді: “Әлемдік білім беру кеңістігінде ықпалдасқан және еңбек рыногында бәсекеге қабілетті мамандар дайындауды қамтамасыз етуші білім беру жүйесінің ұлттық моделін қалыптастыру”.
Қазірдің өзінде білім беру жүйесінде күрделі реформалық өзгерістер жүзеге асырылуда . Еліміздің саяси-экономикалық даму деңгейінің жоғарылауына байланысты жалпыға бірдей білім беру талаптары да өсуде.
Қазақстан Республиласының “Білім туралы” заңының 8-бабында
білім беру жүйесінің басты міндет і былай көрсетілген: “Білім беру
жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптасты-
руға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. ”
Сондықтан 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңге-йін, оқулықтар мен білім беру бағдармаларының сапасын арттыру керек.
Әсіресе, мектепті жаңа сипат пен санаға ие болып отырған әлеуметтік ортаға нақтылы кіргізу тұжырымдамасын жан-жақты қарап және іске асыра отырып, қысқа мерзім ішінде білім беруді инфрақұрылым тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін шешу дәл қазіргі уақытта өте маңызды болып отыр.
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.
Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі тәсіл-дерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде
шығармашылық ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын
жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Білім алу балалардың ойлауын дамытудың міндеттері шарт болып табылады.
Ойлау әрекеттерінің қалыптасуы мен жетілуі ойлаудың негізін құрайды.
Бала қандай білімді игеріп, оларды қалай пайдалана білетіндігі оның қандай ойлау іс-әрекеттерін игеру сыртқы бағдарлау іс-әрекеттерін игеру мен бойға дарытудың жалпы заңы бойынша өтеді. Осы сыртқы іс-әрекеттердің қандай және оларды бойға дарытудың қалай өтетіндігіне байланысты баланың қалыптасып келе жатқан ойлау іс-әрекеттері, не бейнелер іс-әрекеттері формасын, не сөзбен сан сияқты белгілер, іс-әрекеттер формасын қабылдайды.
Бастауыш сыныпта адамның тума қасиеттеріне қоса, өсе қалыптасатын адам бойындағы психикалық қасиеттердің негізі қаланып, даму барысында әдетке айналуы анық. Сондықтан да ғалымдарды бастауыш сынып оқушыларының потенциалдық мүмкіндіктерін анықтау және дамытудың тиімді бағытын таңдау мәселесі толғандырады. Осы бағыттағы зерттеулер нәтижесін пайдалану, балаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі, еңбек қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ұжымшылдық сезім жеті-сегіз жасар балада оншама дами қоймайды. Балалар “біз”деудің орнына “мен” деп айтқанды жақсы көреді. Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды “мен” бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, өзіндік сезімі туады. Мұндай “мен” бейнесі кез келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді. Бірақ та бастауыш мектеп кезеңіндегі оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек “мен” деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай - осы жөнінен де алып қарауға болады. Мәселен, мектеп есігін тұңғыш ашқан бала мұғалімнің бүкіл сыныпқа жасаған ескертуін өзіне қатысы жоқ деп есептейді. Балаларға “біздікі” деген ұғымды үйретудің өзі мұғалімнің үлкен шеберлігін қажет етеді. Мұндайда мұғалім барлық нәрселердің жалпы жұртқа ортақтығына баса назар аударады. Мәселен, балалардың тұратын үйі, мектеп, емхана, көлік т. б. нәрселердің бәрімізге ортақ екендігін айтып түсіндіреді. Мектеп айналасына басқа балалармен бірлесіп гүл егетін болса, енді оны “біздің гүліміз” деп үйрету қажет. Осындай алғашқы тәрбиелік істер қайталана берсе, біртіндеп баланың мінез бітісі қалыптасады. Үшінші, төртінші сынып оқушылары мектеп жұмысына белсене араласа бастайды. Сондықтан да олардың ұжымдық қасиеті анағұрлым жоғарлай түседі.
Баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйреніп, тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы стихия әр түрлі ойындар болып табылады. Алты-жеті жасар бала мектеп табалдырығын аттасымен-ақ оқушы болады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап, ол біртіндеп басымдылығын жоғалта бастайды. Бастауыш сынып оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық түрткілерін (мотивтерінің түрлері) елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болып табылады. Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін негізгі үш түрлі қиындық жиі байқалады.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының таным деңгейінің дамуындағы ойын әрекетінің рөлін теориялық тұрғыда негіздеп анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
А) Ойын әрекетінің баланың таным деңгейіне ықпал етуін анықтайтын әдістерді таңдау
В) Балалардың жалпы танымдық ерекшеліктерін зерттеу
Зерттеу объектісі. СҚО Уәлихан ауданы Қаратерек ауылы 1-4 сынып.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану; бастауыш сынып оқушылардың оқу үрдісін бақылау; оқушылармен әңгіме жүргізу, сауалнама алу, қорытындылау.
Ғылыми болжам: Балалар ойындарын тек физикалық тұрғыдан дамып жетілу көзі деп қана емес, ой қозғалысына тікелей әсер ететін әрекет түрі ретінде қарастыру.
Зерттеу пәні. Бастауыш сынып оқушыларының таным деңгейін анықтау. Тест, ойын түрлері.
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының мінез - құлық және танымдық ерекшеліктеріне сипаттама.
Көптеген ғасырлар бойы адамдар балаларды не нәрсеге және қалай оқыту, оларды қалай тәрбиелеу керек екендігін ойлап келген. Бірақ баланы түсіну, білу үшін оның айналасындағы дүниені қалай қабылдайтыны, оны қалай жадында сақтайтыны, ойлайтыны, қайғыратыны жөнінде қамқорлық жасаушылар аз болған. Мұндай мәселелер тіпті тумаған. Баланың психикасын педагогтар - ғалымдар мен тәжірибе жүргізушілер (практиктер) ешбір ерекшеліктерді көрмеген. Олар балаға жетілмеген ересек адам ретінде қараған. Өзінен - өзі болып жатқан түсінікті нәрсе оның күйзелісі, қабілеті де үлкен адамдардағыдай тек аз көлемде ғана деп есептелген. Бала материалды жадында аз көлемде сақтайды, оған материалды көбіректе жиі қайталау қажет. Ол сонда ғана жадында ұстайды, оның бір нәрсеге өз зейінін шоғырландыру мүмкіндігі аз, үлкендерге қарағанда ол тез шаршағыш келеді, оның сезімі күштірек, бірақ уақыты жағынан қысқарақ, ойлау қабілеті аумалы тағыда басқа мүмкіндігі аз. Басқаша айтқанда, бала - сол ересек адам, тек кішірейген түрде, кәмелетке жеткен адамға қарағанда, балада бәрі де кішкене, ал басқа бір нәрселер мәселен: қиқарлықтар, қозулар, ширақтықтар, онда көбірек болады.
Француз педагогы Жан Жак Руссо “Бала кішкентай ересек адам емес ” деп - жалпы қорытынды жасады. Ол үлкен адамға қарағанда басқаша ойлайды, сезінеді, қабылдайды. Бірақ кейінірек үш ғасырдан кейін көптеген зерттеулер балалардың қабілеттері, олардың байқаулары, еске сақтауы, пайымдаулары, күйзелістері осыған сәйкес үлкен адамдардың көріністерінен сан жағынан біраз айырмашылығы болса, сонша едәуір сапалық ерекшеліктері болатынын сенімділікпен көрсетіп берді. Сонымен бірге олар әр түрлі жас ерекшеліктегі топ балаларында да әр алуан.
Психологияның міндеті - психикалық даму заңдылықтарын ашу және оның өсіп келе жатқан адамның жан - жақты дамуын басқарудың бүкіл процесін жетілдіру үшін пайдалану болып табылады.
Сонымен қорыта айтқанда, бала психологиясы - баланың психикалық даму факторлары мен заңдылықтарын: оның іс - әрекетінің дамуын, психикалық процестерінің және сапаларының дамуын, оның жеке басының қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Баламен психологиялық және педагогикалық жұмыс істер алдында ең алдымен балаға табиғатынан не берілгендігін және ортаның ықпал етуінен не алғандығын психологияда адамның мінезі туғаннан болатындығын (темпераментті) органикалық талаптарға байланыстырып және әлеуметтік талаптарға байланыстырып реттей білу керек. Мұндай кезде психодиагностика өткізуді талап етеді, оның орындалуы адамның қасиетіне және психо - педагогикалық эксперимент қалыптастыру саласына байланысты. Егерде эксперимент кезінде зерттелушінің оқу қасиетімен тәрбиесін қалыптастыруға болмайтындығы дәлелденсе онда (организмнің) ағзаның жетілуі, биологиялық деңгейде көрінеді және кеңейеді, сондықтан бұл сапаны немесе қасиетті биологиялық тума қабілет деп есептеуге болады. Адамның тума қабілет дамуы, қабілеттілігіне айналуы, оқыту мен тәрбиенің бір есебі, бұл білім психологиясыз шешілмейтін есеп.
Тума қабілет құрамына және саласына көп процестер кіреді яғни адамның жағдайы мен қасиеті.
Керек қабілетін жинап қабілеттілік олардың даму деңгейін іске асырады. Даму қабілетінің психологиялық білім құрылысы оқу мен тәрбие жұмысына әдістерді дұрыс таба білуге, оларды қалыптастыру заңдылықтары қажет.
Мектепке дейінгі естиярлар мен ересектердің ойлауының көрнекі схемалық сипаты олардың іс-әрекетерінің көптеген ерекшеліктерінен көрінеді. Осындай көріністердің бірі бала суретінің схемалық, онда негізінен бейнеленетін заттардың негізгі бөліктерінің байланысы көрсетіледі, дара белгілері болмайды.
Мұндай түрде жүйелі түрде сурет салуға үйретілмеген балаға тән. Балалар ойлауының схемасының екінші көрінісі - олардың түрлі кейіптегі схемалық бейнелерді өте оңай да тез түсініп, оларды табысты пайдалануы. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар 5 жастан бастап бір рет түсіндірген соң бөлменің жоспары деген не екенін ұғына алады және жоспардағы белгіге қарай отырып бөлменің ішінде жасырылған затты тауып алады. Олар заттардың схемалық бейнелерін таниды, картаға ұқсас схемалар т. б пайдаланылады. Осыған ұқсас тапсырмаларды дұрыс шеше білу бейнелері негізінде, пайымдаудан белгілерді пайдаланылатын пайымдауға яғни дерексіз, логикалық ойлауға көшуді қажет етеді.
Бұл уақытта бала бір затты белгілеуге өзге бір заттың суреттің сөзінің көмегімен оның орнын ауыстыруға болатындығын түсіне бастайды.
Логикалық ойлау кейінірек бейнелі ойлаудың негізінде қалыптасады. Ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Бейнелі ойлау мектепке дейінгі баланың өмір жағдайлары мен іс-әрекетіне, ойында, сурет салуда, құрастыруда төңірегіндегілермен қарым-қатынас жасауға оның алдында пайда болатын міндеттерге жоғары дәрежеде сәйкес келеді. Міне сондықтан-да мектепке дейінгі шақтағы бала бейнелерге негізделген, үйренуге берілген келеді. Барлық осы жайдайларды есепке алу мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелі ойлауын дамытуға ерекше назар салуды қажет етеді. Дерексіз логикаға ойлауға келсек, оның қалыптасуын баланый ғылыми білімдердің кейбір негіздерімен таныстыру қажет болғанда пайдалану керек. Соның өзінде де баланың ойлауын қалайда бүтіндей логикалық етіп шығаруға тырысудың қажеті жоқ.
Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін
арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.
Оқу және тәрбие бағалы болады егер баланың психологиялық даму деңгейі жоғары жүргізілген уақытта ғана бағалы бола алады. . Бұл деңгейде анықтап, даму немесе қате жүргізіліп жатқанын кейбір мөлшермен оны салыстыру керек. Мұндай ғылыми кезде нормаларын психологтар атқарады, орындайды, сарап жасап шығарады, олар баланың психологиялық тест әдістерін мектепке ұсынады, жүйеленген тест қолданылғанда, баланың қалай жетілуін айқындайды және уақытында педагогикалық, психологиялық қажетті шараларды пайдалануын, жетіспеген қасиеттерді түзетуге бағыттайды.
Педагокикалық және психологоиялық тәжірибелік оқу жұмысында бір бөлігінде дұрыс жетілген бала және дамуы бөгелеген баланы, дарынды баланы анықтау. Соңғы екі категориядағы балалар өздерінен нақты зейінді талап етеді. Қатарынан қалғандар олар мектеп бағдарламасын нашар қабылдайды, нашар меңгереді, ал дарындылар өз мүмкіндіктерін дамыту үшін толық пайдалана алмағандығының себебінен.
Психологиялық педагогикалық мәселенің негізгі қиындығы, психологтың қатысуынсыз дұрыс шешілмеуі мүмкін. Бұл себеп баланың дамуынан, оқуынан, тетелестерінен артта қалуымен айқындалады, ал дарынды балалардың дамуына жақсы мүмкіндіктердің жоқтығы. Мұнда сонықтан мұғалімге білікті, білімді психологиялық көмек қажет. Қай тәжірибеде болмасын баланың оқу және тәрбие жұмысында мұғаліммен психологтың бірігіп жұмыс атқаруын қажет етеді: олардың бірікпей жеке-жеке жұмыс істеуі жұмыстарының жетістігіне апармайды.
Баланың қолынан келмейтіні көп. Бірақ біз тек сәбидің әлі де қолынан келмейтініне, әлі де істей алмайтынына ғана көңіл аударар болсақ, онда біз ересектерге тән жаңа қасиеттердің, сапалардың қайдан пайда болатынын ешқашан түсінбес едік. Сондықтан баланың бойында не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді дегенді анықтау әлде қалай маңызды.
Баланың дамуы үлкендерді үнемі таңдандырады, әр қуанышқа бөлейді. Ол бүгінгісі кешегісіне, ал ертең бүгінгісіне ұқсамайды.
Жаңа туған сәби қандай болады? Ол бағым-күтімсіз бір күнде өмір сүрерлік қабілеті жоқ, өздігінен қозғала да алмайтын, тамақтану да қолынан келмейтін айналасымен қарым-қатынас жасауға да мүлдем дәрменсіз тірі жан.
Енді мына біздің алдымызда үш жасар бала дерлік. Бұл өзінің ерекше ішкі дүниесі, өзіңдік тілегі, әдеті, талғамы бар, көп жағдайда өз дербестігін көрсетіп, оны табандылықпен сақтай алатын адам. Ол жүруді, қолын сілтеп әр-түрлі қимыл жасауды ғана емес, сонымен бірге киімдерді, ыдыс-аяқты, жиһазды, қарындашты, кішкене күрекшені, адам жасаған басқа да көптеген дүние-мүлікті қолдану тәсілдерінде игереді. Үш жасар бала сөйлей біледі, 1000-нан астам сөз біледі, граматикалық жағынан байланысқан сөздер құра алады, айналасындағылардың бәріне қызыға қарап, сан түрлі сұрақ қояды. Ойнаған кезде көбіне үлкендерден көргенін істеп, соны өзінше қайталайды. Ақыл-ойының жетілуі жөнінен ол ең бір дамыған жануарлардан әлде қайда озық. Адамға ұқсас маймылдардан өздері шеше алмайтын міндеттерді шешу балаға қиындық келтірмейді, ол ойлаған кезде өзінің жартусыз тәжірибесін ғана емес, үлкендердің біртіндеп үйреткендерін де пайдаланады.
Тағы да төрт жыл өткен соң бала мекттеп есігін ашады. Бұл кездегі өзгеріс үш жасар уақыттағыдан әлде қайда басым. Бала-бақша “Түлегі”-адамзат қоғамының кішкене мүшесі. Олардың алдынан адамзат қылығы мен өзара қарым-қатынасының кең жазирасы ашылған. Ол өз іс-әрекетін құрбы-құрдастарының іс-әрекеттерімен үйлестіруге, қиын жағадайдажолдасына көмектесуге, өзінің және басқаларының қылықтарына қоғамдық моральді қарпайым нормалар тұрғысынан баға беруге үйренген. Оған адамның көңіл-күй толғаныстары түсінікті. Бала нені тек мейлінше күрделі іс-әректтерді орындауга емес: өз ойларын, ойын, сурет салу, құрастыру кездерінде дербес жүзеге асыруға қабілетті. Ол бірқатар білім, іскерлік пен әдеттерді игереді- санауды (кем дегенде, онға дейін) қарапайым арифметикалық есептерді шығаруды үйренеді, әріптермен танысады. Оның қабылдауы, есі, ойлауы ырықтылықты, басқаруды игере бастайды. Өз-өзінен қызықты, тартымды ғана емес, сонымен бірге әлде бір мақсатқа жету үшін (құрбыларының қолдануына ие болу, тәрбиешінің мадақтауын есту үшін) үйрену қажет нәрселерді де тыңдау, көру, есте сақтау ойластыру мүмкіндігі пайда болады.
Бұл өзгерістердің бәрі кездейсоқ емес, өзінің себептері бар заңды сипаттағы нәрсе. Егер кейбір балаларда бұл процесс басқаша жүрсе, онда дамуда ауытқушылық бар деуге-дамуының озық жүруі кеш қалуы немесе дұрыс еместігі туралы олардың да әрдайым белгілі бір себептері бар екенін айтуға болады. Даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру-балалар психологиясының маңызды міндеті.
Балалар психологиясы тек балдырғанның психикалық дамуын, психикалық дамудың әрбір сатысын сипаттайтын негізгі компоненттерді зерттейді. Бойының өсуінін, салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін, нерв жүйесінің құрылымы мен жұмысының жетілуін, ішкі секреция бездерінің жұмыс атқару өзгерістерін-дамудың осы жақтарының бәрін жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясы зерттейді.
Әр-түрлі жастағы балалар, олардың пихикалық даму тұрғысынан алғанда да алдымен іс-әрекетің оларға тән әрі лайықты түрлеріне қарай өзара ерекшеленеді. Мәселен, бір жасар сәби негізінен қолына түскен нәрсені соғып, сілкілеп, бір ойыншықты екіншісінің үстіне қойып, ұрғылап қимыл жасаса, мектеп жасына дейінгі бала құрастыру мен шұғылданады, текшелерден үй тұрғызады, сурет салады, жапсырады, ойын үстінде қошаған өмір оқиғаларын, сүйікті ертегілер сюжеттерін қайта жасап жаңғыртады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz