Математика пәнін оқудағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудағы негізгі әдістеме



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.Оқушыларды математика пәнін оқытуда танымдық қызығушылықты
қалыптастырудағы теориялық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1.1 Математика пәнін оқыту процесіндегі танымдық қызығушылығын
қалыптастырудағы психологая-дидактикалық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Танымдық қызығушылықты қалыптастырудың проблемаларының тарихи-
педагогикалық аспектілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .11
1.3 Танымдық қызығушылықтың қалыптасудағы өлшемі және деңгейлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4
1.4 Жаңғырту және шығармашылық қызыметтің жалпы сипаттамасы ... ... 22

2. Математика пәнін оқудағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын
қалыптастырудағы негізгі әдістеме
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

2.1 Оқу барысындағы танымдық қызығушылықты қалыптастыруға көзделген
оқулықтардағы есептер жүйесінің талаптары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.2 Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын қалыптастырудың әр-түрлі
жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..32
2.3 Математика сабағындағы оқушылардың танымдық қызығушылығын
қалыптастыруды зерттеу нәтижелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...52

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
4

Кіріспе

Адам айналасындағы сан алуан заттарға ерекше көңіл бөліп, қызығып
отырады. Қызығуда үлкен орын алатын психикалық әрекетттердің бірі – тілек.
Адам бір нәрсені тілейді, бір нәрсені қалайды, мұның бәрі мұқтаждықтан
пайда болады. Мұқтаждық тілектің негізінде пайда болады. Қызығу – әр
уақытта адам зейінінің қызығатын заттарына, бет алып түйдектелуді керек
етеді. Адам бір нәрсеге қызығу үшін қызығатын нәрселер адамға жағымды
эмоциялық сезімдер туғызу керек. Егер адамға заттар таңқаларлықтай әсер
етпесе, онда адам ол заттарға еш уақытта қызықпайды. Адам қызығу үшін оның
көңілі көтеріңкі болуы қажет. Қызығу өте күрделі процесс. Оны жай адамның
зейінінің бет алуымен теңеуге болмайды. Кейбір кезде әсер етуші заттар өте
көрнекі болғандықтан, я болмаса кейбір жаңа заттар еріксіз зейін қоюы
мүмкін. Ол заттар адамға бір түрлі таңсық болып көрінуі мүмкін.
Қызығу – адамның саналы әрекеті. Адам алдына мақсат қойып,
өздерінің ерік-жігерін жұмсап, кейбір заттармен үнемі шұғылдандырып
отырады. Мәселен, оқушылар оқуға қызығу үшін олар оқулықтың мазмұнын
түсінулері қажет. Егер олардың оқуға ешбір түсінігі болмаса, оларда қызығу
да болмайды. Адамның негізгі қызығуларын мына төмендегілерге бөлуге болады:
1.Мақсатты қызығу. Адам кейбір уақытта алдына бір мақсат, міндет қойса сол
мақсатына жетуді қызық көреді. 2.Әрекеттік қызығу. Мұнда адам алдына бір
үлкен міндет қоймай, істейтін ісінің нәтижесі қандай болатынына қызықпай,
тек атқаратын еңбегінің ағымына қызығады. 3.Нәтижеге қызығу. Адам кейбір
кезде істейтін еңбегінің нәтижесіне қызығады. Бір нәтижеге жетуді көздеп,
әрекет етеді, барлық күшін соған жұмсайды.
Қызығу оқу-тәрбие жұмысында өте керекті шарттар болып табылады.
Оның балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына, балаларды
әдепті етіп тәрбиелеуде, олардың бойынан адамгершілік қасиеттерді енгізуде
ықпалы зор. Егер баланың алдына тұтқан мүддесі, қызығуы болмаса, ол
пәндеріне, тәрбие жұмысына ешбір қызықпаса. оқудың да, тәрбиенің де жемісі
болмас еді.
Қызығу нақтылы қоғамдық жағдаймен байланысты. Балалардың қызығуы
өз бетімен пайда болмайды, ортаның әсерінен, үлкендердің қылықтарынан пайда
болып отырады. Бала қандай әлеуметтік-қоғамдық жағдайларда тәрбиеленсе, сол
қоғамның алға тұтқан мақсаттары, міндеттері нақтылы жағдайда оған әсер етіп
оның қызығуларын белгілеп, керекті қалыпқа салып бағыттайтын болады. Осы
айтылғанға орай, оқу-тәрбие жұмысында балаларды айналасындағы тұрмыспен
таныстырып, әлеуметтік құрылыстың түрлі табыстарымен хабардар етіп отыру
керек. Баланың қызығулары – оның жас өзгешелігімен де байланысты, сол
себептен, оқу-тәрбие жұмысында түрлі жастағы балалардың өздеріне лайықты
қызығулардың болатындығын ескеріп отыру қажет. Мектеп жасына дейінгі
балалардың қызығуы көбінесе ойынмен байланысты. Олар түрлі ойын арқылы
айналасындағы заттармен, болмыстармен танысып отыратын болса, ал мектеп
жасындағы балалардың қызығулары көбінесе оқу тәрбие жұмысымен, мектепте
жүретін түрлі пәндерді мазмұндарымен таныса бастауымен байланысты.
Қызығудың дамуында балалар өздерінің күшіне сенетіндей болып, өздерінің
атқаратын жұмысына ынталы түрде кірісуі қажет. Бала өзінің істейтін
жұмысынан бір нәтиже шығарып, табысқа жетіп отырса, онда олардың көңіл күйі
де рухы да көтеріліп қалады. Басқа жұмыстарды да қызығып, ынтыға істейтін
болады. Сондықтан бала әр уақытта істейтін жұмысына, оның беретін
нәтижесіне сенімді болуы қажет. Ол үшін оларға онша қиын жұмыс бермей,
қолдарынан келетін тірлікті тапсырып отырған жөн. 5-6 – сынып оқушыларының
қызығулары тұрақтала бастайды. Олар әр нәрсеге әуес болады, көп заттарды
білгісі келіп, ол заттардың қайдан пайда болғанын, неге олай екенін
түсінгісі келеді. Кластағылар өз қызығуларын іс жүзінде тәжірибелермен
байланыстырып, оларды жүзеге асыра алатынын, не аспайтынын белгілеп,
ескеріп отырады. Көбінесе жүзеге асатын заттарға, болмыстарға қызығады.
Жұмыс барысындағы туындаған сауалдарды шешу қажеттіліге, өз бетімен
жаңашылдықты іздеуге ұмтылу, жаңа ақпараттарды игерудегі ықыласында білімге
қызығушылық туындайды белгілі педагог Д.Н.Вильнеев қызығушылықтың орасан
зор күшін және адам тұлғасына әсерін, оның қызыметін куәландірін берді.
Белгілі адамдардың іс-әрекетін, өмірлерін сараптап мынадай тұжырымға келді,
лардың кейбіреулері өздерін қызықтырмайтын салада жалқаулық танытып, ал
керсінше қызықтыратын салада олар өздерін қуаты, жарқын, шаршауды
білмейтіндерін байқатты.
Білім алуға қызығушылық және оны еңбек жолында іске асыру қазіргі
заманда манызы зор. Бізге біреудін әмірін белсенді орындаушы емес, алдына
қойған мақсатты іштей қабылдап, құштарлықпен ізденуші, қажетті білімді
сініріп және оны іске қолданатың шығармашыл адамдар қажет. Басқаша
айтқанда, бұл адамдар қызығушылықпен білім алып және қызығушылықпен еңбек
етеді.
Танымды қызығушылық-заттарды, құбылыстарды, қоршаған әлем оқиғалары,
психикалық процестерді белсендендіруші, адамның іс-әректін, оның танымдылық
мүмкіндіктері танымға бағыттылған талғамдылығы. Бұл деген білімге, өз
бетінше шығармашылық еңбек етуге ұмтылу, адамға барынша көп білу,
құпиялардың бетін ашып, түсініп, тексеріп, анықтап және сіңіруге
ынтықтандырып танымды қуанышын қосады.
Проблемалардың көкейкестілігін алға тарта отырып, мен
математиканы оқытудағы танымды қызығушылықты қалыптастыру зерттеу
тақырыбын таңдап алдым.
Зерттеу объектісі: оқу процесінде оқушылардың математикаға танымды
қызығушылық әрекеттері.
Зерттелу заты: математиканы оқыту процесінде оқушыларды танымдық
қызығушылығына қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: математика сабағында 6-7 сынып оқушыларының танымдық
қызығушылығын қалыптастыру процесін үйрету.
Зерттеу міндеттері.
1. математика сабағын оқыту процесінде оқушылардың қызығушылықтарын
қалыптастыруда психология-педагогикалық негізін анытау.
2.Танымдық қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған оқулық есеп жүйелеріне
талап қою және өлшемін анықтау.
3. Жасалған әдістеменің тиімділігін эксперименталды тексеру.
Дипломдық зерттеуде танымдық қызығушылықты қалыптастыру тиімділігі және
математика сабағында оқушылардың білім сапасы шығармашылық тапсырманы
қолдану арқылы қол жеткізіледі.
а) материалды бекітуге бағытталған, оқыту кезінде ептілік және дағдыны
қолданады.
б) түсінікті қалыптастыруға бағытталған.
Аталған диплом жұмысының зерттеу әдістемелік базасы болып К.Г.Қожабаевтің
мектепте математиканы оқытудағы тәрбие бағыттары туралы,
Г.Е.Алимуханбетованың оқушылардың танымдық әрекеттері дайындылығын
қалыптастыру негізіндегі педагогикалық процестер теориясы,
Г.Б.Турткараеваның оқушылардың танымдылық қызығушылығын қалыптастырудағы
планиметрикалық есептердің рөлі еңбектері дәнекер болды.
Есептер жүйесіне талаптар, Г.Б.Турткараеваның материалдары бойынша
танымдық қызығушылықты қалыптастыруға бейімделген.
Сонымен қатар А.Г.Гусманованың, Г.Б.Турткараеваның 11-жылдық мектеп
сыныптарында математиканы тереңдетіп оқудағы, математикалық талдау
курстарының жазбаша емтихан үшін тапсырмалар жинағының есептер шешімі
және М.Е.Есмухановтың Фигураларды құру әдістемесі туралы кейбір ойлар
еңбектері қолданылды.
Алға қойған міндеттерді шешу үшін және алғашқы алдын ала бағдарды
тексеріп біз келесі зерттеу әдістерін қолдандық:
психологтық-педагогикалық талдау және әдістемелік әдебиет; эксперименталды-
сынақ жұмыстарын бағытты
ұйымдастыру, оқушылардың шығармашылық әрекеттері өнімін талдау және
сауалнама жүргізу, өзіне тиісті бақылау жасау
Әрбірінің мақсаты бөлек, зерттеу үш кезеңде өтті.
I кезең- 1, 2 курстарда-проблема жөнінде әдебиетті талдау және оқу,
зерттеу әдістемесі, зерттеу проблемалары жөніндегі педагогикалық тәжербиені
талдау және нәтижелеу.
II кеэең-3, 4 курстарда-педагогикалық практика барысында Тәжербие-
сараптамалық жұмыстарды өткізу
III кезең-4 курста-педагогикалық сараптама өткізу, нәтижелеу, негізгі
нәтижелерді құрастыру.
Диплом жұмысының практикалық мәнділік нәтижесі педагогикалық қызымет
барысында қолданылуы мүмкін.

1.Оқушыларды математека пәнін оқытудағы танымдық қызығушылықты
қалыптастырудағы теориялық негіздері

1.1.Математика пәнін оқыту процесіндегі танымдық қызығушылғын
қалыптастырудағы психология-дидактикалық негіздері

Танымдық қызығушылық тұлғаның басқада бет әлпетін және оқушының
әрекеттік түрткісі дамып қалыптасуы ең алдымен оқу кезінде болады. Оқушының
танымдық қызығушылығын қалыптастыру оқу кезінде екі негізгі бағытан шығуы
мүмкін, бірінші жағынан оқу құралдарының мазмұны осы мүмкіндіктерді өз
бойында ұстайды, ал екіншіден оқушының танымдылық әрекеттерін
ұйымдастырудағы анықталған жолмен.
Бірақ оқу материалдарына қызығушылықты әрқашан жаңа деректермен
сүйемелдеу қажет емес, ал оның қызықтыруы таңқалдыруға жанасуы мүмкін емес.
Заттың қызықтыруы бір жағынан жаңа болса, бір жағынан белгілі болуы қажет
деп К.Д.Ушинский жазған. Жаңа және күтпегендік әрқашан оқу материалында
белгілі және таныс аясында кездеседі.
Сондықтан танымдық қызығушылықты ұстану үшін оқушыларға таныс заттан
жаңаны көруге үйрету.
Мұндай білім беру, күнделікті қайталанатын қоршаған әлемнің құбылыстарын,
көптеген таңқалдыратын жақтарын сабақта отырып біледі.Одан ары, өсімдік
неге жарыққа ұмтылатыны, еріген қардың қасиеті туралы және бірде бір
күрделі механизм онсыз жұмыс атқара алмайтын қарапайым дөңгелек, осының
бәрі адамның үлкен өнертабысы болып саналады.Өзінің қайталануымен бала үшін
өмірдегі барлық мағыналы құбылыстарды,күпеген жаңалық, толық мағыналылық
болуы және ол үшін үйренуі қажет. Және бұл міндетті түрде оқушының танымға
қызығушылығының стимулы болып табылады. Сондықтан мұғалімге оқушыларды
күнделікті өмірдің күйбеңдік сатысынан, заңдылықтарды түсінуге,
топтастырылуларына, ғылыми түсінік деңгейіне аударуы қажет.
Жаңа ғылыми жетістіктерді көрсету таным қызығушылығына әсерін
тигізеді. Бүгінгі күнде бағдарламалар шеңберін кеңітіп оқушыларды ғылыми
ізденістерінің бағыттары негіздерімен, ғылыми ашылымдармен міндетті түрде
таныстыру.
Оқыту материалдарының барлығы оқушыларды қызықтыра бермейді. Сондықтан
тағы бір өте маңызды танымдыққа қызығушылық көзі- әрекеттену процесі алға
тартылады Оқушылардың оқуға ықыласын арттыру үшін танымдылық іс-әрекетпен
айналысуын оқушының қажеттілігін дамыту керек, ал ол дегенің оқушы оқу
процесінде жағымды жақтарын таба біліп, оқу процесінің өзі қызығушылықтың
жағымды жағында болуы абзал. Оған жол, алдымен қызығушылықтың ерекше
сәйкестігі, оқушылардың өз бетімен түрлі жұмыстарды ұйымдастыруы арқылы
жатыр. Дербес орындалған тапсырма білімнің сапасын, оқушының дағдысын және
ептілігінің ең сенімді көрсеткіші.
Дербес жұмысты ұйымдастыру-сабақтың ең қиын кезеңі. Берілген
тапсырманы тексеру кезінде, сыныпта үлгермеген 8-10 оқушы болады ал, оларды
тосып отыру уақыт алады. Сондықтан мұғалім дербес жұмысты тексеруді
бастайды. Берілген тапсырманы орындағандар, жұмысқа кіріседі ал,
орындамағандар шешімді тетрадтан көшіруге кіріседі. Осындай түрде тексеру
ұйымдастырған мұғалім, тапсырманы орындамағандарға мөлшерлі түрде көмек
қылады. Бырақ бұл дұрыс жол ма? Қысқасы сыныпта күннен күнге дербес
жұмысты толық орындамайтын топ қалыптасады және тексеру кезінде тапсырманы
аяқтауды әдетке айналдырады. Оқушыны дербес жұмыс істеуге қалай үйретуге
болады? Дайындық жаттығуларын қолданып, дифференциалды тапсырмалар
карточкалары, бірізділікпен ойластырылған тапсырмалар, нұсқалығы,
көрнекілік және тапсырманы жариялау қажет.
Тірек сұлбалары. Танымдық әрекетінің жаңа тәсілдеріне үйрену,
танымдылыққа қызығушылықтың тереңдеуіне әсерін тигізеді егер осының бәрін
оқушылар түсінікпен қабылдаса.Сондықтан осының бәрі қуаныштың көзі болып
табылады.
Деректерді жаттау үшін ғана жарайтын дайын дүниені алға тарту,
оқытудың проблемасы болып табылады және оқушылардың талмайтын қызығушылығын
түйіндейді. Мұндай оқыту ақиқатты іздеуге және ұжыммен бірге табуды мәжбір
етеді.
Проблемалық оқытуда жалпы талқыға проблеманың сұрағы, өз бойында
кейбірде қарама қайшылық элементі, кейбірде күтпегендік жағыдайлары
талқыланады.
Проблемалық оқыту оқушылар тарапынан қызу талқыға салуды тудырады.
Проблемалық оқыту оқушылар өміріне эмоция туындатып, ізденіс, ойшылдық,
әуестікті қалыптастырады. Осының бәрі оқушының оқуға деген қатнасына жақсы
әсерін тигізеді.
Проблемалық жағыдайды туғызу негізгі дидактикалық тәсілдің бірі оқу
тапсырмаларын шешетін тәсіл болып табылады.
Олардың тізімі:
1. Оқулық тапсырманы қабылдау
2. Есептелген геометриялық есептің шешімін сараптау-синтетикалық ізденісін
қабылдау.
3. Жалпы тәсілмен шешілетін жалқы есептің жүйелерін ің құрылымын қабылдау.
4. Оқыту тапсырмаларының шешім процестерін бақылауын іске асыруын қабылдау.
5. Оқыту тапсырмаларының шешімінің нәтижелік бағаларын қабылдау.
Оқулық тапсырмаларды шешудегі оқушылардың оқулық әрекетін алғашқы қабылдау,
өте маңызды рөл атқарады. Оқушылардың тапсырманы қаблдауы немесе
қабылдамауынан оның алдыңғы жасайтын әрекетіне тәуелді.
Оқулық тапсырмаларды қабылдаудағы әрекеттер келесі түрде көрсетілді:
Тапсырма алғасын, oқушы оның текстін мұқият оқып шығуы тиіс. Сонан соң
ол шешімдердің мақсатын ұғынып, тапсырманың талаптарын және шарттарын
сараптауға тиісті.
Геометрикалық есептің талаптарын және сараптау шартын іске асыруда
оқушылардың есептеуінен функционалдық тәуелділікті, бойындағы нағыз
мөлшерді анықтайды. Осымен ол негізгі қатнастарды жанама анықтайды.
Оқушының негізгі қатынасын анықтау, оның тапсырманы қабылдауы болып
табылады. Және оның оқулық тапсырманы шешуде ізденіс қажеттілігі пайда
болды.
Одан әрі оқушыларға бөліну қатнастарын әріптік немесе графикалық
түрге пәндеулер үлгісі қажет. Бырақ, есепті шешу тәсілін іздеу, әріптік
түрдегі бөлінген негізгі қатнастардың үлгісі болып табылады, өйткені
негізгі қатнасқа барабар, ішкі құрылымның барлық элементтерін бойында
ұстайды.
Геометрикалық есепті шешу кезінде түрлі оқулық әдістер қолданылатынын атап
өтуіміз қажет.
Геометрикалық есепті шешуде талдау және синтез әдісімен есептеуді кеңінен
қолданады. Бұл екі әдісті екіара қатнастарда қолданады. Бұлар есеп шығарып
шешуде барлық тапсырмаларда қолданылады. Сондықтан есепті шешудегі
ізденісті іске асыруға барабар әрекетін қабылдау, есепті шешу талдаулық-
синтетикалық іздеуді қабылдау ретінде қаралады.
Геометрикалық есептің шешімін талдау-синтетикалық іздеу, берілген
есепті бөлек есепшелерге бөлінуіне мүмкіндік береді.Өйткені әрбір есепті
шешуде іздеу пункті өзінде белгісіз мөлшерді сақтаса, әрбір белгісіз
мөлшердің табылуы, кейбір есепшелердің шешімінің іздеуі болып табылады.
Шешімнің іздеуі атқарылып, мазмұндалғаннан кейін шешімнің дұрыстығына көз
жеткізіп, есептің барлық талаптарын қанағаттандыруы қажет
Осы үшін оқушы өзінің оқулық әрекетіне баға беріп бақылауды
орындайды. Бақылау есептің шешілуін әр кезеңде тексерілумен атқарылады.
Шешімнің нәтижесінің дұрыстығын әртүрлі тәсілдермен тексеруге болады.Бырақ
геометрикалық есептің ерекшелігіне байланысты есепті шешудегі нәтиженің
дұрыстығын тексеру екі жолмен іске асыруға болады: есепті түрлі тәсілдермен
шешу және алынған нәтиженің сәйкестігін бағдарлау.
Проблемалық жағыдайды туғызу үшін мынау әдістерді қолдану,арнайы
құрастырылған оқулық тапсырмасының көмегімен іске асырылады.
Есепті шешу процесін ұйымдастыруда мұғалім тек қана есептің шешуінің
бағытын қалыптастыруға көмектесіп қана қоймай, оның шешімдерін құрып,
бағыттарын іске асырып, проблемалық жағдайдың шешімдерін табуы өте маңызды.
Есептің шешілуінің аяқталуына қарай, есептің қалай шешілгенін, бағыттың
іске асқаны жонінде пікірталас өткізген өте қажет. Негедесеңіз ол
мұғалімге, есепті шешу процесін оқушылардың сіңіргенін білуге мүмкіндік
береді.
Оқулық процесті құру міндетті шешу процесіндегі проблемалық
мінезді білдіріп, проблемалық жағдайды игеру жүйесі ретінде,қаралатын
міндеттердің негізгі мазмұнын құрайтын білдіреді. Танымдық қызығушылығын
қалыптастыру мақсаттылық басқару үшін оқулық міндеттерінің негізгі мазмұнын
түрлі мінездегі проблемалық жағыдайлар жүйесі ретінде таныстыру керек.
Оқулық міндеттер шешімі процесін проблемалық жағдайды шешуші процесі
ретінде қаралуы тиісті. Сонымен қатар оқушыларға геометрикалық міндеттерді
шешуде оқулық әрекеттеріне сәйкес әдісті қолдануда бағыттың айқын болуы
қажет.
Сондықтан мұғалым сабақта ұйымдастырғанда есепті шешу процесіндегі
проблемалық мінезді, белсенділігін байқауды және оқушының дербестігін,
міндеттерді шешудегі тұрақтылығын байқауға мүмкіндік береді. Оқушылардың
проблемалық жағыдайды ойдағыдай шешулерін геометрикалық міндеттерді шешу
процесінде танымдыққа қызығушылықты бекітіп, проблемалық жағдайды тудыруға
мұғалімді ынталандырады.
Проблемалық мазмұнды міндетін қарауда танымдық қызығушылықты
қалыптастыруының мәні өте зор.

1.2. Танымдық қызығушылықты қалыптастырудағы проблемаларының тарихи-
педагогикалық аспектілері

Тарихи педагогикалық ойларды оқудағы қызығушылық проблемасы және
практикалық оқy, уақыт талабының ықпалымен біртіндеп құрылды.
Алғашқы болып әуесқойлықты білуге құмарлықтан шектеткен В.Ф.Одоевский.
Ол, балаларға тән әуесқойлықты, дұрыс тәрбие бере білудің арқасында білуге
құмарлыққа, танымдық құштарлығына, дербес ойлау қабылетін дамытуы мүмкін
деп санады.
В.Ф.Белинский және А.И.Герцен балалардың білуге құмарлығын біріншіден
табиғи ғылыммен, кітаптардың көмегімен дамыту, жермен, табиғатпен
таныстыру, өйткені олар табиғатқа жақын болғандықтан оларды қатты
қызықтырады.
XIXғ 60-70жж педагогикалық ақыл-ой оқу және тәрбие сұрақтарын шешуде
бұл проблемада әлеуметтік зерттеулер әлі бола қойған жоқ,соған қарамастан,
білімге қызығушылықтың проблемасын айналып өткен жоқ.
Қызығушылықтың проблемасын өзінің педагогикалық теориясы контексінде
К.Д.Ушинский тианақты түрде көрсетті. Өз теориясында ол білімге
қызығушылықты психологиялық түрде негіздеді. Бастауыш білім негізгі орын
алады, өйткені ол баланы ойлану жұмыстарына белсенділігін туындатады.
Баланың тәжербие алуына көрнекі материалдар, шын заттармен байланысты
шұғылдану алғашқы білім берудегі таптырмайтын дәреже. Балалардың алдында
жаңа заттардың сырын ашу, қызығушылық және зейін туғызады. Осыдан
К.Д.Ушинский оқудың маңызды міндетін көре білді. Шұғылдану мен көңіл
көтеруді ауыстырмау маңызды, оқуға қызығушылықтың өзі байсалды ақыл-ойға
тәуелді болуын К.Д.Ушинский өзі айтқан.
К.Д.Ушинскийдің терең психологиялық негізің барлық педагогикалық
теориялары және балалардың табиғатты танудағы даму назарын проблемалар
қызығушылығын күшейтті.
Оқытуды өткір сынау және қоғамдық-педагогикалық кезеңіндегі тәрбие,
баланың толық бостандығына негізделген оның ішкі дүниесіне назар салу
идеясына әкеледі.Осы көзқарасты Л.Н. Толстой өзінің педагогилық
еңбектерінде көрсеті.
Ол баланың икемділігі және қаблеттілігін дамыту, бөгет болмайтын
жағыдайда оның қызығушылығының ашылу мүмкіндігіне әділ баға берді.
Толстойдың педагогикалық еңбектердің ортасы болып табылады. Қызығушылықтың
туындауының манызды жағдайы-ол баланың ішкі дүниесінің күшін көтеретің,
табиғи бостандығын қалыптатыратын сабақтар өткізу.
Л.Н.Толстой балалардың қызығушылығына тұтасымен сенді, мұғалімдерге
балалардың табиғатына байланысты әуестіктерін шегендеуді ғана қалдырды
Н.А.Добролюбов пен Н.Г.Чернышевский баланың парасатты бостандығына, оның
қызығушылығына білуге құмарлығына, ерігі мен ақыл-ойның дамуына сүйене
отырып қана тәрбиелеуге болоды деп санады.Осы ұстанымда Н.А.Добролюбов
Р.Оуэн мектептерінде балалардың оқуға қызығушылықтарын дамытыуна жоғары
баға берді.
Сонымен қатар Н.А.Добролюбов балаларды өмірден ауытқытатын қызықты
қиялдарға ермекке қарсы болды.
Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбов білімге қызығушылықты дамытудың, өмір
құбылыстарына қызығушылықтың бөлекнуінің мүмкін еместігін көрсетті.
XIXғ екінші жартысында мектептегі оқыту практикасы өзінің
формализмімен уақыт талаптарынан қалып келді.
Әдістемелік ақыл-ой оқуға қызығушылықты туындату оның алғашқы кезеңдегі
маныздылығына бірауызды болды.
Осы кезендегі белгілі қайраткер Н.А.Корф қанағттану сезімен қызығушылықпен
біріктіріп және әдістеме тәсілдеріне көңіл аударды, балалардыңөз күшіне
және алға жылжуды сезінуде оларға қанағаттану сезімін ұялатды (жаңашылдық,
белгілі нәрсені оқудағы ұқсастықтар және т.б.)
Бірақ прогесивтік идеяларды практикада қолдану қиынға соқты.Себептері
көп болды׃ мұғалімдердің нашар дайындығы, әсіресе бастауыш мектептерде,
мұғалімдердің ашық болмауы, халық мұғалімдерінің ауыр жағдайы.
ХХғ басында бөлек баспамен,оқуға қызығушылық жөнінде А.И.Анастасиевтің
еңбегі жарық көрді.Бұл зерттеуде барлық оқу процесі қызығушылықтың призмасы
арқылы ашылады.
Қызығушылық проблемасымен, белгілі педагог П.Ф.Каптерев айналысты. 1915ж
оның Дидактикалық очерктер атты кітабы шықты, оның ішінде Балалардың
қызығушылығу туралы тарихи очеркі, оның теореасы және практикасы бөлімі
бірге П.Ф.Каптерев қызығушылықты топтастыруға әрекет жасады
(физикалық,ақыл-ойлық, эстетикалық, әлеуметтік, еріктілік). Бірақ бұл
топтастыруда бірде негіз болған жоқ және ол өзінің қолданысын таппады.
Оқытудағы қызығушылық проблемалары прогресивті идеяларды практида қолдану
А.С.Макаренко және С.Т.Шацкидің тәжербиелерінен табылды.С.Т.Шацкидің
оқудағы қызығушылық проблемасына байсалды назар аударды. Бірақ С.Т.Шацкий
қарама қайшылықтан оза алмады: бір жағынан ол санағандай,қызығушылық-
әлеуметтік тәжербиені баланың белсенді сіңіру манызды фактор, екінші
жағынан-ол, қызығушылық рөлін баланың қоршаған ортаға бейімделуінен көрді.
Сонда да С.Т.Шацкий балалардың оқуға ұмтылысы мектепке сүйену қажет деп
санады.
Ол бұны әрқашан бекітіп және жалғастыратын өмірдің импульсі деп атады.
А.С.Макаренко қызығушылықты дамыту және қолдаудың кейбір әдістемелік
тәсілдерін ашады қызықты сұрақтар қоя білу, жаңа тақырып кіргізу, сұрақтар
туындататын иллюстрацияларды ақтару және т.б.
Макаренко, баланың еңбегі мен өмірі қызығушылықпен толы болуы қажет,
білім беру жұмыстарың мазмұны баланың қызығушылықмен анықталады деп санады.
А.С.Макаренко тәрбиелік процесі диалектикасында мазмұнның бірлігін,
тәрбиенің әдістемесін және құралын көрсетті, тәрбие процесінің логикасын,
жеке тұлғалардың қызығушылығы және балалар ұжымының қызығушылықтары
қоғамдық өмір талаптарына үндестігін ашты.
Ары қарайғы қызығушылық проблемаларын игеру, сыныпты-сабақтық жүйемен
оқытуға ауысына байланысты болды.
Ш.А.Амонашвили қызығышулық проблемасына алты жастан оқытуды әзірледі.
Төменгі сынып оқушыларының барлық өмірлік әрекетің оқуға қызығушылығына
қосу׃ әдістеменің абайсыз бұрылысы, біркелісік тәсіл әліде нәзік
қызығушылықты шайқалтуы мүмкін.
Бүгінде қызығушылық проблемасы оқушылардың түрлі әрекеттер контексінде,
мұғалімнің шығармашылықты жұмыс атқаруына, тәрбиешілірге, табысты
қалыптастыруға және оқушылардың қызығшылығын дамытуға, өмірге белсенді
қарым-қатынасқа тәрбиелеу барынша кең көлемде зерттеледі.

1.3. Танымдық қызығушылықтың қалыптасуыдағы өлшемі және деңгейлері

Қызығушылықтың адам үшін күрделі және маңызды болуымен
байланысты өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдарға ие,
ол келесідей қарастырылады:
-адам зейінінің бағытталауы (Н.Ф.Добрынин, Т.Рибо);
-оның ақыл-ой және эмоционалдық белсенділігінің көрінуі;
-әртүрлі сезімдердің активаторы (Д.Фрейер);
-адамның дүниеге деген белсенді эмоционалды-таным қатынасы
(Н.Г.Морозова);
-жеке тұлғаның оның өмірлік маңызы мен эмоционалды тартымдылығын
түсінуімен туған объектіге деген спецификалық қатынасы.
Қызығушылықтың жалпы феноменінің маңызды облысы – танымдық
қызығушылық. Оның пәні адамның ең маңызды қасиеті болы табылады: қоршаған
ортаны биологиялық және әлеуметтік бағытталу мақсатымен ғана емес, адамның
дүниеге деген мәнді қатынасы – оның көптүрлігіне ену, санасымен мәнді
жақтарын, себепті-салды байланыстарын, заңдылықтарын, қарама-қайшылықтарын
түсіну.
Сол уақытта таным қызығушылығы таным қызметіне еніп, жеке тұлғалық
қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты: қайсыбір ғылым саласына таным
қатынасы, таным қызметі, оларға араласу, таным қатысушыларымен қарым-
қатынас. Пәнді дүниені тану және оған, ғылыми шынайылықтарға қатынас
негізінде дүниені түсіну, дүниетаным, дүниені сезіну, таным қызығушылығына
көмек беретін белсенді сипаты қалыптасады.
Сонымен қатар танымдық қызығушылық адамның психикалық процестерін
белсендіреді, өз дамуының жоғары деңгейінде жеке тұлғаның қызмет арқылы
дүние өзгеруін іздеуге бағыттайды (оның мақсатының өзгеруі, күрделенуі,
пәнді ортада актуальды және маңызды жақтарын шығару, оларға шығармашылық
бастау берудің басқа қажетті тәсілдерін іздеу).
Танымдық қызығушылықтың ерекшелігі – оның адамның таным ғана емес, кез
келген қызметінің процесін байыту және белсендіру қасиеті, өйткені таным
бастауы олардың әрқайсысында бар. Адам еңбегінде заттарды, материалдарды,
саймандарды, тәсілдерді пайдалана отырып, олардың қасиеттерін тануға,
қазіргі өндірістің ғылыми негіздерін зерттеуге, рационализаторлық
процестерді түсінуге, кез келген өндірісті немесе технологияны білуге
мұқтаждыққа кезігеді. Адам қызметінің кез келген түріне шынайылылықтың
өзгеруіне әкелетін таным бастауы, іздеу шығармашылық процестері бар. Кез
келген қызметті таным қызығушылығына бай адам үлкен ынтамен тиімді жасайды.

Танымдық қызығушылық – жеке тұлғаның маңызды ұйымдастырылуы, ол
адамның өмір қызметінің процесінде қалыптасады, оның өмір сүруінің
әлеуметтік жағдайларында құрылады және адамға туғаннан берілмейді.
Нақты жеке тұлғалардың өміріндегі танымдық қызығушылықтың маңызын
асыра бағалау қиын. Қызығушылық ең тиімді активатор, қызметтің, нақты
пәндік, оқу, шығармашылық әрекеттердің және тұтас өмір қызметінің
стимуляторы болы табылады.
Танымдық қызығушылықтың ерекше маңызы оқу өмірдің фундаменталды негізі
болғанда, баланың, жасөспірімнің, бозбаланың жүйеқұрушы танымына арнайы
мекемелер мен педагогикалық дайындалған кадрлар енген кезде мектеп
жылдарында білінеді.
Танымдық қызғушылық – жеке тұлғаның интегралдды ұйыдастырылуы. Ол
қызығушылықтың жалпы феномені ретінде күрделі құрылымға ие, оған жеке
психикалық процестер (интеллектуалдық, эмоционалдық, реттеуші), қатынас
арқылы білінетін адамның дүниемен объективті және субъективті байланыстары
кіреді.
Объективті және субъективті тұтастықта қызығушылықтың қалыптасуы,
дамуы және тереңдеуі көрінеді. Қызығушылық қызметте қалыптасады және
дамиды, және оған қызметтің жеке компонеттері емес, оның барлық объективті-
субъективті мәні әсер етеді (сипаты, процесс, нәтиже). Қызығушылық – бұл
қызметтің ерекше тонусын, жеке тұлғаның ерекше жағдайын (оқу процесінен
қуаныш, қызықты пәнді тануға, таным қызметіне енуге тырысу, сәтсіздіктерден
өту және олардан өтуге ерікті тырысу) құрайтын көптеген психикалық
процестердің қосындысы.
Танымдық қызығушылық өзінің дамуында әртүрлі жағдайлармен көрінеді.
Шартты түрде оның дамуының кезекті сатылары бар: әуестену, білуге құмарлық,
таным қызығушылығы, теориялық қызығушылық. Бұл сатылар шартты түрде білінсе
де, оларғы тән белгілер жалпы мойындалған.
Әуестік – бұл талғам қатынасының қарапайым сатысы, ол таза ішкі,
көбінесе күтілмеген жағдайларға негізделген, аадмның зейінін тудырады. Адам
үшін жаңа жағдайға байланысты бұл қарапайым бағыт маңызды емес. Әуестік
сатысында оқушы қайсыбір пәннің, қайсыбір жағдайдың тартымдылығымен
байланысты бағытпен ғана қанағаттандырылады. Бұл сатыда танымға тырысу
көрінбейді. Бірақ сонымен бірге тартымдылық таным қызығушылығының факторы
ретінде оның бастапқы түрткі бола алады.
Білуге құмарлық – жеке тұлғаның бағалы жаңдайы. Ол адамның көргенінен
тыс жағдайға енуімен сипатталады. Қызығушылықтың бұл сатысында таңырқау,
таным қуанышы, қызметпен қанағаттану эмоцияларының күшті көрінуі білінеді.
Жұмбақтардың қалыптасуы мен оларды шешуде сабақтарда ғана емес, еңбекте
қарапайым орындаушы және пассивті есте сақтаудан басқа дамитын, дүниені
белсенді көру ретіндегі білуге құмарлықтың мәні білінеді. Білуге құмарлық
мінездің тұрақты қасиеті ретінде қалыптасып, жеке тұлғаның дамуында маңызды
бағаға ие болады. Білуге құмар адамдар дүниеге қызығушылық білдіреді, олар
әрқашан ізденісте болады.
Танымдық қызығушылық өзінің даму жолында әдетте таным белсенділігімен,
оқу пәндерінің талғамдық бағытымен, таным мотивтері басты орын алатын құнды
мотивациямен сипатталады. Таным қызығушылығы жеке тұлғаның танымның мәнді
байланыстарына, қатынастарына, заңдылықтарына енуіне көмектеседі. Бұл саты
оқушының таным қызметінің кезекті қимылымен, оған қызықты ақпаратты
іздеуімен сипатталады. Білуге құмар оқушы бос уақытын таным қызығушылығына
арнайды.
Теориялық қызығушылық нақты ғылымның күрделі теориялық сұрақтаре мен
мәселелерін танумен бірге, оларды таным құралы ретінде пайланумен
байланысты. Адамның дүниеге, оның өзгеруіне белсенді әсер етуінің бұл
сатысы адамның дүниетанымымен, ғылымның күші мен мүмкіндіктеріне сенімімен
тікелей байланысты. Бұл саты жеке тұлға құрылымның таным бастауын ғана
емес, адамды қызмет етуші, субъект, жеке тұлға ретінде сипаттайды.
Нақты процесте таным қызығушылығының аталған барлық сатылары күрделі
байланыстар мен үйлесімдер ретінде болады. Таным қызығушылығында пәндік
саланың ауысуымен байланысты рецидивтер де, әуестік білуге құмарлыққа
ауысатын танымның біргелкі актісінде болуы да кездеседі. Оқушы пәннің
мәніне кіріп кетеді, ол мәселені, тапсырманы шешумен айналысады. Бірақ
оқушы әртүрлі мән-жағдайлардың әсерінен сабақта білдіретін қызығушылық
қалпы (мұғалімге деген қатынас, оның ұжымдағы беделін көтерген сәтті
жауап) жеке тұлғаның дамуына әсер етпей-ақ өтіп кетуі мүмкін.

Бірақ оқытудың жоғары деңгей, мұғалімнің оқушылардың таным
қызығушылығын қалыптастыруға мақсатты бағытталған жұмыс жағдайында
қызығушылықтың уақытша жағдайы ынтаны дамыту, оқуда ғылыми тәсілдерді
басшылыққа алуға тырысуда пайдаланылуы мүмкін (дәлелдемелерді іздеу және
табу, заңдардың тәжірибелік әрекеттерін тексеру, қосымша әдебиетті оқу және
т.б.).
Оқыту жағдайында танымдық қызығушылық оқушының бір, кейде бірнеше
пәнді оқуға, тануға тырысуымен білінеді.
Мектеп жас адамға қазіргі ғылымның барлық жетістіктерін бере алмайды.
Олардың масштабы үлкен, ал ғылыми білімдердің даму темпі – зор. Сондықтан
қазіргі оқытудың басты әлеуметтік міндеті тек кең білім ғана беру емес,
сонымен қатар өсіп келе жатқан адамның жеке тұлғасын білімге дербес ие
болуға, тану саласына енуге, оқудың тұрақты таным мотивтерін (олардың
негізгісі – танымдық қызығушылық) қалыптастыруға тұрақты тырысу.
Таным процесіндегі дедуктивті жолдың тиімділігін тексеретін зерттеулер
(Л.С.Выготский, А.И.Янцов) классикалық деп есептелген индуктивті тәсіл
оқушылардың оптималды дамуына толық сәйкес келе алмайды. Жалпылау тәсілі,
көрінетін құбылыстар мен процестер бағынатын заңдылықтарды іздеу – бұл
ғылымның көптеген сұраныстары мен бөлімдерін тануда оқыту мен меңгерудің
аса жоғары деңгейіне көмек береді, өйткені оқушы дамуының жоғары деңгейіне
сүйенеді. Осы жағдай таным қызығушылығының оқу жүйелі және оптималды түрде
тану қызметін, оның тәсілдері мен икемдерін жетілдіруге негізделген.
Оқытудың нақты процесінде мұғалім оқушыларға көптеген білімдер мен
икемдерге үйретуге тура келеді.
Пәндік икемдердің әр түрлі болуында жалпы, оқыту мазмұнына тәуелсіз
мысалы, кітапты оқи білу (кәтаппен жұмыс істеу), оқу материалын талдау және
жалпылау, жүйелей білу, жалғыз, негізгіні анықтау, жауапты логикалық құру
дәлеледемелерді келтіру және т.б. басшылыққа ала алатын икемдер
ерекшеленеді. Бұл жалпыланған икемдер эмоциналды реттеуші процестердің
кешеніне негізделеді. Олар таным қызметінің жеңіл жедел, әртүрлі
жағдайларда білімді пайдалануға және бүрынғылар арқылы жаңа білімге ие
блолуға мүмкіндік беретін тәсілдерді құрайды.
Операциялық жағы мазмұнды жағынан кем емес мотивациялық жақпен бірге
болады. Одан, белсенді әрекеттерден, білімді қолданудан танымдық
қызығушылықты бекітетін импульстер келеді. Ептілік, аңғарушылық, зеректік,
икемділік осы қолданыста ашылады және олар толық ашылған сайын оқушы өзінің
қызметінен эмоционалдық қанағат алады.
Оқушының танымдық қызығушылығы оқудың операциялық жағы тұрақты болса
бекіп дами алмайды. Онда міндетті түрде ілгерілемелі қозғалыс қажет. Сонда
ғана оқушы өзінің өскен мүмкіндіктері мен күшін бағалап, өзін оқу
жағдайында басқаша, жаңаша, бұрынғыдан жақсы тезірек, жеңіл әрекет ететітін
түсінеді. Оқу еңбегінің осы тұрақты күрделенуінде, аса күрделі және қиын
тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін жетілген икемдерді меңгеру таным
күштерін бекітетін, оқушының қызығушылығы мен тырысуын бекітетін дамытушы
оқудың маңызын білдіреді.
3. Оқытудың эмоционалдық атмосферасы, оқу процесінің оңды эмоционалды
тонусы – үшінші маңызды шарт.
Оқыту мен оқудың қолайлы эмоционалдық атмосферасы оқушы дамуының екі
басты қайнар көзімен үйлесімді: қызметі және қарым-қатынасы, олар көптүрлі
қатынастар тудырады және оқушының жеке тонусын қалыптастырады.
Осы екі қайнар көз бір біріне жеке болмайды, олар әр кезде оқу
процесінде бірге жүреді, сонымен қатар олар беретін ынта әртүрлі, және
олардың танымдық қыметке және білімге деген қызығушылыққа тигізетін әсері
әртүрлі.
Оқудың қолайлы атмосферасы Д.И.Писарев жазып кеткендей, оқушыға әр
адамның ақылды, жақсы және епті болуға тырысуын әкеледі. Оқушының қолын
жеткізген жетістігінен жоғары болуға деген осы ынтасы өзіндік қадір-қасиет
сезімін бекітеді, оған сәтті қызмет кезінде терең қанаған әкеледі, жақсы
көңіл-күй береді, бұл жағдайда жұмыс тезірек және өнімді істеледі.
Оқушылардың танымдық қызығушылығының қолайлы эмоционалдық атмосферасын
жасау – оқушының оқу процесінде танымдық қызығушылығын қалыптастырудың
маңызды шарты. Бұл шарт оқытудың барлық кешенін байланыстырады – білім
беру, дамыту, тәрбие беру және қызығушылыққа тікелей және жанама әсер
етеді. Одан қызығушылыққа және тұтас жеке тұлғаға қолайлы әсер ететін
төртінші маңызды шарт туындайды – оқу процесіндегі қолайлы қарым-қатынас.
4. Оқыту мұғалім мен оқушылардың арасындағы, оқушылардың бір-бірімен
қарым-қатынасының күрделі процесі. Қарым-қатынастың әсерін бағалау қиын,
бірақ оны нақты шынайылықта көруге болады.
Оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен қарым-қатынасы жанама ықпалы
өте үлкен қарым-қатынастардың көптүрлі гаммасын тудырады.
Жолдастырмен, мұғаліммен қарым-қатынасқа түсуге тырысу оқудың күшті
бір мотиві бола алады және танымдық қызығушылықтың бекітілуіне көмек
ебереді.
Оқу процесінде және араласуда қалыптасатын қарым-қатынастар арқылы
оқу, оқушының танымдық қызығушылығы мен жеке тұлғасының дамуы үшін қолайлы
атмосфера қалыптасады.
Оқушылардың сынып ұжымында олардың қызығушылығын дамытуына оқушының
жасы ғана емес, өмір қызметіне, әртүрлі пәндік қызмет тәжірибесін алуға,
қарым-қатынасқа, отбасылық жағдайларға, бұқаралық коммуникация құралдарына
негізделген жеке басы да әсер етеді.
Бір сыныптың оқушыларының танымдық қызығушылығының әртүрлі даму
деңгейі және әртүрлі тәжірибеге, жеке дамудың ерекше тәсілдеріне
негізделген әртүрлі көрініс сипатына ие болуы мүмкін.
Танымдық қызығушылықтың қарапайым деңгейі деп оқушылардың сабақта
алатын ақпаратта болатын жаңа фактілерге, қызықты құбылыстарға ашық,
тікелей қызығушылықты айтуға болады.
Оның дамуының аса жоғары деңгейі заттар мен құбылыстардың, аса терең
және жиі жағдайда көрінбейтін ішкі мәнді білдіретін маңызды қасиеттеріне
тануды айтуға болады. Бұл деңгей іздеуді, аңғаруды, бар білімді, алған
қабілеттерді белсенді қолдануды талап етеді.
Бұл деңгейде танымдық қызығушылық жиі қолданбалы сипаттағы
тапсырмаларды шешумен байланысты, оларда оқушыларды әрекет ету принципі
ғана емес, оның механизмі қызықтырады. Бұл деңгейде қызығушылық жеке
фактілердің үстінде болады, бірақ заңдылықтарды табу үшін танымға кірмейді.
Бұл деңгей сипаттау сатысы деп атауға болады, онда зерттелетені объектінің
сыртқы белгілері мен маңызды қасиеттерін бекіту тең бастамаға ие болады.
Танымдық қызығушылықтың аса жоғары деңгейін оқушының себеп-салды
байланыстарға, заңдылықтарды, әртүрлі жағдайларда әрекет ететін
құбылыстардың жалпы белгілерін анықтау құрайды. Бұл деңгей зерттеуші
шығармашылық қызметтің элементтерімен, оқытудың жаңа және бұрынғы жетілген
тәсілдерін алумен үйлеседі.
Танымдық қызығушылықтың аталған деңгейлері жалпы оның даму
тенденциясын сипаттайды. Нақты процесте танымдық қызығушылықтың жасайтын
жолы жұқа және күрделі өзара ауысумен сипатталады, оларда бір саты екінші
сатыға енеді, біреуі екіншіден шығады, біреуі екіншімен бірге жүреді. Бірақ
бұл жағдайда әрбір сәтте мұғалім оқушы қызығушылығының дамуының қай
сатысында болғанын көре алады: фактілер мен репродуктивті қызмет
деңгейінде, маңызды байланыстар мен қолданбалы сипатпен байланысты іздеу
қызметіне тырысу деңгейінде немесе мәнді заңдылықтар мен терең себеп-салды
байланыстарды ашу деңгейінде.
Танымдық қызметтің репродуктивті-фактологиялық, сипаттаушы-іздеуші
және шығармашылық сипаты оқушының танымдық қызығушылық деңгейін де
негіздейді.
Танымдық қызығушылық деңгейінің басты параметрі – оның таным
объектілеріне бағытталуы (фактілер, процестер, заңдылықтар) тұрақтылық,
локализациялану және сезіну сияқты парамертрлермен үйлеседі.
Тұрақтылық параметрі оқушының танымдық қызығушылығында бізге көп
нәрсені ашады. Танымдық қызығушылық ситуативті, жеке жарық көйгелектікпен
шектеулі, оқытудың ерекше эмоционалдық жағдайына (тиімді тәжірибе, әсер
етуші әңгіме, қызықты фильм) жауап ретінде болады. Осындай қызығушылық тез
суып, оны тудырған жағдаймен бірге жойылып кетуі мүмкін. Ол сырттан тұрақты
қуаттауды, жаңа және ерекше әсердің болуын талап етеді. Жеке тұлғаның
құрылымында ол ерекше із қалдырмайды, өйткені оның қызығушылығы сыртқы
құралдармен туындайды, оқушының өзі танымға бейтарап қалады.
Оқуға деген қызығушылық салыстырмалы тұрақты болуы мүмкін және
заттардың, тапсырмалардың нақты шеңберімен байланысты. Танымдық
қызығушылығы тұрақтылығының бұл деңгейі танымдық қызығушылығы оқуға деген
ішкі қоздырушы ретіндегі мотивтері әлі күшті болмайтын, оқу процесінің
тәсілдерінен келетін сыртқы ынталандырушыға мұқтаж емес, жасөспірім
оқушылардың көбіне тән. Бұл жағдайда оның тұрақтылық тенденциясын көру
маңызды: оқушы қызығушылығының ішкі қоздырғыштары басым ба әлде оған сыртқы
ынталандырушылар қажет пе.
Сөйтіп оқушының танымдық қызығушылығы тұрақты болуы мүмкін. Сонда
оқудағы ішкі мотивациясы басым болады және оқушы қолайсыз ішкі
қоздырғыштарға қарамастан, оқуға ынтасы болады. Танымдық қызығушылық
тұрақтылығының бұл деңгейі танымға мұқтаждықпен тұтас болады, мұнда
оқушының оқуға ынтасы болады және оқымауына болмайды. Берік танымдық
қызығушылық әрбір оқушының дамуымен бірге жүре бермейді.
Танымдық қызығушылықтардың локализациясы әртүрлі болуы мүмкін.
Оқушылардың басым бөлігі айқын емес, аморфтылокализацияға ие. Оларда
ситуативті қызығушылықты жиі кездестіруге болады. Бұл оқушылардың сыртқы
ынталандыру кезіндегі оқуға деген қызығушылығы білінеді, бірақ тұрақты
болмайды және міндетті түрде сырттан қоздыруды талап етеді.
Жасөспірімдердің көбінде танымдық қызығушылықтың кең локализациясы
бар. Бұл оқушылар үшін, аморфты қызығушылығы бар оқушыларға қарағанда, ішкі
түрткі, білімнің көптеген салаларына қызығушылық тән. Олар белсенді түрде
білім іздейді, оны әртүрлі қайнар көздерден және сабақтан тыс іздейді.
Оқыту процесінде осындай оқушылардың білімін тереңдету, оларды танымның
жоғары деңгейіне аудару маңызды.
Сөйтіп әрбір сынып оқушыларының белгілі тобын локализацияланған,
айқын, басым танымдық қызығушылығы бар оқушылар құрайды.
Негізгі, басым қызығушылықтар оқушылардың бейімділігінің,
қабілеттерінің негізінде жатыр, болашақ кәсібін анықтайды және сондықтан
жеке тұлға үшін аса құнды болады.
Танымдық қызығушылық туралы мәліметтер кешенінде оны сезіну де мәнді.
Мотивті сезіну оның шынайылыққа күшті әсер етуімен бірге жүреді. Сезілмеген
мотив әрекет етеді, бірақ оны басқару қиындау.
Оқытудың теориялық талдауы және тәжірибесі көрсеткендей, оқу процесі
үшін аса айқын доминантасы бар оқушылар аса қолайлы.
Егер біз танымдық қызығушылық – бұл оқытудың маңызды факторы,
оқушылардың оқу қызметін анықтаушы мотив деп мойындасақ, оның білінуін,
оқушыда оның болу белгілерін, оқытудың қай тәсілдері қызығушылықты
тудырады, қайсысы бейтарап қалдырады, қайсысы оқуға деген қызығушылықты
өшіреді екенін анықтау керек.
Оқушылардың оқу процесіндегі қызығушылығының білінуі көптеген
әрекеттер бойынша анықталатын олардың интеллектуалдық белсенділігі болады.
Оқушылардың мұғалімге қойылған сұрақтары көбінесе танымдық
қызығушылықты білдіреді. Сұрақ әлі айқын емес нәрсені тануға тырысуды,
өзінің қызығушылығының пәніне терең енуді білдіреді. Инертті, оқуға
бейтарап оқушы сұрақ қоймайды, оның интеллектін шешілмеген сұрақтар әсер
етпейді.
Интеллектуалдық белсенділіктің басқа көрсеткіші оқушының өзіндік
түрткісі бойынша қызметке қатысуға, сабақта көтерілген сұрақтарды
талқылауға, қосымшаны талап етуге, жолдастарының жауабын түзеуге, өзінің
көзқарасын білдіруге тырысу болып табылады.
Оқушының қызығушылығымен бірге жүретін интеллектуалдық белсенділіктің
нақты көрсеткіші – олардың алған білім мен икем жүгін белсенді қолдануы.
Танымдық қызығушылық штамппен және шаблонмен үйлеспейді, сондықтан алған
білімді әртүрлі жағдайларға және тапсырмаларға тарту олардың икемділігі,
оларды еркін пайдалану туралы айтады және танымға терең енуге тырысуға
көмектеседі.
Оқушының тағы бір қызығушылық үшін өте құнды интеллектуалдық
белсенділігінің көрсеткіші – жолдасымен, мұғаліммен оқудан тыс әртүрлі
қайнар көздерден алған жаңа ақпаратпен бөлісуге тырысу.
Осылайша мұғалім аа күш салмай анықтай алатын танымдық қызығушылықтың
бірінші және негізгі параметрі – бұл оқушының интеллектуалдық белсенділігі,
онда фокуста сияқты оның танымдық қызығушылықта барлық көніністері
білінеді.
Мұғалім оқушының танымдық қызығушылығы бар екенін анықтай алатын
көрсеткіштердің басқа параметрі – оқушының танымдық қызметінің эмоционалдық
қолайлы фоны. Оқушылардың эмоционалдық көріністері мұғалім үшін айқын
көрсеткіш болып табылады. Бұл көріністер жұқа және ұстатпайтыны соншама,
тек олар бойынша ғана танымдық қызығушылық туралы әсер алу қиынға түседі.
Оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіш параметрі эмоционалдық
күймен өзара әрекет етіп оқушылардың танымдық қызығушылығының өту
ерекшеліктерінде көрінетін реттеуші процестер.
Алдымен олар зейіннің шоғырлануында және әлсіз алаңдауда білінеді.
Танымдық қызығушылықтың айқын көрсеткіші оқушының қиындық кезіндегі
мінез-құлқы болады. Тұрақты және жеткілікті терең қызығушылық қиындықтан
өтуге тырысумен, күрделі мәселелерді шешеуде әртүрлі тәсілдерді қолдануға
тырысумен үйлеседі. Оқу процесінің қарапайым жағдайында мұғалім оқушылардың
осы полярлық топтарын айқын көреді, олардың біреуі көптеген үлгі алады,
шешудің әртүрлі тәсілдері мен амалдарын іздейді, немесе механикалық түрде
көршісінен не тақтадан көшіруге тырысады.
Оқушының танымдық қызығушылығының реттеуші механизмі өте сезіледі және
білімге деген қызығушылықты және оқу әрекетін аяқтауды білдіреді.
Қызығушылық әрқашан сыртқы қоздырғыштарға қарамастан, қызметке енумен,
қызметке кіріп кетумен, байланысты. Бастаған жұмысты аяқтап, оқушы оларға
реакция білдіреді. Оқушыны қызықтырмайтын қызмет процесі сыртқы тәртіптің
ынталандырушысымен байланысты (нашар баға алмау, мұғалімнің, жолдастарының
алдында өзін ыңғайсыз жағдайға қоймау). Танымдық нәтиже оны оқуға деген
қызығушылығы айқын оқушыға қарағанда, онша мазаламайды.
Бұл жағдайда оқушылардың сабақтан үзіліске берілетін қоңырауға деген
реакциясы көп мәлімет береді. Біреулер үшін қоңырау бейтарап қоздырғыш
болады, және олар жұмысын жалғастырып, аяғына дейін жеткізуге тырысады,
басқалары демобилизацияланады, тыңдамайды, бастаған ісін аяқтамай
қалдырады, кітаптарын жауып тастайды және бірінші болып үзіліске жүгіріп
кетеді. Сондай-ақ қоңырау сабақтың қызықты не қызықты емес екендігін
білдіреді.
Танымдық қызығушылықты тану оқу қызметі саласында ғана емес, одан тыс
да мүмкін, өйткені оқушы қызығушылықты тек сабақта басшылыққа алмайды.
Керісінше, оның еркін қызметі танымдық қызығушылықтың сипатын, тереңдігін,
локализациясын, сезілуін ашады.
Еркін таңдауда білімнің, қызметтің, кітап оқудың, бос уақыттағы
аналысудың нақты саласына артықшылық беріп, оқушы өзінің қызығушылықтарын,
өзінің потенциалды мүмкіндіктерін, оқу кезінде алған және жағымды жұмыста
трансформацияланған танымдық және тәжіриебілк қызметті ашады.
Бос уақыттағы қызметті таңдау, сабақтан бос уақытта нақты іске
басымдық беру – оқушының қызығушылығы мен икемділігінің маңызды көрсеткіші.
Бұл күрделі әлеуметтік, тек педагогикалық емес мәселе, оны дұрыс шешуден
адам қызығушылығы ғана емес, оның өмірдегі белсенді позициясы байланысты.

1.4. Жаңғырту және шығармашылық қызметтің жалпы сипаттамасы

Оқушылардың оқудағы танымдық қызығушылығы өзінің негізінде білімнің,
икемдердің және дағдылардың қалыптасқан жүйесін меңгеруге бағытталған. Осы
білімнің бағыты, мазмұны және көлемі қоғам дамуының жеке сатыларында
өзгермелі болады, әрқашан кеңейіп қоғамның мұқтаждықтарына және ғылымның,
техниканың және мәдениеттің дамуына сәйкес жетілдіріледі. Бұл жағдайда
мектептің маңызды функциясы оқушыларға ғылыми білім жүйесін беру және
оларда осы білімді өз бетімен алуды қалыптастыру.
Оқушылардың ғылыми білім, икем және дағды меңгеруі әртүрлі болуы
мүмкін. Білім формальды және саналы болады, кейбір мәліметтер жатталады
және шығармашылық түрде қайта өңделеді, олар өмірден және тәжірибеден тыс
және онымен тығыз байланыста зерттеледі. Оқушыларды мектепте оқыту оларға
қажетті мәліметтер берумен шектелмеу керек, сонымен қатар оларда білімді өз
бетімен алуға және оларды танымдық және қоғамдық тәжірибеде пайдалану
қабілетін қалыптастырып дамыту керек.
Осы мәселелерді шешу оқушылардың оқу кезіндегі жаңғырту және
шығармашылық қызметі атты мәселемен тығыз байланысты. Оқушылардың оқу
кезіндегі жаңғырту және шығармашылық қызметі дегеніміз не?
Оқушылардың оқу кезіндегі жаңғырту және шығармашылық жұмысы – бұл
олардың белсенділігі мен дербестігі көрінісінің әртүрлі деңгейлері. Егер
жаңғырту – бірінші, бастапқы саты болса, шығармашылық – оқушылардың
танымдық және тәжірибелік қызметінің ең жоғарғы сатысы. Олардың оқу
процесіндегі әртүрлі мақсаты осыдан. Егер оқушылардың жаңғырту қызметінің
басты міндеті білімді, икмді, дағдыны меңгеру болса, шығармашылық қызметтің
мақсаты – алған білімді әрі қарай жетілдіру ғана емес, оқушылардың ойлауын
жанжақты белсендіру, олардың танымдық қызығушылығын дамыту. Қызметтің осы
түрлері белгілі түрде мазмұны бойынша, орындалуы бойынша бір бірінен
ажыратылады. Жаңғырту қызметі көп бөлігінде бағдарламалы түрде білімнің
шеңберімен және оны зерттеу әдістерімен шектеледі. Шығармашылық танымдық
қызмет сонымен қатар зерттелетін құбылыстардың жаңа жақтарын анықтауды,
білімді кеңейтіп дамытуды болжайды. Шығармашылық түрде жұмыс істейтін
оқушылар талап етілмесе де, оқулықтармен шектелмейді, ғылыми әдебиетке,
анықтамаларға, энциклопедияларға жүгінеді. Оқулықтармен жұмыс істеу
процесінде олар қосымша зерттеуді талап ететін сұрақтарды іздейді, дербес
зерттеулер жүргізеді.
Оқушылар мұғалім берген немесе оқулықтан алған материалды зерттей
алады, процескуе жаңалық енгізбей-ақ танымдық қызметтің ұсынылатын әдістері
мен амалдарын қолданады. Бірақ олар берілетін тапсырмалардың мәніне кең
және терең ене алмайды, зерттелетін құбылыстың жаңа жақтарын аша алмайды,
өз тұжырымдарын білдіре алмайды, қойылған сұрақтарды шешудің жетілдірілген
жаңа әдістерін қолдана алмайды. Оқушылар қызметінің бірінші түрін -
жаңғырту деп, екіншісін шығармашылық деп атауға болады.
Жаңғырту – бұл алдымен, оқушының мұғалімнен, оқулықтан, оқу құралынан
және басқа қайнар көзден алғанын қалпына келтіру, жандандыру.
Бұл меңгеріліп қабылданған нәрсені ойлы, сөзді немесе тәжірибелік
жаңғырту. Оқушы алған теориялық мәліметті жандандырады. Білімді пайдалану
процесінде ол тәжірибелік әрееттерді, операцияларды жандандырады.
Осы процестің ерекшелігі оның ешқандай бірегейлік әкелмеуінде.
Оқушылар әдетте оқу бағдарламасында көрсетілген мұғалім, оқулық
беретін нәрсені жандандырады. Жандандыру процесінде ол белгілі, жалпы
қабылдаған әдістермен жұмыс істейді. Жаңғырту қызметінің басты мақсаты -
өмірлік өажетті фактілерді жинау, теориялық мәліметтердің нақты көлемін
меңгеру, негізгі икемдер мен дағдыларға ие болу.
Оқытуда жаңғырту – бұл мақсатқа бағытталған процесс, ол таңдау
сипатына ие. Кейбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика пәнін оқытудағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудағы негізгі әдістеме
«Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері
Оқытудың заңдылықтарымен принциптері
Сызуды оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы
Пәнаралық байланыстардың функциялары
Ағылшын тілін оқыту
абақта жаңартылған бағдарламаны енгізе отырып, оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
Пәнаралық байланыстың негізі
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті
Пәндер