Материалдардың номенклатурасы
ЖОСПАР:
1. КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . 2
2. І БӨЛІМ:
1. 1. Материалдық қорлар, олардың есепке
алудағы міндеттері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . 7
1. 2. Тауарлы – материалдық қорларды анықтау
мен жіктеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . 9
1. 3. Материалдарды есептеуді ұйымдастыру . . . . . . . . . . . . . . . .
11
ІІ БӨЛІМ:
2. 1. Материалдардың номенклатурасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . 15
2. 2. Тауарлық – материалдық қорларды
бағалау әдістері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . 18
2. 3. Ыдыстармен жасалатын операцияларды көрсету . . . . . . . . 24
2. 4.Қайта өңдеуге берілген материалдың есебі . . . . . . . . . . . . . .
. 30
ІІІ БӨЛІМ:
3. 1. Материалдар қозғалысының есебі
және оларды құжаттау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . 34
3. 2. Материалдық қорлардың қозғалысын
есепке алу жөніндегі құжаттама . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . 40
3. 3. Қоймадағы және сақтайтын орындағы
материалдық құндылықтар есебі . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . 45
3. 4. Материалдық қорлардың қоймадағы есебі . . . . . . . . . . . . . . .
. . 48
ІV БӨЛІМ:
4. 1. Материалдардың бухгалтериядағы есебі. . . . . . . . . . . . . . . .
. . 52
4. 2. Материалдық құндылықтардың бухгалтериядағы
есебі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . 54
4. 2. Материалдық қорларды түгендеу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . 58
3. ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . 66
4. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . 72
5. ҚОСЫМШАЛАР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . 74
КІРІСПЕ.
Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде
алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және
кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың
негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп
стандарты, кәсіпорын қаржы – шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот
жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша
бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы
принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп
жөніндегі Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік
есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылданған қаулылар мен ұсыныс,
талаптарға сай жүргізіледі.
Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорындардың
иелері мен еңбек ұжымдары шикізат мен материалдарды тиімді жұмсауға,
өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін
өндіруге (ұлғайтуға), өнімнің сапасын жоғарлатып, оның өзіндік құнын
төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға көздейді. Шаруаға қарсыздыққа,
кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да
ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте
бухгалтерлік есептің маңызы. Осыған орай, бухгалтерліку есеп тек шаруашылық
қызметті көрсетіп қана қоймай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты
болады. Қаржы және аудит кафедраларында қызмет істеп жүрген кездегі
жинақталған бірнеше жылдық дәрістік материалдары негізінде дайындалып,
отандық және шетелдік әдебиеттерде жарияланған, теориялық және практикалық
жағынан өте бай материалдарды пайдаланған. Материалдарды мазмұндау
процесінде Қазақстан Республикасының кәсіпорындарындағы бухгалтерлік
есептің халықаралық стандарттармен жақындасуындағы негізгі бағыттарды
қарауға қолайлы мүмкіндіктер жасалады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген
дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзірге
ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс,
басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай – ақ жұмыстарды орындау және
қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері,
отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа
да материалдары сол ұйымның тауарлық – материалдық қоры түріндегі ағымдағы
активі болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық
үдерісіне (процесіне) ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай
отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса,
еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын
түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын
жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады.
Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Тауарлы – материалдық қорлардың бухгалтерлік есебімен қатар қойма
және материалдық жауапты тұлға бойынша сандық есеп те жүргізіледі.
Кәсіпорындағы барлық тауарлы – материалдық қорлардың атаулары мен өлшем
бірліктері сақталатын тауарлар мен материалдар үшін арнайы анықтамалар
жасалған. Бұл анықтамаларда тауарлар мен материалдар қолайлы болуы топтарға
кез келген дәрежедегі жұмсалыммен бөлінуі мүмкін. Анықтамалық тауарлы –
материалдық қорлардың материал түскеннен кейін толтырылады. Тауарлы –
материалдық қорлар есебі келесі құжаттар негізінде жүргізіледі: тауарлы –
көліктік жүк құжат; кірістік ішкі ауыстыруға жөнелтпе құжат; тауарлы –
материалдарды босатуға жөнелтпе құжат; сенімхат; материалдық қордың
бүлінуі, жеткіліксіздігі, ысырабы туралы акт тауарлы – материалдық
қорлардың қабылдау үшін қарастырады. Кәсіпорында түгендеу жүргізуді
автоматтандыру есебі тізімдер әзірленген: тауарлы – материалдық қорлардың
түгендеу тізімдемесі; түгендеу нәтижелерін біріктіру тізімдемесі.
Тауарлы – материалдық қорлар есебінің 2 түрі қарастырылған: толық
өзіндік құн бойынша (1 шотта немесе қосалқы шотта), көлік дайындау
шығындарын қоса есептегенде, тауардың толық өзіндік құны сақталған жағдайда
көлік дайындау шығындарын бөлумен (тауарлар тобында көлік дайындау)
шығындары үшін жеке немесе қосалқы бөлінген жағдайда. Тауарлы – материалдық
қорлардың есептік бағасы бойынша есеп айырысудың 2 әдісі қарастырылған:
нақты (тұтастай сәйкестендіру) және орташа. Кәсіпорынның есеп саясатына
байланысты тауарлы – материалдық қорлар есебінің сәйкес нұсқасына және
есептік бағамен есеп айырысу әдісіне дәлелдеу жүргізіледі. Тауарлы –
материалдық қорлардың әрбір атаулары үшін осы тауарлар немесе материалдың
барлық топтамасы туралы мәліметтерді кіргізетін қойма есебінің карточкасын
қолданады. Тауарлы – материалдық қорлардың топтары бойынша қайта бағалану
мүмкіндігі қарастырылған.
Тауарлы – материалдық қорлардың есебі бойынша келесі есептеме
формалары бар: қойма немесе материалдық жауапты тұлға бойынша есеп беру;
тауарлар мен материалдар қозғалысы бойынша есеп беру; жинақтамалы
айналымдық тізімдеме; журнал – ордерлер және сәйкес шоттар жиынтығы
бойынша тізімдемелер.
Жабдықтаушылар мен мердігерлерге шикізат, миатериал және тауарлы –
материалдық қорды жеткізушілер жатады, сондай – ақ әр түрлі қызмет түрлерін
көрсетушілер (электр қуатын, буды, суды, газды және т.б. босатушы) және әр
қилы жұмыс орындаушылар (күрделі жөңдеу, жай жөңдеу және т.б.)
жабдықтаушылар мен мердігерлер болып саналады. Жабдықтаушылар мен
мердігерлермен есеп айырысу – тауарлы – материалдық қорларды тиеу жұмысын
орындағаннан кейін, олардың кәсіпорынмен келісуі арқылы бір мезгілде немесе
олардың тапсырмасы бойынша немесе алдын ала төлеуі бойынша жүзеге
асырылады. Тауарлы – материалдық қорлардың түгендеу олардың (өндірістік
қорлардың, дайын өнімнің, тауардың) орын – орындарына және барлық қозғалыс
кезеңдерінде сақталуын тексеруге, оларды өндіріске қолдануды бақылауға,
өткізу үшін қажетсіз және артық материалдарды уақытылы анықтауға саяды.
Түгендеу маткериалдарға жауапты адамдардың қатысуымен, міндетті түрде қайта
есептеу, қайта өлшеу, өлшеу жолымен жүргізіледі. Іс жүзінде тексермей.
Материалды айтуымен түгендеу тізімдемесіне жазуға болмайды.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған
материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын
бақылау.
3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе
төмендеп кетпеуін бақылау.
4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен
анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
6. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтып және олардың
жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар
құнын әр объектінің шығынына қосу.
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына,
үнемді пайдаланылуына көмеген тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс
сақталуы, сондай – ақ ұтымды падаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды
жасау қажет:
– тиісті түрде жабдықталған материалдық – қорларды сақтайтын қойма немесе
бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір
түрін сақтауға арналған болуы керек;
– материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары,
өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде
қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп
орналастырылуы керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді
таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі
тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды
қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен
материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай – ақ кәсіпорын
басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату
барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы қажет.
Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына
ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол
сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар
керек:
– материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын
белгілеу;
– құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалды есепке алу мен
есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;
– біріңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу
және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін
өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды
жетілдіріп отыру қажет. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын
жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде
есепке алып отыру қажет.
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте,
бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін
жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін
бухгалтерлік және салалық есепке алуды ұйымдастырудыдың ережелерін,
нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.
І. БӨЛІМ.
1.1. МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР, ОЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ.
Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар еңбек заттары да
қатысады. Өндірістік қорлар – бұл бір өндірістік цикл процесіне толықтай
тұтынылатың, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік
құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.
Кәсіпорындағы тауарлы-материалдық қорлардың есебі №2. Тауарлы-
материалдық қорлардың есебі БЕС-ына сәйкес ұйымдастырылады, онда мыналар
белгіленген:
1. Стандарт әрекетінің аясы
2. Тауарлы-материалдық қорлардың өлшемдері.
3. Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны.
4. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау.
5. Шығысты тану.
6. Есеп берудің ашылуы.
Тауарлы-материалдық қорлар бұл:
1) Шикізат қорлары, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар
мен кешендік бұйымдар (тетіктер), отын, ыдыс, және ыдыствқ материалдар,
қосалқы бөлшектер және өндірісте немесе жұмыстарды, қызметтерді орындау
кезінде пайдалануға арналған өзге метериалдар;
2) Аяқталмаған өндіріс;
3) Субъектінің қызмет барысында сатуға арналған дайын өнім, тауар
түріндегі активтер.
Тауарлы-материалдық қорларды есепке алудың негізгі міндеттері мыналар:
1) Қорлардың уақтылы және толықтай кірістелуіне, олардың сақталу
жеріндегі және қозғалысының барлық сатыларындағы сақталуына бақылау жасау;
2) Қорлардың қозғалысы жөніндегі барлық операцияларды уақтылы және
толықтай құжаттау;
3) Көлік-әзірлеу шығындары (ауытқуы) мен әзірлеген қорлардың нақты
өзіндік құнын уақтылы және дұрыс аңықтау;
4) Көлік-әзірлеу шығындарын айналым шығындарына біркелкі және дұрыс
есптен шығарылуын бақылау;
5) Қойма қорларының жағдайына бақылау жасау;
6) Ішкі ресурстарды ұтқыр қолдану мақсатында субъектіге керек емес
материалдық қорларды аңықтау және сату,
7) Сақталатын жерлердегі қорлардың қалдықтары мен қозғалысы жайлы
дәл мәліметтерді алу.
Материалдық қорларға әрекеттік бақылаудың қажетті шарты болып
табылатындар:
- жабдықталған қойма үй-жайларының болуы;
- материарларды қоймалардың секциялары бойынша, ал олардың ішінде
жекелеген топтар бойынша орналастыру;
- материалдық қорларды қабылдау мен босатуға жаупты адамдар тобын
белгілеу;
- тауарлы – материалдық қорларды қабылдау мен босату құжаттарына қол қою
құқы берілетін лауазымды адамдар тобын белгілеу.
Материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін
қажеттісі:
1) Материалдық тауардың бірегей коменклатурасын әзірлеу;
2) Құжат айналымының айқын жүйесі тауарлы-материалдық қорларды кіріс
ету және есептен шығау жөніндегі операцияларды ресімдеу тәртібін сақтау;
3) Бастапқы құжаттардың есептік нысандарын біркелі қалыпқа келтіру;
4) Тауарлы-материалдық қорларға тұрақты түрде түгендеу жүргізу;
5) Бухгалтериядағы материалдардың есебі учаскесін компьютерлендіру.
Шаруашылық субъектілері әрбір шотқа қажетті мөлшерде субшоттар мен
талдамалы шоттар аша алады. Субъектіге тиесілі емес, бірақ онда уақытша
сақтауда тұрған өндірістік қорларды еспке алу үшін баланстан тыс шоттар
пайдаланылады:
Жауапты сақтауға қабылданған тауарлы-материалдық құндылықтар:
а ) жеткізушілердің есеп айырысу құжаттарын төлеуден бас тартуына
байланысты;
ә ) төлеу шартының талаптары бойынша жұмсауға тыйым салынған
тауарлы-материалдық қорлар жеткізушілерден алынғанда;
б ) өзге себептерге байланысты қабылданған.
Қайта өңдеуге қабылданған материалдар
Монтаждауға қабылданған жабдықтар.
Бұл шотта құрылыс объектісіндегі монтаж үшін тапсырыс берушіден
алынған жабдықтың құны ескеріледі.
1. 2. ТАУАРЛЫ – МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫ АНЫҚТАУ МЕН ЖІКТЕУ.
Тауарлы – материалдық қорлар - өндіріс циклінде қолданатын әр түрлі
еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін
өнімге толығымен аударады.
Бухгалтерлік есептің №2 Тауарлы – материалдық қорлар есебі
стандарттарына сәйкес тауарлы – материалдық қорларға мыналар жатады:
• шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас
бұйымдар, құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік т.б.)
және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе
жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық
қорлар;
• аяқталмаған өндіріс;
• субъектінің іс - әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер,
тауарлар.
Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін ғылыми – негізделген
жіктемені, есеп бірлігін талдау мен бағалау өте маңызды.
Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір – бірінен өндірісте
атқаратын міндеттеріне қарай, сондай – ақ физикалық және химиялық
қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар
есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі – оларға экономикалық жағынан
жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда
атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
– шикізат
– негізгі материал
– көмекші материал
– жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің
құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп – бұрын азды – көпті сіңірілген заттарды
айтамыз. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы
мекемелерінің өндірген өнімдері – мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және
тағы да басқа материалдар жатады.
Негізгі материалдардың шығарылатын өнімге заттық негіз
жасап, оның материалдық негізін, өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші
өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады.
Жартылай фабрикаттар деп – өндірістік үрдістің бір
сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар.
Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады.
Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады.
Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай
өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген
немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында
есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында – бетон және
ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші материалдарға – әр түрлі химикаттар мен
майлайтын, сүртетін және жөңдеуге керекті басқа да материалдар жатады.
Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің
материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үрдісінде қолданылуы
барысында негізгі материалдарға өзінің қандайда бір әсерін тигізіп, негізгі
материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл
түріне бояуларды, әктерді (известь) жатқызуға болады.
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып шикізаттар мен
материалдар,сатып алынған жартылай фабрикаттар мен іріктеп жинақталған
бұйымдар, тетіктер мен конструкциялар,отын, ыдыс және ыдыстық материалдар,
қосалқы бөлшектер,басқа да материалдар, басқа жаққа өңделуге берілген
материалдар, құрылыс материалдары және тағы да басқалар есептеледі.
Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй – жайларды жылытуға
пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.
.
1. 3. МАТЕРИАЛДАРДЫ ЕСЕПТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Ұйымның типтік бухгалтерлік есепшоттар кестесінің екінші
бөлімінде материалдар есебі мына шоттарда жүргізіледі:
– шикізат пен материалдар;
– сатылып алынған жартылай фабрикаттар;
– отындар;
– ыдыс және ыдыстық материалдар;
– қосалқы бөлшектер;
– басқадай материалдар;
– өңдеуге берілген материалдар;
– құрылыс материалдары.
1310 Шикізаттар мен материалдар шотында – субъектіге тиісті,
өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның негізін жасайтын немесе өнімді
дайындағанда оның керекті құрастырушысы болып табылатын шикізаттар мен
негізгі материалдардың, өнім өндіруге қатысатын немесе шаруашылық қызметіне
сондай – ақ техникалық мақсатқа пайдаланатын, өнім өндіру үрдісіне әсер
ететін материалдардың ұйымдардағы есебі, өндірістік процестерге жәрдемдесу
үшін тұтынылатын қосалқы материалдардың, қайта өңдеуге арналған ауыл
шаруашылық өнімдерінің нақты бары мен қозғалысы есептеледі және олардың
кіріске алынуы мен шығыс етілуі есептеледі
1311 Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен іріктеп жинақталған
бұйымдар шотында өндіріліп шығарылатын өнімді жинақтау үшін сатылып
алынған өңдеу және жинақтауды керек ететін жартылай фабрикаттардың,
жинақтауыш бұйымдардың, бөлшектердің кәсіпорындағы есебі жүргізіледі.
Шығарылатын өнімді (құрылысты) іріктеп жинақтау үшін өндірістік операция
тәртібімен алынатын дайын іріктеп жинақталатын бұйымдар (оның ішінде
құрылыс құрылғылары (конструкциясы) мен детальдары да бар) нақты бары мен
қозғалысы ескеріледі, олар өңдеу немесе жинақтау бойынша шығын шығаруды
талап етеді және дайындалған материалдық негізін құрайды.
1312 Отын шоты – көлік құралдарын пайдалануға, сондай – ақ
өндірістің технологиялық қажеттіліктеріне арналған мұнай өнімдерінің
өнімдерінің (мұнай, дизельдік отын, керосин, бензин және басқалар) және газ
тәрізді отын, өндіріс қалдықтары мен қатты отын ретінде (үгінді, жоңқа)
екінші рет пайдаланылатын қайталама материалдардың нақты бары сонымен бірге
қозғалысын есепке алуға арналған және энергия өндіруге және үйді жылытуға
пайдаланатын (мұнай өнімдері мен фтор, газ, көмір тағы да басқа) отындардың
қалдығы және кірісі мен шығысы есептеледі.
1313 Ыдыс және ыдыстық материалдар шотында ұйымдағы ыдыс және
ыдыстық материалдардың барлық түрлерінің (ыдыс, қап, күбі, бөшке, қорап,
жәшік және т.б.) шаруашылық құралы ретінде пайдаланатындардан басқасы,
сондай – ақ ыдыстарды өндіріп (шығаруға), (жәшіктерді жинауға қажетті
тетіктер, бөшкені жөңдеу, қалақ, бөлшектер, темір құрсаулары және т.б.)
арналған материалдар мен тетіктер есептеледі. Вагондарды, биржаларды,
кемелерді тиелген өнімді сақтауды қамтамасыз ету мақсатымен қосымша
жабдықтауға арналған керек – жарақтар. Оларды жөңдеуге арналған материалдар
мен бөлшектердің кіріске алынуы мен шығыс етілуі есебі жүргізіледі.
Жабдықтаушы, өткізуші немесе саудамен айналысатын кәсіпорындар тауарлар
салынған ыдыстарды сатылып алынған тауарлар шотында есептейді.
1314 Қосалқы бөлшектер шоты – жөңдеу жұмыстарын жүргізуге,
ұйымның пайдалануындағы машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарының
бөлшектерін ауыстыруға арналған, негізгі іс - әрекетке қажеттіліктеріне
алынған немесе дайындалған бөлшектердің, сондай – ақ запастағы және
айналымдағы автомобиль шиналарының нақты бары мен қозғалысын есептеуге
арналған. Мұнда толық жинақты машиналардың, жабдықтардың, қозғалтқыштардың
(двигательдердің), түйіндердің, агрегаттардың субъектінің жөңдеу
шеберханаларында, техникалық айырбас пунктері мен жөңдеу зауыттарындағы
айырбас қорларының қозғалысы назарға алынды. Тасымалдау құралдарын және
тағы сол сияқтыларды жөңдеуге, мүжілген жерлерін ауыстыруға арналған
қосалқы бөлшектердің кірісі мен шығысы және қалдығы есептеледі.
1315 Басқа да материалдар шотында өндіріс қалдықтары (ағаш
кесінділері, қиындылар, жаңқа және т.б.) түзілмейтін өндіріс ақаулары,
ұйымның өзінде материал, отын немесе қосалқы бөлшек ретінде пайдалануға
жарамайтын есептен шығарылған негізгі құралдарды бұзғаннан алынған
материалдардың, металл сынықтарының есебі жүргізіледі. Сонымен қатар бұл
шотта ауыл шаруашылық кәсіпорындары өз өндірісіне қажетті тұқымдарды,
отырғызылатын
көшеттерде, мал азығын дайындаудағы тыңайтқыштарды, ауыл
шаруашылықдақылдарын дайындауда зиянын тигізетін жәндіктермен күресу үшін
пайдаланатын улы химикаттар мен дәрі – дәрмектерді және тағы да басқа
материалдарды есептейді.
1316 Өңдеуге берілген материалдар шотында басқа жаққа өңдеуге
берілген және олардан алынған бұйымның өзіндік құнына кіретін
материалдардың қозғалысы ескертіледі. Басқа жақтағы субъектіге төленген
материалдарды өңдеу бойынша шығындар өңдеуден алынған бұйымдар есептелетін
шоттардың дебетіне тікелей жатқызылады. Қайта өңдеу үшін басқа ұйымдарға
берілген, келешекте өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнының құрамына
кіретін материалдар есептеледі.
1317 Құрылыс материалдары шотын субъект салушылар қолданады. Мұнда
тікелей құрылыс, монтаж жұмыстарында қолданатын материалдардың құрылыс
детальдарын жасау үшін, үйлер мен ғимараттардың конструкциялары мен
бөліктерін салу, тұрғызу, өңдеу үшін, құрылыс конструкциясы мен детальдары,
сондай – ақ құрылыс тіліктері үшін (жарылғыш заттар және т.б.) қажетті
тауарлы – материалдық қорлардың бар – жоғы мен қозғалысы ескеріледі.
ІІ БӨЛІМ.
2. 1. МАТЕРИАЛДАРДЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ.
Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін материалдардың
номенклатуралық тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған дұрыс.
Материалдардың номенклатурасы деп – өндірісте
пайдаланатын материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың аты, сапасы,
мөлшері тағы да басқа көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін айтады.
Номенклатуралық тізімде әр материалдың дұрыс аты, оған берілген
номенклатуралық нөмірі мен өлшем бірлігі көрсетіледі. Сонымен қатар
номенклатуралық тізімде әрбір материалдың бухгалтерлік есепте есептелетін
бағасы көрсетіледі. Сондықтан номенклатуралық тізімді номенклатуралық баға
көрсеткіші деп те атайды. Кәсіпорындар мен ұйымдарда пайдаланатын
материалдар номенклатуралық тізімде, әдетте белгілі бір өздерінің топтары
бойынша және ішкі топтары аттары, сапалары немесе мөлшерлері бойынша
жіктеліп көрсетілуі тиіс. Әрбір топқа тиісті сан жүйесі яғни шифр
белгіленеді. Шифр жүйесіндегі сандық белгілер саны әрбір топқа жататын
материалдар санына байланысты. Материалдарға берілген шифрлер бұл
материалдар жазылған алғашқы құжаттарда, есеп тіркелімдерінде және әр түрлі
кестелерде (таблицаларда) көрсетілетін болғандықтан, есеп қызметінің
жұмысын жетілдіру үшін сан жүйесінің (шифрлардың) және оның сандарының аз
болуы ыңғайлы әрі дұрыс болады. Материалдарға шифрлар тағайындағанда сол
шифрдан материалдың қай шотқа, сондай – ақ қандай аралық шотқа жататынын
көрсететіндей етіп тағайындау керек. Материалдардың номенклатуралық нөмерін
7 санынан құрастыру ыңғайлы болып табылады. Оның алдыңғы 3 саны шоттың
келесі 2 саны қай топқа жататынын көрсетсе, соңғы 2 саны материалдардың осы
топ ішіндегі реттік санын көрсетеді. Номенклатуралық нөмірді 5 саннан да
құрастыруға болады. Ол жағдайда оның алдыңдағы 1 – ші саны шоттың келесі 2
саны қай топқа жататынын, ал соңғы 2 саны материалдың топ ішіндегі реттік
санын көрсететіндей болып тағайындалуы керек. Номенклатуралық баға
көрсеткіштерінде материалдар өздерінің статистикалық есеп берудегі қаралған
тізімдердегі тәртібі бойынша топталғаны дұрыс. Номенклатуралық тізімде
материалдың әр тобы бойынша жаңадан алынатын материалдарға бос орын және
реттік сан қалдырылады. Егер бағаларында көп айырмашылық болмаса 1
номенклатуралық нөмірге түрлері бір тектес, бірақ бағасы мен сортында аздап
айырмашылығы бар материалдарды біріктіруге болады. Бұл жағдайда олардың
есептеу бағасы орташа бағаға сәйкес тағайындалады. Материалдарға қойылатын
номенклатуралық нөмері, өлшем бірлігі ол материалдың барлық кіріс – шығыс
құжаттарында, қоймадағы есеп карточкасында (үлгілі түрі М – 17) және
материалдық есеп беруде көрсетіледі. Егер ұйымдарға кейбір материалдар
басқа өлшем бірлігімен келіп түссе ондай материалдарноменклатуралық номірде
көрсетілген өлшем бірлігі бойынша қайтадан саналып кіріске алынады.
Материалдардың номенклатуралық баға көрсеткіші, әсіресе материалдар есебін
оперативтік (жедел) қалдық тәсілін қолдану арқылы жүргізгенде өте тиімді.
Номенклатуралық тізілім – номенклатура бағалық деп, ал онда көрсетілген
бағалар есептік деп аталады.
Тағайындалған нөмірін, өлшем бірлігі мен бағасын тауарлы –
материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы ескерілетін барлық құжаттар мен
тіркелімдерге қояды. Талдамалық есепте материалдық құндылықтар нақты
есептік бағалар (келісім, жоспарлы – есептік) бойынша, ал жинақтамалы есеп
пен есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша ескертіледі. Материалдық
ресурстардың нақты өзіндік құны мыналарға байланысты анықталады:
1. Осы ресурстарды жеткізуші ұсынған несиеге сатып алынғаны үшін
пайыз төлеуді қоса алғанда, сатып алу шығындары;
2. Коммерциялық, делдал ұйымдарға төленген үстемелер (үстеме ақылар),
комиссиялық сыйақылар;
3. Тауар биржаларының қызмет құны;
4. Кеден баж;
5. Басқа ұйымдардың күшімен жүзеге асырылған тасымалдау, сақтау,
жекізу шығындары.
Материалдарды есептік бағасы бойынша (келісім, жоспарлы – есептік,
сатып алу) есепке алған кезде есептік баға бойынша қор құны мен сатып
алынған қорлардың нақты өзіндік құндарының арасындағы айырма есептеу
жолымен айқындалады. Егер материалдық құндылықтардың есебі келісім бағасы
бойынша жүргізілсе, онда олардың нақты өзіндік құны осы баға бойынша
материалдар құны мен көлік - әзірлеу шығындарынан құралатын болады. Көлік
тасымалдау шығындарының құрамына кіретіндер:
1. Барлық алымдарды қосып алғанда, теміржол тарифі, су кіре пұлы,
автомобильмен және ұшақпен тасымалдау және басқа көлік түрлерімен
тасымалдау тарифтері.
2. Жеткізушілердің қоймасынан теміржол және басқа көлік құралдарымен
материалдарды жеткізу.
3. Қорларды сатып алу және әзірлеумен тікелей байланысты іссапар
шығындары.
4. Қоймасының тұрақты жұмысшыларына ақы төлеуді қоспағанда,
қоймадағы тиеу, түсіру және буып – түю жөніндегі шығындар.
5. Жабдықтаушы және делдал ұйымдарға төленген комиссиялық сыйақы.
6. Қорларды сатып алумен тікелей байланысты басқа шығындар.
№2 БЕС – ына сәйкес тарифтің артық төленген сомаларын қайтару және
сол сияқты түзетулер көлік – дайындау шығындарының сомасынан шегеріледі.
Егер қорлардың талдамалы есебін жоспарлы – есептік бағасы бойынша
жүргізілсе, онда олардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша құннан плюс
– минус нақты өзіндік құнның есептік бағасы бойынша құннан ауытқуынан
құралады. Бұл бағаларды субъектінің өзі келісім бағасының негізінде көлік
– әзірлеу шығындарының жоспарлы мөлшерін ескере отырып дайындайды. Көлік –
әзірлеу шығындары немесе жұмсалған материалдарға қатысты ауытқулар (плюс –
минус) материалдық құндылықтардың шығыны келісім немесе есептік бағалар
бойынша көрсетілген шоттарға ай сайын есептеп шығарылады. Көлік – әзірлеу
шығындарының немесе ауытқудың (плюс – минус) пайызы олардың қалдығы мен ай
ішінде келіп түскендерінің сомасын материалдардың ай басындағы қалдығының
және келісім (есептік) бағасы бойынша келіп түскен материалдардың сомасын
бөліп, алынған нәтижені 100 – ге көбейту жолымен анықталады. Есептеп
шығарылған пайыз бойынша көлік – әзірлеу шығындарын немесе ауытқуды (плюс –
минус) тиісті шоттарға есептен шығарады. Материалдар түрлері немесе
топтарының шығын көлемінде олар бойынша көлік – әзірлеу шығындарының немесе
ауытқудың (плюс – минус) пайызын табу керек болса және жеткізушілермен
тұрақты байланыс болған кезде бухгалтерлік есептің деректері бойынша өткен
айлардағы пайыздың қолданылуы мүмкін.
2. 2. ТАУАРЛЫҚ – МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ.
2 ҚЕБХС (есеп берудің халықаралық стандарттары) сәйкес қорлар екі
өлшемнің ең кішісімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы
тиіс. Қорлардың өзіндік құнына қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін
жеткізуге кеткен шығындар мен өңдеуге, алуға жұмсалған шығындар кіреді.
Тауарлы – материалдық қорлар есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына (БЕС
2) сәйкес алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы, шеттен әкелу бажы,
жабдықтаушы ұйымдар төлеген делдалдық (комиссиялық) сыйақылар, көліктік –
дайындау шығындары мен қорларды алуға тікелей байланысты басқа да шығындар
(саудалық жеңілдіктер, артық төлеуді қайтару және т.б. осындай түзетулер
алу шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі) кіреді.
2 БЕС 4 т. сәйкес тауарлы – материалдық қорларды өткізудің таза құны
әдеттегі іс - әрекет барысында көзделетін сатуы алым бағасына тең минус
сатуды ұйымдастыру мен жинақтап, құрастыру шығындары алынады. Басқаша
айтсақ, (2 ҚЕБХС 25 т. сәйкес) егер қорлардың өзіндік құны өтелмейтіндей
болса, өйткені қорлар бүлінген, толық немесе жарым – жартылай ескірген және
соған сәйкес бағасы да төмендеген, сондай – ақ сатылым алдындағы әзірлік
немесе өткізуді іске асыруға арналып бағаланған шығындар өсуі мүмкін болса,
материалдар өткізудің таза құны бойынша бағаланады. Мұндай жағдайда
қорлардың баланстық құны өткізуден немесе материалдық қорларды қолданудан
алу күтілетін сомадан артпайды.
Материалдар алу сәтінде нақты құны (синтетикалық есепте) немесе
есептік баға (аналитикалық есепте) бойынша көрсетіледі. Материалдарды
алудың нақты құны субъектінің осы қорларды дайындау мен жеткізу
шығындарынан және сатып алу бағасынан құралады. Есептік бағалар (алудың
жоспарлы өзіндік құны бойынша материалдарды есептеуде есептік баға ретінде
қорлардың құны мен қор алудың нақты құны арасындағы айырма осы шоттағы
есептеу арқылы айқындалады. Баланста материалдар есебі нақты құны бойынша
көрсетіледі, осы
баға бойынша олар синтетикалық есепте, ал аналитикалық есепте – тұрақты
есептік бағалармен (келісім – шарттық немесе жоспарлы – есептік)
есептеледі. Егер материалды есептеу келісім – шарттық бағалар бойынша
ұйымдастырылса, онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар
сомасына қосу көліктік – дайындау шығындары (КДШ) қосылып шығарылады. БЕС –
қа сәйкес КДШ құрамына жабдықтау -өткізу ұйымдарына төленген үстеме
бағалар, барлық қосымша алымдарымен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы
төлемі, субъектінің қоймасына материалдарды түсіру мен жеткізу шығындары,
дайындау орындарында ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар
мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар, материалдарды алу мен
жеткізуге байланысты (жабдықтаушылардан жүк жеткізгендегі субъектінің
жүргізушілері, жүк тиеушілер) және іссапар шығындары кіреді.
Егер материалдар есебі алудың жоспарлы өзіндік құны бойынша
жүргізілсе, онда қорлардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша
материалдардың құнына қосу, есептік бағалар бойынша құнынан алу нақты
өзіндік құнның ауытқулары есептеліп шығарылады. Жоспарлық – есептік
бағаларды КДШ жоспарлы мөлшердегі есепке алынған келісім – шарттық бағалар
негізінде субъектінің өзі жасайды. Егер қорлар есебі жоспарлы – есептік
бағалар бойынша олардың құнынан материалдардың нақты құнының
ауытқушылықтарын жекелей есептеп, жоспарлы – есептік бағалар бойынша
ұйымдастырылса, мұндай жағдайда субъект жоспарлы – есептік бағаларды
материалдық қорлардың атауы, түрлері және топтарына орай, сол шекте
белгілейді, ал ауытқулар өндірістік қор түрлері бойынша есептеледі және ай
сайын материалдарды пайдалану есеп шотына, жұмсалған және босатылған
материалдардың (КДШ мен ауытқулар талдаушы есеп шоттарында жекелей
ескеріледі) үйлесімді (пропорционалды) жоспарлы – есептік құны есебі
объектілеріне есептен шығарылады.
Материалдар есебіне, басқа шығындарға қойылатын талаптар 2 БЕС 2 – де
тұжырымдалған және есепті ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін олардың
өзіндік құнын қалыптастыру тұрғысынан шешіледі.
БЕС – 2 – нің 6 т. сәйкес Тауарлы – материалдық қорлардың өзіндік
құнына: қорларды алуға жұмсалған шығындар, оларды қазіргі тұратын орнына
жеткізуге байланысты көліктік – дайындау шығындары кіреді
Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:
1. Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі
2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
3. ФИФО әдісі
4. НИФО
5. Стандарттық баға
Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі.
Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі әдетте бірімен – бірін
алмастыруға
болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл
металдардың, асыл тастардың және т.б.) нақтылы 1 материалдық қорлардың
бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалған материалдар мен істелген
жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай – ақ бұл
есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне
қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын
есептеуге арналған.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске
алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандығы шоты
бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық
қорлар тобының (түрінің) орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті
айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған
материалдар құнының жиынтығын (қосындысын) материалдардың ай басындағы
сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың
сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.
ФИФО әдісі.
ФИФО есептен шығарылған материалдық қорларды олырдың алғашқы кезекте
кіріске алынғандарының өзіндік құнын бойынша бағалау әдісі болып табылады.
Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске
алынғаны алғашқы болып , яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп
жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған
материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандығы кезегі бойынша шығыс
етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында
қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың
бағасымен бағаланады.
ФИФО әдісі бойынша:
Бірінші кіріс етілгендер, соның ішінде: айдың басындағы кәсіпорынның
қоймасындағы материалдардың қалдық саны 50 дана сомасы 5000 теңге, бірінші
топтамада кіріске алынғаны 100 дана сомасы 11000 теңге, екінші топтамада
кіріске алынғаны 80 дана сомасы 9600 теңге, үшінші топтамада кіріске
алынған материалдардың тек қана 20 данасы сомасы 2600 теңге шығыс етіледі.
Барлығы 250 (50 + 100 + 80 + 20) дана, сомасы 28200 (5000 + 11000 + 9600 +
2600) теңгенің материалдары.
Материалдық қорлары ФИФО және ЛИФО әдістерімен бағалау барысында
материалдардың талдамалық есебін олардың түрлері бойынша ғана жүргізіп
қоймай, егер олар әр түрлі бағамен сатылып алынған болса, онда келіп түскен
материалдарды олардың топтамасы бойынша есептеу керек.
НИФО әдісі бойынша:
Кейін түсті – кейін кетті бағалары бойынша материалдарды есептен
шығаруды шамалайды. Бұл тәсілде материалдарды босату бағасын түскен
бағасымен теңестіру үшін түзетулер қажет. Бұл тәсіл орнын толтыру бағасы
тәсіліне ұқсас.
Стандарттық баға әдісі бойынша:
Нормативті өзіндік құн. өндіріске босатылған материалдар стандартты
(нормативті) бағалар бойынша бағаланады. Нақты баға мен нормативтінің
арасындағы айырмашылық жекке шотта жиналады.
Материалдар баланста нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен
қатар материалдар өздерінің топтамалық (синтетикалық) есебінде нақты
өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептеу
бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын
материалдық қорлардың талдамалық есебін келісілген бағасы бойынша
есептейтін болса, онда олардың нақты құны материалдық қорлардың сатып
алынған құны мен дайындау – тасымалдау шығындарының қосындысынан тұрады.
Бұлардың құрамына теміржол тарифі, көлік, ұшақ және басқа да тасымалдау
құралдарының тарифтері, жарналар, материалдарды тиеуге, түсіруге кеткен
шығындар, материалдық қорларды дайындаушылардың іссапары шығындары,
қамсыздандыруға төленген төлем және басқа да шығындар жатады. Егер
материалдық қорлардың талдамалық есебі жоспарлы есептеу бағасы бойынша
есептелетін болса, онда олардың нақты өзіндік құны жоспарлы есептеу құнына
баға өзгеруінен болатын ауытқуларды қосу немесе алу арқылы анықталады.
Бұл бағаны кәсіпорынның немесе ұйымның өзі жоспарланған дайындау –
тасымалдау шығындарын ескере отырып есептеп шығарады. Жалпы материалдық
қорларды есептеуде заттай және ақшалай өлшемдер қолданылады.
Материалдарды әр түрлі тәсілмен бағалаудың кемшіліктері мен
артықшылықтары:
ФИФО Ор Орташа Арнайы НИФО Стандарт-
өлшемді сәйкес ты (норма-
ө тендіру тивті) құн
КемЕскерген Қорларды Түгендеуді Материал Нормативті
шілөндірістік және өнді өткізу үшін Босату құн ағымдағы
іктшығындаға рістік шы көп еңбек дың әрбірі құнды
ер ұшыратады, ғындарды сіңіруді үшін кейінгі көрсетпеуі
пайданы көтереді шынайы қажететеді, тапсырыстық мүмкін және
және қорлар мәнінен қосымша бағасын қорларды
есебін күрделендібасқаша шығындарға анықтағанда бағалау
реді. бағалауға ұшыратады. көп күш шындыққа сай
әкеледі. салуды талап емес.
етеді. Босату
бағасын
түскен құнмен
теңестіру
үшін тұрақты
түзетулерді
талап етеді.
АртТМҚ шын бағалаудыҚолдануы Қорларды жәнеҚөорларды Қорлар есебін
ықшжүргізеді қарапайым, өндірістік және жеңілдетеді,
ылы есеп саны шығындарды өндірістік өйткені құнды
қта өте аз нақты шығындарды тіркеудің
р шамада бағалауға шынайы қажеттілігі
әкеледі бағалау жоқ
жүргізеді
Шаруашылық жүргізуші субъектінің әр түрлі тәсілдерін таңдау, қорларды
бағалау мүмкіндігі бар, бірақ тәсіл талдағаннан кейін ол дәйекті түрде 1
есепті кезеңнен соң екіншісінде қолдануы тиіс. Алайда материалдың түрі үшін
1 ғана тәсілді қолдануға болатыны есте ұстау керек. Бағалау тәсілдерін
таңдауды субъектінің есеп саясаты белгілейді. Егер түйінді негіз болған
жағдайда тәсіл өзгертуге болады, мұндайда ауыстырудың себеп – салдарлары
қаржылық есеп беруге түсініктеме хат – жазбада түсіндірілуі тиіс.
2. 3. ЫДЫСТАРМЕН ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ КӨРСЕТУ.
Көптеген тауарлар орауды, яғни белгілі бір ыдысқа, қорапқа, жәшікке,
контейнерге буып – түю, орауды талап етеді. ҚР АК 434 – бабына сәйкес, егер
шартта ондай көрсетілмеген болса сатушы сатып алушыға тауарды ыдыспен және
буып – түйіп, оралған күйінде мәрте (көпайналымды ыдыс) қолдануы мүмкін.
Ыдыстың бірнеше категориялары бар:
• көпайналымдық ыдыс (бірнеше рет қолданылады, жабдықтаушыға, міндетті
түрде қайтарылады). Ыдысты қайтаруға жабдықтаушы алатын кепілақы болып
саналады, ол жақсы жағдайда босатылған ыдысты кері алған соң
қайтарылады. Көп айналымды ыдысқа: металдан және пластмассадан жасалған
(себет, бөшке, бидон, жәшіктер), ағаштан жасалған (бөшке, жәшік),
матадан және тоқылмаған материалдардан (мата қаптар, орайтын маталар,
тоқылмаған орауыш маталар), қалың қағаздан (картоннан) жасалған
(бүршеленген, гофрирленген және желімделгенқалың қатырма қағаздан)
жатады. Ыдыстың түрлері мен олардың қайтарымдылығы тауарлы – материалдық
қорлармен жабдықтау
жөніндегі келісім – шартта ескертіледі;
• бір рет қолданылатын ыдыс (қағаз, қалың қатырма қағаз, полиэтилен).
Негізгі немесе қосалқы өндіріс цехтарында өнімді орап, буып – түю үшін
қолданылған ыдыс құны тиелген өнімнің нақты өзіндік құнына кіреді:
Өткізілген өнімнің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz