Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуін бақылау
Жоспар
Кіріспе.
1. Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік ресімдеуін ұйымдастыру.
1.1. Кедендік ресімдеуді ұйымдастырудың түсінігі, мәні мен маңызы
1.2 Кедендік ресімдеуді жүргізу тәртібі
1.3 Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік
құралдарын декларациялау
2. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуін бақылау.
2.1.Кеден кызметінің қазіргі жай-күйі, оның ішінде кедендік ресімдеуді
қарастыру
2.2 Қазақстан Республикасының жаңа Кеден кодексі мен Ресейдің жаңа Кеден
кодексінде орын алған кедендік ресімдеуге қатысты өзгерістерді
салыстыру
3. Кедендік ресімдеудің елеулі мәселелері және оларды шешу жолдары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе.
20 – шы ғасырдың 90 – жылдарындағы әлемдік сахнада болған үлкен
өзгеріске. Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз
мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Қазақстанның
тәуелсіздік алып, егемендікке ие болуы жаңа заңдарды қажет етті. Ұлттық
қауіпсіздікке байланысты жаңа құқықтық инфрақұрылымдардың құрылуы жаңа
басты бағыттар мен заң шараларының қабылдауына алып келді. Осындай басты
бағыттардың бірі – кеден жүйесі. Кеден құқығының пайда болуына Қазақстанның
мемлекеттік қызметінде кеден кеден саласының бөлінуі әсер ітті.
Қазіргі уақыттағы экономикалық даму ұлттық экономикалардың еларалық,
аумақтық және біртұтас шаруашылық кешенде интеграциялау қарқынының айқын
көрінісімен, еркін сауданың кең аймақтарын құруға ынталанумен, тауарлар мен
қызмет көрсету бойынша және қаржы ресурстардың қозғалысы бойынша
халықаралық келісімдердің маңызын арттыруға күш жұмылдырумен сипатталады.
Материалдық құндылықтармен қатар қаржы құралдарының айналымын
регламенттейтін ортақ ережелерімен қаржы нарығы құрыла бастады. Барлық
елдердегі ұлттық экономикалар белгілі бір мөлшерде ашық түрде болуға
тырысады, халықаралық еңбек бөлінісіне және халықаралық бәсекелестікке
қатыса бастады.
Сыртқы экономикалық байланыстар обьективті негізделді және экономикалық
дамудың маңызды факторына айналды. Өйткені кеден қызметі Қазақстан
Республикасының бюджетіне түсетін кірістің 30%-н құрайды, сондай-ақ бұл
көрсеткішті келешекте кеден қызметі органдарының кедендік бақылау және
кедендік ресімдеу функцияларының сапасын арттыру және жетілдіру жолымен
ұлғайтуға болады. Көптеген елдерде нақты осылар ұлттық экономиканың
жағдайын анықтайды және бұл қарқын келешекте күшейеді. Мысалы:
20-шы ғасырдың басында Америка Құрама Штаттары бюджетінің барлығын дерлік
кеден органдары жинайтын, қазіргі уақытта олар бюджеттің 45%-н қамтамасыз
етеді. Бұл елдерде кеден қызметі экономиканың нәзік реттеуші механизмі
болып келеді.
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу органдарының жүйесінде ең
тимді дамушы, уақытында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларына қызмет
көрсетуші ретінде кеден қызметіне айрықша орын бөлінеді. Бұл орын сыртқы
экономикалық байланыстар масштабының өсуімен түсіндіріледі.
Кедендік жүйесінің қызметін ұйымдастырудың маңызды элементтері кеден
қызметінің құрылымын тиімді таңдау және Қазақстан Республикасының
территориясында оның органдарын орналастыру варианты болып табылады.
Кеден органдарының ортақ жүйесінің қағидалары біртұтас кеден саясаты,
біртұтас кеден территориясы, біртұтас кеден заңдылықтары, біртұтас тарифтік
реттеу және оның экономикалық саясатының шараларының сәйкестенуі
негізделген біртекті қағидалармен тығыз байланысқан.
Кедендік ресімдеу – кеден құқығының негізгі институттарының бірі және
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік
құралдарын өкілетті тұлғалармен өткізілуін қамтамасыз етуге бағытталған,
жүргізілетін шаралардың кезектілігін анықтайтын заң нормаларының жиынтығын
білдіреді.
Тақырып кеден ресімдеуі органдарының жаңа тұжырымдамасымен тығыз
байланысқан, бұл тікелей тауарларды алушы, жеткізуші, өндірушілерге
максимальды түрде жақындауымен, шекаралық өткізу пункттерінің кедендік
ресімдеу жұмысын азайтуы, яғни кеден бекеттері мен кедендерді ашу жолымен
түсіндіріледі.
Бұл жұмыстың тақырыбы өте маңызды мәселені қозғайды, өйткені ол кеден
қызметінің, кеден саясатының Қазақстан Республикасының кеден шекарасы
арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдануына ішкі және
шекаралық кедендік бақылауды жүзеге асырудың нақты шараларын ұйымдастыру
және дамытудың негізгі бағыттарын алдын-ала анықтайды.
Осылайша таңдап алынған тақырыбымның пәні – кедендік ресімдеу шегінде
орын алатын, құрылатын, пайда болатын қоғамдық қатынастардың тобын бөліп
көрсету болып табылады. Ал енді зерттеу жұмысының базалық әдісіне
тоқталатын болсақ, құқық теориясындағы құқықтық реттеудің императивті және
диспозитивті әдістері, зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін
құрайтын құқық ғылымындағы және онымен сабақтас қоғамдық ғылымдарда
қолданылатын: құрылымдық-функционалдық талдау, сыншыл-диалектикалық әдіс,
салыстырмалы талдау сияқты әдіс-тәсілдердің жиынтығы құрайды.
Осы диплом жұмысының мақсаты – қазіргі уақыттағы Қазақстан
Республикасының кедендік ресімдеуді ұйымдастырудың деңгейін ашып көрсету,
кедендегі ресімдеудің мәні мен мақсатын, кедендік ресімдеудің құқықтық
негізін ашып көрсету, кедендік ресімдеуге қатысушы тұлғалардың аясын
анықтау, сондай-ақ бүгінгі таңдағы еліміздің кедендік ресімдеуді
ұйымдастырудағы негізгі мәселелеріне және бұл мәселелерді тиімді шешу
жолдарына тоқталу.
Көрсетілген диплом жұмысының мақсатына сәйкес диплом жұмысын жүзеге асыру
барысында келесі міндеттер қойылады:
Кедендік ресімдеуді ұйымдастырудың түсінігін беру және кедендік
ресімдеудің объектілері мен субъектілерін анықтау;
Кедендік ресімдеуді жүргізу тәртібіне, оның негізгі сатыларына және
тауарлар мен көлік құралдарын джекларациялауға қойылатын талаптарына
сипаттама беру;
Қазақстан Республикасының кедендік ресімдеуіне жан-жақты талдау жасау;
Кедендік ресімдеуді ұйымдастырудың негізгі мәселелерін сараптау;
Кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік
ресімдеуін ұйымдастырудың жетілдіру жолдарын қарастыру.
Алдыма мұндай мақсаттарды қою себебім, еліміздің кедендік ресімдеуінің
күрделілігі және осы кеден институтына қатысты рәсімдердің ұзақ уақыт алуы
болып табылады, ал бұл жағдайдың салдары сыртқы экономикалық қызметке
қатысушыларына және мемлекеттік органдардың, оның ішінде кеден органдарының
қызметін ұйымдастыруына елеулі түрде теріс әсер етеді.
Бұл диплом жұмысы негізгі үш бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің өз алдына
қойылған мақсаттары мен міндеттері бар.
Бірінші тарау кедендік ресімдеудің теориялық тұрғысына негізделген, яғни
кедендік ресімдеуде жиі кездесетін, қолданбалы терминдер мен ұғымдар,
сонымен қатар, кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік
құралдарын кедендік ресімдеудін ұйымдастырудың түсінігі, кедендік
ресімдеудің мәні мен маңызы, объектілері мен субьектілеріне түсініктеме
берілген. Кез-келген кеден ісінің ажырамас бөлігі болып табылатын, кедендік
шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуін
ұйымдастырудың элементінің бірі ретінде кедендік ресімдеудің тәртібі және
кедендік ресімдеу кезеңінің әрбір сатысына бөлек тоқталып, олардың қыры мен
сыры кеңінен дәріптелген. Бірінші тараудың үшінші және төртінші бөлімдері
тауарлар мен көлік құралдарын декларациялаудың негізігі ережелерін, бұл
декларациялауды жүзеге асыратын кеден брокері, декларант және кедендік
ресімдеу жөніндегі мамандар туралы мәліметтерді қамтиды.
Бірінші тараудың айта кететін тағы бір ерекшелігі – кедендік ресімдеуді
ұйымдастырудың қағидалары және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері
арасында келісілген кеден ісі негіздерінің ережелері пайдаланылған.
Енді екінші тарауға тоқталатын болсақ, бұл бөлім бірінші тараудағы
теориялық негіздердің тәжірибедегі нәтижелердің статистикалық және жүйелік
ақпараттары мен мәліметтеріне сүйенген. Елімізде былтыр ғана тұсауы
кесіліп, қолданысқа енгізілген жаңа Кеден кодексіндегі кедендік ресімдеуге
қатысты өзгерістері мен жаңалықтары бұл бөлімде назардан тыс қалған жоқ.
Халықаралық тәжірибе ретінде Ресейдің жаңа Кеден кодексі мен Украинада
қабылданғалы тұрған жаңа Кеден кодексінің жобасын өзіміздің кеденшілердің
Кеден кодексімен салыстырып, олардың мәтіндерін ашып көрсету осы тараудың
еншісінде. Екінші тарауда, сондай-ақ, кеден ісі саласындағы оны
жетілдірудің мемелкеттік шаралары мен заңдардың түсініктемелеріне
құрылымдық-функционалдық әдістері пайдаланып, оларға талдау жасалған.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы елеулі, маңызды,
тілге тиек ететін, назарды көбірек аудартатын кедендік ресімдеуді
ұйымдастырудың қордалы мәселелеріне сараптама жүргізілген. Одан әрі осы
мәселелердің мүмкін болар тиімді шешу жолдары мен кедендік ресімдеуді
жетілдірудің негізгі аспектілерін қарастырады.
Осы жұмыстың тағы бір артықшылығы қайнар көзі ретінде кеден ісі
саласындағы жаңа Кеден кодексі және осы Кодекске негізделіп шығарылған
кеден Бақылау Агенттігінің, сондай-ақ басқа да ведомстволардың бұйрықтары,
қаулылары мен инструкциялары қолданылды.

Бүгінгі таңда сыртқы сауданың ғаламдану жағдайларында сыртқы
экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдістерінің жиынтығы ретінде
кедендік әкімшілік жүргізудің орны мен маңызы артып келеді. Кеден ісі
мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып тұр.
Ал оның ішінде кедендік ресімдеуді ұйымдастыру өз алдына бірнеше кедендік
рәсімдерді ұзақ және күрделі процесс болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызмет пен сыртқы сауда заңды және жеке тұлғалармен
тауарлар мен көлік құралдарын елдің кедендік шекарасы арқылы өткізумен
тығыз байланысты. Тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасынан өткізген
кезде кеден заңдарында көзделген тәртіпте және шарттарда кедендік
ресімделуге тиіс. Кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік
құралдарының кедендік ресімдеуінің мәні мен механизмін түсіну үшін осы
үрдістермен байланысты негізгі терминдер мен түсініктердің мағынасын ескеру
қажет.
Сыртқы экономикалық қызметті немесе сыртқы сауданы жүзеге асыру үрдісінде
пайда болатын жағдайлардың, қарым-қатынастардың және байланыстардың көп
тұрлілігі әр түрлі тауарлардың, тұлғалардың құқықтық мәртебесін, олардың
өздері, мемлекет, оның органдары, сондай-ақ кеден органдары арасындағы
тәртіпіті белгілейтін тиісті заң және нормативті құқықтық актілермен
реттелінген.
Сыртқы экномикалық қызмет арқасында мемлекеттің өзінің экономикасын қайта
құру, халықты қамтамасыз ету, өзінің тауарларын экспорттау, өзінің сыртқы
саясатын, өзінің қызметінің басқа бағыттарымен келістіре отырып жүзеге
асыру үшін бюджетке кірістің түсуіне, қажетті құралдарды, шикізаттарды,
материалдарды, прогрессивті технологияларды және басқа да тауарларды сатып
алуға мүмкіндігі бар.
Сондықтан мемлекет бекітілген тәртіпке сәйкес сыртқы экономикалық
қызметтің жүзеге асырылуына мүдделенген.
Сыртқы экокномикалық қызметтің заңды тыңдаушы қатысушылары оны жүзеге
асырудың бекітілген тәртібін білуге және оны орындауға міндетті. Ең алдымен
бұл кедендік бақылаудың пәні болып келетін және тауарлар мен көлік
құралдарын дұрыс кедендік ресімдеу үшін қажетті мәселелерге қатысты:
шаруашылық субъектісі ретінде мемлекеттің тиісті органдарында тіркелу
жолымен сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға рұқсат алу;
тауарларды өндіру , сату, сатып алуға, тауар айырбасы операцияларына,
тасымалдауға, тиеу-түсіру сақтандыру және тауарларды сараптау, бақылаумен
байланысты басқа операцияларға және тағы басқа келісімдерді, соның ішінде
халықаралық келісім-шарттарды құру;
белгілі бір тауарлардың түрлеріне экспорты немесе импортына тиісті
лицензияларды тауарлардың белгілі бір мөлшерін немесе белгілі бір сомасына
әкелуге немесе әкетуге рұқсат алу, яғни экономикалық саясаттың шараларын
орындау;
тауарға ілеспе, көліктік және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы
экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың
жіктелуіне, мөлшеріне, сапасына, аталуына, олардың құнына, олардың құрамдас
элементтеріне, жеткізу шарттарына, сақтандыруға және тағы басқа қатысты
бүкіл қажетті мәселелер көрінісін табатын тиісті басқа құжаттарды ресімдеу;
тиісті салықтарды, кедендік баждарды және алымдарды төлеу немесе олардың
төленуіне кепілдер ұсыну;
келісілген орын мен уақытта тауарлар мен құжаттырды жеткізу;
кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу жүргізу үшін тауарларды кеден
органдарына декларациялау;
тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау қоймаларында немесе олардың
сақталуы, тасымалдануы осы кезеңде олармен іс-әрекеттер және тағы басқалар
жасалатын кеден бақылау аймағының басқа да орындарына орналастыру;
тауарларға олар еркін айналысқа шығарылғаннан кейін немесе басқа режимге
орналастырғаннан кейін иелік ету.
Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының
кедендiк ресімдеуін ұйымдастыру – бұл кеден шекарасы арқылы тауарларды
көлік құралдарымен тасымалдаумен байланысты кеден органдары жүргiзетiн
шаралардың кешенi. Бұл кешен өзiне кедендiк бақылау мен кедендiк рәсiмдеудi
қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн кедендiк және кеден маңы инфрақұрылымын
қамтиды. Сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарының кедендiк ресімдеуін
ұйымдастыру:
кеден шекарасын өтудiң нақты орны мен уақыты туралы;
кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудi орындаудың орны мен уақыты
туралы;
экспорттық және импорттық опреацияларды жүзеге асыру ниеттерi туралы
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мәлiмдеу тәртiбi туралы;
тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзудiң орны, уақыты және жеткiзу тәсiлi
туралы;
тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты, кеден мақсаттар үшiн қажеттi
құжаттар мен мәлiметтердi кеден органдарына ұсыну, табыс ету және ұсыну
туралы;
тауарлар мен көлiк құралдарын кеден бақылауына алу, оларды уақытша сақтау
қоймасына орналастыру тәртiбi және тағы басқа туралы мәселелердi шешедi.
Кеден органдары орналасқан жерлерде тауар ағымының сипаты мен жиiлiгiн
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары пайдаланатын көлiктiң түрлерi мен
санын, сондай-ақ кеден органдарының мүмкiндiктерiн талдау кезiнде кеден
бақылауын ұйымдастыру үрдiсiнде олардың өндiрiсiнiң технологиялық схемалары
дайындалады, жұмыс орындарда кеден органдарының қызметкерлерi қойылады,
олардың арасында кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыру
бойынша жұмыс опреациялары мен нақты функциялары таратылады, олардың
арасындағы өзара iс-қимылдары ұйымдастырылады.¹
Осылайша, кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік
құралдарының кедендiк ресімдеуін ұйымдастыру жеткiлiктi түрде күрделi, көп
қырлы үрдiс болып табылады. Бұл үрдүстердiң ерекшелiктерi көптеген
факторларға байланысты.
Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудi
ұйымдастырудың кейбiр мәселелерiн тереңiрек қарастырайық.
¹ Әлібеков С. Т. Қазақстанның кеден құқығы: Жалпы және ерекше бөлім. Оқу
құралы – Алматы: Аркайм, 2001 ж.
Кеден заңдылығымен және ведомстволық нормативтi актiлермен тауарлармен
көлiк құралдардың кеден шекарасын өткiзудiң, кеден бақылауы мен кеден
ресiмдеудi жүзеге асырудың орны мен уақыты, сондай-ақ тауарлардың кеден
бақылауында орналасудың уақыты анықталған.
Қазақстан Республикасының кеден шекарасын өту кеден органдары анықталған
орындарда және олардың жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, тауарлар мен көлiк құралдары кеден шекарасын кеден
органдары орналасқан орны мен жұмыс уақытынан тыс өтуi мүмкiн, бұл iс-
әрекет кеден органдарыны келiсiмiмен ғана жүргiзiледi.
Дәл кеден шекарасын өту орындарында әкелiнетiн тауарлар мен көлiк
құралдары кеден бақылауына алынады, ал оларды кеден аумағынан тыс кеткенде
кеден шекарасын нақты өтудiң бақылауы жүзеге асырылады.
Кеден ресiмдеуi кеден органына кеден рәсiмдеуiне бөлiнiп берiлген орынға
тауар мен көлiк құралдарының жеткiзiлгендiгi жөнiнде хабардар етiлгеннен
кейiн және кедендiк жүк декларациясын және басқа да құжаттарды ұсынған соң
басталады.
Кеден ресiмдеуi тиiстi кеден органыны қалауы бойынша сол жерде және оның
қызмет орнының аймақтарында немесе мүдделi тұлғаның өтiнiшi бойынша басқа
орындарда жүргiзiледi. Мұндай жағдайда жалпы тәртiптi Кеден Бақылау
Агенттiгi бекiтедi.
Әкетiлген тауарлар белгiлi бiр кедендiк режимге сәйкес межелi кеден
органына табыс етiлген кезден бастап олар шығарылғанға дейiн не Қазақстан
Республикасының Кеден кодексiнде белгiленген тәртiппен мемлекет меншiгiнде
айналдырғанға дейiн кедендiк бақылауда сақталатын орын уақытша сақтау
қоймасы болып табылады. Бұған қоса, тауарларды уақытша сақтау рәсiмдерiн
жүзеге асыруға арналып арнайы белгiленген және жайластырған үй-жай, аумақ
немесе орын уақытша сақтау қоймасы деп танылады.
Кеден заңдылығына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарын кеден аумағына
әкелу және жеткiзу орны, тек қана уақытша сақтау қоймасы болуы мүмкiн. Бұл
талап өткiзу пункттерiнде кедендiк ресiмдеуi жағдайында таралады. Сондықтан
әуежайларда және халықаралық байланыс үшiн ашық порттарда, темiр жол
станцияларының алаңдарында, жүк қоймаларында, вокзалдарда уақытша сақтау
қоймаларының болуы мiндеттi.
Кедендік режим – Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс
жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын
Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізу кезіндегі олардың
кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Кеден кодексінде белгіленген
нормалардың жиынтығы.
Бекітілген тәртіпті орындау шартынан кейін тауарлар мен көлік құралдары
кедергісіз кеден шекарасынан өткізілуі мүмкін.
Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай сыртқы экономикалық қызметке
қатысушылардың мемлекет бекіткен тәртіптің талаптарын өз еркімен орындауға
тырысатын топпен қатар, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың белгілі
бір саны білмегендіктен немесе қасақана нормалар мен ережелердің бөліктерін
орындамайды немесе қателік жібереді. Бұл мемлекет табысының жоғалуына және
кеден органдары немесе басқа да мемлекеттік ведомстволардың қызметіне зиян
келтіреді.
Мемлекет сыртқы, ішкі, экономикалық, қаржылық, салық, сыртқы сауда,
кедендік, әскери саясатының, сондай-ақ мемлекеттік, экономикалық және
қауіпсіздіктің басқа түрлерін қамтамасыз етуін іске асырылуына
мүдделенгендіктен, ол сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларының
барлығына құқықтар ұсыну бойынша және оларға қойылған міндеттерді олар өз
еркімен орындауын кедендік бақылау және кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын
кеден органдарының көмегімен қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды
қабылдайды.
Кедендік бақылау – Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын
сақтау бойынша Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын,
орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген
шаралардың жиынтығы.
Кедендік ресімдеу – тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты адамдар және
Қазақстан Республикасының кеден органдары жасайтын іс-әрекеттер мен
рәсімдердің жиынтығы.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу өзіне төмендегі іс-
әрекеттерді қамтиды:
– Декларанттан кедендік мақсатар үшін қажетті тауарлар мен көлік
құралдарының және оларды тасымалдаудың бүкіл параметрлері туралы
мәліметтерді қамтитын құжаттарды (көліктік, тауарға ілеспе, басқа
коммерциялық құжаттар, жүк кеден декларациясы немесе қысқаша
декларация) немесе олардың электрондық көшірмелерін тіркеу және
есебін жүргізу, ауызша мәлімдемелерді бекіту үшін алу;
– Кеден декларациясына және басқа да құжаттарға әрбір кедендік режим
үшін бекітілген тәртіпке сәйкес белгілі бір мәліметтерді енгізу, осы
мәліметтерді кеден органының лауазымды тұлғасының қолымен және оның
жеке нөмірлік мөрімен бекіту;
– әр түрлі құжаттарды (жеткізу, бақылау құжаттары және тағы
басқалар);
– уақытша сақтау қоймасына тауарлардың орналасуының есебін жүргізуін,
қабылдауын және шығаруын ресімдеу;
– уақытша сақтау қоймасына тауарлар мен көлік құралдарын уақытша
сақтау уақытында үлгілермен сынамаларды алу туралы құжаттарды
ресімдеу;
– тауарлар мен көлік құралдарына қатысты шешімдерді қабылдау және
оларды белгілеу;
– тауарлар мен көлік құралдарын кеден ресімдеу және кеден бақылаудың
аяқталу фактісін құжаттарда бекіту.
Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтік актілерінде
сыртқы экономикалық реттеу жүйесінде, соның ішінде сыртқы сауда қызметінде
кеден органдарының рөлі мен орны анықталған, олардың функциялары мен
міндеттері құрылған, оларды орындаудың құралдары мен әдістері, негізі
қағидалары, кеден органдары қызметінің тәртібі бекітілген.
Кеден органдарына берілген фукциялар жиынтығын жүзеге асыру
үшін, ең алдымен, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларымен елдің кеден
шекарасы арқылы өткізілетін тауалар мен көлік құралдарының кедендік бақылау
мен кедендік рәсімдеуін жүргізу қажет.
Бұл функциялардың кеден органдарына берілу себептері төмендегідей:
– тауарлар мен көлік құралдары кеден шекарасы арқылы өткізілген
кезде негізделген шешімдерді қабылдау үшін өткізілетін тауарлар мен
көлік құралдары туралы бүкіл қажетті ақпаратты бір орында, бір
органда жинақтау мүмкіндігі;
– құжаттардағы бар мәліметтерді тауарлар туралы нақты мәліметтермен
салыстыру мүмкіндігі;
– екі түрлі мәліметтердің арасындағы кездейсоқ немесе қасақана
сәйккессіздіктерді анықтау және оларды бекіту мүмкіндігі;
– қателектерді түзету және мемлекет үшін мүмкін зиянды, шығынды
болдыртпау мүмкіндігі;
– кеден ережелері мен заңдардың бұзылуы іс-әрекеттерінің пайда болу
шарттарын және себептерін анықтау және жою мүмкіндігі;
– құқықбұзушылықтарға қатысты тұлғаларды анықтау бойынша шараларды
қабылдау мен осы құқықбұзушылықтарға заңды квалификациясын беру
мүмкіндігі.
Жоғарыдағы қағидаларға және кеден ісі мазмұнына сүйене отырып, кеден
рәсімдеуі – тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізуге
байланысты адамдар және кеден органдары жасайтын іс-әрекеттер мен
рәсімдердің жиынтығы болып табылады.
Кедендік ресімдеудің мақсаты – тауарлар мен көлік құралдарын белгілі бір
кеден режиміне орналастыру. Оны іске асыру үдерісінде кедендік бақылау
жүзеге асырылады: оның нысандарын таңдау бекітілген талаптармен және әрбір
нақты жағдайда жеке нысандардың толықтығымен анықталады.
Кеден ресімдеуінің объектілері: елдің кеден шекарасы арқылы өткізілетін
тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтер мен оларға берілген құжаттар
көліктік, коммерциялық, жүк құжаттары; осы тауарларға қатысты жеке және
заңды тұлғалардың кеден органдарына табыс ететін мәліметтер мен ақпараттар;
кедендік жүк және жолаушы декларациясы және тағы басқалар.
Кеден ресімдеуінің субъектілері: Қазақстан Республикасының кеден
органдарының жүйесі, олардың лауазымды тұлғалары, тауарлар мен көлік
құралдарының иелері, яғни жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың
атынан немесе олардың өкілі ретінде, әрекет ететін кеден брокері, кедендік
декларант, тасымалдаушылар және тауарлар орналасатын қоймалардың иелері.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу фукциясын атқару арқылы
тиімді кеден бақылауы жүргізілуі мүмкін.
Осылайша, кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын
ресімдеуін ұйымдастыру мемелкеттің сыртқы экономикалық қызмет пен сыртқы
сауданы реттеудегі және басқарудағы қолданытын құралдарының бірі болып
табылады. Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік
құралдарының кедендiк ресімдеуін ұйымдастыру – бұл кеден шекарасы арқылы
тауарларды көлік құралдарымен тасымалдаумен байланысты кеден органдары
жүргiзетiн шаралардың кешенi.²
² Койлибаев О., Майхиев А. Основы таможенного дела: Учебное пособие. –
Кызылорда, 1999 г. 132 стр.
1.2 Кедендік ресімдеуді жүргізу тәртібі
Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау және оларды белгілі бір
режимге орналастыру бойынша іс-әрекет негізгі кедендік ресімдеу деп
танылады, қысқаша айтқанда заңды маңызды іс-әрекеттер жасалатын ереже болып
табылады. Ресімдеудің негізгі ережелері Кеден кодексінің 46-тарауында
көзделген, оларды талдау 2 топқа бөлуге мүмкіндік береді.
Бірінші топқа, кедендік ресімдеу жүргізетін орны мен уақыты туралы
ережелер жатады, екіншіге – ресімдеуді техникалық қамтамасыз ету (ресімдеу
кезінде өкілетті тұлғалардың және олардың өкілдерінің қатысуы, кедендік
ресімдеу жүргізетін тіл, басқа мелекеттік органдардың бақылауы және тағы
басқалар).
Тауарларды негізгі кедендік ресімдеу жөніндегі кедендік операциялар кеден
органдары орналасқан жерде және оның жұмыс уақытында жасалады.
Кеден органдарының орналасатын жерлерін жолаушылар және тауарлар ағынының
көлемін, жекелеген аймақтардың және сыртқы экономикалық және өзге де
қызметке қатысушылардың сыртқы экономикалық байланыстарының даму қарқынын
негізге ала отырып кеден ісі мәселелері жөніндегі кеден органы белгілейді.
Кеден органдары кедендік брокер, кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті
жүзеге асырушы тұлғаларға, уақытша сақтау қоймаларының иелеріне тиесілі
кеден қоймасы және еркін қоймалардың аумағында және үй-жайларында, сондай-
ақ кеден терминалдарының, әуежайлардың, портттардың, темір жол және
автомобиль станцияларының, вокзалдарының және сыртқы экономикалық қызметке
қатысушылардың аумағында және үй-жайларында орналасуы мүмкін. Мұндай
жағдайларды қажетті аумақтар мен үй-жайлар кеден органдарына, мысалы,
елімізде азаматтық заңдарында көзделген тәртіппен шарт негізінде беріледі.
Жоғарыдағы жағдайларды қоспағанда, кеден органдары тікелей кеден
органдарына тиесілі үй-жайларда орналасады. Сондай-ақ кеден органдарына
арналған жер учаскілері Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес
пайдалануға беріледі.
Ал кеден органдарының жұмыс уақытын да Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес кеден мәселелері жөніндегі кеден органы белгілейді.
Порттардағы, әуежайлардағы, темір жол станцияларындағы және Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де пункттеріндегі
кеден органдарының жұмыс уақыты осы жерлердегі басқа бақылаушы органдар мен
қызметтердің жұмыс уақытымен келісілуге тиіс.
Кедендік шекара арқылы өткізу пунттеріндегі кеден органдарының жұмыс
уақыты Қазақстан Республикасымен бірлескен кедендік шекрасы бар шет
мемлекеттер кеден органдарының жұмыс уақытымен мүмкіндігінше сәйкес келуге
тиіс.
Өткізу пункттердің құру мақсаты – Қазақстан Республикасының басқа
елдермен халықаралық қарым-қатынасты, байланысты қамтамасыз ету. Өткізу
пункттері халықаралық қарым-қатынас үшін ашық теңіз, өзен және балық
порттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан
тікелей жақын арнайы бөлінген шекаралық аймақ шегіндегі жергілікті
органдарда және басқа да органдарда белгіленуі мүмкін.
Кедендік ресімдеудің орны көлік құралына байланысты болады.
Әкелу кезінде темір жол көлігімен жеткізілген тауарларды кедендік
ресімдеу шекаралық темір жол станциясы орналасқан аймақтағы кеден органымен
жүзеге асырылады.
Тауарлар авто көлікпен әкелінген кезде кедендік ресімдеу Қазақстан
Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктінде жүргізіледі.
Әуе және теңіз көлігімен әлеуметтік тауарларды ресімдеу кедендік аймаққа
әкелу органдарында (теңіз портында және әуежайда) жүзеге асырылады, сонымен
қатар кедендік режим мен тауарлардың санаттарына байланысты белгілі бір
шектеулер және ерекше жағдайлар қолданылуы мүмкін.
Электр желілері және құбыр көлігімен кеден шекарасы арқылы өткізілетін
тауарлардың кедендік ресімдеуіне бөлек тоқталу қажет. Айтылған тауарларды
ресімдеу шетел тұлғамен тауарларды жеткізу келісім-шартын бекіткен ұйымның
орналасқан жердегі кеденінде жүргізіледі. Егер тауарларды шекарадан өткізу
бірнеше көлік түрімен жүргізілетін болса (құбыр – автокөлік, құбыр –
теміржол және тағы басқа), экспортер тауарларды бір көлік түрінен екінше
көлік түріне тиеу жүзеге асырылатын жердегі кеден органына экспортер
орналасатын жердегі кеден органы бекітілген тәртіпте ресімделген кеден
декларациясының куәландырылған көшірмесі өткізуі тиіс.
Тауарларды тасымалдау екіден көп көлік түрімен пайдалану арқылы
жүргізілсе, ең соңғы көлік түріне тиеу жүзеге асырылатын жердегі кеден
органымен кедендік ресімдеу жүргізіледі.
Декларанттың дәлелді сұрауы бойынша тауарларды негізгі кедендік ресімдеу
жөніндегі кедендік операциялар кеден органдары орналасқан жерден тыс және
олардың жұмыс уақытынан тыс жасалуы мүмкін.
Тауарларды алушы, жіберуші не олардың құрылымдық бөлімшелері тіркелген
кеден органының қызметі аймағынан тыс жерде тауарларды негізгі кедендік
ресімдеу жүзеге асырылған кезде декларант басқа кеден органының қызмет
аймағында кедендік операциялардың жасалғаны туралы хабарлама беруге
міндетті. Хабарлама берілген кезден бастап төрт сағаттан аспайтын мерзімде
кеден органында тіркелуге тиіс. Хабарламаны тіркеу нысаны мен тәртібін
кеден ісі мәселелері жөніндегі кеден органы белгілейді.
Кеден органының келісімі біріншіден, өткізілетін тауарлар мен көлік
құралдары кеден бақылауында қалуы үшін және екіншіден, тауар ағымы
қозғалысын реттеу мақсаттары үшін қажет.
Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар мен
олардың өкілдері кедендік ресімдеу кезінде қатысуға құқылы. Бұл тұлғалар
мен олардың өкілдері кеден органының талап етуі бойынша кедендік ресімдеуге
қатысуға және оны жүргізуде кеден органдарының лауазымды адамдарына жәрдем
көрсетуге міндетті.
Кедендік мақсаттар үшін құжаттарды толтыруды қоса алғанда, кедендік
ресімдеу мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізіледі. Кеден ісі
мәселелері жөніндегі орган шет тілдерінде жасалған құжаттар мен
мәліметтерді кедендік мақсаттар үшін кеден органдарының қабылдауы және
пайдалануы мүмкін жағдайларды белгілеуі мүмкін.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде табыс етілетін
құжаттардағы мәліметтерді аудару талаптарының халықаралық стандарттарға
сәйкес келетін құжаттарға қатысты шектеулі сипаты бар.
Кеден органдары кеден мақсттары үшін шет ел тілінде құрылған құжаттар
мен мәліметтерді келесі жағдайларда қабылдауы және пайдалануы мүмкін:
– кеден органдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасын өту
туралы хабардар еткен кезде, сондай-ақ тауарлар мен көлік
құралдарын межелі кеден органына жеткізгендігі туралы хабардар
еткен кезде;
– кеден органдарымен табыс етілген құжаттарды жеткізуді бақылаудың
құжаты ретіндетаныған кезде, егер Қазақстан Республикасы қабылдаған
халықаралық келісімдермен қарастырылса;
– егер бұл құжаттарда қысқаша декларацияны толтыру үшін қажетті
мәліметтері бар болса, қысқаша декларацияны табыс еткен кезде
қабылдануы мүмкін.
Басқа жағдайларда табыс етілген мәліметтердегі ақпарат анық емес,
түсініксіз, екі мағынада болатын болса белгіленген тәртіпте нотариатпен
куәландырылған мәліметтердің аудармасы табыс етілуі қажет.
Кедендік ресімдеу кедендік бақылаумен тығыз байланысты, өйткені кедендік
бақылау жүргізу ең алдымен тауарларды тікелей қарау арқылы жүргізілсе, осы
іс-әрекеттермен қатар табылған құқықбұзушылықтар ресми түрде қағаз бетіне
түсіріледі, яғни ресімделеді. Кеден бақылауында тұратын тауарлармен
жасалатын жүк және өзге де операциялар кеден органдарының рұқсатымен ғана
жүргізілуі мүмкін.
Кеден органдары кеден бақылауын жүргізу кезінде тауарларды кеден
шекарасына тасымалдаушы тұлғадан, қойма иесінен немесе тауарларға қатысты
құқықтары бар құқыққабілетті тұлғалардан тауарларды тасымалдау, өлшеу
немесе белгілі бір тауар мөлшерін тиеу, түсіру, қайта тиеу, орамдардың
бұзылған жерлерін жөндеу, орамдарды ашу немесе жабу кеден ресімдеуіне
жататын іс-әрекеттерді орындауға талап етуге құқылы. Сондай-ақ бұл іс-
әрекеттер кеден органы үшін қандай да бір шығыстарға әкеп соқпауға тиіс.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуді жүргізгенде арнайы
білімдерді талап ететін мәселелер тууы мүмкін. Бұл жағдайларда тиісті
зерттеулер тағайындалады, бұл зерттеулерді жүргізу үшін кеден органдары
тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алуға құқылы.
Тауардың үлгісі дегеніміз бүкіл тауар партиясына құрылымы, құрамы және
қасиеттері бойынша сәйкес келетін өнімнің бірлігі. Тауардың сынамасы
дегеніміз бүкіл зерттеу объектісіне құрамы және қасиеттері бойынша сәйкес
келетін тауар үлгісіне қажетті бөлігі.
Тауарлардың сынамалары мен үлгілері кеден ресімдеу рәсімі уақытында
төмендегі жағдайларда алынуы мүмкін:
– кеден органдарының өздерінің немесе тауарларға қатысты өкілеттігі
бар тұлғалардың ұсынысы бойыншы;
– кеден шекарасында бақылау функцияларын атқаратын басқа да тиісті
мемлекеттік органдармен;
– тауарларға қатысты өкілеттігі бар тікелей тұлғалардың немесе
олардың өкілдерімен.
Мемлекеттік бақылау органдары (тиісті мемлекеттік органдар) және
тауарларға қатысты өкілеттігі бар тұлғалардың немесе олардың өкілдері
тауарлардың сынамалары мен үлгілерін кеден органдарының рұқсатымен ғана
алуы мүмкін.Сынамалар мен үлгілер осы сынамалар мен үлгілерді зерттеу
мүмкіндігін қамтамасыз етеін ең аз мөлшерлерде іріктеп алынады. Кеден
бақылауындағы тауарлардың сынамалар мен үлгілерін іріктеп алу туралы
белгіленген тәртіптегі нысан бойыншы акт жасалады.
Тауарларға қатысты өкілеттігі бар тұлғалар немесе олардың өкілдері
тауарлардың сынамалар мен үлгілерін кеден органдарының лауазымды адамдары
мен сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар іріктеп алған кезде қатысады.
Аталған тұлғалар және олардың өкілдері кеден органдарына тауарлардың
сынамалар мен үлгілерін іріктеп алу кезінде жәрдем көрсетуге, соның ішінде
сынамалар мен үлгілерін алу үшін қажетті жүк және өзге де операцияларды өз
есебінен жүзеге асыруға міндетті.
Кеден органдары тиісті мемлекеттік органдар іріктеп алған тауарлардың
сынамалар мен үлгілеріне өткізілген зерттеу нәтижелері туралы хабардар
етілуге тиіс. Кеден органдары тауарлардың сынамалар мен үлгілерін іріктеп
алуға қатысты шығыстарды өтемейді.
Негізгі кедендік ресімдеу тауарлар мен көлік құралдарын декларациялаудан
және оларды белгілі бір режимге орналастырудан тұрады. Бұл ресім
аяқталғаннан кейін тауарлар мен көлік құралдары декларацияған тұлғаның
билеуіне өткізіледі. Бірақ кедендік ресімдеу рәсімінде декларациялау және
одан кейінгі операциялардан басқа іс-әректтердің әр түрлі түрдегі елеулі
мөлшері жасалады, бұл іс-әрекеттерді уақытында және дұрыс орындамау негізгі
кедендік ресімдеу бойынша шешімді қабылдауды қиындатады.
Кеден кодексінің 53-бабына сәйкес алдын ала операцияларына кеден ісіне
қатысы бар негізгі кедендік ресімдеу және тауарларды кедендік режимге
орналастыру алдындағы бүкіл іс-әрекеттер жатады.
Негізгі ресімдеудің алдындағы алдын ала операциялар әр түрлі, маңызды
және негізі кедендік ресімдеу мақсаттары үшін қажет. Олардың ішіндегі жиі
кездесетіндер:
– кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға шаруашылық субьектісі ретінде
тұлғаның тіркелуі және кеден органдарына табыс ету тиісті
құжаттарды алу;
– сыртқы экономикалық қызметке қатысушының лицензияны және басқа да
тиісті орггандардың рұқсат құжаттарын, мәміле паспорты, кедендік
төлемдердің төленуін растайтын немесе кепілдік беретін құжаттар,
жүк және тауарға ілеспе құжаттар кеден органдарының мамандық
шешімдері, кеден мақсаттары үшін қажетті басқа тауарларды алу;
– кеден шекарасын басып өту туралы немесе тауарлар мен көлік
құралдарын кеден аумағының сыртына әкету туралы кеден органын
хабардар ету;
– тиісті жағдайларда кедендік төлемдерді төлеу немесе кеден органның
депозитіне қажетті соманы жіберу туралы үшінші тұлғалардың
кепілдіктерін кеден органына табыс ету;
– тауарларды жеткізу, тасымалдлау, декларациялау жәнен көліктік
экспедициялау келісім-шарттарын құру;
– тауарларды идентификациялау үшін тауарлардың сынамалары мен
үлгілерін алу;
– кеден органдарының лауазымды адамдарына қысқаша және уақытша
декларацияларды табыс ету;
– тауарларды және көлік құралдарын уақытша сақтау қоймасына
орналастыру;
– тауарларды кеден шекарасынан өткізуін жүзеге асыру ниетіне қатысты
басқа бүкіл іс-әрекеттер.
Кедендік ресімдеу алдындағы алдын ала операциялардың міндеті – кеден
бақылау мақсаттарына қол жеткізу үшін өздерінің құзыреті шегінде тауарларды
және көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізіуіне қатысы бар сыртқы
экономикалық қызметке бүкіл қатысушыларының күштерін жұмылдыру.
Алдын ала операциялардың мақсаты тауарлар мен көлік құралдарын негізгі
кедендік ресімдеудің іске асырылуын тездету және жеңілдету болып табылады.
Тауарлар мен көлік құралдрын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан
өткізу кезіндегі алдын ала операциялар мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту;
2. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту туралы кеден
органдарына хабарлау;
3. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде
алдын ала кедендік ресімдеу;
4. тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды межелі
кеден органына жеткізу;
5. тауарлар мен көлік құралдарын жеткізу туралы межелі кеден органына
хабарлау;
6. тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау.
Бірақ бұл тәртіп құбыр тасымалын пайдалану және электр беру желілері
бойынша өткізілетін тауарларға қолданылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік аумағына іс жүзінде өткізу
тауарлар мен көлік құралдарының кедендік шекарадан өту болып табылады.
Кедендік шекарадан өту тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаға
тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды өткізу
пунктінде орналасқан кеден органына мүмкіндігінше қысқа мерзімде жеткізу
міндетін жіктейді.
Негізгі кедендік ресімдеу қызмет аясында қабылдап алушы немесе жіберуші
тіркелген кеденде немесе кеденнің рұқсатымен басқа жерде орындалады.
Тауарлар негізгі кедендік ресімдеу жүргізу уақытында кедендік бақылау
аймағында болуы қажет. Тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кедендік
ресімдеу үш кезеңнен тұрады:
1. кезең. Кеден декларациясын қабылдау, тіркеу және оның есебі.
2. кезең. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық
қызметі тауарлық номенклатурасына және шығарылған еліне сәйкес
тауарлардың кодын анықтау дұрыстығын және тарифтік емес реттеу
шараларының сақталуын бақылау, валюталық бақылау және кеден
құнын бақылау, кеден төлемдерін бақылау.
3. кезең. Тауарларды тексеріп қарау және шығару.
1.Кезең. Кеден декларациясын қабылдау, тіркеу және оның есебі.
Бұл кезеңде негізгі тексерілетін құжат – жүктің кедендік декларарциясы.
Ол төрт парақтан және елу төрт бағаннан құрылады. Декларацияның бірінші
парағы кеденде қалады, екіншісі Қазақстан Республикасының Кедендік Бақылау
Агенттігіне жіберіледі, үшіншісі кедендік төлемдер бойынша есептерді іске
асыратын тұлғаға, төртіншісі – мемлекеттің статистикасына беріледі.
Кеден органының лауазымды адамы кедендік декларацияны қабылдау үшін
қажетті шарттардың сақталуын тексереді, одан кейін жүктің кедендік
декларациясын және Қазақстан Республикасы кеден органына міндетті табыс
етілуге жататын басқа да құжаттарды, сондай-ақ жүктің кедендік
декларациясының электрондық көшірмесін қабылдайды және жүктің кедендік
декларациясын тіркейді.
Тіркеуден соң, мәлімделген режимге сәйкес жүктің кедендік декларациясын
және оның электрондық көшірмесін толтырудың қолданыстағы ережелеріне
сәйкестігін жалпы тексеру жүргізіледі, сонымен қатар жүктің кедендік
декларациясының қағаздық тасымалымен салыстырылады.
Жүктің кедендік декларациясын және оның электрондық көшірмесін тексеруді
аяқтағаннан кейін лауазымды тұлға бірінші парақтың екінші бетіне
“Тексерілді” деген жазу жазады, мерзімді және аяқталған уақытын белгілейді,
қолын, жеке нөмірлік мөрін қояды және декларацияны келесі кезеңге өткізеді.
2. Кезең. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметі
тауарлық номенклатурасына және шығарылған еліне сәйкес тауарлардың кодын
анықтау дұрыстығын және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын бақылау,
валюталық бақылау және кеден құнын бақылау және кеден төлемдерін бақылау.
Осы кезеңде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық
қызметі тауарлық номенклатурасына және шығарылған еліне сәйкес тауарлардың
кодын анықтау дұрыстығын және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын
бақылау жүргізіледі, сондай-ақ:
– уәкілетті кеден органдарымен тауарларды алдын ала жіктеуді жүзеге
асыру жағдайларында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы
экономикалық қызметі тауарлық номенклатурасына сәйкес тауарларды алдын
ала жіктеу бойынша құжаттарды тексеру;
– тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар мен мәліметтерді
тексеру және осыған байланысты жеңілдіктер мен преференцияларды табыс
ету;
– тиісті кеден режиміне тауарларды орналастыру шарттардың орындалуын
бақылау жүргізеді;
– қолданыстағы заңнама талаптарына сыртқы сауда келісім-шарттары
және басқа да құжаттар шарттарының сәйкестігін тексеру;
– кеден декларациясында мәлімделген мәліметтердің, валюталық
бақылауды жүргізу үшін табыс етілген құжаттардың мазмұнындағы
ақпараттардың сәйкестігін тексеру;
– кеден құнын анықтаудың таңдалған әдісіне және оны растайтын
құжаттарға сәйкес тауарлардың кеден құнын мәлімдеу дұрыстығын
тексеру, қажетті жағдайларды кедендік ресімдеуді жүргізу барысында
кедендік төлемдер мен кедендік құнын түзету;
– тауарларды уақытша (шартты) бағалау іс-әрекеттерін атқарады.
Сонымен қатар, бұл кезеңде кеден төлемдерін төлеу үшін жауапты тұлғада
кеден төлемдерін және алдында жасалған жектізілімдер бойынша кедендік
төлемдерді төлеу мерзімдерін ұзарту немесе мәулеттік мерзімдерді
пайдаланғаны үшін пайыздарын, кеден ережелерін бұзған жағдайда айыппұлдың
сомасын, кеден төлемдерін уақытында төлемегені үшін берешекті төлеу бойынша
қарыздардың бар жоқтығы тексеріледі. Қарыздар болған жағдайда тауарлдар мен
көлік құралдары оларды толық төленгеннен кейін ғана шығарылуы мүмкін.
Кеден органдарының лауазымды тұлғасы декларанттың жүктің кедендік
декларациясын табыс етудің белгіленген мерзімдерін сақтауын тексереді. Бұл
мерзімдер бұзылған жағдайда декларанттан декларацияны уақытында төлемегені
үшін берешек өндіріліп алынады.
Жүктің кедендік декларациясы және оның электрондық көшірмесіндегі, оларда
мәлімделген мәліметтердегі кеден төлемдерін есептеуге әсер бөліктерінің
дұрыс толтыруы, толықтығы және нақтылығы тексеруден өткізіледі. Мәлімделген
тарифтік және салықтық жеңілдіктер мен преференциялардың негізділігі,
мәлімделген жеңілдіктерді анықтайтын немесе кеден төлемдерін төлеудің және
есептеудің айрықша тәртібін бекітетін құжаттар тексеріледі. Тарифтік және
салықтық жеңілдіктерді табыс ету немесе кеден төлемдерін төлеудің айрықша
тәртібін қолдану кеден органының мамандырылған бөлімшесінің тиісті рұқсаты
бар болған жағдайда жүргізіледі.
Сондай-ақ кеден ресімдеуі кезеңінде кеден органының есеп-шотына
қаражаттардың нақты түсуі тексеріледі. Олар түспеген жағдайда жүктің
кедендік декларациясы осы кезеңде қалады.
Бұл кезең аяқталғаннан кейін лауазымды тұлға бірінші парақтың екінші
бетіне “Тексерілді” деген жазу жазады, мерзімді және аяқталған уақытын
белгілейді, қолын, жеке нөмірлік мөрін қояды және декларацияны келесі
кезеңге өткізеді.
3.Кезең. Тауарларды тексеріп қарау және шығару.
Бұл кезеңде кедендік ресімдеудің бастапқы кезеңдердің өтуі тексеріледі
және тексеріп қарау туралы шешім қабылданған жағдайда осындай тексеріп
қарау жүргізіледі. Тексеріп қарау қажеттілігі туралы шешім кеден
ресімдеудің бастапқы кезеңдерінде де қабылдануы мүмкін.
Тауарлар мен көлік құралдарын шығару тексеріп қарау жүргізілгеннен кейін
және олар Қазақстан Республикасы Кедендік Бақылау Агенттігінің нормативтік
актілерінде міндетті тексеріп қарау бекітілмесе, тексеріп қараусыз жүзеге
асырылады.
Кедендік ресімдеу мәлімделген режимге сәйкес тауарлар мен көлік
құралдарын шығару мүмкіндігі туралы немесе олардың шығарылуы мүмкін
еместігі туралы шешім қабылдаумен аяқталады. Шығару туралы шешімді кеден
ресімдеуі және кеден бақылауы бөлімінің бастығымен немесе уәкілетті
лауазымды тұлғамен қабылданады және бұл шешім жүктің кедендік декларациясы
және жүктің кедендік декларациясының нөмірін көрсете отырып, көліктік
құжаттарға “Шығарылуға рұқсат етілді” штампыны қоюмен расталынады. Штамп
және нөмір лауазымды тұлғаның жеке нөмірлік мөрімен бекітіледі.
Егер кедендік ресімдеу үрдісінің кезеңдердің бірінде лауазымды тұлғамен
тауарларды шығару мүмкін еместігі анықталса, олар “Тексерілді” жазуының
орнына “Шығарылуға жатпайды” жазуы жазылады және шығарылуы мүмкін
еместігінің себебі қысқаша баяндалады. Шығарылмау туралы шешімді кеден

лауазымды тұлғасымен ғана қабылдануы мүмкін. Жүктің кедендік декларациясы
және көліктік құжаттарға “Шығарылуға тыйым салынады” штампысы қойылады .
Кеден органының рұқсатымен және декларанттың дәлелді жазбаша өтініші
бойынша жүкітің кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтер өзгертілуі
немесе толықтырылуы Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 385-бабына
сәйкес жүргізіледі.

Қазақстанда кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік
құралдары декларациялауға жатады. Декларациялау жөнінде алғаш рет 1993
жылғы 13 ақпандағы Министрлер Кабинетінің " Қазақстан Республикасының кеден
шекарасы арқылы тауарларды өткізу тәртібі мен декларациялау туралы"
Қаулысында айтылған, осыған сөйкес 1993 жылдың 1 наурызынан бастап кеден
органына кедендік жүк декларациясын үсыну жолымен мәлімдеу енгізілді.
Декларациялау тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы
тасымалдаушы тұлғаның кеден органына тауар туралы, мәміленің сипаты мен
мазмұны жөніндегі барлық мәліметтерді заң, белгіленген (жазбаша, ауызша,
электронды түрдегі беріліс жөне өзге де түрде) үлгі бойынша дәл мәлімдемені
құрайтын арыз арқылы жүргізіледі. ауарлар сот шешімі бойынша мемлекет
меншігіне айналдырылғаннан басқа жағдайларда, олар Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілген, кедендік режим
өзгерген кезде кеден органдарында декларациялануға тиіс.
Егер Қазақстан Республикасының кеден заңдарында өзгеше белгіленбесе,
тауарларды декларациялау тауарларды кедендік ресімдеу жүзеге асырылатын
кеден органында жүргізіледі. Тауарларды кедендік декларациялау ауызша,
жазбаша, конклюденттік, электрондық және тағы басқа нысандарда берілуі
мүмкін. Ауызша декларациялау жолаушылардың қол жүгін және багажын кедендік
ресімдеу кезінде қолданылады. Тағы басқы нысандарда декларациялау нысаныныа
жолаушыларды халықаралық әуежайларда “жасыл дәліз” бойынша өтуін мысал
ретінде айтуға болады. Бұл жағдайда жолаушы өзінің іс-қимылымен кеден
бақылауға жататын тауарлардың жоқтығы туралы кеден қызметкерлеріне
мәлімдейді.
Тәжірибеде декларациялаудың бірнеше түрі кездеседі, мысалға, жеке
тұлғалардың тауарларын кедендік ресімдеу, почта жөнелтілімдерін кедендік
ресімдеу. Сауда айналымында мәліметтерді жазбаша және электрондық түрде
ұсыну қолданылды. Тауарларды декларациялау үшін пайдаланылатын негізгі
құжат – жүктің кедендік декларациясы.
Тауарларды декларациялау кезінде кедендік декларациялардың мынадай
түрлері қолданылады:
– жүктің кедендік декларациясы;
– жолаушының кедендік декларациясы.
Жүктің кедендік декларациясы – декларант беретін және тауарлар мен көлік
құралдары туралы, олардың кедендік режимі туралы мәліметтерді және кедендік
мақсат үшін қажетті басқа да мәліметтерді қамтитын құжат. Жүктің кедендік
декларациясы мынадай жағдайларда, егер:
1) тауардың декларацияланатын легінің кедендік құны
тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгіленген тоқсан айлық
есептік көрсеткіштен асса;
2) тауарларға қатысты тарифтік емес ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz