Темірбанк АҚ қаржылық жағдайын талдау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1 бөлім. Қазақстан Республикасындағы банк жүйелерінің дамуы-
халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының өсу негізі
6
1.1. Қазақстандағы банктік қызметтердің дамуының маңызы
6
1.2. Коммерциялық банктердің қызметі
16

2 бөлім. “Темірбанк” АҚ қаржылық жағдайын талдау
33
2.1. “Темірбанк” АҚ туралы жалпы мәлімет
33
2.2. “Темірбанк” АҚ қаржылық жағдайын талдау
38

3 бөлім. “Темірбанк” АҚ қызметін жетілдіру жолдары
48
3.1. Банктің оңтайлы ұйымдастырушылық
құрылымын таңдау
48

3.2. Банк қызметін әртараптандырудағы бағыттар
55

Қорытынды
67

Қолданылған әдебиеттер тізімі
69

Қосымша

Кіріспе.
Егер, Қазақстан республикасындағы банктік жүйені тексерсек, онда 1995
жылы қаңтар айынан банктік дүнйенің сандық (Республикада банктік жүйенің
сенімділігін арттыру мақсатында) қысымы басталады. Банкаралық бәсекелесті
күшейту үшін - банктік қысымға қатаң талаптар қою жолымен жетті. Ұлттық
банктің негізгі міндеті - барлық банк және қалыптастырылған топтардың
қызметтерінің сапасын көтеру(10-15 банк), Дүниежүзілік стандартқа жақын.
1995 жылы 1 қаңтарда 237 банк тіркелген, оның ішінде 25 банкте
генералдық валюталық лицензиясы болған, олардың жарғылық қор мөлшері
бойынша Республикамыздағы ең ірі банктер қатарына кірген. Жалпы сан бойынша
тек 8 банктің жарғылық қоры 5 млн. доллар және жоғары болған.
1995 жылы 1 наурыздан бастап Республикамызда 178 банк қызмет көрсетті,
ал 1995 жылы 1 маусымнан бастап 167 банк, сол кезден бастап қаржылық қордың
тіркелген мөлшері - 7,2 млрд.теңге, меншік капиталы - 8,2 млрд.теңгені
құрады.
1995 жылы қыркүйек айында 147 банк қызмет көрсетті, оның ішінде 83
банк Алматы қаласында шоғырланған.
Осы жылдың басында Ұлттық банк міндетті нормативтер механизмін
қолданды. Қазіргі уақытта Ұлттық банк келесі нормативтердің жүзеге асуын
қадағалайды:
1. минималдық жарғылық қор;
2. капиталдың жеткіліктілігі;
3. бір қарыз алушыға максималды тәуекелдік;
4. өтімділік коэффиценті;
5. резервтік талаптар;
6. валюталық бағдар;
7. негізгі қаражаттарды сатып алуға қаражаттардың жеткіліктілігі.
Ұлттық банк мемлекеттік реттеу органы ретінде банктік секторда болып
жатқан өзгерістерге керекті бағыт жіберуге күш салған. Кейбір процестерде
сұрапыл жағдай жүріп жатқан жоқ, мысалы: банктердің қосылуы. Банк қатарында
заңға сәйкесінше, уақытша тоқтатып қою режимін кірістіруі мүмкін.
Қаржылық нарықтың жағдайын қиындататын - ол коммерциялық банктердің
төлемдерін жүзеге асыру, ұзақ мерзімді несие беруіне, кәсіпорынның төлем
қаблеттілігі таза капитал жинауға әсер етеді және өнеркәсіптердің
төмендеуіне әкеліп соқтырады. Экономикалық құлдырау жағдайында,
коммерциялық банктер жоғары тәуекелділікпен қызмет көрсетеді. Осы туралы
банктерді банкротқа әкеліп соқтыратын бірнеше жағдай бар:
• жаңа капитал қатысушыларын іздеудің нәтижесіздігі;
• “жаман” несиелерді ұсыну;жоғарғы менеджмент қатарындағы коррупция;
• Активтерді тәуекелділікпен жоғалтуды уақытында мойындамайтын,
біліктілігі жоқ қолдаушы;
• Банктік шығындардың өсуі;
• Сұранысқа мүмкіндіктің шектен шығуы;
• Қаржы нарығында және банк клиенттері жайында ақпараттың сапасыз
талдауы.
Жалпы Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық және
саясаттық ахуалы қаржы нарығының тұрақсыздығына әкеледі, осының салдарынан
банктердің банкроттық процестеріне жеткізді. Қазақстан Республикасындағы
қаржы нарығында соңғы уақытта болған жағдайлар, Бүкіләлемдік банктердің
мамандар қорытындыларының дұрыстығын дәлелдейді, осыдан бұрын 1992-1993ж.ж.
ескерткендей, Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері үш мәселемен
соқтығысады: өтемпаздық, қаржылық менеджмент және активтік портфель.

Дипломдық жұмыстың мазмұны кiрiспеден, 3 бөлiмнен, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.
I бөлiмде Қазақстан Республикасындағы банктердің ұсынатын қызметтерін
қарастыру.
II бөлiмде “Темірбанк” АҚ Қазақстандағы алатын орны және көрсететін
қызметтеріне талдау жасау.
III бөлiмде екінші дәрежелі банктің ұйымдастырушылық құрылымы және
көрсететін қызметтерінің әртараптандыру бағыты.
Қорытындыда банктердiң қызметтерін талдау барысында туындаған
пiкiрлер, ойлар айтылады.

1 бөлім. Қазақстан Республикасындағы банк жүйелерінің
дамуы-халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының өсу негізі
1.1. Қазақстандағы банктік қызметтердің дамуының маңызы
Банк қызмет көрсететін ұйым ретінде
Банк – бұл коммерциялық мекеме, заңмен және Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкімен берілген лицензиясы бойынша, ақшалай қаражатты клиенттерден
тартуға және өз атынан төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық, тағы да
басқа банктік операцияларды жүзеге асыру шартына құқығы берілетін заңды
тұлға.
Банк қызметтері жеке тұлға (халық) және корпоративті клиенттерге
қызмет көрсетуге бағдарланған.
Уәждемесі, банк қызметтерін пайдалануға клиенттерді ынталандыру:
1) Пайда және үнемдеу, яғни клиенттің мақсаты, ол банктік қызметті қолдана
отырып пайда табу немесе жинақтық қорлану;
2) Қауіпсіздік;
3) Қызметтер сапасы;
4) Икемділік қызмет;
5) Жылдамдылық;
6) Қызмет көрсету кепілділігі;
7) Ыңғайлылық;
8) Беделдік;

Жинақ банктегі қызмет көрсету артықшылығы:
1) Тиімділік – жинақ банкі жеткілікті жоғары пайыз төлейді;
2) Сенімділік;
3) Қолайлы - әрқашанда сіздің үйіңіздің қасында жинақ банк филиалы
орналасқан.
Банктік салада маркетинг спецификасының анықталуы қызмет көрсету
саласындағы банктің жұмысы болып табылады. Талдай келе, банктік өнім – бұл,
активтік және пассивтік операциялар бойынша қызмет көрсету кешені.
Пассивтік операциялар бойынша қызмет көрсету қаражаттарды шоғырландыру
мақсатымен көрсетеді, оның ішінде, жинақтау және елдің несиелік жүйесінің
негізін құрайтын уақытша бос халықтың қаражаттары.
Активтік операциялар бойынша қызмет көрсету жолымен банк бәсекеге
қаблетті пайданың деңгейі және қалыптасудың тұрақтылығының өзіне қажеті
үшін жиналған қаражаттарды үлестіреді.
Банктік қызметтердің негізгі сипаттамасы.
Оларды келесі жағдаймен анықтауға болады:
1. банктік қызметтер материалдық емес, абстракталық сипаттамда болады;
2. өнім қоймаға салынбайды, бірақ банк ақшалай қаражаттың қорын құрайды, ол
қорды банк басқарады;
3. банктік операцияларды жүргізу заң жүзінде реттеледі ;
4. жаңа банктік қызметтің авторы авторлық құқығына ие емес;
5. өткізу жүйесі (банктік операциялар және қызметтерді ұсыну)
біріктірілген, өйткені бір банктің барлық филиалдары банктік операциялар
мен қызмет көрсетуді бірдей орындайды;

Маркетинг – қызмет көрсету техникасы мен ойлау сияқты анықталған
жиынтығын көрсетеді. Расында, техникалық қызмет көрсету (қабылдау,
әдістемелер және тағыда басқалар), егер ерекше ойлау қаблетін қолданбаса,
құралатын элементтер қатарын қоспаса жұмыс жасамайды.
– Шыдамдылық принципі;
– Тыңдау қаблеттілігі;
– Қарапайымдылық;
– Творчестволық тәсілдеме;
– Анықталған нарықты әзірлеу үшін әдіснамалық арнайы
әзірлеу.

Расында, шыдамдылық принципі – маркетингтік тәсілдеменің ерекше бір
элементі болады, өйткені әр банктің клиенттері – банкирге өзінің реакциясы,
сөйлеу мәнеріне, келіссөздер жүргізу, ұсыныстың қызметі және тағы да
басқа ... . Банкир, клиенттерді өзіне тарту үшін шыдамды болуға міндетті.
Екінші элемент банк қызметкерінің білікті болуы керек, өйткені банк
өзінің қызметін дамытуға нарық және клиентке расында керекті операциялар
мен қызеттер ұсынады.
Прагматизм мен қарапайымдылық маркетингтік әдістемелік элементі сияқты
– бұл айқындылық емес, ал қаблеттілік жағдайды қиындатпайды. Творчестволық
тәсілдеме, бәсекелестік шартындағы жұмыстың жақсаруы талаптардың
қажеттілігі. Маркетингтік принциптің маңыздылығы “өзіңді бәсекелесіңе
ұқсатпа” – дейді.
Банктік маркетингтің тұжырымдамасының әзірлеуі өзінің шартын айтады.
Бұл жағдайда банктің және банктік емес несиелік мекемелердің ең маңызды
проблемасы – оның ұйымшылдық құрылымы.
Банк басқарушылары және қызметтері саясатының мақсаты; оның барлық
қызметі тапсырыскерлерді тарту болып табылады, өзінің қызметін өткізу
сферасын ұлғайту, нарықты басып алу, табатын пайданың өсуі.

1 кесте

1.1.1.сурет. Банктік басқарманың Пирамидалық және “аударылған”
ұйымдық жүйесі.
1.1.1.сурет көрсеткендей, маркетингтік тәсілге, оның жұмысына енгізуге
дейінгі банктің жалпы алғандағы құрылымы (пирамиданы көрсетеді), шешім
қабылдау процесіндегі пирамиданы көрсетеді, бағдаршамен көрсетілгендей,
жоғарыдан төмен қарай қадам (банктік басқармасының төрағасынан төменге
иерархиялық баспалдақ буындарына қарай). Банк клиенттерге орындау немесе
әзірлеу керек деген операциялар мен қызмет көрсетуді ұсынған, осыдан шыға
бәрінен бұрын өзінің мүмкіншілігі мен даму болашағының ұсынысын, бірақ
клиенттер мүддесін емес. Осы жағдайда клиент пирамиданың әр деңгейінде
жіберілген қателіктердің зиянын шегеді. Клиент осы ұсынылған қызметтердің
түрлерін таңдауға мәжбүр болады. Қазіргі Қазақстан банктері тек осылай ғана
жұмыс жасайды.
Бастапқы кезеңде банктік маркетинг енгізуде, банктер - әдістерді,
маркетингтік тәсілдерді, ойын өзгертпей қолданады. Осылайша, маркетинг
пирамиданың төменгі деңгейге ғана қолданады. Бірақ та Батыста клиентке
деген қатаң бәсекелестік талаптарда осындай тәсілді өзгертуге тура келеді.
Сондықтан банк басқарушысының міндетін барлық жұмыс күшін клиенттердің
қажеттілігін қанағаттандыруға жұмсауға жібереді. Банктің жаңа ұжымдық
құрылымында шешім қабылдау процесі клиенттің қажеттілігін анықтаудан
басталады, содан кейін, банктің мүмкіншілігін анықтайды және әр иерархиялық
жүйенің сатысынан ұсыныстар қалыптасады. Банк басқармасында басқарма
төрағасының қолдауымен жаңа қызмет көрсетуді құру немесе ескі ұсыныстарды
тоқтатуға шешім қабылдайды.
Осы нәтижеден кейін қабылданған шешім банктің жүйелік бөлімшелерінің
барлығына жеткізіледі, соңында клиенттің шешімін жариялайды. Егер клиентке
ұсынылған қызмет оны қанағаттандырмаса, егер клиенттің бастапқыдағы
сұранысын салыстырғанда, банк ұсынысында бейне өзгерістер болса, онда
клиент, ұсынылған қызметке қарамай басқа банкке барады. Осындай жағдайда,
жаңа шартта банктің саясатында бәрінен бұрын клиентті қанағаттандыру
бағдарланған!
Ең маңыздысы, әр банк қызметкері өзін бір қызмет көрсетемін деп
ойласа, ал клиентпен тығыз байланыста болатын филиал қызметшісі деп те
көреді. Осындай жағдаймен банктің маркетингтік тұжырымдамасы барлық банктің
ұжымдық жүйесінің деңгейлері біріктірілуі керек.
Маркетингтік біріктірудің өзіне қосатыны; клиенттерді өзіне бағыттаған
сыртқы маркетинг және ішкі маркетинг, банк басқармасының төрағасын қоса,
банк бөлімшелері және жұмыс қызметін жетілдіруге бағытталған.
Банктік ұжымдық жүйенің барлық деңгейіндегі банк қызметкерлерінде әр-
қашанда маркетингтік ойлау қаблеті болу керек. Банк қызметінде маркетингтік
тәсілдеме таратылғасын (анықталған мақсаттық нұсқамалар жасалынған), кез-
келген банктік қызметтің қажетті атрибуты болған мақсаттық нұсқамалар
жасалынған. Ал айрықша банктік маркетингтің мақсатын келесі көрініспен
көрсетуге болады:
1. клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыру, комиссиондық төлем алу үшін
және оның қызметін орындау үшін, банкке міндетті түрде клиент табу керек;
2. ұйым ретінде банктің қажеттілігін қамтамасыз ету, өзінің жұмысын дамыту
үшін оған табыс керек;
3. қызметкерлерді қанағаттандыру, яғни банк қызметкерлері өз жұмысына
қызығушылық жоқ болса, онда клиент залал шегіп қалады;
4. әр-қашан артықшылықты салыстырмалы түрде іздену. Банк өз бәсекелесінен
қалай озуын іздейді. Бұл жағдайда саралау әдісін қолданады, яғни клиент
бұл банктің басқа банкке қарағанда қызмет көрсету ерекшелігі бар екенін
білу керек.
Осы төрт мақсатқа бағытталу маркетингтің уәждемесі болып табылады.
Жұмыс процесінде банк алдына қойылатын міндет – ол өз еңбегінің
нәтижесінде қызметкерлердің мүдделігінде қызмет көрсетуді саралау жолымен
клиент қажеттілігін қанағаттандыру. Осылайша маркетингтік тәсілдеме
қойылады.
Маркетингтік тәсілдеме банк жұмысына әр-қашан қатысып отырғанына
қарамастан, оның қызметінде банктік маркетингтің дамуына кедергі жасайтын
бөлек факторлар да бар. Осы факторларды көрсетсек, біріншіден банк өз
филиалынан географиялық (аумақтық) алыс басқаруы, екіншіден- клиенттердің
қажеттілігінің өсуін қанағаттандыру және банктің өтімділігін қолдау
қажеттілігімен қарам-қайшылық арасындағы банктік қызметтің тәуекелділігі,
үшіншіден банк қызметіндегі түсініктемеде техникалық көзқарас (клиентке
қарамастан, банк қажеттілігіне көңіл аударып, тек ғана нұсқау бойынша жұмыс
істеу).
Қазақстанда банктік қызметтің дамуы
Несиелік карточка – қаржылық есеп жүйесіндегі инструмент болап
табылады. Кез-келген төлем жүйесі - қатысушылардан және олардың
арасындағы өзара қатынастан тұрады. Төлем жүйесіндегі келесі міндетті
қатысушылар:
• Карточканы ұйымдастыру – эмитент;
• Карточка ұстаушылар (заңды немесе жеке тұлғалар);
• Карточканы өтейтін, яғни ол бойынша төлем қабылдау, ақша беру немесе
есептесудің басқа түрін шығаратын ұйым.
Эмитент-ұйым бір уақытта қызмет көрсетуші ұйым болуы мүмкін. Қолма-
қолсыз есеп айырысу жүйесі бір немесе бірнеше эмитенті болады. Көп
жағдайларда карточка –карточка ұстаушыларға байланысады, яғни бір шотқа
бірнеше карточка байланысады және ол оны қолданатын инструмент болып
табылады.
Төлем жүйесінің схемасына байланысты, банк – қаржылық компания, мұнай
компаниялары және тағы да басқалары эмитент болуы мүмкін. Ізінше, нақты
жүйені құру мақсатына және көлеміне байланысты, карточка жүйесі ішінде
тауарға төлеуге немесе қызмет және қолма-қол ақша қолданылады.
Қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесін дүкендер жүйесіне де тартылған.
Мысалы, Қазақстан ішінде “Родити” фирмасының пластикалық карточкаларын
алсақ, олар үш түрін шығарған:
“Ақ” – компания кассасына салынған салаға тауар алуға болатын
есептесу;
“Күміс” – дисконттық, яғни тауарды 50 % жеңілдік пен алуға болады;
“Алтын” - “Ақ” және “Күміс” карточкаларын өзіне қосатын қосымша
процентті салынған соммаға есептеу.
Банктік карточкаларды шығару және олармен есептесуді жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен “Несиелік ұйымдардың банктік
карточкаларды эмиссиялау тәртібі және оларды қолданатын операциялар бойынша
есептесуді жүзеге асыру” жағдайымен реттеледі.
Бұл жағдай несиелік ұйымның қызметін, операция жасау валютасын,
карточка түрлерін, құжат айналымының жалпы ережелерін анықтайды.
Есептесу тәсілі бойынша карточкалардың топтасуы, олардың эмитентімен
карточка ұстаушылардың арасында өткізген төлемдер үлкен мағынаны білдіреді.
Карточканың түрлері:
• Несиелік;
• Дебеттік (есептік);
• Овердрафтты дебеттік.
Дебеттік және несиелік карточкалар арасындағы айырмашылық келесіде:
• Несиелік карточканы, банктің клиентке берген несие есебімен тауарға және
қызметке төлеуге қолданады;
• Дебеттік карточка – шотта қалған соманы тауарға төленуге қолданады.

Несиелік карточка – бұл шетелде банктік карточканың әр-түрі танымал,
сондықтан бұл атауды барлық карточканың түріне қолданады, бірақ бұл дұрыс
емес. Несиені тек ғана банк емес, сондай-ақ мамандандырылған сервистік
компаниямен де берілуі мүмкін, мысалы, AMERICAN EXPRESS. Несиелік карточка
көмегімен төлеу – карточканың несиелік қаблеттілігін тексеретін, чек
тапсыратын құралдармен жабдықталған және төлем карточкалардың түрін
қабылдайтын кез-келген сауда кәсіпорындарда жүзеге асады. Несиелік
карточканы қолдана отырып, клиент, банк шотында ақша болмаса да банкпен
келісілген күні өтеуге берілген несиені тауарға және қызметке төлеуіне
болады.
Дебеттік (есептік) карточка – бұл клиент өз банктік шотындағы соманы
ғана пайдалана алады. Сондықтан қызмет немесе тауарға төленетін кезде
клиенттің банктік шоты міндетті түрде тексеріледі.
Овердрафтты дебеттік карточкасы – бұл шоттағы сомадан көбірек жұмсауға
банктің клиентке берген рұқсаты. Овердрафт көлемі бірнеше жүз доллардан
аспайды. Қазіргі кезде Овердрафтты дебеттік карточкаларды қазақстандық
банктер де шығарады.
Карточканы қолданбастан бұрын, банктер арасында заңда және жеке
тұлғалар келісімін құру қажет. Осыған байланысты карточка меншікті және
корпоративтік болады.
Меншікті карточка – бұл карточка түрінің ерекшелігі, жеке тұлға
банкпен келісімге отырады және осы келісім бойынша банк клиентке шот ашады.
Клиент карточканы дайындауға, шоташу шығындарын өзі төлейді және банкпен
келіскендей карточканы қолдану шарттарын орындауға міндеттенеді. Құжатқа
қол қойылған кезден бастап банк те, клиент те келісім шартын орындауға
жауапты болады.
Корпоративті карточка – бұл карточканың ерекшелігі, банк пен заңды
тұлға келіседі, ол карточканы басқа жеке тұлғаға беруге құқығы бар. Осындай
келісімде банк алдында карточка ұстаушы емес, шот иесі жауапты. Бұл шотқа
бірнеше карточка тіркелуі мүмкін және жалпы шотты қолдануға шек қойылады.
Корпоративтік карточка тек іс сапар шығындарын, құрылтайшылық мақсатына
шығын және тағы да басқашығындарды төлеуге қолданатын болғандықтан шотты
тек шот иесі (заңды тұлға) толтыра алады.
Осы күндері кеңінен тараған карточканың тағы бір түрі – ол “жалақы”
карточкасы. Мұндай карточка түрін ашу және жұмыс жасау үшін, корпоративтік
карточка схемасы сияқты схема қолданады: Кәсіпорын өзінің жұмысшыларына
пластикалық карточкаларды эмиссиялау туралы банкпен келісім жасайды, содан
кейін кәсіпорын ақша-қаражаттарды аударып, төлем тізімін әр қвзметкерге
береді. Банк қызметкерлердің карточкалық шотына қаражат аударады.
“жалақы” және корпоративтік карточкалардың айырмашылығы, жалақы
карточкасын ұстаушы жеке тұлға болады. Кәсіпорын “жалақы” шотын толтыруға
құқығы бар, бірақ шот иесі жеке тұлға.
“Халықаралық дисконттық жүйе”, “Ұлттық дискоттық жүйе”, “Count Down”
картоскасы, Prioriti Pass және тағы да басқа фирмалардың дисконттық
карточка жарнамаларын жиі кездестіруге болады. Әр-түрлі фирмалар өз дисконт
карточкаларын жиырма доллардан екі жүз долларға дейін сатады, сондықтан
дисконтты карточкаларды ұстаушыларға қызмет және тауарға төлеуге екі
пайыздан бастап жиырма бес пайызға дейін жеңілдіктер көрсетеді.
Дисконт карточкаларын екі түрге бөлуге болады:
• Универсалды дисконттық карточкалары – бұл сауда кәсіпорындар өатарында
және қызмет көрсетусферасында жеңілдіктер көрсетіледі;
• Карточкалар, бір фирмадан алынған карточкалар тек сол фирмада жеңілдіктер
көрсетеді.
Универсалды дисконттық карточкаларына халықаралық “Count Down”,
“Prioriti Pass”, “IAPA” карточкаларын жатқызуға болады, тағы да
Қазақстандық дисконттық жүйесі “Халықаралық дисконттық жүйесі”, “Ұлттық
дисконттық жүйелері” және тағы да басқалар шығарылады.
Дисконт карточкаларын алғанда, клиент, жеңілдік көрсететін сол
фирмадан шығарылатын каталог алады. Бұл каталог дисконттық жүйемен
келісімге отырған фирманы жарнамалайды, ал осы жарнамаға төлемнің орнына
дисконттық карточкаға жеңілдік береді.
Дисконттық карточканың екінші түрін қарастырсақ келесіні белгілеуге
болады. Кейбір сауда немесе сервистік фималардың ішкі фирмалық дисконттық
карточканы шығаруды екі тәсілмен түсіндіруге болады: бірінші тәсіл – бұл
белгілі бір уақыт ішіндеосы фирманың дүкенінде сатып алынатын тауарға
жеңілдіктер көрсетумен клиенттерді өзіне тарту. Екінші тәсілі – бұл қосымша
жарнама.
Осындай карточкалар Қазақстан Ресрубликасында нақты жүзеге асады,
мысалы, “Юнион Кард” карточкасы. Микропроцессоры бар карточка аумақтық
төлем жүйесінің біріне қатысады.

1. Коммерциялық банктердің қызметі
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары.
Банктік ресурстарға - банктің меншікті қаражаттары, қарызға алынған
және жұмылдырылған қаражат жатады, осылардың жиынтықтарын банк активтік
операцияларға қолданып жүзеге асырады, яғни пайда табу мақсатында
жұмылдырылған ресурстарды орналастыру.
Банктік ресурстардың қалыптасуының көзі болып банк клиентінің
салымдары табылады, ал егер басқа капиталды тарту үшін сәйкесінше қолда бар
меншік капиталын көрсету керек, бірақ кредитор дағдарыс кезінде оларға
сенетініне сенімді болу керек.
Меншікті қаражаттарға жарғылық қорды, резервтік қорды, түскен пайдадан
құрылатын басқа да қорларды жатқызуға болады.
Банктің жарғылық қоры – бұл банктің ұжымдық іске жіберілетін нүкте.
Жарғылық қор қатысушылардың салымынан құралады – заңды және жеке тұлғалар,
және олардың міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық қор татылған
қаражаттардан құрылуы мүмкін емес.
Банктің жарғылық қорының құрылуына – бюджеттен алынған қаражаттарды,
бос ақша қаражаттарды тартуға жол бермейді.
“Қйта тіркелген коммерциялық банктерге минималдық жарғылық қор
құрылған: 1998ж. 1 қаңтарда-4 млн. ЕВРО; 1 шілдеде-5 млн. ЕВРО. Ал қайта
құрылған, атқаратын қызметіне шектеу қойылған несиелік ұйымдардың жарғылық
қорының минималдық мөлшері. 1998ж. 1 қаңтарда 1,0 млн. ЕВРО; 1 шілдеде
1,250 млн ЕВРО. Ақпаратқа шыққан жарғылық қор мемлекеттік тіркеу өткен
күннен бастап бір ай ішінде толығымен төленуі тиіс.
Коммерциялық банктердің резервтік қоры активтік операцияларда келген
зияндарды өтеуге арналған, тағы да дивидент пен облигациялардың процентін
төлейтін көз болып табылады. Резервтік қор жыл сайын пайдадан аударылатын
қаражаттардан құралады. Резервтік қорға аударымдар таза пайданың 5%
құрайды.
Коммерциялық банктерде пайдадан түскен аударымдардан өзінің өндірістік
және әлеуметтік дамуына резервтік қормен бірге басқа да қор (ашылады)
құрылады.
Банктің меншікті қаражаттарының маңызды қызметі – ол салымшылар
алдында банктің міндеттерін қамтамасыз ету болып табылады. Банктік
тәжірибеде шығындарға қарамастан, банктің төлем қаблетін сақтауға мүмкіндік
беретін ресурстарды сақтық қор ретінде меншікті қаражатқа жатқызуға болады.
Банктік тәжірибеде меншікті капиталды жалпы (брутто) және таза салмақ
(нетто) деп ажыратады. Меншікті капитал-брутто – бұл баланс бойынша
бөлінбеген кірістің және банк қорының барлық соммалары. Меншікті капитал-
нетто – бұл капитал-брутто, капитал сипатындағы шығындардан азайған,
аңғарылмаған залалдар, өзінің меншік акцияларын сатып алу және дебиторлық
қарыздардың 30 күннен асып кетуі.
Коммерциялық банктерде меншік капиталының өсуі дербес анықталады және
бірнеше факторлардан тәуелді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы заңына сәйкесінше меншікті
қаражаттарының мөлшері банктің активтік операциялар мөлшерінің шегімен
анықталады. Сәйкесінше банктер нормативтерді бұзбайтын, өздерінің
клиенттерінің қарыз алатын қаражаттай қажеттілігін қанағаттандыруға
мүмкіндік болатындай мөлшерде меншікті қаражаттар болуы тиіс.
2. Банктің меншікті капиталының мөлшері клиенттің іс - әрекетіне
байланысты. Ірі несиеленетін кәсіпорындар артықшылығы банктен үлкен
мөлшерде меншік капиталын және де активтік операциялар мөлшерін талап
етеді.
3. Банкке меншікті капиталдың керекті мөлшері несиелік ресурстар нарығының
сатысы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк өткізетін несиелік
саясатқа байланысты.
Қазақстандық коммерциялық банктері, нарықтың құрылуына бекітілуге
тырысуда, бірақ пайданың өсуіне қарағанда, дивиденттің ағымды проблемалар
сатысын ойлауда. Сондықтан меншік капиталын көбейту үшін жаңа акциялар
шығару немесе жаңа үлескерді тартуды жөн көреді.
Акционерлік коммерциялық банктер жарғылық қорын құрып және ұлғайту
үшін өздерінің меншікті бағалы қағаз – акция шығаруға барады. Бағалы
қағаздарды шығара отырып, коммерциялық банктер “акционерлік қоғам туралы”
заңына сүйене отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 1996ж. 17
қыркүйектегі № 8 “Қазақстан Республикасының территориясында несиелік
ұйымдармен бағалы қағаздарды тіркеу және шығару ережесі”.
Несиелік ұйымдарға қарапайым және артықшылықты бар акциялар шығаруына
болады. Барлық қарапайым акциялар бірдей құндылық немесе иелеріне тепе-
теңді құқық беретіндей болу керек. Теңестірілген акциялардың номиналдық
құны несиелік ұйымдардың жарғылық қорының 25 пайызынан аспауы керек.
Акционерлік банк өзінің құрылуына және қосымша акцияларды шығару
жолымен банктің жарғылық қорының алғашқы мөлшеріне көбейту жағдайында
эмиссияны жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында акционерлік банкті құру кезінде қатысушылар
арасында акцияны жабық түрінде қайта бөлу жүргізіледі. Номативтік
актілердің әсерінен, акционерлік банкті құрғанда барлық алғашқы шыққан
акциялар, құрылтайшылар арасында номиналдық құнмен бөліну керек екені
көрінеді.
Банктің алғашқы шығарылатын акцияларының барлығы қарапайым аталуы
акция болуы керек .Банк – эмитенттің алғашқы шығарылған акцияларды тіркеу
және сату, бағалы қағаз операцияларының салығынан босатылады.
Акционерлік банктің жарғылық қорын ұлғайтуға әрі қарай акцияларды
шығару үшін барлық алғашқы шығарылған акцияларды акционерлер толығымен
төлеу керек. Қосымша акциялар артықшылықтық, сондай-ақ қарапайым акцияларды
өзіне қосады.
Акционерлік қоғам нышаны ретінде шығарылған, банктердің қосымша
акцияларын орналастыру ашық түрде және жабық түрінде келісіледі.
Орналастыру тәсілі банктің жарғысымен немесе акционерлердің жалпы
жиналысындағы шешімімен анықталады. Егер орналастыру тәсілі анықталмаса,
онда оны ашық түрде қол қоюмен жүзеге асады. Жабық акционерлік қоғам
ретінде құрылған банктер өздерінің акцияларын ашық түрде қол қоюға, тағы да
басқа жағдаймен шектелмеген тұлғалар ортасына иемденуге құқық берілмейді.
Банкпен шығарылған қосымша акцияларды өздерінің құрылтайшылары
арасында немесе өз қаражатымен өз атынан сатып алатын заңды немесе жеке
тұлғаларға орналастырылады. Коммерциялық кәсіпорын ретінде банктік
мекемелер қимылы, оның ресурстарының құрылуы өз есебінен емес, қарызға
алынған қаражаттар есебінен құрылады. әр мемлекеттің Ұлттық Банкі жағынан
банктердің қаражаттарды тарту мүмкіншіліктері реттелмеген және шексіз емес.
Қазақстан Республикасының банктік жүйесінің алғашқы даму сатысында,
нарықтық жағдайда коммерциялық банктердің қаражаттарды тарту мүмкіншілігі
банктің меншік капиталының мөлшері мен оның ұйымдық–құқықтық қалпынан шыға
анықталған: коммерциялық банктер үшін, мемлекеттік мамандандырылған банктік
база ретінде болдырғандарға, тартылған қаражат көлемі банктің меншік
капиталы көлемінен 25-рет; жабық акционерлік қоғамының ашық түріндегі
банктерге – 15 реттен аспауы керек.
1996 жылдан бастап 30 қаңтардан № 1 нұсқауға сәйкесінше “несиелік
ұйымдардың қызметтерін реттеу тәртібі туралы”. Банктер банк капиталының
көлемі мен тартылған қаражаттар арасындағы сәйкестікті анықтауға келісім
бермеді, содан кейін капиталдың жеткіліктілік нормативі, бір кредиторға
максималдық тәуекелділік көлемі, халықтан тартылған ақшалай қаражаттың
максималдық мөлшері сияқты міндетті экономикалық нормативтер қатары арқылы
жанама реттеуге көшті. №1 нұсқауға қарасақ тартылған ақшалай қордың
максималдық көлемі банктің меншік қаражат шамасымен шектелген. Осыдан
басқа, жеке тұлғалардың қаражаттарын тарту үшін, қайта құрылған банктерге
тіркелген күннен бастап, екі жыл жақсы жұмыс көрсетсе, арнайы лицензияның
қолда барын талап етеді.
Банктермен тартылған қаражаттар құрамы бойынша әр-түрлі клиенттермен
жұмыс жасау процесінде банктермен тартылған қаражат, меншікті қарыздық
міндеттеме мен қаражат шығарып, шоғырландыру жолы (депозиттер және жинақ
сертификаты, вексель), банкаралық несие ретінде басқа несиелік ұйымдардан,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен қарыз алу сияқты, ең басты түрі
болып – қаражат табылады.
Депозит – бұл клиенттің қаражатын уақытша қолдануға алу нәтижесіндегі
экономикалық қарым-қатынас.
Банк депозиттердің көпшілігінен қарыздық капитал жинауға мүмкіндік
алады, содан кейін кез-келген шаруашылық саласына тиімді талаппен
орналастырады. Депозиттік пайыз бен капиталды қарызға алушылардан түсетін
пайыздық айырмашылығы, бос қаражатты тарту және капиталды қарызға беру
қызметінен түсетін пайда – банкке сыйақы ретінде қалады.
Депозиттік шоттар әр-түрлі болуы мүмкін, және оларды топтастыру
негізіне әр кезде салымшылар категориясы және салымдарды тарту формалары
жатады.
Салымшылар дәррежесінен шыға келе депозиттер:
– Заңды тұлғалар (кәсіпорын, ұйымдар, басқа банктер);
– Жеке тұлғалар;
Салымшыларды тарту нышанына қарай депозиттерді бірнеше топқа бөледі:
– Талап еткенге дейінгі (анық мерзімін білмейтін, міндеттеме)
– Мерзімді (анық мерзімін білетін міндеттеме)
– Шартты (келісілген шарттың мерзіміне дейінгі алуға жататын міндеттеме)
“Талап еткенге дейінгі депозиттер – клиент жағынан банктің
хабарлауысыз кез-келген уақытта талап етуі мүмкін болатын қаражат. Оларға
ағымды, есептеу, бюджеттік және қаражаттарды мақсатты қолдану немесе
есептесумен байланысты басқа да шоттар жатады. Талап еткенге дейінгі
депозиттер ағымды есептесуге арналған. Осындай шотты бастамасын ашу
клиенттердің өзінің қажеттілігі, яғни есеп айырысу, әр-түрлі төлемдерді
және банктен қаражат алумен байланысты. Осы шотта айналатын қаражаттар
қолма-қол ақшамен, чекпен, аударымдармен тағы басқа есептесу құжатпен
ресімделеді”. Талап еткенге дейінгі депозитке корреспонденттік банкпен
есептесуді жүзеге асыру және біржақты тәртіппен төлемдер немесе бір-бірінің
ұсынысы бойынша ашылады. Корреспонденттік шотты, банк, басқа банктен ашса,
онда ол “Ностро” шоты, ал керісінше болса, онда ол “Лоро” шоты.
“Ностро” немесе “Лоро” шоттары банк аралық келісімшартпен ашылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттерге контокорентті шотты да жатқызады.
Контокоррент (италия тілінен conto-corrente – ағымдағы шот) – бұл
банктің клиентке көрсететін барлық операцияларды байқататын, біріктірілген
шот. Контокорентті шотта: бірінші жағынан – банктің ссудаларын және
клиенттің шотынан тапсырысы бойынша барлық төлемдер; екінші жағынан – шотқа
түсетін түсім, аударым, ссуданың қайтарылуы және басқа да қаражаттар
көрсетіледі.
Контокорентті шот сенімді клиенттерге ашылады.
Коммерциялық банктердің көбінде талап еткенге дейінгі депозиттер
қаражаттарды тарту жүйесінде салмақты орын алады. Бұл банктік ресурстардың
құрылуының ең арзан көзі. Қаражаттарды жұмылдырудың өсуіне байланысты талап
еткенге дейінгі шоттарда қалдықтар әр-түрлі. Бірақ, олардың минималдық
қалдығын анықтап, оларды тұрақты несиелік ресурс ретінде қолдануға болады.
Талап еткенге дейінгі шоттағы сақталатын, мерзімді депозитінің шотына
аударуға болатын қаражаттың үлесіне есебі, мына формуламен жүзеге асады:

А=ОсрОкр
Мұнда, А – бір жыл ішінде есепайырысу және ағымдағы шоттарда
сақталатын, депозиттік шотқа аударуға болатын, қаражат үлесі.
Оср – бір жыл ішіндегі ағымдағы немесе есепайырысу шоты бойынша
қаражаттың орташа қалдығы.
Окр – бір жыл ішіндегі ағымдағы немесе есепайырысу шоты бойынша
несиелік айналым.

Коммерциялық банктер өзінің несиелік ресурстарын басқа банк
ресурстарының есебінен толықтыруына болады, яғни банкаралық несиелер
есебінен.
Несиелік ресурстарды орналастыру мерзімі мен шарты әр-түрлі.
Халықаралық тәжірибеде 1,3,6-ай мерзімді банкаралық несиелер көрнекті.
Қазақстан Республикасында, инфляцияның салдарынан, бастапқыда 3-4 ай
мерзімді банкаралық несиелер болған. Банкаралық несие бойынша проценттік
ставка көлемі қандайда болмасын аумақта, шаруашылыққа беретін несие
ставкаларының орташа көрсеткішінен төмен және Ұлттық Банктың белгілеген
ставкаларымен теңестіріледі.
Банкаралық несие екі жағдаймен жұмылдырылады: дербестік тура жолмен
сөйлесу, яғни банкаралық несие туралы келісу жағдайда, олардың қарым-
қатынасы арнайы келісімге келеді. Банкаралық келісімнің көпшілік бөлігі
мерзімді нышанда келісіледі, ал қалғандары – мерзімсіз. Банкаралық
келісімнің мерзімсіз нышаны банкаралық несиенің минималды уақытта
берілетінін қарастырады. Бірақ-та несиелік ресурстарға көз салған банктер
қайтарып ала алмаса, онда басқа банктерден жедел қарыз алады.
Келісімшарттың жедел немесе жедел емес нышандарының проценттік
ставкасы келісілген күннен бастап оның деңгейіне қарап анықталады. Ал
жеделсіз нышанда проценттік ставкасы өзгермейді. Мерзімнен басқа тағы да
проценттік ставка деңгейі және несие ресурсының көлемі, банкаралық несие
туралы келісімшартта құқықтық жағы, жауапкершілік, келіспеушілікті реттеу
рұқсаты сияқты міндеттеме қарастырылады.
Банкаралық несиемен байланысты операцияларды тіркеу банк-кредитордың
№320 баланстық “банкпен берілген несие” шотта жүзеге асырылады, ал
қарызалушының баланстық шоты №313 “несиелік ұйымдардың несиелік ұйымдардан
алған несиелері”.
Қор биржасында несиелік ресурстарын Аукцион арқылы жүзеге асырады,
оның ішінде әр делдал өзінің ыңғайына қарай операцияларды жүзеге асырады.
Ресурстарды сату - заңды немесе жеке тұлғалар болып жүзеге асыра
алады, бірақ қарыз алушы ретінде, салымдарды қабылдауға құқы бар, қаржы
несиелік ұйымдар немесе банктер шыға алады. Сауда нәтижесінде несиенің анық
сомасы, проценттік ставкасы және банкаралық несиенің берілетін мерзімі
анықталады.
1994 жылдан бастап мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын жандандырумен
байланысты банкаралық несие нарығында қысқа және үстеме қысқа несиелерге
қызығушылық пайда болды. Осы уақытта банкаралық несиенің маңызы зор болды:
ол валюталық нарықта және бағалы қағаздар нарығында банктердің
операцияларын ұлғайту мақсатында, несиелік ресурстарды жедел тартудың
жалғыз көзі болды. 1996 ж. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Репо
келісімі, бір күндік есептесу несиесі, ломбардтық несие сияқты жаңа
инструменттерді айналымға қосты.
1994 жылдың ортасында Қазақстан Республикасының ірі банктері қасында,
көрсеткіштер қатары бекітілген, олар: AIBOR,AIBID және ALACR – банкаралық
несие нарығының сипаттайтын жай-күйі.
AIBOR (ағылшын тілінен Almaty Interbank offered Rate – сату ұсынысы)
Қазақстандық банктердің бірінші кластық банктер “тоғызд ығы” – Қазақстан
Республикасының жинақ банкімен, Алматы Халықаралық банкімен,
Алматыбизнесбанкімен, Промстройбанкімен, Алматы индустриалдық банкімен,
Алматы ауданаралық банкімен, Уникомбанкімен, Оргбанкімен ұсынатын
банкаралық несиенің ставкасының орташа көрсеткіш анықтамасын көрсетеді.
AIBID (ағылшын тілінен Almaty Interbank BID – сатып алу ұсынысы) бұл
көрсетілген орташа ставкасымен банкаралық несиені осы тоғыз банк сатып
алуға дайын.
ALACR (ағылшын тілінен Almaty Interbank Actual Credit Rate) – бұл осы
банктердегі банкаралық несиенің орташа қолда бары.
1994 жылдың ортасында Ұлттық Банк AIBOR және AIBID ставкаларын 1, 3,
7, 14, 21 және 30 күн және 3 немесе 6 айлар мерзімімен тексере бастады.
Банкаралық қаржылық үйде банкаралық қысқа мерзімді несиелер бойынша
көрсетілген ставкалар сипаттамасын орташа өлшем INSTAR (ағылшын тілінен –
Interbank Short Term Actual Rate) ставкасымен есептеген, INSTAR –
“тоғыздыққа” кірмеген, ірі дилер-банктермен орындалған келісімдер.
Ұлттық Банк коммерциялық банктерге кредитор ретінде соңғы инстанция
болып шығады. Несиелік өктемдік саясатты жүзеге асыра отырып, ол
коммерциялық банктермен салынған несие көлемін қысқарту немесе кеңейту
бағытына қатысты саясат жүргізеді.
Қазақстан Республикасында саясат жүргізу талабымен несиелік салымдар
көлемі шектеледі. Несиелік рекстракция, Ұлттық Банк ставкасы есебі сияқты,
несиелік нарық және қаражатты реттеу инструментіне ерекше мән береді, яғни
коммерциялық банктерге несие ұсынатын ставкасы. Ставка есебінің көлемін
өзгерте келе, Қазақстан Республикасының Орталық Банкі коммерциялық банктің
орталықтандырылған несие ресурстарына сұранысын реттейді.
Қайта қаржыландырылған несиелерді аукцион үлесімен орналастыруды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы-несиелік саясаттың ерекше бір
аспабы деп атаған.
Несиелік аукционды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк комитеті
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басты территориалдық
басқармасының қатысуымен ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі аукционға қатысатын коммерциялық банктерге талап қояды.
Аукциондық сауданы жүргізудің әр-түрлі тәсілдері бар – америка тәсілі
бойынша, голландия тәсілі және тіркелген проценттік ставка бойынша.
Американ тәсілі төмендеу тәртібімен проценттік ставка ұсынысының
деңгейі бойынша, банк қатысушылардың шағымы сараланады, содан-соң осы
тәртіппен максималды проценттік ставкадан бастап, осы аукциондағы несие
көлемінің құрылуының жойылуына дейін қанағаттандырылған шағым соммасы
қысқартылуы мүмкін.
Голланд тәсілінде барлық шағымдар аударым құнымен –минималдық
ставкамен қанағаттандырылады.
Аукционда тіркелген проценттік ставка жағдайында барлық шағымдар
қанағаттандырылады, бірақ аукционға ұсынған несие көлеміне шағымдардың
барлық сомасы көтерілсе, онда шағымдар бір-бірлеп қанағаттандырылады.
1996 жылдан бастап мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуымен
бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жай орталықтандырылған
ресурстарды коммерциялық банктерге беру, оларды қайтақаржыландыруға ауысты.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі несиелік ұйымдарға соңғы
инстанция кредиторы болып, коммерциялық банктерді қайта қаржыландыруды
жүзеге асырады. Қазіргі уақытта коммерциялық банктерді қайтақаржыландырудың
ең тараған нышаны – ол ломбардтық несие.
Ломбардтық несие мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге алады.
Ломбардтық несиені алу екі жолмен жүзеге асады: 1) тіркелген ломбардтық
проценттік ставка бойынша банк шағымдарын қанағаттандыру жолымен; 2)
аукционда құрылған ставка бойынша банк шағымдарын аукцион арқылы өткізу.
Ломбардтық несиені кепілге алуды қамтамасыз ететін бағалы қағаздар –
депозитарлық есебіне жатады. Есеп – ДЕПО шотында жүзеге асады. Кепілге
алынған бағалы қағаз коммерциялық банктер меншік құқығында немесе басқа
заттай құқығына ие болу керек.
Бір есептесу несиесіне құқығы бар, берілген сәттен бастап жауапты
болатын банк келесі критерилермен көрсетілген: 1) Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі міндетті резервтік талабын уақытысында орындайтын; 2)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған және процентімен несиелер
бойынша мерзімінен өткен 1,5 есеге аспайтын, уақытында төленуге тиісті,
қаражатқа деген жалпы қажеттілік.
Бір есеп айырысу несиесін қайтару және осы бойынша процент төлеу
міндеттемелерін орындамағаны үшін банк Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкіне тұрақсыздық төлемін төлейді.
Коммерциялық банктердің активтік операциялары.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуі.
Банктердің инвестициялық операциялары бағалы қағаздар операцияларының
ерекшеліктерімен байланысты.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі аспабының топтасуының жалпы түрін
келесі көрініспен көрсетуге болады. Бағалы қағаздарды шығару және шығару
мақсаты негізіне жататын, келісімдер сипатына байланысты олар қор (акция,
облигация) және коммерциялық қағаздарға (коммерциялық вексельдер, чек,
кепілдік куәліктер) бөлінеді. Қор бағалы қағаздары, ережеге сай, жалпы
эмиссияның сипаттамасымен ажыратылады. Олар белгіленген мөлшерде
шығарылады, оның әр-қайсысы акционерлік немесе облигациялық қорда өзінің
белгілі үлесін көрсетеді.
Бағалы қағаздар нарығында бөлек қаржылық инструменттің айналымының
ерекшелігінен шыға келе нарықтық және нарықтық емес бағалы қағаздар деп
бөлінеді. Біріншісі биржалық немесе биржалық емес айналымда еркін сатылатын
және бұрын берілмейді. Екіншісі, керісінше, екінші рет айналымға жатпайтын
( яғни биржадажүруі және одан тыс жерде), бірақ эмитентке мерзімінен бұрын
қайтарылуы мүмкін.
Бағалы қағаздар иемденушілер құқығына айырмашылық негізінде, олармен
операциялар жасау кезінде олар топтасады:
□ Жай бағалы қағаздарды мәлімдеуі жеткілікті болатын, иемденуші құқығын
дәлелдейтін және іске асыру үшін, мәлімдеушіге бағалы қағаздар. Бағалы
қағаздардың бұл түріне жататындар: жай қоима куәлігі, мәлімдеушіге
консамент және тағы да басқалар;
□ Бағалы қағаздар ордері, бұл қағаздарды мәлімдеушілер және берілетін
қолға сәйкесінше қолда барын дәлелдейтін ұстаушылардың құқығы;
□ Атаулы бағалы қағаздар, қағаз текстіне жазылған, иемденуші атының
негізінде және сәйкесінше тіркелу кітабында бұл бағалы қағаздардың
тіркелу құрылымы ретінде иемденуші құқығының дәлелі.

Қор бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді: мемлекеттік және мемлекеттік
емес.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың арасында көп тарағандар:
• Халықтың орталықтандырылған органдар қысқа мерзімді міндеттемелерін
көрсететін, қазыналық вексельдер;
• Қазыналық бондар – бұл тіркелген проценті бар бір жылға дейін қысқа және
орта мерзімді қазыналық міндеттеменің ерекше түрі:
қазыналық міндеттеме (орта және ұзақ мерзімді);
әр-түрлі мемлекеттік органдардың облигациялық зайымдары;
процентсіз (тауарлы) облигациялық зайым;
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
• Акциямен;
• Кәсіпорын, ұйымдар және банктердің қарыз міндеттемелері (облигация, қысқа
мерзімді міндеттемелер, депозиттік сертификат және тағы да басқалар).
Олардың ішіндегі ең көп тараған түрі – акция және облигация. Олардың
негізгі айырмашылығы: Акцияның облигациядан айырмашылығы қарыздық қаржылық
міндеттемесінде жатады. Акция – бұл белгілі қаражат сомасын салынғанын және
осымен бірге акционерлік қоғамның жарғылық қорының құрылуына қатысатын және
басқармасына қатысуға құқық беретін куәлік.
Акционер жалпы коллективтік жиналысқа және ең бастысы оның пайдасына
қатысуға мүмкіндік алады. Егер облигация бойынша табыс көрінісі процент
түрінде сатып алушыға мәлім болса, онда акция иемденуші мұндай ақпаратқа
мәлімделмеген. Осыдан басқа, облигация бойынша процент төлемі кепілденеді.
Акцияларды сату кезінде, иемденуші эмитентінің басқа да коммерциялық
сипаттамасы қатарын және қаржы жайы туралы мәлімдермен хабардар болу керек.
Дивидент (кәсіпорынның пайдасына қатысатын әр акция ұстаушылардың үлесі)
жылдық табыс көлемімен анықталады, және жыл соңында ғана есептеледі.
Дивидент есебі жыл соңына дейін тек болжамдық сипатқа ие болады.
Нәтижесінде акция ұстаушы пайдасын жоғалту (дивидент төлемеу) тәуекелі
жағдайында болуы мүмкін.
Тағы да акцияның облигациядан айырмашылығы, ол акционер акцияға салған
қзінің қаражаттарын қайтара алмайды, бұл уақытта облигацияны мерзімінен
бұрын жабуға болады. Бұл облигациялық заемның қайта орталықтандырылған, өз
еркімен несиеленген нышанын көрсетумен байланысты. Ал акцияны сатып алу
акция ұстаушы эмитенттің қайтарымсыз қаржылық шығынын көрсетеді.
Тек ғана банкротқа ұшырау және жағдайсыздығы нәтижесінде эмитентті жою
кезінде акционерлер қарыз міндеттемелерін төлегеннен кейін қалған сомманы
қатысушылар арасында бөлуге міндетті. Алайда бұндай жағдайда акционерлік
капиталдың барлығы жұмсалады.
Сонымен акция иемдену жұмсалған қаражатты қайтарып алуға мүмкіндік
бермейді, тек ғана пайданың бір бөлігін алуға және басқаруға қатысуға құқық
береді. Акциядан қолма-қол ақша алудың жалғыз амалы – ол акцияны басқа
тұлғаға сату.
Тіркеу тәртібі, акция және облигация басқа қолға беруіне байланысты
атаулы және мәлімдеуші болып бөлінеді. Атаулы акцияның қозғалысы,
акционерлік қоғаммен жүргізілетін, бағалы қағаздарды тіркеу кітабында
көрсетіледі. Онда шығарылған барлық атаулы акциялар туралы мәлімдеме
тіркеледі. Иемденушінің басқа қолға беру мүмкіншілігі шектелген. Жарғыда
атаулы акцияны басқа қолға беру тәртібі туралы талап болуы мүмкін. Мыс,
жалпы жиналыста немесе ұжым басқармасының келісімі. Осымен бірге талап
бойынша атаулы акция иемденушісі мәлімдеушіге ауысуы мүмкін, яғни сатып алу-
сату еркіндігі шектелмейді.
Дивидент төлеу тәсілінің айырмашылығынан шыға келе, акцияларды, оларды
ұстаушыларға қандай да мүмкіншілік беретін, жай және артықшылықты деп
бөлуге болады, оларды ұстаушыларға қандай да болсын артықшылық әкеледі.
Өткізудің нақты және мазмұнды артықшылықты нышаны құрылтайшылық құжатта
көрсетіледі. Ереже бойынша, бұл ерекше жеңілдіктер, жай акция иегерімен
салыстырғанда дивидент алуға құқығы артықшылықты екенін көрсетеді. Жарғы
бойынша, артықшылықты акция иегері акционерлер жиналысында, дауыс беру
құқығы көрсетілмеуі ықтимал. Сонымен қатар оларды ұстаушылардың да
ауылшаруашылық қызметті басқаруға қатысу құқығы шектеледі.
Акция төлеу спецификасы натуралды және ақшалай түрге топтасады.
Ақшалай түріне құнды теңгемен немесе шетел валюталармен төленетін акциялар
жатады. Барлық басқа акциялар натуралды түріне жатады және мүлкін
акционерлік қоғам меншігіне немесе уақытша қолдануға натуралды түрінде беру
жолымен төленеді.
Қоғамның жұмысын басқаруға қатысу мүмкіншілігіне байланысты дауыс
беруге құқы бар және құқы жоқ акциялар бөлінуі мүмкін.
Екінші рет айналу тәсілінің айырмашылығынан шыға келе, яғни сату-сатып
алуды шығару және орналастыру соңында, акция баға белгіленетін және баға
белгіленбейтінге бөлінеді. Баға белгіленетін акцияны сату, қор биржасында
немесе қаржылық орталықтарда қиындықсыз жүзеге асады. Бағасы белгіленбейтін
акцияның екінші рет айналымы шектеулі ауқымда өтеді.
Келісімге қатысатын бағалы қағаздар түрлеріне байланысты, барлық
банктік операциялар олармен қорлы және коммерциялық болып бөлінеді. Осымен
банктің инвестициялық операцияларына тек ғана қор бағалы қағаздармен сауда-
комиссиялық операциялар жатады.
Сипатына байланысты бағалы қағаздармен жүргізілген барлық
инвестициялық операциялары - өз еркімен және мәжбүрлі деп бөлінеді.
Мәжбүрлі түріне , мысалы, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алудан бас
тартуға құқы жоқ. өз еркілі инвестициялар арасында активті және пассивті
деп бөлуге болады. Активті инвестициялық операциялар бағалы қағаздар
курсының өзгеруінен тез арада пайда табу және алып-сатар сипатына
бағытталған, ал пассивтік – керісінше, бағалы қағаздард, үстінен процент
табу мақсатымен ұзақ уақыт сақтауға бағытталған.
Қазақстан Республикасындағы Халықаралық операциялар
Қазақстан Республикасындағы валюта нарығының жағдайы.
Қазақстанда ақша массасын реттеу қажеттілігі жаңа бағаның құрылуына
алыста, ал толығымен теңгенің құнсыздануынан, мемлекеттік реттеудің
әлсіздігі, ұзақ қолданатын тауар нарығының айналымы жай дамуы толығымен
доллардың өсуіне әкеп соқтырды.
Экономикаға қатты соққы әкелетін – ол Қазақстандықтардың өз ұлттық
валютасынан бас тарту. Қазақстандықтар теңгеге қарағанда АҚШ долларын
ұстағанды жөн көреді. Арнайы мамандардың бағалауы бойынша халық холында
бірнеше миллиард АҚШ доллары бар екенін дәлелдеп, ол Ұлттық Банктің Алты
Валюталық резервінен асады.
Бірнеше жыл бойы бұл ресурсты өндірістік сфераның дамуына қалай
дайындап, бағыттауына үлкен проблема. Елді долларизациялау өз кезегінде
Қазақстанның аса бай елдерді несиелеуді білдіреді және мемлекеттік,
бюджеттік және ақша саясатын жүргізуді қиындатады, сондықтан ақша
массасының эмитентінің ел басына тәуелсіздігі ұлғаяды. Сондықтан
Қазақстанда халықтың төлем баланс қарқыны тұрақты қарастырады.
Басшылыққа Банктердің валюталық операцияларының өсуін, валюталық
тәртіптің қатаңдығын, мемлекеттің экономикаға тиетін кесірін төмендетуін
қарастыратын, өзінің валюталық реттеу саясатында ұзақмерзімді нақты
қалыптастыру қажет.
Ұлттық Банк жыл сайын ақша саны бойынша құрылған мақсаттық кредиторды
жариялаған. Бұл ақша санын ұсыну туралы анықтама есебінен Ұлттық Банк
экономика субьектілеріне даму жолында өздеріне бағытталған көмек көрсетеді.
Қазақстан Республикасында валюталық қарым-қатынастың даму болашағы.
Осыған себепті, келер жылдың валюталық көрсеткішінің тұрақтылығы және
банктік жүйені қатайтуға мүмкіндік берген, Ұлттық Банктің қатал ақша-несие
саясаты. Бірақ Қазақстанда өткен жылы дүниежүзіндегі елдерде қаржылық
кризис әсері тоқтамады, әсіресе Ресейде, тағы да серіктес елдердің валюта
девальвациясы валюталық нарық жағдайының төмендеуіне әкеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Казақстан Республикасындағы банк жүйесі туралы
Банк активтерін басқару, жетілдіру мәселелері
Темірбанк АҚ − ның 2007, 2008 және 2009 жылдарындағы баланс активтерінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Қазақстандағы банктердің маркетингтік қызметінің ұйымдастырылуы жөніндегі мәліметтерді жүйелеп, жинақтап және барынша нақты жағдайын айқындап көрсету, сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді Республикамыздың банк жүйесіне қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру
Казақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуы мен коммерциялық банктерді ұйымдастыру принциптері
Әлемдік дағдарыстың зардабын игеру
Темірбанк АҚ-ның несиелендіруін талдау
Қарыз алушының іскерлік беделі
Коммерциялық банктің мәні мен жағдайы
Банк қаржысын басқару жүйесінің құрылымы
Пәндер