Терминдік лексика
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
Абильтаева Айсулу Темирболатовна
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Терминдік лексика
050117 – Қазақ тілі мен әдебиеті
Оқытудың түрі: сыртқы
Ғылыми жетекшісі: аға оқ. Қайырбекова И.С.
Ғылыми сарапшысы:
жоғарғы санатты
мұғалім Сүлейменова Ш.Қ.
Диплом жұмысының қорғауға
жіберілген күні: ___________
№ хаттама
Кафедра меңгерушісі: ____________________ ф.ғ.к., доц. Шапауов Ә.Қ.
Қорғайтын күні: 03.05.11.
Бағасы:________________
Көкшетау -2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Терминдік лексика.
1.1. Терминдік лексиканың жасалу әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...5-23
1.2.Терминдік лексикаға қатысты әлеуметтік тұрғыдан қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24-39
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .40-41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 42
КІРІСПЕ
Тілдің заман талабына сай дамуының бір көзі — терминдік жүйесінің
қалыптасып, дамуы. Терминдік жүйе, оны түзу ісі қашаннан ұлттық тілдің
ресми және мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріліп, әлем сахнасына шығып-
танылуының бір негізі болып келді. Сондай-ақ терминдік жүйенің ұлт, ұлттық
тіл, қоғам алдындағы маңызы мен бүгінде халықаралық, тіларалық
қатынастардың күрт артуына орай тілге өзге тілдер мен тілден тыс
ықпалдардың күшею жайлары да бұл салада жаңа міндеттер жүктейді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Диплом жұмысымыздың өзектілігі термин
жасауда ұлттық тіл мүмкіндігін сарқа пайдалану принципін ұстана отырып,
терминді неге қазақшалау керек деген сұраққа жауап табу және бұл ізденісті
ұлттық мүдде ұғымымен байланыста қарау.
Зерттеудің мақсаты. Бүгінде қабылданған басты принцип — термин ттүзуде
қазақ тілінің төл сөздерін мейлінше толық пайдаланудың дұрыстығы мен
маңыздылығын ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда зерделеу, шетел
сөздерін аудару-аудармаудың оң-теріс жақтарын айқындау, терминжасамның
теориялық негіздерін анықтау және оны неге қазақшалау керек дегендей
мәселелерді тілдің әлеуметтік қызметіне сай кешенді сипатта пайымдау.
Зерттеудің міндеттері. Сөздік құрамдағы терминнің тіл бірлігі, ұғым
таңбасы ретіндегі сипатын ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда
зерделей отырып зерттеу жұмысымызда келесідей мәселелерді анықтауға
талпындық:
-терминдердің тілдегі неологизмдерге қатынасы және айырмасы;
-тілдегі басқа сөздер тобынан айрықша бөле қарарлық белгілері;
-терминдік сөздердің пайда болып-қалыптасуы мен тілімізге, ділімізге
сабақтастығы;
-қазақ тілінде термин түзу тәжірибесі мен дәстүрі, жаңа сөз жасаудың
теориялық, негіздері дегендей мәселелерді зерделеу;
-терминнің тілдегі орнын, оның түсініктілік, уәжділік, шарттылық,
жүйелілік сипаттарының қоғам, ғылым және тіл мен таным үшін оң-теріс
әсерлерін зерделеу;
-тіл бірлігі ретінде терминге тіл тарапынан қойылар құрылымдық-
мазмұндық және лингвистикалық талаптар табиғатын саралау.
Зерттеу нысаны. Термин және сөз туралы теориялық тұжырымдар мен
көзқарастар, терминнің өзіндік табиғаты, соған сай қойылатын талаптар,
тілдегі орны, адам, қоғам, ұлт өміріндегі маңызы, ғылым және тіл жүйелері,
осы жүйелерді және сөз бен ұғымды, соның ішінде жаратылыстану, химия,
металлургия және қоғамдық сала терминдері мен түсініктерін үйлестіру
мәселелері жатады.
Жұмыстың дереккөздері. Диплом жұмысында жалпы тіл білімі, қазақ тіл
білімінде терминдік лексика табиғаты мен терминжасам мәселелеріне арналған
әдебиеттер пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Жұмыста сипаттау, компоненттік,
аналогиялық, семасиологиялық, концептологиялық, социолингвистикалық,
құрылымдық талдау әдістері пайдаланылды. Жасалған тұжырымдар теориялық,
қисындық тұрғыларда негізделіп, фактологиялық материалдармен дәлелденді.
Зерттеу жұмысының құрлысы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Терминдік лексика.
1.1. Терминдік лексиканың жасалу әдіс-тәсілдері.
Бүгінде тілдегі жаңа сөздер негізін құрайтын қоғамдағы ең өзекті
түсініктер атауы болуына байланысты, кейде тілден тыс тұрған, одан
әлдеқайда маңызды, бөгде жүйедей қабылданатын терминнің бұлай айдарланып,
арнайы сөз тобы ретінде қаралуы ғылымның дербес кәсіп түріне айналып,
әлеуметтік рөлі арту кезеңінен бастау алады. Термин алғаш рет арнайы түрде
түзіле бастағанда қатардағы сөздердің мағыналық, тұлғалық түрленуі арқылы,
яғни басқа жүйе емес, халықтық тіл, ол кездегі ғылым ордасы латын-грек
тілдері, сөздері негізінде жасалды. Ол тұста дәстүр бойынша және ұлттық
тілдердің ғылым ұғымдарын атауға, ғылыми баяндауға жарамсыз, кеміс саналуы
себепті ғылым тек латын тілінде жазылды. Ғылымның латын аясында қалуы ел
билеушілері, ақсүйектер, дін иелері үшін де тиімді еді. Ондай ортада
болатын өз білгенін жасырып, өзгеден білімін асыруға тырысушылық та кез
келген еуропалықтың өз отанында-ақ латын тілінде жазып-сөйлеуіне себеп
болды. Сондай-ақ ғылым, ғылыми ұғымдар бар жұртқа ортақ және әр ел
ғалымдарының тілдік кедергісіз қатынаса алу мүмкіндігі маңызды саналды.
Алайда 16-ғасырда Еуропада ғылым және халықтық тілдерге негізделген
тілдік дуализм туды әрі бұл кезде еуропалықтардың ұлттық санасы өсіп, ұлт
мәдениетіне, тіліне деген көзқарас күрт өзгерген еді. Бұл жайттар Еуропада
екі-үш ғасырға созылған ұлттық тілді дәріптеу, мазмұндық дамыту, латын
тіліне қарсы күрес науқанын тудырды. Латын тілі ығыстырылды да. Бірақ олар
жүздеген латын-грек сөздерінің ұлт тіліне өтіп кетуіне шек қоя алмады және
бұл жайдан дұрыс сабақ алып, өз сөздерін өзге тілдерге өткізуде ұтымды
қолдана біліп, термин ғылым жетелеуімен Еуропаға отар емес елдерде де
аударылмай алынды. Ол сөздерді талғаусыз қабылдап, бәрін өз сөзі еткен тіл
— орыс тілі. Тек бұл жайт кеңестік ұлт тілдерінің орыстануындай,
мемлекеттік саясат күшімен емес, табиғи жолмен, объективтік жағдайлар
негізінде жүзеге асты. Олар: өркениеттік дамуы бойынша Россияның көш кейін
қалуы; оны билеп-төстеушілер мен ғылым, мәдениет тетігіндегілердің көбі
еуропалықтар болуы; орыс ақсүйектері мен оқығандарының еуромәнерде сөйлеуге
әуес болуы еді. Бұл жайт орыспен еншілес басқа ұлттар тілдеріне де тарады.
Мұның өзі кеңес халқын бір тілді, бір ділді, бір ұлтқа айналдыруда
таптырмайтын құрал еді. Термин тілге жаңа түсініктер енгізу арқылы Еуропа
тілдері сөздерін жер үстіне жая түсу мүддесіне қызмет етіп келді. Бұл
саясат салдары кеңестік қоғамда аталмыш тілдік дуализмен де асып түсіп,
орыс тілінің толық үстемдігіне ұласты және ұлт оқығандары ғана емес, бүкіл
қоғам орыс тіліне ауа бастады. Ұлт зиялылары орыс тіліне, діліне шын,
риясыз беріліп, ұлт мүддесін ұмытып қана қоймай, өз халықын да солай болуға
үйретіп-бақты.
Терминнің тілдегі басқа сөздерден айырмасы — соңғылар әуелі
ауызекі тілде, ал термин жазу тілінде пайда болып, жалпы тілге
жазу арқылы тарайды. Оның басқа сөздерден ерекшеленуіне
түрткі болған екінші нәрсе — белгілі бір саладағы кәсіби әрекет
барысында қолданылатын жаңа ұғымды білдіруіне және таным-
дық сипатты болуына байланысты оған қандай ой, не мағына
жүктелгенін арнайы түсіндіру қажеттігі болды. Үшіншіден, сөз
тұлғасы өзгертілмей, мағынасын түрлендіру арқылы жасалған
терминдердің лексикалық және жаңа мағыналары шатастырылмас
үшін жаңасының арнайы түсіндірілуі, түсінікке сай мағына
ауқымы шектеліп көрсетілуі керек болды. Ал тілдегі жай сөздер
мағынасын бұлай түсіндіру қажеті болмасы белгілі. Кейінірек
терминді ғылым сөзі ретінде ұлттық тілдерге аудармай алу үшін
оларды арнайы түсіндіру аталғаннан да маңызды қажеттілікке
айналды. Енді ол ескі мен жаңа мағыналардың шатастырылуынан
емес, арнайы түсіндірусіз ол сөздердің басқа елге, тілге тіпті де
түсініксіздігінен, ешқандай ой туғызбайтындығынан болды.
Терминге оның басты белгісі тұрғысынан, яғни жаңа түсінікті
білдіретін, дербес мағыналы атаулық сөз ретінде қарасақ, оның
пайда болуын тек ғылым дамуымен байланыстыра қарау жаңсақ
болар еді. Кез келген тілдің әр сәтінде жаңа, құранды түсініктер
туып, олар затына лайық атын алып келгені анық. Яғни тілде
жаңа сөз туып-жасалып отыруы ғылымнан да, жазудан да бұрын,
тілмен бірге пайда болған құбылыс. Жазу бұл құбылысты
әлдеқайда айқынырақ, ауқымдырақ етеді де, ғылым аясы кеңіп,
белсенділігі артқанда, ол саналы түрде жасалатын кәсіби әрекетке
айналады. Табиғи жағдайда термин жоқтан бар болып, басқа
жақтан келмей, тілдің өз "күпісінен" шығады. Қазақ тілінде де
әуелде басқа, басқарақ тұлғалармен берілген, бірнеше сөзбен
сипаттай айтылған түсініктердің ұстаз, болмыс, жазмыш, халық-
аралық, кеңесқой, өнеркөсіп, арам шөп сияқты қысқа әрі нұсқа
атауларының тууы алғаш рет "Айқап", "Дала уалаяты", "Қазақ"
сияқты мерзімдік, әдеби басылымдарда, оқу құралдарында,
тіларалық сөздіктерде көрініс берді. Бұл тұста ешкім де арнайы түрде сала
атауларын тізіп-түгелдемегенімен, түрлі мақала, еңбек жазылуы барысында
тілдің сөзжасамдық тәсілдері негізінде сөз тудыру, сөздерді түрлендіре
қолдану істері қағазға түсіп, жаңа қарқынмен дами бастады және кейінірек
А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының түрлі оқулықтар жазуы барысында
пән сөздерін жасауына, сондайлық ізденістеріне негіз болды. Мәселен,
жұрнақ, туынды сөз, қос сөз (жалпылағыш қос сөз, жалқылағыш қос сөз), зат
есімнен туған сөздер, оны есімнен туған сөздер, етістіктен туған сөздер,
туынды етістіктердегі жұрнақтар, етістіктен туатын басқа сөздердегі
жұрнақтар түрінде сөзжасамның негізгі мәселелерінен Тіл-құралда мәлімет
берілген. А.Байтұрсынұлының бұл пікірлері кейін жұрнақ
теориясының дамуына, туынды сөздер, зат есімнің синтетикалық сөзжасам
теориясына, сын есім, етістік сөзжасам теориясына негіз болды. Тілші қазақ
тіл білімінің, қазақ әдебиетінің терминін жасағанда, тек қазақтың байырғы
сөздеріне сүйенді және қазақтың байырғы сөздерінен ғылыми термин жасауға
болатынына сенді, оны уағыздады, оны іс жүзінде дәлелдеді.
Ғалым бұл істі шетел сөздерін аудармай, көшіріп алу арқылы жүргізетін
жасанды тәсілмен емес, тілдің өз бойынан сөз тудыру құбылысы негізінде
жүргізіп, ол құбылысты кәсіби деңгейге қойды. О бастан күрделі әрі
халықаралық сипаты бар терминді мүмкіндігінше қазақшалауға ұмтылуы мен оны
толықтай жүзеге асыра алуы сол кездегі зиялы топтың жоғары біліктілігі мен
алдына қойған мақсат-мүдделері және ол тұстағы әлеуметтік жағдай мүмкіндігі
негізінде жүзеге асты.
Біріншіден, олар ғылым-білімнің жұртқа арнайы оқу жүйесі ғана емес, тіл,
жазу, баспасөз, әдебиет арқылы да таралатындығын ескерді[1,182-255].
Екіншіден, ол тұста қазақтың бәрі қазақша сөйлеп, қазақ тілі елдегі ең
кең тараған, танымал, қолдану жиілігі жоғары тіл болып, тұрақты және өте
ықпалды қазақ тілдік орта болды.
Үшіншіден, тілдік, ділдік талғамдары бұзылмаған, ел арасынан шыққан
шынайы ұлттық зиялылар болуы себепті ол тұстағы оқығандар ғылымға тек
Еуропадан келген дүние ретінде қарап, қалай да соларға ұқсап-бағуға
тырыспай, ғылымды айналадағы өмір құбылыстарымен байланыстыра танып, оны
қазаққа, қазақ түсінігіне жақындатуды ойлады.
Төртіншіден, әр қайсысы бірнеше ғылым-білім салаларын игеруі себепті термин
— бір сала аясында ғана қолданылатын айрықша жаратылган сөз деп қарамай,
ғылыми, қисындық дұрыстықты ойлап, терминге оқулық тілі ғана емес, ғылым
тілі, ғылым тілі ғана емес, тілдің бұзылмай, түзелуі, әлеумет тілі, ұлттық
таным көзі тұрғыларынан қарады. Бесіншіден, олар қоғам өміріне, саяси-
әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, өз ойларын қазақ тілінде шебер
жазып-жеткізе алатын публицист болды және баспасөз бетінде түрлі тақырыптар
бойынша, соның ішінде термин мәселесіне қатысты ойжарыстарға түсіп отырды.
Алтыншыдан, олар қазақ ауыз әдебиетін, мәдени, саяси тарихын, жыр-
қиссаларды жақсы білді және тілді, оның грамматикалық құрылымдарын маман
деңгейінде меңгеріп, мәнерлі сөйлеп, көркем жаза алатын еді. Жетіншіден,
тілдің әлеуметтік маңызы, қолданылу аясы, бұзылу-түзілу мүмкіндіктері,
тілдік реформа, әлемдегі тіл саясаты, тілдік жаулау жайларынан жан-жақты
хабардар болды. Нәтижесінде термин тіл бойындағы табиғи тәсілдер, оның ішкі
мүмкіндіктері негізінде жасалды және жұмыстың өзі ол терминді қабылдаушы
тіл қолданушыларының танымдық сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталды.
Кеңес халқын бір тілді, бір ділді жұрт ету мұратының күшеюіне
орай термин ғылым, мәдениет мәселесінен саясат мәселесіне айналып, бұл
реттегі тұжырымдар сондайлық көзқарас тұрғысынан, соларды негіздеу, ақтау
үшін жасалып-жұмсалды. Ғылым мен тіл түйісіндегі терминді жасауда тілдік,
әлеуметтік мүдделер, терминнің танымдық қызметі мен тіл қолданушыларына
ыңғайлылығы, ғылыми қисын, практикалық тиімділік және бұған дейін қалыптаса
бастаған терминді ұлттық тіл сөздері арқылы түзу дәстүрі назардан тыс
қалды. Әрқалай әлемдік мақсаттар, шетел сөздерінің қазақ тіліне енуі әрі
онда жоғалып та кетпеуі бірінші орынға қойылды және терминді орыс тіліндегі
қалпында алу тиімділігінің ғылыми-практикалық негіздері жасалып, бұл іс
шарттылық, жасандылық сипат алды.
Біріншіден, аса күрделі, адамзат қоғамындағы ең алдыңғы қатарлы
ойды білдіретін терминді ұлт тіліне мағынасын бұрмаламай аудару мүмкін емес
деп танылып, бұған дейін қазақшаланып, іс қағазында, әлеуметтік өмірде кең
қолданылып келген сөздердің көбі орысша нүсқаларына ауыстырылды.
Екіншіден, қазақ алфавиттік қатары орыс тіліне тән дыбыстармен
толықтырылып, мұнан былай орыс тілінде жазылғанды қазақ тіліне сол күйінде,
өзгеріссіз алу дұрыс саналды. Сөйтіп бүл аралықта қазақ ғылымы қаншалық
қарыштап дамығанымен, қазақ тілі сөзімен жасалған термин санаулы ғана
болды. Дегенмен ғылым-білім бір орында қалып қойған жоқ. Қазақ тіл
білімінде терминжасам мәселесі сөзжасам мәселесімен астасып жатқанын ерекше
атаған жөн, себебі терминдер, басқа да атаулар сияқты қазақ тілінің
аясында, ана тіліміздің заңдылығына сәйкес, сөзжасамдық тәсілдер негізінде
жасалатыны мәлім. Осыған орай, қазақ тіл біліміндегі сөзжасамның амал-
тәсілдерінің қарастырылуына қысқаша шолу жасайық.
Н.Сауранбаев 1953 жылғы Қазақ тілі деген атпен шыққан педучилищелерге
арналған оқулығында Зат есімнің жасалуы, Сын есімдердің жасалуы,
Етістіктің жасалуы терминдерін қолданып, сөз таптарының сөзжасамы
мәселесін көтерді [2]. Бұдан қазақ тілінде сөзжасам мәселесі жұрнақ арқылы
туынды сөздің жасалуынан басталғаны байқалады.
1960 жылы шыққан Ғ.Әбухановтың Қазақ тілі оқулығында Зат есім
сөздерін тудыру тәсілдері деген тақырып берілген [3, 97]. Бірақ оқулықта
сөзжасамдық тәсілдер аталмаған. Тек 1964 жылғы А.Ысқақовтың Қазіргі қазақ
тілі. Морфология жоғары оқу орнына арналған оқу құралында морфологиялық
(синтетикалық), синтаксистік (аналитикалық) тәсілдер көрсетіліп, оларға
бірінші рет мынадай анықтамалар берілген: Морфологиялық тәсіл деп түбір
сөзге я туынды сөзге қосымшалар қосу арқылы жаңа сөз тудыру тәсілін айтамыз
да, синтаксистік тәсіл деп түбір (я туынды) сөздердің бірігуі, қосарлануы,
тіркесуі арқылы сөз тудыру тәсілін айтамыз[4,108].
1967 жылғы Қазақ тілінің грамматикасы кітабында сөзжасамдық
тәсілдер дәл жоғарыдағы пікірді қайталаған [5,16].
Ал 1974 жылғы А.Ысқақовтың Қазіргі қазақ тілі атты жоғары оқу орны
студенттеріне арналған оқулықта сөзжасамның мына үш түрі берілген: Сөйтіп,
грамматикалық жолмен сөз тудырудың үш түрлі тәсілі бар, оның біріншісі –
морфологиялық тәсіл, екіншісі – синтаксистік тәсіл, үшіншісі –морфологиялық-
синтаксистік (я синтаксистік-морфологиялық) тәсіл [6, 90].
Қазақ тілінің сөзжасамында тәсілдерді бұлай топтастыру да толық
қалыптаспады, әсіресе тәсілдің үшінші түрі танылмады.
1989 жылы шыққан Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атты монографияда
ғана қазіргі қолданыстағы сөзжасамдық тәсілдердің үш түрі алғаш рет
беріліп, ол ғылымда қалыптасып, орнықты. Монографияда: 1) синтетикалық
(морфологиялық), 2) аналитикалық (синтаксистік), 3) лексика-семантикалық
тәсілдер берілген [7,64].
Сонымен бірге, монографияда әр сөзжасамдық тәсіл алғаш рет ғылыми негізде
толық сипатталған. Монографияда синтетикалық тәсіл термині түрліше аталып
жүргенін ескерту арқылы синтетикалық тәсіл терминінің қалыптасып
үлгермегенін аңғартқан. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауға түбір
сөз бен жұрнақ қатысатынын, олардың атқаратын қызметін анықтап,
синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын модельдер (үлгілер) мен типтерге,
олардың түрлеріне, түбір морфемаға мағынасы мен құрылымына, жұрнақтарға жан-
жақты сипаттама берген [7,65-88].
Бұл сөзжасам тәсілдеріне қазақ тіл білімінде толық берілген алғашқы
сипаттама.
Монографияда сөзжасамның аналитикалық тәсілі де кең талданған.
Аналитикалық тәсіл өте көне тәсіл деп саналып, оның дүние жүзі тілдерінен
алатын орны жан-жақты сипатталған. Сонымен бірге түркі тілдері сөзжасамында
белсенді қызмет атқаратыны дәлелденген. Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің
іштей 4 түрге бөлінетінін төмендегіше көрсеткен: Тілімізде аналитикалық
тәсілдің мынадай ішкі түрлері бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру,
4) қысқарту [7, 91].
Монографияда бұл тәсілдердің бәрі өте толық дәлелденген.
Осы мәселеде тірек сыңар, ауыспалы сыңар, туынды мағына мәселелері мұқият
талданған. Сол арқылы аналитикалық тәсіл де, сөзжасамға қатысатын тілдік
бірліктер де талданған.
Лексика-семантикалық тәсіл сөзжасамдық тәсілдер қатарына алғаш рет
осы монографияда қосылып, ғылыми сипаттама алған. Лексика-семантикалық
тәсіл арқылы сөз жаңа мағынаға ие болып, омоним сөздер қатарын толықтырып,
сөз басқа сөз табына да өтеді деп сипатталған [7, 99].Осы монографиядан
кейін лексика-семантикалық тәсіл қазақ тіл білімінде танылып, барлық
еңбектерде көрсетілетін болды. Сонымен бірге, сөзжасамдық тәсілдер мәселесі
барған сайын толықтырылып, нақтыланып анықталды. Мәселен, 2002 жылғы Қазақ
грамматикасында негіз сөз бен туынды сөздің мағыналық байланысы,
сөзжасамдық жұрнақтың екі түрі – лексикалық мағына жасайтын, лексикалық
мағынаны түрлендіретін жұрнақтар туралы мәлімет берілген және сөзжасамдық
жұрнақтардың сөз таптарына қатысы дәлелдену арқылы синтетикалық тәсіл
толықтырылған.
Қазақ грамматикасында аналитикалық тәсіл сөзқосым, қосарлану,
қысқарту тәсілдерінің мәнін, түрлерін, дамуын дәлелдеу арқылы
толықтырылған. Грамматикада лексика-семантикалық тәсіл мәселесі де
нақтыланып, толықтырылған. Мәселен, лексика-семантикалық тәсілде сөздің
дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып жаңа мағынаға ие болуына
байланысты оның лексика-семантикалық тәсілге жататыны әр сөз табы арқылы
анықталған. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздін сөз
табын сақтауы да, сөз табын ауыстыруы да мүмкін екені дәлелденген. Лексика-
семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөздердің басқа сөз табына көшудің ішкі
заңдылықтары ашылған [8, 203-208].
1989 жылғы Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі монографиясынан
бастап-ақ ғалымдар сөзжасамның 3 тәсілін қабылдап, өз еңбектерінде қолдана
бастады, оған терминология ғалымдары да жатады.
Сөзжасамдық тәсілдің осы 3 түрі Қазақ тілінің сөзжасамы оқулығында
беріліп, ол ғылымда орныққан заңдылық ретінде танылған [9].
Сөзжасам мәселесінде сөзжасамдық тәсілдер мәселесі негізгі орын алатыны
белгілі.
Бұл мәселе терминжасам теориясына байланысты елеусіз қалды деп
айта алмаймыз. Терминолог ғалымдар еңбектерінде қажетіне қарай оған көңіл
бөліп отырған. Мәселен, терминология саласының ірі маманы академик
Ө.Айтбаев ғылымда аталып жүрген мына тәсілдерді атап, оларға талдау
жасаған: 1) семантикалық тәсіл, 2) морфологиялық тәсіл, 3) синтаксистік
тәсіл, 4) калькалау тәсіл, 5) сөз қысқарту (аббревиациялау) тәсілі
[10,253].
Ғалым терминжасамның семантикалық тәсілін талдай келе, ол пікірлерін
төмендегіше қорытады: Сонымен, семантикалық тәсіл терминжасамның негізгі
тәсілдерінің бірі ретінде терминологиялық лексика қабатының толыға, байи
түсуіне үлкен септік жасайтын негізгі амалдың бірі болып табылады. Мұның
тағы бір атап айтылуға тиісті ерекшелігі сол арқылы жасалған терминдер
терминжасамның өзге амалдарына қарағанда, әрі қысқа, әрі нұсқа болып
шығатыны. Сондықтан да терминжасам процесінде бұл тәсілді сарқа пайдаланып
отыру қажет [10, 259].
Ғалым еңбегінде калькалау тәсілі туралы жай аудармадан калькалаудың
айырмасы мәселесіне жақсы түсінік берген. Сондай-ақ, ғалым калькалану
арқылы жасалған сөздерді зат есім сөздер тобына жатады деп танып, калька-
терминдердің екі түрін, яғни мағыналық және мағыналық-құрылым тұрғысындағы
түрін атаған. Оны ғалымның өз сөзімен келтірген дұрыс. Ол төмендегідей:
Калькалану тәсілі арқылы жасалып, тілімізге енген терминдерді екі ыңғайда
қарастырып, танып білу керек сияқты. Бірі – мағыналық калька, яғни сөзбе-
сөз аударма емес, түбір сөздің негізгі мағынасын беру, екіншісі – мағыналық
құрылымын (структурно-смысловые слова) беру. Бұл тәсіл бойынша термин сөзбе-
сөз аударылады. Онда сөздің негізгі мағынасын берумен қатар, оның бөлінбес
бөлшектері мен синтаксистік құрылымын да сақтау көзделеді [10,269].
Терминжасам – жүйелі құбылыс, оның яғни жүйенің бір мүшесіне
терминжасамдық тәсілдер жатады. Терминжасам тілдің сөзжасам жүйесінің бір
мүшесі, бір тармағы болғандықтан, ол сөзжасамның жалпы заңдылықтарын
сақтайды, оған бағынады, ол терминжасамда қолданылады. Олай болса,
терминжасамда сөзжасамның тәсілдері түгел қолданылады. Сонымен бірге,
терминжасамның өз ерекшелігіне байланысты тәсілдер де терминжасам
тәсілдерінен орын алады.
Терминжасам мәселесіне арнайы назар аударған ғалым- Ш.Құрманбайұлы. Ғалым
монографиясында терминжасам тәсілдерінің мына түрлерін көрсеткен: 1)
синтетикалық (морфологиялық) тәсіл, 2) аналитикалық (синтаксистік) тәсіл,
3) терминдену (лексика-семантикалық) тәсілі, 4) калькалау тәсілі. Әрі
терминжасамның негізі екі қайнар көзін көрсетеді. Оның бірі –ұлттық тіл
де, екіншісі өзге халықтарының тілдері. Алғашқысы терминжасамның ішкі көзі,
ал кейінгісі – сыртқы көзі [11,99-165].
Термин сөздердің тіліміздегі аумағы өте үлкен. Оған 30 томдық
терминологиялық сөздік толық дәлел болады. Бұл сөздік қорымыздағы үлкен
байлық. Осы сөздік қордағы ерекше лексикалық бірліктерді, терминдер
мәселесін зерттеген ірі ғалымдарымыз барын білеміз. Академиктер Ә.Қайдар,
Ө.Айтбаев, профессор Ш.Құрманбайұлы сияқты ғалымдарымыз – қазақ
терминология ілімін зерттеушілер. Қазір заман өзгерді, талап та өзгерді.
Кеңес заманы кезінде орыс тілінен терминдер біріздендіру саясаты бойынша
дайын қалпында қабылданды. Осы саясаттың нәтижесі туралы Ш.Құрманбайұлы
сөзін келтірелік: Оған 70-80 пайызын орыс терминологиясымен ортақ
терминдер құрайтын біздің терминологиялық лексикамыз бен біз тәрізді одақ
құрамында болған көптеген халықтардың терминологиялық қоры құрамына қарап-
ақ көз жеткізуге болады [11, 33]. Әрине, кеңес заманында жат тілдегі дайын
терминді қабылдау саясаты кезінде терминжасам теориясын зерттеу мәселесі
қойылған емес. Бұл жағдай ұзаққа созылды.
Қазір терминологиядағы кемшіліктерді жою мәселесі көтерілуімен байланысты
ғана терминжасам мәселесін зерттеудің теориялық, практикалық жағынан маңызы
артып отыр.
Терминологияның келесі маманы Ш.Біләлов терминжасам тәсілдерін
өзінше түсіндірген: Сонымен, 1-ереже бойынша баламалық жаңа сөз қалай
жасалады? Біріншіден, сөзге қосымша, жалғаулықтар жалғану арқылы жасалады.
Мысалы, көрме (хорда), жарма (биссектриса), кейіптеме (формула), түзгі
(элемент), қосым (интеграл), ажырам (дифференциал), үстеме (мантисса),
бүйірлік (абсцисса), беттік (ордината), төбелік (апликата), қиынды
(сектор), тікше (прямоугольник)...
Екіншіден, жаңа сөз сөздердің бірігуі арқылы жасалады: теңқиық (ромб),
ішжиын (подмножество), қиықша (параллелограмм), қиықжақ (параллелепипед),
костабан (трапеция), кілшоқы (пирамида), екімүше (бином), баскерме
(диаметр)...
Үшіншіден, сөз тіркестері арқылы жасалады: алғашқы берне (первообразная)...
[12, 24-25]. Алайда, тіл білімінде терминжасам тәсілдері туралы пікір
тұрақталған деп айтуға болмайды, бұл мәселеде пікір алалығы күшті. Кейбір
ғалымдар терминжасамда сөзжасамдық тәсілдердің түрлерінің атауы, яғни
терминдерін өзгертуді де ұсынады. Ол туралы С.В.Гриневтің пікірін келтіруге
болады. С.В.Гринев терминжасам тәсілдерін былай атауды ұсынады:
семантикалық терминжасам, морфологиялық терминжасам, синтаксистік
терминжасам, морфолого-синтаксистік терминжасам, терминологиялық алмасым
[13, 67]. Ал О.П.Фролова терминдену, күрделі терминдер жасау, алмасу
тәсілдерін атаған [14, 4].
Көпшілік ғалымдар синтетикалық тәсіл, аналитикалық тәсіл, лексика-
семантикалық тәсіл терминдерін қолданып жүр.
Қосымшалы терминжасам (суффиксальные терминообразования), транспозиция,
словосложение, лексикализация терминдерін қолданушы ғалымдар да бар. Бұдан
терминжасам тәсілдері мәселесінің әлі толық шешілмегенін аңғаруға болады.
Тілдің сөзжасам тәсілдерінің бәрі терминжасамда қолданылады.
Терминжасамның өзіндік ерекшелігі де бар.
Терминжасамда тілдің сөзжасамдық тәсілдері қолданылатын болғандықтан,
терминжасам тілдің сөзжасам заңдылықтарына бағынады. Сондықтан
терминжасамның синтетикалық тәсілі де сөзжасамның синтетикалық тәсілінің
заңдылықтары бойынша қызмет етеді.
Қазақ тілінің сөзжасамы оқулығында синтетикалық тәсіл туралы мынадай
мәлімет берілген: Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік
бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ
[9,34]. Бірақ терминжасамның өз жұрнағы жоқ. Сондықтан терминжасамда тілдің
сөзжасам жүйесінің жұрнақтары қызмет етеді, онда сөзжасам заңдылықтары
толық сақталады.
Сөзжасамның аналитикалық тәсілі де терминжасамда белсенді қолданылады.
Тек, терминжасамда оған қатысатын лексикалық бірліктер терминнің
дефинициясына сай таңдалатынын байқаймыз.
Тілшілер Ғ.Қалиев пен Ә.Болғанбаев Қазіргі қазақ тілінің
лексикологиясы мен фразеолгиясы оқулығында термин сөзздерді арнаулы
лексика құрамында қарастырып, қазақ терминжасамының екі принципін
көрсетеді: бірінші принцип –терминологияны қалыптастыруда қазақ тілінің өз
мүмкіндігін пайдалану. Екінші принципі – терминдерге қазақ тілінде балама
болмаған жағдайда оларды орыс тілінен алып пайдалану деп тұжырымдайды
[10,153-154], ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, қазіргі қазақ тілінде
бірінші принцип бойынша терминдердің жасалу жолын былай көрсетуге болады:
Орысша терминдерге қазақтың ежелден белгілі төл сөздері мен олардан
жасалған туыңды сөздер балама ретінде қабылданған. Мысалы: аманат (наказ),
талу (обморок), сең (льдина), тұрақ (стоянка), парасат (разум), балама
(альтернатива), әлеует (потенциал), алпауыт (монополист), жарнама
(реклама), әкім (администратор, басшы) т.б.
Қазақ тіліндегі сөзжасам тәсілдері арқылы орысша терминдерге және жаңа
ұғымдарға балама боларлық жаңа сөздер жасап, термиңдер қатары
толықтырылған.
Сөзге жұрнақ жалғау арқылы. Мысалы: -шы-ші: өсиетші (завещатель),
әкімші (администратор, үйымдастырушы, қонақүй адми-нистраторы), тапсырысшы
(заказчик); -гер-кер: баспагер (издатель). ғарышкер (космонавт), еңбеккер
(труженик); -ен: көзен (глазок); -дама: тұжырымдама (концепция), дайындама
(заготовка); -ғыш -гіш: талдағыш (мед. анализатор), еліктіргіш (приманка);
-нама: ғұмырнама (мемуар); -лық-лік: егемендік (суверенитст) т.б.
Сөздерді біріктіру арқылы. Мысалы: емдәмтану (диетология), бағдаршам
(светофор), ғаламшар (планета), әнұран (гимн), елтаңба (герб), қолтаңба
(автограф), қылтамыр (калилляр), шағынаудан (микрорайон), желмай (подкожный
жир), шорбуын (артрит), ішкіндік (геол. гипоцентр) т.б.
Сөздерді тіркестіру арқылы, бұл тәсілдің қолданылуы әртүрлі: а) орысша
тіркес терминдерді қазақша тіркес түрінде беру. Мысалы: высокосный год —
кібісе жыл, ввоз товара — тауар әкелімі, дочерние предприятия — еншілес
кәсіпорындар, валовый сбор — жалпы түсім, специализация производства —
өндірісті мамандандыру, арбитражный суд — төрелік сот, холостой ход — зая
жүріс, шлифованный круг (тех.) — ажарлауыш шарық, внешний аудит — сыртқы
аудит, гражданское лицо — азаматтық тұлға, адресная помощь — атаулы көмек,
вещь для нас (филос.)— біздік зат, языковая единица — тілдік бірлік, вечный
огонь — мәңгі шырақ т.б.;
ә) орысша жеке сөзбен берілген туынды терминдерді қазақша тіркес
түрінде беру. Мысалы: влагоемкость (геол.) — ылғал сыйымдылық,
влагопроводимость (геол.) — ылғап өтімділік, сверхдержава — астам держава,
взаимозависимость — өзара тәуелділік, визирование — ұүрыштама соғу,
виноградарство — жүзім шаруашылығы т.б.;
б) орысша тіркес түрінде берілген терминдерді қазақша жеке сөздермен
беру. Мысалы: заворот кишок (мед.)— түйнек, бледная немощь (мед.)—
әлжуаздық, спинной мозг — жұлын, головной мозг — ми, бестебельный мордоеник
(бот.)— лаңса т.б.;
Сөз мағынасын жаңарту арқылы термиңдік жаңа мағына ту-
дыру. Мысалы: кедір-бұдыр, тегіс емес мағынасындағы бедер сөзі
география термині рельеф сөзіне; қымыз пісу құралы мағынасындағы
піспек техника термині поршень сөзіне; дөңгелек мағынасындағы
шеңбер техникалык окружность сөзіне, ердің астьгңғы төсемесі ма-
ғынасындағы ішпек техникалық подшипник сөзіне, дәм түріне бай-
ланысты қышқыл химиялық кислота сөзіне, ет кептіру мағына-
сындағы сүрлеу ауылшаруашылық силосовать сөзіне, сергек, ширақ
мәніндегі тың - целина сөзіне балама болып қабылданған.
Орыс тіліндегі бір ұғым қазақ тіліне әртүрлі аударылып берілуі арқылы.
Мысалы: баланс — теңгерім, теңдестік; зона — аймақ, белдем (геогр,
металлургия); натяжение — керіліс (физ.), керілу (тех.); стадия — саты
(мед.), стадия — кезең (мед.) т.б.
Орысша туынды терминдер мен атауларды беруде мынадай бұрынғы тәжірибе
сақталған:
-туынды терминдердің түбірлерін сақтап, қосымшаларын қа-
зақша беру. Мысалы: нормировать — нормалау, нормаға салу, газифи-
кация — газдандыру, электрификация — электрлендіру, цементировать —
иементтеу, цементпен жабу, экранизация — экрандау, экранға шы-
ғару т.б.
Орысша туынды термиңдердің бір бөлігін қазақ сөздерімен ауыстыру.
Мысалы: автостанция — автобекет, автостоянка — автотұрақ, видеосалон —
бейнесалон, видеофильм — бейнефильм т.б.
Көп мағыналы орысша терминдердің лайықты баламасы табылған мағынасын
қазақша, баламасы жоқ мағынасын орысша беру қабылданған. Мысалы: фаза сөзі
қоғамдық ғылымда саты, кезең, физика ғылымында фаза; блок — қоғамдық
ғылымда одақ, техникалық ғылымда — блок болып берілген.
Көп мағыналы кейбір қазақ сөздерінің әр мағынасы орысша түбірлес
терминдерге балама болып берілген. Мысалы: құрылыс — строй, стройка,
строение, строительство, постройка; бағана — колонка, столбец, свеча
(геол.), үлес — доля, удел т.б.
Кейбір жарыспа (дублет) қазақ сөздеріне дербес мағына телініп, терминдер
жасалған. Мысалы: білім — знание, наука — ғылым, ілім — учение; темекі —
табақ, шылым — папироса; кінә — вина, күнә — грех; қарекет — ремесло,
житъе; әрекет — деяние т.б.
Қазақтың ұлттық әдебиеті мен өнеріне тән кейбір терминдерді орыс тілінде де
өзгеріссіз қазақша нұсқасымен беру қабылданған. Олар орыс орфографиясына
сай жазылатын болады. Мысалы: қайым өлең — кайым олен, айтыс — айтыс,
желдірме — желдирме, жар-жар — жар-жар, бәдік айтыс — бадик айтыс, терме —
терме, толғау —- толгау т.б.
Терминдер мен атауларға кейбір көнерген сөздер мен жергілікті сөздерді
балама етіп калыптастыру қабылданған. Мысалы: айдауыл, жасауыл, кежеуіл,
дулыға, ғимарат сияқты көне сөздер конвойный, есаул, телехранитель, шлем,
здание сөздеріне; шұрат, кесене, кеден, кәуап, сәлбен, майқаңбак, шалғам,
шалқан сияқты жергілікті сөздер оазис, мавзолей, таможня, шашлык, шалфсей,
верблюдка (бот.), редис, репа сөздеріне балама ретінде берілген.
Аталған сөздіктерде қазақша бірқатар терминнің мағынасы
қайта қарастырылып нақтыланған. Мысалы: акимат — әкімдік (әкімият
орнына), дипломат — дипломат (мәмлегер орнына), күдік — подозрение,
(күмән — сомнение), аким — әкім (мемтекеттік-территориялық белгілі
бірлік басшысы), администратор — әкімші (мысалы, қонақүй әкімшісі),
подсудимый — сотталушы, подсудимость — соттылық, осуждеиный -
сотталған, судимостъ — сотталғандық, магазин (әск.)— оқжатар
т.б. Орысша көп мағыналы сөздердің әр мағынасына лайық қазақша
баламалар нактыланып, бірізге түсірілген: класс— І) сынып, 2) тап, 3)
дәреже; образец — үлгі, нұсқа; решетка — тор, шілтер; ритмика — 1)
ритмика, 2) ырғақ-таным; риторика — 1) риторика, 2) шешендік сөз,
3) көпірме сөз; повестка — 1) шақыру қағазы, 2) күн тәртібі;
корреспонденция — корреспондениия, хат-хабар; впадина — ойыс, сипат;
горизонт — горизонт, көкжиек; комплекс — кешен, жиынтық, обучение —
оқыту, үйрету; овощ — овощ, көкөніс; ода — ода, олең; сигнал — дабыл,
сигнал; коммюнике — мазмұндама, коммюнике; акт — акт, кесім, перде (әдеби);
знамя — жалау, флаг — ту, штандарт — байрақ, регион — аймақ, край — өңір,
территория — аумақ; персона — кісі, адам, ли-ность — тұлға, расход — шығыс,
затраты — шығын, издержки; постоянство — тұрақтылық, стабильность —
тұрлаулылық, устойчивость — орнықтылық; депутатский запрос — депутаттық
сауал; гл-бализация — жаһандану (ғаламдану, ауқымдану орнына); нышан —
символ (рәміз орнына) т.б.
Қазақ терминологиясын қалыптастырудағы бір ескерерлік жағдай
—араб және парсы тілдерінің бірліктері негізінде терминжасау. Қазақ
терминологиясын зерттеп жүрген ғалымдардың ұстанымдарын басшылыққа ала
отырып, біз де араб, парсы кірме элементтерінің қазақ тіліндегі терминдену
процесіне қатысы тұрғысынан бірнеше кезеңге бөліп қарастырдық.
Бірінші кезең XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 30-
жылдарына дейінгі аралықты қамтиды;
Екінші кезең ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап, 1990 жылдарға
дейінгі аралықты қамтиды;
Үшінші кезең ХХ ғасырдың 90-жылдарынан кейінгі мерзім.
Бұлай бөлудегі басты сипат араб және парсы бірліктерінің
жандануына, дамуына, оның тілдегі қызметіне байланысты болып отыр. Әрине,
кірме элементтердің жандануының экстралингвистикалық және лингвистикалық
себептері болатыны анық. Енді осы кезеңдердің ерекшеліктеріне тоқталайық.
Қазақ лексикасы терминденуінің алғашқы кезеңін XIX ғасырдың
екінші жартысынан бастаудың себептері алғашқы қазақ газеттерінің , қазақ
тіліндегі оқулықтардың, ғылыми еңбектердің жарық көріп, ғылым салаларының
саралана бастауымен байланысты. Әрине, бұл терминдену кезеңіне дейін
халықтық терминология болды, алайда ғылыми терминологияға негіз болған бұл
қор арнайы зерттелмей келе жатқаны айтылып келеді. Бұл жөнінде
профессор Ш.Құрманбайұлының мына пікірін келтіре кеткен жөн: халықтық
терминология деген ұғымның өзінің мәнін толық ашу мен оның жалпы лексикадан
айырмашылығын айқындау үшін арнайы қарастырудың қажет екенін айтқан жөн.
Сонда ғана халықтық терминология мен терминологияны салыстыра зерттеп,
олардың ерекшелігі мен ұқсастығын және өзара сабақтастығын көрсету
мүмкіндігі туындайды. Әзірге бұл мәселе төңірегінде сөз қозғаған
Ә.Қайдаров, Ғ.Қоңқашбаев сияқты ғалымдардың ғана еңбектерін атай аламыз
[4, 8б.].
Осы кезеңдегі тілдік ахуалды сипаттаған еңбектер кітаби тіл
деген терминге соқпай кетпейді. Бұл тілдің барлық ерекшелігі академик
Р.Сыздықова еңбегінде сипатталады. Кітаби тілдің бірден-бір ерекшелігі онда
араб және парсы сөздері барынша мол пайдаланылды. Алғашқы қазақ
кітаптарының тілінде кітабилық сипат басым болды. XIX ғасырдың екінші
жартысында Қазан, Ташкент, Орынбор баспаларынан көптеген кітаптар жарық
көрді. XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі аралықта осы
қалалардан орта есеппен мыңнан аса қазақ кітаптары басылып шыққан екен. Бұл
кітаптардың мазмұны әртүрлі болды: діни және ғашықтық қиссалар да, діни
уағыздар да, ветеринарлық, медициналық кеңестер де бар болатын. Бұл жазба
дүниелердің араб, парсы сөздерін неліктен шамадан көп қолданылды деген
мәселеге келетін болсақ, оның да бірқатар себептері болды. Ең алдымен
қазақ жазба әдеби тілі қалыптасып үлгермеген кезеңде шыққан бұл дүниелер
ортаазиялық жазба әдеби тіл – шағатай тілінің дәстүріне иек артты,
екіншіден бұл кітаптың авторлары мұсылманша сауатты, діни білімі бар
азаматтар болатын, сондықтан да Шығыс әдебиетінің үлгілерінен сусындаған
олардың қолданысында кірме сөздердің мол қолданыс табуы түсінікті де.
Үшіншіден, баспа ісінің басы-қасында жүрген редакторлар, түзетушілер,
терушілер татар және өзбек ағайындар еді, ал ол тілдерде араб тілінің
ықпалы қазақ тіліне қарағанда күштірек екені мәлім, сондықтан олар қазақ
кітаптары тіліне сол тілдердің ықпалы болғаны айқын.
30-жылдарға дейін термин қалыптастыру процесінде орыс тілімен қатар
араб, парсы сөздеріне де артықшылық берілген үрдіс байқалады. 1924 жылы 12-
18 маусым аралығында Орынборда қазақ зиялылары мен мәдениет
қайраткерлерінің қазақ тіліндегі терминология мен орфография мәселелеріне
арналған І съезі өтеді. Съездің қарарынан терминжасамда артықшылық араб,
парсы сөздеріне берілгенін байқауға болады. Сөйтіп, осы кезеңдерде қазақ
тілінде мінбе, сембілік, өнеркәсіп секілді тегі шығыстық сөздер пайда
болса, 1940-1950-жылдары сауда, кітапхана, 1960-жылдары хабарлама секілді
шығыстан келген сөздер терминдер жүйесінен жаңа орын тапты. Қазан
төнкерісінен кейінгі мерзімді баспасөз беттерінде орыс терминдері мен
интернационалдық сөздердің үлес салмағы көп болғаны зерттеушілер
еңбектерінде көрсетілген. Олардың көбі саяси-әлеуметтік өмірге, мәдениетке,
оқу-ағарту ісіне, экономика, ғылым мен техникаға байланысты терминдер
болатын. Сөйтіп, табиб деген терминді доктор деген орыс сөзі, әкім-ді
начальник секілді сөздер алмастыра бастады. Еліміздің тәуелсіздігіне
дейінгі 70 жылдың ішінде орыс сөздері мен интернационалдық терминдер
қатарының көбейгені сонша, қазіргі қолданыстағы сөз байлығымыздың 70-80
пайызын қамти бастайды. Бұл құбылыстың экстралингвистикалық себептерінің ең
негізгісі - алдыңғы қатарлы дамыған Еуропа елдеріне бет бұрып, еуропалық
мәдениет пен ғылыми-техникалық жетістіктерінен үлгі алу болатын. Өркениеті
дамыған елдерге қарап, солардан үлгі алуға ұмтылу, соларға еліктеу әрекеті
орын алып келетіні белгілі факт. Батыс тілдерінің элементтері орыс тілі
арқылы ене бастады. Ал қазіргі технологиялық революциялар кезеңінде ағылшын
тілі әлем тілдерінің ішіндегі қуаттысы болып отырғанын өмірдің шындығы
көрсетіп отыр.
Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бері қазақ тілінің тарихында
да үлкен маңызды өзгерістер, оқиғалар, жаңалықтар болып жатыр. Бұл кезеңге
тән ерекшелердің бірі араб тілінен енген сөздердің қайтадан жанданып,
терминдік қасиетке ие бола бастауы. Сонау Қазан төңкерісіне дейін
қолданыста болып, кейін орыс сөздеріне ығысып орын берген шығыс элементтері
қайтадан оралып, жанданып, жаңғырып, тілден орын ала бастады. Оның мысалы
ретінде қазіргі қазақ терминдерінің жүйесіндегі мынадай жаңарған
терминдерді келтірейік: клас – сынып, процент – пайыз, аудитория –
дәрісхана, лектор – дәріскер, текст – мәтін, архив – мұрағат, виза –
рұқсатнама, автобиография – өмірбаян, таможня – кеден, инвентарь –
мүкәммал, информация – ақпарат, алфавит – әліпби, коллектив – ұжым,
компетенция – құзыр, конфискация – тәркілеу, шкала – шәкіл, космос –ғарыш,
проблема – мәселе, юстиция – әділет және т.б. Бұл тілдік құбылыстың себебі
ұлттың жаны, рухы болып табылатын тілдегі мұндай өзгерістердің санадағы
өзгерістермен, санадағы жаңғырумен байланысты. Біраз уақытқа дейін жарыса
қолданылып келген мұндай бірліктердің тегі араб, парсылық болып табылатын
қазақша баламаларын қолдану қатаң нормаға айналды.
Осы кезеңде қоғамдық сана орыс сөздерінен де құтылуға бет бұрып,
қоғамда пуристік көңіл-күй (жақсы мағынадағы) орын алды. Өзге тілдердің
тарихына көз жүгіртсек, осыған ұқсас құбылыстарды көруге болады. Оның тағы
бір себебі тәуелсіздік алған уақыттан бастап ата-баба дәстүрі мен ислам
дінінің жандануы болып табылады. Ұмыт бола бастаған ислам құндылықтарына
оралу арқылы академик Р.Сыздықова сөзімен айтсақ, осы діннің жаны болып
табылатын араб сөздерін қайтаруға бет бұрдық. Тарих дегеніміз араға
жылдар, дәуір салып қайталанып отыратын оқиғалар тізбегі дейтін болсақ, ХІХ
ғасырдың алғашқы жылдарындағы қазақ баспасөзі тілінде қолданылып, тұрақтай
бастаған сөздер қайтадан тарих сахнасына шығып, екінші рет өмірге
келгенін мерзімді баспасөз беттерінен, дінтану саласы бойынша жазылған
оқулықтардан көріп, байқауға болады. Енді аптека-ның орнына бұрын
қолданыста болып, кейін шығып қалған дәріхана сөзін, лекция-ның орнына
дәріс, бастық-ты әкім, секретарь деудің орнына хатшы сөзін
пайдаланудамыз, сол секілді рухани құндылық – руханият, исламият, архив –
мұрағат, музей – мұражай, пенсия – зейнет, зейнетақы, документ – құжат,
некролог –- қазанама, лаборатория – зертхана, комплекс – кешен, арендатор –
жалгер, паспорт – төлқұжат, историзм – тарихаят, ресторан – мейрамхана,
обсерватория – расытхана болып қолданыла бастады. Кітаби тіл дәстүрімен
сабақтастық ендігі жерде айқын көрініп, қайта жанданды. Араб, парсы
сөздерінің қазақ әдеби тілге енуінің орнығуының лингвистикалық (ішкі)
себептері де айқындалады. Бірқатар ғалымдар (Р.Сыздықова, Ә.Құрышжанов)
пікірлеріне сүйенсек, парсы тілімен қазақ тілі арасындағы байланыс тым
ертеректе екі халықтың аралас-құралас болуымен байланыстырады. Мұның дәлелі
ретінде қазақ тіліндегі нақты зат атауларының негізінен парсы сөздері
екенін айтады. Шындығында да, қазақ тіліндегі ұстара, қалам, қағаз, тақ,
тәж, гүл, бақ, миуа сияқты сөздер парсынікі, ал араб сөздері мәдени дүниеге
байланысты дерексіз ұғымдарға қатысты сөздер екен. Осылайша, аралас-
құраластықтың, мәдени дүниелер деңгейіндегі байланыстың нәтижесінде қазақ
ұғымында жоқ, жаңа ұғымдар мен олардың атаулары енген. Үшіншіден, қоғамның
дамуына байланысты енген жаңа ұғымдарды атау үшін тілде орын алып келген
араб және парсы сөздерінің фонетикалық варианттарын пайдалану, фонетикалық
дублеттерді де пайдаға жарату, бұл мүмкіндікті жүзеге асыру арқасында жаңа
ұғымдарға атаулар берілді, мысалы, өкіметүкімет, үкімөкім, әріпқаріп,
өкілуәкіл, оқиғауақиға т.с.с. Төртіншіден, кірме элементтердің
экспрессивтілігі төл тілдің үйреншікті, құлақ үйренген элементтерге
қарағанда күштірек болатыны белгілі, сондықтан адамға әсер ететін
экспрессивтілік қуатын күшейту үшін көркем шығармаларда төл сөздермен бірге
оның өзге тілдегі синонимдерді қоса пайдаланған, осылайша тілде кірме
сөздер тұрақтап қалған. Мұндай синонимдік қатар түзейтін араб, парсы
сөздері тілде мол-ақ, мысалы: жазираарал, нәубеткезек, қасіретқам,
қайғықұса, дәрігертәуіп, бақсы-балгер, дидаржүз, тіллұғат, шайырақын,
өлеңназым т.с.с Бесіншіден, қабылдаушы тілдегі көп мағыналы, омоним
сөздерді ауыстыру үшін, түсінуді жеңілдету, нақтылықты көздеу мақсатында
қабылданған және қолданылған. Алтыншыдан, қабылдаушы тілге бір текті,
құрылымы ұқсас бір топ кірме сөздердің еніп, тұрақтауы нәтижесінде, оның
құрамдас бөліктерінің дифференцияланып, сөзжасамда пайдалану мүмкіндігі
орнықты. Мәселен, араб тілінің -и аффиксі, парсы тілінің -гер,-хана, -нама
аффикстерінің қызметі осыны растайды. Аталған аффикстер көмегімен күні
бүгінге дейін жаңа атаулар дүниеге келуде, мысалы, қазақ тіліндегі
майдангер, заңгер, азаткер, жылнама, қазанама сияқты сөздер осындай
ізденістердің жемісі.
Кез келген тілде кірме элементтерінің негізінде де терминжасам
процесі болатыны белгілі. Л.П.Крысин орыс тілінің материалдары негізінде
тілдегі бөгде тілден енген сөзді не терминді кірме сөз ретінде танудың
негізгі белгілерін атап көрсетеді: а) қабылдаушы тілдің графема-фонетикалық
ерекшелігіне бағынуы керек, яғни сол арқылы белгіленуі керек; б) қабылдаушы
тілдің класс-категорияларына қатысты болуы керек; в) семантикалық
дербестікке ие болуы керек, қабылдаушы тілдегі бірліктермен дублеттік
қатынаста болмауы шарт; г) термин ретінде қабылданса, қабылдаушы тілдің
терминдер жүйесінде қызмет атқаруы керек [5, 116 б.].
Қазақ тіліне еніп, орнығып, қазақ тілінің морфологиялық
заңдылықтарына бағынған, яғни морфологиялық жағынан игерілген араб сөздері
тіліміздің терминдік қатарынан молынан табылады. Қазақ тіліндегі алуан,
азан, азап, айла, айт, ақы, ақыл, арыз, аруақ, әзіл, әлеует, әсет, әдіс,
әсер, есім, бәрекелде, бәтуа, ғажап, ғашық, ғұмыр, дәреже, дуа, жаза,
жарақат, жауап, сауал, зайып, сурет, қағида, қайыр, лайық, мадақ, мазмұн,
мағына, маусым, машық, мәдениет, намыс, нышан, нәсілпайда, сәлем, табиғат,
тылсым, үкім, шарапат, шежіре т.с.с. толып жатқан сөздерді араб тілінен
енген, бірақ фонетикалық-графикалық жағынан әбден игеріліп, сіңісіп кеткен
сөздер деп айтуға болады.
Олардың ішінде түпнұсқа тілде, яғни араб тілінде көптік тұлғада
тұрып, көптік мағынаны берген, бірақ олар қазақ тіліне енгенде осы көптік
мағынасы ескерілмей жекеше тұлғадағы лексикалық бірлік ретінде түсініліп,
қабылданғандары бар. Бір тілден екіншісіне лексикалық бірліктер
қабылданған кезде, олардың сол тілдегі көптік тұлғасы ескерілмей, жекеше
тұлғадағы бірлік ретінде ұғынылады. Мұндай сөздер қабылдаушы тіл – қазақ
тілінің морфологиялық жүйесінің заңдылықтарына бағынады. Олардың саны көп
емес, олардың қатарына құқық, ақпар, ақылақ, бұқара, әулие, атырап, ноқат,
лауазым, ғұлама, лауазым секілді сөздер жатады. Мысалы, құқық (право) сөзі
арабтың хаққун деген сөзінің көпше түрі, бірақ қазақ тілінде бұл лексикалық
бірлік көптік жалғауын қабылдай алады, яғни қазақ тілінің заңдылығына сай
көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Мысалы, адам құқықтары, адам құқықтары
жөніндегі келісім, адам құқықтары жөніндегі комиссия сияқты тіркестер
философиялық терминдер қатарынан орын алған. Сол сияқты ақпарат
(информация) сөзі хабар сөзінің көптік тұлғасы, хабар да, ақпарат та қазақ
тілінің лексикалық қорынан орын тепкен сөздер. Хабар сөзіндегі х дыбысы
араб тілінің дыбыстық жүйесіне тән болса, ақпар сөзінде бұл дыбыс
қазақыланған, яғни араб тіліндегі көмейден шығатын х дыбысы қазақ
тіліндегі қ қатаң дыбысына айналған. Бұл аталған сөздің тілдік құрамнан өте
ертеде еніп, әбден сіңіскен сөз екендігіне дәлел бола алады. Сол сияқты
лауазым сөзі дәреже деген сөзбен қатар қолданылып, титул, должность
деген мағынаны береді. Ол арабтың ләзим сөзінің көптік формасы болып
табылады, бірақ қазақ тіліндегі мағынасы араб тіліндегі мағынасынан алшақ,
араб тілінде ләуәзим құрал-жабдық, сайман деген мағынаны береді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz