Мұнай газ саласындағы терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері


КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мұнай газ саласындағы терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері.
Мамандығы: «аударма ісі»
Орындады: Янгибаева А. П
(қолы) (аты-жөні)
Жетекші: Исмагулова А. Е
(қолы) (аты-жөні)
Көкшетау 2011
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
Бірінші бөлім. Термин ғылыми-техникалық мәтіннің негізі … . . .
1. 1. Термин туралы жалпы түсінік . . .
1. 2. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мұнай-газ саласындағы терминдердің морфологиялық құрылымы . . .
1. 3. Ғылым саласындағы терминдерді зерттеу мәселелері
1. 4. Мұнай газ саласындағы техникалық терминдердің пайда болу әдістері мен түрлері
Екінші бөлім. Ағылшын тіліндегі ғылым мен техника саласындағы мәтіндерді орыс және қазақ тілдеріне аудару мәселелері . . .
2. 1. Аударма түсінігі, функциялары мен түрлері
2. 2. Мұнай газ саласындағы мәтіндердің техникалық аудармасы……… . . .
2. 3. Мұнай газ саласындағы жай терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару тәсілдері.
2. 4. Мұнай газ саласындағы күрделі терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару тәсілдері.
2. 5. Мұнай газ саласындағы тіркескен терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару тәсілдері.
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Тіл - қоғам өміріндегі құбылыстарға, өзгерістерге сай жаңару, жандану сияқты даму процесін бастан өткізетін тірі организм іспетті. Әсіресе, ғылыми техникалық прогрестің барынша қарқынды даму сатысына көшкен бүгінгі таңда тіліміздің терминологиялық жүйесінде күн сайын жаңа түсінік, ұғым арқалаған сөздер туындап отырады. Бұндай сөздер баспасөз, радио, теледидар тілінен, әр алуан ғылым салаларының сараланған терминологиялық жүйесінен байқалады. Яғни өмірдің өзіндегідей тілде де даму процесі үздіксіз жүріп жатады.
Қазіргі уақытта мемлекет арасындағы экономикалық, әлеуметтік - саяси, мәдени қарым - қатынастардың арқасында тіл білімінде терминдерді терең зерттеу қолға алынды. Әсіресе, мұнай мен газға байланысты лексиканы зерттеуге ерекше қызығушылық туып отыр.
Дипломдық жұмыс қазақ және ағылшын тілдерінің салыстырмалы аспектісіндегі мұнай-газ терминологиясының құрылымдық - семантикалық парадигмасына арналған.
Жұмыстың мақсаты ағылшын және қазақ тілдеріндегі мұнай және газ терминдерінің жасалу жолдары, құрылымдық - семантикалық, номинативті-мотивациялық (дәлелді) функционалдық ерекшеліктерін бейнелеу және көп жоспарлы лингвистикалық зерттеуден тұрады.
Зерттеудің объектісі ағылшын және қазақ тілдеріндегі біркомпонентті, көпкомпонентті мұнай және газ терминдері болып саналады.
Зерттеудің пәні қарастырылып отырған тілдердегі біркомпонентті, көпкомпонентті мұнай және газ терминдерінің құрылымдық-семантикалық, номинативті-мотивациялық функционалдық ерекшеліктері.
Зерттеудің керекті материалдары - лексико-семантикалық өрістің ерекшелігі сөздіктерден алынған ағылшын және қазақ тілдеріндегі мұнай және газ терминдері. Олардың саны жуықтап алғанда 220.
Зерттеудің әдісі терминдерді зерттеу барысында, ерекшелігіне байланысты бейнелеу, синхронды-салыстырмалы, құрылымдық-семантикалық, сандық, қарапайым статистикалық әдістер қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары мұнай және газ саласындағы терминдерін құрылымдық-семантикалық талдау терминдердің пайда болуына себеп болып, тарихи, мәдени дәлелдерді қамти отырып, ағылшын және қазақ тілдеріндегі мұнай және газға байланысты терминдік өрістің пайда болуы және дамуына әсер етті. Мұнай және газға байланысты терминдердің жеке топтамасын ерекшелеп көрсетуге, оларды құрылымдық, номинативті - деривациялық, функционалдық сипаттамасын жүргізуге болатындығын көрсетті.
Жұмыс нәтижелерінің практикалық қолданысы зерттеудің нәтижелерін терминтану мен лексикологиядан дәріс оқығанда мәдениетаралық қарым-қатынас курстарында, терминологиялық сөздіктер жасағанда қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде салыстырып отырған тілдердегі мұнай-газ саласындағы термин ұғымын түсіну үшін әртүрлі әдіс-амалдарды жинақтап, қорытып, теориялық зерттеу негізін баяндап айту қамтылған. Терминдерді салыстырмалы талдау әртүрлі тілдік деңгейде жүзеге асады.
Салыстырмалы талдау терминтануда көптеген теориялық мәселелерді шешуге, зерттеліп отырған деңгейлердегі мәселелерді көтеруге, сонымен қатар қолданбалы міндет, мақсаттарды сұрыптау, терминдерді унификациялауға болатындығын көрсетеді.
Қарастырылып отырған ағылшын және қазақ тілдеріндегі термин жүйесіндегі терминдердің құрылымдық, логикалық, семантикалық қасиеттерін және ортақ лексико-тематикалық топтамасын көруге болады.
Термин жүйесінің біртұтас ұстанымының қалыптасуы көрсетілген тілдердегі халықаралық терминдердің арқасында жүзеге асады.
Сонымен қатар мұнда терминдердің пайда болу әдістері қарастырылған: синтаксистік (терминологиялық сөз тіркестер), лексикалық (ағылшын тілінен кірме терминдер, калькалардың пайда болуы), морфологиялық (терминдер аффикстер арқылы пайда болуы), семантикалық (қазақ тіліндегі бар сөздің ағылшын тіліндегі когнитивті түбірі) .
Зерттеу барысында төмендегідей терминдік жүйелер анықталды «мұнай шығару», «мұнайхимия», «мұнай өңдеу өндірісі», «газ шығару», «жобалау».
Екінші бөлімде ағылшын тіліндегі ғылым мен техника саласындағы мәтіндерді орыс және қазақ тілдеріне аудару мәселелері толығымен қамтылып, олардың бір тілден екінші тілге аударылу тәсілдері көрсетілген. Сонымен қатар терминдердің морфологиялық құрылымдарының әрқайсысына жеке шолу жасалып олардың өзге тілге аударылу тәсілдері көрсетілген.
Қортындыда типологиялық және генетикалық жағынан әртүрлі ағылшын және қазақ материалдарындағы мұнай-газ терминдерін терең зерттеу арқасындағы қортындыны көруімізге болады. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі терминдер біртекті емес, олардың мағынасы екітүрлі категорияға бөлінеді: әруақытта белгілі бір мағынадағы ғылыми терминология; номеклатуралы мағынаға ие кәсіби терминдер.
Зерттеудің болашағы ары қарай ағылшын және қазақ тілдеріндегі мұнай-газ терминологиясының құрылымдық, семантикалық ерекшеліктерін зерттеп толықтыру болып табылады.
Термин ғылыми-техникалық мәтіннің негізі
1. 1 Термин туралы жалпы түсінік
Тіл-тілдің лексикасында ғылым мен техниканың алуан түрлі салаларында қолданылатын сөздер бар. Олар терминдер деп аталады. Баска сөздермен салыстырғанда терминдерге тән басты касиет неде? Күнделікті өмірде барлық салада жалпылама қолданыла берілетін сөздер ыңғайына қарай түрлі-түрлі мағынада жұмсалып, көп мағыналы болып келсе, терминдердин басым көпшілігі дара мағынасында жұмсалады. Демек, дара мағыналы болу - терминдерге тән, басты қасиет. Мысалы, аффрикат, аффикс, артикль, артикуляция, агглютинация деген терминдер қандай бір контексте қолданылсын, олардың әрқайсысы әрдайым өзіне тән негізгі бір ғана мағынасында қолданылады және сол бір ғана мағынасында ұғынылады. Терминдерде эмоционалды бояу, экспрессивті қызмет дегендер де болмайды. Кейбір терминдер көп мағыналы болып келеді; ол - терминдердің кемшілігі. Егер белгілі бір термин көп мағыналы болса, онан кейде қате түсінік тууы да мүмкін. Екі ұштылық тудырмау үшін әр уақытта терминдердің дара мағыналы болуы көзделеді. [1- 161-162бб]
Өндіріс пен техниканың, ғылым мен өнердің, саясат пен дипломатияның және тағы басқалардың әр саласына тән терминдердің жиынтығы терминология деп аталады. Әрбір тілде шаруашылық пен мәдениеттің, әдебиет пен өнердің алуан түрлі салаларының терминологиясын жасау - әрі ғылыми, әрі қоғамдық үлкен мәні бар, аса қажетті жұмыс.
Ғылым мен техникада терминдердің мәні күшті. Ғылым мен техниканың белгілі бір саласын меңгеру үшін сол салаға тән терминдердің маңғынасын, ғылыми мәні мен білдіретін ұғымын жете түсіну қажет. Белгілі бір ғылым саласына тән терминологияны билмей тұрып, ол ғылымды меңгеру де мүмкін емес. Қазіргі уақытта көптеген ғылым салаларының пайда болуына байланысты жалпы ғылыми, жалпы техникалық, салалық және тар шеңбердегі маман бойынша терминдердің анықтамасын белгілеу қиындық тудырып отыр. Жалпы ғылыми және техникалық терминдер дегеніміз ғылым мен техниканың бірнеше саласында қолданылатын терминдер. Салалық терминдер деп ғылымның кез келген бір саласында қолданылатын терминдерді айтамыз. Тар шеңбердегі мамандық терминдері деп берілген саланың кез келген мамандығына сай терминдерді айтамыз. [4. 255б]
Терминдердің ішінде тек бір саладағы терминологияға қатысты терминдер де, әр басқа терминологияға бірдей қатысты терминдер де кездеседі. Мысалы, метатеза, флекция, аффикс, префикс, идиома деген терминдер тек лингвистикада ғана қолданылады. Ал морфология, операция, ассимиляция деген терминдер әр түрлі саладағы терминологияда жұмсала береді.
Терминдер әр түрлі жолдармен жасалады:
1) Әдеби тілде бұрыннан бар кейбір төл сөздер терминдік мағына алып, белгілі бір саланың терминологиясына телінеді де, сонда әбден орнығып қалыптасады. Мысалы, айналым, қосымша құн, жаратылыстану, өндіргіш күштер, нұсқау, үстеу, екпін, тырнақша, бастауыш т. б сөздер білімнің әр саласында қолданылатын термин сөздерге айналып, қалыптасып кетті.
Әрбір ұлт тілінің терминологиясы белгілі бір ғылыми негізге, принципке сүйеніп жасалынады. Мысалы, қазақ тіліне орыс тілінен енетін терминдер, егер қазақ тілінде сол алынғалы отырған сздің мағынасын бере алатын баламасы болса, олар аударылып алынады. Жоғарыда аталған терминдердің кейбіреулері осы прицип бойынша жасалып қалыптасқан.
2) Ғылым мен техниканың алуан түрлі салаларына қатысты терминдердің ішінде дүние жүзіндегі тілдердің бәріне бірдей ортақ көптеген терминдер бар. Барлық тілдерге ортақ көптеген терминдер сөздердің халықаралық қоры болып саналады да, интернационалдық терминдер деп аталады. Мысалы, совет, коммунизм, пионер, демократия, революция, конституция, алгебра, изотерма, циклон, синтаксис, фонема, синоним, архаизм, дифтонг, роман, поэма, филармония, дирижер, архитектор т. б [1. 162 б]
Қазақ тілінің ғылыми терминологиясын жасауда қазақ тілінде баламасы жоқ шетел тілдерінен кірген интернационалдық терминдер аударылмай қабылдансын деген принцип басшылыққа алынды. Бұл принцип бірден-бір дұрыс ғылыми принцип болды. Орыс тілінен жане орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген интернационалдық терминдердің орыс тіліндегі қалпы сақталынып алынды. Ұлы орыс халқының тілінің игілікті әсерінің нәтижесінде қазақ тілі лексикасы ғылыми-техникалық терминдермен толығып байи түсті. Қазіргі терминологиядағы шешімін таппай жүрген мәселенің бірі халықаралық деп аталатын терминдерді ұлт тіліне аудару, жазу, қабылдау тәртібінің белгіленбеуі. Сондай-ақ көптеген терминдердің терминология комиссиясы бекіткен қазақша баламалары бола тұра тұрақты қолданылмай немесе бұрынғысынша шет тілдеріндегі нұсқалары жарыса қолданылып жатады. Сонымен қатар соңғы жылдары бір ғана термин түрліше аударылып, әр сөздікте, әр түрлі деңгейдегі оқулықтар мен ғылыми еңбектерде түрліше қолданылып жүр. Олардың ішінде терминкомның ресми бекіткеніне қарамастан, бірізді қолданылмай жүргендері де бар. [2. 32б]
Жоғарыда кейбір терминдердің бірнеше мағынасы болады дедік. Ондай терминдердің қазақ тілінде баламасы бар мағынасы аударылып, баламасы жоғы орысша қалпы сақталып қабылданып жур. Мысалы, “phase” - “фаза” деген термин физика ғылымында қолданылатын мағынасында аударылмай, сол қалпында қабылданса, қоғамдық ғылымда қолданылатын мағынасында кезең түрінде қабылданған. Терминдердің туынды түрлерін қабылдау қажет болғанда, олардың түбір тұлғасы аударылмай, сол қалпында қабылданады да, ал кейбіреулерінің орыс тіліндегі қосымшаларының орнына қазақ тілінде сайма-сай келетін қосымшалар жалғанады. Мысалы: mechanization - механизация - механикаландыру, collectivization - коллективизация - коллективтендіру, electrification - электрификация - электрлендіру, democratization -- демократияландыру, cooperative - кооперативный - кооперативтік, revolutionary - революционный - революциялық, economic - экономический - экономикалық, gunner - пулеметчик - пулеметші, footballer - футболист -футболшы, to edit - редактировать - редакциялау т. б
Тіл қоғам мүшелерінің барлығына бирдей ортақ, жалпы қатынас құралы болғанмен, қоғамдағы адамдар мен жеке таптар кейде тілді өздерінің мүдделері үшін пайдаланады. Сонымен, таптық қоғамда үстем тап тілді, әсіресе ондағы әлеуметтік мәні бар терминдерді, өздерінің мүддесі үшін пайдалануға, тілге өздерінің ерекше сөздері мен терминдерін таңуға тырысады. Бірақ мұнан тіл жалпы халықтық қасиетін жоймайды. Ол әрқашан қоғам мүшелерінің бәріне ортақ жалпы халықтық тіл ретінде өмір сүреді. Сонымен, терминдер - белгілі бір салада қолданылатын, айрықша қызметі бар сөздер. Оларға тән басты қасиет - дара мағыналылық. [1 . 165 б]
Белгілі бір тілдегі ғылым мен техника саласындағы арнаулы атаулардың сөздігін терминологиялық сөздік деп атайды. Терминдер топталып бір сөздік түрінде де, белгілі бір ғылым саласына байланысты жеке кітап болып та шыға береді. Бұған лингвистика, әдебиеттану, музыка, металлургия өнеркәсібі, тау-кен ісі, физикалық география, математика, физика, астрономия, геология, юриспруденция, педагогика, психология, медицина, іс жүргізу, экономика, философия, биология, химия саласындағы және қоғамдық - саяси терминдер т. б енгізілген. Кез келген тілде терминологиялық сөздіктер жасауға өз ісіне жетік деген маман кадрлар қатыстырылады. Сөздік жасаушылар тілдің әрқайсысына тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді терең зерттеп, осыған дейін орын алып келген олқылықтардан арылу жолын іздестіруде. [Аханов. К . 208 б]
1. 2. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мұнай-газ саласындағы терминдердің морфологиялық құрылымы.
Терминдердің мағынасын дұрыс түсініп, өзге тілге дұрыс аудару үшін олардың морфологиялық құрылымын, оларды өзге тілден ажыратып тұратын семантикалық ерекшеліктерін, сөз тіркесті терминдердің негізгі түрлерін, олардың құрылымдық ерекшеліктері мен қолдану тәсілдерін жетік білу керек.
Термин қысқа және нақты болуы тиіс. Барлық терминдердің морфологиялық құрылымы келесідей болады:
1) жай терминдер, яғни олар түбір сөзден құралады. Мысалы: ағылш. - area (область), field (поле) ; circuit - цепь - шынжыр, gramme - грамм - грамм, policy - политика - саясат, voltage - напряжение - қысым, оxygen - кислород - оттегі, wattage - мощность - қуат, күш, сарасіtance - емкость - сиымдылық; қаз. - алап (поле), мұнай (нефть) т. б
2) күрделі терминдер, екі немесе одан да көп түбір создердің бірігуінен жасалып, бірге не дефис арқылы жазылады. Мысалы: ағылш. - migration (миграция), saturation (насыщение) ; framework (каркас), hydrocarbons (сырье нефтегазовое) ; flywheel - маховик - маховик, clock-work - часовой механизм - сағатты механизм, millimetre - миллиметр - миллиметр, kilowatt - киловатт - киловатт, ampere-hour - ампер-час - ампер-cағат; қаз. - айырғыш (сепаратор), ауытқы (аномалия) жерасты (подземный), кенорны (месторождение) т. б
3) тіркескен терминдер, бұлар екі немесе одан да көп создердің тіркесуімен жасалады. Мысалы: ағылш. - ash of petroleum product (зольность нефтепродукта), combustibility of petroleum product (горючесть нефтепродукта trip coil - отключающая катушка - ажыратқыш орауыш, сircuit breaker - выключатель - cөндіргіш, electric eye - фотоэлемент - фотоэлемент, bottom chamber - нижняя камера - төменгі камера, primary coil - первичная катушка - бастапқы орауыш; қаз. - газдың мұнайда ерігіштігі (растворимость газов в нефти), ауырлатқан бұрғылау құбыр (утяжеленная буровая труба) . [. Р. Ф. Пронина. 9б]
Аударма барысында ең көп қиындық тудыратын терминдер - тіркескен терминдер. Мұндай терминдер үш түрге бөлінеді:
1. Бұл топқа сөз тіркесін құрайтын екі сөз де термин сөздер болып табылатын сөз тіркесті терминдер жатады. Олар сөз тіркесінсіз де, өзіне тән мағынасын сақтай отыра, жеке қолданыла алады. Мысалы: limit - предел - шек; burning - обжиг - күйдіру, күйік. Алайда осы сөздерден құралған тіркесті термин жаңа мағынаға ие болады: burning limit - предельная температура обжига - күйдірудің шектеулі температурасы. Тіркескен терминдердің құрамынан жеке терминдерді бөліп алу мүмкіндігі осы түрге тән қасиет болып табылады.
2. Мұнда, ережеге сай тіркескен терминдердің құрамындағы компоненттердің бірі термин сөз, ал екіншісі жалпы қолданыстағы сөз болып табылады. Бұл сөздер екі зат есім немесе сын есім мен зат есім болуы мүмкін. Ғылыми -техникалық терминдерді жасаудың бұл тәсілі біріншісіне қарағанда нәтижелі болып саналады. Мысалы: carbon bond - углеродная связь - көміртекті байланыс; kinetic chain length - кинетическая длина цепи - шынжырдың кинетикалық ұзындығы.
Мысалдан байқағаныңыздай бірінші компонент бастапқы мағынасында қолданылады. Ал екінші компонент ғылымның бірнеше саласында қолданылатын термин болуы мүмкін.
Бұл түрге тән қасиет - тіркескен терминдердің екінші компоненті, яғни зат есім сол тіркестін жалпы мағынасын жеке термин ретінде қолданылу арқылы да білдіре алады, мысалы: electric current орнына current; ал electric charge орнына charge.
3. Бұл топқа сөз тіркесін құрайтын қос компонент те жалпы қолданыстағы сөздер болып табылады, алайда осы сөздер тіркескен кезде ғана термин болып саналады. Ғылыми -техникалық терминдерді жасаудың бұл тәсілі нәтижелі деп саналады. Осы топқа жататын терминдердің арасындағы байланыс өте тығыз, мысалы: ocean development - освоение океана - мұхитты меңгеру, telescopic joint - телескопическое соединение - телескоптық байланыс.
[ А. Я. Коваленко 257-258бб]
Тіркескен терминдердің компоненттері атрибутивті байланыста болады. Негізгі компонент ережеге сай әрқашан соңында орналасады. Ал анықтағыш компонент өз кезегінде бір немесе бірнеше терминнен құралып, негізгі компонентті сипаттайтын белгілері ретінде қолданылады.
Атрибутивті байланыс келесідей сипаттамалардың көмегімен жасалады:
1. көмектес септігінің жалғауы , мысалы:
lid of frame - крышка корпуса - корпус қақпағы
body of reactor - корпус реактора - реактор корпусы
system of station - cистема электростанций - электростанция жүйесі
seat of settlement - слой осадка - шөгу қабаты
2. «зат есім + зат есім» тіркесі , мысалы:
Peak energy - максимальная энергия - ең жоғарғы энергия
Labour capacity - производительность труда - еңбек өнімділігі
Earth core - заземляющая жила - жерге тұйықтау желісі
3. «сын есім + зат есім» тіркесі , бұл техникалық тілде кең тараған. Мысалы:
Electric substation - электрическая подстанция - элекрт станциясы
Vertical component - вертикальная составляющая - тік бөлшек
Remote control - дистанционное управление - қашықтықтан басқару
Сонымен қатар анықтауыш пен зат есім кейде тығыз байланысты синтаксистік топты құрайтынын есте сақтау керек. Сондықтан аударма барысында сын есім өзінен кейін орналасқан зат есімді анықтап немесе тіркескен термин құрайма әлде жоқ па соған мән беруіміз керек. Мысалы:
Wet battery - батарея из мокрых элементов ( а не мокрая батарея) - ылғал элементтерден құралған батарея
Dry battery - батарея из сухих элементов ( а не сухая батарея) - құрғақ элементтерден құралған батарея
4. «есімше I + зат есім» тіркесі , мысалы:
Alternating current - переменный ток - айнымалы тоқ
Amplifying tube - усилительная лампа - күшейткіш шам
Rectifying tube - выпрямительная лампа - түзеткіш шам
5. «есімше II + зат есім» тіркесі , мысалы:
Divided anode - секционированный анод - топталған анод
Distributed capacitance - распределенная емкость - үйлестірілген сыйымдылық
Fixed-in stabilizer-неуправляемый стабилизатор -басқарылмайтын стабилизатор
Сөз тіркестері терминдер сияқты көп мағыналы болуы мүмкін. Мысалы, берілген мәтінге байланысты balance indicator тіркесін келесідей аударуға болады: 1) теңдік көрсеткіші; 2) таразы тілі; 3) қысым теңсіздігін көрсеткіш. [ А. Я. Коваленко 259б]
Сөз тіркесіндегі анықтағыш компоненттер екі не одан да көп сөзден құралып, жалпы семантикалық құрам ретінде берілуі мүмкін. Олар келесідей топталады:
1. сын есім + сын есім, мысалы:
back-electromotive force - сила - электр қозғалтқышына қарсы күш
2. сын есім + зат есім , мысалы:
main-haulage road - основная транспортная магистраль - негізгі транспорттық бағыт
short-time rating - кратковременная мощность - қысқа мерзімді қуат
3. зат есім + есімше , мысалы:
oil-immersed transformer - трансформатор, погруженный в масло - майға батқан трансформатор
water-pumping unit - водонасосный агрегат - су тартқыш агрегат
4. зат есім + зат есім , мысалы:
flip-flop circuit - опрокидывающая схема - аударылытын сызба
wear-and-tear gauge - шаблон для измерения износа - тозуды өлшегіш үлгі
5. бір топ сөз құрамы , мысалы:
production engineering functional organizational chart - функциональная схема организации технологического процесса - технологиялық іс шаралы ұйымның функциональды сызбасы
super high-voltage supply transmission line - линия передачи сверхвысокого напряжения - өте жоғары қысыммен қамтамасыз ету желісі
6. анықтауыш компоненті қысқарған сөз болып келетін кейбір тіркескен терминдер , мысалы:
multi-cylinder = multiple cylinder - многоцилиндровый - көп цилиндрлі
hydroelectric power - гидроэлектростанция - гидроэлектростанциясы
7. идиомалық сөз тіркесі , мысалы:
tell-tale signal device - контрольное сигнальное устройство - белгі бергіш бақылаушы құрылғы
true-to-shape design - конструкция заданной формы - берілген форманың құрылымы. [ Р. Ф. Пронина. 18-19бб]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz