Біріздендіру – терминологиялық қорды қалыптастыру жолы


Мазмұны
Кіріспе . . .
I тарау. Терминологияның даму тарихына қысқаша шолу
1. 1. Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы . . .
1. 2. Шет елдердегі терминологияныңың дамуы
1. 3 Қазақстанда заң терминологиясының зерттелуі . . .
II тарау. Біріздендіру - терминологиялық қорды қалыптастыру жолы
2. 1. Терминологиялық жұмыстар жөнінде түсінік . . .
2. 2. Терминологияны біріздендірудің ғылыми негізі . . .
III тарау. Заң терминдерін аударудағы бірізділік мәселесі
3. 1. Заң терминдерін біріздендіру тәжірибесі . . .
3. 2. Заң терминдерін біріздендіру жолдары . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер . . .
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Еліміздің егемендік алуы мен қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуына байланысты ана тіліміздің өз шешімін күтіп тұрған көкейкесті мәселелері жеткілікті. Қазіргі кезде күллі әлемге жайылып келе жатқан жаһандану процесі әсіресе ұлттық ерекшелікті, ұлттық құндылықтарды сақтауға орасан кедергі келтіруде. Осындай қиын кезеңде тілімізді сақтап қалу, дамытып, күшейтудің басты амалдарының бірі - ұлттық ғылым тілін, оның терминологиясын дамыту. Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытудың басты жолдарының бірі - ғылыми тілдің мәртебесін айқындау, терминологиялық бірліктердің құрамын реттеу, олардың мағынасын ашудың әдіс-тәсілдерін анықтау. Академик Ә. Қайдар, атап көрсеткендей, ең алдымен, ана тіліміздің тұғырына тірек болар үш тағанын - жазу-сызуын (ұрпақ арасын жалғастырар алтын көпірін), ономастикасын (жер бетіндегі ескерткішін) және терминологиясын (оның баю, жаңару көзін) берік ету қажет. Осымен байланысты терминология саласында жүргізілетін жан-жақты ғылыми зерттеулер оның ғылыми тілін дұрыс қалыптастыруға көмектеседі. Терминология мәселелері қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Ж. Аймауытұлы, Х. Досмұхамедұлы, Қ. Кемеңгерұлы, С. Жиенбаев еңбектерінен бастау алса, қазақ ұлттық терминологиясының өзекті мәселелері Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Ө. Айтбайұлы, Б. Қалиұлы, Ш. Құрманбайұлы зерттеулерінде жаңа сапалық та мазмұндық деңгейде шешімін тапты. Терминологияның ғылыми-теориялық мәселелері орыс тіл білімінде А. А. Реформатский, В. В. Виноградов, Н. А. Баскаков, Д. С. Лотте, В. П. Даниленко, В. М. Лейчик, А. В. Суперанская т. б. ғалымдардың зерттеу нысанына айналды. Терминологияның жекелеген салалық жүйелерін кешенді түрде, жан-жақты зерттеп, салалық терминдердің құрамы мен құрылымын анықтап, оларға дұрыс анықтама берудің қазақ тіл білімі үшін қаншалықты маңыздылығын С. Ақаев, Ш. Біләлов, К. Аяпбергенова, М. Молдажаров, К. Күркебаев, А. Қоңырова, Ә. Нұржанова, С. Сәрсенова т. б. ғылыми еңбектері айқын дәлелдейді. Терминологиялық сөздіктердің құрылымы мен жүйесін, жалпы терминологиялық сөздікті жасау мәселелерін қарастыратын сала ретіндегі қазақ терминографиясын қалыптастырудың негіздерін зерттеген Е. Әбдірәсіловтің, ғылыми тіл құрылымын анықтауға арналған С. Әлісжановтың, терминологиялық жүйедегі когнитивтік құрылымға назар аударған С. Исанова, М. Қожаевалардың ғылыми еңбектерін қазақ терминологиясындағы жаңа бағыттағы жақсы нәтиже деп бағалауға болады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі - қазіргі кезеңде термин ілім мәселесі қазақ тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі 17 жыл ішінде адам өміріндегі түрлі салаларда - заң, экономика, саясат, мәдениет, өнер, ғылым т. б. - болып өткен әлемдік деңгейдегі өзгерістер алғашқы кезекте қоғамның дамуы барысында әрдайым, үздіксіз жаңа сөздермен, әсіресе, термин-дермен толығып отыратын тілдің сөздік құрамында өз бейнесін тапты. Адамның қоғамдағы өмірі қазіргі кезенде үздіксіз келіп жатқан ақпараттарды дұрыс қолдану мен хабарлануға байланысты. Белгілі бір мамандық иесі аталған кәсіптің тілін жақсы білген жағдайда ғана ақпаратты еркін жеткізе алатындығы жалпыға белгілі.
Осыған байланысты бүгінгі күні аудармашылардың заң мәтіндерін кәсіби бағытта дайындау, аударма сапасын жоғарылату негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Бұл, ең алдымен, өкіметтік орын қызметкерлерінің, соттардың, қорғаушылар мен заңгерлердің мемлекеттік тілді күнделікті кәсіби іс-әрекеттерінде белсенді қолдануымен тығыз байланысты. Заң жобаларын дайындауда және мемлекеттік органдардың актілерін қабылдауда, сот істерінің жүргізілуінде қазақ тілі - формалды түрде ғана қолданылып, мейлінше, белсенді түрде қолданылып келе жатқан тіл - орыс тілі екендігі айқын. Бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының бостандықтары мен кұқықтарын қажетті жағдайда мемлекеттік тілде қорғай алуларына өз кедергісін тигізіп келе жатқандығы да белгілі. Ал, ҚР барлық заңнамалық және нормативтік актілерін мемлекеттік тілде еркін жеткізе білу үшін заңдардың түпнұсқасымен оның аудармасында бірізділік сақталуы қажет.
Зерттеу жұмысының нысаны - заң мәтіндерінің аудармасына күрделі сараптама жасап, ондағы аударма ерекшеліктерін көрсету
Зерттеу жұмысының пәні -
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің дереккөздері. Жұмыста басты дереккөздер ретінде терминологияның ғылыми-теориялық мәселелері бойынша жазылған монографиялық жұмыстар мен ғылыми жинақтардың материалдары, қазақ тілінің он томдық және он бес томдық түсіндірме сөздіктерінің, сондай-ақ, түрлі салалық түсіндірме сөздіктер мен энциклопедиялық сөздіктердің материалдары алынды.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізі ретінде ең алдымен терминология саласына қатысты Ә. Қайдар, Т. Жанұзақов, Ө. Айтбайұлы, Б. Қалиұлы, Ш. Құрманбайұлы, Ш. Ш. Сарыбаев, Е. Әбдірәсілов, М. Малбақов, С. Әлісжанов, С. Исақова т. б. ғалымдардың зерттеулеріндегі негізгі ой-тұжырымдар алынды. Сонымен бірге шетелдік тіл біліміндегі Д. С. Лотте, В. П. Даниленко, В. М. Лейчик, А. В. Суперанская, Х. Касарес, Ж. Дюбуа, Л. В. Щерба, П. Н. Денисов, В. П. Берков, С. Е. Никитина, Л. Л. Кутина, Н. З. Котелова, Е. Н. Толикина т. б. сияқты ғалымдардың еңбектері мен тұжырымдары зерттеуімнің басты назарында болды.
Жұмыстың практикалық маңызы - бұл жұмыс заң терминологиясын аудару барысында негізгі ақпараттар көзін қолданылып, дұрыс, мамандырылған аударма жасауға өз көмегін тигізбек.
Жұмыс жасау барысында түрлі мемлекеттік мекемелер мен прокуратура және сот саласында еңбек ететін, күнделікті заң терминдерімен жұмыс жасайтын отызға жуық аудармашылар арасында әлеуметтік-практикалық сауалнама өткізілді. Мұндағы мақсат - аудармашылардың заң терминдерін аударуда нені басшылыққа алатындарын білу, жасаған аудармалардың арасында бірізділіктің болуын анықтау болатын.
Нәтижесінде аудармашыларға берілген 5 сұрақтан тұратын сауалнаманың «аударма мәтіндердің басым бөлігін қай тілден қай тілге жасайсыз?» деген бірінші сұраққа респонденттердің 100%-ы орыс тілінен қазақ тіліне деп жауап берген, бұл елімізде заң шығару тілі әлі де болса орыс тілі екендігін көрсетіп, қазақ тілі тек аударма жасау тілі күйін кешіп отырғанын көрсетті. «Заң мәтіндеріне аударма жасау кезінде нені басшылыққа аласыз?» деген сауалға 60%-ы базалық білімін атаса , 40 %-ы- сөздіктерді қолданатынын көрсеткен, ал нұсқа ретінде берілген терминологиялық хабаршыны ешкім қолданбайтындығы белгілі болды. Респондентердің 100%-ы сөздік қорларын БАҚ-нан толықтыратындықтары белгілі болды, яғни аударма жасау кезінде бүгінгі шығып жатқан жаңа сөздіктерді, терминологиялық хабаршыны көрсетті, бұл Мемтерминком бекітіп жатқан жаңа терминдер іс жүзінде қолданылмайтындығын, қолданыста жоқ екендігін көрсетті, сондықтан болар, «Басқа аудармашылар жасаған аудармалар мен сіз жасаған аударма сәйкес келе ме?» деген сұраққа сәйкес келмейді деген жауапты 80 %-ы- таңдаған.
Осы нәтижелерге сүйене отырып, заң саласындағы терминологияны аударуда негізгі терминологиялық жұмыстардың бірі болып есептелетін - бірізділіктің жоқтығы анықталды, бұл - жұмыстың жаңалығы болып табылады.
Жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу барысында әлеуметтік -практикалық сауалнама әдісі қолданылды.
Зерттеудің құрылымы. Диссертациялық еңбек кіріспеден, негізгі екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Еңбектің соңында зерттеуде пайдаланылған әдебиеттер тізбесі берілген.
1. 1Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы
Қазақ терминологиясы казақ тіл білімінің жеке саласы ретінде қазір пайда болған жоқ, оның тамыры өткен ғасырдың бірінші жартысында жатыр. Бұл - қазақ тіл білімі енді-енді жеке ғылым ретінде қалыптасып, оның барлық салаларының, соның ішінде терминологияның негізі қалана бастаған жылдар. Сол кездің өзінде-ақ бірыңғай терминологиялық жүйенің, жаңа ұғымдардың терминдену қағидалары мен олардың жасалу тәсілдерінің қажеттілігі туды.
Қазақ лексикасының терминдену әрекетін алғаш зерттеуші Ш. Құрманбайұлы қазақ лексикасының терминденуінің төрт негізгі кезеңің атап көрсеткен. Сондай-ақ, терминжасамның әр кезеңі өзіне тән ерекшеліктерімен өзгешеленеді және олардың әрқайсысы қазақ халқының өміріңдегі тарихи дәуірді, ғасырды бейнелейді. Бұл:
I кезең. XIX ғасырдың екінші жартысынан 1910 жылдарға дейін.
П кезең. 1910-1930 жылдар аралығы.
- кезең. 1930-1990 жылдар аралығы.
- кезең. 1990 жылдардан бергі мерзім
Алайда терминтану тарихын XV ғасырдан бастауды ұсынатын да ғалымдар бар. Мәселен, физиолог ғалым Жандар Ермахан Керімбекұлы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегінде кездесетін атауларды келтіре отырып, терминтану тарихын осы еңбек жарық көрген кезеңінен бастау керек деп санайды. Терминтану ғылымын қазақша атаутану деп атауды ұсынатын ол «Алғашқы қазақ атаутану ғылымының негізін 1468 жылы қаланғанын білдік. Қазақ атаутануының мыңжылдық тарихы бар, яғни Ресейді былай қойғанда, әлі Еуропада терминология ғылымы жоқ кезде, қазақ елінде негізі қаланған» деген пікір айтады. Ғалым пікірі терминтану ғылымының емес қазақ терминологиясының, оның ішінде медициналық терминологияның даму тарихы туралы сөз болғанда ескерілгені жөн болса керек. Қазақ тіліндегі термин шығармашылығының бастауларын іздегенде «Шипагерлік баянды» ескерусіз қалдырмау керектігі анық. Жалпы Ө. Тілеуқабылұлының бұл еңбегінің тілі мен ондағы терминдерді арнайы зерттеген орынды. Сонда ғана біз нақты деректерге сүйене отырьш, тиісті тұжырымдар жасай аламыз.
«Қазақ терминологиясының жасалуын, дамуын және қалыптасуын зерттеуді, біздіңше, Октябрь революциясынан бастау керек. Бұл кезеңде мал шаруашылығы, халық медицинасы, жер бедері, өсімдіктер дүниесі т. б. салалардан жасалған халықтық кәсіби сөздер, атаулар болды, бұлар революциядан кейінгі дәуірде ғылыми терминологияға үлкен бір сала болып енгенін айқындау қажет». (Әбдірахманов А. Термин қалыптастыру тәжірибесінен//Қазақ терминологиясының мәселелері. -А., 1986. 65-71) . Тілші ғалым А. Әбдірахмановтың бүл пікірі де жеке салалардың терминдерінің, терминологиясының қалыптасуына қатысты айтылған. Мүны терминтанудың ғылым ретінде қалыптасуы деп қараудың және оны Октябрь революциясымен байланыстырудың негізі бар деп айту қиын.
Бізде қазақ тіл білімінің ғылыми негізінің қалануын Ахмет Байтұрсынұлы есімімен байланыстырып, оны XX ғасырдың басынан басталады деген пікір бар. Ал терминтанудың тіл білімінің, оның ішінде лексикологияның қойнауында пайда болған ғылым екендігін мойындасақ, онда терминтанудың тарихын да қазақ лингвистикасының тарихымен байланыста қарау керек. Сол тұрғыдан келгенде терминтанудын еткен жүзжылдықтағы дамуын бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады. Отандық терминтанудың негізінің қалана бастауының алғашқы кезеңі казақ тіл білімінің негізін қалаушы ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлы есімімен тығыз байланыста қараған жөн. Ғалым өзі жасап қолданысқа енгізген жүздеген терминдері арқылы терминжасам тәсілдерін анықтап, оларды термин шығармашылығында ұтымды пайдаланудың, ұлттық терминжасам үлгілерін қалыптастырудың жолын көрсетті. 20-жылдары Ахмет Байтұрсынұлы термин комиссиясының төрағасы бола жүріп, көптеген жаңа терминдерді салалық мамандармен қосыла талқылап, оларды бекітіп, қолданысқа енгізді. Өзі басқарған комиссия бекіткен терминдерді сөздік түрінде бастырып шығарып, көпшілік қауымға, мамандарға ұсынды. 1926 жылы Қызылордада «Орысша-қазақша әскерлік атаулары» (Русско-казакская военная терминология) 5000 дана таралыммен, 1927 жылы «Пән сөздері» 10 000 дана таралыммен басылып шықты. 1931 жылы жарық көрген «Атаулар сөздігі» де сол жылдардың жемісі. Оның бұл еңбектері терминографияны дамытудың алғашқы ізденістері болумен бірге, терминологиялық жұмыстарды жүргізудің, оны бір орталықтан басқару мен ұйымдастырудың, оның ішінде, терминологияны біріздендіру мен оны ретке келтірудің де бастамасы еді. Сонымен қатар, А. Байтұрсынұлы төл терминдер мен кірме терминдерді ұлт тілінің фонетикалық, орфографиялық зандылықтарына сәйкес дұрыс жазудың, өзге тілдерден термин қабылдау мен термин алмасудың жолдарын, тәртібін атап көрсеткен ғалым. Бұл айтылғандардың барлығы да қазіргі терминтану ғылымының қолданбалы терминтану, семасиологиялық терминтану, ономасиологиялық терминтану деп аталып жүрген салаларының карастыратын мәселелері. Ал Ахмет Байтұрсынұлының 1926 жылғы Бакуде өткен Бірінші бүкілодақтық түркология сиезінде жасаған баяндамасында қазақ зиялыларының терминологияны жасауда қандай қағидаттарды басшылыққа алып отырғандығын ортаға салып, осы қағидаттарды өзге түркі халықтарының да басшылыққа алу керектігін ұсынуы - терминологияның сол кезеңге тән даму үрдісін айқындап, терминтанудың қай бағытта даму керектігін көрсету болып табылады. Бұл аталғандар - жалпы терминтану мен салғастырмалы терминтану ауқымында қарастырылатын мәселелер. Осы себептен де отандық терминтанудың пән ретінде қалыптасу тарихында Ахмет Байтұрсынұлының алатын орны айрықша болмақ. Сөз болып отырған кезендегі терминологиялық лексиканың жасалуы мен қалыптасуына А. Байтұрсынұлымен замандас Н. Төреқұлұлы, Е. Омарұлы, Х. Досмұхамедұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Ж. Күдерин, М. Жұмабайұлы, Ж. Аймауытұлы, М. Дулатұлы, Т. Шонанұлы сынды алаш зиялыларының да елеулі үлес қосқанын айту керек. Мысалы, Нәзір Төреқұлұлы кірме терминдерді кабылдау, оларды ұлт тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп жазуға арналған «Жат сөздер туралы» (Мәскеу, 1926. - 38 бет) деп аталатын еңбек жазса, 1924 жылы қазақ білімпаздарының тұнғыш сиезінде Елдес Омарұлы «Қазақша пән сөздер» (Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі. Орынбор, 1925. -75-6. ) деген тақырыпта баяндама жасап, терминология қағидаттарын сиез қарауына ұсынған. Сондай-ақ өзге аталған алаш зиялылары да көптеген салалық терминдерді жасап, термин мәселесіне арналған мақалалар жариялаған. XX ғасыр басындағы қазақ терминологиясының жай-күйі туралы сөз еткенде 20-жылдарға дейін-ақ жарық көрген М. Әуезовтің «Қайсысын қолданамыз?» («Сарыарқа» газеті. 1917 жылғы қазанның 9-ы. №17) және «Ғылым тілі (научный термин) » деп аталатын («Абай» журналы. 1918 жыл, №7. 4-7 беттерде) мақалаларын атамай өтуге болмайды. Ғалымның бұл аталған мақалалары терминдерді біріздендіру мен ұлттық ғылым тілінің болашағы туралы мәселе көтерген алғашқы жарияланымдардың бірі.
Осы кезеңде қазақ зиялылары бірнеше арнаулы саланың негізгі ұғымдарының атауларын өз тілімізде жасап, қолданысқа енгізді. Бұл істен қазақ окығандарының ешқайсысы да шет қалмай, көпшілігі ондаған, бірқатары жүздеген қазақша жаңа терминдер жасаған. Олар маманданған салаларының ұғымдарын ұлт тілінде атап, кәсіби қызметінде қазақ тілін кеңінен пайдаланьш, оны ғылым мен білімнің тілі ретінде дамытуды өздерінің төл міндеті санады. Қазақ тілінің қоғам өмірінің барлық салаларындағы қолданысын кеңейтіп, ғылым тілін, терминологиялық лексиканы ұлттық тіл негізінде қалыптастыру, ұлт тіліндегі термин шығармашылығын дамыту - бұл кезеңнің басты ерекшелігі болып табылады.
1930-жылдардан бастап қазақ терминологиялық лексикасын қалыптастыру мен дамытудың жаңа кезеңі басталды. Бұл кезенді «қазақ терминологиясы дамуының кеңестік дәуірі» деуге болады. А. Байтұрсынұлы кезеңіндегі қазақ зиялыларының ғылым тілі мен терминологиялық қорды қалыптастыруда ұстанған бағыттары мен олардың негізге алған қағидаттары қатты сынға алынды. Олар ұлт тілінің дамуына үлкен нұқсан келтіретін, қазақ ұлтын совет халқынан оқшаулап кері тартатын «түркішіл», «пантүркішіл», «ұлтшылдық», «пуристік» бағыт ұстанды делініп, сол 30-жылдарға дейінгі жиырма жылдай уақытты қамтитын алаш оқығандарының терминологияны дамытуда үстанған бағыт-бағдары басқа арнаға бұрылды. Ендігі жерде кеңес одағы халықтарына ортақ жалпы кеңестік терминологиялық қор құру мақсаты қойылды. Одақты құрайтын барлық ұлттық республикалар орыс тілінің терминологиясын үлгі ете отырып, ұлтаралық тіл мәртебесіне ие осы тілмен ортақтығы мол терминологиялық қор қалыптастыру көзделді. КСРО-да терминологияның халықаралық сипатын арттыруға баса мән берілді. Ұлттық республикалардың көпшілігі кеңестік тіл саясатына сәйкес белгіленіп отырған осы бағытқа қарай бетбұрыс жасады. Қазақстан да 30-жылдардан ба үлттық терминологиялық қорын осы жаңа бағытқа сәйкес қалыптастыр бірден қолға алып, осы іске белсене араласқан республикалардың бірі бастап Қазақ терминологиясын дамытудың осы кезең талаптарына жауап беретін жаңа қағидаттары белгіленді. Сөйтіп, барлық терминологиялық жұмыс кеңестік тіл саясатының талаптарына лайықталып жасалған терминология қағидаттарына сай жүргізіле бастады. XX ғасырдың 30-90 жылдары аралығын қамтитын 60 жылдай уақыт ішінде терминология дамуының негізгі бағытын белгілеп отырған мемлекеттің саяси курсы, оған негізделіп белгіленген саясаты да айтарлықтай өзергіске ұшыраған жоқ. Сол себептен де жалпы кеңес одағындағы терминологияны дамытудың бағыты, ұлттық республикаларда сол бағыттағы жүмыстардың жүргізілу тәртібі мен бағдары да басқа арнаға бұрыла қоймады. Қайта жыл өткен сайын орныға түсті. Біздің қазіргі қолданыстағы терминологиялық қорымызды құрайтын терминдеріміздің елеулі бөлігі дәл осы кезеңде жалпыкеңестік терминқор қалыптастыруды мақсат еткен уақытта жасалып, қалыптастырылды. Сондықтан да ұлттық терминологиялық қорымыздың даму, қалыптасу тарихындағы бұл кезеңнің өзіндік орны бар.
Қазақ терминологиясы дамуының бұл кезеңіне тоқталғанда белгілі тілші ғалым Құдайберген Жұбанов есімін атамай өте алмаймыз. Ол жылдардың басынан бастап, өзі жаппай қуғын-сүргін құрбаны болған 1937 жылға дейінгі бірнеше жыл аралығында ғана терминология саласы барынша өнімді жұмыс атқарды. Мемтерминком жұмысына басшылық етті, Мемлекеттік терминология комиссиясы Бюллетенінің төрт санын шығарды. Онда әлеуметтік экономика, математика, физика, ботаника сияқты ғылым салаларының терминдері мен терминология, орфография мәселелеріне арналған мақалалар жарияланды. Ол ұсынған терминология қағидаттары 1935 жылы Мәдениет қызметкерлерінің съезінде қабылданды. Ғалым ұсынған қағидаттардың ресми бекітілуі Қазақстандағы терминологияны дамытудың жаңа бағытының лингвистикалық негізі бар дегенді заңдастыру еді.
Ж. Молдажаровтың «Қ. Жұбанов еңбектері сол жылдардағы тіл құрылысы саласындағы идеологиялық күресті қорытындылайды» деген пікірінің негізі бар. Шындығында да солай. Қ. Жұбанов өз кезеңі талаптарына жауап беретін жаңа қағидаттар жасап, оны съезде ресми бекіту арқылы қазақ терминологиясы дамуының жаңа кезеңінің басталуына, ендігі жерде республикадағы терминологиялық жүмыстардың КСРО-ның белгілеп отырған тіл саясатына сәйкес жүргізілуіне негіз қалады. 30-жылдардың орта тұсынан бастап термин жасау, терминдерді шет тілдерінен кабылдау, терминдерді жазу, бір сөзбен айтқанда барлық терминологиялық жұмыстар ғалым ұсынған қағидаттарды негізге ала отырып жүргізілді.
Тілші ғалым А. Әбдірахманов «Қ. Жұбановтың осы айтылған идеялары мен қағидалары тіл майданындағы күресте жеңіп шықты . . . интернационалдық терминдердің орыс тіліндегідей вариантта жазылуы Қ. Жұбановтың дәйекті күресінің арқасында 1935 жылы республика Мәдениет қызметкерлерінің съезінде қабылданып, қазақ тілінің дамуы барысында өмірден бекем орын тепті. Сөйтіп, Қ. Жұбановтың ғылым жолындағы табанды күресінің аркасында орфографияның негізгі мәселелері мен терминология программаларында нағыз төңкеріс жасалды, жаңа бағыт жүзеге асырылды», - деп жазады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz