Технология сабағында оқушыларға бұйымдарды көркемдеп өңдеуге үйрету әдісін қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА

Тақырыбы: Технология сабағында оқушыларға бұйымдарды көркемдеп өңдеуге үйрету әдісін қалыптастыру

На тему:

Мамандығы

Специальность

Орындады:

Выполнил : Тулебаева Г .

Жетекші

Руководитель Сарсембаева К. Е

«Қорғауға жіберілді»

«Допускается к защите»

Кафедра меңгерушісі

Зав. Кафедрой Лузина О. И

Көкшетау 2014

Жоспар

Кіріспе . . . 3

І. Тарау. Халық дәстүрлі өнері ұлттық мәдени мұра . . . 6

1. 1. Қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнері . . . 6

1. 2. Қазақ халқының ою-өрнектерінің қолданылу . . . 15

1. 3. Кілемнің шығу тарихы . . . 23

1. 4. Инемен кілем тоқу техникасында сәндік панно дайындау . . . 30

ІІ. Әдістемелік бөлім . . . 34

2. 1. Оқушыларды еңбекке даярлаудағы оқытудың ерекшеліктері . . . 34

2. 2. Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер арқылы мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыру . . . 44

2. 3. Қазақ халқының қолөнерін оқушыларға үйретудің маңызы

мен мазмұны . . . 49

2. 4. Сабақ жоспарлары . . . 52

Қорытынды . . . 60

Пайдаланған әдебиеттер . . . 62

Қосымша . . . 63

.

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі күннің талабы - білімді, өнерлі, өнегелі жас ұрпақ тәрбиелеу. Әлемдік білім беру жүйесі ХХІ ғасырда жаңа, тың бағытта дами бастады. Білім берудің мазмұны, мақсаты өзгерді. Қоғам, мемлекеттік болған соң, ең алдымен, білім, тәрбие керек. Сондықтан да елбасымыз Н. Назарбаев өзінің Жолдауларында білім мен өнер, мәдениет салаларына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.

“Бүгінгі таңда ұрпақ алдында “Қазақстан 2030” бағдарламасындағы: “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы” деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мың жылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: “Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады” деп айтылған. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: “Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілеттері жеке тұлғаны қалыптастыру” деп көрсетілген.

Қай кезең, қай дәуірде де адамға білім мен тәрбие беруден артық асыл міндет болмаған. Еңбек атадан балаға мұра етіп қалдырылған кәсіп түрлері. Оны орындау жолдары мен әдістері жайында мағұлымат беріліп қана қоймай, ол ғылымның жаңа жетістіктерімен толықтырылып, мазмұны байытылып, оқушыларды белгілі бір кәсіпке бейімдеуде, бағыт беруде практикалық жұмыс барысында жүзеге асырылып отырылады. Бұл жұмыстар оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастырып, ұлттық сана-сезімін оятып, ата-баба дәстүрін жалғастыратын, ел экономикасының өркендеуіне, дамуына үлес қоса алатын, жаңаша білім беретін ғылым саласы.

Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды педагогикалық- психологиялық зерттеу, еңбекке деген жеке қабілетін анықтау, бағыт-бағдар беру қажет.

Қазіргі кезеңде проблеманың көкейкестілігі - оның теория мен практикада жүзеге асырылудың аздығында, ғылыми - талқыланған әдістемелердің жоқтылығы.

Еліміздегі психология және педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі оқушының жеке дамуы, өзіндік жұмысы, білік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары С. Т. Сабыров, Н. Д. Хмель А. Е. Әбілхасымова Р. К. Төлеубекова т. б. ғылыми еңбектерінде қарастырылған. Оқыту үрдісін жетілдіру мәселесі көптеген ғалым педагогтермен психологтердің еңбектерінде Л. В. Занков, М. А. Данилов, Ю. К. Бабанский т. б. зерттелінген. Оқу үрдісінде оқушылардың белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін, оқушының өз бетінше жұмысын ұйымдастыру, танымдық ізденімпаздық, шығармашылық белсенділігін қалыптастыру мәселелері туралы жазылған еңбектердің қатарына П. И. Пидкасистый, Н. А. Половникова, Т. И. Шамова, Г. И. Щукина, Р. С. Омарова еңбектері жатады. . Ф. Талызина өзінің “Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру” атты еңбегінде оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін арттырудың жолдарын атап көрсеткен.

Қазіргі қоғам талабына орай орта мектептердегі білім беру сапасын жақсартуды жүзеге асыратын, оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін арттыру қалыптастыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісінде яғни, технология сабақтарында оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін арттырудың және қалыптастырудың жолдарын теориялық тұрғыда негіздеп, оны жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын анықтау.

Зерттеудің міндеттері : 5 сынып оқушыларының көркем шығармашылық қалыптастырудың негіздерін жасау.

Оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін арттыру мүмкіндіктерін анықтау.
Оқушылардың танымдық шығармашылық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттарын белгілеу арқылы оның мазмұны, формасы мен әдіс-тәсілдерін айқындау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырудың теориялық негіздері айқындалды, және негізгі ұғымдардың анықтамасы нақтыланды. Оқушыларда шығармашылық белсенділікті арттыру мүмкіндіктері айқындалды. 5 сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін арттырудың деңгейлері мен шарттары айқындалды. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін инновациялық технологиялар арқылы арттыру әдістемесі жасалды.

Деректерді талдау. Бұл дипломдық жұмыста түрлі сипаттағы әдістемелік, педагогикалық және арнайы әдебиеттер қолданылды. Бірінші бөлімінде сәндік қолданбалы өнері туралы арнайы оқулықтар, екінші бөлімінде жалпы білім беру мектебіндегі технология пәннің бағдарламасына, педагогика, психология, технология пәндеріне талдау жасаланды.

Зерттеудің объектісі -Жалпы білім беру мектепіндегі технология пәнінің базалық негіздерін меңгерулеріне бағытталған оқыту процессі.

Зерттеу пәні - Жалпы білім беретін мектептептеріндегі 5 сыныптың технология пәні

Зерттеу әдістері. Зерттеу жүргізуде қолданылған әдістер: теориялық - мәселе бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиетті талдау және зерттеу нәтижелерін қорыту.

Ғылыми жаңалық. Технология сабақтарында оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындауға, білім мазмұны мен оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіруге үлес қосады.

Тәжірибелік маңыздылық. Зерттеу нәтижелерін қолдану оқыту процессін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Білім алушылардың кәсіптік бағдарлануына жол ашып, кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде қолданыла алады.

Зерттеудің ғылыми болжамы- Технология сабақтарында кілем тоұуды үйрету үйрету арқылы оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыру арқылы олардың ой-өрісі, танымы, шығармашылық қабілеті, білімі, біліктілігі, дағдысы, ізгілік қасиеттері қалыптасады.

Сонымен қатар оқу процессін ұйымдастыруда кілемді көркемдеп тоқуды үйретсе мүмкіндігінше келешек ұрпақтың іскерлігі мен пәнге деген қызығушылығы артады.

І. Тарау. Халық дәстүрлі өнері ұлттық мәдени мұра.

1. 1. Қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнері.

Қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнері - көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, қара шаңырағы. Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Мысалы, Геродот былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттарының әшекейленіп, киімдерінің өзіне тән үлгісі барын айтады[1; 8] .

Академик Ә. Марғұлан: «Есть основание пологать что народное искусство казахов находится в генетической связи с искусством саков, усуней, гуннов и других племен, населявщих в древности территорию Казахстана» [2; 131], - деп көшпенді халық өнерінен бастау алғанын теория жүзінде дәлелдеген.

Тайпалар еңбек құралдарын, қарулар, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар жасауда құю, қақтау, қысып өрнектеу, жону, тегістеп жылтырату техникасын жақсы меңгерді, заттарға өрнек сала білді. Мысалы, қазақ жерінен табылған айшық түймелер, жылқының сүйегінен ойып жасалған ромб, үшбұрыш тәрізді бейнелерді атауға болады.

Ол кең байтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алғаны ғалымдар өз еңбектерінде сөз етеді. Мысалы, С. Қасиманов: «халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығы» [10] десе, ал М. С. Мұқанов: «… дәстүрлі халық өнерінің негізі. Халық мұрасынсыз алға басу мүмкін еместігін» [18], - ескертеді.

Ө. Жәнібеков дәстүрлі өнер, халықтың рухани әлемі дей келе, «… бабалар мұрасы ұлттық игі қасиеттерге ұқыпты болуды, жұртты ұлттық мақтанышқа баулу ісін, көп ұлтты Қазақстан халқын ауызбірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу ісін жүйеге келтіруді талап етеді»- деп [5] оның тәрбие берудің барлық саласын қамтитынын тілге тиек етеді.

Қай халықтың болмасын заттық, рухани мәдениетінің жиналу, жариялану, зерттелу тарихының басталған уақыттан дөп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты қөне болса, оның зерттелу тарихы соншалықты тереңге бой тартады. Сол сияқты қазақ халқының рухани мұраларының бірі қолданбалы өнерінің тасқа қашалған көне іздерін V-VІІІ ғасыр ескерткіштері мен Орта Енисей жазбаларынан тапсақ, одан бергі орта ғасырлық жазба деректердің барлығында да халық мұрасы өз желісін үзбей, әр түрлі деңгейде бой көрсетіп отырады [6; 5] .

А. Сейдімбектің топшылауынша байырғы көшпенділердің өмір салты дүниеге әкелген мал құлағына ен салу, малдың санына күйдіріп таңба басу, әр рудың өзіндік таңбасының болуы, тіптен денелеріне қара күйе сіңіру арқылы татуировкалау («Пазырық» қорғанының дерегі) сияқты қасиеттердің қай-қайсыда ең алдымен белгі берушілік, хабар білдірушілік, ажыратушылық міндет атқарған. Мұның сыртында белгілі-бір затпен, көрініспен ой айту, ниет құлқын білдіру көшпенділер арасында шыңдалған дәстүрге ұласқан [7] .

Көшпелілердің ұлы өркениетін, мәдениетін сөз еткенде оны ешқандай айғақсыз, дерексіз баяндай берудің мүмкін еместігіне көз жеткізе отырып, оны халықтың рухани байлығының жемісі, заттық (тұрмыстық) мәдениеттің айқын айғағы ретінде зерттеу негізгі мақсат. Өйткені көшпелі ғұмыр мен қолданбалы өнер егіз. Ол туралы зерттеуші Б. Сапарұлының «Адалбақан» кітабында жақсы айтылған: «Көшпелілер қайталанбас сын-сипаты мен мейлінше қарапайым қолданысы бар қолөнер бұйымдарын аспан асты - жарық дүниеге келтірді. Қолданды. Қайта әсемдеп жасады. Қолдан қолға таратты… Тайпа, ұлыс, халық қолөнері сабақтаса дамыды. Көшпелі тіршілік барда қайран бабам қолөнері көзіне құрт түспеген» [8; 31] .

Ата-бабаларымыздың рухани болмысының «көшпелі» еместігі көшпелілер мәдениетімен салыстыра қарағанда айқын байқалады. Көшпелілердің өмір салтында айнала қоршаған ортаны, табиғатты, космосты, яғни әлемді танып-білуде өзіндік ережесі болған, өткен мен болашақ арасындағы қөзқарастардың біртұтас жүйесі қалыптасқан. Бұл номаттардың этномәдениетінің өзіндік ерекшелігінен айқын танылады. Өйткені халық өнері - этностың ой-санасы мен дүниетанымының, өмір болмысы мен көзқарасының өзара байланысын береді. Бірақ қоғамдық сана шындықтың жансыз көшірмесі емес, ол заманның этномәдени рухани мәнін, көркем-эстетикалық идеяларын мағыналы мазмұнға айналдырған биік этникалық қасиеттерінің нышаны.

Біріншіден, өнерді жасаушы халық, өйткені халық тарихқа өз бейнесін сурет қылып салып кеткен. Екіншіден, бабалар мұрасы ғасырлар бойы сұрыпталып, ұзақ уақыт сыннан өткен. Оның бастапқы мазмұнын шындай түсуге қаншама ұрпақтың ақыл-ойы, дүниетанымдық ой-түсінігі, эстетикалық сана-сезімі жұмсалған.

Осынау халық мұрасындағы көркем мәдениетті жіктейтін болсақ, ол тас дәуіріндегі геометриялық өрнектер мен сақ дәуіріндегі «жануарлық таңбадан» басталып, қазіргі ұлттық жаңару төл өнерімізде дәстүрлі (қазақ қолданбалы өнерінің зергерлік, тас қашау, мүсіндеу, киіз үй жасау т. б. түрлерінде) заттанған көрініс алады. Негізінен қолданбалы өнерді көркем мәдениет туралы ұғымдардың қалыптасу тарихынан бөліп қарауға болмайды. Онда бейнеленген бедерлер қашан?, қайда?, қалай? пайда болғанын ғана емес, ішкі терең мазмұнды, өрелі ойдың мәні неде, тәрбие беру жолдары қандай? - деген сұрақтарға жауап беруге жетелейді. Алайда, олар бойына таңғажайып қиял мен шыңдалған шеберлікті жинаған, өмір тәжірибесімен сабақтасқан мәңгілік өнер туындысы болып табылады. Ол бұйымдар сол кезеңде ерекше қасиетке ие болып, дүниетанымдық жүйе қалыптастырған. Олар бір жағынан, әр түрлі жан-жануарлардың күштілігі, көрегендігі сол мүліктің иесіне дарысын деген сенім, яғни жануарларға сиыну ұғымын қалыптастырған. Екіншіден, қолданбалы өнер бұйымдары тәлім-тәрбиенің негізі болған. Көшпелілер күн көріс көзі малды өз қажеттілігіне пайдаланып, металды өңдеп, жауынгерлік тәртіпті меңгеріп, ат әбзелдерін, тұрмыс бұйымдарын жасауға әбден бейімделген. Қолдан-қолға таратып, қолданбалы өнермен айналысқан. Сондықтан да көшпелі мен қазақ қолданбалы өнері егіз, біртұтас рухани дүниетаным.

Сақ кезеңінің (VІІ-VІ ғ. б. э. д. ) көркем мәдениеті жануарлық стильде дамыған. Онда көбінесе тау ешкі, арқар, бұғы, т. б. жануарлар бейнеленген. Бұған «Сақ бегзадасының» киімдері мен сән-салтанат бұйымдарындағы көріністер мысал болады.

Сол сияқты жануарлар бейнесі қапсырмалар, білезіктерде де салынған. Мысалы, «Ағаш түбіндегі көшпелілер демалуы» атты қапсырмада ағаш түбінде отырған әйел және ер адамдар, ерттеулі аттар бейнеленген. Бұл Алтай және қазақ халқының «Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу» поэмасының желісінде жасалғанын ғалымдар (В. Чепелев, С. Дудин) еңбектерінде айтылады. Бұл қолданбалы өнердегі этномәдени сәйкестік. Кейіннен жануарлардың дене мүшелері ою-өрнектермен алмастырылады. Соның нәтижесінде тұлпар тұяқ, ат бас, қошқар мүйіз, түйе табан, т. б. өрнектері пайда болған. Мысалы, ертеде оғыздар мен қыпшақтар, кейіннен қазақтар тас бетіндегі тұлпар тұяғына сиынған. Ондай тастар «тұлпар тас» деп аталған.

Тұтастай алғанда сақтардың «аң стилі» дүниетанымның заңды көрінісі көшпелілер идеологиясын білдіретін айрықша бейнелер ретінде құрылып қалыптасады. Мысалы, Сынтас қорымынан табылған сүйек қасықтың сабында бірнеше мүсін бар. Біріншісі - басын артқа қаратып, аузын ақситып жатқан қасқыр, келесісі - бұл да басын артқа қаратқан бүркіт мүсіні[9; 137-156] .

Түрік қағанаты көркем мәдениетінде тас өндеу мен сүйек ұқсату өнерінің өркендеуіне сай сүйек пен металдан жасалатын бұйымдарды әсемдеу барысында негізінен геометриялық (ирек, дөңгелек тәріздес), өсімдік тектес және зооморфтық мотивтер қолданылды.

VІІІ-ІХ ғасырда қолданбалы өнері қазақ жерінде өмір сүрген қыпшақ, қарлұқ тайпаларының көркем мәдениетінде жалғасын табады. Бұл кезде тас өңдеу, зергерлік бұйымдар жасау жақсы дамыған. Қыпшақтар зергерлік бұйымдары көбінесе құс бейнесінде болып, аспан белгісі көрініс алған.

Бұл кезеңде ер адамдар тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, метал мен ағаштан бұйымдар жасап оны әсемдеуді, ал әйелдер кесте тігу, өрмек тоқу, ши орау, киіз бастыру, сырмақ сыру, тері киім тігумен әйелдер айналысқан. Қыз келіншектердің қолынан тоқылған кілем, алашалар, басылған киіз, текеметтер, сырылған сырмақ, көрпелер шеберден асқан ісмерлікті, бояу түрлерін сезіне білуді, үлкен эстетикалық талғамды талап етті.

Қазақтардың ою-өрнектері негізінен тұрмысқа қажетті заттарды әшекейлеу үшін пайдаланса, жалпы қолданбалы өнері тұрмысты әшекейлеу үшін пайдаланған мәні бар шығармаларына айналды.

«Орта Азиядағы көшпелілердің өмірінде - деп жазды А. А. Боголюбов, - кілемдерден бірнеше ұрпақтар қолымен жасалған, тұрақты, бүкіл тайпаға тиесілді және жеке бастың емес, ортақ эстетикалық қажеттіліктерді бейнелейтін суреттерді кездестіреміз». Зергерлік өнердің магиялық қызметі де басым болғанын Окладников еңбегінде де дәлелденген [10; 84-103] .

Қолданбалы өнерінің бел туындыларының бірі - тас өңдеу. Оның негізгі түрлері тас ескерткіштер, мүсінтастар. Ә. Марғұлан тарихи дәуірден сақталып келе жатқан тас мүсіндер біріншіден, ата-ананың рухын қадірлеуден, аспанға, күнге табынудың бір белгісі; екіншіден, тек басын жұмырлап келтіру, өзге денені бедерлемеу және іргесіне төрт бұрышты тас шарбақ тұрғызып отырғаны дүниенің төрт бұрышын меңзегені; үшіншіден, VІІ-Х ғасырдағы мүсіндер өте реалистік бағытқа сүйеніп, шындықтан ауытқымауды, адамның келбетін (портретін) тура өзіндей қылып жасауды мақсат еткен.

Жас әйелді суреттеген тас мүсіндер «қыз тас», «келіншек тас» деп үлкендерін «кемпір тас» деп атаған. «Кемпір тас» пен «қойшы тастың» келбеті біріне бірі өте жақын. Екеуіде қолын бауырына қысып, кіндігінен жоғары құты сауыт ұстап отырады. Бұл да күнге аспанға табынудың, малымыз көп болсын деген тілек. Олар тас мүсіндерін екі жүйе болып созылған ұзын қанаты (жол) бар үлкен тас обалардың шығыс жағына орнатып бетін шығып келе жатқан күнге қаратып қойған. Шығып келе жатқан күнге бас иіп, табынып, одан жақсылық күткен [11; 14-15] . Тасқа қашалып жазылған жырлар («Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк») еркіндік аңсаған халықтың бақытты өмірі жайлы арман-қиялын, тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы күресіп келе жатқан ерлердің қаһармандықтарын келер ұрпаққа үлгі-өнеге етіп, тәлім-тәрбиелік әсер қалдырған. Өнер қиял-ғажайыптан пайда болған - нақыш. Ол мәңгілік өмір, қоғам, адамдар болмысы туралы сыр шертеді. Демек, жаратылыстығы үштік құрылым, дүниенің төрт бұрышы сияқты ұғым, түсініктер, таңбалардағы (реальды, концептуальды, перцептуальды) кеңістік пен уақытта заттанған көрініс алады. Өйткені ертеде көшпелілер айтқысы келген ойларын қолданбалы өнері арқылы жеткізе білген.

Халқымыздың сарқылмас бай қазынасы, рухани мұрасы болып табылатын қазақ қолданбалы өнеріне деген алғашқы негізі, ұлттық мәдени құндылықтарға баулу ісі мектептегі бейнелеу өнері пәнінен басталатыны белгілі.

Осы тұрғыдан бейнелеу өнері пәнін мектепте оқытудың негізгі мақсаты қоршаған орта әсемдігін көру, сезіну, қабылдау қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін жетілдіру, көркемдік қаракеттерді өз бетімен орындауға үйрету болып табылады.

Қазақстандағы мектеп оқушыларының көркем мәдениетін қалыптастыруда дәстүрлі өнердің ерекшеліктері мынадай міндеттерді алға қояды:

- қолданбалы және бейнелеу өнерінің мәнерлеу тілін меңгеру арқылы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыру;

- қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыда бағалауға қажетті білім қалыптастыру;

- бейнелеу өнері сабақтарында оқушының шығармашылық қарекеттерінің потенциалын жетілдіру;

-оқушылардың ұлттық өнерге деген мақтаныш сезімі мен елжандылығын қалыптастыру.

Мұндай міндеттерді шешу барысында бағдарламалардағы берілген тапсырмалардың мазмұнындағы ұлттық мәдени мұраны тиімді пайдалану қажет.

Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады.

Жүннен жасалатын бұйымдар.

Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің жүні, шудасы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Технология пәнін оқытудағы өндірістік оқыту жүйелері
Әйелдер ұлттық көйлегін әзірлеу технологиясы және окыту әдістемесі
Ағаштың түрлері, оны өңдеу және әшекейлеу өнерінің дамуы. Оқушылардың шығармашылық кабілетін арттыру–технология пәнінің міндеті
Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеу. Оқушылардың шығармашылық кабілетін арттыру–технология пәнінің міндеті
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
5-7 сынып оқушыларына технология сабақтарында ағашты өңдеудің әдістемесі
Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру ( 5-сынып )
Қолданбалы өнердің негізгі шикізаты - тері өнімі
Оқушыларға керекті ағаш өңдеуге ағаш тесу, өңдеу қондырғыларымен таныстыру
Жоғары сынып оқушыларына белсенді әдістер арқылы киімді көркемдеп сәндеуге үйрету әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz