Тәуелсіздік жылдарындағы Белорусияның саяси-әлеуметтік дамуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова

Ериков Қабижан

«Тәуелсіздік жылдарындағы Белорусияның САЯСИ- ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА

Мамандығы (050114) Тарих

Специальность

Көкшетау 2014

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА

Тақырыбы:

На тему: «Тәуелсіздік жылдарындағы Белорусияның саяси-әлеуметтік дамуы»

Мамандығы

Специальность (050114) Тарих

Орындады:

Выполнил: Ериков Қабижан

Жетекші

Руководитель Шаймерденова Ж. К.

«Қорғауға жіберілді»

«Допускается к защите»

Кафедра меңгерушісі

Зав. Кафедрой Кушпаева А. Б.

Көкшетау 2014

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 ТӘУЕЛСІЗ БЕЛОРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 1Станислав Шушкевичтен Александр Лукашенко дәуіріндегі Белорусиядағы саяси билік . . . 9

1. 2 Белоруссияның ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы әлеуметтік - экономикалық даму ерекшеліктері . . . 17

2 ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА ӨРКЕНДЕУ КЕЗЕҢІ

2. 1 Беларусь Республикасының 2000-шы жылдардан кейінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы . . . 23

2. 2 Беларусь Республикасының сыртқы саясаты . . . 31

3 Жалпы тарихы курсы бойынша Беларусь Республикасы тақырыбын өткізу әдістемесі . . . 60

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 65

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. 1991 ж. желтоқсанда Минск қаласында КСРО-ның бастапқы құрылтайшылары болған одақтас республикалар Беларусь, Ресей, Украина басшылары өздерінің КСРО-ны тарататындықтарын жариялады (қ. Беловеж келісімі) . Сөйтіп, КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты. 1991 ж. 21 желтоқсанда бұрынғы КСРО республикалары Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина Алматы қаласында өздерінің Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құратындықтары жөніндегі декларацияға қол қойды [1] .

КСРО- ның Беловеж нуындағы 1991 ж 8- ші желтоқсандағы Ресей, Украина, Беларусь республикаларының басшылары Борис Ельцин, Л. Кравчук, С. Шушкеевич келісімі ХХ ғасырдың соңындағы әлемдік тарихтағы ең зор оқиға болды деп айтуға болады осы сәттен бастап әлемдік екінші супердержава өзінің өмір сүруін тоқтатты. Бұл тарихи оқиғаны уақыт өте келе зерттеуші тарихшылар мен саясаттанушылар белгілі саяси қайраткерлер әрқыйлы бағалады. Алғашқыда әсіресе ұлттық республикаларда ол ыдырау тарихи әділетті әр халықтың саяси - рухани экономикалық жағынан еркін дамуына жол ашқан прогрессивті, әрі жағымды тарихи акт ретінде бағаланса, кейіннен әсіресе Ресейде ол қазіргі Ресей президентінің сөзімен айтқанда: « КСРО - ның ыдырауы ол ХХ ғасырдағы ең ірі саяси апат» ретінде бағаланды.

Екінші жағынан КСРО сияқты әлем құрлығының алтыдан бір бөлегін алып жатқан, адам ресурстарына бай, мұнай басқа да энергетикалық көздер бойынша әлемде жетекші орынға ие, екінші ядролық потенциалы бар елдің тез арада ыдырауы АҚШ бастаған Батыс елдері мен Қытай сияқты таяу көршілеріміз үшін мүлдем күтпеген дамудың сценариі болатын.

Одақтас Республикалардың әр қайсысысының бастапқыдағы жағдайлары старттық мүмкіндіктері әрқилы болып шықты. Ресей немесе Түркменстан, Қазақстан сияқты елдер шикізат қорына бай елдер болса Беларусь КСРО дағы индустриалды ел болғанымен шикізат көздеріне мейлінше жұтаң болатын. Сондықтан Беларусияның тәуелсіздік кезеңдегі дамуы, әсіресе экономикалық және саяси дамуы өзгеше форматта өрбіді. С. Шушкевич тұсындағы либералдық қозғалыстың А. Лукашенко тұсында жалғасын таппауының өзіндік себептері болды. Саяси жүйелердің ақырғы толқыны саяси трасформациялану болжамы туралы көзқарастарды өзгертті, сондай-ақ кейбір жеке елдердің саяси жүйелерін тіпті толық қоғамдардың жеке және жалпы ерекшеліктерін сараптама жасау қажеттігін көрсетті. КСРО тарқағаннан кейін жаңа тәуелсіз елдерде болып жатқан саяси үрдістер зерттеушілердің алдында бірқатар мәселелерді қойды. Көптеген құбылыстардың ерекшеліктерін түсіну қажет. Сол себепті де Беларусиядағы саяси реформа консервативті бағытта дамыды, либералдық реформалар қысқартылып Беларусияның экономикасы мен саяси жүйесіндегі реформалар көрші Ресей мен Қазақстаннан айтарлықтай ерекшеленді. Алдымен келесі құбылыстарың себептерін түсіндіру қажет:

- неге посткеңестік трансформация шығыстыкінен бір жағынан айырмашылығы бар, ал екінші жағынан өз ішінде бір КСРО мемлекетінің құрамында болғанына қарамастан Беларусия сияқты елдің эконмикалық және саяси құрылымында айтарлықтай айырмашылығы бар;
- неге бұрынғы ТМД елдері барлық айырмашылықтарға қарамастан бірыңғай демократияға келмеді;

- неге ТМД елдерінің саяси жүйелері бір бірінен айырмашылығы уақыт өткен сайын зорая түседі;

- неге посткеңестік кеңістіктің өзі кішігірім саяси, әскери, экономикалық одақтарға және құрылымдарға ыдырады.

- осы реттегі Беларусияның орны мен рөлі қандай болды.

- неліктен бұл елдердегі билік жүйесінде биліктің вертикалды құрлымы күшейіп, азаматтық қоғам мен демократиялық жүйелердің қалыптасуында елеулі қиындықтар пайда болды.

Жуық арадағы кейбір посткеңестік мемлекеттерде саяси элитаны күштеп ауыстыруы да зерттеушілердің алдында осы үрдістерді зерттеудің күрделілігін, трансформацияның сыртқы және ішкі факторларын және элитаны өзгерту барысында жаңа саяси режимге келуін, посткеңестік кеңістікте «революциялардың өзгешелігін», олардың басқа ТМД республикаларында қайталану мүмкіншілігін зерттеу болып табылады.

Белорусияның оның алғашқы жүйелік жаңару дәуірінде көптеген посткеңестік елдердегі сияқты тоталитарлық авторитаризм ерекшеліктері байқалды. Біріншіден Белорусия басқа республикалар сияқты тек өздік құндылықтарға негізделген ғана емес, ұлттық мәдениет пен тарихи дәстүрлерге негізделген демократиялық қоғамды орнатуды жариялады. Атақты батыс саясаткері Проф Ру жазғандай авторитетке негізделген.

Екіншіден бұл саяси феноменде өтпелі кезеңнің қоғамдық даму бағыты айқындалды. Тоталитарлық жүйеден құтылу оңай емес, біртіндеп кезеңдермен өту жүреді, яғни күшті тоталитарлық жүйеден реальді демократиялық бағытта жылжу болды. Мұны кезінде атақты аменрикандық зерттеуші Марта Олкот «күрделі кеңестік қоғамның трансформациясы баяу жүруі мүмкін» деген.

Сондықтанда Белорусияның дамуы, оның тарихындағы Александр Лукашенконың ролі, сыртқы саяси мұрасы мен тағдыры тарих ғылымында әлі де толығымен зерттелмегендіктен және сараптама жасалмағандықтан бұл тақырыптың өзектілігін айқындайды.

Тақырыптың өзектілігі тағы да бүгінгі күні біз жаңа дүние құрылысының қалыптасуын және бұл үдерістегі Беларусияның рөлін бағамдау маңызды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан бұрынғы халықаралық қауіпсіздік жүйесі КСРО мен социалистік елдер лагері ыдыраған соң ескіріп, жаңа күш орталықтары мен геосаяси альянстар қалыптасуда. Белорусияның сыртқы саяси бағытын қалыптастыруда қазіргі заманның қауіптеріне сабырлық танытып, дұрыс шешімін тауып, осы өзгеріп жатқан дүниеде өзінің тиімді орнын табуға ізденіс жасауда. КСРО ыдырап, Ресей аз уақытқа әлсіреген уақыттағы

Шығыс Еуропалық аймақтың халықаралық рөлінің күшеюіне байланысты және алпауыт мемлекеттердің осы аймаққа ықпалын күшейту жолындағы бәсекелестігі де осы тақырыптың өзектілігін аша түседі. Шығыс Европа елдері мен Балтық елдері және Молдова ал соңғы уақытта Украинаның Батыстық векторды ұстануы мәселенің қаншалықты күрделі екендігін байқатады.

Белоруссияға деген зерттеу қызығушылығы алдымен бұл мемлекеттің ірілігімен және Шығыс Еуропалық аймақта өзінің әлеуметтік-экономикалық потенциалымен, үнемі осы аймақтың саяси, экономикалық және рухани көшбасшы болуға ұмтылуымен және оның қайта күш алып келе жатқан Ресеймен әртүрлі салалардағы тығыз одақтастығымен түсіндіріледі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Белоруссияның трансформациялану үрдісіне арналған отандық тарихнамада аз, бірақта әртүрлі әдістемелермен және әртүрлі материалдар деңгейінде зерттеуге деген ұмтылыс бар. Әдістемелік мақсатта барлық әдебиетті ресейлік, шетелдік және отандық деп үшке бөлуге болады.

Отандық зерттеушілер негізіне саясаткерлер, олардың сараптамаларын атап өтуге болады.

Арнайы мемлекеттік бағдарлама бойынша Тәуелсіз Белоруссия тарихын зерттеуде көптеген фундаментальді зерттеулер жазылды: «Белорус халқы мен ұлтының қалыптасуы мен даму тарихы. Ұлттық үдерістер және қазіргі кезеңдегі ұлттық қатынастар » (1990 - 1995) ; «Белоруссияның ұлттық тарихы, өнері, фольклор, этномәдени дәстүрлері славян мәдениетінің контексінде, қазіргі дүниеде ғаламдық этноконфессиональді үдерістерді дамыту» (2001 - 2005), «Беларусь ХХ ғасырдың соғыс және соғыс қақтығыстарында », «Белорусь Республикасы қайта құру жүйесінде: тарих және қазіргі кезең», «Жалпы тарих, халықаралық қатынастар, мемлекет аралық бірегейлену үдерістері: тәжірибе, болашағы». Осы ғылыми зерттеулер негізінен, Белорус Мемлекеттік университетінде, Могилев мемлекеттік университетінде, Брест мемлекет университетінде, Гроднен және Витебск мемлекеттік университетінде, Белорус мемлекеттік педагогикалық университетінде, Белорус мемлекеттік экономикалық университетінде және т. б. жоғарғы оқу орындарының тарихи кафедраларында жазылып, 60 доктор және 165 ғылым кандидаттары қатысты. Шлындиков В. М. «Белорусь-экономика дағдарысының хроникасы» еңбегінде Тәуелсіздік дәуірінің бастауындағы белорусиядағы дағдарыс мәселелері қарастырылған. Осы тақырыпқа осы автордың Злотников Л. К. бірігіп жазылған «Экономикалық саясат: анализ және альтернатива» ғылыми зерттеулері, әсіресе Круталевич В. А. «Өзін-өзі айқындау: БХР-БКСР-БР», «Республика Белорусь: әкімшілік-территориалдық құрылым» атты еңбектерінде Республиканың әлеуметтік-экономикалық, саяси дамулары зерттеледі.

Зерттеудің мақсаттары: Зерттеу жұмысының мақсаты Белоруссияның Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жиырма үш жылдық тарихын қарастыру, Республиканың саяси жүйесінің трансформациясына сараптама жасау. Александр Лукашенконың тұсындағы Белорусияның даму ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Қазіргі заманның тарих ғылымының талабына сай, кейбір аспектілердің қарастыруларын ескере отырып, Белорусь Республикасының саясатының басты бағыттарына жан-жақты сараптама жасау болып табылады.

Осы мақсатқа байланысты келесі міндеттерді шешу қажет:

-Белорусияның бұрынғы саяси режимдерінің трансформациялық үрдістерін қарастыру;

- Белорусия Президентінің халықаралық аренадағы рөлін айқындау;

-Александр Лукашенконың саясатына ғылыми сараптама жасауға әрекеттену;
- Белорусь дәстүрлі қоғамындағы өзгерістер;

- Белорусияның даму ерекшеліктері, оның ішінде Белорусияның тұрақты даму концепциясының жүзеге асуы;

- Белорусияның ХХ ғасырды аяғы мен ХХІ ғасырдағы даму айырмашылықтары;

- Белорусь Республикасының қазіргі халықаралық қатынас жүйесіндегі рөліне ғаламдық және аймақтық үрдістерді ескеру арқылы сараптама жасау;

- Белорусияның екі жақты ТМД, Еуропа, Азия, Жақын және Орта Азия елдерімен олардың ерекшеліктерін ескере отырып келісімдеріне салыстырмалы саралау;

- Белорусияның халықаралық және аймақтық ұйымдарда қатысуларын зерттеу, олардың елдің сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуын көрсету;

-Белорусияның таяу уақыттағы саяси жетістіктерінің тәжірибелік жолы мен тәсілдерін қарастыру.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы алдымен Белоруссиядада қоғамдық-саяси және мемлекеттік жүйе ауысқаннан кейінгі жиырма үш жыл тарихына алғаш рет жан-жақты зерттеу жүргізу болып табылады. Зерттеу жұмысында Алескандр Лукашенко билігінің тұсындағы Белорусь Республикасының сыртқы және ішкі саясаттарына сараптама жасап, халықаралық жағдайдың қалыптасуына байланысты оның өзгеруін, Белорусияның жақын және алыс шетелдермен екі немесе көпжақты қатынастарының ерекшеліктері мен сипатын айқындап, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздіктің жаңа қауіптерін көрсету, оған Белорусь Республикасының Президенті мен үкіметінің көзқарасы мен әрекетін қарастыру болып табылады.

Зерттеу жұмысының әдіснамасы тарихи және обьективті принципке, Белорусь мемлекеттілігінің қалыптасу тарихына жүйелі сараптамаға негізделген. Тарихи- салыстырмалы әдістер белорусь тарихындағы бірнеше рет қайталанатын саяси үрдістерді қарастыруға, оның генетикалық ұқсастығына және сол кездегі пайда болған және соның ықпалымен дамыған халықаралық тарихи жағдайларды салыстыруға және олардың мемлекеттің дамуының әртүрлі кезеңінде сапалы өзгерістерін қарастыруға мүмкіндік береді. Жүйелі көзқарас Республиканың жалпы дамуын, сонымен қатар оның маңызды элементтерінің өзара тәуелділігін және өзара байланыстылығын қарастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу обьектісі Белорусь Республикасының ХХ ғ. 90-шы жылдары мен ХХІ ғ. алғашқы он жылдығындағы Белорусияның тарихи дамуы, оның басты басымдарына әсер ететін факторлар.

Зерттеу пәні Белорусь Республикасының жиырма үш жыл даму жолындағы әлеуметтік экономикалық және саяси жағдайы.

Зерттеудің деректемелік базасы: Зерттеу жұмысын жазу барысында әртүрлі жарияланымдар қолданылды, олардың ішінде осы тақырыпты зерттеген өлкетанушы тарихшылардың ғылыми зерттеулері мен монографиялық еңбектері, елдің үкіметі мен министрліктерінің нормативті материалы, статистикалық деректер, баспа, сондай-ақ ғаламтор деректері.

Дипломдық жұмыстың құрылымы : Диплом жұмысы үш тараудан, кіріспе мен қорытындыдан тұрады

Бірінші тарауда Александр Лукашенконың билік басына келуі мен Белорусияның өткен ғасырдың ақырғы он жылдығында дамуы қарастырылған.

Екінші тарауда Белорусь Республикасының ХХІ ғасырдағы жаңа өркендеу кезеңі, оның халықаралық аренадағы рөлі, аймақтағы орны қамтылған.

Үшінші тарауда Белрусь Республикасының даму тарихына арналған жалпы тарих бойынша сыныптан тыс жұмыстың әдестемесі берілген.

Қорытындыда зерттеу жұмысының әрбір бөлімі және оның бөлімдеріне қатысты ғылыми тұжырымдар мен қорытындылар беріліп, қолданыс жағы көрсетілді.

1 ТӘУЕЛСІЗ БЕЛОРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 1 Станислав Шушкевичтен Александр Лукашенко дәуіріндегі Белорусиядағы саяси билік

1990 жылы 27 шілдеде БКСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылдады. Декларацияны дайындау туралы шешім 1990 жылдың 18 маусымда РСФСР - дің 12 маусымдағы мемлекеттік егемендік Декларацияның ықпалымен қабылданды. Декларация жобасы 23 маусымда ұсынылды және статьялар мен жеке құрастыруларды бекітуде еді. Нәтижесінде 27 шілдеде Декларацияны толығымен қабылдау үшін 232 тіркелген депутаттан 229 депутат дауыс берді (үшеуі дауыс берген жоқ) [3] .

Сол кезеңде, 17 наурыз 1991 жылы КСРО сақтау референдум қорытындысы бойынша КСРО сақтау үшін 82, 7 % дауыс берді.

Алайда 1991 жылғы тамыздағы оқиғадан кейін БКСР Жоғарғы Кеңесі 25 тамызда Мемлекеттік егемендік Декларацияға конституциялық заң статусын беру туралы шешім қабылдады [25, 5] . Сол күні республиканың саяси және экономикалық еркіндігін қамтамасыз ету және БКП қызметін тоқтату туралы қаулы қабылданды. 1991 жылы 19 қыркүйекте Белорус Кеңестік Социалистік Республикасы (БССР) Беларусь Республикасы болып өзгертілді, жаңа мемлекеттік елтаңбасы және мемлекеттік ту, кейіннен - жаңа Конституция және азаматтық төлқұжат қабылданды.

1993 жылы Республика Беларусь ядролық қаруды таратпау туралы Келісімге қол қойды - және кейіннен барлық ядролық қарулар түгелімен шығарылды.

1994 жылдың 15 наурызында Жоғарғы Кеңес Белоруссияның Конституциясын қабылдады, ол бойынша Белоруссия унитарлы демократиялық әлеуметті құқықтық мемлекет болып жарияланды. Конституцияға сәйкес Белоруссия президенттік республика болып табылады.

1994 жылдың маусым-шілде айларында екі турдан тұрған Президенттік сайлау өтті. Бүкіл халықтық дауыс беру нәтижесінде 10 шілдеде алғашқы және жалғыз Белорусияның Президенті болып Александр Лукашенко сайланды. 1995 жылы прошли выборы в Жоғарғы кеңестің XIII шақыруына сайлаулар өтті. Жоғарғы Кеңестің төрағасы болып аграрлы партиясының көшбасшысы Семён Шарецкий сайланды. Референдумның нәтижесі бойынша жаңа ту мен елтаңба қабылданды, жаңа елтаңбалардың негізіне БКСР туы мен елтаңбасы алынды.

2 апреля 1996 жылдың 2 сәуірінде экономикалық және гуманитарлық кеңістікті біріктіру үшін координациялық және орындаушы органдарымен Ресей мен Белорусияның Одағы құрылды.

Беларусь Республикасы (белор. Рэспубліка Беларусь, орыс. Республика Беларусь) - Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жері көлемі - 207, 6 мың км2. Халқы - 10 млн. 203 мың адам (1997) . Негізгі халқы - белорустар (80%), бұған қоса орыстар (13, 6%), поляктар (4, 1%) тұрады. Астанасы - Минск (1, 6 млн. ) . Ірі қалалары Брест, Витебск, Гомель. Әкімшілік басқарылуы тұрғысынан жағынан 6 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі - беларусь тілі. Орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар жүреді. Діні - православие (70%) . Ақшасы - рубль. Ұлттық мейрамы - 3 шілдедегі Республика күні. Мемлекет басшысы - президент. Жоғарғы заң шығарушы органы - екі палаталы парламент (Ұлттық жиналыс) . Ол төменгі (өкілдер кеңесі) және жоғарғы (Республика Кеңесі) палаталарынан тұрады [26, 15] .

Беларусь Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы таныды. Екі ел арасында экономикалық, кедендік және мәдени келісімдер жасалынып, достық қарым-қатынас орнаған. Беларусь Кеден одағына, БҰҰ-на, ТМД-ға мүше. Ресей Федерациясымен Беларусь арасында қол қойылған (1999, желтоқсан) шартқа сәйкес жаңа одақтық келісім жасалынды. Беларусьта химия өнеркәсібі, автомобиль және трактор жасау, қорғаныс өнеркәсіп кешендері, электр бұйымдарын шығару, ет-сүт, ауылшаруашылығы және т. б. өндіріс салалары дамыған. Республикада қалий, тұз, көмір, мұнай, темір, фосфорит кен орындары бар [10, 1-4] .

ХХ ғасырдың 90-жылдары ел экономикасы дағдарысқа ұшырап, жалпы ішкі өнім 10 жыл ішінде 12%-ке төмендеп кетті. Экономикалық құрылымындағы мемлекеттік емес салалардың үлесі экономикада 34%, (1998), ал шеттен тартылған инвестиция мөлшері 6, 5% (1997) . Негізінен Кеден одағы елдеріне (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, [Тәжікстан) жүк тасушы автомобильдер, тракторлар, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар және т. б. электр бұйымдары, химия және ет-сүт өнімдерін экспортқа шығарады. Елде жылу-электр ресурстары (мұнай, табиғи газ, таскөмір) мүлдем жеткіліксіз болғандықтан, отындық шикізатты шеттен, соның ішінде 60%-дан астамын Ресейден әкелуге мәжбүр. Бұған қоса қара және түсті металлургия, халық тұтынатын тауарлар, ағаш өнімдері, цемент шеттен әкелінеді. Экономикалық байланыстардың үзілуі, жылу-электр ресурстарына бағаның көтерілуі ел экономикасын аса қиын жағдайда қалдырды. Дегенмен ұсақ өндіріс салаларында 900 шетелдік және 2000-нан аса бірлескен кәсіпорындар (негізінен Польша, ГФР, АҚШ фирмалары) жұмыс істейді. Негізгі сауда серіктестері: Ресей, Украина, Польша, Германия елдері.

Беларусь Республикасы солтүстік-батысында Литва және Латвия мемлекеттерімен, шығысында Ресеймен, оңтүстігінде Украинамен, ал батысында Польшамен шектеседі. Беларусь Шығыс Еуропа жазығында Днепр, Батыс Двина мен Неман өзендерінің аңғарларын алып жатыр. Жерінің басым бөлігі теңіз деңгейінен 100-200 м ғана биік. Климаты қоңыржай континенттік. Қысы аса суық емес, ылғалды; жазы салқын, жаңбырлы. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600 - 700 мм. Батпақ жиі кездеседі. Басты өзендері: Днепр (салалары Припять, Сож, Березина), Батыс Двина, Неман (саласы - Вилия) . Жерінің 33%-і орман болып келеді. Ормансыз жерлері - шалғын, жайылым. Хайуанаттардан зубр, елік, тиін, түлкі, қоян, т. б. мекендейді. Березина қорығы мен Беловеж нуы сирек кездесетін аңдардың көбеюіне септігін тигізуде.

2004 жылдың соңына қарай Беларусь халқының саны 9, 8 млн адамға жетті. Беларусь Республикасы - ТМД елдері арасында халықының саны өте баяу өсіп келе жатқан елдердің бірі. Табиғи өсу 2000 жылы - 0, 5%-ды құрады, яғни ел бойынша туудың орташа көрсеткіші - 9‰, ал өлім 14‰ шамасында болды. Қазіргі кезде ауыл мен қаланың демографиялық көрсеткіші үлкен айырма жасап оыр. Қалада туу 12‰ болса, ауылды жерде бұл көрсеткіш - 8‰. Өлім тиісінше 9‰ және 18‰ болды. Беларусь тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы - 68 жас. Халық санының өзгеруіне көші-қон да елеулі түрде әсер етеді. Жалпы алғанда, Беларусь жерінен көшіп кекендер санынан көшіп келгендер саны әлдеқайда артық.

Александр Лукашенко 30 тамызда 1954 жылы Оршанск ауданының Витебск облысының Копысь қалалық типтегі поселкесінде туған. Ұлты белорус.

1975 жылы «тарих және қоғам тану» мамандығы бойынша Могилев педагогикалық институтының тарих факультетін бітіріп, ал 1985 - Белоруссия ауылшаруашылық академиясының сырттай «ауылшаруашылық өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша аяқтап шықты. 1975 пен 1977 жылдары КСРО-ның МҚК Шекараны қорғау әскерінде қызмет етеді, онда ол Бресте Батыс шекара округінің әскери бөлімінде саяси бөлімінің инструкторы болған. Шекара әскери қызметінен кейін ол өзінің еңбек жолын Могилёв қаласының тамақ саудасының комсомол комитетінің секретары, ал 1978 жылы Шклов ауданының Жалпыодақтық «Білім» аудандық ұйымының жауапты хатшысы қызметін атқарды [7]

1979 жылы КПСС мүшесі. 1980 жылдан 1982 жылға дейін рота командирінің саяси бөлімнің орынбасары қызметін атқарды. [7] 1982 жылы Шкловск ауданының «Ударник» колхозының төрағасының орынбасары, ал келесі жылы - Шкловта құрылыс материалдарын жасау комбинатының директорының орынбасары болып тағайындалды, ал 1985 жылдан бастап 1987 жылға дейін Шкловск ауданының Ленин атындағы колхоздың прткомының хатшысы болып жұмыс істеді. 1987 жылдың наурызында Могилев облысының Шкловск ауданының «Городец» совхозының директоры болды, ал 1988 жылдың қаңтарынан бастап Могилев облысында алғашқылардың бірі болып совхозда арендалық подряд енгізе бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қылмыстық құқық бойынша соғыс қылмыстары және оларды жасау үшін жауаптылық сұрақтары
Мемлекеттік салық жүйесі туралы
Беларуссия Республикасының геосаяси жағдайы. ТМД саяси картасындағы орны мен маңызы
Басқа ұлттардың көбейгеніне қарамастан қазақ ұлтының жағдайы
Қазақстанның қазіргі заман тарихынан материалдар
Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері
Украинадағы 1990 жылдардан кейінгі саяси –қоғамдық жүйесінің дамуы
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
. Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz