Қазіргі геосаясат жағдайындағы Қазақстан мен халықаралық ұйымдар қарым-қатынасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4-8 б.

І тарау. Тәуелсіз Қазақстанның ТМД және Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынастары.

1. 1 Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынас мәселелері, жетістіктері . . . 9-19 б.

1. 2 Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттерімен қарым- қатынасы . . . 19-31 б.

ІІ тарау. Қазіргі геосаясат жағдайындағы Қазақстан мен халықаралық ұйымдар қарым-қатынасы.

2. 1 Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтары, позициялары . . . 32-38 б.

2. 2 Қазақстанның халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуропа Ынтымақтастық және Қауіпсіздік ұйымындағы рөлі . . . 39-45 б.

Қорытынды . . . 46-48 б.

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі . . . 49-51 б.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде болып жатқан тарихи, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани өзгерістер барысында еліміздің саяси тарихында оның халықаралық қарым-қатынастар деңгейіндегі алатын орны, шет мемлекеттердің Қазақстандық тәжірибеге қызығушылық танытуы тарихы мәселелері өзектілік сипатқа айналып келеді. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізі көпвекторлы принцип болып табылатыны белгілі. ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың: «Көпвекторлық принцип дегеніміз бейбіт жағдайында біздің еліміз үшін іс жүзінде дүниежүзілік маңызы бар елеулі рөл атқаратын барлық елдермен достық қарым-қатынастары мен қызығушылықтарының дамуы. Қазақстан өзінің геосаяси және экономикалық потенциалының негізінде тар аймақтық проблемалармен шектеліп қалуға құқығы жоқ, ол деген сөз тек қана біздің көпұлтты халқымызға және дүниежүзілік қауымдастыққа түсініксіз болып қалған болар еді. Сондықтан Қазақстан болашағы-Азияда, Еуропада, Шығыс пен Батыста», - деген еді. [1]

Тәуелсіз Қазақстанның отандық дипломатиясы еліміздің кең құлаштап дамуына сәйкес өскен ұлттық мүдделеріміз тұрғысынан сарабдалдық, сыртқы саяси бағыттың тең қалыптылығы, дүние жүзі мемлекеттерімен сындарлы қарым-қатынас жасау қағидаларын басшылыққа алды.

Біз ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі нығайту, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық реформаларға қолайлы сыртқы жағдайды сақтау, аймақтық интеграцияны ынталандыру мен дамыту және әлемдік экономикаға кірігуіміздің қарқынын күшейту мәселелеріне ерекше назар аудардық. Сондай-ақ отандық кәсіпкерлерді шеткі нарық алаңдарында қолдау мәселелері мемлекетіміздің сыртқы істері мәселелеріне жауап беретін мекемелердің ұдайы назарында болды.

Нәтижесінде мемлекетіміздің сыртқы саясаты бағыттарының іс-шараларының жүйелі тарихында елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстанның дүние жүзінің ең озық 50 мемлекетінің қатарына қосылуы тапсырмасын орындауға барша халқымыз кірісіп кетті.

Тұтастай алғанда қазіргі таңда сыртқы саясат саласының күн тәртібінде тұрған міндеттер ойдағыдай орындалды. Шет мемлекеттермен е халықаралық ықпалдастығымызда прагматикалық ұстанымымыз күшейе түсті. Қазақстан дүние жүзілік саясаттың бел ортасында болып келеді, сондықтан оған ерекше назар аударылды. Қазіргі кезеңде Қазақстанның тәуелсіздігін 120 мемлекет танып отыр, олардың 115-мен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған. Сондықтан, Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы және тең құқықты, сондай-ақ өзара тиімді міндеттемелеріне адал мемлекет ретінде өзара лайықты орын алуы заңды. Қазақстанның жекелеген елдермен өзара қарым-қатынасына, сондай-ақ мемлекеттердің көпжақты дипломатия саласындағы іс-қимылдарына кең ауқымды сипаттама беру өзекті болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дипломдық зерттеу жұмысының тарихнамалық тамыры тақырыпқа қатысты Қазақстан егеменді ел болып, халықаралық қатынастардың дербес субъектісі бола бастаған уақыттан бастап оны анықтайтын заңдылық нормативті құжаттар мазмұнына сүйенуден басталады. Оның ішінде:

  • Қазақ Советтік социалистік республикасының мемлекеттік суверенитеті туралы Декларация. ҚазССР Жоғары Кеңесінің қаулысымен қабылданған 25 қазан 1990 ж. № 1700.
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы ҚР Конституциялық заңы 16 желтоқсан 1991 ж. №1007-ХІІ.
  • ТМД-ның құрылуы туралы келісім хаттамасы. Минск. 8желтоқсан. 1991 жыл.
  • ТМД-ның құрылуы туралы Алматы Декларациясы. Алматы. 21 желтоқсан. 1991 жыл.
  • Ядролық қаруға қатынасты біріккен іс-шаралар келісімі. 21 желтоқсан. 1991 жыл.

Аталған зерттеу жұмысында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мемлекет басшысы ретінде жаңашыл да жігерлі қызметінің бүкіл дипломатиялық қауым іс-қимылының бір арнада тоғысқан қажыр-қайратының көрінісі болып табылатын сыртқы саясат саласындағы жарқын жетістіктеріне арналған дәстүрлі жыл сайынғы халыққа Жолдаулары, сондай-ақ «Тарих толқынында», «ХХІ-ғасыр табалдырығында», «Қазақстан мемлекетінің тәуелсіз болып құрылуы», «Қазақстандық жол» т. б с. с тарихи еңбектерінде [2] айтылған мемлекеттің сыртқы саясатына арналған стратегиялық бағдарламалары мен тұжырымдары басшылыққа алынды. Сонымен бірге тәуелсіздік алғалы бергі Қазақстан мемлекетінің сыртқы саясат ведомствосы саласына тікелей жауап берген қоғам қайраткерлерінің еңбектері жұмысымыздың негізін қалады. Атап айтқанда көп жылдар бойы Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі, кәзірде Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы қызметтерін атқарып келе жатқан дипломант Қ. Тоқаевтың жеке еңбектері [3] баспасөз бетіндегі мақалалары [4] қазіргі таңдағы республиканың сыртқы істер министрі, қоғам қайраткері М. Тәжин мырзаның баспасөз бетіндегі жарияланған материалдары [5] дипломдық жұмыстың арқауы болды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттарды сипаттайтын, стратегиялық әріптестердің мәселелері, халықаралық ұйымдардағы республикамыздың орны мен рөлі, Елбасының стратегиялық бағыттағы интеграциялық ұсыныстары, шет елдермен ынтымақтастық қадамдары туралы баспасөздегі С. Абдулпатаветың [6], Әбілдаевтың [7], С. Әліпбайдың [8], Қ. Бораштың [9], С. Борбасовтың [10], Р. Жұматаевтың [11], Е. Кәпқызы [12], М. Кәрібай [13], Ә. Құланбай [14], Ә. Нысанбаевтың [15], Қ. Оразбекұлының [16], Н. Райханұлының [17], М. Төлепберген [18], Р. Қалиевалардың [19], Б. Сұлтанов [20], С. Абдрахмановтың [21] еңбектері сарапталынды. Осы материалдар зерттеуімізге ғылыми тұрғыдан тұжырымдама жасауымызға мүмкіндік берді.

Зерттеудің мақсаты. Аталған тақырыптың өзектілігі яғни отанымыз Қазақстан мемлекеті дүние жүзілік саясаттың бел ортасында бола отырып өзінің сыртқы саясат саласының алдында тұрған асқаралы міндеттерді басымдылықпен нәтижелі шешіп келе жатуы, үдерісін ашып көрсете беру зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып есептелінеді.

Қазақстан мемлекетінің болашағы Азия мен де, Еуропамен де, Шығыспен де, Батыспен де байланысты. Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы және ол өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дүние жүзіндегі беделді халықаралық ұйымдарға мүше болуы, байланыс орнатуының алғышарттары, себеп-салдарларын да мейлінше сипаттау да жұмыстың маңызды мақсаттарына жатады.

Жұмыстың міндеттері. Зерттеудің алға қойған басым мақсаттарын шешу үшін мынадай міндеттер нысанаға алынды:

  • Қазақстан Республикасы мемлекеті сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтап сипаттама беру;
  • Еліміздің әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты саясатының өзіндік ерекшеліктерін ашу;
  • Көпвекторлық принцип негізделген сыртқы саясаттың кезеңдеріне шолу, тұжырымдар жасау;
  • «Қазақстан 2030» даму стратегиясына сәйкес Қазақстанның сыртқы саясаты бағдарламаларына нақты фактілер негізінде тұжырымдар жасау;
  • Қазақстаннан бұрынғы Кеңес Одағы елдерімен қарым-қатынасына сипаттама беру;
  • Қазақстанның Орта Азия мемлекеттері арасындағы рөлін ашып көрсету;
  • Қазақстанның әлемдегі беделді халықаралық ұйымдармен байланыс (БҰҰ, ЕЫҚҰ, ШЫҰ) нәтижелерін, болашағын көрсету;
  • Тәуелсіз Қазақстан сыртқы саясатының, оның басымдылық бағыттарының өміршеңдігін баяндау.

Жұмыстың методологиялық негізі. Дипломдық зерттеу жұмысын дайындау кезінде ғылыми таным әдісінің тарихилық, жүйелілік, объективтілік және логикалық принциптері басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізін анықтағанда біз зерттелініп отырған тарихи кезеңде мүмкіндігінше объективті тұрғыда айқындауға бағытталған жаңа тарихи көзқарас негізінде жазылған Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мемлекетіміздің сыртқы істер саласына жауапты лауазымды мемлекеттік шенеуніктер Қ. Тоқаев, М. Тәжин мырзалардың еңбектері мен ой-байламдарына сүйендік. Бұл арқылы мемлекеттің даму бағдарламасына қиыншылықтары мен ерекшеліктеріне талдау жасалынды.

Жүйелілік принципіне сүйену нәтижесінде біз қарастырып отырған кезеңдегі мемлекеттің сыртқы саясатының жетістіктері мен нәтижелері оның маңызы, халық үшін тағылымы анықталынды. Тарихилық принципке сүйену нәтижесінде қоғам, саясат, идеология мәселелерінің сабақтастығы, ішкі бірлігі мен байланысы талдауға түтсі.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері және қамтыған территориясы.

Зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған 1991 жылынан басталады, себебі Қазақстан сол уақытта бастап егеменді ел, халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болды. Зерттеу объектісі ретінде Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысын дайындау барысында Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастарына оның сындарлы сыртқы саясатының басым бағыттарының барысы, нәтижелері, перспективалары туралы көпшілікке арналған баспасөз материалдары ғылыми айналысқа түсірілді. Сондай-ақ тақырыпқа байланысты авторлардың жарияланған еңбектеріне талдау жасалынды. Мүмкіндігімізше аталған мәселенің толықтырылуына, қордалануына үлес қостық деп есептейміз.

Зерттеудің қолданбалық маңызы. Ғылыми зерттеудің нәтижесінде қол жеткізген ой-тұжырымдамаларымыз отанымыздың тарихы туралы қызығушылық білдіретін тұлғалар үшін көмек-септігін тигізер деп ойлаймыз. Өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық сезімді қалыптастыруға, өз ұлтының өткен тарихына құрметпен қарауға, тәрбиелеуге қажетті насихат шараларына көмекші құрал және мәлімет ретінде септігі тиеді. Сонымен бірге зерттеушілердің алдағы уақыттарда жазылатын сан ізденістерге арқау болар деген ниеттеміз.

Зерттеу жұмысының мақұлдануы. Дипломдық жұмыстың негізгі мәселелері мен мазмұны Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті «Қазақстан тарихы және оқыту әдістемесі» кафедрасының 2008 жылы 29 мамырдағы мәжілісіндегі (хаттама № ) талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу дипломдық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, оның төрт бөлімшесінен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімінен тұрады.

I тарау. Тәуелсіз Қазақстанның ТМД және Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынастары.

1. 1 Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынас мәселелері, жетістіктері.

Қазақстан үшін тұрақтылық пен саяси басымдылық аса маңызды бағыт болды және болашақта да солай болып қала бермек. Ең алдымен тұрақтылық болмаса, экономикалық реформалардың жемісті түрде жүзеге асуы екіталай. Еліміздің жоғары басшылығының аса маңызды саяси шешімдері осы мақсатты көздейді. Жаңа елдердің мемлекеттілігін қалыптастырумен қатар олардың өзара қарым қатынасын оңтайлы үлгісін іздестіру процесі де жүріп жатыр. Қазақстан ТМД құрылған кезден бастап Достастықтың тағдыры үшін айрықша жауапкершілік танытты. ТМД елдерінің тең құқықты, өзара тиімді қарым-қатынастарды орнату және дамыту қазақстандық сыртқы саясаттың аса маңызды міндеттерінің бірі болды.

1992 жылы 15 мамырда ТМД-ның 5 мемлекетінің басшылары қол қойған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт осы бағыттағы маңызды қадам болды, аталған шарт Қазақстан мен Ресейдің бастамасы бойынша қаралды.

Достастықтың қалыптасуы жағдайларында Шарттың 4- бабы ерекше маңыз алды, онда былай деп ескерілді: «Егер қатысушы мемлекеттердің бірі қандай да бір мемлекеттің немесе мемлекеттер тобының тарапынан шабуылға ұшыраса, онда бұл осы Шартқа қатысушы барлық мемлекеттерге қарсы жасалған басқыншылық ретінде қаралатын болды». ТМД Бірлескен Күштерінің Бас қолбасшысы бар ұжымдық қауіпсіздік кеңесін құрды. Кеңеске қатысушы мемлекеттердің бірлескен қызметін үйлестіру және қамтамасыз ету жүктелді.

Көп жақты, сондай ақ екі жақты үлгідегі ТМД елдерінің өзара қарым -қатынастарының негізінде экономикалық ынтымақтастық жатыр. Алыс шетелдермен сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әлемдік экономикалық қоғамдастыққа интеграциялануының қажеттілігін ешкім шүбә келтірмейді. ТМД елдері осы негізгі үрдістен шет қала алмайды. Әлемдік даму жолына түсу үшін Достастық елдерінің ең алдымен экономикалық тұрғыдан интеграциялануы қажет.

Кәсіпорындар арасындағы өндірістік технологиялық және халықаралық құрылымдарын құрудың ұқсас жүйесі, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің біртұтас халық шаруашылық кешенінде болғандығына байланысты туындайды. Істің шын мәнінде осы фактор елеулі деңгейде ТМД-дағы интеграциялық процестердің дамуын айқындайды. Оның үстін Достастық елдерінің өнеркәсіптік әлеуеті әлемдегі деңгейдің шамамен 10 пайызын, табиғи ресурстарға негізгі қоры-25 пайыз, экспорттық әлеуеті- 4, 5 пайыз құрайды.

ТМД және оның ішінде Қазақстан да, өзара қатынас кезеңінде бірнеше кезеңнен өтті. Мысалы: 1991-93 жылдары бірінші кезенде бұрынғы Кеңестік республикалар саяси тәуелсіздік алды, мемлекеттілігін рәсімдеді, халықаралық тұрғыдан танылып, халықаралық ұйымдарға енді, өзара қарым-қатынасын шарттық рәсімдеуді қамтамасыз етті, дербес түрде қаржылық экономикалық, бюджеттік-салықтық, шекаралық құрылымдарды қалыптастырды.

Екінші кезенде (1993-1996жж) жаңа тәуелсіз мемлекеттер өздерінің саяси егемендігін нығайтты, әлемдік қоғамдастықтың ажырамас бөлігіне, халықаралық ұйымдардың мүшелеріне айналды, жақын көршілермен тығыз экономикалық байланыс орнатты. Достастыққа қабылданатын мемлекетаралық шешімдердің сипаты да өзгерді; оларға деген қарым қатынас прагматикалық әрі сыни сипатталды.

Үшінші кезең -1997 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі кезеңде ТМД мемлекеттері Достастығы дағдарыс жағдайларын еңсерумен айналысты. Қазақстанның ұсынысы бойынша ТМД мемлекеттері интеграция органдарының қызметін жетілдіруін қолға алды.

ТМД елдері арасында экономикалық одақты құру туралы шарт экономикадағы интеграциялық процестерді практикалық іс-қимылға көшіруге негіз қалады. Қазақстан, Ресей және Беларусь үкіметтері басшыларының 1995 жылы 20 қаңтарда Кеден Одағы туралы келісімге қол қоюы және өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы уағдаластықтарды іске асыруға қатысты 3 елдің кедендік бағдарламасын бекітуі - экономикалық интеграцияны тереңдетуге келелі қадамды білдірді. 1996 жылы наурызда Кеден Одағына Қырғыз Республикасы да қосылды.

Жылдамдығы әртүрлі интеграция процесіне тиісті серпін беруге ұмтыла отырып Беларусь, Қазақстан, Қырғыз және Ресей елдерінің президенттері 1996 ж 29 наурызда экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы шартқа қол қойды. Оның басты мақсаты-тауарлардың, көрсетілетін қызметтің, капиталдардың және жұмыс күшінің еркін қозғалысына, шаруашылық жүргізуші субьекттердің тікелей байланыстарын нығайтуға, ортақ ақпараттық, білім беру және гуманитарлық кеңістікті құруға қажетті алғышарттар жасау болып табылады.

Көп жағдайда ТМД-ның өз ішіндегі түрлі күштер интеграцияның қарсыластары ретінде бой көрсетті, өйткені интеграциялық процестер егемендіктің бір бөлігін экономикалық бірлестіктің тиімділігі үшін жоғары басқару органдарын жетілдіруді көздейді.

Қазақстанда Тәжікстан мен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән беріледі. 1993 ж 19 қазанда қол қойылған негізгі қатынастар туралы шарт саяси салада екіжақты қарым-қатынасты реттейтін негізгі құжатқа айналды. 40-тан астам шарт пен келісімдер екі елдің өзара қарым- қатынасының құқықтық негізін құрайды. Проблемалық мәселелерді шешу үшін үкімет аралық комисия құрылды, алғашқы мәселе мәжілісі 1998 ж. 3 қазанда өткізілді. Тәжікстан ТМД елдерінің арасында Қазақстанның сауда әріптестерінің ішінде 7 орын алады. Экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен тереңдету туралы, еркін сауда-саттық туралы Тәжікстан мемлекетімен тығыз ынтымақтастық байланыс орнатылған.

Ал Түркменстан мен екіжақты қарым-қатынас белсенді түрде дамып келеді, біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін негізгі құжат Қазақстан Республикасы мен Түркменстанның арасындағы Достастық қарым-қатынасы мен ынтымақтастығы туралы шарт болып табылады. Бұл мемлекет Қазақстанның табиғи әріптесі, өйткені Каспий жағалауы елдерінің қатарына жатады. Түрікменстан Қазақстанмен қарым- қатынаста визалық режим еңгізу туралы шешімі ықтимал теріс салдарларды жою үшін шара қабылдау қажеттілігіне әкелді.

Сындарлы саясат экономикалық тұрғыда Каспий теңіз мәртебесі Каспий ресурстарын пайдалану, көмірсутегі шикізат өндіру саласында елдер арасындағы әріптестіктер мен корпорация, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастықты ұйымы шеңберінде екі тараптың мүддесін ілгері жылжыту жөніндегі позицияларды жақындастыру екі мемлекеттің күш жігерін жандандыруда анағұрлым перспективалы баға болып табылады.

Түкіменстанмен ынтымақтастық біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатында маңызды орын алады. Принциптерде ұлттық мүддесі саласына жататын мәселелерді шешу үшін екі елдің бұрынғысынан да жақындасуына саяси және әлеуметтік, экономикалық алғышарттар да аз емес.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан-Украина қарым-қатынасы белсенді түрде дамыды. Біздің сыртқы саясатымызда украиндық бағытқа үлкен мән беріледі. Халықаралық қоғамдастықта айта қаларлықтай экономикалық әлеуеті және саяси салмағымен ерекшеленетін Украина Қазақстан үшін практикалық мүдде тұрғысынан маңызды болып табылады.

Қазақстан-Украина байланыстарының негіздері Президент Н. Назарбаевтың Украинаға (1994, 1999 және 2000 жж. ) және Президент Л. Кучманың Қазақстанға (1995, 1997, 1998 жж. ) В. Ющенконың 2008 жылы жоғары деңгейдегі сапарлары барысында қаланды. Екі жақты қатынастардың негізгі принциптері төмендегідей маңызды құжаттарда белгіленді, олар: Достық пен ынтымақтас-тық туралы шарт, Еркін сауда-саттық туралы келісім; Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім; Сыртқы саяси консультациялар туралы келісім; Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Жалпы алғанда Қазақстан мен Украина арасында ынтымақтастықтыңтүрлі салаларындағы келісілген іс-қимылды көздейтін 50-ден астам құжаттар жасалды. [22, бет 25]

Өзара сауда айналысын ынталандыруда Украина Президенті Л. Кучманың 1995 жылғы қыркүйекте Қазақстанға сапары барысында қол қойылған, Экономикалық ынтымақтас-тықты одан әрі кеңейту және дамыту туралы келісім үлкен рөл ойнады. Мемлекеттер басшыларының шешімімен Эконо-микалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия құрылды. Осы органға отын-энергетика, тау-кен - металлур-гия кешендері, химия өнеркәсібі, машина жасау, агро-өнеркәсіптік кешен, көлік және коммуникация сияқты сала-ларда экономикалық интеграцияның негізгі принциптері мен бағыттарын әзірлеу міндеті жүктелді. Комиссия шеңберінде тараптар электр энергетикасы, көмір өнеркәсібі мен машина-жасау саласындағы ынтымақтастық үшін жағдай туғызу, тамақ және жеңіл өнеркәсіп тауарларының, дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтардың, ауыл шаруашылығының және басқа да өнімдердің өзара жеткізілімі туралы уағдаласты.

Президент Л. Кучманың 1997 жылғы қазандағы Қазақстанга сапары Қазақстан-Украина қарым-қатынасын одан әрі дамы-туға жәрдемдесті. Келіссөздердің нәтижелері тараптардың өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға умтылыстарын қуаттады. Президенттер ТМД бірлестігіне тиісті даму қарқынын беру үшін осы ұйым шеңберіндегі өзара іс-қимыл сияқты екі жақты ынтымақтастықтағы осындай аспектіні айналып өткен жоқ. Сапар барысында төмендегідей мәселелерге байланысты келісімдерге қол қойылды, олар: Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы; "Зенит" зымыран ұшырғышының бөлінетін бөліктерінің құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін уақытша пайдалану туралы; Стандарттау, метеорология және сертификаттау саласындағы, үкіметтік байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы. Сондай-ақ Әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы, Әскери білім беру саласындағы, Зейнетақымен қамтамасыз ету және банкаралық есеп айырысулар-ды ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды.

Сапар шеңберінде екі елдің үкіметтік делегацияларының келіссөздері жүргізілді. Еркін сауда-саттық режимінен алып тастаулар туралы хаттамаға қол қойылды, экономикалық қылмыстарға және қаржылық заң бүзушылықтарға қарсы күрес саласындағы; әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық туралы келісімдер жобалары қаралды. Екі елдің тиісті ведом-стволарына Қазақстаннан Украинаға мұнай жеткізілімін ұлғайту туралы; Қазақстанның мұнай-газ секторы үшін құрал-жабдықтар мен диаметрі үлкен қүбырларды Украинадан сатып алу туралы; Астық жинау комбайндарын жасау жөнінде Қазақстанда және Украинада бірлескен кәсіпорындар құру туралы; Сауда және жолаушылар флотын дамыту жөніндегі Қазақстанға жәрдем көрсету туралы; лизингтік шарттармен АН-70 және АН-140 ұшақтарын сатып алу туралы; Жағалау күзеті катерлерінің жеткізілімі туралы; Астана инфрақұрылымын дамытуға украиндық бизнестің қатысуы туралы мәселелерді пысықтау тапсырылды.

Объективтік және субъективтік факторларға байланысты барлық уағдаластықтардың орындалмағанын айту керек, олардың көпшілігі бұрынғысынша зерттелу сатысында түр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Геосаясаттың даму тарихы
Қауіпсіздік мәселесінің теориялық аспектілері
Геосаясат сұрақ-жауап түрінде
ҚР-ның геосаяси мүдделері
Туркия Республикасы және Қазақстан Респубикасы қарым-қатынастар стратегиясы
Орталық Азия одағы
Геосаясаттың негізін қалаушылар
Халықаралық экономикалық жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz