Төлеген Қажыбаевтың шығармашаларындағы троптар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.
Кіріспе
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
Негізгі
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I.Көркемдегіш тәсілдердің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..3
1.1.Тіл білімінде
қарастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .3
1.2.Әдебиеттану теориясында
қарастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
II.Төлеген Қажыбаевтың шығармашаларындағы
троптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..20
2.1. Т.Қажыбаевтың поэзиясындағы троптардың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. 20
2.2.Т.Қажыбаевтың прозалық туындыларындағы троптардың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.3.Т.Қажыбаевтың драмалық шығармашылықтарындағы троптардың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қорытынды
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...36
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..38

Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
мәдениет қызметкері, А.Байтұрсынов атындағы сыйлықтың лауреаты, Көкшетау
қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық
филиалының төрағасы, ақын, жазушы, драматург –
Төлеген Сыздықұлы Қажыбаевтың шығармаларындағы троптарды зерттей отырып,
олардың ерекшеліктерін тану, білу.
Зерттеу жұмысының нысаны. Төлеген Қажыбаевтың шығармашаларындағы
троптар.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Дипломдық жұмыс Төлеген Қажыбаевтың
шығармашылықтарындағы троптардың ерекшеліктерін зерттеу болғандықтан,
зерттеу жұмысының мақсаты - жазушының шығарма-ларындағы троптардың түрлерін
зерттей отыра олардың ерекшеліктерін тану, білу, басқа амал-тәсілдерден
айыра білу .
Зерттеу жұмысының әдіс- тәсілдері. Дипломдық жұмысты зерттеуде
біршама әдіс-тәсілдер қолданылды. Төлеген Қажыбаевтың шығармашылықтарындағы
троптарды қарастыру барысында оқу, әңгімелеу, мазмұндау, анализдеу,
синтездеу әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Төлеген Қажыбаевтың шығарма-
шылықтарындағы троптардың ерекшеліктерін тану мақсатында оның Қанкешу,
Жеті желі, Сексен көл сылдыры атты кітаптарынан прозалық, драмалық,
поэзиялық шығармашылықтары алынып отыр.
Троптарды тану барысында Зейнолла Қабдоловтың Сөз өнері атты кітабы,
Ахмет Байтұрсыновтың Ақ жол атты кітабы қолданылды. Тағы да басқа
әдебиеттер қолданылды. Олар:
Бұқпа газеті; Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 6-том; М.Серғалиев
Стилистика негіздері; Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы Қазіргі қазақ тілінің
лексикологиясы мен фразеологиясы; А.Байтұрсынов. Әдебиеттанытқыш
Арқа ажары газеті; Т.Аханов Тіл білімінің негіздері.

I.Көркемдегіш тәсілдердің зерттелуі.
1.1. Тіл білімінде қарастырылуы.
Троп – ( грекше tropos - айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз
қолданысы) – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолданылу тәсілі.
Заттар мен құбылыстардың алуан түрлі өзгеріс-күйлері, қимыл- қозғалыстары,
реңктері болады. Троп солардың бәрін біршама дәл бейнелеуге қызмет етеді.
Риторика мен стилистикада троптардың түрлері ежелден қарастырылып келеді.
Квинтилиан оның жеті түрін атап көрсетсе, М.В.Ломоносов он бір үлгісін
ұсынған, ал А.А.Потебня үш түрі бар екенін айтқан.
А.Байтұрсынов троптың түрлері туралы: Тіл көрнекі болу үшін
дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп,
адамның сана – саңлауына келіп түсетін дәрежеге жетуі керек. Қалыпты
түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер
негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді: көріктеу, меңзеу, әсерлеу. деген.
Тілде троптардың түрлері өте көп, ол екі нәрсенің не құбылыстың бір-
бірімен сабақтастығы мен арақатынасын ашу негізінде жасалады (метонимия,
синекдоха), не сипатталатын құбылыстың белгілерін екінші бір құбылыс
ерекшеліктеріне ұқсату, ауыстыру тәсілі негізінде туындайды (метафора,
теңеу), сондай – ақ троптар бір нәрсені үлкейту не кішірейту, не сықақтау
яки қарсы мағынада сипаттаумен, әсірелеу сарынымен де шендеседі (гипербола,
литота, ирония, кейіптеу)
Троптар көркем әдебиет стилінде, публицистика мен ауызекі сөйлеуде
жиі қолданыс тапқанымен, ғылыми- техникалық мәтіндерде, ресми іс –
қағаздарда қолданылмайды.
Көркем мәтінде троптардың бірнеше түрі бір мезгілде қатар қолданыла
береді. [2. 345бет]
Адамдар тіл арқылы қарым-қатынас жасағанда, әйтеуір, хабарласуды
немесе тек қана ақпарат беруді мақсат етпейді. Көп ретте қандай әңгіме
қозғаса да – көлемді болсын, шағын болсын – эмоциональдық-экпрессивтік
әсерлілікті қалайды. Сондықтан да сөздің әр түрлі қасиеттері мен қырларын
пайдалануға тырысады. Сөздің мәнерлілігі толып жатқан тәсілдермен жүзеге
асырылады. Мұндай тәсілдер көбінесе көркем әдебиетте, публицистикалық
шығармаларда жиі ұшырасады. Сөздің бұлайша бейнелі қолдану тәсілдерінің
үлкен бір тобы – троп. Троп - негізінде сөздерді салыстыру арқылы
пайдаланатын тәсіл. Бұрыннан таныс ұғыммен жаңа бір ұғымды салыстырып
немесе алмастырып жұмсау троп тудыру әдісі- деп тұжырымдайды ғалым М.
Серғалиев.[1.225-226]
Сөз мағынасы зат, құбылыс, әрекет жайында түсінік, ұғым пайда
болғаннан кейін қалыптасады. Сөз мағынасы әрқашан бір қалыпта тұрмайды. Тіл
жүйесінің ішкі заңдылықтары және одан тыс ақиқат өмірдегі мәдени- тарихи,
санадағы психологиялық өзгерістер сөздің лексикалық мағынасының мазмұнына
әсер етіп отырады.
Сөздің лексикалық мағынасы тіл білімінде әр түрлі бағытта
топтастырылып келеді. 1950 жылдары сөз мағынасын семантикалық тұрғыда
топтастыруға бой ұрушылық орын алады. Семантикалық топтастыру – ұғымы
бірыңғай сөздердің мағыналық типтерін анықтауға негізделеген болатын.
Мысалы, мәдени, шаруашылық, тұрмыстық, туыстық атаулар, адамға байланысты
сөздер т. б. Бұлайша топтастыру арқылы тілдегі барлық сөзді қамтуға
болмайтыны, сөз мағынасын топтастыруда қолайсыздығына қарамастан, оның
бірқатар түркологоиялық еңбектерде орын алғаны Қазіргі қазақ тілі
оқулығында атап көрсетілген.
1950 жылдардың орта тұсынан бастап кеңес тіл білімінде сөз
мағыналарын топтастырудың академик В. В. Виноградов ұсынған
классификациясы кеңінен қолданылды. В. В. Виноградов сөздің лексикалық
мағыналарын үш типке бөліп көрсетеді: 1) тура немесе номинативті мағына, 2)
фразеологиялық байлаулы мағына, 3) синтаксистік шартты мағына.
В.В.Виноградовтың сөз мағыналары және оларды топтастыру туралы
пікірі қазақ тіл білімінде қолдау тапты.
К.Аханов тіл білімінде сөз мағыналарын әр тұрғыда қарастыру, соған
байланысты оларды түрліше топтастырып саралау тәжірибесі бар екенін ескере
отырып, сөз мағыналарының типтерін талдауда В.В.Виноградовтың
классификациясына сүйенеді.
Cөздің лексикалық мағынасының типтерін анықтауда, сөз мағыналарының
шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарға қатыстылығы дегеннен басқа да
белгілері бар екені зерттеу тәжірибесінде көрініп жүр. Мәселен,
Н.М.Шанский сөздің лексикалық мағынасының қалыптасуын оның ұғымды білдіру
сипаты мен белгілі бір лексика- грамамтикалық топтарға қатыстылығымен
байланыстырып қарайды. М.И.Фомина лексикалық мағыналардың типологиясын
ұғымдық- заттық қатынастан басқа сөздердің бір- бірімен байланыстылығы,
мағыналардың мотивтілігі, қалыптасуының тарихи себептері және сөз
мағыналарының атқаратын қызметі тұрғысынан қарастырады.
Сөздің мағынасы әрі тілдің өзіндік ерекшелігі мен өзіндік бояуы,
ұлттық сипаты болады. Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де,
ішкі себептер де ықпал етеді. әсіресе сөз мағынасының өзгеруіне ішкі
себептерден гөрі сыртқы себептер көбірек әсер ететіндігі байқалады. Сөз
мағынасының ішкі (лингвистикалық ) өзгерістерінің бір себебі, жаңа сөз
немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп қосылғанда, бұрыннан тілде бар
сөздердің мағыналарымен өзара қарым-қатынасқа түсіп, солармен синонимдік
байланыста жұмсалады. Мұндай жағдайда байланыс екі жақты болуы мүмкін.
Сөздік құрамға келіп қосылған жаңа сөз не жаңа мағынаның бұрыннан тілде
өмір сүріп келе жатқан байырғы сөздер мен мағыналарға қандай әсері болса,
байырғы сөздер мен байырғы мағыналардың жаңа сөздер мен жаңа мағыналарға да
сондай әсер етуі ықтимал. [3.72-96]
Біз сөздердің өзінің негізгі мағынасымен бірге басқа да
қосымша мағыналарының болатындығын жақсы білеміз. Оны жасаушы тәсілдерге
тоқталатын болсақ, біз білеміз тілімізде ауыспалы мағынаның үш тәсілі
бар, олар: метафора, метонимия, синекдоха.
Метафора. Сыртқы не ішкі белгілеріндегі ұқсастыққа қарап, бір зат
атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы
метафора деп аталады. Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізінде ұқсату заңы
жатыр. Метафора қолдану сипатына қарай негізінде үш түрге бөлінеді: 1)
тілдік метафора, 2) поэтикалық (сөйлеу кезінде туатын контекстік) метафора
3) Жеке қолданыстағы (индивидуалды) метафора
Тілдік метафора сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық шеңберін
кеңейтіп, әрдайым үздіксіз дамытып отырады. Тілдік метафора жалпыхалықтық
сипатына қарап дәстүрлі метафора деп те айтылады. Дәстүрлі метафоралық
тәсіл бойынша ұқсату заңына сүйеніп, қазақ тілінде көп мағыналы сөздер
шыққан. Мәселен, аяқ деген сөздің ең алғашқы заттық мағынасы деп адам мен
жан-жануарлардың жүру-тұру қызметін атқаратын мүшесі деп түсінеміз. Мұнан
кейін үстел мен орындық тәрізді жансыз заттардың тіреуішін де аяқ деп
ұқсатып айтқан. Бас пен аяқтың бірі жоғары, екіншісі төмен келуіне қарай
(ауылдың басынан кіріп, аяғынан бірақ шықтым дегендегі) үшінші мағына пайда
болған. Кейінгі кезде жаңа техниканың тұрмысқа кеңінен енуімен байланысты,
екі аяқты велосипед, үш аяқты мотоцикл деп те ұқсатып, аяқ сөзіне жаңа
мағына қосып айтатын болдық.
Тілдік метафора мынадай ұқсастықтар негізінде туады:
а) тұлға ұқсастығы. Мысалы: қанат- құстың қанаты, ұшақтың қанаты,
құлақ - адамның құлағы, қазанның құлағы.
ә) қимыл ұқсастығы. Мысалы: тіл – адамның тілі, сағаттың тілі,
жабу – есікті жабу, істі жабу.
б) заттардың қызметіндегі ұқсастық. Мысалы: аяқ – адамның аяғы,
үстелдің аяғы, серік – адамның серігі (жолдасы), жер серігі.
в) ұғымдардың бір- біріне қатыстылығынан туатын ұқсастық. Мысалы:
жіңішке – жіңішке жіп, жіңішке бел, жіңішке өзен, сұлу – сұлу адам, сұлу
табиғат, ащы - ащы тұз, ащы зар, ащы өмір, өткір - өткір пышақ, өткір ой,
құлау – аттан құлау, емтиханнан құлау, қану – шөлі қану, ұйқысы қану т.б.
Поэтикалық метафора ойды әсерлі әрі айқын етіп жеткізу үшін қажет.
Метафораның бұл түрі көркем шығармаларда кездеседі. Мысалы: Баладай екі
өркеші – шөл кемесі - Түйем де басқа малдан кем түспейді. (айтыс)
Алтын дән аялаған кең алқапта, жер кемесі – комбайн гүрілдейді. (айтыс)
Ақындар айтыс өнерінде түйені – шөл кемеге, комбайнды – жер кемеге
балау арқылы өз ойын тыңдаушыға соншама әсерлі етіп жеткізіп бере алған.
Бір кезде мақтаны ақ алтынға, көмірді қара алтынға, астықты сары
алтынға балап жай қолданған болсақ, бүгінгі таңда осы метафоралық теңеулер
әдеби тілімізге әбден сіңісті болып, біржола орнығып алды. Жекелік
қолданыстан гөрі, қазір жалпыхалықтық қолданысқа актив болып ауысты. Бірақ
мұндай метафоралар барлық жанрда жалпылама кездесе бермейді, көбінесе бір
жанрға телінді болады. Әсіресе поэзияда жиі кездеседі. Сондықтан
метафораның бұл түрін поэтикалық метафора деп атаймыз.
Жеке қолданыстағы (индивидуалды) метафора белгілі бір ақынның я
жазушының туындысында өмір сүреді. Бұлар сөздікте сөздік мақаланың
мазмұнына ене алмайды.Контексте ғана ұшырасатын сөздің келтірінді мағынасы
қашанда әр автордың өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Сондықтан да келтірінді
мағына әрдайым құбылмалы болады.
Мысалы: Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
Адам ойы түрленіп ауған шақта

немесе
Бұл күйдің мұндай суретін
Ой құрықтап, тіл тауып
Айту, тіпті қиынырақ

Осындағы көңіл құсы, ой құрықтап, тіл тауып, деген метафоралық
қолданыстар әр ақынның өзіндік қолтаңбасын танытады. Сондықтан да бұл
тәрізді метафоралар жалпыхалықтық емес, жеке қолданыстағы метафора деп
аталады.
Метонимия. Өзара іргелестігі, шектестігі нәтижесінде бір зат
атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты туатын ауыс мағына
метонимия деп аталады.
Метонимия мынадай іргелестік шектестіктер негізінде тууы мүмкін:
а) қимыл, әрекет пен оның нәтижесінің шектестігі: Мысалы, бояу,
егеу, сайлау, жайлау, жабу , ою сияқты сөздер әрі қимыл атаулары, әрі зат
атаулары болып, екі жақты қызмет атқарады. Бұлар алдымен іс-әрекет атауы
болып қолданылған да, кейін соның нәтижесі ретінде заттық сипат алған.
Мысалы: Өз үйінде ою оюламаған адам кісі үйінде кесте тігеді (мақал)
дегендегі ою сөзінің заттық ұғымы сол сөз білдіретін іс- әрекеттің
нәтижесінде туғаны сөзсіз. Сол сияқты түйеге қыста жабу жабу керек
дегендегі алғашқы жабу сөзі соңғы етістіктен кейін жасалған;
ә) зат пен оның ішкі мазмұнының шектестігі: Мысалы, Қазан піскенше
бәрі машина көруге кетті дегендегі қазан тамақ орнына жұмсалып тұр.
Мектеп сөзі бастауыш, орталау, орта дәрежелі білім беретін оқу орнын да,
сонымен бірге сол оқу орны орналасқан үйді де білдіреді. Мысалы, Штаб
қыстақ шетіндегі мектепке орналасқан еді. ;
б) материал мен одан жасалған заттың шектестігі: Мысалы, алмас
сөзі қатты асыл металл ұғымын да, содан жасалған өткір қару- қылыш
дегенді білдіреді.
Құндыз деп өзен-көлде тіршілік ететін кішкентай аңды да, сонымен қатар
осы аңның бағалы терісін айтамыз. Құлан қырда, құндыз суда. (мақал);
в) жалқы есімдердің оларға қатысты қимыл- әрекет атауларымен
байланыстылығы: Қазақ тілінде кейбір кісі аттары мен жер- су атаулары
есімге айналып, белгілі сөздердің контекстік синонимі ретінде жұмсалады.
Мәселен, Қарабай, Шығайбай, Қарынбайлар сарандықтың бейнесінде айтылады.
Асан қайғы – сары уйымға салынушылықты білдіреді. Қозы көрпеш пен Баян
сұлу, Қыз Жібек пен Төлегендер – сүйіспеншіліктің бейнесінде қолданылады.
Белгілі контексте Алдар көсе – айлакер, қу дегеннің, Қожанасыр - аңқау,
аңғырт дегеннің синонимі ретінде жұмсалады.
г) сапалық сын есімдер мен олардың заттанған мағыналарының
байланыстылығы. Мұны түсті білдіретін қызыл, ақ, көк, қара сияқты сапалық
сын есімдердің заттанған мағыналарымен шектестігін айқын көреміз. Мысалы,
қара сын есімінің заттанған мағыналары мынадай: қарайып көрінген нәрсе,
зат- Ұрғызбаған соң алыста көрінген бір қараны қайыра қуды.
тірек, сүйеу мәнінде – Алды - артында қара жоқ. Бұл кедей бізден көп пе
еді.(Қамбар батыр); арамдық, зұлымдық мәнінде – Көңілінде қара жоқ, ақ
ниетпен, Тым жақсы дос болуға ыңғайласты. ; ірі қара мал - Кедей
баласына айттырған қыздың қалыңмалы ең көп дегенде он - он бес қарадан
артпайды. ;
д) автор мен оның шығармасының, болмаса шығарма атымен оның ішкі
мазмұнының байланыстылығы. Мысалы, Абайда жалпы суреттеме.(оқушының көз
алдына белгілі бір суретті елестету) тәсілі күшті берілген.
ж) іргелес заттық ұғымдардың шектестігі: Мысалы, Бір Абай емес,
биылғы жылы бар ағайын, көп ауыл тегіс қаралы дегенде ауыл - ел орнына,
Көпей жеңгемнің қолын сағынып жүрмін дегенде қол – дәм, ас орнына
қолданылып тұр.
з) жалқы есімдердің бір- бірімен шектестігі: Мысалы, Түс ауа
Семейден шыға, Абай қайдасың деп тартып кеттік дегенде Абай – ақын
атындағы ауданның атын білдіріп тұр.
Синекдоха. Сөздерді ауыстырып қолдану арқылы көп мағыналы сөздер
тудырудың бір тәсілі - синекдоха ( гр. Synecdoche - бірге жобалап
түсіну). Зат пен құбылыстың іргелес, шектес келіп, бір атауға ортақтасып
ауысып қолдануы жағынан синекдоха метонимияға бір табан жақын тұрады.
Мұндағы басты белгі бүтіннің орнына бөлшек, көпшенің орнына жекеше,
жалпының орнына жалқы немесе керісінше алмасып айтылады. Ауыспалы мағынада
қолданылған сөздерде астарлы мән, тартымды образ жатады. Синекдоха тәсілі
сөздердің мағыналық жағынан түрленіп өзгеруіне үлкен ықпал етеді.
Мысалы: Сырдың бойынан, қырдың қойнынан өре түрегелген өңшең
жалбағай тымақтар тұс- тұстан қалың қолға қосылып кетті (І.Жансүгіров).
Топта отырғандардың көбі қатқан тондар, жалба жеңдер, арық пішіндер.
Әуелгі байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық (мақал).
Орамал тартқандар ғана қимылдап, бөрік кигендер үй күшік боп отырса, құдай
да сүймес оны.
Осындағы тымақ, тон, жең дегендер өздерінің тура мағыналарынан
басқаша айтылып, бүтіннің бөлшегі ретінде адам деген ұғымды бейнелеп тұр.
Тымақ арқылы жиналғандар тобыр, кедей - кепшіктер екендігін бірден
танытады. Ақ жаулық, орамал тартқандар дегеннен әйел қауымын түсінеміз.
Мұнда ақын- жазушылар адамдарды киген киімдері арқылы суреттеуді олардың
сыртқы көріністерін образды бейнелеудің ұтымды құралы етіп пайдаланған.
Астарлы сөз, бейнелі мағына адам баласының сезіміне күшті әсер етеді де,
оны тез баурап алады. Сондықтан синекдоха тәсілімен сөз мағыналарын өзгерту
амалдары көбіне - көп көркем шығарма стилінде кездеседі. [3.72-96]
1.2. Әдебиеттану ғылымында қарастырылуы.
Әдеби тілді ажарлау аз, құбылту керек. Әдеби тілдің әсемдігі ғана
емес,
әсерлігі үшін де орасан қажет тәсіл- құбылту, яки троп ( грекше tropos –
иін, иірім) - сөздерді тура мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп,кейде
тіпті пернелеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту. Бұл
ретте әдеби тілді ажарлау оны құбылтудың алғашқы кезеңі – ең қарапайым
түрі деуге болар еді.
Задында, суреткер қолындағы сөз суретші қолындағы бояу секілді,
иініп тауып мың құбылтуға болады. Құбылған сөз әсерлілік үстіне адам
баласының танымын байытпақ; бір сөз бір-ақ нәрсені танытса, оны түрлендіре
құбылту арқылы тіршіліктің сан алуан сырын тануға болады. Демек, троптың ең
басты мәні таным тарапында жатыр. [4.218-231]
Құбылтудың (троптың ) түрлері көп. Әдеби тілдегі ең басты құбылтудың
бірі – ауыстыру, яки метафора (грекше metaphora – көшіру) – сөз мәнін
өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты ақындай,
ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау;
сөйтіп,суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу мазмұнын
тереңдетіп, әсерін күшейту.
Мысалы:
              Гималай–көктің кіндігі,
                   Гималай–жердіңтүндігі.
                                                              (І.
Жансүгіров)
 
                    Қыр төсінде мөлдір айдын- ақ сынап,
                    Жиегінде жасыл кірпік – жас құрақ.
                                                              (Ә.
Сәрсенбаев)

                   Әйнегі- күн, шатыры-аспан,
                   Кең дала... Төсі – толқыған егін.
                   Көлдері көкке, күмістер шашақан,
                   Қазақстан- республикам менің!
                                                              (Д. Әбілев)
Бірінші мысалдағы метафора Гималайды біресе көктің кіндігіне,біресе жер-дің
түндігіне балап, әншейін бір жер атын қолма-қол заттандырып, тауға көл-
көсір мағына берсе, екінші мысалдағы ауыстырулар (ақ сынап, жасыл кірпік)
қырдағы айдын көл мен бала құраққа айрықша сұлу сымбат бітірген. Үшінші
мысалдағы метафоралар ап-ашық әсірелеумен ұштастырылып, жер мен көктен,
күн  мен көлден тұтасқан асыңқы бейне жасаған да, ақынның туған республика
деген махаббатына мақтаныш сезіміне өзгеше ажар берген. [4.218-220]
Троптың (құбылтудың) бір түрі – астарлау, яки символ ( грекше
symbolon – шартты белгі ) – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей,
бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып,
бүкпелей бейнелеу, ойды ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Мұның
өзі ой мен образға әрқашан астыртын, бұлдыр мағына береді деу де қате (
символды символизмнен айыра білу керек) ; ең бастысы – символ сөз өнерінде
көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар
береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат бітіреді. Астарлы шығарманың
идеясы жалаң, жалаңаш көрінбейді, автордың ой толғаныстары арқылы көңіл
ұйытып, көкірекке терең ұялайды.
Мысалы:
Отырмын теңіз бойында Достарым қандай
көп еді...
Ойнайды дауыл ойымда. Көбісі соның
жоқ енді.
Соғады толқын шын, жарды, Көпірген теңіз
төңірегім,
Шертеді көңілім мұңлы әнді. Күрсінбейді жел
тегін!

( Ә. Тәжібаев)
Әдемі өлең! Аз ғұмырында әрқашан ақылды болу үшін әркім- ақ айрықша
ескеру тиіс бір шындықты ақын көз алдында дөңбекшіп жатқан теңіздей ағыл-
тегіл философиялық сырға шомылдырып, шүлен шабытпен жырлаған.
Троптың бір түрі – алмастыру, яки метонимия (грекше metenymia –
қайтадан атау) - өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара
байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану.
Мұның да әдеби тілде атқарар қызметі әжептәуір: кейде ой ықшамдығы үшін,
кейде образ нұсқалылығы үшін қажет. [4.225]
Анау үйдің құдасы келіп жатыр дейміз. Құда үйдікі емес, ол
үйдегі адамдікі, үй мен үй иесінің арасы жақындығынан бірінің орнына бірін
айтамыз.
Үстіне кигені жібек ия кілең былғары дейміз . Киім орнына
жасалған нәрсесін айтамыз.
Абайдың сөзінен, яки кітабынан көшіріп жаз деудің орнына,
Абайдан көшіріп жаз дейміз. Сөзінің орнына иесін атаймыз. [5. 357]
Кейіптеу – бұл троптың бір түрі. Жансыз нәрсенің күйіне түсіріп
тұрпаттау кейіптеу деп аталады. Қылышын сүйретіп қыс келеді дегенде,
қиялыңа қылышын сүйреткен адамның суреті келіп түседі. Қыста қылыш та жоқ,
қылыш сүйрететін күйі де жоқ. Жансыз қысты жанды адамның күйіне түсіріп, -
адамның істейтін ғамалын телігендіктен, қыс бізге адам суретінде келіп
көрініп отыр.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды!
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы- үскірік аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.
Кейіптеу - ( грекше prosopopeia, орысша олицотворение) қазіргі әдеби
туындыларымызды да құбылта, құлпырта қолданылып келе жатқан әдемі тәсіл.

Жолшы қазақ – сол қазақ Жұлқылайды
етектен
Кете берді тепеңдеп. Құлағына
сарнайды:
Сол қазақты жел мазақ Кейде
алдынан жетек
Ете берсем екен деп; Кейде
артынан қалмайды.

(Х.Ерғалиев).

Бұл шумақтарда Хамит Бетпақтың беймаза желін құдды тірі кісідей құбылтып,
оған қызық-қызық қылықтар жасату арқылы өзі суреттеп отырған шындыққа тағы
бір тың шырай береді, шынайы сыр дарытады. [4.22-223]
Кейіптеу - ертегілер мен аңыздарда жиі қолданылатын тәсіл.
Троптың енді бір түрі – мегзеу, яки синекдоха ( грекше synecdoche-
арақатысын ашу). Синекдоха – алмастырудың бір түрі- бүтіннің орнына
бөлшекті немесе керісінше, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше
қолдану.
- Әй сақал! Бұл арадан Плюшкинге қалай баруға болады?
Синекдоха арқылы адамның орнына оның сақалы ғана алынған. Ана ауылға
Омар, Оспан, Асан,Үсен келді деудің орнына, ана ауылға Омарлар келді
деуіміз мегзеу болады.
Осы ауылдың адамдары жүдеу екен деудің орнына, осы ауылдың адамы
жүдеу екен дейміз. Адамы мегзеу болады. [5.362]
Троптың бір түрі – кекесін, яки ирония (грекше eironeia –
келемеждеу).
Сөздің тысқы лебіз мағынасына ішкі астыртын мағынасы қайшы келсе, кекесін
болып шығады. Кекесінмен сөйлеуді кекесін дейміз. Қорқақ кісіні батырым
деу, қара кісіні аппағым деу, ақымақ кісіні данышпаным деу –осылардың
бәрі де кекесін сөздер. Кекесіннің түрі толып жатыр, бірақ толып жатқан
түрін екі тапқа бөлуге болады:
1. Зілсіз кекесін (ойын, қулық, қалжың, әзіл)
2. Зілді кескесін ( мазақ, сықақ, мысқыл,келемеж, келеке, әжуа)

Әй деуші ең кеше бұйырып, Аз күнге бөсіп,
ісінген
Әйдіктеу қызмет алғанда, Бір күнде
даусын түсірген.
Әу дейсің бүгін иіліп, Лауазым
байғұс күшіңнен!
Орныңнан тайып қалғанда.

( А.Тоқмағамбетов).
Бұл – ешқандай бүркеншіксіз тура айтылған шымыр ширақ, улы һәм уытты
мысқыл, масқара мазақ.
Троптың бір түрі – ұлғайту, яки гипербола ( грекше hyperbole –
үлкейтілген, қомақты); тағы бір түрі – кішірейту, яки литота ( грекше
litotes- қарапайым, қораш). Бұлар да суреткердің стилі мен тіліне бірсыпыра
бояу қосады, сөздегі суретті түрлендіреді, өзгеше өрнектер төгеді, сөйтіп,
көркем шығарманың оқырманға әсерін арттыра түседі.
Жоғарғы ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп...

( Қобыланды батыр)
Жер мен көктің арасы түп- түгел ауызға айналып кеткендей... Немесе осы
жырдағы:
Жауатын күндей күркіреп,
Жаңбырдай тері сіркіреп,
Құбылып ойнап жер басты,
Жалғаса ұшқан қоңыр қаз
Тозаңынан адасты,
Аттың жолы қазылды.
Ұмтылғанда қысылып,
Бес жүз қылаш жазылды,-
деген ұлғайтулар да аттың шабысын ақылға сыймайтын әлдебір қиял- ғажайып
құбылысқа айналдырып, оқырманды оқыс елең еткізеді.
Ал литота, гиперболаға керісінше шамадан тыс ұлғайтылған құбылысты
енді құлдырата кішірейтіп көрсетеді:

От орнындай тұяқтан
Оймақтайы қалыпты,
Етектейін еріннен
Екі елісі қалыпты.
Қиған қамыс құлақтан
Бір тұтамы қалыпты,
Жалбыраған жалыннан
Жалғыз қарыс қалыпты.
Бір құшақтай құйрықтан
Бір уыстай қалыпты.

( Ер тарғын).

Бұл мысалдарға қарағанда, ұлғайту мен кішірейту тәсілдері ауыз
әдебиетінде, әсіресе батырлар жырында көп қолданылған. Ондағы мақсат –
тыңдаушы жұртқа тосынәсерлер туғызу, оларды қызықтыру, сөйтіп, суреттеліп
отырған образды шындықты көңілге ұялату.
Ұлғайту мен кішірейтудің небір қызық үлгілерін қазақтың ауыз әдебиетіндегі
өтірік өлеңдерден көруге болады.

Түгестім сапты аяқпен Сырдың суын,
Он нарға артып жүрмін қыздың буын.
Еншіге атам берген мың қоянның

Соғымға сойып алдым барлық туын.

Сырдың суын түгесу, бір қыздың буын он нарға артып жүру, еншіге бір
емес, мың қоян алу – адам нанғысыз гипербола болса, мына шумақтағы литота
оқыған кісілерді қыран-топан күлкіге қарық қылғандай:

Қайныма қарға мініп ұрын бардым,
Күйеуден өзім қатар бұрын бардым.
Айғырын шегірткенің ұстап мініп,
Алдында қайын атамның қырындадым.

Ұлғайту мен кішірейту тәсілдері жазба әдебиетте де, - поэзияда,
көсем сөздерде (публицистикада), комедиялық һәм трагедиялық шығармаларда
қолданылады.
Сонымен қатар ұлғайту мен кішірейтуді қазіргі әдебиетімізде көбінесе
әсірелеу, яки гротеск ( французша grotesque – оқыс, оқшау, оспадар) түрінде
көрінетінін атап өткен жөн. Әсірелеу де әдебиет пен өнердегі көркемдік
тәсіл; мұнда адам өмір кешкен ортаның шындығы кейде кісі күлгендей, кейде
жан шошығандай оқшау халде әдейі өсіріле, не өшіріле суреттеледі. Әдеби
тілді құбылту ғана емес, әр түрлі әдеби образдар жасау үстінде әсірелеу
тәсілін ұтықты пайдаланған жазушылар көп: Францияда Рабле, Англияда Свифт,
Германияда Гофман, Италияда Пиранделло- әсірелеу тәсілін, тіпті, әдеби
стиль дәрежесіне дейін көтерген суреткерлер. Өткен ғасырда дүниежүзілік
классикада Гоголь иен Гюго немесе Салтыков- Щедрин тілі мен стиліндегі
әсірелеудің орны өз алдында бөлек. Осы күнгі орыс әдебиетіндегі әсірелеудің
кейбір үлгілерін В.Маяковскийдің әлемге әйгілі 150000000, сол сияқты
Андрей Вознесенскийдің Оза поэмаларынан көруге болады. Ал қазіргі
әдебиетіне көз салсақ, Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы юмор мен сатираның
оқта –текте шын мәніндегі гротеск сипатына көшіп отыратынын байқар едік.
Бір нәрсені өте асырып ия өте кемітіп айту әсірелеу болады. Көп
түкірсе, көл болар деген мақал, Көзінің жасы көл болды деген мақал
түкірік пен көз жасын өте асырып айтып отыр. Қарға арғымақ арыса, карға
адым жер мұң болар деген мақал, Бойы бір тұтам деген мақал арықтың күші
мен аласаның бойын өте кемітіп тұр. Ақындардың өлеңінде де не осындай өте
асырып, не өте кемітіп айту көп болады. Бұлай айтудағы мақсат сөздің әсерін
күшейту, әсірелеу, әсіресе ескі сөздерде, ескі ақындардың айтысқан не
мақтаған өлеңдерінде, батырлар жырында көп ұшырайды. Алаша Байтоқ ақын
Жәңгір ханның істеген ісін айтып жотаған сөзінде былай деген жері бар:

Тастан сарай салдырған,
Ол салдырған сарайдың
Айналасы айшылық
Көлденеңі күншілік.

Мұның соңғы екі жолында айтылған сөздер әсірелеу болады.
Бір ескертетін нәрсе – ұлғайту мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлеген Қажыбаевтың драмаларындағы мінез
ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ СОМДАЛУЫ
Төлеген Қажыбайдың сөз өрнегі
Лиро - эпостық жырлар
Қыз Жібек жыры және оның поэтикасы
Шәкәрім лирикасындағы тілдік-бейнелілік аспектілер
Шал ақын
Табу мен эвфемизмнің қазақ тіл білімінде зерттелуі
О. Досбосыновтың айтыстарындағы троптар
Ұлттық публицистика дәстүрі
Пәндер