ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ХАЛЫҚ БАНК АҚ МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Төлем жүйесі және оның негізгі элементтері
1.2 Төлем жүйесіндегі қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысудың
негізгі формалары
1.3 Төлем жүйесінің төлем карточкалар арқылы жұмыс жасауының
экономикалық аспектілері
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ХАЛЫҚ БАНКАҚ МЫСАЛЫНДА
ТАЛДАУ
2.1 АҚ Қазақстан Халық Банкі қызметінің негізгі экономикалық
көрсеткіштерінің талдауы
2.2 Банк клиенттерінің есеп айырысуларында төлем карточкаларын
қолданудың динамикасы
2.3 Қазақстан Республикасының төлем жүйелеріндегі төлемдер
көлемінің динамикасы

3ЖАҺАНДЫҚ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ
ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ

КІРІСПЕ

Экономикалық дамуы нарықтық өзгертулер процесі арқылы дамитын
елдердің негізгі және қиын әлеуметтік-экономикалық проблемаларының бірі
банктік жүйенің тұрақтылығын, табандылығын және сенімділігін
қамтамасыздандыру болып табылады.
Банктік жүйені реформалау, реттеу мәселелеріне мүдделіктіліктің пайда
болуы, әдетте екінші деңгейдегі банктердің сенімді қызмет жасайтын нарықтық
институттарға айналуына байланысты, себебі Қазақстан Республикасында
нарықтық экономиканың аяқтан тұру проблемалары, сан алуан формаларда
шаруашылық өмірдің барлық сфераларына ендеп кірген несиелермен тығыз
байланысты болуында.
Бұл туралы банктер мен басқа да несиелік-қаржылық мекемелердің
операциялар көлемінің күрт өсуі, несиелердің жаңа формалары мен түрлерінің
пайда болуы, кредиттік операцияларға жаңа қатысушылардың тартылуы, соның
ішінде жеке тұлғалар санының өсуі нарықтық өзгеріп отыратын жағдайларына
несиелік-төлем жүйесінің шапшаң ыңғайланулары куә болады.
Әлеуметтік нарықтық экономиканы бәсекелік негізге сүйене отырып,
негізгі жекеменшіктік формаларды (мемлекеттік және жеке) ұштастыру мен
өзара байланыстыра отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы
негізінде жұмыс жасау несиелік саясаттың негізгі нысаны болып табылады.
Нарықтық экономиканы қалыптастыру Кеңес империясының шикізат көзі болған
Қазақстанды дамыған индустриялық державаға айналдыруға мүмкіндік береді.
Банктік несиелік саясат туралы айтқан жағдайда, тек бір бөлікке ғана
көңіл аударуға болмайды. Себебі ең ірі деген жалғыз банк кәсіпорындардың
несиелік қорларға туындаған сұраныстарын қамти алмайды.
Банктік саясат, егер ол тек коммерциялық банктермен ғана жүргізілген
жағдайда да, мемлекет ісі болып табылады және міндетті түрде мемлекеттік
реттеуді талап етеді. Ол әрине құқықтық және экономикалық шеңберде ғана
болуы тиіс (Қазақстанның банктік жүйесінің реформалануына негіз болған
құжат - 1990 жылы қабылданған Банктер туралы және Қазақ ССР банктік
іскерлік туралы Заңы).
Қазақстан Ұлттық банкінің мақсаттарын, іскерлік принциптерін, құқықтық
статусын және өкілеттігін, банктік жүйедегі оның рөлі мен орнын, Қазақстан
Республикасы мемлекеттік басқару органдарымен ара-қатынас тәртібін
анықтайтын құжат - 13.04.1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі туралы Заңы.
Қазақстан Республикасында Ұлттық банк мемлекеттің банктік жүйесінде
бірінші деңгей болып табылса, мемлекеттік, жеке меншіктік, акционерлік және
аралас банктер торабы Қазақстан Республикасының банктер туралы заңында
айқын анықталғандай екінші деңгейдегі банктер болады.
Қазақстан Республикасында тек Ұлттық банк республикадағы банктік
жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастырады, төлемдік есептесудің тәртібі мен
формаларын анықтайды, банктік операциялардың уақытында және үзіліссіз өтуін
қамтамасыз етеді. Ал, екінші деңгейдегі банктер банктік қызмет көрсетулерді
ұйымдастырады. Мысалы, ең әмбебап банктер типі болып табылатын коммерциялық
банктер коммерциялық негізде қаржылық-коммерциялық операцияларды кең
көлемде іске асырады. Олар өздерінің меншікті капиталдарын пайдаланумен
қатар салушылардың ақша құралдарын жоғары дәрежеде жұмылдыра отырып,
кәсіпорындарға несиелер ұсынады. Яғни, нарықтық экономикада коммерциялық
банктер жетекші рөл атқарады.
Қазақстан Республикасында Ұлттық банк мемлекеттің ақша-несие органы
бола отырып, елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын ұстауға жауапты болады.
Аталған міндетке қол жеткізу үшін Ұлттық банк нормативтік және құқықтық
актілерді жобалап, бекітеді. Басқаша айтқанда, мемлекеттегі төлемдік
жүйенің банктік іскерлігін тұрақты реттеуді іске асырып отырады.
Қазақстан-2030 стратегиясының өтпелі экономиканы реформалауды одан
әрі тереңдету туралы тактикалық мақсаттары Қазақстан Республикасындағы
банктік іскерлікті реформалау мен реттеудің процесін терең зерттеу мен
талдау жөніндегі объективті қажеттіліктен туындады. Аталған проблеманы
зерттеудің объективті қажеттілігі ҚР Ұлттық банкі және тікелей екінші
деңгейдегі банктер енгізіп жатқан әдістер мен әдістемелерді есепке ала
отырып, банктік іскерлікті реттеудің аяғынан тұруы мен дамуын тереңдету
болып тұр.
Банктік іскерлікті реттеу процесінің жалпыға бірдей заңдылығы бар.
Бірақ бұл реттеу республиканың өзіндік ерекшеліктерін есепке алу керек.
Аталған проблеманы зерттеу барысында нарықтық қатынастардың қалыптасу
жағдайында банктердің рөлін анықтайтын мәселелерді қарастыратын бағытты
таңдаған дұрыс болады.
Банктік іскерлікті реформалау - пайданы максималды көлемде алу үшін
банктік бизнесті белсенді қоздыруды қарастырады. Ол тек белгілі мөлшердегі
тәуекелді қабылдау арқылы ғана іске асырылады.
Сонымен, дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болған мәселе –
төлем жүйесіндегі коммерциялық банктер рөлін зерттеу қажеттілігінен
туындады.
Аталған проблеманың өзектілігін негіздеуге жоғарыда көрсетілген
аргументтерден басқа, нарықтық экономика жағдайында тиімді жұмыс атқаратын
төлем жүйесін құрып жетілдіру мемлекеттің экономикалық және саяси
тұрақтылығының бір көрсетіші болып табылуында. Ал, мемлекеттік төлем
айналысының тиімді болуында коммерциялық банктер өте үлкен рөл атқарады.
Дипломдық зерттеудің нысанына қол жеткізу үшін төмендегідей
мақсаттарды орындау жоспарланды:
1. Төлем жүйесіндегі коммерциялық банктер рөлінің теориялық негіздерін
зерттеу.
2. Төлем құралдарын талдау және Қазақстан Республикасының төлем
жүйесіндегі олардың мінездемелеріне зерттеу жүргізуді іске асыру.
3. Төлем жүйесіне мониторинг жүргізіп, оларды жетілдірудің жолдары мен
әдістерін қарастыру.
Дипломдық жұмыс Халық Банкі мысалында орындалды.
Дипломдық жұмысты орындау үшін төмендегідей ақпарат көздері
пайдаланылды: ғылыми әдебиеттер, жылдық есептер, статистикалық мәліметтер,
жоспарлар және басқа да құжаттар, оқулықтар және көсмекші оқу құралдары.
Жұмысты жазу барысында экономикалық талдау, салыстыру және т.б.
әдістер қолданылды.

1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Төлем жүйесі және оның негізгі элементтері.

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы әлем бойынша төлем жүйесі белсенді
реформаланды және оған нарықтық экономикада төлем жүйесінің негізгі роль
атқаратынын түсініп, мойындау себеп болды. Сонымен қатар төлем жүйесін
реформалау, төлеуші мен ақша алушының орналасқан жеріне тәуелсіз. Төлемдер
мен ақша аударымдарын шапшаң, тиімді және қауыпсіз өткізуді қамтамасыз
ететін жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты.
Халықаралық эксперттердің бағалуы бойынша барлық посткеңестік
кеңістікте Қазақстанның төлем жүйесі ең артық, ең жетілген болып отыр.
Төлем жүйесі әр түрлі формада болады, бірақ олардың нысаны біреу: ақша
аударымын бір банктік шоттан басқасына аударуды іске асыруға мүмкіндік
береді. Төлемдік жүйенің рөлі тұтынушы мен тауар және қызмет көрсетуді
ұсынушының арасында ақша құралдарын уақытымен және тиімді өткізуді
қамтамасыздандыру. Бұл ретте ол, экономикалық және қаржылық іскерліктің
нәтижесінде алынған міндеттемелерді мерзімінде аяқтауға мүмкіндік жасайды.
Қаржылық нарықтар, банктік қызмет нарықтар арасындағы тұрақтылық және төлем
жүйесі тұрақтылығы арасында екі жақты байланыстар бар.
Қазақстан Республикасында төлем жүйесін реттеудегі Ұлттық Банктің
орыны Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы заңымен анықталған.
Аталған заңның 48 бабына сәйкес, Ұлттық банк төмен жүйесінің жұмыс істеуін
ұйымдастырады, координациаларды және реттелуі, ал осы заңның 8 бабына
сәйкес. Ұлттық банк – барлық банктер мен олардың клиенттері орындауға
тиісті нормативтік құқықтық актілерді төлемдер мен ақша аударымдары бойынша
шығарады [1]
Төлем жүйесінің тұрақтылығы принципін сақтауға қатысты маңызды құрал
болып, комерциалық банктерді тұрақты тексеріп тұру процесі көрсетіліеді.
Орталық банк ақырығы есеп айырысуы іске асыратын соңғы инстанция болады.
Сол себепті ақырғы банкаралық есеп айырысуларды орталық банк ақырғы жүргізу
дұрыс.
Төлем құралдарын 2 топқа бөлуге болады:
- кредиттік құралдар
- дебеттік құралдар
Төлем құжаттарының түрлері мен толтыру тәртібі:
- төлем тапсырыстары – төлем шоты
- чек
- вексель
- төлем талабы – тапсырысы
- инкассалық нұсқауы, салық қызметі мен кеден органдарының инкассалық
нұсқауы, салық қызметі мен кеден органдарының инкассалық нұсқауы
- Ұлттық банктің нормативтік актілері анықтаған, басқада төлем
құжаттары.
Төлем тапсырысы ақша жіберушінің қызмет көрсететін банк алушыға
алынған тауар, атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет туралы ұсынылған құжат
негізінде.
Төлем тапсырысы ақша жіберушінің қызмет көрсететін банк-алушыға,
тапсырыста көрсетілген сапаны бенефициардың пайдасына ақша аудару туралы
тапсырмасы болып табылады.
Төлем талап – тапсырмасы ақша жіберушіге бенефициардың алынған тауар,
атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет туралы ұсынылған құжат негізінде ақша
төлем талабы.
Салық қызметі мен кедендік органдардың инкассалық нұсқалары аталған
өндіріп алуды негіздейтін орындалу құжатын ұсынбай іске асырылады.
Банк алушының төлем тапсырысын акцептеуі, оның жіберушінің төлем
тапсырысын орындау міндеттемесі барын және банк-алушыда жіберушінің банк
шотынан акцептелген сома көлемінде ақша сомасын алу, сол сияқты оны
орындауда пайда болған шығындарды өндіріп алу құқықтары пайда болады.
Банк – алушымен төлем шотын акцептеу іске асты деп есептеледі, егер
төменгі шарттардың бірі орындалса:
- жіберушіге банк – алушы акцептеу туралы хабар жіберсе немесе төлем
шотын төлеуге қолма-қол ақшаның қабылданғаны туралы хабар жіберсе.
- банк алушының төлем тапсырысы негізінде жіберушінің ақашасын алса
(банктік шотты дебеттесе)
- банк алушының төлем тапсырысын алғаннан кейін үш жұмыс күні бойында
жіберушіге акцептеу туралы немесе акцептеуден бас тарту туралы
хабарламасын алмаса.
- Қазақстн Республикасның заңдылықтары құрастыратын немесе банк-алушы мен
жіберушінің өз ара келісім-шарты негізіндегі басқада жағдайларда.
[2]
Бенефициалдық банк төлем тапсырысын акцептедіден есептеледі, егер
төменгі шарттардың бірі орындалса
- бенефициардың банкі жіберушіге акцептелу туралы хабар жіберсе
- бенефициардың банкі, егер ол бір мезетте банк-алушы болған жағдайдағ
жіберушінің ақшасын оның төлем тапсырысы негізінде алса (банктік шотты
дебеттесе)
- бенефициардың банкі бенефициарға ақша аударуды оның банктік шотын
несиелеу жолымен іске асырса.
- бенефициардың банкі төлем тапсырысын алғаннан кейін үш жұмыс күші
ішінде жіберушіге акцептеу туралы немесе акцептеуден бас тартуы туралы
жіберуші хабар алмаса
- Қазақстан Республикасының заңдылықтары қарастырған немесе бенейициар
мен бенефициардың банкісі арасындағы келісім-шарт негізінде, басқада
жағдайларды іске асырса.
Жіберуші мен банк-алушының арасындағы келісім шартта төлем тапсырысын,
оны алу сәтінде акцептеуде қарастырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында дебеттік аударымдар төменгідегі төлем
құжаттарын пайдалана отырып іске асырылады:
- чек
- төлем талап-тапсырысы
- вексел
Дебеттік аударымдарда төлемдер мен ақша аударымдар бенефициардық
төлеуге ұсынатын төлем құжаттары негізінде өткізіледі.
Төлемдер тағайымдарының тұтас классификаторының кодтау құрылымы сандық
және әріптік симолдар жүйесі көмегімен құрылды. Төлем тағайымдарының тұтас
классификаторлары құрылымы төмендегідей түрде болады: І, ІІ, ІІІ, IV, V,
VI, VII, VIII, IX, X. Онда:
І – ақша жіберушінің резиденттік белгісі.
ІІ – ақша жіберушінің экономикасының секторы.
ІІІ –бенифициардың резиденттік белгісі.
IV - бенифициардың экономикалық секторы.
V, VI, VII – валюта мен қымбат бағалы металдардың коды.
VIII – операциялар түрі.
IX – төлем мінездемесі.
X – төлемді деталдау.
Бұл ретте О Зейнетақы төлемдері мен көмек ақы бөлімі төлемдер
тағайымы кодтарына ие болғанымен төлем мінездемесі атау болмау себептен
жоғарғы классификатарға жатпайды.

1.2 Төлем жүйесіндегі қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысудың
негізгі формалары

Бүгінгі таңда әрбір мемлекеттің экономикасының дамуы тиімді ақша
айналымының жүйесі мен қазіргі төлем механизімдерін қолдануынсыз бола
алмайды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай күн сайынғы қаржыландырудың,
экономиканы несиелендірудің, бюджетті орындаудың мәселелері және сонымен
қатар перспективадан жоғары міндеттер қолма-қолсыз есеп айырысулардың түрлі
формаларын интенсивті дамытуына тиімді жағдай туғызады.
Төлем механизмі – шаруашылық жүйесіндегі зат алмасу сипатындағы
экономикалық құрылым. Төлемдердің әдістері қолма-қол және қолма-қолсыз
болып бөлінеді. Кейбір елдердің ақша жүйелерінде қолма-қолсыз есеп
айырысулар біртіндеп қолма-қол ақша төлемдерін ығыстырып жатыр. Қолма-
қолсыз есеп айырысулардың негізгі үлесі коммерциялық банктерде өткізіледі.
Тек соларға ғана елдің төлем жүйесіндегі маңызды есеп айырысу төлемдерінің
қызметтері жатады [2]
Банктік есеп айырысулар мен қолма-қолсыз құралдар айналымының тығыз
байланысы банктік есеп айырысулардың мәнін қарастырады. Коммерциялық
банкпен өткізілетін есеп айырысуларды әртүрлі көзқарастармен айқындауға
болады: біріншіден, есеп айырысуларды өткізетін техника көзқарасымен,
екіншіден, есеп айырысуды ұйымдастырудың ерекшелігіне байланысты, және
үшіншіден, банктік есеп айырысулардың экономикалық мәні бойынша.
М.П.Березина және Ю.С. Крупнов банкаралық есеп айырысуларды келесідей
қарастырады: Банк ұйымдарының арасындағы қолма-қолсыз есеп айырысулар
жүйесі, басты негізгісі ақша құралдарының тікелей аударымдары және олардың
өзара талабы мен міндеттерін әрдайым есепке алу. Кейбір жағдайларда банктер
арасындағы есеп айырысулар қолма-қол ақшаның көмегімен жүргізе алуы мүмкін
[3] О.И. Лаврушин банкаралық есеп айырысулардың ұйымдастыру жағын келесідей
қарастырады: Мамандандырылған есеп айырысу және клирингтік ұйымдар мен
сонымен қатар басқа банктерде ашылған корреспонденттік субшоттар арқылы
өтетін есеп айырысулар, Орталық банктің есеп айырысу орталықтары арқылы
өтетін төлемдердің жиынтығы [4]
Шетел әдебиеттерінде банкаралық есеп айырысуларды қарастырған кезде төлем
айналымы мен төлем жүйесі сияқты ұғымдар жиі кездеседі. Мысалы, Э.Роде
төлем айналымын клиенттердің шоттары және өздіренің жеке қолма-қол мен
қолма-қолсыз төлемдердің шоттары арқылы банктердің жұмыс жасауы осылайша
түсіндіреді. [5] Осындай төлем айналымының анықтамасы қазіргі ресей
әдебиетінде кең етек алған жоқ, өйткені ол дәстүрлі түрде басқа ұғымды
қарастырады. Ц.М.Хайтина төлем айналымын төлеушінің шотынан алушының
шотына ақша аударудың жолы арқылы өткізілетін төлемдерді қосатын қолма-
қолсыз ақша айналымының бөлігі ретінде анықтайды [6] А.М.Косойдың пікірі
бойынша төлем айналымы – қолма-қолсыз құралдар төлемдерінің айналымының
бөлігі [7] , ал Г.А. Шварц бұл анықтаманы былай түсіндіреді төлем құралы
ретінде ақшаны қолданумен құрылған төлемдердің жиынтығы [8] Айқын көрініп
тұрғандай негізгі ерекшелік болып, шетел экономистері төлем айналымының
ұғымын банкаралық операциялармен байланыстырса, ол отандық экономистер –
төлем құралы ретінде ақшаның қызметімен байланыстырды.
Екінші термин – төлем жүйесі -керісінше, қазіргі уақытта барлық банктік
есеп айырысумен байланысқан жарияланымдарда кеңінен қолданылады. Бұл ұғымды
батыс мамандары былайша түсіндіріледі, шаруашылық субъектілердің
материалдық және қаржылық ресурстарды сатып алу кезіндегі алынатын
міндеттерді орындау механизмдердің жиынтығы. Осындай механизмдердің
қатарына олар өзара қызығушылығы бар жақтар арасындағы келісім қарым-
қатынастары мен төлем міндеттемелерін аудару кезінде қолданатын әртүрлі
құралдарды және төлем қызметтерін ұсынатын мекемелерді жатқызды.
Банкаралық есеп айырысулар олармен технологиялық көзқараспен анықталады.
П.Ван ден Берг былайша түсіндіреді: Банкаралық құралдарды аударымдар –
бұндай аударымдарды жасау барысында банктер төлемді төлеуші мен алушы
ролінде шығады. Бұндай аударымдар не өздерінің клиенттерінің төлемін жасау
үшін банктер бір-біріне төлем жасау кезінде орын алады, не болмаса олар бір-
бірінің арасында міндеттерді орындау кезінде орын алады, мысалы, ақша
нарығында операциялар бойынша [9] .Г.Д. Бломштейн мен Б.Д. Саммерс осыған
ұқсас анықтама беріп отыр, банкаралық аударымдарды төлемдер кезінде
клиенттердің қажеттіліктерін орындау үшін жасалатын және корреспонденттік
шоттардың банкаралық желілер арқылы өткізілетін коммерциялық банктер
арасындағы есеп айырысулар түрінде көрсеткен. [10]
Енді коммерциялық банктердің қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру
және жүргізуіне келетін болсақ, ол банктердің клиенттерге көрсеткен
қызметтеріне немесе банктің комиссиондық операцияларына байланысты.
Берілген қызметтің орындалуы, ең алдымен, банктік шоттарды
шаруашылықтың, мемлекет пен халықтың бос ақшалай қаражаттарын шоғырландыру
және сақтауымен байланысты. Коммерциялық банктер әртүрлі шоттар ашады:
есеп айырысу, ағымдық, дербес, депозиттік және тағы басқалар.
Бұндай шоттар жеке және заңды тұлғалар үшін ашылады. Клиенттер тапсырмасы
бойынша банк қызметкерлері сәйкес төлем құжаттары негізінде клиент шотына
төлем құжатында көрсетілген соманы есептейді немесе шегереді. Қолма-қолсыз
есеп айырысу – бұл банктік айналым ақшаларының қозғалысы, яғни ақшалай
қаражаттар сомасын шаруашылық органдарының шот бойынша жазба түріндегі
аударымдары.
Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең таралуы, қолма-қол ақшаның айналу аясын
шектеуге, ақша белгілерін жасауға, сақтауға және есептеуге кеткен
шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қолма-қолсыз есеп айырысудың тиімді
формаларын енгізу төлемдердің жылдамдауына, есеп айырысуда ақшалай
қаражаттарының айналымдылығына көмектеседі, соңында ақшалардың банктік
айналымын тездетеді. Қолма-қолсыз есеп айырысу зат алмасуда халық
шаруашылығы шаруашылық байланыстарда делдал болады және олардың нақтылығы
мен үздіксіздігі жалпы экономиканың тиімділігіне байланысты болады. Қолма-
қолсыз есеп айырысулардың мәні мынады, олар шаруашылық органдардың
қорларының айналымына және шаруашылық мәмілелердің аяқталуына көмектеседі.
Қолма-қолсыз есеп айырысу – бұл есеп айырысудың формасы мен әдістерінің,
оларды жүргізу принциптерінің, оларға қойылған талаптардың жиынтығы. Есеп
айырысудың принципі анағұрлым тұрақты, өзгермейтін болып келеді. Есеп
айырысуға қойылатын талаптар экономиканы басқару әдістерінің дамуы мен
жаңғыруына байланысты өзгеріп отырады. Ал есеп айырысу формасы мен
әдістері осы талаптарға сай болып, олардың өзгерістеріне бейімделініп отыру
керек.
Барлық коммерциялық банктер халықтар мен шаруашылық органдарды несиелеу
процесінде қолма-қолсыз ақша айналымы төлем құралдарын эмиссиялайды, ал
олар (шаруашылық органдар мен халықтар) өз кезегінде өз қаражаттарын сол
банктердегі шоттарда ұстайды. Банкі арқылы өтетін қолма-қолсыз есеп айырысу
оның ресурстарын көбейте отырып, есеп айырысудағы бос ақша қаражаттарды
экономиканы және халықты несиеленрдіру қажеттіліктеріне шоғырландыруға
мүмкіндік береді.
Қолма-қолсыз есеп айырысу шаруашылық органдардың өзара бақылауына және
банктердің өндіріс процесіне, тауар айналымына белсенді қатысып, әсер
етуіне мүмкіндік береді. Банк шаруашылық органдардың төлем тәртібін, ол
төлемдерді уақытында төлеуін мұқият бақылайды және төлемеудің себептерін
талдайды. Төлем тәртібін бұзғаны, оны уақытында төлемегені үшін банк
экономикалық санкциялар қолданады.
Қажет жағдайда шаруашылық орган банктен уақытша несие ретінде қаржылық
көмек алып, пайда болған талаптар бойынша төлемсіздік мөлшерін азайта
алады.
Қатысушыларға байланысты есеп айырысу операциялары екі топқа бөлінеді:
клиенттік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысулар. Есеп
айырысудың формалары мен ерекшеліктері негізінде банктердің келесі есеп
айырысуларын айтуға болады: аударымдық, инкассалық, аккредитивтік және
клирингтік.
Есеп айырысу кезінде келесі төлем құралдары қолданылады: төлем
тапсырмалары, чектер, вексельдер, аккредитивтер, пластикалық карточкалар.
Қазақтан Республикасында банкаралық және халық шаруашылығындағы есеп
айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы Ұлттық банк. Ол мынадай
қызметтерді орындайды:
- қолма-қолсыз және қолма-қол ақша айналым ауқымдарына, қолма-қолсыз және
қолма-қол ақша эмиссияның мөлшеріне бақылау жүргізу;
- барлық коммерциялық банктер үшін (маманданғандарды қоса) біртұтас
әдістемелік негізде бірыңғай мемлекеттік есеп айырысу орталығы болу;
- есеп айырысудың, есеп берудің, есепке алу мен жүргізудің ережелерін
жасау және оларды унификациялау.
Қолма-қолсыз жолмен есеп айырысу жүйесінің ұйымдастырылуы біртұтас негізгі
қағидалар және келесідей операциялар арқылы жасалған: қаражаттарды бір
шоттан екінші шотқа дебеттік аударымдар (чектер), бір шоттан екінші шотқа
кредиттік аударымдар (жироесеп айырысулар). Чектер бір ретік мәмілелерде
қолданылады, жироесеп айырысу – тұрақты және мерзім сайын қайталанып
тұратын мәмілелерде қолданылады.
Банкаралық есеп айырысу жүйесін ұйымдастырудың негізгі принципі – бұл
дербес екі кіші жүйені қалыптастыру болып табылады:
- коммерциялық банктер арасында тікелей есеп айырысуды;
- Ұлттық банкте ашылған корреспонденттік шоттар жүйесі арқылы банкаралық
есеп айырысуды.
Коммерциялық банк өздерінің ведомоствалық мекемелер арасындағы есеп айырысу
формасын өздері анықтауға құқылы, ал қолма-қолсыз есеп айрысу жүйесі
банктер мен клиенттеріне белгілі бір есеп айырысу операциясын жүзеге
асыруды таңдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде елімізде есеп айырысу жүйесін қайта ұйымдастыру негізгі екі
бағыт бойынша жүргізіледі:
- жеке және заңды тұлғалардың есеп айырысу формаларының пайдаланып
жүргендерін жетілдіру және жаңа формаларын енгізу;
- банкаралық есеп айырысу жүйесін қайта ұйымдастыру.
Есеп айырысу формаларын жетілдіру туралы айтқанда, чекпен есеп айырысудың
клирингтік формасының дамуына басты көңіл бөлінеді, себебі ол есеп
айырысудың анағұрлым ыңғайлы формасы. Банкаралық есеп айырысу жүйесін қайта
ұйымдастыру – бұл банктердің тікелей корреспонденттік қатынастарының дамуы
және корреспонденттік шоттар арқылы банкаралық есеп айырысу жүйесіне толық
көшуі.
Есеп айырысу операциялары – банк қызметінің өзгермейтін немесе баяу
өзгеретін саласы және бір немесе бірнеше коммерциялық банктердің
белгілі бір реформалар жүргізуі жеткіліксіз, себебі барлығы осы
шаруашылық іс-әрекетінің маңызды элементін реттейтін заңды нұсқаулық
материалдарға тіреледі. Жеке банктер тек бар есеп айырысу формаларын
жаңарта алады, ол клиенттерге сапаның жаңа деңгейін ұсыну арқылы жүзеге
асады.
Халықаралық тәжірибеде қолданылатын есеп айырысу формаларының
(операцияларының) негізгі 3 тобын айтуға болады:
- чек және вексель арқылы инкассалық операциялар;
- аккредитивтер арқылы есеп айырысу;
- аударым операциялары.
Инкассалық операцияларды жүргізе отырып, банк клиенттің шотына онымен
тапсырылған есеп айырысу құжаттары бойынша алынған қаражаттарды есепке
алады (негізінен олар чектер мен вексельдер). Егер сатып алушы мен сатушыға
бір банкте қызмет көрсетілетін болса, онда инкассалық операция тек бір
шоттан ақшалай қаражаттарды шегеріп екінші шотқа кірістіру арқылы жүзеге
асады. Егер оларға әртүрлі банктерде қызмет көрсететін болса, онда
инкассалық операция алушының шотына ақшаны есепке алудан бұрын, төлеушінің
банкісінен ақшаны алдын ала алу қажеттілігі қиындайды. Банкаралық есеп
айырысудың бұл мәселесі есеп айырысу айырысу палаталарының және клиенттік
палаталардың құрылуымен шешіледі.
Аккредитивтер арқылы есеп айырысу сатушы сатып алушыға күмәнді болып, банк
кепілдемесін алғысы келгенде қолданылады. Аккредитивтер құжаттық,
шақырылатын және шақырылмайтын, өтемдік болады.
Аударым операциялары клиенттің тапсырмасы бойынша қаражаттарды банктің бір
бөлімінен екінші бөліміне немесе банк корреспондентіне аудару. Бұл
операцияның мәні банкіге (қабылдаушы) телеграф немесе пошта арқылы қандай
сома, қандай мерзімде және кімге төлеу туралы хабарлауды сипаттайды.
Соңғы уақытта бөлшек сауда нарығында әртүрлі төлем карточкалары кеңінен
қолданылып келеді, яғни пластикалық карточкалар мен автоматтандырылған
төлем сомалары. АҚШ-та автоматты төлемдердің 3 түрі дамыды:
- электрондық есеп айырысудың бөлшек жүйелері,
- қаражаттарды аударудың банкралық жүйесі;
- банк ішіндегі компьютерлік кешендер [11]
Банктік төлем жүйелеріне олардың экономикалық мәндері бойынша анықтама
беруге болады. Бұндай көзқараспен банктік төлем жүйелері жеке қағидаларға,
төлем тәсілдері мен есеп айырысу түрлеріне негізделген қолма-қолсыз есеп
айырысу жүйесінің бөлігі ретінде қарастыруға болады. Осыдан шығатын
қорытынды, қолма-қолсыз есеп айырысуды қарастырмай, төлем жүйесін түсінуге
болмайтыны айдан анық.

1.3 Төлем жүйесінің төлем карточкалар арқылы жұмыс жасауының
экономикалық аспектілері

Қазіргі өмірімізді пластикалық карточкаларсыз елестету мүмкін емес.
Банктік карточкалар 60 жыл бойы чектік банктік есептерді банктік жүйеден
ығыстырып шығарып, банк сферасында ұсынылатын ең дамыған қызметтердің бірі
және ең өтімді төлем құралы болып табылады. Төлем карточкаларының мәнін
қарастырмас бұрын, ең алдымен пайда болу тарихына тоқталайық.
Төлем карточкаларын практикалық енгізудің бірінші әрекеттері 1920 ж.
АҚШ–та жекелеп сататын сауда кәсіпорындары және мұнай компанияларымен
жасалынған. Қатты қағаздан жасалған карточкалар мәңгілік болған жоқ,
сондықтан 10 жыл өткеннен кейін бірінші - металдық, кейін өрнектелген
пластикалық карточкалар пайда бола бастады. Олардың қызмет етуін ығыстырып
шығарылған символдардан оттискі және күні бұрын басып шығарылған чектерге
мәліметтерді ауыстыру арқылы автоматтандыруға болатын еді. Соғыстан кейінгі
жылдары бензин мен автомобиль, авиабилетпен холодильник және т.б. сатып алу
кезінде қолданатын пластикалық карточкалар пайда болды. 1958 жылы American
Express фирмасы байларға арналған төлем карточкаларын шығарады және осы
жылдары төлем карточкалары банктік әлемге де келді. Bank Americard
карточкаларын шығаруға кіріскен Сан– Францискодағы Bank of Amerika бірінші
эмитент болды. 60 – жылдардың ортасына дейін банк қызметінің осы бөлігінде
Bank Americard жүйесі келісім – шарт негізіне және басқа банктерге өзінің
көмегін көрсетумен монополист болды. Содан соң АҚШ – тың барлық банктері
өздерінің төлем карточкаларын шығаруға ұмтылды. 60 жылдардың өзінде мәлімет
таситын магниттік жолақты пластикалық карточкалар пайда болды. Мұндай
карточкаларды қамтамасыз ету үшін дүкендерде және көмек көрсететін
кәсіпорындарда орналастырылған интеллектуалдық электрондық терминалдар
құрылды. Кішкене уақыттан соң купюр және ақша беруге арналған банкоматтар
пайда болды. Осы ұйымдастырушылықтардың ыңғайлылық санының тез өсуі
клиенттерді қызықтырды және тіпті мөр басылған арнайы банкоматтық
карточкалардың құрылуына әкеп соқты. Мысалы: Visa Electron – банкоматтарда
және сауда терминалдарына, ал Visa Plus тек банкоматта қызмет етуге
арналады.
1974 жылы Франциядағы журналист Ролан Морено микросхемасы бар
пластикалық карточка немесе смарт карта туралы ойды беріктендіріп, өзінің
шығармашылығын насихаттау үшін Innovatron фирмасын құрды. Орталық (бұрынғы
Шығыс) Европа елдерінде алғашқы халықаралық карточкалар 1991 жылы Венгрияда
пайда болды.
Қолма- қол төлемдерді қолма – қолсыз төлемдерге аударудың ең тиімді
құралы – төлем карточкалар болып табылады. Төлем карточкасы – бұл ақша
емес, ол өзінің ұстаушысына ақпарат ұстаушы электронда терминалдар және
басқа да құрылғылар арқылы төлемдерді іске асыруға, қолма – қол ақша алуға
және карточка элементімен анықталған басқа да операцияларды іске асыруға
мүмкіндік береді.
Пластикалық карточкалардың қызмет ету процесінде туындайтын төлем
міндеттемелерін орындаудың гаранты – оларды шығарушы банк эмитент.
Сондықтан, карточкалар қызмет ету уақыты бойы банктің иелігі болып қалады,
ал клиенттер (карточка ұстаушылар) оларды тек қолдануға алады. Клиентке
карточка беру кезінде оның дербестігі іске асырылады, оған карточка мен
оның ұстаушыны теңестіруге мүмкіндік беретін мәліметтер енгізіледі, сонымен
қатар карточкалардың төлем жасау кезіндегі мүмкіндіктерін және қолма – қол
ақша беру кезіндегі тексерістерді іске асырады.
Пластикалық карточкалардың қолма – қол ақшаға қарағанда көптеген
ерекшеліктері бар. Оны қолдану оңай, себебі өзіңмен бірге қолма – қол
ақшаның ірі соммасын алып жүру қажеттілігі туындамайды, өзіне қажетті ақша
соммасын әр уақытта карточка көмегімен алуға болады, сонымен бірге тонау
мүмкіндігі азаяды, себебі біреудің карточкасын қолдану оңайға соқпайды.
Осының барлығы карточканың қазіргі өміріміздің ең бір қажетті бөлігі болып
табылатына сенімділік тудырады.
Бөлшек саудада қолма – қолсыз төлемдерге ауысу мемлекет үшін
салықтарды жинау тиімділігін, ақша айналымын бақылауды күшейтуді білдіреді.
Сондықтан да қазіргі күні ең актуалды сұрақтардың бірі қолма – қол ақша
айналым сферасын азайту және тұтынушылар нарығындағы қолма – қолсыз
төлемдерді кеңейту болып табылады.
Пластикалық карточкалардың пайда болуы банк немесе сауда фирмасы
шығарған, банктегі шот иесінің жеке құжаттандыратын және оған тауар мен
қызметтерді бөлшек саудада қолма – қолсыз төлем алуға құқық беретін атаулы
ақшалай құжат. Қолма – қол қағаз ақшалар орнына төлем карточкаларын қолдану
бұл өркениетті әлемге ену үшін жасалған маңызды қадам. Оларды пайдалану
банк операцияларының Электронды Есептеуіш Машиналардың көмегімен
компьютерлендіру, автоматтандыруды қолдайды. Төлем карточкаларын пайдалану
ақша айналысы шығындарын үнемдей отырып, ақша айналымының жылдамдығын
ұлғайтады.
Банктік карточкалардың күрт жылдам таралуы, олардың жаппай қаржылық
құралға айналуы, тұрғындардың басым бөлігі арасында олардың кең
танымалдылығының ұдайы өсуі жүйеге қатысушылардың негізгі категорияларына,
яғни, банктерге, сауда орындарына және карточка иелеріне есеп айырысудың
бұл нысаны сөзсіз табысты болып табылатындығының нақты куәсі. Экономикалық
мазмұны бойынша дебеттік және несиелік карточкалар деп айыруға болады.
Несие карточкалары банктегі ашылған несие желісімен байланысты және
карточка иесіне тауар сатып алу және кассалық ссудаларды алу кезінде
несиені қолдануға мүмкіндік береді. Дебеттік карточкалар банктік
автоматтардан қолма-қол ақшаны алу немесе электронды терминалдар арқылы
есеп айырысу бойынша тауарлар сатып алуға ыңғайландырылған. Осы
карточкаларды шығаратын және оларға қызмет көрсететін банк-эмитент пен банк-
эквайердің атқаратын негізгі қызметтерін атап көрсеткен жөн.
Банк эмитенттің негізгі функцияларына мыналар жатады:
- Карточкалар шығару (карта иесінің жеке деректерін өңдеу және
кодтау, эмбоссинг, клиенттке карточканы жеткізу, карточканы
жаңарту);
- Несиеқабілеттілікті талдау (өтініш иесінің қаржылық жағдайын
анықтау, карталық шот ашу, несиелік лимитті анықтау);
- Авторизация (мәміле жүргізу мүмкіндігі туралы автоматты түрде
немесе телефон бойынша сатушының сұрауларына жауап беру, мастер-
файлдарды жаңарту, ақпараттық айырбастау жүйелерімен өзара
әрекеттесу);
- Ақпараттармен алмасу және интерчейндж үшін сыйақылар алу;
- Биллинг (карточка иесіне қарыздар соммалары мен оларды жабу
мерзімдері көрсетілген көшірмелер дайындау және жіберу);
- Карточкалық шот бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу;
- Мерзімі өткен қарыздарды қайтару және несиелік лимит шектерінің
сақталуын бақылау;
- Клиенттермен жұмыс (сұрақтарға жауап беру, шағымдарды қарастыру);
- Қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және алаяқтыққа бақылау орнату
(ұрланған және жасанды карточкалар бойынша есеп берулер, шоттарды
оқшаулау);
- Маркетинг (жаңа клиенттер іздеу, жарнамалау, карточкалық шоттар
бойынша операцияларды белсендіру бағдарламалары);
- Эквайрингпен айналысушы банктің міндеттемелері карточкалық жүйенің
оның саудалық қатысушыларына қызмет көрсетуі бойынша ролімен
анықталады. Оның негізгі атқаратын қызметтері:
- Карточкалармен жасалған операциялар бойынша сатушының банкке
ұсынған сауда шоттарының процессингі;
- Мәмілелер туралы ақпараттармен айырбастау және банк-эмитентке
интерчейндж үшін сыйақылар төлеу;
- Сауда орындарының есеп айырысу жүйесіне қосылуға білдірген
өтініштерін қарастыру, бұрынғы және жаңа сатушылардың
несиеқабілеттілігін талдау, алаяқтықпен байланысты күдік туғызған
сатушыларды тексеру;
- Маркетинг, пластикалық карточкалар үшін қажет құрылғыларды сатып
алуға сатушыларға көмектесу.
Банктік карточкалар банк өнімдерінің – депозиттерінің, несиелерінің
үшінші киті болғандықтан әрбір банктің нарықтық стратегиясында маңызды
рольді атқарады.
Қазақстанда төлем құралы ретінде пластикалық карточкалар қазіргі
кезде қарқынды дамуда. Қазіргі кезде төлем карточкаларымен түрлі
операцияларды іске асыру үшін Қазақстанда халықаралық стандартқа сай
келетін қызмет ету ережелерімен жалпы принциптері бар біртұтас төлем жүйесі
қызмет етуде. Мысалға, VISA және MASTERCARD төлем жүйелерін алсақ. Олардың
өнімдері бүкіл әлемге тараған және олардың қатысушылары (эквайерлер,
процессингтік орталықтар, банктер, тұтынушылар және т.б.) локальды және
халықаралық деңгейлерде болатын есеп айырысудың методикасы негізінде қызмет
атқарады.
Тәсілдердің жиынтығы және сол тәсілдері іске асыратын субъектілер
төлем жүйесі болып табылады. Төлем жүйесін құру кезінде шешілетін маңызды
мәселелердің бірі - өзара есеп – айырысу мен төлемдерді іске асыру,
эмитенттер
жүйесіне кіретін карточкалармен қызмет көрсету ережелерін енгізу және
соларды ұстану. Бұл ережелер карточкалармен операциялардың техникалық
аспектілерін (берілгендер стандарттары, аммортизация процедуралары),
сонымен қоса карточкалармен қызмет көрсетудің қаржылық жағын (қабылдау
желісі құрамына кіретін сауда және сервиспен айналысатын кәсіпорындармен
есеп – айырысу процедуралары, банктер арасындағы өзара есеп айырысу
ережелері, тарифтер және т.б.) қамтиды.
Сол себепті, ұйымдық көзқараспен қарағанда төлем жүйесінің ядросы
келісім міндеттемелері негізінде қалыптасқан банктер ассоциациясы болып
табылады. Сонымен бірге төлем жүйесі құрамына қызмет көрсету орталықтары
желісін құратын сауда және сервистік қызмет көрсететін кәсіпорындар кіреді.
Төлем жүйесінің табысты қызмет етуі үшін карточкалармен қызмет көрсетуге
техникалық жағынан қолдау көрсететін (процессингтік және коммуникациялық
орталықтар, техникалық қызмет көрсету орталықтары) мамандырылған қаржылық
емес ұйымдарда қажет.
Төлем жүйесі тұрақты қызмет ету үшін, ең біріншіден – процессингтік
орталықтарда есептеуіш құрылғылар болуы тиіс, екіншіден – процессингтік
орталық бір уақытта бірнеше карточкалар бойынша қызмет көрсету мүмкіндігін
сақтап қалу үшін коммуникациялық инфрақұрылымы дамыған болуы тиіс.
Процессингтік орталық - арнайы мамандырылған сервистік ұйым – төлем
карточкалар негізінде жүргізілген төлемдер мен қолма – қол ақша туралы
берілгендер жазылып отыратын протоколдарға деген эквайерлерден келетін
сұраныстарды қайта өндеуді қамтамасыз етеді. Бұл үшін орталық – банктер,
төлем жүйесі мүшелерімен карточкаларды ұстаушылар туралы мәліметтері бар
деректер базасын жүргізеді. Орталық, карточка ұстаушыларының лимиттері
туралы мәліметтерді сақтап, банк – эмитент өз базасын (off – line банк)
жүргізбеген жағдайда авторизацияға сұраныстарын іске асырады.
Процессингтік орталық сервистік функциялардың барлық спектірлерін
іске асыратын болса, онда есептеуіш құрылғылардың басқа пластикалық
карточкаларды персоналдандыру жабдықтарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен
бірге POS – терминал және банкоматтарды жөндеудің техникалық базасы болуы
тиіс.
Осыдан шығып, төлем жүйесі тұрақты қызмет ету үшін, ең біріншіден –
процессингтік орталықтарда есептеуіш құрылғылар болуы тиіс, екіншіден –
процессингтік орталық бір уақытта бірнеше карточкалар бойынша қызмет
көрсету мүмкіндігін сақтап қалу үшін коммуникациялық инфрақұрылымы дамыған
болуы тиіс. [16]
Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда 3 процессингтік орталық қызмет етуде,
ол карточкалар бойынша қызмет көрсету аймағында алдыңғы қатардағы
Қазақстан Халық банкі, Туран Әлем банкі, TEXABANK акционерлік
қоғамдары болып табылады. Жуырда АҚ ЦентрКредит банкісі өзінің жеке
процесингтік орталығын ашты. [17]
Карта иегерлері үшін карточканың мынадай негізгі жағымды жақтары:
1. Қолдану ыңғайлылығы;
2. Банктің несиенің автоматты түрде ұсынылуы;
3. Қарызды жабу мерзімін кідірте алу мүмкіндігі;
4. Жүргізілген операциялар туралы үнемі толық ақпарттарға ие бола алу
мүмкіндіктерін.
Сауда орындары үшін карталық есеп айырысулардың келесідей артықшылықтары
бар:
1. Сатылу көлемін кеңейте алады және жаңа сатып алушыларға ие болу
мүмкіндігі көбейеді;
2. Жеке құралдарын қолданбай-ақ несиеге ұсына алу мүмкіндігі және есепке
алудың арнайы жүйесін енгізу;
3. Банктік чектерді карточкалармен алмастыру жолымен тәуекелді төмендету.
Банктер несиелік және басқа да карточкалар түрін енгізгенде келесідей
табыстар алуды көздеді:
1. Тұтыну ссудаларын арттыру;
2. Алыс аймақтарда банк қызметінің сферасын кеңейту;
3. Комиссиондық сыйақылар мен пайыздық түсімдер формасы түрінде қосымша
табыс алу.
Ең басты жағымды жақтарды, атап айтқанда:
- Қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына әсері және айналыс шығындарын
азайтуға әсері;
- Банк табыстары мен айналымын арттыруға әсері;
- Банктер мен әртүрлі сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарының
беделі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға тигізетін әсері;
- Төлемдер кепілділігін ұсыну;
- Жұмыстылық (шетелдік туризм сферасындағы) өсіміне тигізетін әсері
сияқты жағдайларды қарастырған сайын банктік карточкалардың нақты
тиімділігіне еріксіз көз жеткізуге болады. [18]
Бұл бизнес түрінің тиімділігіне көз жеткен сайын мынадай
тұжырым айқындала түседі: карталық бизнестің табыстылығы үш алып китке
негізделеді: есеп айырысуларды тиімді ұйымдастыру; қаржылық есепке алу;
маркетинг. Бұл үшеуінің қайсысы негізгісі екендігін басып айту қиын, бірақ,
үшеуінің бірінсіз бір жүйеде жұмыс жасауы мүмкін емес, ал, бұл үшеудің
біреуінің әлсіздігі міндетті түрде барлық жүйенің ақсауына әкеліп
соқтырады.
.

4. Шет елдегі төлем жүйесін ұйымдастыру тәжірибесімен ақпарат алмасу
1.4 болмайды мынаны алып таста немесе диплом жазған кісі баска бөлімге
қосын
Қазіргі уақыт жағдайында өркенниетті дамыған елдер тәжірбиесінде,
дамыған нарықтық экономика жағдайына сай төлем жүйелері қолданылады.
Америка доллары сыртқы сауда операцияларындағы есептесулерде әлемдегі
ең кең таралған, валюта болуына байланысты, шет ел төлем жүйелері ішінде
АҚШ тәжірбиесін қараған жөн. АҚШ-та негізі төлем жүйесі СНIPS и Fedwire
СНIPS (dealing House Interbank Payment System) – аударулардың
банкаралық электрондық жүйесі Нью-Йорктің есептесу палатасының ассоциясының
(NYCHA) меншігінде. Ол АҚШ-та чектермен есептесетін қағаз есеп айырысуды,
Нью-Йорк банкілері мен шет ел клиенттері арасында электрондық есептесу
жүйесін 1970 жылы ашылған.
Fedwire – 3W АҚШ-ың Федеральдық резервтік жүйесінің электрондық
жүйесі. Ол елдің әр ауданынан коныс тепкен 12 февральдық резервтік
банктерден құралған .
Көрсетілген жүйелердің ерекшеліктері төлемдегідей ережелерге
байланысты: егер американдық банк өзінің банк делдалы (Intermediary Bank)
Рью-Йорк банктін – СНIPS мүшесін таңдаса және оны коды Feewire төлем әдіс
ретінде көрсетілмесе, онда төлем СНIPS жүйесі бойынша төлемейді. Көптеген
шет ел банктерінің есептесуді АҚШ доллары арқылы жүргізу мақсатында
корреспондент ретінде ірі Нью-Йорк банктеріне жүгінуіне байланысты, әлем
бойынша мемлекеттер арасында IJSD –де СНIPS 95 % төлем қозғалысының
жүргізеді, күн сайын шамамен 235000 трансакциялар жүргізеді. Қазіргі күні
СНIPS 54 Нью-Йорк банктердінің басын құрайды.
Әр қатысушыға 4 қатарлы нөмір берілген (СНIPS Routing Number). СНIPS
банк-қатысушыларда шоты бар. Оның қатысушылары клиенттері болып табылатын
банктер мен үйымдарға 6 қатарлы цифрлік эмбле индентификациялық нөмерлер
(СНIPS UD), беріледі. Ол алушы мен банк – төлем алушышы автоматы түрде
индентификациялауға қажет.
2001 жылға дейін СНIPS жүйесі off-line режимінде жұмыс істейді. Онда
хабарларды жинақтау және жіберу, операциялық күн алғында есептесуге
қатысушылардың қарсы міндеттемелері бойынша көп жақты есеп айырасулар
қарастрылған. 2001-2008 жылға дейін СНIPS жүйесінде есептесулер нақты уақыт
режимінде жүргізіле бастады. Есептеу орталығы әр төлемді ала салсымен
өңдесі бастайды және СНIPS қатысушы-банкіне жолдайды. Есептесуді өңдеу мен
өткізу секунтар ішінде өтетін болады. Бұл жағдайда 85% төлемінің
есептесулері сағат 12.30 дейін аяқталатын болды. S.W.I.F.T. стандарттарынан
айырмашылығы бар, СНIPS жүйесінде өңделетің төлем хабарламасының өзіндік
уникалдық форматы бар.
СНIPS Нью-Йорк уақыты бойынша алдыңғы күнің сағат 21.00 төлемдерді
өңдеуге ашық. Щл азил банктеріне есептесулерді АҚШ доллармен күн-күн
режимінде өткізуге мүмкіндік береді. СНIPS жұмысының негізі принцип, ағынды
күн бойында жүйесінің қатысушы-банктері шоттары арасында әр төлем бойынша
аударулады ақша құралдарының нақты қозғалысысыз өткізу. Нәтижесінде,
жүйесіндегі қортынды айналыс, оның жұмысын қолдап отыру үшін,
қатысушылырдың шотында депондалған құралдар сомасынан 500 есе асып отырады.
Оның жұмыс схемасы төмендегідей:
- Біріншіден, СНIPS-ің әр қатысушы-банкісі Нью-Йорктің Федеральдық
резервтік банкісінде, СНIPS-тің арнайы шоттарында алдын ала депондайды.
Кемінде айына бір рет СНIPS арнайы шығарылған формуласы бойынша әр
қатысушының бастанқы позициясын шығарып, әр қатысушыға есептелген сома мен
периодқа аталған бастанқы позициясы маңызды екеніне хабарлайды. Бастанқы
позициясының таланты маңызы алдыңғы периодтағы қатысушылардың өткізетін
төлем көлемі қанша көп болса, соншама көп соманы депондау керек. Әр
қатысушы күн сайын бастанқы позицияның талабына сай құралдың нақты көлемін
қолдап отыруы керек және оларды Федеральдық резерв банкісіндегі СНIPS
шотына аударып отыруға тиісті. Бұл жағдайда Федеральдық резерв банкісінің
қатысушысының шоты бойынша ағынды күн бойында ешқандай жазу жүргізілмейді.
Қатысушының ағынды позициясы СНIPS жүйесінде (бар түсімдер мен шығарымдар)
автоматты түрде есептеледі. Күн ағыны бойында қатысушылар арасында
есептесулер өткізілгенде құралдар шығарылады немесе есепке алынады және әр
уақыт моментінде әр төлем сайын есептесу мүмкіндігі қатысушы-жіберушінің
және жеке-алушының ағынды позициясының көрсеткішіне байланысты болады. Бұл
көрсеткіш нөльден де төлем болуы мүмкін (минимальдық ағынды позиция) немесе
операциялық күнді жабу процедурасы ағынындағы есептесулерден кейін,
есептелген бастапқы позициядан екі есе артық болуы мүмкін (максимальдіқ
ағынды позиция). Жүйедегі өткізілген есептесу алгоритмы, төлемдерді
индивидуальдық орындауды, көпжақты есептесулер мен төлемдерді орындау, сол
сияқты олардың кез келген комбинациясын өткізулердің болуын қарастырады.
Әдістемеге сай жүйе алған төлемдік хабарлармалар бірден орындалуы мүмкін
немесе кейінен орындалу үшін жинақталуында да болады.
Осыдан төлемдердің негізгі үлесі бір неше ірі қатысушыларға келеді,
екен, сол себепті белсенделігі аз банктер пайдасындағы аударымдар қажетті
Неттинг таңдап алу уақыты бойында жүйеде ілініп, баяулап қалатының
байқауға болады. 2007 жылдың күзінен бастап, қатысушылардың қосымша
қорландыру мүмкіндігі пайда болды, яғни ірі сомадағы аударымдарды жедел
аудару мақсатымен бастапқы позицияны ағынды күн бойында ұлғай туға болатын
болды. Жіберілген төлем хабарын қатысушы-жіберуші тек жүйе оны әлі одан әрі
нысанына жібермей және өңдеуді күтіп жатқан кезінде ғана, төқтата алады.
Төлемдерді орындау кезінде жүйеде ағынды момент кезінде балансты
жинау және қатысушылар арасында есептеулер өткізулер орындалды. Әр төлем
бойынша СНIPS қатысушы-төлем хабарын алушы анықталады, өзара есептеулер
(неттинг) өтеді, және қатысушылар арасында есептеулер орындалады, яғни әр
қатысушының ағынды позициясы ұлғаяды немесе азаяды, және бір мезгілде төлем
хабарларын нысаны бойынша жіберу жүргізіледі. Егер қатысушы-жіберушунуің
ағынды позициясының көлемі, төлем сомасы көлемінен артық болса төлем
хабарын алу мезетінде, төлем индивидуальды түрде өтуі мүмкін. Бұл жағдайда
қатысушы-жіберушінің таза позициясы төлем сомасына азайып, қатысушы-
алушының таза позициясы сол сомаға ұлғаяды.
Екі жақты неттингте төлемдер, бір қатысушыдан екінші қатысушының
пайдасына шешілуден тұратын, және екіншіден біріншінің пайдасына несиелетін
топ құрамында іске асырылады. Бірінші қатысушының екіншіге төлем
міндеттемесі, екіншінің бірінші қатысушы алдындағы міндеттемесімен
компенсацияланады және өзара есепке алынады. Топ құрамындағы әр төлем
хабарламасы сомасына, әр қатысушының ағынды позициясы ұлғайып отырады. Бұл
тек ол алушы болған жағдайда болады, егер ол жіберуші болса керсінше сол
сомаға азаяды. Нәтижесінде қатысушының таза позициясы, екі жақты
міндеттемелерді өзара есептеу арқасында сальдосының оң нәтижелі болуы
себепті, сол сальдо нәтижесіне өседі, ал ағынды позиция теріс мәнді
сальдоға не болса сол мөлшерге азаяды. Әр төлем хабарламасы бойынша топ
ішінде ақырғы есептесу аяқталғаннан кейін және қатысушылардың
міндеттемелері топ ішінде бір жолата жабылып болған соң және бір мезетте
нысаны бойынша төлем хабарламасы жіберілгеннен кейін есептесу аяқталып
болды деп саналады.
Көп жақты неттингте төлемдер топ құрамында орындалады. Оған үш немесе
одан да көп қатысушылардың төлем хабарламалары жинақталады. Әр қатысушының
өзінің жіберген әр төлем хабарламасының сомасын өтеу міндеттемесі, оның әр
алатын төлем құқығы мен жабылады. Бұл жағдайда жүйеде әр жұп қатысушылар
арасында екі жақты неттинг өтеді. Әр қатысушының ағынды позициясы, ол
кіретін алушы топ санында әр төлем хабарламасы бойынша өседі, ал екінші
қатысушының төлем хабарламасы сомасына егер ло топ жіберуші болса азаяды.
Есеп аяқталды деп есептеледі, егер топ інішдегі әр төлем хабарламасы
бойынша ақырғы есептесу аяқталса және топ ішіндегі әр қатысушының бір-
бірінің алдындағы міндеттемесі бір жолата жабылса және олар туралы
хабарламалар нысандырға жіберілсе.
Жүйесінің ішінде операциялық күнді жабу процесінде, төлем
хабарламаларын алу аяқталғаннан соң (Нью-Йорк уақыты, сағат 17.00) өзара
есеп айырысу өтеуі және бұл уақыт сәтінде жүйесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеуді дамытудың негізгі бағыттары»
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары
Несиелік саясат және несиелік механизм зерттеу
Бос ақша қаражаты
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
Қазақстандағы депозиттік нарықтың дамуын коммерциялық банктің депозиттік қызметі негізінде талдау
Қазақстан Республикасында вексель айналысы дамуындағы коммерциялық банктердің ролі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБДИКАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ ДАМУЫНТАЛДАУ
ІІІ БӨЛІМ БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ
Нарықтық экономика жағдайында несиелендіру
Пәндер