ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Орындаған: Сулейманов Д.
Рецензент: Жарылгаганова Ф.
Ғылыми жетекші: Супугалиева Г. И.
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі,
Э. ғ. к., доцент Ермекбаева Б. Ж.
Алматы, 2006
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Нарық экономикасына өту жағдайындағы Қазақстан Республикасының төлем жүйесіне жалпы сипаттама: теориялық және тәжірибелік аспектілері . . . 6
1. 1 Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің маңызы және қалыптасу ерекшеліктері . . . 6
1. 2 Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің элементтері, қағидалары, тұлғалары . . . 11
1. 3 Төлем жүйесінің деңгейлері және тәуекелдері . . . 25
ІІ. Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің қазіргі даму бағыттары . . . 41
2. 1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі негізгі тенденциялар . . . 41
2. 2 Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің қазіргі жағдайына талдау жүргізу……… . . . 48
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесін жетілдіру жолдары . . . 56
Қорытынды . . . 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 65
КІРІСПЕ
Экономикадағы қаржы нарығы және банк секторының тиімді қызмет етуі төлем жүйесіне тәуелді. Төлем жүйесі - ақша жүйесінің бір бөлігі ретінде экономикалык қызмет процесінде туындайтын тауарлар немесе көрсетілген қызметтер үшін төлемдердің, сонымен катар борыштық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін заңды түрде реттелген элементтердің жиынтығы.
Төлем жүйесінің мақсаты - банктік және қаржылық сектордың сол күні жузеге асырылатын операциялардың тиімді және қауіпсіз төлем жүйесіндегі қажеттілікті қанағаттандыру болып табылады. Демек төлем жүйесінің экономикалық маңыздылығы жабдықтаушы мен түтынушы арасында болатын есеп айырысуларда ақша қаражаттарын тиімді және өз мерзімінде аударуды қамтамасыз етуден көрінеді. Бүл өз кезегінде экономикалық және каржылық қызмет нәтижесінде пайда болған міндеттемелердің орындалуына ықпал етеді.
Қазіргі уақытта әлемдік жаму тәжірибесінде банкаралық есеп айырысудың сапасы, жылдамдығы және қолма қолсыздығы банк жүйесінің маңызды даму көрсеткіші ретінде қарастырылады. Себебі неғүрлым қаражаттарды жеткізудің мүмкіндігі жоғары болса, соғұрлым төлемді жіберудің ең тиімді тәсілі табылады. Осыдан бірнеше жыл бүрын Қазақстан Республикасында банктер арасында төлемдерді жіберу жалғыз әдісі - Есеп айырысу орталығы арқылы жүзеге асырылған. Алайда бұл жүйенің кемшілігі жоғары трансакционды шығындардың орын алуы, нәтижесінде төлемдердің кешіктірілуімен түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасы өз егемендігін алғаннан кейін нарыктық экономикаға көшу үдерісі басталды. Нарықтық реформалар экономиканың барлық салаларын, соның ішінде банк жүйесін де қамтыды. ҚР банк жүйесін реформалау алдымен заңды-нормативті базаны, институционалды ортаны қалыптастырумен байланысты болды. Осыған орай банк жүйесін реформалауға 1990 жылғы «ҚазССР - дағы банктер және банктік қызмет туралы» және 1995 жылғы ҚР «Банктер және банктік қызмет туралы» Заңы негіз болды. Бұл заң Ұлттық Банктің міндетін, қызмет ету кағидаларын, құқықтық мәртебесін, құзыретін, банк жүйесіндегі орнын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен карым - қатынасын анықтайды.
Банк жүйесін реформалау жаңа төлем жүйесін қалыптастыру қажеттілігін тудырды. Бүл төлем жүйесі - сенімді, қауіпсіз, тиімді болуы керек, сонымен катар төлемдерді мейлінше аз тәуекелмен өткізуге мүмкіндік беруі керек болды. Ұлттык Банктің төлем жүйесін дамытудағы негізгі бағыттары тиімділікті, сенімділікті және төлемдердің өту жылдамдығын, яғни өтімділігін жоғарылату, сонымен қатар тәуекелдерді төмендетуге және әр түрлі төлем кұралдарын қолдануға қолайлы ахуал жасауға бағытталған.
Ұлттык Банк ақша - несие саясатын реттеуші орган ретінде мемлекеттің қаржы жүйесінің түрақтылығына жауапты. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы оның басты элементі төлем жүйесіне тәуелді болғандықтан тиімді төлем жүйесін кұру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Төлемдердің жылдам және сапалы жүзеге асырылуы, қаржылық және тауар нарықтарындағы операциялардың өз мерзімінде аяқталуының кепілі болып табылады. Бүл өз кезегінде шет ел инвестицияларын тартуға алғы шарт болып табылады.
Ақшалай аударымдардың жылдамдығынан әр шаруашылык субъектінің қаржылық тұрақтылығы және бюджетке түсімдердің өз уақтылығы тәуелді, сәйкесінше жалпы мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақтылығы тәуелді. Қазіргі заман талаптарына жауап беретін төлем жүйесін кұру елдегі оң өзгерістердің көрсеткіші болып келеді.
Халықаралық стандарттарға сай тиімді төлем жүйесін құру мақсатында 1994 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық төлем жүйесін кұрудағы ынтымақтастық және Ұлттық Төлем Кеңесін құру туралы» келіссөз қабылданды. Ұлттық Төлем Кеңесі қызметінің басты бағыттарына:
- қатысушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын Ұлттық Төлем Жүйесінің жобасын жасау;
- екінші деңгейлі банктердің жұмысын тұрақтандыру және клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын жақсартудың методикалық ұсыныстарын жасау;
- халықаралық банктік жүйелерге шығу үшін мемлекет аралық стандарттарға көшу;
- қауіпсіздігі мен байланысты техникалык және бағдарламалық қамтамасыз ету проблемаларын шешу, сонымен катар Ұлттық Төлем Жүйесіне қатысушы банктердің мамандарын оқыту проблемаларын шешу болып табылады.
Халықаралық Валюталық Қор мен халықаралық қаржылық ұйымдардың жүргізген тексеруінен кейін, Қазақстан Республикасының төлем жүйесі маңызды төлем жүйелерінің он қағидасына жауап береді деген қорытындыға келді.
Төлем жүйесін кұру бірқатар маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік берді деуге болады:
1. банк қаражаттарын аударудағы кешіктірулер дәрежесі төмендеді;
2. банк өтімділігінің тепе - теңсіздігі жойылды;
3. ақша- несие саясатын жүргізудің мүмкіндіктері кеңейді.
Ұлттық төлем жүйесінің мақсаты - банктік және қаржылық сектордың тиімді және қауіпсіз төлем жүйесіндегі қажеттілікті қанағаттандыру болып табылады. Төлем жүйесін дамытудың негізінде Ұлттық Банктің және коммерциялық банктердің жаңа шот жоспары, электронды формада берілетін жаңа төлем құжаттары енгізілді, өйткені халықаралық стандарттарға сай болуы керек және автоматты машиналармен өңделуі керек еді.
Тақырыптың өзектілігі. Төлем жүйесі экономиканың әр түрлі секторларында қолданылады, сонымен қатар ұлттық және әлемдік экономикада басты рольді алады. Осыған орай төлем жүйесінің қазіргі заман талаптарына сай болуы және жалпы экономиканың өсуіне ықпал етуі өте маңызды. Ол үшін төлем жүйесін әрдайым дамытып отыру керек, сонда ол экономикадағы болып жатқан өзгерістерге икемді болады.
Тиімді төлем жүйесін құру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ақшалай аударымдардың жылдамдығынан шаруашылық процестің қатысушыларының қаржылық жағдайы, бюджетке салықтардың және баска да алымдардың уақтылы түсуі тәуелді, сондықтан жалпы мемлекеттің экономикалық және саяси түрақтылығы да тәуелді. Жылдам және нақты өткізілген төлемдер тауар және қаржы нарықтарындағы операциялардың дер кезінде аяқталуын қамтамасыз етеді және шет ел инвестицияларын тартуға ықпал жасайды. Осының барлығы жаңа есеп айырысу формаларын дамытып, төлем жүйесіне ендіру қажеттігін көрсетіп отыр. Бірақ, осының барлығы экономикалық, ұйымдастыру, техникалық қиындықтарға келіп тіреледі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында халықаралық стандарттарға сай төлем жүйесі жұмыс істеп жатыр.
Осыған байланысты таңдап алған тақырыбым бойынша диплом жұмысымның алға қойған мақсаты төлем жүйесінің, оның құрылымын, ұйымдастыру қағидаларын, құрамдас бөліктерін және критерийлерінің талдауын жасау, жетілдіру жолдарын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі Ұлттық Банктің ролін, төлем жүйесіндегі тәуекелдер мен мәселелерді, Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің даму перспективаларын және жетілдіру жолдарын карастыру болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей зерттеу міндеттері қамтылды:
- клиринг негізінде ұйымдастырылған банкаралық есеп мақсаттылығы мен пайдалылығын дәйектеу;
- төлем жүйесінің құрылымын жүйелеу;
- банкаралық есеп айырысуларды тиімді жүргізу мақсатында қолданыстағы есеп айырысу механизімдері қарастырылды;
- есеп айырысу жүргізудегі тәуекелдердің ролі мен орнынақтыланды;
- республикадағы төлем жүйесінің қазіргі жағдайы талданып, даму бағдары белгіленді.
Бітіру жұмысының ақпараттық негізін Қазақстан Республикасының нормативтік - кұқықтық заң актілері, Ұлттық Банктің статистикалык мәліметтері, отандық және шет елдік оқу әдебиеттері, мерзімді басылымдар, банктің қаржылық есеп беру құжаттарындағы жедел мәліметтер құрайды.
Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, кестелер және суреттерден тұрады.
І. НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНА ӨТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА: ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің маңызы және қалыптасу ерекшеліктері
Төлем жүйесінін ролі - жабдықтаушы мен тұтынушы арасындағы ақшалай қаражатты өз уақытында және тиімді аударуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл экономикалық және қаржылық қызмет нәтижесінде өзіне алған міндеттемелерін өз уақытында орындауға мүмкіндік береді. Осыған орай экономикадағы қаржылық нарықтар мен банк секторының қызмет етуі елдегі төлем жүйесіне байланысты.
Экономикалық үдеріске катысушылардың бастамасы бойынша тауар мен кызметті сатушылар мен сатып алушылар арасында көптеген келісім - шарттар жасалады. Көп жағдайда сатушылар тауар мен қызмет үшін төлемді өз уақытында және алған қаражатымен тез арада қолдана алатындай формада талап етуі мүмкін. Экономикалық үдеріске қатысушылар өз міндеттемелері бойынша жауап беру үшін қолма - қол немесе банктік шотта орналасқан қаражатты пайдаланады.
Біздің пікірімізше, отандық төлем жүйесінде қазіргі уақытта есеп айырысулар негізінен қолма - қолсыз ақша ақшалармен жүргізіледі. Себебі қолма - қол ақшамен есеп айырысу төлемнің мерзімі мен шарттарының өзгермелілігі, сенімді қорғаудың қажеттілігі, географиялық тұрғыдағы орналасқандығы сияқты басқа да себептерге байланысты қолайсыз болады. Осыған орай шаруашылық жүргізуші тұлғалар өздерінің төлемдерін жүзеге асыру үшін банктердің қызметін пайдаланады.
Төлем жүйелерінің әр түрлі формалары болғанымен, бірақ олардың мақсаттары бір: бір банктік шоттан екінші банктік шотқа ақшалай аударымды жүзеге асыру болып табылады. Демек, біздің ойымызша төлем жүйесін осы мемлекетте бекітілген заңдар, ережелер мен стандарттарға сәйкес төлемдер мен ақшалай аударымдарды бір банктік шоттан екіншісіне аудару механизмі ретінде қарастыруға болады.
Төлем жүйесіндегі қателіктер нәтижесінде экономикалық үдеріске бір немесе бірнеше қатысушысы өз міндеттемелері бойынша уақтылы жауап бере алмайды. Осыған орай бір қатысушыға ғана емес, жалпы экономиканың түрақтылығына сенім жоғалуы мүмкін. Бұл кұбылыстың теріс әсері де бар. Мысалы: бір немесе бірнеше қатысушының қаржылық тұрақсыздығы төлем жүйесінің жұмысына теріс әсерін тигізеді. Бір немесе бірнеше қатысушыда қаржылық қиындық туындайтын болса, басқа қатысушылардың оларға деген сенімі жоғалады. Бұл төлемдердің кешіктірілуіне әкеледі, сәйкесінше жүйелі тәуекелді тудырады.
Қаржылық нарықтар мен банк қызметі нарықтарындағы тұрақтылық пен төлем жүйесінің тұрақтылығы арасында екі жақты байланыс бар.
Қаржылық нарықтар мен банк секторында төлем жүйесінің алатын орны маңызды болғандықтан, оның сенімді және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге экономикалық қатынастарға қатысушылардың барлығы, әсіресе Ұлттық банк мүдделі. Төлем жүйесі қаржы жүйесінің маңызды қүрамдас бөлігі болғандықтан, оның жүмысы мемлекет тарапынан мейлінше аз көлемде қадағалануы керек.
Қазақстан Республикасының төлем жүйесін реттеудегі Ұлттық Банктің ролі ҚР «Банктер және банктік қызмет туралы» Заңында анықталған /1, /. Осы заңға сәйкес Ұлттык Банк төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және реттейді. Сонымен қатар ҚР ҰБ төмендегі жағдайларды белгілейді :
- Төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережелерінжәне төлем нұсқаулықтарының мазмұнына қойылатын талаптардыанықтайды.
- Қолма - қол ақшаны қолданып төлемдерді жүзеге асыру тәртібімен шарттарын анықтайды.
Сонымен қатар осы заңның 8 бабына сәйкес Ұлттык Банк төлемдер мен ақшалай аударымдарға байланысты барлық банктер мен олардың клиенттері үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтык актілерді шығарады.
Төлем жүйесіндегі Ұлттық Банктің негізгі қызметтеріне келесілер жатады:
- Жалпы есеп айырысу жүйесі мен клиринг жүйесінің жұмысынұйымдастыру. Төлем жүйесінің құқықтық негізін кұрайтын және қызмететуін реттейтін нормативтік құқықтык актілерді жасау және бекіту.
- Екінші деңгейлі банктерді лицензиялау және төлем жүйесініңқызметін қадағалауды жүзеге асыру.
- Екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік операциялардыжүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын жүргізу.
- Төлемдердің сенімділігі мен қауіпсіздігін кепілдейтін екіншідеңгейлі банктердің инспекциясын жүргізу.
- Төлем жүйесіне қатысушылардың несиелік және өтімділіктәуекелдерін басқару. Нақты уақыт режимінде төлем жүйесініңмониторингін жүзеге асыру.
Түрақты төлем жүйесінің қағидаларын орындауды камтамасыз ету үшін ҚР ҰБ екінші деңгейдегі банктердің мониторингін жүргізіп отырады. Ұлттық банк және басқа да қадағалау құзыреті бар мемлекеттік органдар, осы тексеру барысында банк қызметінің қаншалықты сенімді және түрақты екенін тексереді. Ұлттық банк коммерциялық банктерге төлем жүйесінде пайда болатын тәуекелдерді анықтауды және бақылауды міндеттеуі мүмкін. Тәуекелдерді басқарудың жалпы талаптарын орната отырып, Ұлттық банк банктерде пайда болатын тәуекелдерді реттеудің механизімін қүрады. Ұлттық банктің маңызы есеп айырысу мекемесінің қызметін көрсетуінде. Ұлттық банк соңғы есеп айырысуды жүргізеді, өйткені өзінің мәртебесіне байланысты несиелік және өтімділік тәуекелін тудырмайды.
Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің дамуы 1994 жылы басталды. Осы кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйесінің жетілдірілуі басталды. Нормативтік негізді жасау осы міндетті орындаудың бірінші кезеңі болды. Осы кезеңде Қазақстан Республикасының территориясында вексель, чек, төлем карточкаларын пайдалану ережелерін реттейтін нормативтік қүқықтық актілер дайындалды және бекітілді.
- жылы Қазақстанда бірінші рет Үлттық Банктің негізінде Алматы клирингтік палатасы кұрылды (Бөлшек төлемдер жүйесі) . Ол көп жақты есепке алу әдісі негізінде жұмыс істеді. Соңғы есеп айырысу операциондық күннің аяғында әр қатысушының таза позициясы негізінде жүзеге асырылады. Бұл жүйенің келесідей кемшілігі болды: операционды күннің аяғында қатысушы - банктер төлем тапсырмаларымен қағаз бетінде алмасуы керек боды. Бұл нормативтік бекітілмеген «электронды төлем тапсырмасы» түсінігінің болмауынан және төлемді электронды түрде жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауынан туындады. Төлем жүйесін дамыту және жетілдіру мақсатындаҰлттық Банктің облыстық филиалдары негізінде аймақтық клирингтік пошталар қүрылды. Олар аймақ ішілік төлемдердің банкаралық клирингін жүзеге асырды.
- жылы Алматы клирингтік палатасы Қазақстан Банкаралық есеп айырысу Орталығы болып қайта қүрылды. Қазақстан Банкаралық есеп айырысу Орталығы қағаз бетіндегі растауды қажет етпейтін, электронды төлем тапсырмаларымен жұмыс істейді. Бұл Қазақстан Республикасының заңында төлемдерді электронды тәсіл арқылы жүзеге асыру және «электронды төлем тапсырмасы» түсінігі бекітілгеннен кейін мүмкін болды.
Сол жылы Қазақстан Банкаралық есеп айырысу Орталығы негізінде Ірі төлемдер жүйесі құрылды. Ол электронды төлем тапсырмаларын өңдеуді және жалпы негізде есеп айырысуды жүзеге асырды.
Екінші деңгейлі банктердің корреспонденттік шоттарын Ұлттық Банктің филиалдарынан орталық аппаратқа аудару төлем жүйесін жетілдіруге мүмкіндік берді. Корреспонденттік шоттарды орталықтандыру, Ұлттық Банкке есеп айырысу банк ретінде қызмет көрсетуге және банк және төлем жүйесінің устінен бақылау қызметінің тиімділігін жоғарылатуға көмектесті.
1999 жылдың 1 тамызында Бөлшек төлемдер жүйесін дамыту үшін және осы сферадағы көрсетіліп отырған қызметтердің сапасын жоғарылату үшін Ұлтгық Банктің облыстық филиалдары негізінде ашылған клирингтік палаталар жабылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының территориясында банкаралық клирингті Қазақстан Банкаралық есеп айырысу Орталығы және жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Тимей» қаржы өндірістік компаниясы жүзеге асырды.
Банктік және қаржылық секторлардың тиімді және қауіпсіз төлем жүйесіндегі қажеттілікті қанағаттандыру үшін, Үлттық Банк дамыған шет ел мемлекеттерінің жалпы есеп айырысу жүйелеріне жақындату үшін Ірі төлемдер жүйесін жетілдіру жүмыстарын жүргізді. 2000 жылдың аяғында Қазақстан Банкаралык есеп айырысу Орталығы негізінде күрылған Ірі төлемдер жүйесі Ақша аударудың банкаралық жүйесі болып қайта қүрылды. Ол пайдаланушылардың шоттарындағы қалдық қаражат негізінде жүмыс істейді және жүйелі маңызды төлем жүйесіне қойған талаптарының барлығына жауап береді.
ҚР төлем жүйесінің қалыптасуына жасалған жоғарыдағы талдау барысында белгіленген ой-түйіндерімізді біз арнайы кестеде бейнелеуге тырыстық.
Төлем жүйесіне қатысушылар*
1-ші кесте
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz