Жаhандану жағдайында мектеп жасындағы балаларды гендерлік толерантылыққа тәрбиелеу жолдары


ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Жаратылыстану педагогикалық факультеті
«Білім беру технологиясы» кафедрасы
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Тақырыбы:«Жаhандану жағдайында мектеп жасындағы балаларды гендерлік толерантылыққа тәрбиелеу жолдары».
Орындаған:050103 Педагогика және психология
мамандығының студенті:
Әйтен А.
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Г. Ш. Пазылова,
Мазмұны
Кіріспе
1. Тарау. Мектеп жасындағы балаларды гендерлік толеранттылыққа тәрбиелеудің теориялық негіздері.
1. 1. «Толеранттылық» және «гендерлік толеранттылық»
ұғымдарына сипаттама, зерттелу жайы.
- Мектеп жасындағы балаларда гендерлік толеранттылықтың көріну ерекшеліктері.
2. Тарау. Мектеп жасындағы балаларда гендерлік толеранттылықты қалыптастыруда тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар.
2. 1 Мектеп жасындағы балалардың гендерлік толеранттылығын диагностикалау.
2. 2. Мектеп жасындағы балаларда гендерлік толеранттылықты қалыптастыру жолдары мен құралдары.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі.
Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды рөл атқарады. [1]
Қазақстанның 2010 жылы Еуропа Ынтымақтастығы мен Қауіпсіздігі Ұйымына (бұдан әрі - ЕЫҚҰ) басшылық жасауы Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне шығуына мүмкіндік беретін қосымша факт болып табылады. Осылайша, біздің республикамыз кеңес үкіметі елдерінің және Азия елдерінің ішінде алғашқы беделді халықаралық ұйымдардың бірін басқаруға ие болған ел болды. Сонымен қатар, бұл - бүгінде біздің мемлекетімізді алдыңғы қатарлы батыс елдерінің толық құқықты әріптес ретінде қабылдауын көрсететін Қазақстанның әлемдік кеңістікке белсенді кірігуінің тағы бір дәлелі.
Еліміздің қазіргі әлемдегі орны адам капиталының сапасымен, білім берудің жай-күйімен және өндірісте техника мен ғылымды пайдалану деңгейімен анықталады. Технологияның дамуы жаһанданудың катализаторы және еліміздің бәсекелестік басымдылығы дамуының маңызды факторы болып табылады. Қазіргі білім мен технологияларға негізделген экономика жоғары технологиялы қоғам құрудағы сапалы жаңа өзгерістерге жетудегі табыстың кепілі болып табылады.
Сондықтан қазіргі таңда «жаhандану» термині қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында соның ішінде білім берудің ең көп қолданысқа енген терминдердің бірі болып табылады. Ал «жаhандану» терминін алғашқы рет Гарвард бизнес мектебінің профессоры Теодор Левит өзінің «Нарықтардың жаһандануы» атты мақаласында ұсынған.
Жаhандану мәселелерімен айналысатын әртүрлі қоғамдық-ғылыми пәндер осы ұғымға нақты бір ғылымға тән ерекше мәндерді айтуға болады. М. А. Чешковтың пайымдауынша, «жаhандану» термині әлемдік қоғамдастықтың әр түрлі бөліктерінің бір-біріне тәуелділік, өзара бірігу және өзара шарттасу процесі ретінде көрсетуге болатын процестер мен құрылымдардың кең жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, қазіргі заманда аумақтағы жағдайлармен анықталатын біртұтас нәрсе құрылады [2] .
Жаһандық білім беру дегеніміз - әлемді перспективада қабылдау, басқа адамның көзімен, санасымен қабылдау деген сөз, адамдардың дүниеге көзқарасы әртүрлі болғанымен, олардың мұқтаждары мен тілегі ортақ». Осыған орай әр адамның жыныстық ерекшелігіне баса назар аударып қана қоймай, оның қоғамда алатын орны мен әлеуметтік белсенділігіне қарай бағалануы маңызды мәселе.
Сондықтан қазіргі кездегі мектептердің басты міндеттерінің бірі - өскелең ұрпақтың толерантылығы болып табылады, осы үрдістің барысында тұлғаның дұрыс дамуына жағдайлар жасалады.
Осындай түрлерінің бірі тәрбиеленушілердің болашағына маңызды әсерін беретін гендерлік толеранттылық болып табылады.
Педагогикада гендірлік толеранттылық ұғымы екі жақты әлеуметтік- педагогикалық үрдіс, ұлдар мен қыздарда батылдық және нәзіктік туралы түсінік қалыптастыру, олардың жыныстық мәніне қарай мінез-құлқын дамыту мен қалыптастыру бағытылығы мен дербестілігін жетілдіруге бағытталған.
ҚР-ң гендерлік стратегиясында жыныстардың еркін рухани даму мүмкіншілігін кеңейту үшін, гендерлік бағытталған бағдарламаларды енгізу, білім беру жүйесін реформалауда есепке алу керектігі айтылған. [3]
Жалпы тұлғада толеранттылықтың қалыптасуы үшін ол рухани дамудың белгілі бір сатыларынан өтуі тиіс, ал ол педагогикалық проблема болып табылады. Сондықтан 1995 жылғы 16 қарашада ЮНЕСКО-ға мүше елдер қабылдаған «Толеранттылық принциптерінің Декларациясында» білім беру саласында толеранттылық идеясын насихаттауға басымдық берілген. Педагогика ғылымында оның саласы ретінде «толеранттылық педагогикасы» даму үстінде, онда толеранттылықтың мәнін зерттеу және оны әлеуметтік норма, әлеуметтік құндылық ретінде практикаға ендіруге негізгі көңіл бөлінеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» қазақстандық патриотизмге, толеранттылыққа, биiк мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу отандық білім беру жүйесінің негізгі міндеттері ретінде көрсетіледі. Яғни, білім беру мазмұны адамдардың нәсілі мен ұлтынан, жынысынан, мәдени және конфессиональдық белгілерінен тәуелсіз олардың арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа, тұлғаның жалпы адамзаттық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс. [4, 5]
Қоғамдық өмірдегі толеранттылықтың орны мен рөлі туралы қағидалар Б. С. Гершунский, В. А. Лекторский, А. Н. Леонтьев, А. В. Петровский, В. А. Тишков, О. Хеффе, т. б. еңбектерінде кездеседі. Бұл авторлар негізінен толеранттылықтың әлеуметтік-мәдени және этникалық сипаттарына көңіл бөледі.
Толеранттылықтың жекелеген аспектілері қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне де арқау болды: Г. К. Искакова, М. А. Кучерова, П. И. Мамедова, Б. А. Тұрғынбаева, т. б. толеранттылықты қалыптастырудың жалпы мәселелерін қарастырса, С. Әмірғазин еңбектерінде дінаралық толеранттылық мәселелерінің әр жақтары ашылған. Г. А. Уманов ұлтаралық қатынастар педагогикасының теориялық негіздерін қарастырды.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, мектеп оқушыларын гендерлік толеранттылығын қалыптастыру қажеттілігі бүгінгі күнде шешімін қажет ететін өзекті мәселелердің бірі екені байқалды. Зерттеудің көкейкестілігі, теориялық және практикалық маңыздылығы бізге төмендегі ғылыми зерттеу жобамыздың тақырыбын былай деп алуға негіз болды « Жаhандану жағдайында мектеп жасындағы балаларды гендерлік толерантылыққа тәрбиелеу жолдары ».
Зерттеу нысаны: Мектептегі оқу -тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Мектеп жасындағы балаларды толеранттылыққа тәрбиелеу жолдары.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасындағы балаларды гендерлік толеранттылыққа тәрбиелеудің кешенді педагогикалық шарттарын ғылыми негіздеу және эксперименттік бақылау.
Зерттеу болжамы : Мектеп жасындағы балаларды гендерлік толеранттылыққа тәрбиелеу үрдісі тиімді болады, егер де:
- Оқу-тәрбие мекемелерінде мектеп жасындағы балаларды гендерлік толеранттылыққа тәрбиелеу, қазіргі кездегі білім берудің бір мақсаты ретінде қарастырып, арнайы мазмұнды қамтамасыз етуді қажетсінсе;
- Мектеп жасындағы бірдей балаларды гендерлік толеранттылыққа тәрбиелеу үрдісіне әсерін тигізетін педагогикалық орта факторлары қолданылып және іске асырылса;
- Мектеп жасындағы балалардың бірдей дәлме-дәл гендерлік қалыптасуына жағдайлар жасалса;
- Гендерлік толеранттылыққа тәрбиелеу жұмысына педагогикалық ұжым дайындалса.
Зерттеу міндеттері:
- Педагогикалық теориялар мен тәжірибеде гендерлік толеранттылық мәселелерін оқып, меңгеру, сараптау.
- Мектеп жасындағы балалардың гендерлік ұқсастығының бар болу ерекшелігін айқындап көрсету.
- Оқу-тәрбие үрдісінде гендерлік толеранттылыққа тәрбиелеуге тәжірибелік - эксперимент жүргізу және алынған нәтижені өңдеу.
- Мектеп жасындағы балаларды гендерлік толеранттылыққа тәрбиелеудің «Толеранттылық сабақтар» әдістемелік материалдар жинағының үлгісін жасау.
Зерттеу әдістері мен әдістемелері:
Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; бақылау, әңгіме, сауалнама жүргізу, эксперименттерін В. В. Бойконың эмпатиялық қабілеттердің деңгейін анықтау әдістемесі, Басса - Дарки сауалнамасы, С. Бемнің «Маскулиндік Феминдік» әдістемесі.
1. Тарау. Мектеп жасындағы балаларды гендерлік толеранттылыққа тәрбиелеудің теориялық негіздері.
1. 1. «Толеранттылық» және «гендерлік толеранттылық» ұғымдарына сипаттама, зерттелу жайы.
Қазақстан қоғамы күрделі конглемерат ретінде қалыптасты. Қазіргі уақытта оның құрамына 100-ден астам ұлттар мен ұлыстар кіреді, олар бірнеше діни-конфессионалдық бірлестіктерге біріккен. Осындай әртектілік жағдайында әлемді алаңдатып отырған ұлтаралық, дінаралық қақтығыстарға ұшырамай, халықтардың бейбіт қатар өмір сүруіне мүмкіндік беретін күш қандай? Ғылымда «толеранттылық» атауымен белгілі ұғым, міне, осы жерде маңыздылыққа ие болады.
Президент Н. Назарбаевтың өткен жылғы халыққа жолдауында анықтағандай, Қазақстан төрағалығының ұраны төрт «Т» - «траст» (сенім), «традишн» (дәстүр), «транспаренси» (ашықтық) және «толеранс» (төзімділік) болады. Қазақстан Ұйымның күн тәртібіндегі негіз қалаушы мәселелер бойынша консенсусты нығайтуды, оның тиімділігін және қазіргі қауіп-қатерлерді тиісінше тойтаруға қабілеттілігін арттыруға септесуді ЕЫҚҰ-ны дамытудың өзекті мәселелерінің бірі деп қарайды. Жуырда Астанада болған сапарында ЕЫҚҰ-ның қазіргі төрағасы Карл де Гюхт “бүкіл әлемде өркениеттер қақтығысы деп аталатын құбылыс байқалып тұрғанда, Қазақстанда қазір орын алып отырған толеранттылық ахуалын” атап өтті.
«Толеранттылық» (лат. «tolerantia» - шыдам, төзім) терминіне шет тілдері сөздігінде екі мағынада түсініктеме беріледі: 1) бір нәрсеге, біреуге төзімділік, төзу, шыдау; 2) биологиялық, медициналық тұрғыда - иммундық реакцияның жартылай немесе толықтай болмауы, яғни организмнің ауруға қарсы тұратын антиденелер шығару қабілетінің болмауы. Ал педагогикалық сөздіктерде бұл ұғымға «қайсыбір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі» деген анықтама беріледі.
Жалпы алғанда, толеранттылықтың негізі - өзінің «басқаға, бөтенге» қатынасын бақылау болып табылады. Бұл күнделікті кездесетін, тұрмыстық деңгейден бастап кәсіби қарым-қатынас жасауға дейінгі аралықты қамтитын мәселе болып саналады.
«Толеранттылық» терминін саралау барысында ғалымдар арасында елеулі қайшылықтар туындайды. Біраз жағдайда оны тікелей «төзімділік» сөзімен байланыстырады. Қазақ тілінде «төзім» сөзі «шыдам», «сабыр», «тағат» мағынасында да қолданылады. Яғни, «төзімді болу» - басқаға, оның ісіне, құбылыстарға шексіз төзу, шыдауды білдіреді. Толеранттылыққа қарсы “интолеранттылық” деген ұғым да бар. Оны төзімсіздік, ымырасыздық, шыдамсыздық, тағатсыздық, кейістілік, менмендік, бірбеткейлік, оспадарлық, парықсыздық деп адам, әлеуметтік топтар, мемлекеттерге байланысты айтуға болады.
Толеранттылық мәселесіне байланысты ертеде халық үлкен мән бергенін түрлі мақал мәтелдерден де байқауға болады. Халық «Сабыр түбі сары алтын», «Береке бірлікте» - деп текке айтпаған. Бүгінде толеранттылық мәселесіне философтардың, психологтардың, социологтардың, педагогтардың назары аударылуда.
Толеранттылық мәселесін зерттеп жүрген ғалымдар қатарына Ю. М. Политова, В. Г. Палаткина, Е. Ю. Клепцова, Н. М. Лебедева, Ф. М. Малхозова, А. В. Мудрик, Р. Р. Валитова, В. А. Лекторский, В. А. Перовскийлерді атауға болады. Осы ғалымдардың еңбектерінде толеранттылық ұғымын екі тұрғыдан: біріншіден, жалпы адамдарға деген құндылық қатынас ретінде, екіншіден, адамдарды этнос, конфессия мүшесі ретінде қарастырылады. В. С. Кукушин толеранттылықтың үш түрін белгілеген: ұлтаралық, нәсіларалық, дінаралық. Е. Ю. Клепцова толеранттылықты басқаға қызығушылық таныту, оны түсінуге ұмтылу, онымен жағымды әрекеттесу дейді. Ғылыми зерттеулерде толеранттылыққа тәрбиелеу қажеттілігін әлеуметтік тұрғыдан қарастырғандар: А. М. Байбаков, Б. З. Вульфов т. б. Валитова Р. Р. Дробижева, Л. М. т. б. Толеранттылықты этникалық проблема деп қарастырады. Р. Р. Валитова: «Толераттылық дегеніміз - адамның өзгені түсінуін және онымен әрекетке түсуге бет бұруын білдіреді», - деп жазды. Э. Фромм толеранттылықты еркіндік деген қасиетпен де тығыз байланысты дейді. Скрябина О. Б. Коммуникативтік толеранттылықты қалыптастыруды қажет дейді. Толеранттылықты педагогикалық проблема ретінде зерттеген: А. Н. Зятькова, Байбаков А. М. Степанов П. В. т. б. Қырғыз ғалымы Алдашев К. Б. Толеранттылыққа тәрбиелеу әлемдік кеңістікке енуге мүмкіндік туғызады дейді. Шетелдерде зерттеген ғалымдар Дж. Берри, Г. Мейн, Б. Барбер, Ы. Плизент т. б. Қазақстанда Ж. Наурызбай, К. Сүюнова, Қ. Қожахметова, Қ. Бөлеев т. б.
Қазіргі кезде мұғалімге қойылатын талаптардың ішінде мұғалімнің толерантты болуы маңызды мәселе. Өйткені оқушымен қарым-қатынас жасауда шыдамдылық, әдептілік, оқушыны сыйлай білу, кешіре білу оның мұғаліммен қарым-қатынас жасауына қолайлы жағдай тудырады.
Педагогикалық толеранттылық - мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі құзырлылығы, төзімділігі, адамгершілігі, әдебі, шыдамдылығы. Педагогикалық толеранттылықтың тағы бір элементіне дау- дамайға бармауды да жатқызған. Толеранттылықтың функциясына ізгілік, идентификация әлеуметтік адаптацияны жатқызады. Толеранттылыққа өзін- өзі танып білу, сақтану, жауапкершілік, нақты білуді қажетсіну, өзіне, басқаға бағыты, эмпатия, әзілге жақындық демократиялық бағыт т. б. қамтиды.
Толеранттылық қазіргі ғылымда әр түрлі аспектіде қарастырылады: әлеуметтік, діни, саяси, жыныстық, этникалық және гендерлік т. б. Осылардың ішінен біздің зерттеу пәнімізге байланысты гендерлік толеранттылықты жеке бөліп қарастырайық.
Педагогикада гендерлік толеранттылық ұғымы екіжақты әлеуметтік педагогикалық үрдіс, ұлдар мен қыздарда батылдық және нәзіктік туралы түсінік қалыптастыру, олардың жыныстық мәніне қарай мінез құлқын дамыту мен қалыптастыру бағытылығы мен дербестілігін жетілдіруге бағытталған.
А. В. Мудрик бойынша оның маңызы ұлдар мен қыздардың нақтылы қоғамдық өмірдің жағдайында дамиды, онда қабылданған гендерлік рөлдер мен жыныстық өзара қарым қатынас мәдениетін меңгереді және ұдайы өңдіреді деп тұжырымдайды. [6]
Гендерлік толеранттылық үрдісінде айқындаушы рөлді білдіретін білім берудің басты институты мектеп болып табылады. Атап айтқанда, дәл осында оқушылар гендерлік қарым қатынас жайлы әр түрлі сабақтар алады.
Дегенмен, бірқатар ғалымдардың пайымдауынша (И. С. Кона, А. В. Мудрик, Р. Сабирова және т. б. ), мектептегі білім оқушылардың тиесілік жыныстық қатынасына бойкиездік (пейілсіздік) байқатады. [7]
«Педагогикалық жүйенің төрт элементі- мақсат, мазмұны, оқытудың әдіснамасы мен формалары - дәстүрлі «жыныссыз»».
Гендерлік толеранттылық туралы түсінік. «Гендер» ұғымы 16 ғасырдан бастап филология саласында пайда болды. Адамдардың жынысына байланысты бөлінуі. 1958 жылы Калифорнияда Лос-Анджелес қаласында бұл мәселені зерттеумен айналысатын орталық ашылды. Психоаналитик Роберт Столлер 1963 жылы «Гендерлік бірегейлік » деген түсінікті енгізді. Содан бастап адамның жыныстық ерекшелігі биология ғылымымен байланысты, ал гендер деген түсінік мәдениетке қатысты екені анықталды. Яғни адамның әлеуметтік өмірімен. 1968 жылы Столлердің «Жыныс және гендер» деген кітабы жарық көріп сенсацияға айналды. Әйелдер қозғалысы оны қолдап өздерінің теңсіздіктері туралы мәселе қөтерді. Қазақстандық ғалым С. Шакирова бұл мәселені әрі қарай дамуына үлес қосты. [8]
Педагогика және тәрбие тұтасымен педагогикалық құбылыс ретінде, Л. В. Штылева бойынша, тәрбиеленушілерді гендерлік әлеуметтендіру сауалдарына өзіндік ұстанымдарын ұғыну мен түзетуді қажетсінеді, себебі мектептің нәзіктік және батылдық, жігерлік қатынасына қатаң стандарттардың бар болуы, әлемде өзгермелі әлеуметтік құбылыс ретінде тәрбиеленушілерді тиімді әлеуметтендіруге кедергі келтіреді. Автор жағымды гендерлік бірегейлікті қалыптастыру үшін мынадай балалармен жұмыс жүргізу бағыттары әсерін тигізеді. [9]
- балалардың өзін - өзі дамыту аймағын кеңейту (мысалы, қыздарды спортпен айналысқаны үшін марапаттау, ал балаларды өзіне - өзі қызмет көрсетуге үйрету) ;
- өзара дербес жұмыс істеу барысындыа қыздармен ұлдардың ынтымақтастығын теңдей ұйымдастыру;
- ұлдардың эмоциялық тұрғыда өзін - өзі көрсетуге байланысты дәстүрлі мәдени тиымдарды алып тастау, олардың сезімдерін еркін айтуына ынталандыру ;
- қыздарда өзін -өзі ынталандыру мен өздеріне деген бағасын арттыру тәжірибесін қалыптастыру;
- өзара жыныстарына байланысты сезімталдықты қалыптастыру үшін жағдай жасау (тренингтік жаттығулар мен ойындар, қойылымдар, рөлдермен алмасу) ;
- екі жыныстағы оқушылардың ата - анасын тәрбиеге араластыру;
Білім берудегі гендерлік және жыныстық рөлдік қатынас
1. Жыныс арасындағы айырмашылықты жеңілдетіп, бір ортаға келтіруге бағытталған.
2. Гендерлік бірегейлік таңдауды ерікті түрде тәрбиелеу.
3. Ер адам мен әйелдердің ерекше белгілерінің жоқ болуына бағытталу.
4. Тұлға көзқарасына сәйкес келетін іс -әрекеттерді ынталандыру.
5. Нақты жағдаяттардан шығатын мінез құлық түрлерін таңдау.
6. Жынысқа бөліп оқытуда мақсатқа лайық еместігін негіздеу.
7. Қалыптасқан мәдени гендерлік кестелерді ыдырату тенденциясы.
8. Дәстүрлі патриархаттық қоғам модельдерінен бас тарту.
1. Жыныстар арасындағы айырмашылықты баса айтып көрсетуге бағытталған.
2. Жыныстық бірегейлікті қатаң түрде тәрбиелеу;
3. Ер адаммен әйелдердің ерекше бар белгілеріне бағытталады.
4. Жынысқа ғана қатысты іс - әрекеттерді қалыптастыру
5. Жынысқа қатысты мінез құлық түрлерін таңдау
6. Әр жынысты жеке оқытуда мақсатқа лайықты деп негіздеу.
7. Қатаң мәдени қалыптасқан гендерлік кестелердің болуы.
8. Дәстүрлі патриархаттық қоғам моделдерінен бас тартуды талқылау
Жыныс арасындағы қарым - қатынасындағы толеранттылық принциптері мынадай болып табылады:
- Жыныстар өкілдерінің топтардың ынтымақтастығы;
- Қарама - қарсы жыныстағы серіктердің көзқарасын қабылдай алу дайындығы немесе жыныстық рөлдік ұстанымдарға басқа қатынасы бар серіктестер;
- Жыныстық биологиялық немесе әлеуметтік мәдени жағдайына қарамай адами құндылықтарды құрметтеу, жыныстық өзіндік бірегейлік ;
- Басқаның құқығын және басқаға деген құқықты құрметтеу;
- Өзіңді басқаның орнына қоя білу;
- Басқалардың құқығын қадірлеу;
- Жыныстық және гендерлік өзін өзі бірегейлеу деген әртүрлі көзқарастарды қабылдау ;
- Теңдікті қабылдау;
- Басқа мінез көріністеріне деген шыдамдылық;
- Басым болудан, зақым келтіру мен зомбылық көрсетуден бас тарту;
Гендерлік толеранттылықты дамытудың позитивті жақтары :
1. Әртүрлі көзқарастар мен ортаның түрлілігін анықтайды.
2. Бір - бірімен жынысы арқылы ерекшеленетін өкілдердің ізгілік, бейбітшілік өмірде тұруы.
3. Жыныстық рөлдік ұстанымға қатысты қолсұқпаушылық пен зорлық зомбылық болмау үшін қоғамдық кепіл болады.
4. Жағымсыз реакцияны жағымдыға ауысуына мүмкіндік береді.
5. Дау - дамайлық жағдайларға конструктивті тұрғыда қарау.
6. Биологиялық және дүниетанымдық басымдылығын негізге алмай қарым - қатынасты тең құқылықты сақтау, сыйластық, тұлғаның еркіндікке бағытталуы.
7. Қоғамда, топта және жеке тұлға өміріндегі психологиялық атмосферены қалыпқа келтіруге негіз болады.
8. Гендерлік өзіндік сананы қалыптастырып дамытады.
9. Гендерлік және әлеуметтік өзін - өзі бірегейліктің жағымды болуын қамтамасыз етеді.
10. Топтық, жеке тұлғаның өзін - өзі бағалауын дамытып, қолдайды.
11. Топ өкілдері адамдар арасындағы жалпы азаматтық әлеуметтік өзара әсер етуінің жағымды тәжірибесін беруді қамтамасыз етеді.
12. Әлеуметтік орта мен отбасы өмірін ұйымдастырудың үлгісі болып табылады.
13. Биологиялық ерекшеліктерге қарамай жақсы әлеуметтенуді жүзеге асырады.
14. Басқалардың іс - әрекетіне түсіністілік пен адамгершілік тұрғыда қарауды дамытады.
15. Қарым - қатынас жасауға, түсінушілікке, өзара ынтымақтастықтыққа дайындықты дамытады.
16. Қоршаған әрекеттерге шығармашылықпен қарауға деген мүмкіншілікті қамтамасыз етеді.
17. Шығармашылық белсенділіктің көрінуіне жағдай жасайды.
18. Шығармашылық өзін - өзі бекітуіне жағдай жасалады.
19. Басқа жыныстағы өкілдермен қарым - қатынастан бақытты сезінуші өзінің жеке даралықтық саналы түсінуін, қамтамасыз етеді.
20. Топта және жалпы қоғамда, индивидтің жеке қасиеттерін арттырады.
Гендерлік толеранттылықты ер адам мен әйел адамның қоғамдық, экономикалық, саяси ортадағы және отбасы өміріндегі бейбіт өмір сүруімен сипаттауға болады. «Толеранттылық» және «гендерлік толеранттылық» ұғымдарын сараптау негізінде осы терминдердің жалпы және жеке дара ерекшеліктері бар екенін көреміз. Гендерлік толерантылықтың ерекшелігін, 1-ден қарама - қарсы жыныстағы адамдардың ерекшелігін қабылдаудың негізінде болатын толеранттылықтың түрі, 2-ден, толеранттылықты, жеке тұлғада көрінетін жеке тұлғаның құбылыстары деп алсақ, ал гендерлік толеранттылық басқа жынысқа деген қатынасының ұстанымдар кешені деп қарастырамыз. Осыдан барып, толеранттылықты қалыпты жеке тұлғаның белгісі, ал гендерлік толерантылық/интолеранттылық ішкі және сыртқы факторлармен негізделген өзгеріске тез түседі.
Гендерлік толеранттылық ұстанымдар кешені деп қарастыра отырып, оның құрылымындағы келесі критерилерді көрсетуге болады:[10]
- Когнитивті (жыныстық рөлдік қатынас, жыныстық бірегейлік, тұлғааралық қатынас жөніндегі түсінік, толеранттылық жөніндегі, жынысқа қарамай адамдардың құқығы жөніндегі білімдер)
- Эмоционалдық ( қарама қарсы жынысқа деген қатынас)
- Мінез - құлықтық (толеранттылыққа/интолерантылыққа нақты әсерленгіш, қарсы жынысқа деген агрессивті қатынасты көрсету)
... жалғасыМектеп жасындағы балалардағы гендерлік толерантылық сипаттамасы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz