Қазіргі кездегі отбасының ерекшеліктері. Толық емес отбасынан шыққан балалардың психикасының даму ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

:
Кіріспе: Кіріспе
:
:
Кіріспе:
:
: 1 тарау
Кіріспе: Толық емес отбасының көкейтесті мәселелері
: 3-5 бет
: 1. 1.
Кіріспе: Толық емес отбасыларын зерттеген ғалымдардың көзқарастары
: 6-11 бет
: 2 тарау
Кіріспе: Қазіргі кездегі отбасының ерекшеліктері. Толық емес отбасынан шыққан балалардың психикасының даму ерекшеліктері
: 12-18 бет
: 2. 1
Кіріспе: Толық емес отбасының қоғамдық жағдайы
: 19 бет
: 2. 1. 1
Кіріспе: Толық емес отбасы және оның құқықтық проблемалары
: 20 бет
: 2. 1. 2
Кіріспе: Тәрбие берудегі құқықтар мен міндеттер
: 20-22 бет
: 2. 1. 3
Кіріспе: Толық емес отбасында баланы тәрбиелеу
: 22-24 бет
: 2. 2.
Кіріспе: Толық емес отбасындағы бала тәрбиесінің кейбір проблемалары
: 25-36 бет
: 2. 3.
Кіріспе: Толық емес отбасынан шыққан балаларды зерттеу нәтижесі
: 37-44 бет
:
Кіріспе:
:
:
Кіріспе: Қорытынды
: 45-46 бет
:
Кіріспе:
:
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер
: 47-48 бет
:
Кіріспе:
:
:
Кіріспе: Қосымшалар
:

Кіріспе

1. Толық емес отбасының көкейтесті мәселелері

Қоғамдық жаңғыру кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси- экономикалық қатынастар сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осы заманның тағы бір көңіл бөліп, жан-жақты қарастыратын мәселесі ол - толық емес отбасылардың көбейіп бара жатқаны. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында:

1. Неке мен отбасы, ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы.

3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы толық емес отбасының өзіндік орнын баса көрсетуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында 3. 6. Ана, бала, аға ұрпақ: “Біздің стратегиямыздың маңызды мәселесі -қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің- балалардың, олардың аналарының және аға ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету. Мемлекет бұл мәселелерді шешу үшін қаражат аямайтын болады. Біз балалар мен жүкті әйелдерді дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету жөнінде нақтылы шаралар қабылдадық, енді оларды іске асыратын боламыз. ” деп айтылған.

2006 жылдан бастап, аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейінгі балаларына ай сайынғы жәрдемақылар төленуге, 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” немесе I және II дәрежелі “Ана даңқы” белгілерімен марапатталған аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 4000 теңгеге дейін көбейтілуге тиіс.

2006 жылдан бастап, асыраушысынан айырылған 247 мың отбасына 300-ден 1000 теңгеге дейінгі сомада қосымша қолдау жасау қажет.

Осыдан шығатыны, қазіргі кездегі “Толық емес отбасынан шыққан балалардың психикалық ерекшеліктерін анықтау” мәселесі Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында да өзінің көкейкестілігімен айрықша орын алған. Өйткені біздің келешегіміз еліміздің гүлденуі, алдыңғы қатарлы дамыған ел болу, жарқын болашақ, жан-жақты жетілген ұландардың дамуына байланысты.

Демографтар отбасының екі жүйесін айырады: толық (ата-анасынан және балалардан тұрады) және толық емес (балалардан және ата-анасының біреуінен ғана тұрады) . Көбінесе толық емес отбасында әкесі жоқ, онда бала тәрбиесінің ауыртпалығы анасына түседі. Толық емес отбасының пайда болуының ең басты себебі- ажырасу. Атақты демограф, профессор Б. У. Урланистың айтуынша, бүкіл әлемде үш некенің бірі ажырасқан. Қазақстанда да бұл тенденция көбейіп бара жатыр. Мәселен, Көкшетау қаласының өзінде 2003 жылы 479, ал өткен жылы 513 ажырасу тіркелген. Сондықтан да біздің қоғамымыз көркейіп, өркендеуі үшін отбасыларымыздың ажыраспай, бақытты да, баянды өмір сүрулері керек.

Зерттеу мақсаты: Толық емес отбасынан шыққан балалармен

педагогикалық процесте әрекеттестік жасауында

олардың психикалық ерекшеліктерінің ескеру

қажеттілігін көрсету

Зерттеу міндеттері: 1. Әртүрлі ғалымдардың көзқарастарына

талдау жасау.

2. Мектеп интернатында толық емес отба-

сында тәрбиеленген балаларды анықтау.

3. Олардың психикалық ерекшеліктерін бел-

гілеу, себептерін көрсету.

4. Толық емес отбасын анықтау үшін сауал-

намалар, әдістемелер, тестерді қолданып

ұсыныс жасау.

Зерттеу объектісі: Толық емес отбасынан шыққан балалардың

психикалық ерекшеліктері.

Зерттеу пәні: Толық емес отбасынан шыққан балалардың

психикалық ерекшеліктерінің болу себептерін

белгілеу, оларды диагностикалау арқылы

анықтау.

Ғылыми болжам: Егер толық емес отбасынан шыққан балалар-

дың психикалық ерекшеліктері дұрыс анықталса,

олармен әрекеттесуді дұрыс жолға қоюға бола-

ды.

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, сауалнама-

лар, тест Г. Айзенк (темпераментін және мінез-

құлқын) т. б. Табиғи эксперимент.

1. 1. Толық емес отбасыларын зерттеген ғалымдардың көзқарастары

Отбасы, толық емес отбасы және отбасындағы кейбір сәтсіздіктер әлі де толық зерттелмеген тақырып. Өйткені әр отбасының өзіндік қулық, сыры болады. Ішкі қарым-қатынастың да айтыла бермейтін тұстары көп-ақ.

Келесі белгілі ғалымдардың осы саланы зерттеулеріндегі айтарлықтай жайлар бар.

Ғалымдардың мойындауынша, отбасы адамзат баласының өзі ғұмыр кешкен тарихында жасаған ұлы құндылығының бірі. Осы заманғы ғылымда әлі күнге дейін отбасының нақтылы айқындамасы жасалмаған. Көбінесе мынадай анықтамалар жиі кездеседі:

1. Қоғамның биологиялық және әлеуметтік қайта түрленуіне қатысатын қоғамның негізгі ұясы.

2. Үлкенді - кішілі дәрежеде заңмен, рухани нормалармен, салт-дәстүрлермен басшылық жасайтын жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың айрықша жүйесіне тән - спецификалық кіші әлеуметтік- психологиялық топ.

3. Ұзақ тарихи дамудың жемісі және отбасының басқадай айқындамалары.

“Баланың жеке басының қалыптасуына отбасындағы рухани хал- ахуал, оның барлық жіктері тікелей әсер етеді. Отбасының мықты рухани атмосферасы баланы дұрыс тәрбиелеудің маңызды шарты. Егерде сіздің өміріңіздің жалпы бағыт-сипаты нашар болса, ең дұрысы, алдын-ала ойластырған жақсы педагогикалық әдістемелердің өзі ешқандай пайда келтірмейді” деп есептейді А. С. Макаренко.

Л. Н. Толстой балалардың тәрбиесі алдымен олардың ата-аналарының дұрыс өмір сүрулеріне байланысты екендігін атап көрсетті. “Ата-аналар өз кемшіліктерін түзете алмай және оны мойындамай, өздерін ақтауға тырысып, балаларының бойындағы осы сияқты кемшіліктерге назар аудармаса, бала тәрбиесінде барлық олқылықтардың туындауына сөз жоқ, әсер етеді. Кемшілік атауына қарсы күрестегі бар гәп осында жатса керек. Балалар ересектерге қарағанда сезімтал келеді, сондықтан да ата-аналарының кемшіліктерін көрмеуімен бірге, ата-аналардың екі жүзділігін де тез аңғарады, оларға деген құрметі сейіліп, айтқан тапсырмаларына немқұрайлылық таныта бастайды”.

Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде, Жүсіп Баласағұни, Сайф Сараи шығармаларында, хандық дәуірдегі ақын-жыраулар мұраларында, Ы. Алтынсарин еңбектерінде, Абай Құнанбаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев мұраларынан да елеулі орын алғанымен, әлі толық зерттеле қойған жоқ. Кейінгі кездерде отбасы тәрбиесіне қатысты Х. Арғынбаев, Г. А. Уманов, К. А. Оразбекова, Ж. Қоянбаев, З. Әбілова, С. Ғаббасов, І. Р. Халитова, А. Ш. Икрамова т. б. еңбектері бар.

Психологтар З. Матейчек, Х. Фигдор ажырасу әйелдердің көңіл-күйіне әсер етеді, соның салдарынан олар ең сәтті, ыңғайлы педагогтік бастамаларын жүзеге асыра алмайды. Өйткені ол өзінен және өзінің балаларынан әлеуметтік теңсіздікті сезінеді.

Әкесіз қалған балалар қиын болып өседі. Мінез-құлқы басқаша болып қалыптасады. Кәсіби педагогтардан (мектеп жасына дейінгі мекемелер, мектептер т. б. ) “толық емес отбасының баласы”, иә сол сияқты “толық емес отбасындағы баладан қандай жақсылық күтуге болады?” деген сөздерді жиі естуге болады. Кейде мектеп жасына дейінгі мекемелер қызметкерлері бұл мәселе жөнінде баланың көзінше әңгіме жүргізеді, бұл әрине, баланың жанын жаралайды.

Некесіз туған бала мен толық емес отбасы - өзекті, өміршең проблема. Оған газет беттеріндегі пікір таласулар, ғылыми конференциялар, монографиялар арналады. Югослав социологы Милана Босанацаның “Некесіз отбасы” кітабынан кейбір мәліметтер келтірейік.

XIX ғасырдың екінші жартысында Дрезденде әрбір төртінші бала некесіз отбасында туған. Ал Стокгольмде төрт баланың біреуі некесіз туған. Қазіргі Югославиядағы әрбір жетінші бала некесіз отбасында тұрады. Бұл отбасы бұрын ажырасқандар немесе ерлі -зайыптының мүлдем некесі қиылмаған. Отбасының ыдырауы, некесіз байланыстың көбеюі отбасындағы бала санының азаюына әкеп соқтырады. (4)

Отбасында жалғыз бала өсіру (бұл жағдайдың өзінде бала мінезінде психоневралогиялық ауытқу қауіпі туады), оның үстіне жалғыз басты ата-ана (көбіне әкесіз) болса - бұл бала үшін өте-мөте қолайсыз жағдай.

Некесіз отбасы проблемасының әлеуметтік жағдайынан гөрі, психологиялық, педагогика және балалардың психологиясына тереңірек көңіл бөлейікші. Некесіз отбасында тәрбиеленген бала қалыпты отбасымен салыстырғанда ашушаң, тұйық, көңілшек келетіндігін ашық айтамыз. Сондықтан да әйел адам өзінің қара басының тән құмарлығын ғана ойлай қоймай, некесіз туатын баланың болашақ өмірінің қандай болатынын ойлаған жөн секілді.

Кездейсоқ жалған махаббаттың “әсерінен” туған баланың анасы ұлы немесе қызының қалай өсіп жатқанына онша назар да аудара қоймайды. Күндердің күнінде бала әкесінің кім екенін сұрайды да, мұндайда көбіне аналары әкесінің маңызды тапсырма орындау кезінде қаза болған деген жалған жауап береді. Дегенмен бала шындықты білмей қоймайды. Мұның өзі баланың көңіл-күйіне, жүйкесіне кері әсер етеді. Кейде басқа да теріс проблемалар туындауы мүмкін.

Жасөспірімге ықпал ететін эмоциялық, әлеуметтік және сенсорлық (ата-ана махаббатының саналық сипаты) әрекеттер жеткілікті-ақ. Оның бірі баланың психикалық дамуын зерттеу.

Ағылшын ғалымның Джозефа Боулбидің “Ананың қамқоры және психиканың бұзылуы” атты кітабы шықты. Бұл кітапта “ана қамқорының жоқтығы” деген термин медициналық-педагогтік тұрғыдан табылған анықтама ретінде кеңінен тарап кеткен. (5) Боулби анасымен баянсыз қарым-қатынаста болған баланың даму проблемасын зерттеумен жарты ғасырдан бері айналысып келеді. Бұл мәселеге арналған алғашқы еңбектер сонау 1914 жылдары жарық көріпті. Боулби әсіресі балалар үйі мен жетімханаларда тұрған балалардың өмірін көп зерттеген. Ол өз еңбектерінде көбінесе-көп орын алған шындықты көрсетуге тырысқан. Жазушы болған соң кейде әсерлеу де болады. Боулбидің қаламынан туған көптеген материалдарды жинақтай келе, былайша орташа сипаттама беруге болады:

Баланың психикалық дамуына бөбек шағы (6 айдан бастап 12 ай аралығында) өте маңызды.

Келешекте мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына, бірқалыпты өсіп-жетілуіне ең керемет деген балалар мекемесі, немесе неше жерден мейірімді өгей шеше болса да туған анасынан артық ешкім де әсер ете алмайды. Мұны естен шығармаған жөн.

Анасынан еріксіз айырылған бала тәрбиесінен наразылық, күйіну сияқты көріністер байқауға болады. Боулбидің айтуынша анасыз өскен балалар кекшіл, қатал болады. Олар адамдарға қайырымдылық жасамайды. Боулби 1944 жылы өзінің баукеспе ұры-қылмыскерлерге жүргізген зерттеулерінің қорытындысының негізінде осындай пікірге келген бола тұғын, ал олардың бәрі де сол балалар үйінде тәрбиеленгендер.

1983 жылы Нью-Йоркте “Отбасындағы бала. Психикалық проблемалар” деген талдау еңбек жарыққа шықты. 784 парақтан тұратын бұл кітапта көптеген цитаталар келтірілген, ғалымдардың сөздерінен үзінділер келтірілген. Алайда нақтылы тұжырым аздау. “Бала мен отбасы” проблемалары жөніндегі АҚШ-тың ғылыми әдебиетімен таныс адам бұны жақсы түсінеді. АҚШ-пен салыстырғанда Қазақстандағы өмір басқаша. Міне, сондықтан да американдық отбасындағы көптеген дәстүрлер мен әдістемелер қазақстандық адамдарға ерсілеу көрінеді. Егерде байыптап зер салсақ, американдық салт-дәстүрлердің ішінде үйренер сәттер де аз емес.

Американдықтардың пікірінше, ата-ана баланы психологиялық жағынан ұстамды, күшті адам ретінде өсіргісі келсе тұрмыстың ауыр тауқыметіне қарамастан сәбиі отбасымен бірге болуы керек. Қамтамасыздандырылған ата-ананың ұлы мен жұмыссыз жүрген ата-ананың қызы 8-10 жасынан бастап, балауыздық үшін ақша табудың жолына түседі. Баланы еңбекке жастайынан үйретсек, ол психикасының жағынан бірқалыпты, талапкер болып өседі. Алайда американдық бұл тәрбиенің жағымсыз жақтары да бар. Өйткені әр нәрсенің өз шегі болады ғой. Қазақстандық балалар тәрбиесін жақсарта түссек елімізге де көп пайда тигізері сөзсіз.

М. И. Буянов өзінің “Жайсыз отбасындағы бала” деген кітабында осындай ортада өскен жасөспірімнің ауыр жағдайы жайлы баяндайды. (3)

М. И. Буянов отбасының әр түрін атап көрсетеді. Оның кейбіреулері мынадай: күйзелуге жақын, ажырасқан, толық емес. Толық отбасыларымен қоса, ауызбірлігі жоқ, үнемі кикілжіңнен арылмайтын отбасылары да болады. Сырт көзге қарағанда кейбір отбасы берік, ынтымақ-бірлігі жарасқандай көрінгенмен, тереңірек үңілсек, ондағы жақсы ахуал тек көзбояушылық екендігіне көзіңіз жеткендей болады. Шын мәнінде, мұндай отбасында түрлі қайшылықтар көп болады, отбасы мүшелері бір-бірімен жауласпаса да, қарсылас екендігі даусыз-ақ!

Тәрбие ісінде ағаттықтары орын алған отбасыларын жайсыздар қатарына қосуға болады (М. И. Буянов) . Ал бұл ағаттықтар әр түрлі болуы ықтимал: баланы шексіз мәпелеуден бастап, мүлдем бақылаусыз қалдыру.

Зерттеу көрсеткендей (Е. П. Арнаутова, А. И. Захаров, Е. И. Кульчицкая т. б) анасының (әкесінің) қайта отбасын құрған жағдайда баланың тәрбиесі өте күрделі жағдайда өтеді. Отбасында өгей әке (өгей шеше) пайда болғанда баланың анасымен, әкесімен қарым-қатынасы өзгере бастайды. Ата-ана баласының ішкі күйзелісін (ол өз ойын ашық айта алмайды) аңғармайды, сондықтан онымен қарым-қатынас орната алмайды.

Т. П. Гаврилова отбасы ыдырауының мектеп жасына дейінгі балаларға қаншалықты ықпал ететіндігін көп зерттеген. Ата-ана мен балалар арасындағы байланыстың бұзылуы өкінішті кикілжіңге әкеледі. Отбасының күйреуі бала үшін - отбасы құрылымының, ата-анамен қарым-қатынастың, ата-анамен байланыстың ыдырауына әкеліп соқтырады.

Ажырасу баланың алдында салмақты міндет қояды: ажырасқан ата-аналармен жаңаша қарым-қатынас жасап, отбасында жаңаша рөл атқару қажет. Екі жарым, үш жастағы балалар бұл құбылысты өте ауыр сезінеді. Үнемі жылай береді, ұйқысы бұзылады. Мұндай пікірді шетелдік зерттеушілер З. Матейчик, А. Николи де құптайды.

Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер отбасының ерекшелігі мен құрылымы және сұраныс принципімен байланысты болды. Мәселен, Е. П. Арнаутованың жұмысы көкейкесті проблема - қайта некелесу кезіндегі бала тәрбиесіне арналған. Ажырасудың көбеюіне байланысты отбасылардың қайта некелесу көрсеткіші көбейіп кеткен. Осындай отбасыларында тәрбиеленіп отырған мектеп жасына дейінгі мекемелердегі балалар саны 5 пайыздан 20 пайызға дейін жетеді.

Бала мен ата-аналар арасындағы туыстық қарым-қатынастың қиындау себептерін әшкерелей отырып, Е. И. Арнаутова осындай отбасындағы баланың көңіл-күйіне ерекше назар аударады. Ана мен бала арасындағы байланыстың нашарлауы, сәбиіне деген сүйіспеншіліктің бірте-бірте сейілуі қатты алаң туғызары сөзсіз. Сол себепті де қай ата-ана болмасын баланың бойындағы қайғы -қасіретті толтыра алмайды. Дегенмен де бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жақсарту жөніндегі Е. П. Арнаутова ұсынып отырған әдістер қайта некелескен отбасындағы психологиялық ахуалға ықпал етеді деген ойдамыз.

Канада психологтары 6-11 жастағы 126 сау балаларды зерттеген. Олардың 58-і жайсыз отбасынан шыққан. Яғни, өмірлері күнде жанжалмен өткен. Ата-аналарының арасында күнде төбелес, айқай-шу немесе ерлері әйелдерін ұрып, қорлық жасайтын отбасылар. 33 ер бала мен 35 қыз бала жайлы отбасында тәрбиеленген. Дәрігерлер алдыменен отбасындағы кикілжіңнің себептері мен салдарын зерттеген. Оның балаларға тиетін әсеріне назар аударған.

Отбасындағы кикілжіңдік жағдай, жиі болып тұратын жанжал, отбасы мүшелері арасындағы дау кімге болмасын зиянды құбылыс. Педагогтардың айтуынша материалдық ауқатты отбасында “қиын” балалар көп болады. Ал керісінше тұрмысы төмен отбасыларының балалары жақсы тәрбие алады. Психотерапевт А. И. Захаровтың айтуына қарағанда ата-аналардың арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы балалардың көңіл-күйіне кері әсер етеді.

2. Қазіргі кездегі отбасының ерекшеліктері. Толық емес отбасынан шыққан балалардың психикасының даму ерекшеліктері .

Қазіргі әлеуметтік, экономикалық қиындықтарды бастан кешу кезінде отбасы адамға ең жақын жылылық сезім, түсінушілік, сүйіспеншілік сыйлайтын негізгі орта. Сондықтан бүгінгі күні отбасының мәні, отбасының тәрбиелік рөлі арта түсуде.

Үздіксіз тәрбиенің басты сатысы- отбасы тәрбиесі. Отбасында бала еңбек етуге, өмір сүруге, әлеуметтік қатынас тәжірибесін игеруге үйренеді, отбасында өзіндік өмірлік көзқарасы қалыптасады.

Әр уақытта “отбасы”, “туған үй” адам үшін ең басты ұғымдардың бірі болып келген.

Отбасы тәрбиесі адам тағдырына да ықпал етеді. Өйткені, отбасы беретін өмір сабағын балаға ең жақын адамдары- ата-анасы, ата-әжесі, үлкен ағалары мен апалары береді, сол себептен оның тәрбиелік потенциалы мол, онымен басқа адамдар, басқа тәрбие институттары тең келе алмайды.

Отбасы-мемлекеттің іргетасы. Мемлекеттің мықты болуы отбасының берік, бақытты, мерейі үстем болуымен тікелей байланысты.

“Отбасы- өзін-өзі сақтап, жалғастыру (ұрпақты) және әрбір мүшесінің өзін-өзі таныту мақсатында біріккен әлеуметтік, педагогикалық адамдар тобы”.

“Отбасы- кішігірім әлеуметтік адамдар тобы, бір-бірімен некелік, туыстық байланыс арқылы бірігіп және бір-бірінің алдында моральдық, материалдық, тұрмыстық жауапкершілігі бар”.

Отбасы тәрбиесі күрделі жүйе, оған тұқымқуалаушылық, ата-ананың, баланың денсаулығы, материалдық-экономикалық, әлеуметтік жағдайы, тұрмыс деңгейі, отбасының құрамы, тұрып жатқан жері (қала, ауыл), отбасындағы балаға деген ықылас т. б. ықпал жасайды. Әрбір отбасының негізгі функцияларына ұрпақты жалғастыру және оны сапалы етіп тәрбиелеу жатады.

Отбасының типтері өте көп. Азаров Ю. бөлуі бойынша: идеалды- орташа- нашар отбасы. Буянов М. И. қарым-қатынасқа байланысты: үйлесімді- толық емес-ыдырауға жақын отбасылар. Педагог- психологтар жағымды және жағымсыз. Миньковский тәрбиелік потенциалына қарай: 1) тәрбиесі күшті; 2) тәрбиесі тұрақты; 3) тәрбиесі тұрақты емес; 4) тәрбиесі төмен; 5) тәрбиесі төмен ұрыс-керіс болады; 6) маргиналды; 7) заң бұзатын; 8) қылмысты; 9) психологиялық проблемалары бар отбасы.

Отбасының жаңа түрлері: қала отбасы, ауыл отбасы, әскери отбасы, оралман отбасы, эмигрант отбасы, бай отбасы.

Осы заманғы отбасы күрделі эволюцияның кезеңді - дәстүрлі үйренішті өмірден жаңасына (нуклеарлық) ауысуды бастан кешіреді. Отбасылық қарым-қатынас, билік жүйесі өзгереді. Осыған байланысты ерлі-зайыптылардың рөлі мен балалардың жағдайы да өзгереді.

Отбасы-қоғамның, отбасы мүшелерінің тұтас әрі әрқайсысын жеке алғандағы мүддесі тоғысатын айрықша институт. Қоғамдағы алғашқы ұя ретінде отбасы қоғам үшін, әр адам үшін маңызды функцияларды атқарады.

Отбасындағы функцияны сөз еткенде, ең алдымен біз отбасының ұжымдық қызметіне, немесе жекелеген мүшелерінің қосар үлесіне, отбасының әлеуметтік рөлі мен мәніне ерекше назар аударғымыз келеді. Отбасы функциясына қоғам талабының, отбасының құқы мен мораль нормаларының, мемлекеттің нақтылы көмегінің әсері көп-ақ. Сондықтан да отбасының функциялары үнемі жаңарып отыруға тиісті. Мазмұны жағынан жаңаша сипат алады.

Отбасы функциясы - оның мүшелерінің белсенділігі мен өмірлік мұраттары айқындалатын әдістер. Баланың тууы мен тәрбиеленуіне байланысты дәстүрлі функцияларды атқаруда күнделікті проблемаларды шешуде отбасы адамға қиын жағдайда өмір сүруге көмектесе алатын секілді психологиялық “қорған” бола алады.

Қазіргі уақытта отбасының жалпыға бірдей классификациялық функциясы жоқ десе де болады. Фунциялардың арасында байланыс, өзара қарым-қатынас мықты болу керек. Сондықтан да бұл қарым-қатынастың өзгеруі басқа функциялардың ойдағыдай орындалуына кері ықпал етеді.

Социолог А. Г. Харчев отбасының репродуктивтік функциясын басты қоғамдық функция деп санайды. Оның негізі болып адамның өз ұрпағын жалғастыру жөніндегі құлшынысы саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Толық емес отбасындағы бала тәрбиесінің кейбір проблемалары
Жанұя жайындағы бала дамуының теориялық негіздері
Әлеуметтендіру — ортаның дара түрге (индивид) ықпалы
Әлеуметтендіру педагогикасындағы ата-ананың тарихи орны
Баланы тәрбиелеуде келісімі жоқ отбасылар
ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ата - аналар функциясы
Жетім балалар мен ата - аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында баланы ортаға қалыптастыру
Қиын балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жолдары мен ерекшеліктері
Ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және ПМПК қорытындысымен оқушының мектепте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыттарын анықтау бойынша жұмыс кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz