ТӨМЕНГІ СЫНЫПТАРДЫҢ ОҚУ – ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР – БАЛАНЫҢ ОЙЫН ДАМЫТУДАҒЫ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

ТӨМЕНГІ СЫНЫПТАРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Төменгі сыныптарда қолданатын дидактикалық материалдардың мәні туралы педагогикалық ой-пікірдің даму тарихы . . . 10

1. 2 Дидактикалық материалдар- дербестік таным әрекеттің ұйымдастыру формасы ретінде . . . 14

1. 3 Мұғалім педагогикалық әрекетті ұйымдастырушы және басқарушы субъект . . . 22

2 ТӨМЕНГІ СЫНЫПТАРДЫҢ ОҚУ - ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР - БАЛАНЫҢ ОЙЫН ДАМЫТУДАҒЫ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ.

2. 1 Дидактикалық материалдардың тиімділігі, ой - оқушылардың ойын жетілдіру және сапасын арттыру . . . 33

2. 2 Төменгі сыныптардағы оқушыларды ойын арқылы сабақтың сапасын арттыру жолдарын қарастыру және ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері . . . 40

2. 3 Оқыту жүйесіндегі оқушылардың ойлауын дамытудағы дидактикалық ойындар арқылы жүргізілген тәжірибелік жұмыстар . . . 53

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 65

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының егемендігі, ондағы туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескеретін қазіргі кезеңдегі мемлекеттік білім беру саясатының жүзеге асырылуын және жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта құруды талап етуде.

Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін дамытудағы мемлекеттік тұжырымдамасында жеке адамның жалпы мәдениетінің қалыптасуы, жан-жақты дамуы үшін жағдай жасалуымен оның әлеуметтік өз орнын анықтауы жайында сөз етіледі.

Қазақстан Республикасының білім туралы заңында:

«Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылық қабілеттерін ашып, оны дамытуға жәрдемдесуге міндетті» ( 41- бап ) .

« Білім беру ұйымы баланың қалауын, жеке басының бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, таңдауға құқысы бар, -деген баптары педагогпен ата-аналарға арналып, мектеппен ата-ананың алдында зор жауапкершілік жүктейді». (38-бап) .

Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізінде бастауыш сынып оқушыларын белгілі-бір қажетті бііліктер мен дағдылардың иесі, Оқу әрекетінің субъектісі, әртүрлі мәдениеттермен өз көзқарасы ашық жеке тұлға әр заман талабы тұрғысынан диалогқа өз ойын түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай, көп қырлы білім тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманға дамыта отырып оқыту идеясы алынады.

Қазіргі мектептің жеке тұлға етіп қалыптастыруда адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындалу білім мен тәрбие және дамыту қатар жүргізілгенде ғана ғаламдық ойлауға бейімдеу өз дәрежесінде жүзеге асады.

Ұлы педагог В. А. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түседі. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының ой белсенділігін дидактикалық ойындар арқылы дамыту қажет болып отыр.

Ал, дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты- бағдарламада анықталған пәндер бойынша білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.

Дидактикалық ойынды пайдалану жиілігін анықтап және шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. Бірақ ойын процесі мен оқу процесін бір-біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқушылардың ойын жетілдіре оқыту әдісі өз деңгейіне көтеріледі.

Бүгінгі таңда ғылым мен техника қарқындап өсіп отырған шақта мектеп бағдарламасы мен оқулықтарына, олардың барлық жетістіктерін енгізу мүмкін емес. Осы себептен де мектеп ертеңдгі білімнің негізін қалап,

оқушылардың өздігінен ізденіп, білім алуларына мүмкіндік жасауы тиіс. Сапалы оқыту және бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындармен оқып, білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығуға болады. Осыған орай, мектеп бітіруші әрбір оқушы ғылым негіздерінің жаңалықтарымен хабардар болып, кейін сол алған білімі мен іскерлігін одан әрі дамытуға тиіс. Бұл өскелең өмір талабы [1] .

Жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын жақсарту және білім мазмұнын жаңарту жайлы Қазақстан Республикасы Білім минстрлігі мен Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім Академиясы жасаған тұжырымдамасының маңызы өте зор. Мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында ( 1998 ж. ) былай деп жазылған:

«Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізінде бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әртүрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай, көп қырлы білім-тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманға дамыта отырып оқыту идеясы алынады».

Бастауыш саты-оқушыда, оның интелектісі дамуының ірге тасы -оқу әрекеті қалыптасуының қуаты жүретін кезеңі. Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары ретінде құрылады. Осы тапсырма түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіптеп, оның белгілі бір бағытта жүйелі арнамен жүруін қамтамасыз етеді. Оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларын ойын технологиясы арқылы шешіп

орындаудын ортақ тәсілдерін, өз әрекетін бақылап-бағалауы, нәтижесін эталонымен салыстыруды меңгереді.

Ойын балалардың жақын араласуына олардың арасында байланыс болуына көмектеседі. Белсендік барлық балаларды бірдей емес. Тұйық мінезді, ұяң, белсенділігі аз оқушылар бар. Мұндай оқушыларды оқу мен еңбектен гөрі ойын арқылы көпшілікке тарту педагогтың міндеті .

Міне, осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет. Ондай адамды орта және мектеп, жоғары оқу орындары дайындайды. Жаңа оқыту технологияларың, әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сапалы білім беруді мектептін жүрегі мына-біз мұғалімдер іске асырамыз.

Сонымен бірге, бастауыш мектептің негізгі міндеттері-баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу қызыметін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдылардын үйренуге, тілдік қарым-қатынасың қарапайым тәжірбиесіне, өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез-құлықтың мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейінгі-негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды.

Ғылыми-зерттеу жұмысы барысында жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сатысын бітірушінің білімді күтілетін нәтижеге қарай сапалы меңгеруі, білім мен білім берудің әлеуметтік мәнін ұғыну арқылы кіріктіру көкейкесі мәселе болып отырғандығын айқындадық.

Білім құзырлығы оқушының жеке пәндер бойынша бір-бірінен алшақтықта емес, кешенді түрде жеке тұлғаға бағдарланған білім бөліктерін( білім, білік, дағдыны) қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда білім құзырлығы көпжақты қызмет атқарып, білім объекті болудан тірі білімге айналатынына көз жеткізуге болады.

Қазіргі бастауыш сатыда білім алып, өсіп келе жатқан баланың өмірдегі орнын анықтауға, өзінің барлық мүмкіндігін пайдалана білуге үйретуге басым уақыт берілуде. Мұңда мектептін бастауыш сатысында оқушы дайын стандартпен жазу, оқу және есептеуді үйреніп қана қоймай, жеке өзінің шығармашылығымен және жеке рефлекциялармен ( әрбір оқушы үшін әр түрлі) кеңістікте өмір сүру, жеке білім алу жағдайында қалыптасады Бүгінгі бастауыш мектептің алдында тұрған осындай жаңа мақсат-міндеттер болашақ мұғалімдерден оқу-тәрбие процесіне әдістеме талдау жасап, ондағы нақты проблемаларды анықтап, оны өз бетінше шеше білу қабілетінің болуын, яғни олардан жақсы дамыған шығармашылық ізденімпаздық, ғылыми-зерттеушілік қабілетінің болуы талап етіледі.

Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды. Білімнің әрбір бөлігі оқушының ғаламдық ойлауға септігін тигізіп, олардың әлем туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Сондықтан орта білім стандартында «Мектептің әрбір саласында жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай білім мазмұнын толық жүзеге асуын қамтамасыз ету » талабы қойылып отыр. Оқушылардың ғаламдық тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға, ойлау әрекетін дамытуға алған жалпы білімдері тірек бола алады [2] .

Ойлау ұғымына байланысты ғылыми, психолгиялық, педагогикалық, әлеуметтік әдебиеттерді талдау нәтижесінде әр түрлі көзқарастың бар екені белгілі болды. Мысалы, философтар Д. Кішібеков, А. Қасабек, Ұ. Сыдықов, Ғ. Есімов, педагогтер Г. Селевко, Ю. Кулоткин, Н. Данилов т. б ойлау мәселесін зерттей келе өз анықтамаларын, түсініктемелерін ұсынады.

Ойлау - адам миы қызметінің нәтижесі. Ой дегеніміз - сыртқы сезім арқылы деректердің қабылдданып алынуы және оның адам миында өңделуі. Ойлау барлық адамдарға тән. Кез келген дені дұрыс, ақыл -есі бүтін адам ойлауға қабілетті. Сондықтан қазіргі заманда мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсініп, оларды тұтас педагогикалық үрдісте дұрыс қолданып, оқушылардың ғаламдық ойлау қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеуі қажет. Ол үшін бүгінгі тұлғаның даму үрдісінде маңызды орын алатын ойлау түрлері басшылыққа алынуы тиіс.

Нақты қисынды ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты қисынды ойлау балалардың ойнау және оқу үрдісінде, адамдардың еңбек іс-әрекетінде байқалады.

Абстрактілі қисынды ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Мысалы, абстракт ойлау күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой-пікірлеріміз, яғни пайымдау, ой жүгірту. Бұл ойлау түрін психологияда ұғымдық ойлау деп те атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәнді ұқсастық белгілерінің негізінде түсініктерді жіктерге және топтарға бөлу бірлігін қажет етеді .

Жинақтай ойлау бөлігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ ұстанымдарын немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Ал алгоритімдік ойлау көздеп отырған нәтижесін қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау арқылы іске асырылады.

Индуктивтік ойлау ғылымы зерттеу немесе оқушыларға жаңа білімдерді баяндауда ойдың жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға қарай қозғалуын қажетсінсе, дедуктивтік ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау үрдісімен байланысты болады.

Жаңа заманда ғылым қоғамның үлкен өндіріс күшіне айналуына байланысты өндіріс күшін өндірістік қатынастан бөліп қарауға болмайды. Олай дейтініміз, ғылым мен техниканың дами түсуіне байланысты адам баласы табиғи дүниемен қарама-қайшылыққа түсіп отыр. Себебі, дамыған техниканың әсерінен айнала қоршаған орта ластанып, табиғи объектілердің, заттардың түрлері азайып, адам денсаулығы мен өміріне қауіп төнуде. Педагог-ғалым Қ. Айтмағамбетованың пікірінше, адамзаттың тіршілік ететін ортасы табиғат аясы да азып тозып барады, ендігі келешек ұрпақтың қандай табиғат жағдайында өмір сүретіні күрделі мәселеге айналуда.

Ғаламдық ойлау- ғалам және ойлау деп аталатын екі бөліктен тұрады. Алдымен нені танып-білу керектігін анықтауымыз керек. Оқушыларға танытқалы отырғанымыз - ғалам. Сол ғаламдыы танып-білу әдістері мен оларды қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін ұсынбақпыз. Ғалам- қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем. Қоршаған ортаға бүкіл әлемге кірмейтін бірде-бір нәрсе, не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы білуге талпынады. Оны түгел меңгеріп, біліп шегіне жету мүмкін емес. Дүниені өздәрежесінде танып-білу білімге, оның деңгейіне байланысты жүзеге асады.

Таным нақты дүниеге, қоршаған ортада бар заттарға негізделсе, оны өз мәнінде танып білу үшін ғылым керек . Ғаламдық ойлауды қалыптастыру үшін биологиялық, химиялық, тілдік және басқа ғылым салаларын, өз ұлтымыздың мәдениеті, әдебиеті, қазіргі таңдағы рухани жетістіктерін бір-бірімен байланыстыра отырып білім беруді қамтамасыз ету керек.

Зерттеудің жаңалығы :Диплом тақырыбын алуға негіз болып отырған бұл өзекті мәселеден мен де тыс қалған жоқпын. Алдыма келген бүлдіршіндерді заман талабына сай оқытып, тәрбиелеудің жолдарын іздестірдім. Қай ұстазды болсын алаңдататын бір жәйт ол баланың дербестік іс- әрекеті, сабақта баланың ойын дидактикалық материалдар арқылы дамыта білу қабілеті.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушысының ойлауын дамытуда- дидактикалық материалдардың ролін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

Тақырыпқа сәйкес әдебиеттерге талдау жасау.

Ізденіс жұмысының бүгінгі күндегі өзектілігін анықтау.

Зерттеу - тәжірибелік жұмыстарын жүргізу.

Ізденіс - зерттеу жұмыстарына талдау жасап, қортындылау.

Зертеу пәні: Дидактикалық материалдарды сабақ барысында қолдану.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі. Бастауыш мектеп- оқушының жеке тұлғасының қалыптасып, дамуындағы ерекше кезең. Балананың болашағы, оның интеллектуалдық дамуы мен адамгершілік бейнесінің қалыптасуы және еңбекке қатынасы көп жағдайда бастауыш сыныптардағы білім беру мен тәрбиенің мазмұнымен анықталады.

Бүгінгі күні ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасу жағдайында бастауыш мектеп мұғалімі кәсіби қызыметінің сапалық мазмұнына да ерекше талаптар қойылуда. Бастауыш сынып мұғалімі- ол үздіксіз даму үрдісіндегі әлеуметтік- мәдени ортаны бағдарлай білетін, баланың жеке тұлғалық дамуына бағытталған білім беруді жүзеге асыра алатын, оқытудың мазмұны мен әдістерін, құралдары мен формаларымен өз бетінше ізденіспен саралап, шығармашылықпен пайдалана алатын педагог болуы тиіс. Мұғалімнің қызыметіне қойылатын мұндай талаптар, олардың кәсіби даярлық деңгейіне де жаңа көзқараспен қарауды талап етеді.

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың психикалық дамуындағы негізгі әрекет- оқу әрекеті, оқу пәндері игеру процесінде қалыптасатындықтан, мұғалімнің ең алдымен ана тілінен, балалар әдебиетінен, математика мен жаратылыс тану білімі жоғары денгейде болуы тиіс. Мұнан басқа, дамытпалы оқытуды ұйымдастыру, баланың жеке тұлғасы мен оның ерекшеліктерін танып білу бастауыш мектеп мұғалімінің педагогика, психология, практикалық психологиядан терең білім мен біліктілікті қажет етеді. Әрине, бастауыш сынып мұғаліміне қолданыстағы оқытудың түрлі әдістемелік жүйесін, оқулықпен оқу бағдарламаларын саралап пайдалана білуі үшін оған жаңа тұрпаттағы әдістемелік даярлық қажет.

Дипломдық жұмысқа ғылыми болжам: Егер бастауыш сынып оқушыларына білім беруде дидактикалық материалдарды біліктілікпен қолдана білсе, онда баланың ойлауын да жоғары дәрежеде дамытуға болады.

Зерттеу объектісі: Березов орта мектебінің 2 нші, 4 нші сынып оқушылары.

Зерттеу әдістері: Әдістер мен әдістемелерді қолдану арқылы оқушының жан дүниесін терең біліп, психологиялық қызметте көмек көрсету.

оқушылардың психологиялық ахуалына, өзара қарым-қатынас жағдайына зерттеу жүргізу;

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Кіріспеде мақсат, міндеттері негізінде белгілі бір логикалық жүйеде құрылған. Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан және қортындыдан тұрады. Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

  1. ТӨМЕНГІ СЫНЫПТАРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІТөменгі сыныптарда қолданатын дидактикалық ойындардың мәні туралы педагогикалық ой-пікірдің даму тарихы.

Баланың ойын дидактикалық ойындар жұмысына баулып, олардың ойынға белсенділіктерін, қызығушылығын дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мыналар:

1. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (құрастырмалы ойындар, қозғалмалы ойындар, сергіту ойындары тағы басқа лар)

2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытта жұмыс, қиялдау ой арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп ойнату, ойын балалардың ойлау қабілеттерін арттырады.

3. Өзімнің түйінді мәселемді ашу үшін 1-сыныптың «барлық пәндерін» оның сабақтарының бөлімін таңдап алдым. Әр бөлімінде халқымыздың ұлттық ойындарын қолданамыз.

4. Осы сабақтарды қызықты өткізу үшін математика сабағынан есеп шығару ойындары, әліппеден әріптер жайлы ойындар (әріптерді шапшаң тауып, орнын табу), дене шынықтыру сабағынан қимыл-қозғалыс ойындарын, яғни әр пәнге дидактикалық ойындарды қолдандым.

5. Венн диограммасын, үлестірмелі карточкаларды, сөзжұмбақтарды, ребустар, дидактикалықойындарды қолданып, сабақты қызықты жүргізумен балалардың сабаққа қызығушылықтарын, ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

6. Мақал-мәтелдер, сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, сауалғылар қолдану арқылы балалардың тілін дамыту, ой-белсенділігін арттыру.

7. Мазмұнды суреттер бойынша әңгіме құрастыру, шығармашылық қабілеттерін, көз зерделерін, есте сақтау қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту.

Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның мәні педагогикалық жүйеде бұрын да, қазір де қарастырылып отыр. Біздің ұлттық педагогикамыздың өзінде ойын тарихында бала тәрбиелеуде мынадай бағыттар да қолданылады.

1. Баланы жан-жақты үндестікте үйлесімді дамыту;

2. Оқыту мақсатын (дидактика) бұл бірінші бағыттағы алғашқылардың бірі чех педагогы Ян Амос Коменский. Ол ойынды баланың ең қажетті іс-әрекеттің табиғатына және бейімділігіне ең жауапты түрі деп санайды.

Ойын баланың барлық маңызды ақыл-ой әрекеті, онда баланың барлық қабілеттерінің дамуына, ойында айналасындағы дүние жайлы түсініктері кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.

А. С. Макаренконың айтуынша, ойында баланың физикалық, психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп. Ойын - сабақ, ойын - жаттығулар, сергіту ойындары. Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар - оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді.

Осындай ойындар арқылы оқушылар сөз қадірін түсінуге дағдыланып, сөздік қорлары молаяды. Мақал-мәтелдерді табу оқушылардың тілін дамытумен қатар олардың әсерлі сөйлеу дағдыларын да қалыптастырады. Оқушылардың сөйлеу тілінде мақал-мәтелдер көп болса, олардың тілдік қарым-қатынасқа түсу түрткілері артады [3] .

Осындай тәсілдер арқылы оқушылрдың сөздік қорлары молайып, байланыстырып сөйлеу қабілеті жетіледі.

Сабақтың мақсаттары: а) білімділік: Синоним сөздер туралы түсінік беру;

ә) дамытушылық: Ойын ойнаған оқушылардың тілін дамыту;

б) тәрбиелік: Көркем шығарманы талдау арқылы ізгілікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңінде үйге берілген тапсырма тексеріліп, бағаланды. Осыдан кейін жаңа сабақ өтеміз. Жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін оқушыларға «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі бойынша рөлдік ойын ойнатамыз.

Сыныптағы оқушылрды екі топқа бөлеміз. Қай топтың оқушылары рөлін жақсы ойнап, топқа берілген тапсырманы дұрыс орындаса, сол топ жеңіске жетеді.

Автор сөзін оқып өзіміз оқимыз. Түйе рөлін ойнап шыққан бала түйе секілді шайқала басып келеді. Ойынның ережесі бойынша рөлде ойнап тұрған оқушының ненің рөлінде ойнап тұрғанын табу қажет. Оқушылар бірауыздан «түйе» дейді, дұрыс тапты. Осылайша барлық балалар хайуанаттардың қимыл-қозғалысын айнытпай салып шықты. Мұнан кейін хайуанаттардың рөлінде ойнап жүрген оқушыларға сөз беріледі. Ойынды осылай жалғастыра береміз

Ұлы педагог Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды»- деп санайды.

Демек, бастауыш сынып оқушыларының оқуға, білімге деген ынтасын, мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамыту, сабақта алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын түрлерін қолданудың орны ерекше.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының үрдісін ұйымдастыру
Математика сабағында қолданатын дидактикалық ойындар
Бастауыш класс математика сабағында ойын технологиясын қолдану
Ойын технологиясы туралы
Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Оқыту функциялары және оларды жүзеге асыру жолдарының педагогикалық негізі
Мектеп жасындағы оқушыларында ойын әрекетінің маңызын көрсету
Дидактикалық ойындар математика сабағында
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері
Бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz