Ақмола өңірінің географиялық атауларының қалыптасуындағы геоэкологиялық құрастырушылар ( Зеренді және Атбасар аудандарының мысалында )


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

  1. ТАРАУ. ТОПОНИМИКА ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АТАУЛАРДЫҢ РОЛІ МЕН ОРНЫ . . . 7

2. ТАРАУ. ТОПОНИМКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР . . . 22

2. 1. Зеренді өңірінің географиялық атаулардағы табиғи ортаның компоненттерінің бейнеленуі . . . 22

2. 1. 1. Зеренді атауы қайдан шықты . . . 23

2. 1. 2. Географиялық атаулардағы фитонимдер және олардың бейнеленуі . . . 25

2. 1. 3. Географиялық атаулардағы гидронимдер . . . 26

2. 1. 4. Географиялық атаулардағы зоонимдер . . . 29

2. 1. 5. Географиялық атаулардағы кездесетін оронимдер . . . 30

2. 1. 6 . Географиялық атаулардың адам есімімен және шығу тегімен

байланыстылығы . . . 31

2. 1. 7. Орыс топонимдері . . . 33

2. 2. Атбасар өңірінің географиялық атаулардағы табиғи ортаның компоненттерінің бейнеленуі . . . 35

Атбасар ауданының географиялық атаулары . . . 38

2. 2. 1. Географиялық атаулардағы зоонимдер және фитонимдер . . . 39

2. 2. 2. Географиялық атаулардың адам есімімен және шығу тегімен байланыстылығы . . . 42

  1. Географиялық атаулардың объект ерекшеліктерімен байланысы . . . 45
  2. Географиялық атаулардағы тұрмыс - салт пен шаруашылық ерекшеліктері . . . 48

2. 2. 5. Орыс топонимдері . . . 50

3 ТАРАУ ОБЛЫСТЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ОСЫ КЕЗДЕГІ АТАУЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 56

Қорытынды . . . 61

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі . . . 65

Сілтемелер тізімі . . . 68

Қосымшалар . . . 69

Кіріспе

Диплом жұмысының тақырыбы: «Ақмола өңірінің географиялық атауларының қалыптасуындағы геоэкологиялық құрастырушылар /Зеренді және Атбасар аудандарының мысалында/ » деп аталады.

Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің дәстүрлі 2005 жылғы халыққа арнаған жолдауында « . . . «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруды жалғастыра беру, сөйтіп өткенді пайымдау арқылы қазіргі замен мәдениетін жан-жақты дамыту қажет» деп атап өтті. Сондықтан ұсынылып отырған дипломдық жұмыс қалыптасқан ландшафт топонимдерін қазіргі заман талабына сай саралап, жаңаша ой-пікір бағытында қарастыруға жасалған талпыныс.

Диплом жұмысы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, сілтемелер, пайдаланған әдебиеттер, қосымшалар деген бөлімдерден тұрады.

Облыс территориясында кездесетін географиялық атауларды, объектілерді тізу үшін Ақмола облысының 2007 жылы шығарылған картасы пайдаланылды. Қазақстан топонимикасының негізгі ерекшеліктерінің бірі-географиялық атауларда ландшафттың, өсімдік және аң, жануарлардың көрінісі сипаттама алатындығы. Сол сияқты қарастырылатын аудандардың топонимикасы да осындай сипатқа ие. Сондықтан осы диплом жұмысының мақсаты аз да болса осы атауларды анықтап, олардың өзіндік ерекшеліктерін, пайда болу тарихын зерттеу.

Тақырыпты таңдап алған себебім: өлкеміздің топонимикасында жалпы алғанда географиялық атаулар тобы ауқымды болып келеді. Сондықтан да оның зерттелмеген қыр-сыры көп, әрі жалпы тақырыптың өзі қызықты және

де әрине Қазақстан азаматы ретінде өлкелік тарихымды білу мақсатын да

таңдадым.

Диплом жұмысын жазуда өзім де қызығушылық таныттым, себебі өз туған тұғырыңды, кіндік қаның тамған жердің тарихын зерттеп білу әр ұрпақтың міндеті.

Ұсынылып отырған жұмыстың мынадай мәселе шешу міндеті бар, ол - қарастырылатын аудандардың географиялық атауларының геоэкологиялық құрастырушыларын кешенді түрде қарастыра отырып объектілерінің осы кездегі атауларының қазіргі мәселелерін де ашып кету.

Тақырыптың өзектілігі - негізінен диплом жұмысының аса актуальдық проблемасы Ақмола өңірінің географиялық атауларының қалыптасуындағы геоэкологиялық құрастырушылар болып табылады.

Тарихи атаулардың шығу тегін, оның уақыт өте келе түрленіп өзгеруін зерттеп зерделеудің практикалық, қолданбалы сипаты тәуелсіз Қазақстан жағдайында маңызы арта бермек. Ең бірінші ол солақай саясат салдарынан соңғы жүз жыл көлемінде негізсіз өзгерістерге ұшыраған төл атауларымызды қайтаруға ғылыми кездегі дәйектер саралап пайдалануға мүмкіндігін береді. Екіншіден жер-су аттарын өзгерту ісінде өте мұқият, жауапкершілікті сезінуге тиіспіз. Өйткені ғасырлар бойғы қалыптасқан жер - су атауларының эстетикалық, тарихи - танымдылық, халықымызға қатысты меншіктік сипаты терең екендігін әсте ұмытуға болмайды.

Негізгі тақырыбымыз қарастырылатын аудандардың географиялық атауларының геоэкологиялық құрастырушыларын кешенді түрде қарастыру оларды саралау мәселесі қазіргі қазақстан география ғылымында аз зерттелінген тың тақырып болып табылады. Диплом жұмысын жазу барысында жер-су атауларының этимологиясынада арнайы назар аудардық. өйткені қазіргі кезенде Қазақстанда байырғы табиғи-тарихи атауларды қалпына келтіру үрдісі жүргізілуде, ел аумағынан саясат салқынынан пайда болған жөнсіз атаулардан арылту мәселесімен де байланыстылығын

ескерген орынды. Бір кездері «Тың өлкесі» аталған өңірде соңғы жүз, кейінгі елу жылда қаурыт түрде жер-су атаулары өзгеріске түскені белгілі. Демек Қазақстандағы тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі жер-су атауларын

отарсыздандыру, оларды байырғы атаулармен идентификациялау-сәйкестендіру заңды құбылыс. Аталған тақырыптың таза географиялық маңызынан өзге мәдениет танушылық, тарихи-этимологиялық, құқылық, экологиялық сипаттарға ие екендігін айта кеткен жөн.

Тақырыптың зерттелу деңгейі, жаңалығы - Ақмола өңірінің географиялық атауларының геоэкологиялық құрастырушылары 2000 жылдарға дейін арнайы зерттелінбей келді. Аталған тақырыптың жекелеген аспектілерін қарастырған еңбектер өткен ғасырдың 60-шы жылдарының соңы мен 70-ші жылдары жарық көрді. Олар: А. Әбдірахмановтың, Т. Омаровтың, А. Мурзаевтың, К. Қаймулдиновтың Жалпы Қазақстан топонимикасы мен этимологиясына, ономастикасына арналған еңбектер.

Ономастикаға қатысты бірқатар мақалалар мен зерттеулер қатарына О. А. Султаняевтың «Қазақ ономастикасы», Ж. Мусиннің «Тарих және ономастика» еңбектері жатады.

Топонимика, ономастика, этимология, жалпы геоэкологиялық құрастырушылар мәселелері әсіресе өткен ғасырдың 80-ші 90-шы жылдарынан бастап орталық, жергілікті баспасөзде тұрақты тақырыпқа айналып көпшілік қауымның қызығушылығын туғызды. «Көкшетау», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Қазақ тарихы» газет журналдарында көптеген ғылыми, публистикалық мақалалар жарияланды. Аталған тақырып

бағытында жазылған ғылыми диссертация 2002 жылы қорғалған Аяпбекова Әлия Ескермесқызының «Батыс Қазақстан аймағының ландшафт ерекшеліктерін анықтайтын топонимдер бірлестігі» деп аталса, 2003 жылы Омарбекова А. С. «Ақмола облысының географиялық атауларын

қалыптастырушы геоэкологиялық құрастырушылар» тақырыбында география ғылымдарының кандидаты дәрежесін алуға диссертация қорғалды.

Дипломдық жұмыстың деректемелік базасы ретінде аталған тақырып аясында жарық көрген монографиялық зерттеулер:А. Әбдірахмановтың «Қазақстан этнотопонимикасы», «Топонимика және этимология», К. Қаймулдиновтың «Қазақ топонимдерінің этноэкологиялық негіздері». Т. Жанузақовтың «Орталық Қазақстанның жер-су аттары» т. б. Сондай-ақ энциклопедиялық басылымдар «Ұлттық энциклопедия», анықтамалық басылымдар: «Географиялық сөздік», «Моңғол-қазақ» сөздігі, республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары, жергілікті мектеп, аудан мұрағат материалдары, ауыз-екі дерек берушілер мәліметтері пайдаланылды.

Сондай-ақ мерзімдік баспасөз материалдарымен ақын-жазушылардың шығармалары, ономастика комитетінің шешімдері қолданылды.

  1. Тарау: Топонимика ғылымындағы географиялық атаулардың рөлі мен орны

Қай халық болса да ежелден елді - мекен, жер, су, өзен, көл атауларының мән - мағынасына, тарихына ерекше көңіл бөлген. Өйткені елді мекен атаулары- әр дәуірдің ескерткіші ретінде халық тарихынан, ұғым - нанымнан дерек беретін, салт- дәстүрден мәңгібақи жадында сақталатын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын асыл қазына, тарихи жәдігер.

Төменде дипломдық жұмысының мәтінінде кездесетін арнайы топонимикалық терминдер беріліп отыр:

Топонимика - белгілі бір территориның географиялық атауларының жиынтығы;

Ономастика- әртүрлі типтік жеке атау;

Топоним этимологиясы - географиялық атаулардың пайда болуы;

Антротопоним - адамдардың атына байланысты атаулар;

Зооним- жануарлардың аттарына байланысты атаулар;

Фитоним - өсімдіктердің жеке атаулары;

Ороним - жер бетінднгі рельеф элементтерінің жеке атауы; Семантика - географиялық атаудың мағынасының маңызының топонимі.

Тіліміздің барша тарихы мен заңдылығы да осы атаулардың бойынан табылады. Осыған орай қазіргі таңда ономастика проблемасы тек тілдің аясымен шектелмей, саяси әлеуметтік, тарихи, мәдени мәні зор, ұлттық, құқылық, идеологиялық, моральдық шешімді талап ететін өте күрделі құбылыс болып саналады. Қазақ ономастикасын ғылыми тұрғыдан зерттеу - ең басты да елеулі мәсле екені дауысыз. Тарихи антропонимдер мен этноним, космоним, зоонимдердің, фитонимдердің молдығы да еш күмән келтірмейді. Осындай тарихи ономастикалық атаулардың қыр - сырын

айқындап, жете анықтау этимологиялық тұрғыдан ғана іске асады. Жеріміздің жер - су аттарының этимологиясы А. Әбдірахманов //1.

Жергілікті топонимикалық мәліметтерді байырғы ландшафттарды қалпына келтіру (реконструкция) ісінде пайдалану мүмкіншіліктері, топонимдердің белгілі бір ландшафтты оқу маңында «шоғырлану» заңдылығына және топонимдердің көп жағдайда табиғат ерекшеліктерін дәл бейнелейтіндігіне негізделген. Қазақ топонимдері еліміздің Оңтүстігінде, Солтүстігінде, Батысында Шығысында да сол қалпында қайталана беруі заңдылықтан туған болса керек. Мәселен Мұқыр атауы Жетісуда кездесіп Солтүстік Қазақстанда қайталанады. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Мұқыр ауылы. Жалпы топонимдердің табиғи орта мен байланысын В. П. Семенов-Тянь-Шанский, Э. М. Мурзаев, Б. А. Будагов, Ғ. Қонқашбаев, С. Әбдірахманов, К. Д. Қаймулдинова, А. С. Омарбекова т. б. еңбектерінде зерттелінген. Х. Л. Хангомедов 1994 жылы географиялық орта мен топонимдер бірлігін ашуға бағытталған ірі зерттеу Қазақстандағы ландшафтар динамикасына қазақ топонимикасы негізінде алғашқы зерттеуді К. Д. Қаймулдинова, А. С. Омарбекова жүзеге асырды. Жер-су аттарының этимологиясына қатысты құнды зерттеулерді А. Әбдірахманов, А. Рысбергенов т. б. жүргізген. Диплом жұмысының өзектілігі бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында жер-су атауларының тарихи аспектілерін ашудың практикалық, қолданбалы саяси маңызы жоғарылығымен ерекшеленеді. Мәдениеттанушылық сипат пен қатар туған тарихымыздың шежіресін нақты сөйлетуге ықпал әсері зор. Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз ғылым аралық күрделі бағытқа жатады. Яғни ол тарихи- географиялық аспектілі ғылыми тақырып. Жұмыстың әдіснамалық негізі осы заманғы географиялық теориялық қағидаларды негізге алу, номинацияның жалпы теориясы этнографиялық

саралау табиғатты зерттеу тұжырымдамаларын салыстыра пайдалану, тарихи құжаттық деректерге сүйену болып табылады. Яғни мен мұнда жалпы географиялық зерттеу әдістерін тарихи әдіснамамен ұштастыруға тырыстым.

В. Н. Попова, Қ. Рысбергенова т. б. тараптарынан жарық көрген еңбектер де айтылған. Жалпы топонимикада атаулардың пайда болу сипаты әр түрлі болып келеді. Оларды атап кететін болсақ:

  • Көшпелі өмір бейнелерін көрсететін топонимдер, жер шаруашылығы;
  • Жер шаруашылығына байланысты топонимдер;
  • Елдің қоғамдық өмірі мен тұрмысы жайынан мағлұмат беретін топонимдер;
  • Мал шаруашылығымен байланысты топонимдер;
  • Өсімдіктерге байланысты топонимдер;
  • Жануарларға байланысты топонимдер;
  • Гидронимдерге байланысты топонимдер т. б.

Жалпы қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен, егін шаруашылығымен айналысқан халық. Сондықтан осындай атаулар тобын қазақ жерінің кез- келген түпкірінен кезіктіруге болады. Әрине ол атаулар жәй ғана аталып қоймай оның өзіндік мәні, әрі негізі бар. Адамдардың Қазақстан жерін тас дәуірінен бері мекендегені ғылымда дәлелденді //2. Оны Қарату сілімдері мен Есіл жағалауларынан, Сарысудың орта ағысы мен Балхаш жағалауынан және Маңғышылақтан, Жетісу өңірінен табылған ежелгі тас құралдары толық анықтап отыр.

Адамдардың алғашқы аңшылық кәсіптен біртіндеп, жер, мал шаруашылығына көше бастауы көне дәуірде пайда болған еді. Сөйтіп көшпелі және жартылай көшпелі, мал шаруашылығына ауысу нәтижесінде

көшіп қонуға лайықты үй, сондай ақ малды ұстауға қажетті жабдықтар, мәселен жылқыны үйретіп, міну үшін жүген, әбзел жабдықтарын жасады. Сөйтіп, мал басының өсумен байланысты мол жайылым, құнарлы да сулы жер, түйгін шөп қажет болды. Соған байланысты таулы аймақтар мен жапан түз, кең жазықтардағы жайылымдарды игеріп, оларды меншікті қонысқа айналдыру шаралары тарихи дәстүрлерге айналған еді.

Қазақстан тарихында: «Қазақ жеріне дәстүрлі шаруашылық саласы экстенсивті көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен шұғылдану берік сақталып, көшудің маусымды кезеңдері мен ежелден қалыптасқан бағыт бағдарлары бекітіліп отырғаны айтылады. » //3.

Сол мал бағып күн көрген көшпенді және жартылай көшпенді елдің өмір тірлігі және олардың көшіп қонып жүрген жерлері мен табиғат құбылыстары жайлы көзқарастары жер су аттарының да қойлуына әсер етпей қоймағаны айқын. Мал шаруашылығы жанында молынан мағлұмат беретін ондай жер су аттарын ішінара жіктеп, бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:

а) үй хайуандары аттарынан қойылған және олармен байланысты әрекеттерді білдіретін топонимдер;

ә) Елдің тұрағы (қоңыс, қыстаужұрт) мен малдың жататын орын қора- қонысы, қотаны атауларын білдіретін топонимдер.

Топонимика (грек- topos- орын, жер және опота - атау) - география, тарих және тіл білімі ғылымдарының түйіспесінде дамып келе жатқан жаңа ғылым. Топонимика - географиялық атаулардың немесе жер - су аттарының шығуын (этимологиясын) дамуын қазіргі жағдайы, мағынасын, граматикалық, фонетикалық формасын жазылуын және екінші бір тілде берілуін зерттейді. Топонимикалық атаулардың ең негізгі қасиеті- олардың

тұрақтылығы, сол үшін де мындай атаулар адамзат тарихы, мәдениет және

тіл жөнінде көне де ғылыми мәліметтер береді. Мысалы: географиялық атаулардың құрамын зерттей отырып, сол аймақта ықылым заманда қандай тайпалар, халықтар мекендегенін анықтауға болады. Осы мағынада топонимдер (жер-су аттары, тарих, этнография, археология және тіл біліміне нақтылы материал береді. Топонимика ғылымының ертедегі жер бедері сипатын өсімдік пен жануарлар дүниесін анықтауға да тигізер пайдасы мол. Тіл білімі саласынан алғанда топонимдер лексика-семантикалық, лексика-граматикалық және этимологиялық тұрғыдан қарастырылады.

Топонимика (грек- topos- орын, жер және опота - атау) - бұдан біраз жыл бұрын тіл білімінің жер-су және кісі аттарын зерттейтін саласы деген мағынада жұмсалып келген термин. Қазір бұл сөздің орнына ономастика термині қолданылады.

Гидронимдер

Топонимиканың күрделі де ірі саласының бірі ғылыми тілде гидронимия деп аталады. Ол грек тіліндегі гидро-су, оним - атау, ат яғни су атаулары. Демек, гидронимия - өзендер мен көл, көлшіктер, қайнарлар мен бастау бұлақ, құдықтардың жиынтық аты.

Қазақстан географтарының мағлұматтары бойынша, республика территориясында 85 мың өзен, 48262 көл бары белгілі болып отыр. Оның ішінде аумағы 100 км- ден асатын 21 көл бар //4. Республикадағы көлдердің басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан өңірінде. Сол көлдердің ең ірілері келесі бетте аталып өтіледі. Республикамыздағы, оның ішіндегі Солтүстік

Қазақстандағы көлдердің пайда болуын, олардың физикалық әрі химиялық қасиеттерін, тереңдігі мен ұзындығын, алып жатқан аумағы мен көлемін

зерттеген еңбектер саны аз емес. Алайда көл аттарының қойылу сырлары

мен тілдік заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеудің мәні зор.

Көпшілік атаулар көлдердің өзіндік ерекшеліктеріне, яғни түр- түсіне, суының дәміне, айналасындағы өсімдік пен жан-жануарлар дүниесіне, сан мөлшеріне, географиялық орнына т. б. көптеген белгілеріне байланысты

аталады. Жер жайын, көлдер мен өзендердің сыр - сипатын байқағыш халық атты да талғап қойып отырған. Солтүстік, Орталық Қазақстандағы көл аттарының, негізінен ана тіліміздің етене байырғы сөздерінен жасалғанын анық көреміз. Сондықтан да олардың мағыналары көпшілікке түсінікті, айқын да анық. Көл аттары құрамында кездесетін көл, сор, тұз, ащы сөздері тегінде көлдің үлкен, кішілігін, тереңдігі мен саяздығын, немесе дәмінің ащы-тұщылығын, соры көптігін білдіріп отырса керек.

Жалпы Қазақстан территориясына тән көл аттары тіліміздегі қарым - қатынасқа түсіп, күнделікті өмірде кеңінен қолданыс тауып жүрген сөздерден қойылып отырған. Сондықтан да ол атаулардың мән мағынасы жалпы қауымға түсінікті де ұғымды. Олардың құрамында дара атаулардан гөрі біріккен тұлғалы атаулар саны әлдеқайда басым да көп. Ал орыс, араб, монғол және көне түркі, болмаса Орал-Алтай тілдеріне қатысты атаулар мүлдем аз. Бұлардың ішінде көне атаулардың шығу төркіні мен мән мағынасы көбіне көмескі де күнгірт келеді. Сондықтан ондай атауларды тарихи - этимологиялық тұрғыдан талдап зерттеудің мәні аса зор. Судың адам өмірінде, табиғатта, өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығында алатын орны ерекше «Су бар жерде өмір бар» деп халық текке айтпаған.

Біздің планетамызда судың орасан зор қоры бар. Соның бірі көлдер болып табылады. Адам баласы өте ерте заманнан бастап-ақ оларды өз мақсаттарына бағындыруға талпынып шаруашылықтың әр саласына

пайдалануға тырысты. Сондықтан да өзен, көл, көптеген құрлыстар салу ісі

қолға алынды, сулары ішуге және жер суаруға пайдалана бастады. Ақмола облысының жұпар иісті ауасы, шипалы сулы көлдері, көл жағалауының жалпы көріністері адамды қайран қалдырады. Қарап тұрсаң теп - тегіс

тоғайлы жерлер созылып барып ертедегі қорғандарды адамдар мен жануарлар пішіндерін көз елестететін қилы-қилы ою өрнекті, гранитті жақпар тасты құздарға айналып кетеді. Бұл жердің даңқы өзінің тамаша тарихымен ежелден белгілі.

Батыс Қазақстан өзен - көлдерінің жай-күйіне сараптама жасаған зерттеуші Аянбекова Ә. Е. мынадай тұжырым жасайды: … « табиғи ырғақты өзгерістер мен қатар адам әрекетінің зиянды әсері мол » //5.

Солтүстік Қазақстан өңірінде көлдер мол. Бұл әрине табиғат жағдайына байланысты. Яғни әр жерде әр қалай орналасуына байланысты. Бұл диплом жұмысында кейбір көлдерге сипаттама берілген. Олар географиялық атаулар топонимдерге байланысты. Көл атаулары антропонимдер, этнонимдер, фитонимдерге байланысты аталған. Топонимдерге байланысты ол көлдің физикалық, химиялық қасиеттеріне байланысты. Мысалға айтатын болсақ Ащыкөл, Қаратомар, Үлкенкөл, Шұңқыркөлл т. б. сияқты көлдерді айтуға болады. Немесе Есіл өзенінің бір саласы Мұқыр деп аталуындағы сөз түбірі - «мұқыл», яғни бастауы жоқ өзен дегенді білдіреді.

Негізінен алатын болсақ Солтүстік Қазақстан өңірінің көлдері өзінің әсемдігімен, табиғаттың құдіреттік әдемілігіне байланысты. Яғни Ақмола облысының көлдері ең алдымен «Сексен көл» есімізге түседі //6.

Қазақстан топонимиясының негізгі ерекшеліктерінің бірі- географиялық атауларда ландшафтық, өсімдік және аң, жануар, құс

атауларының көрінісі сипаттама орын алады. Топонимдер құрамындағы аң, жануар, құс атаулары Қазақстанда аңдардың кейбір түрлері кең тарағандығын және солардың аңшылық маңызы болғандығын аңғартады. Белгілі орыс зоологы А. Н. Формязов Қазақстан картасында аңдарға

байланысты атаулар бар екенін айта отырып, аңдардың және аңшылықтың халық өмірінде атқарған үлкен мән - мағынасын атап өтеді.

Ғ. Қ. Қоңқашбаевтың пікірінше, көшпенділердің күн көрінісіне жер бедері (рельеф), ауа-райы (климат), су (гидрография), өсімдіктер және аңдар үлкен септігін тигізген //7.

Қазақстандық ғалым Р. С. Сәтімбеков топонимикалық методтармен кейбір жануарлардың (құлан, бұлан, марал, құндыз т. б. ) Қазақстан жерінде кезінде кеңінен таралғандығын анықтап отыр.

Қазақстан территориясында өсімдіктердің 5000-ға жуық түрі бар екен. Сол өсімдік аттарының біразы Солтүстік Қазақстан топонимиясында кездеседі: қияқ, көкпек, тал, қамыс, қарағай, қоға, қарағаш, қараған, өлең, өрік, жиде, жусан, жаңғыл, итмұрын, кендір, бидайық, терек, сасыр, шие, ағаш, арша, бадай, ереймен, селеу, қайың, қурай, тікенек, шеңгел, алма, арпа, қарағай, шөп, сарымсақ, тобылғы, теріспек, лоза, мойын, мүк, игілік, ырғай, шырғанақ т. б.

Шет ел топонимиясындағы (Чехославакия, Польша, Румыния) өсімдіктер және жануарлар аттары арқылы сол өсімдіктер және аңдар түрлерін өткен тарихи кезеңдерде белгілі территорияда таралғандығын ғылымдар дәлелдеген. Отандық топонимикада Э. М. Мурзаев және

Е. Л. Любимова топонимикалық метод арқылы емен, қайын т. б. ағаштардың түрлерінің орыс жазығындағы тараған аймақтарын анықтап отыр //8.

Солтүстік Қазақстан топонимиясындағы арша, қарағай, қайың,

қарағаш, тал атаулары бір кездерде Солтүстік және Орталық Қазақстанда осы ағаштар өскен ормандардың кең тарағандығының дәлелі болла алады.

Жоғарыда аталған региондарда ормандардың қазірге қарағанда, әлдеқайда көп болғандығын қосымша деректер растайды. Мысалы, орман табиғатына сай аңдардың түрлері көп болады.

Мысалы, географ А. В. Афанасьевтің деректері Солтүстік және Орталық Қазақстанда кезінде орманның көп болғанын және сол ормандарда жануарлардың көп мекендегенін көрсетеді.

Орыс тілінен енген атауларда кей жерлерде орман болғандығын немесе бар екендігін тікелей көрсетеді. Солтүстік Қазақстанда өсімдіктерге байланысты мынадай топонимдер тобы бар:

Өсімдіктер атауларына байланысты топонимдер қатарынан терек, ағаш, тал, қамыс сияқты, сонымен бірге әр түрлі жеміс жидек атауларының көптеп кездеседі. Бұл Солтүстік Қазақстан өңірінде осындай өсімдік, ағаш типтерінің басым болғандығын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы
Туристік - рекреациялық ресурстар классификациясы
Ертіс атауының этимологиясы
Туристік ресурстар тізімін дайындау
Ақмола облысының туристік мүмкіндіктері
Ақмола болысының іргетасы
Шығыс Қазақстан облысының топонимдер қалыптасуындағы рөлі
Ақмола облысының егін шаруашылығы
Астана қаласының сипаттамасы
Зеренді өңірінің мәдени, тарихи және табиғи ескерткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz