ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ СОМДАЛУЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1 ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨНЕР АДАМДАРЫНЫҢ КӨРІНУІ 7

1. 1 Ақын лирикасындағы туған ел бейнесі 7

1. 2 Ақын лирикасындағы өнер адамдары 21

2 Т. ҚАЖЫБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ СОМДАЛУЫ 37

2. 1 Ақын поэзиясындағы тарихи тұлғалар 37

2. 2 Т. Қажыбаев шығармаларының көркемдігі 56

ҚОРЫТЫНДЫ 65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 67

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР 69

КІРІСПЕ

Бұл күндері есімі бүтін елімізге мәшһүр қарымды қаламгер Төлеген Қажыбайды, оның шығармашылығын білмейтін адам кем де кем-ақ шығар. Біз де өз жұмысымызды осы үлкен қаламгер, сан қырлы жазушы шығармашылығына арнап отырмыз. Өйткені өзінің сезім толғар лирикаларында болсын, өткір проблемаларды қозғайтын толғақты мақалаларында болсын, драматургиясы мен прозасында болсын туған жердің тағдырына толғанатын үлкен жүректі тұлға шығармашылығы әрқашанда қызықтыратын.

Бүгінгі таңдағы Көкше қаламгерлерінің жетекші ұстазына айналған Төлеген Қажыбаев әркез ең өзекті мәселелерге бірінші болып барады. Ол сонысымен де қымбат. Сондай-ақ жазушылық еңбек жылдарында елуге таман кітап шығарған, айтулы ақын, шебер драматург, қарымды жазушы, ұшқыр публицист-журналист Төлеген Қажыбаевтің әр туындысын қызыға оқып, қаламгердің өнер жолындағы қол жеткен табыстарына қуанып, өз арамыздағы дарын иесін ардақ тұтып, есімін мақтаныш тұтамыз.

Бүгінде Көкше өңірі қаламгерлерінің ақсақалы болып отырған Төлеген Қажыбаев қазақ поэзиясына үлкен үлес қосқан айтулы қаламгерлердің бірі. Оның шығармашылығының негізі - Көкше өңірі, оның сұлу табиғаты, елін ардақтаған, өлкенің атын шығарған айтулы тұлғалары, туған елінің мұң-мұқтажы. Сол жолында ол талай жылдары еңбек етіп, олары кейде марапатталып, кейде датталып жатты. Оның өнер жолындағы өрелі істеріне біреу сүйсінді, біреу қызғанды; соған қарамастан жазушылық өмірде елу жылдан астам еңбек еткен ол ел марапатына да бөленді. Қазақстан жазушылар одағы мүшесі, Қазақстанның мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Ахмет Байтұрсынов атындағы сыйлықтың иегері, «Құрмет» пен «Парасат» ордендерінің иесі, Көкшетау қаласының құрметті азаматы сияқты марапаттар қаламгер еңбегінің ескерілуі, ол біздің көңілге медеу.

Күнделікті баспасөз беттерінен жұрт қызығарлық туындыларын сүйсіне оқитындықтан осы жұмысымызды жазып отырмыз. Әрі жазушы ден қоятын туған жер және оны елге танытқан айтулы тұлғалар туралы еңбектері негізінде жазуды жөн көрдік те оның осы тұрғыдағы шығармаларына көңіл бөлдік.

Зерттеудің өзектілігі. Жазушы Т. Қажыбаев Көкше өңірінің тарихи тұлғаларына, өнер адамдары мен батырларына, хандары мен билеріне, еңбек ерлеріне көптеген шығармаларын арнады. Көкшетау өңірінің мұң-мұқтажы, қайғы-қуанышына ортақтасып, елінің қиындығын да қызығын да бөлісті. Сол туралы жазған шығармашылығының дені болып табылатын ондаған еңбектерің зерттеп жұртқа танытуды мақсат тұттық. Ол туралы арнайы зерттеу бола қоймағандықтан біз өз жұмысымызда қаламгер шығармашылығына тереңдеп барып, оны, әсіресе, жас ұрпаққа танытуға тырыстық.

Бұл күндері қаламы ұшталып әдебиеттің бар жанрында бірдей көрініп жүрген ақын, жазушы, драматург, журналист Қажыбаев Төлегеннің есімі өлкемізге кеңінен танылғанымен әлі күнге арнайы зерттеу объектісіне айналған жоқ. Сондықтан да болар елуге таяу кітабы шыққан қаламгер шығармашылығы мектеп, жоғары мектеп бағдарламасына енген жоқ. Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжінде арнайы бірлестік жұмыс істейді және Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттеріне дәрістер жүргізіледі. Сол еңбектері ескеріліп оған Көкшетау мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атағы берілген. Алайда бүгіндері жетпіс жылдың асқарына шыққан айтулы өнер иесіне бұл өте аздық етеді. Біз сондықтан да қаламгер шығармашылығын кеңінен насихаттап, аз дегенде облыс көлемінде танылғанын қалап осы еңбекті жаздық. Мектеп оқушылары мен жоғары мектеп студенттері үшін ақын шығармашылығынан дерек беретіндіктен жұмысымызды өзекті деп есептейміз.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Көкше өңірінен шыққан өнер адамдары және еселі еңбегімен, ел қорғаған батырлығымен көзге түскен абзал жандар, елді ұйыстырып бірлікке шақырған дана тұлғалар, ел қамқоры болып тарихта аты қалған тарихи тұлғалар туралы қаламгер шығармашылығын кеңінен таныту мақсатында жазушы қаламынан шыққан шығармаларды (лирикалық толғаулар, балладалар, жүректен төгіліп құйылған өлең-жырлар, кесек публицистикалық мақалалар, драмалық шығармалар, жеке прозалық туындылар және естеліктер) зерттеп, олардың сындарлы болмысын жазушы шеберлігін таныта көпке паш етуді жөн көрдік.

Зерттеуде қаламгердің «Сексен көл сылдыры», «Жеті желі», «Хан Кененің қазасы»[1-3] және басқа жыр жинақтарындағы жергілікті өнер адамдары мен ел ардақтаған батыр тұлғалары туралы жазған мөлтек ойлары мен сырларына көңіл аударып, солардың негізінде ой толғамақпыз:

-ақын Т. Қажыбаев шығармаларындағы көрікті Көкше өңірі бейнесінің ашылуын таныту;

-ақын лирикасындағы өлкемізден шыққан өнер адамдарына арналған жырларына тоқтала отырып талдау;

-қаламгер Т. Қажыбаев шығармаларында көрінетін өлкеміздің тарихи тұлғаларына арналған туындыларына тоқтау;

-ақын Т. Қажыбаев шығармаларының көркемдік ерекшелігін ашу.

Зерттеу нысаны ретінде ақынның өлең жинақтары мен прозалық шығармаларын, драмаларын, публицистикалық мақалаларын қарастыра отырып, жұмысымызға ақын шығармашылығындағы туған жер туралы жырлары мен оның ұлы тұлғалар туралы толғауларын, азаттықтың ақ туын көтерген Кенесары хан мен оның серіктері туралы жазғандарын, өнер адамдары - ақындар, әнші жыршылар, сал-серілер, сазгерлер мен басқа да өнер сүйер жандар туралы толғаныстарын негіздеп алдық.

Зерттеудің пәні. Төлеген Қажыбаев шығармашылығына арналған факультативтік сабақтар мен арнайы курстарға, «жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығы» атты арнайы курсқа көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында жергілікті Көкшелік қаламгерлердің жетекшісі, бір өзі елудей кітаптар жазып талай келелі мәселелер көтерген, ел ардақтыларын асқақтатқан өнер иесінің жергілікті өнер иелері мен халық құрмет тұтқан батырларына арнаған жырларын жеке алып талдай отырып, қаламгер шығармашылығын көпке танытып, жас ұрпақ назарына ұсыну болып табылады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Жұмысымызды орта мектеп пен жоғары оқу орындары шәкірттеріне қаламгер Т. Қажыбаев шығармашылығынан дерек берерлік арнайы курстар мен факультативтерде дәріс беруге қажетті қосымша құрал болады деп білеміз.

Т. Қажыбаевтың шығармашылығын замандас ақындарымен, қаламдас публицистермен, драматургтермен және басқа да өнер адамдарымен қатар алып шығармашылық өреде көрсетуге тырыстық. Сол орайда бүгінгі теориялық ұғымдар мен шығармашылық өредегі жетістіктерді негізге ала отырып талдау жасауға күш салдық.

Ғылыми жаңашылдығы мен практикалық құндылығы. Белгілі қаламгер Т. Қажыбаев шығармашылығы мектеп оқулықтары мен жоғары оқу орындарында арнайы өтілмейтіндіктен зерттеу нәтижесі қаламгер шығармашылығын көпшілікке танытуда әбден қажет деп білеміз. Жазушы мұрасын танып-білуде зерттеу жұмысы практикалық қолдануда өте қажет деп есептейміз.

Жұмыстың практикалық негізі. Жергілікті ақын-жазушылар шығармашылығын оқып-білуде, сондай-ақ өлкенің өткен тарихы мен табиғатын тануға, «жер шоқтығы» атанған жерімізді қорғауға еселі үлес қосқан қаламгер шығармашылығын тануда зерттеу жұмысының практикалық маңызы мол болар деп білеміз.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.

Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, нысаны, мақсаты мен міндеті, ғылыми жаңалығы мен зерттеу әдісі, ғылыми практикалық мәні айтылады.

Алғашқы тарауда Т. Қажыбаев шығармаларындағы туған ел бейнесін, оның лирикасындағы өнер адамдарына арналған жырлары, қаламгер туындыларындағы Көкше өлкесінен шыққан тарихи тұлғаларына арналған жүрекжарлы шығармалары жеке тараушаларға алынып қарастырылады:

Келесі тарауда ақын шығармаларының көркемдігі сөз етіледі.

Қорытындыда жұмыстың ақын шығармаларын оқырманға жеткізу жолдары сөз болады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі жұмыс соңында көрсетіледі де ақын суреттері мен кітаптары қосымша арқылы беріледі.

  1. ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨНЕР АДАМДАРЫНЫҢ КӨРІНУІАқын лирикасындағы туған ел бейнесі

Төлеген Қажыбай сонау алпысыншы жылдардың бас кездерінен бастап ақ өзіндік үн-өрнекпен, өзіндік бет, қолтаңбасымен көрінген талант. Оның ақындығы айқайлап-арындап, кеуде соғып, алқынып өңмендеген ақындық емес, сабырмен сырғып, жайымен жылжыған, еңісі енді, жайылым-жазығы кең, өрісті өзенді елестетер еді. Мұның айғағы, оны еселей үстеген шабыт та тасыта алмаған, көңілге кірбең салған реніш да жасыта алмаған. Өзінің күнделікті өмір-тұрмыстағы сабырлы қалпы қандай болса, поэзиядағы шығармашылық салты да содан таймаған. Оны әр жылдардағы өлең-жырларынан анық аңғарасыз. Ол алғашқы «Жол басынан» басталатын «Жанымның жапырақтары», «Жырлайды жүрек», [4-6] «Сексен көл сылдыры» [1] секілді жыр жинақтарын, сондай-ақ «Атыңнан айналайын», «Құлан қырғыны», «Махаббат әні», «Қанкешу», [7-10] «Жеті желі» [2], «Хан Кененің қазасы» [3] сияқты драмалар мен дастандарын, прозалық шығармаларын да жеке-жеке кітап қып шығарған. Мұның бәрі талмай іздену, аянбай тер төгіп еңбектену, шеберлік шыңдау, соныдан соқпақ салып, өзіндік жол таппаққа талпынған жемісті жылдардағы айтары мол арқалы ақын, дарынды драматург, арналы да шебер жазушы екендігін айғақтайды. Ақынды өмір өріне де, өнер төріне де -жетелеген, әрине, оның табиғи дарыны.

Міне, біз сөз етіп отырған жазушы Көкше өңірін әнімен тербеп, ел еркесі балғандықтан Үкілі Ыбырай атанған атақты ақын, әнші, сал-сері Ыбырай Сандыбаевтың сүйікті шәкірттерінің бірі Қажыбай Сыздықовтың отбасында 1942 жылы желтоқсан айының 12-ші жұлдызында өмірге Төлеген есімді нәресте келді, соңында ақын Төлеген өзінің «Қайран әке» деген өлеңінде:

Менің дағы бар шығар деп

шалқар тойым алдымда,

Мінбей кеткен пырағыңды

ұстап келем бабында.

Сен түспеген ұлан-ғасыр

дүбірі мол жарыстан

Шет қалуым намыс қой

шаңқай түстің шағында, деп абзал әкенің өмірінің жалғасы екенін, осы бір ардақты атқа кір келтірмей, оның ісін жалғастыратынына әке алдында ант еткендей. Төлегеннің тырнақалды өлендері мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінен-ақ басталған-ды. Әрине, талант дарыған адам болса да бір-ақ күнде ақын не жазушы болып шықпайды ғой. Бәрі де мектепте оқып жүрген кездегі туған тырнақалдыдан басталып, үлкен туындыға ұласады. Тырнақ алдыны зәулім үйдің алғашқы кірпіші десек, Төлеген өзінің жетпісті алқымдаған шағында сол үйдің қабырғасын тұрғызып, шатырын жауып, өнер сарайын айқара ашып, сыншыларды, оқырман қауымды өзі тұрғызған жыр күмбезіне шақырады.

Бұдан қырық жеті жыл бұрын Төлегеннің жыр сапарының тырнақалдысы - «Жол басы» жинағы қолдарына тиген оқырман қауым жыр асылдарына кенеліп, қуанған-ды. Бұл тұңғыш жинағына өлеңдерімен қатар акынның «Сырлы қобыз» поэмасы енген болатын. Жинақтың алғашқы парағын ашқанда . . . «Жолдар» аты өлеңінде ақын өмір жолындағы күндерін, күндегі жүріп жүрген жолдарын домбыраның қос шегіндей сыр шертіп, былай жырлайды:

«Жолдар, жолдар . . .

жолдар өшіп қалмаған,

Өйткені ол,

сан ғасырды жалғаған.

Бабалардың жүріп өткен

іздері,

Сол іздердің

жалғасы деп ұғайық

Асфальты мен

темір жолды біздегі . . . » [4. 5-б. ]

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиер өлең жолдары кімді елеңдетпесін!

Әсем әуен дала кезіп барады,

Ару балқып, жігіт төмен қарады.

Селт етерлік сезім кетті

сел болып

Домбыраның күй шерткенде шанағы . . .

Атышулы әнші композитор Алтынбек Қоразбаевты осы жыр жолдары тербеп, бір әсем ән - «Әгугәй домбыра»[6, 19-б] туды. Оны біз радио, теледидар арқылы жиі естиміз.

Төлеген шығармаларының тақырыбы сан алуан. Ана, әке, бала, махаббат, туған жер, табиғат қорғау, тіршілік күйбеңдері поэзияда сан қилы, сырлы әуезді лирикалары мен «Алуа», «Даланың ұлы» поэмалары, прозада «Қорқаудың ақыры», «Махаббат әні», «Аңсаған жүрек әні еді», «Аран», «Қан кешу» повестері және ондаған драмалық шығармалары оқырманды өзінің өміршеңдігімен баурап алады.

Төлеген Қажыбаевтың өлеңдері хақында алдымен ой толғағандардың бірі - Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Мұзафар Әлімбаев еді. Төлеген өлеңдеріне талдау жасай келіп, белгілі ақын, сындарлы сыншы Төлеген өлеңдері туралы пікірін былай қорытындылайды: «Көркем хұсни дүние өзін көпке іздеттіреді. Іздеттірсе ізгі, игі өнер деңіз. Талантты ақын Төлеген Қажыбаев шығармашылығы жұрт іздейтін, жұрт ілтипатына татитын деңгейге жеткен». [11]

Қазір мәдениеттің өзіне өгейси қарап, осқырынып жүргенде әдебиет пен өнерге деген пиғыл-пейілдің онша еместігіне екінің бірінің көзі жетуде. Сол екінің бірі дегеніміздің де қалталары қалың, ақшаларын оңды-солды шашып, жоқтан өзгеге жұмсап мәз боп күліп, талтаңдап жүргендер емес, бірде тоқ, бірде қоңторғай күй кешудегі қоныр көпшілік. Қалай десең олай де, «тұрмысты сана билейді» дегенді жүз Лихачев айтса да (кәдімгі атақты академик Д. Лихачевтің солай деп жазғаны бар), бәрібір «тұрмыс билейді сананы». Әуелі қарынды бір жайлы етпей, іші шұрылдап жүргеннің кітапқа қарап, театр, сауықтарға бармақ түгілі бастарының қайда қалғандарын білмейтіндерін естігенбіз де, енді көрудеміз. Бірақ санасының саңылауы барлардың мұны ойламайтындары аз. Ондайлар іштей назаланады, қынжылады, ренжиді, кіжінеді де. Япыр-ау, күні кеше ғана емес пе еді, кітап іздеп сабылып, дүкеннен дүкен қоймай аяқ тоздырып, таныс-тамырларына қиылып, қолқалап, дамыл таппайтындары . . . Ол күндер енді келмеске кеткен.

Төлеген ақындығын көпке танытқан «Жыр ғұмыр» жинағы туралы, белгілі қаламгер, жерлес жазушы, «Мәмбетәлі» романының авторы марқұм Нөгербек Мағзұмов былай деген екен:

«Әлем-жәлем мұқабалары көз қарытатын көршілес Ресейден шығып жатқан мән-мағынасы да ала-бажақ кітаптар толып жатыр . . . Бұрыш-бұрыштан кездестіресің . . . Ал, қазақ кітаптары қайда? Қазақстан деп аталатын мемлекет әуелі қазақтікі емес пе. Мемлекеттік тілі де қазақ тілі. Бірақ сол тілдегі кітаптар жоқ, бар болса некен-саяқ. Соларының өзін сатып алатын қазақ «байғұстар» аз. Не керек, бұл тарапта жетіспейтіндер, жоқтар, «жығылғанға жұдырық» толып жатқан түрлі келеңсіздіктер жетерлік. Ақын Төлеген Қажыбаевтың өткен жылы жарық көрген «Жыр-ғұмыр»[12] өлеңдер мен балладалар жинағы қолыма тигенде осындай көңілсіз күй кештім.

Төлеген Кажыбаев сонау алпысыншы жылдардың бас кездерінен бастап-ақ өзіндік үн-өрнекпен, өзіндік бет, қолтаңбасымен көрінген талант. Оның ақындығы айқайлап-арындап, кеуде соғып, алқынып өңмендеген ақындық емес, сабырмен сырғып, жайымен жылжыған, еңісі енді, жайылым-жазығы кең, өрісті өзенді елестетер еді. Мұның айғағы, оны еселей үстеген шабыт та тасыта алмаған, көңілге кірбең салған реніш да жасыта алмаған. Өзінің күнделікті өмір-тұрмыстағы сабырлы қалпы қандай болса, поэзиядағы шығармашылық салты да содан таймаған. Оны әр жылдардағы өлең-жырларынан анық аңғарасыз. Ол дарынды драматург, арналы да шебер жазушы алғашқы «Жол басынан» басталатын «Жанымның жапырақтары», «Жырлайды жүрек», «Сексен көл сылдыры» секілді жыр жинақтарын, сондай-ақ «Айналайын атыңнан», «Құлан қырғыны», «Махаббат «әні», «Қан кешу» «Алдияр», «Хан Кене», «Жеті желі» сияқты драмалар мен дастандарын, прозалық шығармаларын да жеке-жеке кітап қып шығарған. Мұның бәрі талмай іздену, аянбай тер төгіп еңбектену, шеберлік шыңдау, соныдан соқпақ салып, өзіндік жол таппаққа талпынған жемісті жылдардағы айтары мол арқалы ақын екендігін айғақтайды. Ақынды өмір өріне де, өнер төріне жетелеген, әрине, оның табиғи дарыны.

Ақындық азап-ләззәтті азап, тәтті бейнет, сонымен қатар жаныңды биікке, жоғарыға ұшыратын қиял-қанат еркіндік. Дүниедегінің бәрін ұмытып, өмірдің күйкі күйбең күдігін тәрк еткен азат, мағжаншылағанда «көкте-күн» көпке нұр шашатын, көңілге алса ғарышқа да асатын; өзі-патша, өзі-қазы, өзі-би; мейірленсе сегіз жұмақ қасында, қаһарланса-тамұқ даяр жолында. Жоқ жақыны жасағандай жалғыз, иілмейтін өлсіз адам ұлына . . . өзі-тәңірі, өзіне-өзі табынған» шабытты шақта туғызған, ешкімнің бет-жүзіне қарамай турасын айтар кесімді өткір семсер сөз?! Халық мүддесін қорғайтын қырағы көз, құлағы сақ, тілі өткір шыншыл ақындар ғана табан тірер тайсалмас жырды тудырар. Таңдайға татыр тұшымды сондай түйіндер Төлеген өлеңдерінен де жиі ұшырасатыны қуантады. Ол сонау 63-інші жылы жазған «Жастық әуені» өлеңінде айтқан:

«Жығылсам биіктерден жығылармын,

Жығылармын, сан сырды ұғынармын,

Өмірімнің үйреткен шындығы сол,

Шындығы сол - жығылмай шынығар кім?»[12. 31-б] - десе, жыр сапарындағы уәделі сертіндей ұстанған сол сөзінде тұра білген арынды ақын жұртына жақын. Соғыс сұмдығынан сор кешіп, әке алақанынан аластатқан сол сұрапылға сүзіле отырып сыр шерткен, әке рухына бағышталған ақкөңіл аңсау өлеңінде де жырдың тайғақ, тар кешуіндегі соқпақты жолды мұрат еткен мақсатты бағыттан танбағаны, ой тоқтатқан одан кейінгі жылдарындағы салиқалы шақтарында да өсу, шеберлік шыңдау кездеріндегі азаматтық асқақ үні сындарлы да мәнді. Сол тұстардағы (60-шы ж. ) жазған мына бір шумақтар:

« . . . Қара шал күй сазымен теңселеді,

(Бір-ақ уыс, бір кезде еңселі еді) .

Қобыз үні қылқынып шықпай қалар,

Ел азасы есіне келсе тегі . . . » - деп толғанса, мүнысы Ілияс Жансүгіровті «көз алдыңа келтірер. Ал, «Махамбеттің монологындағы:

« . . . Сұңғыла сүңгі, ақ балта,

Қаруым болды асынған.

Қорегім болып көк малта,

Бөрідей жорттым ашынған . . .

Азаттық билеп еркімді,

Теңдігін көптің тіледім.

Менсінбей өтсем хан тағын -

Мәрттігім болар тегінде.

Атқызбай жүріп жау таңын,

Шарт сынуым тегін бе?» - десе, есімі әйгілі Махамбеттей екпіндейді.

Жүрегіңді сыздатқан мына суреттер ше?

«Суды сызған сұқсыр құстың бауыры,

Жас арудың жанарындай жарқ етті.

Солқ етті де қара жердің сауыры,

Қамыс басын шайқаған үн саңқ етті.

Жалғыз оқпен бір ғұмырды тауысып,

Әккі мерген суды кешіп барады.

Сыңқылдаған сұқсыр құстың дауысы,

Жүрегімді жаншып өтті жаралы».

Осыны оқып отырған сенің де жүрегің жеміріліп, жаның жабырқап жүдеп, жаншылып қаласың. Әне осындай күйге түсірген күш сезім-түйсігіңді баурап алған қуатты жырдың қарымы екенінде дау жоқ. Бұл ақынның қаламынан туған туындыларды жинақтап, қаламгер өнерінің сан сырлы қырларын ашқан «Жыр ғұмыр» атты жинағындағы татымды жырдың бірі.

Жинақ «Жол басы», «Жанымның жапырақтары», «Жырлайды жүрек», «Сексен көл сылдыры», «Жыр арнау» деген бөлімдерден құралған. Олардың басым көпшілігі жоғарыда аталған жыр жинақтарына енген шығармалар.

«Көкшетау кестелері» айдарынан түзілген өлеңдер ақынның ел, туған өңір, табиғат, адамдары жайлы, көрікті өлкенің өрен өнер саңлақтары - ел ардағы абзалдары, еркелері - сал-серілері туралы көркем сурет, кестелі ой, нәзік сезім, сырлы ауан, келісті келбет кейіптеген келелі керім иірімдер . . . Бұлардың қайсысын оқысаң да жаныңды жадырата жебеген, сонысымен әсем әдемілікке енгізген, көңіл көкжиегіңді кеңейтіп, жан жылуын шуақтатқан әсерлі дүниелер. Сондай-ақ:

«Теңіздер қанша жағасын жатқан тепкілеп,

Заңғарлар қанша тағандап жатқан көк тіреп («Алтын босаға»),

«Жамылып мүктен түкті ішік,

Бүлкілдер бұлақ таңдайы.

Бусанып жатыр бүк түсіп,

Тершіген тастың маңдайы», немесе:

«Қосылып желмен ән құрар,

Қынама белді жас шілік,

Жапырақ болып қалтырар,

Үзілмей қалған тіршілік» . . .

«Арудың сүйер тамағын,

Тыншыған жаздың самалы,

Жел көтеріп барады,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлеген Қажыбаевтың драмаларындағы мінез
Төлеген Қажыбаевтың шығармашаларындағы троптар
Библиографиялау және библиографиялық қызмет көрсету
Естай Мырзахметов шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орны
Жақан Сыздықов поэмаларындағы ақын шеберлігі және тіл көркемдігі
1930-1950 ж.ж. Қазақстандағы музыкалық–мәдени мұраның ЖОО-да оқу–тәрбие үдерісінде пайдаланылуы
Жамбыл және оның ақындық ортасы
Т. Әлімқұлов шығармашылығындағы ұлттық психологизм
Сүйемелмен орындалатын шығармаға аннотация жазу
Жұмағали Тілеулин – ХХ ғ. көрнекті қайраткері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz