Бастауыш сынып оқушысының тұлғасын қалыптастырудағы спорт пен дене тәрбиесінің ролі


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Бастауыш сынып оқушысын қалыптастырудағы дене тәрбиесі
ерекшелігінің сипаттамалары
1. 1 Дене тәрбиесі бастауыш сынып баласы үшін ең негізгі іс-әрекет 7
1. 2 Бала тұлғасын жан-жақты дамуда дене тәрбиесінің маңызы 14
1. 3 Қазақ халқының қозғалмалы және спорттық қимыл ойындарының
дене тәрбиесіндегі орны 20
2 Бастауыш сынып оқушысының тұлғасын қалыптастырудағы
спорт пен дене тәрбиесінің ролі
2. 1 Жас спортшының дене тәрбиесінің негізі - дене шынықтыру жаттығулар кешені 41
2. 2 Спорттық жетістік - дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары және құралдары 50
2. 3 Бастауыш сынып оқушысының тұлғасын қалыптастырудағы дене тәрбиесін дамыту жолдары 53
Қортынды 56
Қолданылған әдебиеттер 60
Қосымша 62
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып қолайлы жағдайлар жасау қажет. Әрбір мектепте, кәсіптік - техникалық училищеде, барлық оқу - тәрбие мекемелерінде жабдықтармен және құралдармен жақсы жарақталған спорт залдары мен алаңдары болуы тиіс. Оқушыларға дене тәрбиесін беру үшін спорт ұйымдары мен клубтардың, кәсіпорындар мен мекемелердің базасы кеңінен пайдалануы керек.
Дене тәрбиесі балалардың жақын араласуына олардың арасында байланыс болуына көмектеседі. Белсендік барлық балаларда бірдей емес. Тұйық мінезді, ұяң, белсенділігі аз оқушылар бар. Мұндай оқушыларды оқу мен еңбектен гөрі дене тәрбиесі арқылы көпшілікке тарту педагогтың міндеті.
Ұжымдық ойындар оқушыларды топтастырады, олардың арасында жолдастық қатынастарды қалыптастырады. Балалар ойындарының көпшілігі кім нағыз мерген, кім нағыз епті, кім ең жылдам деген сияқты жарыс элементтерін қамтиды. Мұғалім балалардың ойында жеңістер мен жеңілістерге мақтанышпен ренжу сезімдерінің болатынын есте ұстауы қажет. Мұғалімнің міндеті балалар қатынастарының адамгершілік жақтарына үнемі талдау жасап, балалар достығын қолдап отыру.
Ұстаз күнделікті білім беру, еңбекке баулу, ойындарды ұйымдастыру кезінде әр оқушының жеке тұлғасының қалыптасуына ізгілік сезімдерінің дамуына ықпал етеді.
А. С. Макаренко: «Ойынның адам өмірінде зор маңызы бар, ол еңбекке әзірлейді және біртіндеп еңбекпен ауыстырылуы тиіс» деген [17] . Балалардың өзін қоршаған өмірге белсенді түрге қатысуға деген ынтасы ойын үстінде көрініс табады. Ойын - олардың дүниені, шындықты тану жолдарының бірі. Бала ойын үстінде маңызды қоғамдық оқиғаларды көп ретте өз шама-шарқынша түсіне отырып, өзінше бастан кешіреді. Балалардың көңіл күйі осы ойын үстінде айрықша көрінеді және қалыптасады. Шындап берілмейінше ойын - ойын болмайды. Ойын оқиғаларына ынта ықылас төмендеді дегенше, ол тоқтады дей беріңіз. Ойын дегеніміз ешқашанда мәжбүр етуге міндеттілікке негізделмейтін қызмет түрі. Ойынның басқа қызмет түрінен айырмашылығы да осында. Түрлі ойындар балалар ұйымдылығын ұйымдастыруға, қуанышты сергек көңіл-күйді қалыптастыруға көмектеседі.
Бала өзін ойын үстінде жайшылықтағыдан жоғары сезіне алатындықтан Макаренко оған аса үлкен тәрбиелік маңызы бар деп қарады.
Балалардың ойындары әр түрлі болып келеді. Балалар доп ойнайды, жіппен ойнайды, жасырынбақ ойнайды, шана тебеді тағы да басқа ойындар ойнайды. Балалардың бір бөлігі футбол, хоккей, волейбол ойындарын, дойбы. Шахмат ойындарын ойнайды.
Тұрғын үйлер, метро салып, космонавтар болып, соғыс ойынын ойнағанда балалар басқа дүниеге келгендей әсер алады, өздерін құрылысшы, ұшқыш, әскери адамның орнында сезінетін болады. Мұндайда балалардың қиялдауға бейімділігі көрініс береді, қиялдауы дамып жетіледі. Педагог балалардың мазмұнды ойындарын ұйымдастыру арқылы олардың бойында жақсы адамдарға, батырларға қызығу сезімін тәрбиелейді.
Мұғалімнің міндеті - ойнап жүрген балаларды зер салып, бақылап олардың қарым-қатынастары қандай адамгершілік негізде құрылатынын біліп, дұрыс ықпал жасау.
Ойын - сабақ. ойын - жаттығулар, сергіту ойындары. Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар - оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Бастауыш сынып оқушысын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің маңыздылығын нақты байқауға болады.
Бала алғаш өмірге келгеннен бастап, адамдармен түрлі қарым - қатынасқа түседі, сөйтіп өмір тәжірибесін, қалыптасқан дәстүр - салтты, мәдени мұраны тағы басқаларды меңгере бастайды. Адам адамдар қоғамынсыз өмір сүре алмайды.
Біздің қоғамымызда жеке адамның алатын орны мен атқаратын қызметі орасан зор. Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Адам ресурстарын дамытуға» баса назар аудара отырып, «Ана, бала, аға ұрпақ» мәселесіне жете көңіл бөлген. «Біздің стратегиямыздың маңызды мәселесі - қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің: балалардың, олардың аналарының және аға ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету. Мемлекет бұл мәселелелерді шешу үшін қаражатты аямайтын болады» [11] .
Оқушыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген басты міндеттерге сүйеніп, дене тәрбиесінің маңыздылығын жан жақты талдау бүгінгі дене тәрбиесі мұғалімінің басты міндеті.
Оқушылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс - әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі.
Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғи қозғалыстың түрлері: жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика, снарядта жаттығу т. б.
Жас баланың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілеттерін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйллестіреді. Мысалы, жылдамдық ең қысқа мерзімде қимылды орындау қабілеті, ал ептілік адамның жаңа қималдарды тез игеру және жағдайдың өзгеруіне байланысты нақты шешім қабылдау қабілеті.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Сабақтар мен сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарында күн ырғағы, дене жаттықтыру, оргнизмді шынықтыру, тамақтану гигиенасы, ұйқы т. б. жөнінде оқушылар нақты білім алуы тиіс.
Дене тәрбиесі ең басты күн ырғағын, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтары дұрыс ұйымдастыруды талап етеді.
Негізгі ырғақтар қатарына әр түрлі іс - әрекеттері түрлерінің ұзақтығы, және олардың кезектесуі, белсенді демалыс, тамақтануды реттеу, ұйқының ұзақтық мерзімі жатады. Ырғақтық кезеңнің кезектесуін сақтау, организмде белгілі ритмнің және шартты рефлексті тізбегінің пайда болуын қамтамасыз етеді. Бұл жағдай балалардың денсаулығына және олардың жалпы жұмыс қабілетіне қолайлы ықпал жасайды.
Оқу, еңбек және демалыс ырғағы гигиеналық талаптар негізінде оқушылардың әрбір жастық топтары еске алынып жасалады.
Диплом жұмысымдағы зерттелетін мәселе - бастауыш сынып оқушысының дене тәрбиесі және спорт тәрбиесі мәселесі болғандықтан «Бастауыш сынып оқушысы тұлғасын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің маңыздылығы » деп таңдадым.
Зерттеудің мақсаты: Спорт және дене тәрбиесінде бала тұлғасының даму сипаттамасын жан жақты талдап, дене тәрбиесін ұйымдастырудың тиімді жақтарын қарастырып, жас спортшыларға педагогикалық - психологиялық қолдау көрсету жолдарын қарастыру.
Зерттеу кешені: Астана қаласы № 8 мектеп- балабақша
Зерттеу пәні: Машықтану - жаттығу процесінде, дене тәрбиесі сабақтарында кешенді педагогикалық тәрбие мен психологиялық диагностика әдістемелері арқылы балалардың спортқа деген қызығушылығын ояту.
Зерттеу әдістері: бастауыш сыныпта және спорт мектептерінде дене тәрбиесі мәселесін көтерген ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау жасау, ресми материалдармен, бағдарлама, жоспарлармен танысу, дене тәрбиесін ұйымдастырудың тиімді әдістерін қарастыру.
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы саласында басылым көрген спорттанушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары (Конституция, Білім, тәрбие беруге арналған тұжырымдамалар мен бағдарламалар) ; спорт мекемелерінің озат тәжірибелері.
Зерттеу міндеттері:
1. Жас спортшының қалыптасуындағы дене тәрбиесінің ролін айқындау.
2. Спортшы тұлғасының қалыптасуы және дене тәрбиесі жайында бағдарлы шолу жасау.
3. Халықтық педагогикадағы баланың дене тәрбиелік ерекшеліктері.
Ғылыми болжам: Мектеп- балабақшадағы балаң спортшылардың дене тәрбиесін білгірлікпен ұйымдастырып, жүргізе білсе, онда физикалық және педагогикалы - психологиялық жағынан толық дамыған тұлға қалыптастыруға болады.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттермен қосымшадан тұрады. Кіріспеде бастауыш сынып оқушысын қалыптастырудағы дене тәрбиесі ерекшелігінің барысы, бірінші бөлімде - дене тәрбиесі бастауыш сынып баласы үшін ең негізгі іс-әрекет екені жайлы, бала тұлғасын жан-жақты дамуда дене тәрбиесінің маңыздылығы көрсетіліп, қазақ халқының қозғалмалы және спорттық қимыл ойындарының дене тәрбиесіндегі орны жайлы болса, Екінші бөлімде - бастауыш сынып оқушысының тұлғасын қалыптастырудағы
спорт пен дене тәрбиесінің ролі зерттелсе, қорытынды бөлімде жас спортшының дене тәрбиесінің негізі - дене шынықтыру жаттығулар кешені ұсынылып, спорттық жетістік - дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдарын түйіндейді.
1 Бастауыш сынып оқушысын қалыптастырудағы дене тәрбиесі ерекшелігінің сипаттамалары
1. 2 Дене тәрбиесі бастауыш сынып баласы үшін ең негізгі іс-әрекет
Дене тәрбиесі бастауыш сынып баласы үшін ең негізгі іс-әрекет олар біртіндеп ойын іс-әрекетінен таным іс-әрекетін орындауға бейімделеді.
Мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыруға ата-аналар мен ұстаздардың міндеті. Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Мұғалім бағдарламада көрсетілген көріністі рөлдік қимыл-қозғалысты, дидактикалық шығармашылық ойын түрін пайдалана отырып, балаңыз ойын барысында айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп игерген білім машықтарының негізінде бір көрініске орай басты кейіпкерлерге еліктеуі ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас ойната отырып, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі арта түседі.
Баланың әдепті, көргенді қарапайым қайырымды болып өсуі. Қоршаған ортасына байланысты. Бала өмірде көрген білгендерін, ойға түйгендерін ойын арқылы қалай бейнелесе біздердің яғни үлкендердің көрсеткен үлгі өнегеміз қандай дәрежеде болса баланың да тәлімділігі соны айқын бейнелейді. Бала жаны еліктегіш. Ол лкендердің іс-әрекетіне үлгі ретінде қабылдайды да оны ойын кезінде айқын бейнелеуге тырысады. Балалардың бір-біріне достық қарым-қатынас дұрыс қалыптасуында мақсатты жүргізумен жүйелі ойын тәрбиелік мәні мол. Балалардың достық сезімі ойын кезінде шыңдала түседі. Бала табиғаты өзі тек ойынмен байланысты. Сәби шағындағы алғашқы қуыршақпен ойнауы баланың қамқорлық ізгілік сезімін оятады, да әрі қарай өз бетіне түседі. Мұндай ізгілік сезім құрбылар арасындағы достық қатынастың қалыптасуына жағдай туғызады. Қай бала болмасын, жеке дара ойнағаннан гөрі, бірігіп ойнаудың әлдеқайда қызықты болатынын айқын сезіне бастайды. Кіші жастағы оқшылар алған біліміне өмірден жинақтаған азды көпті тәжірибелеріне сүйене отырып, тәртіптерін, мінез-құлықтарын жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдетілікке баулиды.
Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұны жағынан толысып дамып дәстүрді жалғастырып келеді. Ойын еш уақытта да дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Сәбилерге де, үлкендерге де арналған ойындар бар. Олар адам өмірінің әр кезінен қамтиды. Айталық балдырғандар, жасөспірімдер, ересек адамдар өмірінің барлық саты баспалдақтары көңіл көтеретін рухани ләззат алатын ермектің түрі ойынмен тығыз байланысты.
Ойын тәрбиені барлық саламен, өнермен ұштасып жатады.
- Ойынның рөлі. Осы берілетін ойынның әрбір қатысушысына алуан
түрлі ойын рөлін кезекпен орындауға беру қиындыққа соға ма немесе мүлде мүмкін емес пе, барлық қатысушылар үшін бірдей рөл атқаратын ойынды, шамамен алғанда, бірдей шарт қамтамасыз ете ме, жоқ па, соны ескеру.
- Ойында кедергілерден өту шарттары. Егер топтық ойын болса, онда бұл
ойында бастаушыға қарсы жекпе жек сайысы орын ала ма, жоқ па немесе ойын жүргізушілермен күрес саны басқа ойыншылармен өзара қолдау және өзара көмек көрсету арқылы жүргізіле ме, жоқ па, командалық ойынның шарты қандай: өзінің командасы үшін күрес жекпе жек сайысы ретінде немесе өзара қолдау және өзара көмек көрсету немесе мүмкін жекпе жек сайысында жолдастарының өзара қолдауы және өзара көмек көрсету арқылы өткізе ме, жоқ па соны ескеру.
- Қатардағы ойыншылар үшін әдеттегі қимылдар. Тек топтық ойындар
ғана емес, сонымен бірге командаға бөлініп ойнайтын ойындарға бұл әрекеттер әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы: қатысушылардың әрекеті шапшаңдылыққа, ептілікке арналып, жақын жерге жүгіруіне байланысты өткізілетін ойындар: доппен, таяқпен және басқа заттармен ептілікке және шапшаңдылыққа немесе секіру, қарсылық көрсету, күш көрсету арқылы кедергілерден өтуге байланысты қимылдарға себепші болатын ойындар; ақырында, бағдарлауға және бақылағыштыққа жаттыға отырып, қатысушылардың алуан түрлі қозғалтқыш дағдыларын қолдануға тура келетін ойындар да болуы мүмкін.
- Ойын тақырыбы тәрбие беру міндетіне сәйкес келе ме, жоқ па соны
ескеру.
- Ойындардың ерекшелік жақтары ойыншылардың санына, жасына,
жынысына, денесінің жаттыққандығымен ойнау даярлығына, денсаулық жағдайына, ойнаушылардың ынтасымен ішкі тілек талаптарына сәйкес келе ме, жоқ па соны ескеру.
- Осы ойынды көпшілік арасында жүргізілетін жұмыс ретінде спорт секциясының сабағында жүргізу керек пе, жоқ па т. б. ойын алаңының шартына (қысқы, жазғы алаң) сай келе ме немесе үйде ұйымдастырылуы мүмкін бе, осы ойынды қолда бар жабдықтармен өткізу мүмкін бе жоқ па соны ескеру.
Белгілі бір ойынды іс жүзінде өткізген кезде жаңа кенет кездескен жағдайлар, ойнаушылардың жағдайы мен мінез құлқы ескеріліп. Оның бұрын болжанған шарттары өзгеруі де мүмкін. Осындай жайттарды есепке алу негізінде басқарушы қимылды ойынын педагогикалық маңызын көтеретін әдістемелік тәсілдер қолдануы мүмкін. 1-3 сынып оқушылары үшін; Бұл жастағы балалар қимыл қозғалысты қажет ететін жаттығуларға өте құштар келеді. Алайда қимыл қозғалыс жаттығулары ұзақ және бір сарынды болмауы керек. Шаршатып алмай ойынның ара-арасында дем алдырып отырған жөн. Бүлдіршіндерге дене тәрбиесі сабағынан таныс мынадай таныс жаттығуларды ұсынуға болады: үлкен және кіші қол доптарын пайдалана отырып, оны нысанаға лақтыру мен қағып алу, допты еденмен қабырғаға соғу шеңбер жасап не жұптасы тұрып. Допты бір-біріне лақтырып беру қолмен әртүрлі қозғалыстар жасап, кең не қысқа адымдап, тез не баяу жүгіру;
- әртүрлі шапшаңдылыққа жүрісті алмастырып, күрделі емес кедергілерден өтіп, белгі бойынша бағытты өзгертіп жүгіру;
- секіртпе жіппен бір орында тұрып секіруге. Бір орында жүгіріп ұзындыққа, биікке секіру;
- қол добын нысанаға дәлдеп немесе алысқа лақтыруды үйретуге болады. Секіртпе жіптің гимнастикалық сырықтардың доптың, жолаушылардың, шеңберлердің саны топтағы оқушылардың санымен сәйкес келуін қамтамасыз еткен жөн.
1-3 сыныптарға арналған сабақтар қимыл-әрекетке негізделген ойын
түрінде өтуі керек. Дене тәрбиесі сабағынан белгілі балаларды қызықтыратын немесе бұрынна таныс емес бірақ тартымдыережесі қарапайым ойындарды пайдаланған өте тиімді болады. Тек бір сабақта 2-3 тен артық ойын өткізуге болмайды және оны өткізудің әдіс-тәсілдері көрсетілген.
Төменгі сынып оқушылары қарапайым жарыстарға да құлшына
қатысады. Мысалы: білеу 25-30 метрді жылдам жүгіріп өтеді, екіншісі бір орында тұрып немесе жүгіріп келіп ұзындыққа секіреді, үшіншісі допты алысқа лақтырады, төртіншісі шеңбер шығыршықты ұстап 25 метрді тура жүгіріп өтеді, қысқа секіртпемен жүгіреді, әртүрлі сызылған дөңгелектерден тез секіріп өтеді тағы сол сияқты. Әлбетте осындай қарапайым жарыстардың бәрі де ойын түрінде өткізіледі және олар арнайы даярлықты қажет етпейді.
Төменгі сынып оқушыларын шанамен сырғанау, велосипед жарысы, шығыршық лақтыру, қармақ салу сияқты көңілді ойындар мен атракциондар қатты қызықтырады. Қыста таза ауада шаңғы не коньки тебу, шайбалы немесе допты хоккей ойнау да өте қазақты. Алайда, осымен ғана шектеліп қалмау керек. Алаңды қардан тазарту, құм төгу, жүгіру, секіру, доп лақтыру, кедергілерден өту сияқты жаттығуларда қарастырылған қозғалыс қимылдарын игеру үшін қажетті негіз қалайды.
Дене тәрбиесі - тәрбиенің бөлінбейтін құрамдас бөлігі. Ал мақсаты жан-жақты, ысылған, епті, ауру-сырқауды білмейтін, белсенді азамат, Отанды қорғаумен еңбек етуге әрдайым дайын жастарды шыңдау, баулу болып табылады. Бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесі мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесі жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Дене тәрбиесінің міндеттерін шешуде қимылды ойындарының маңызы зор. Бұл ойындарды оқушылар үйренген жаттығуларын ойын ережелерімен шектелген едәуір қиын жағдайда орындалатын сабақтар кезінде жетілдіріп отырады. Қимыл ойындары оқушылардың арасындағы жодастық қарым-қатынасты өзара түсінікті дамытады.
Ойында оқушылардың ұжыммен тез тіл табысуы дене тәрбиесіне деген сүйіспеншілігі артады. Әр сабаққа ойындарының бірнеше түрін енгізу керек. Қимыл ойындарының тәрбиелік мәні мазмұнына байланысты болады. Мысалы: «Космонавтар», «Ат сорты» ойындарында оқушыларды өзін-өзі ұстауына. Шыдамдылыққа өзінің қарсыластарына деген сезімдері дұрыс қалыптастырады.
Көптеген қимыл ойындарының өз элементтері бар. Мысалы: «Сызықтардан секіру», «Кім алысқа лақтырады», т. б. ойындарда міндетті түрде жеңуші және жеңілушілер болады. Бұл ойында жеңген оқушылардың мақтаншақтан аулақ болуына, ол жеңілген оқушылардың ұнжырғасының түспеуін қадағалап, олардың достық қарым-қатынаста қалуына баса назар аударып отыру керек.
Қимыл ойындарының алаңдарға, стадиондарда өтуі, жанкүйер балалардың қызбаланып айғайлауы, ду қол шапалақтауы, командаларды жақтауы осы кішкентайлар сайыстарының өзі үлкендердің жарыстарынан кем түспейтіндігін көрсетеді.
Ойында балалар өздерін шынықтырып қана қоймай, өзін-өзі қоршаған ортаны түсіну қабілеті артады.
Үлкендердің балалармен бірге ойынға араласуының өте үлкен маңызы бар. Ойын арқылы балалар бір-бірімен тез тіл табысады.
Бірінші сыныпта балалардың өзін-өзі басқаруды балалар батылдыққа, шыдамдылыққа, шешендікке, тездікке тез бейімделеді. Бастауыш сынып оқушыларының қимылдық қабілеттерін жетілдіруге мазмұны алуан түрлі болп отыратын сабақтар неғұрлым әсерлі болады.
Қимыл ойындарын меңгерген кезде жүгіру, секіру, лақтыру т. б. түрлері меңгеріле бастайды.
Екінші сыныпта ойынның түрлері, сабақтың түрлері қосымшаланыды. Балаларды екіден, аздаған топтармен ойнату, өткенді қайталау және балаларды мұғалімге көмектесуді үйрету т. б. Қажетті құрал жабдықтарды баулу, сонымен бірге шапшаңдыққа, ептілікке үйретудің маңызы зор.
Үшінші сыныпта қимыл ойындардың көмегімен оқушылар ұжымымен бірге ойнауды өзолдастарының дене тәрбиесіне бейімділігін, жетістігін анықтап отырып, оқушылар өз беттерімен өткен қимыл ойындарын мұғалімнің көмегінсіз орындау, қорытындылау кезінде өз қателігін және жолдастарының қателігін анықтай білуге үйрету керек.
Ойын - өзінің маңыздылық жағынан жас жеткіншектерге тәрбие берудің маңызды құралы болып табылады.
Үйрету - қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру процесі. Іс-әрекет
қимылдардың меңгеру бірнеше үйрету сатылары арқылы жүзеге асырылады. Бірнеше сатыда қимыл - жаттығулар туралы түсінікті қалыптастырып оны жаңа элементтерімен толықтырады, дұрыс орындауға қол жеткізеді, артық іс-қимылдар мен жіберілген қателерді түзеді.
Түсіндіре отырып көрсету арқылы мұғалім оқушыларға қимыл жаттығулардың ерекшеліктерімен оның маңызын таныстырады. Көрсету кезінде мұғалім жаттығудың орындалу дәлдігіне, оны жекелеген тұстарына оқушылардың назарын аударады. Алғашқы әсер тұрақты болатындықтан да, қимыл жаттығуды мүмкіндігіне дәл орындауға қол жеткізуге қажет. Бұл үшін қимыл жаттығулардың жеңілдетілген түрі орындалады немесе олар жеке-жеке бөліктерге бөлініп үйретіледі.
Қимыл-жаттығулар бейнелі әсермен жеңіл меңгеріледі. Мысалы: қолды тіреп секірген кезде снарядқа қолды дұрыс қою тәсілін түсіндіру үшін мұғалім «Сендер ыстық пешке қолдарыңды қоямыз деп есептеңдер», - деп ескертеді. Таныстыру кезінде белгілі бір іс-қимылдарды оқушының бұрынғы жаттығу әрекеттерімен байланыстырудың, олардың арасындағы ұқсас қимылдарды тауып, өзара үйлестіре білудің маңызы ерекше.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz