Тұлғаның дамуында тұлғааралық қатынастың ролі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Ж о с п а р:

Кіріспе

І тарау

1. Тұлғаның дамуы және оның қалыптасу жолдары

1. 1. Қазіргі әлеуметтік-мәдени ортаның жеке тұлғаның

қалыптасуына ықпалы

1. 2. Тұлғалық қасиеттерді дамыту және қарым-қатынастағы

таным үрдістерін жетілдіру ерекшеліктері

1. 3. Тұлға және тұлғааралық қарым-қатынастардың құрылу

тәсілдері

ІІ тарау

2. Тұлғаның дамуына қарым-қатынастың

қажеттілігі

  1. Тұлғаның жеке-дара қасиеттері және тұлғааралық қарым-қатынас мәдениеті
  2. Жетілген тұлғаның мағыналы құрылымын дамыту ерекшеліктері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Филология факультетінің

педагогика және психология

мамандығы бойынша бөлімнің

ППК - 3 курс студенті

Бекеева Еркенің

“Тұлғаның дамуында тұлғааралық қатынастың ролі” тақырыбына жазылған дипломдық жұмысына

Пікір

Өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелеуде қарым-қатынастың алатын орны ерекше. Ол адамның тіршілік бейнесімен мәдени өмірінде, тұрмыста күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Ойын, оқу және еңбек адам әрекетінің негізгі түрлері осы қарым-қатынас арқылы дамып, жетіліп отырады. Сондықтан тұлғаның құрбыларымен, үлкендермен тұлғааралық қатынасқа түсуі - тұлғаның өміріндегі өзіндік орнын белгілеуіне, өзін-өзі тануына, өзіне деген сенімділігінің пайда болуына маңызы зор. Диплом жұмысының өзектілігі де осында.

Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады.

Бірінші тарауда студент тұлға туралы түсінік беріп, оның дамып, қалыптасуын жетілдіру жолдарын, әлеуметтік - мәдени ортаның тұлғаның қалыптасуына ықпалын, тұлғааралық қарым-қатынастарды зерттеген ғалым педагог-психологтардың еңбектері мен әдістемелерінің зерттелу жайына тоқталып, сипаттама берді.

Екінші тарауында тұлғаның дамуына қарым-қатынастың қажеттілігі, тұлғаның жеке -дара қасиеттері, тұлғааралық қарым-қатынас мәдениеті, қарым-қатынаста тұлғаны дамыту ерекшеліктерін көрсете білді.

Дипломдық жұмыстың қорытынды бөлімінде тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастырып, жетілдіру жолдарын анықтайтын тест, сауалнама, социометрия әдістерін қолданып, нәтижелерін баяндады.

Көптеген ғылыми әдебиеттерге шолу жасалып, студент көп ізденді, шығармашылық танытты.

Ғылыми жетекші: Сыздыкова Б. Р. - “Педагогика”

кафедрасының аға оқытушысы.

Кіріспе

Жас ұрпақты, болашақ қоғам тұлғасын рухани, интеллектуалдық жағынан дамыта тәрбиелеу ісі бүгінгі уақыттың күн тәртібінде айырықша қойылып отырған көкейкесті мәселелердің бірі. Ұлт болашағы ұрпағында. Елімізді 2030 жылы Кіндіказия Барысына айналдыратын күш бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар деген” - Елбасы мемлекет тағдыры мен ұрпақ тағдырын қатар қояды.

Сондықтан мемлекетіміздің бүгінгі стратегиясы - өз жерін, елін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, парасатты, ата-бабаның әдет ғұрпы мен салт дәстүрін бойына сіңірген, ғылыми жұмыстарға бейім, өз ойын еркін жеткізе алатын тұлғаны тәрбиелеу.

Балада туа біткен белгілі түсініктер, сонымен қатар өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Олардың адамгершілік, әуестік сияқты қасиеттері даму үрдісінде, тұлғааралық қарым-қатынаста қалыптасады, өйткені оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие әсер етеді.

Отбасы, туыстар, мұғалімдер, сыныптастар арасындағы қарым-қатынастардың тұлғаға тигізер ықпалы зор. Тұлғааралық қарым-қатынас арқылы тұлға өзінің де, өзгенің тұлғалық қасиетін дамытады.

Осы қарым-қатынастар арқылы адам тәжірибесі жетіледі. Өзгелермен қарым-қатынас құра білу арқылы адам өзінің және өзгелердің мінезін дамытады. Біз тұлғамызды қалыптастыру барысындағы қарым-қатынасымыз арқылы келешекте отбасын құруға дайындаймыз. Қазіргі кезең болашақ өміріңіздің бір бөлігі.

„Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар” деп аталатын төрт категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу-тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады. „Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек” деген педагог К. Д. Ушинскийдің көргендігі-педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық қызметпен тығыз қарым-қатынаста екендігінің дәлелі.

Баланың мектепте өзін жайлы сезінуі үшін интеллектуалды, өзіндік күш қуат ресурстарынан ажырамай, тиімді оқу мен жан-жақты дамуына мыналар қажет:

  • баланы жан-жақты тану;
  • оқу -тәрбие үрдісін баланың өзіндік ерекшеліктеріне, мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне бағыттау;
  • баланың мектептегі ортада қарым-қатынас жасауға және оқуға қажетті ішкі психологиялық механизмдері мен әдетін қалыптастыруға көмектесу.

Балалар ұжымы түрлі даралықтардан құралады. Сондықтан қазіргі кезде балаға педагогикалық ықпалдың қажеттілігі мен маңыздылығына көп көңіл аударылуда.

Тұлғааралық қарым-қатынас мәселені шешуде педагогқа балалар отбасылары, қоршаған құрбы-құрдастары үлкендер қандай ықпал бергенін, олардың қызығушылықтарын, ұжымда алатын орындарын мінездеріндегі түзетуді қажет ететін қасиеттерін анықтау қажет.

Мектепке келген алғашқы күннен бастап балалардың өз құрбыларына, ұстаздарға, оқуға, табиғи ортаға деген қарым-қатынасы қалыптасады, алғашқы дағдылар мен әдеттер пайда болып, кейін оқушының мінез құлқы стилін және оның мектеп ұжымындағы орны мен бағытын айқындайтын. Қарым-қатынас арқылы балалардың бойында әділеттікті сақтау, келісімге келу, азаматтық, ізгілік, жауапкершілік, өз ықтиялымен іс атқаруға даярлығы тәрізді сипаттар қаланады.

Мектеп ұжымының әр тұлғасы өзін әлеуметтік өмірді жетілдіруге тиістімін деп сезінуі қажет. Ұжым мүшелері әрқайсысының отбасы туралы оның мұқтаждары мен қатынастары, істері жайлы біліп бір-біріне моральдық көмек көрсетеді. Қарым -қатынас арқылы дарындылығы мен қабілеттері дамиды, әлеуметтік жақсылықтарға қол жеткізеді, ұжым мен жеке тұлға арасындағы байланыстың мәнін түсінеді. Қарым-қатынасқа түсіп, еңбекті ұйымдастыру барысында бір-біріне тәуелділікті, достық қатынасты, өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін саналы түсінеді. Сонымен бірге ұйымдық жұмыстарда қаланатын қарым-қатынастар негізіндегі достықты, нәтижелі еңбек етуді және тәртіпті сақтауды саналы игереді. Бірлестіктерде, қарым-қатынас барысында топтық ортада, баланың адамгершілік ұстанымдары дамып, тұлғалық қасиеттері қаланады.

Дипломатиялық көзқарастары тарихта қалған АҚШ президенті А. Линкольннің қанатты сөзін айта кетпеуге болмайды. “Адам өміріндегі ең - тамаша нәрсе - оның басқа адаммен қарым-қатынасы”.

Осыған қарап адам өмірінде, әсіресе дүниені танып келе жатқан тұлға үшін қарым-қатынастың маңызы зор екендігін түсіндім. Әрі адам психикасы осы қарым- қатынастардың әсерімен дамып, отыратынына көз жеткізіп “адам адаммен адам бола алады” деген халықтың нақыл сөзін ескерсек, психология ғлымында үлкен орын алатын қарым-қатынас мәселесіне терең үңіле зерттеу жасағым келді. Кейін осы жұмысқа арнайы еңбектер жинастырғанда да көбінесе адамның ішкі ойы, жасырын қылықтары, күрделі мінездемесі тек осы тұлғааралық қарым-қатынас жасау барысында көрініс табатынын аңғардым.

Күнделікті өмірде кездесетін қарым-қатынас түрлері, олардың даму деңгейі, олардың тұлғаға деген әсерінің түрлі болатыны, сондықтан психологияда көптеген мәселелердің болатынын ескере отырып түпкілікті көзі табылмағаны да белгілі. Сол себепті психологиядағы өзіме де өзгелерге қызықты әрі күрделі салалардың бірі - қарым-қатынас әрі оның тұлғаның дамуындағы рөлі тақырыбын таңдадым.

Зерттеу мақсаты : Оку тәрбие үрдісінде жеке тұлғаның әлеуметтік мәдени ортада дамудың маңызын көрсету.

Зерттеу міндеттер і:

1. Жеке тұлғаның қалыптасуы, дамуы және олардың даму

ерекшеліктері туралы ғылыми- теориялық әдебиеттермен

танысу, саралау.

2. Жеке тұлғаның даралық қасиеттерін дамыту жолдары.

3. Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы және ұжымдағы алатын орны.

  1. Тұлғааралық қатынастарды анықтау үшін тесттерді,

сауалнамаларды қолдану.

Зерттеу объектісі : Тұлғаның дамуында тұлғааралық қарым-

қатынастың рөлі.

Зерттеу пәні : Тұлғаның дамуына әсер ететін тұлғааралық қарым-қатынастардан туындайтын жағдайлар.

Ғылыми болжам: Егер оқыту, тәрбиелеу әрекеттестік жасауындағы жеке тұлғаның дамуына, өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндіктер жасалып, дамыту жолдары анықталса, онда тұлға ұжымның мүшесі бола алады.

Зерттеу әдістері : Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, сауалнамалар, социометриялық зерттеулер.

қасиеттерін мақтаныш ету.

І тарау

  1. Тұлғаның дамуы және

оның қалыптасу жолдары .

Тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселесі адамзат баласын өте ерте заманнан бері толғандырып келген. Сондықтан да халқымыз бала тәрбиесіне, сәби ананың құрсағында пайда болған кезден көңіл бөлген. Ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген ата-бабамыз асыл сөздің кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой-санасын игі адамгершілікке жетелеген. Педагогика ғылымында "тәрбие" терминіне әрқашан ерекше нақты мән беріліп келеді. Көптеген жылдар тәрбиеге "тұлғаның дамуын басқару" деген анықтама берілді, сонымен қатар білім беру және тәрбие ісі тұлғаны дамыту мен қалыптастырудың құралы ретінде қарастырылды. Тәрбие адамдарға тән әлеуметтік категорияға жатады және тұлғаны дамытуда шешуші рөл атқарады. Даму дегеніміз, ең алдымен, адам организміндеп физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер.

Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық үрдісі. Балада туа біткен белгілі түсініктер, сонымен қатар өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Олардың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму үрдісінде, тұлғааралық қатынаста қалыптасады. Өйткені, оны өсіп-жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие әсер етеді.

Даму және тәрбие үрдісінде түрлі өзгерістер болып отырады. Баланың организмі бүкіл өмірінде әртүрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы дамиды. Оларға организмнің өсіп-жетілуі, ақыл-ойының дамуы, мінез-құлқының қалыптасуы жатады. Осындай өзгерістердің барлығы табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің ықпал етуіне байланысты.

И. П. Павловтың ілімі бойынша, даму - ішкі жүйке жүйесі қызметінің және сыртқы жағдайлардың өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал етуі.

Дамуға ықпал ететін сыртқы әсерлерге: баланы қоршаған табиғи, әлеуметтік ортасы, өзгелермен қарым-қатынасы, оларды тәрбиелеу мақсатында ересек-тердің жасаған қызметі жатады. Бала сыртқы әсерлерді бірден қабылдай бермейді, оған өзінің бейімділігің болмаса қарсылығын білдіреді, яғни жүйке жүйесінің көмегімен сыртқы әсерлерге іштей елең етіп, қажетіне қарай жауап береді. Міне, сондықтан да тәрбиенің біртекті жағдайының өзінде де мектеп қабырғасында сапалық қасиеті әртүрлі балалар дамиды. Баланың өз қажетіне қарай сыртқы ықпалдарға қарсы жауап беруі түрлі сипаттағы қайшылықтарға байланысты болады. Айталық, баланың күнделікті қажеттілігі - баланың түсінігі мен шындықтың, мектептің оқу талабы мен оқушынын мүмкіндігінің, ата-ана мен бала арасындағы т. б. қайшылықтар. Баланың өмірінде кездесетін осындай қайшылықтар диалектикалық материализм тұрғысынан бала дамуының басты қозғаушы күші болып саналады.

Даму үрдісін психикалық, денелік және жалпы деп бөледі. Баланың интеллектісінде, бейімділігі мен қабілетінде, еркі мен сезімінде, танымында және мінез-құлқында болатын өзгерістер психикалық дамуға, ал дененің көлемінің, қимыл-қозғалысының, күші мен қызметінің өсуі денелік дамуға байланысты. Жалпы дамуға психикалық, денелік дамумен қатар ақыл-ой, адамгершілік жағынан болатын өзгерістерін жатқызады. Ақыл-ойдағы өзгеріс баланың өз бетінше іс-әрекетке, ұғымдар мен түсініктерге, түрлі оқиғалар мен жағдайларға талдау жасауына сәйкес салыстыруынан, нақтылауынан, жалпылауынан және қорытуынан көрінеді. Адамгершілік жағынан болатын өзгеріс - баланың жақсы мен жаманды ажыратып, оған лайықты жауап беруі, бойындағы имандылық белгілерін дамытуы.

Тәрбие - өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитың қоғамның талаптілегіне тәуелді күрделі үрдіс. Тәрбиенің қоғамдық ортаның объективті, субъективті факторларына тәуелді болуы, жеке адам дамуы мен тәрбиенің байланыстылығы, тәрбиелеушілердің іс-әрекетін қоғамға пайдалы етіп уйымдастыру.

Өмірде баланы тәрбиелеудің мазмұнын белгілеу жетекші орын алады. Соңғы кезде қазақ орта мектебінің білім мазмұнының тұжырымдамасында тәлім-тәрбие мазмұнының негізгі жақтары: ақыл-ой тәрбиесі, имандылық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, тілдік қатынас тәрбиесі, дене тәрбиесі т. б. сол сияқты көрсетілген. Аталған тәрбие түрлерінің мақсаты дүниенің шындығын өз мәнінде танитын, эстетикалық сезімі, талғамы жоғары, іс-әрекетке жарамды, өзгелермен қарым-қатынас жасауға бейім, үлкенге ізет, кішіге қамқор жасайтын жастарды тәрбиелеу.

Ежелден адамзат мәдениетінің тарихи дамуында адамды адамдық деңгейге көтеру (Әбунасыр әл Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Қыдырғали Жалайыри, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхамед Хайдар Дулати, т. б. ) қазақ ғұламаларының тәлім-тәрбиелік идеяарынан басты орын алған.

Мәселен, Әбунасыр әл Фараби өзінің «Әлеуметтік-этикалық трактаттары», «Философиялық трактаттары», «Бақытқа баратын жолды көрсету» атты т. б. трактаттарында «Адам баласы жаратылыстың бүкіл жан иесі атауының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп адамды оқып үйренуге, тынымсыз ізденуге, өзін-өзі жетілдіруге шақырады» - деген (Әл Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. А., 1973, 10, 114-б., 132б. ) .

Сондай-ақ ой алыбы - Абай өзінің барлық еңбектерінде адамның адамдық қасиеті, «толымды адам, Адам бол» концепциясын ұсынған. Адам бойында қалыптасатын ең құнды адамдық қасиеттерді талаптылық, еңбексүйгіштік терең ойлылық, адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік, адамдық, ұяттылық, әділдік, имандылық, табандылық, сенімділік, ұлтжандылық, ізеттілік, сабырлылық, жауапкершілік, төзімділік, әдептілік, т. б. дәріптеген. Бұл қасиеттер - ғасырлар бойы дәріптеліп келе жатқан адамның тұтастық тұлғасының негізі. Осыған орай еліміздің жаңа мыңжылдық табалдырығында тұрған кезеңінде адамзаттың асыл адамдық мұраларын жас ұрпақ бойына дарыту басты міндет болып саналады.

Қазіргі кездегі қоғамда болып жатқан әлеуметтік экономикалық, саяси өзгерістер, осы қоғамға сай талаптар мен міндеттерді өз бетінше шығаомашылықпен шеше алатын тұлғаны қалптастыруды талап етеді. Психологиядағы тұлға түсінігі әлі де болса нақтылауды қажет ететінкүрделі психологиялық категориялар қатарына жатады.

Мысалы, К. К. Платонов тұлға түсінігін саланың синонимі ретінде қарастырады. Ол балада сана пайда бола бастаса болды, ол тұлға болып қалыптаса бастайды дейді. (1) Сана түсінігі бүкіл адамзатқа ғана тән сипат болғандықтан, саналық белгісі бойынша тұлға ұғымын адам ұғымынан ажыратуға болмайды.

Ағылшын психологы Н. Коупленд болса, өзінің еңбегінде қарым-қатынас туралы сөз қозғай отырып: кез келген адамның қабілетерін дамытудың бірақ жолы бар, ол - адамды бағалай білу. - деген. - Өйткені бірінші болуға ұмтылыс адамның табиғатына тән құбылыстардың бірі болып табылады. . Берілген жақсы баға ең алдымен адамның (берілген жағдайда) нақты ұжымда (топ, команда, компанияда) қажетті әрі өзіне лайық орын алып отырғанын және (үстел басында, түзде, театрда және т. б. ) өз-өзін дұрыс ұстайтынын, ұжымдағы адамға деген қарым-атынастың қалыптасуына өз үлесін қосатынын білдіреді.

Ал Давыдов тұлға түсінігін, адамның шығармашылығымен теңестіреді. “Тұлға, қоғамдық өмірдің жаңа түрін құратын шығармашылықты еркін меңгерген және дарынды әрекет ететін адам” -деп жазады. (2) В. В. Давыдов бойынша тұлға өзінің шығармашылығымен анықталады.

Л. И. Божовичтің пікірінше “адамның барлық іс-әрекеті мен мінез құлқын анықтайтын тұрақты мақсаттары мен көзқарастарының мазмұны қандай болуына қарамастан тұлға деп айта беруге болады. Олай болса, тұлға өзінің тұрақты мақсаттары мен, көзқарастары арқылы анықталады.

В. Н. Мясищевтің еңбектерінде тұлға мәселесі, оның қарым-қатынасы тұрғысынан түсіндірілді. Сондай-ақ оның тұжырымдамаларында тұлға құрылымын талдаудың бірлігі ретінде де қарым-қатынас категориясы ұсынады. В. Н. Мясищевтің айтуынша қарым-қатынас қана тұлғаның мінез құлқының бірізділігі мен тереңділігін, тұрақтылығын, тұтастығын қамтамасыз ете алады. Ол қарым-қатынас туралы былай деп жазады: адамды, оның қоршаған ортамен байланысын зерттеу - адамның шындыққа қатынасын зерттеу деген сөз, демек бірінші кезекте адамның басқа адамдармен өзара қарым-қатынасын зерттеу керек. (3)

60жылдардағы шетел психологиясында сәби психологиясын зерттеуде ерекше қызығушылықтар туындап жатқан. Бұның ішінде анамен бала қарым-қатынасындағы ерекшеліктерді көрсететін деректер алынған.

Отандық сәби психологиясының негізін қалаушысы М. И. Лисина болған. Ол отандық психологияға баланың ересек адамдармен қарым-қатынасы атты жаңа пән еңгізді. Оның “Сәбидің ерте кезеңіндегі дамуына жақын адамдармен қарым-қатынасының әсері” атты рефераты мақаласы кеңестік психологиясындағы байқаулы көзге түсерлік оқиға болғаны анық.

Тұлғалық өзгерістер дегенде М. И. Лисина баланың барлық қарым-қатынас түрлерінде өзін көрсетуге мынадай мәселелерді атап өтеді:

  • Басқа адамдармен қарым-қатынасы
  • Заттық әлеммен қарым-қатынасы
  • Өз өзімен қарым-қатынасы

М. И. Лисинаның еңбектерінде сөйлесудің бала психикасына әсер

ету кеңінен қамтылған. Сөйлесу қарым-қатынасында ересек адамның басты рөл атқаратынын дәлелдейді. Нәтижесінде қарым-қатынас барысында баланың іс-әрекеттерінің ішкі жоспары дамитындығы (А. В. Болбачану, Г. И. Капчеля) эмоцоналдық жай күйі аумағының жетілетіндігі (С. Ю. Мещерякова, А. И. Сорокина) танымдық белсенділігінің дамитындығы (Е. О. Семирова, Т. А. Землеухова) т. с. с дәлелдеген.

Л. С. Выготский тұлғамен психикалық дамудың негізгі оның жан дүниесінде емес, ересек адамдармен қарым-қатынасында деп көрсетуі психология ғылымы үшін маңызды және бірегей идеяларының бірі болды.

Баланың психикалық дамуындағы ересек адамдардың рөлін батыс және отандық психологтардың басым бөлігі мойындаған. Алайда ересек адамдармен қарым-қатынас психикалық дамудың бастауы емес, оған әсер ететін сыртқы фактор болып есептеледі. Ересек адам баламен қарым-қатынасы әлеуметтік әсер етуші факторларға бағынуды үйретеді. Мұнда психикалық даму процессі біртіндеп әлеуметтену процессі ретінде қарастырылады. Яғни, бала оған сырттан келетін механизм де әр түрлі болады.

Л. С. Выготскийдің ұстанымы бойынша, әлеуметтік орта мен айналасындағы ересек адамдар баланың табиғи болмысын түпкілікті өзгертпейді, кері әсер тигізбейді, бірақ адамның жетілуіне қажетті басты шарт болып табылады.

Бала қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, ол басынан бастап тұлғааралық қарым-қатынастарға түседі және де кішкене күнінен бастап қоғамның мүшесі болып табылады.

Қазіргі кезде баланың бойында ұлттық намыс пен қайырымдылық сезімін қалыптастыру айрықша орын алады. Өйткені, әрбір адам ана тілінде өз халқының тәлім-тәрбиесін алуы арқылы өзге ұлттың өкілі алдында өзінің дамығандығын көрсете алады. Бұл тәрбие саласындағы өзін-өзі дәріптеу емес, терезесі тең ұлт ретінде өзінің әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін өзгелерге таныту, оның ықпалынан болған қасиеттерін мақтаныш ету.

Тәрбие үрдісінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануы тиіс. Осыған орай тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортага көзқарасын дамытады.

Тәрбие жұмысының сара жолдарын, табудың нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңиді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.

Психолог еңбегінің күрделілігі әр адамның жүрегін жол табуда, әр отбасы мүшесініі бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасауда көрінеді. Ең бастысы, психолог адамның тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өмірді, әлемді тануға деген қажеттілігін оята білу керек. Әсіресе өнегелі де білімді, өнерлі де зерек жас ұрпақты тәрбиелеп, қазақ халқының беделін көтеріп, әлемге танытуда ата-баба тәрбиесінің мәні зор, мұнда этнопсихологияның алатын орны ерекше.

Бұрынырақта халқымыз жасы 13-15 шамасындағы жас өскінді ержеткен азамат, кісі деп атайтын. Төл тілімізде "Он үште отау иесі" (қыз балалар үшін), "Он бесте отау иесі" (ұл балалар үшін) дейтін аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір.

Ұлт психологиясының түп-тамыры халқымыздың тарихи өмір сүрген ортасы, әлеуметтік-экономикалық саясаты мен мәдени дәстүрлер жүйесінде орныққан. Сондықтан да бүгінгі жастарды ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу, ал ересек адамдарға халқымыздың салт-дәстүрлері, оның адамның сана-сезімінің қалыптасып, дамуына әсер ететін белгілерінің маңыздылығын түсіндіру отбасы психологының мақсаттарының бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның танымдық іс-әрекетінің қарым-қатынас арқылы дамуы
Бастауыш мектепте тұлға - аралық қатынасты қалыптастыру тәжірибелері
Тұлға әлеуметтенуіндегі қарым-қатынас рөлі
Ұжым психологиясы мәселесі
Коммуникативтік дағдылар ұғымы және оның бастауыш сынып жасындағы балаларда даму ерекшеліктері
Ұжымның жеке адамға ықпалы
Оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға психологиялық әсері
Шетел және қазақ ғалымдарының қарым–қатынас туралы
Қарым - қатынас процесі кезінде қоршаған ортаны қабылдау
Қарым - қатынас жайлы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz