Майбалық демалыс үйі негізінде туристік кәсіпорын жұмысының нәтижелілігін жоғарлату


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Туристік кәсіпорын жұмысының даму тенденцияларының тарихи экономикалық алғышарттары . . . 9

1. 1 Шаруашылықтың даму жүйесіне туризмнің тигізетін экономикалық әсері . . . 9

1. 2 Туризм саласындағы туристік кәсіпорындар және олардың қызметтері . . . 31

1. 3 Туристік кәсіпорын жұмысының дамуының алғы шарттары мен

тенденциялары . . . 44

2. Туристік кәсіпорын жұмысының нәтижелілігін арттыру проблемалары мен эксперимент - тәжірибе жұмыстарының маңыздылығы . . . 51

2. 1 Туристік кәсіпорын жұмысының нәтижелілігін дамытудың экономикалық проблемалары . . . 51

2. 2 Жүргізілген эксперимент-тәжірибе жұмыстарының барысы мен нәтижелері . . . 55

2. 3 Туристік кәсіпорын жұмысының болашақтағы даму тенденциялары . . . 63

3. Еліміздегі туристік кәсіпорындар жұмысын дамытудың жолдарын анықтау мәселелері . . . 79

3. 1 Еліміздің туристік өнімдері және олардың мүмкіндіктерін арттыру . . . 79

3. 2 Еліміздегі туристік кәсіпорындардың ерекше келбетін қалыптастыру . . . 83

Қорытынды . . . 93

Қалданылған әдебиеттер тізімі . . . 95

Қосымшалар . . . 99

Кіріспе

Тақырыптың маңыздылығы. Туристік кәсіпорын жұмысының нәтижелілігін жоғарлатуды зерттеудің маңыздылығы туристік кәсіпорындардың қазіргі уақытта ел экономикасы дамуының негізгі факторының бірі болып табылатындығымен анықталады.

Туристік кәсіпорындар қызметі қоғамның экономикалық, саяси және әлеуметтік оң нәтижелерге жетуіне ықпал етеді және нарықтық экономиканың маңызды құрылымының бірі ретінде сипатталады. Экономикалық жүйенің бүгінгі жағдайы мен болашағы, тиімді жұмыс істеуі және дамуы кәсіпкерлік сектордың қызметіне тікелей байланысты. Қазіргі жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қызметінің тұрақтылығы болып табылады. Ол өзінің ұйымдастырушылық, делдалдық қызмет көрсету функцияларын тиімді жүзеге асыра отырып, өз қызметін жасау мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қызметтік ресурстары жағдайын көрсете отырып, халықтың - туристердің қажеттілігін қамтамасыз ететін сапалы қызмет көрсету мен қоғамдық өнімнің айналымы мен өндіріс тиімділігін арттыру арқылы, экономиканың дамуына ықпал етеді.

Туристік кәсіпорындардың экономикадағы рөлі кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеп, алга қарай қарқынды дамуын талап етеді. Қазақстандағы туристік кәсіпорындар өздерінің батыс базасын кеңейтіп, тиімділігі мен өтімділік деңгейлерін жоғарлату, тұтынушыларының сұраныстарын қанағаттандыру арқылы бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға тырысады. Бұл үшін туристік кәсіпорындардың ролін арттырып, ынталандырудың мәні - шығынды аз жұмсап, жоғары деңгейде тиімді жұмыс істеу, қызмет көрсету барысында сұранысты толық қанағаттандыру, өз қызметін тұтынушылардың өрісін кеңейту мен қызметін ұйымдастыруды жақсарту және оның өзіндік құнын төмендетудің маңызы ерекше болып табылады.

Туристік кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе ұйымдастырушылық шешімдер қабылдау үшін оның қызмет көрсету жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, туристік кәсіпорындардың қызметінің нәтижелілігін нығайту немесе жақсарту және оны іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының басты басымдылығы Қазақстан экономикасын одан әрі жаңарту мен әртараптандыру болып табылады.

Туристік кәсіпорындар ашу тек қана жұмыс орнын тудырып қана қоймайды, сонымен бірге ол экономиканың бәсекелестігін, серпінділігін және көпжақтылығын жасауға үлкен үлес қосады. Туристік кәсіпорындарды дамыту отандық туризм негізінде нарықтың жаңа қызмет көрсетулерге тез толуын қамтамасыз етеді, жергілікті монополияны болдырмауға көмектеседі. Сонымен бірге ол жергілікті туризм ресурстарын тиімді пайдалануға, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге оң әсер етеді. Туристік кәсіпорындарды дамыту тұрғындардың табыстарын өмір сүру деңгейлерін көтеруге және әртүрлі әлеуметтік - рухани мәселелерді шешуге де өзінің оң ықпалын тигізеді.

Дүниежүзілік Туристік Ұйымның деректері бойынша туризм әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің 10/1 бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірісте әрбір тоғызыншы жұмыс орынын қамтамасыз етеді. Қазіргі халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы 37 пайызды құрайтыны болжануда. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері мен автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында болып отыр. Мұндай үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде.

Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның дем алуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.

Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17, 5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту- болашағы ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді.

Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді.

1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.

2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ- мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

3. Елдін инфроқұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.

Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субьектердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналды-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс, демалыс пен бос уақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толлеранттықтың және халықтар мен олардың әртүрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.

Туризмнің жылдам және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде белгіледі.

Осы Тұжырымдама туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін қалыптастыруды көздейді.

Туризм елдiң толықтай аудандарының экономикасына белсендi түрде әсер етiп отыр. Туризм саласында шаруашылық субъектiлерiн құрастыру және жұмысқа салу жол көлiгi, сауда, коммуналды-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетумен тығыз байланысты. Осылайша туризм өндiрiсi басқа да көптеген экономикалық секторларға қарағанда мутипликатордың күштi әсерiне ие десе болады.

Туризм - демалыс, көңiл көтеру, спорт және мәдениет пен табиғат қатынасымен тығыз байланысты қызмет, ол алдын ала жоспарланады және жекелей және ұжымдық жетiлдiру құралы ретiнде тәжiрибеден өтедi. Ол жағдайда ол өзiндiк бiлiм алу, толеранттық және халықтар мен мәдениеттiң арасындағы айырмашылықты танудың таптырмас факторына айналады.

Туризмнiң жедел әрi әркездiк өсуiн, қоршаған ортаға, экономиканың бар секторына және қоғамның әл-ауқатына күрделi әсерiн ескере отырып ¶кiмет Қазақстан дамуының ұзақмерзiмдi бағдарламасында туристiк саланы басты деп анықтап отыр.

Осы аталған мәселелер туристік кәсіпорындардың көрсететін қызметтерінің нәтижелілігін талдау мен жоспарлауды жетілдіруді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан талдаудың маңыздылығын көрсетеді.

Отандық әдебиеттер мен ғылыми зерттеулерде, басылымдарда туристік кәсіпорын жұмысының нәтижелілігін жоғарлатуды талдау мәселелесі қарастырылғаны мен олардың кемшіліктері кездеседі. Оған қоса оның прогресивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Сонымен қатар отандық туристік кәсіпорындардың бүгінгі жай-күйі, жеткен жетістіктері, кәсіпкерлікті жан-жақты дамыту мен оларға қолдау көрсету және туристік кәсіпорындардағы кейбір мәселелер туралы түбегейлі іргелі зерттеулер жеткіліксіз деуге болады. Ал бұл туристік кәсіпорындар қызметінің нәтижелілігі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан да, туристік кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін жоғарлатуды талдау мен жоспарлауды зерттеудің маңыздылығы дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін анықтаумен негізделеді.

Дипломдық жұмыс мақсаты - «Майбалық С» демалыс үйі негізінде туристік кәсіпорын жұмысының нәтижелілігін жоғарлатуды талдаудың теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат беру мен туризмді ұйымдастыру мен жоспарлауда туындайтын мәселелерді шешу жолдарын көрсету.

Дипломдық жұмыстың маңыздылығы - Туристік кәсіпорындар өздерінің батыс базасын кеңейтіп, тиімділігі мен өтімділік деңгейлерін жоғарлату, тұтынушыларының сұраныстарын қанағаттандыру арқылы бәсекелестік қабілеттілігін арттыру.

Дипломдық жұмыстың аталған мақсаттарына сәйкес келесі міндеттер қойылған:

  • туристік кәсіпорын жұмысының нәтижелілігін талдаудың маңызы мен мәнін ашып көрсету;
  • туристік кәсіпорынның жұмысының нәтижелілігін талдаудың әдістерін

анықтау;

  • «Майбалық С» негізінде туристік кәсіпорынның қызметін талдау мен қызметін ұйымдастырудың қазіргі бағыттарын қарастыру;
  • туристік кәсіпорынның қызметінің нәтижелілігі мен оны ұйымдастырудың тиімділігін анықтау;
  • туристік кәсіпорынның жұмысының тиімділігін арттыру жолдарын талдау.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік және тәжірибелік негізі ретінде Қазақстан Республикасының Заңдары мен Үкіметтің нормативтік қаулылары, «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР заңдары, «Майбалық С» демалыс үйінің жарғысы, жылдық есептері, отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың ғылыми және оқу - әдістемелік зерттеу еңбектері, мерзімдік және ғылыми басылымдардың материалдары қолданылды.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік объектісі ретінде «Майбалық С» демалыс үйінің қызмет көрсету прейскуранты, талдаулары, осы тақырыпқа сай мәселелерді қозғаған зерттеу материалдары басшылыққа алынды.

1. Туристік кәсіпорын жұмысының даму тенденцияларының тарихи экономикалық алғышарттары

1. 1 Шаруашылықтың даму жүйесіне туризмнің тигізетін экономикалық әсері

Адамдар әр уақытта да сапар шеккен. Өз тайпаларының, алыс ормандар, теңіздер мен өзендер айналасында саяхаттаған. Антикалық саяхатшылар Солтүстік Еуропаға, Британияның жұмбақ аралдарына, Египетке, бұлар туралы мифтер мен ертегілер жаза отырып, жол салған. Ортағасырлық қаһармандық пен бақыт іздеген серілер саяхаттаған. Ашылған ұлы географиялық жаңалықтар маңызды саяхатшыларға қатысты: Васко да Гамма, Колумб, Кук, Лаперуз, Магеллан және басқаларға. Бірақ бұл қазіргі түсініктегі туризм болған жоқ, бұл туристерге қызмет көрсету мен сапарларды ұйымдастырумен айналысатын салалық қызмет көрсететін туристік индустрия емес еді [1] .

Қазіргі туристік қозғалысты әлімнің көптеген елдерінде ХХ ғасырдың феномені деп атау қабылданған. Иә шындығында туризм қазіргі біздің көріп отырғанымыздай бұқаралық және әлемдік масштабта, - бұл дәл осы ХХ адамдар арасындағы гуманитарлық қарым қатынастың, техниканың дамуының арқасында дүниеге келген балалар, қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып, барлық әлемде саяхаттауға мүмкіншіліктерінің туындауының арқасында[2] .

Бұқаралық туризм мен саяхатшылар ХҮІІІ ғасырдан бастап пайда бола бастады. Жеке тұлғалардың әлемнің танымал астаналарына, теңіз жағалауына жергілікті қонақжайлылықты көре отырып суларға бару - бұның барлығы қазіргі туризмнің түп тамыры болып табылады. Бірақ сол бұрынғы уақыттарда туристер өз беттерінше қандай бір ұйымдар мен фирмалардың көмегінсіз саяхаттаған.

Қазіргі туристік қозғалыстың негізін қалаушы ретінде Томас Кук саналады. 1841 ж. жас ағылшын дін қызметкерімен (миссионер) алғашқы темір жол арқылы 600 ден астам адамдардың қатысуымен Ланкастерден Долнгборугқа дейін бұқаралық қыдыру ұйымдастырды. Томас Кук темір жол иесі болып табылатын «Мидленд рейлуэй» фирмасының қожайындарымен келісе отырып, көтерме бағамен 580 билетті жарты құнына сатуға көндіріп, 107 км саяхаттауды қалайтын адамдарды апарды. Бұл оның туристік қызметінің, сонымен қатар қазіргі туризмнің, туристік индустрияның бастамасы еді. 1847 жылы Кук қоғамы саяхат пен экскурсияға және шетелдерге арнайы билеттер тарата бастады. Темір жол иелері де разы болды. Билет сатуды меңгере келіп Кук церковьтан кетіп қоғамдық істерді ұйымдастыра бастады. Ол үшін бай ағылшын топтарының Жерорта теңізіне саяхатын ұйымдастыру алғашқы акция болды. 1848 жылы Кук Агенттігі мемлекеттік Британ компаниясы болды[3] .

1852 жылы Кук Лондонға тұрақты тұруға көшіп келді және тарихта бірінші рет туристік бюроның негізін қалады. Ол делдалдық ақша аударатын бірнеше көлік фирмаларымен келісім - шартқа отырды.

1863 жылы Кук ұйымдастырылған халықаралық туризмнің бастамасын жасай отырып, Швейцарияға сапар шеккен алғашқы топты ұйымдастырды. 1889 жылы Парижде алғашқы әлемдік көрмеге Кук фирмасы 400 мың., қазіргі тілмен айтқанда туристік путевка сатты. Сол жылдары қарапайым туристік маршрут ағылшын колониясы Египет болды. Томас Кук Нилге саяхат жасау үшін 27 пароход және 800 кіші желкен қайығын сатып алды.

ХІХ ғасырдың соңында халықаралық арнайы вагондар қоғамының бірігуінен кейін Кук фирмасы 53 елде 324 филиалы, 12 мың қызметкері бар алпауыт концернге айналды.

Американдықтар Англиялықтардан қалғысы келмеді. «Американ экспресс» («Амэксо») компаниясы сол кезде Кукқа халықаралық туризм идеясы туындаған сәтте пайда болды. («Амэксо») барлық Құрама Штаттарға адам тасымалдайтын үш компанияның негізінде болды. Алғашында («Амэксо») аралас агенттік болған 1918 жылдан бастап барлық құрылықта филиалдары бар таза туристік фирмаға айналды[4] .

Алғашқы халықаралық туристік ұйымдардың бірлестігі 1869 жылы Еуропада негізі қаланған Қонақ үй қызметкерлерінің халықаралық ассоциациясы болды. (1946 жылы 1921 жылы құрылған халықаралық қонақ үй одағының бірігуіне байланысты Халықаралық қонақ үй ассоциациясы қайта құрылды - ХҚА) .

Ол уақытта туризм негізінен жоғары қамсыздандырылған сыныпқа қол жетімді және тек қана көлікпен қызметтер ұсынған және таратқан. Бұл әлі бүгінгі күнгі «ХХ ғасырдың феномені» болған жоқ, бұл әлі қонақжайлылықтың индустриясы болған жоқ еді. Бірақ та туризм біртіндеп дами берді[5] .

Халықаралық туризм қоғамдық қатынастар дамуының белгілі бір сатысында, халықтар арасындағы жоғары қарқынды және тұрақты экономикалық, саяси және мәдени қатынастар базасында көтеріле бастады. Бұл халықаралық нарықтың қалыптасу кезеңімен, халықаралық сауданың дамуымен және жаңа көлік құралдарының пайда болуымен сәйкес келеді. Туризмнің бесігі қазірдің өзінде туристердің жиі баратын аумағы болып қалып отырған, халықаралық туристік байланыстардың басты ауданы Еуропа болып саналады. Еуропадағы туристік қонақ үйлер құрлысының бастамашылары теміржол басқармасы болып саналады. Теміржол желісі бойынша жолаушылар топтарын өсіру мақсатында оларға түрткі бола бастады. Әр бір туристік ауданға яғни жергілікті анықталған табиғи жағдаймен (климаттың, теңіздің және күннің жағымдылығымен, ыстық және шипалы бұлақтармен, табиғат көрінісінің әсем кескіндемесімен, мәдени және сәулет ескерткіштерімен) жолаушы -туристерді қабылдауды, таратуды және тамақпен қамтамасыз ету қажет болды. Осылай туристік объектілерді салу қажеттілігі пайда болды. Теміржолдар халықаралық туризмнің ары қарай дамуымен байланысты барлық іс - шаралар мен жарнамаларды қаржыландыруды да өздеріне алды.

Туризм үлкен түсім түсірді, және оның қарқынды дамуы барлық жергілікті шаруашылық қызметі салаларының қызығушылығын тудырды. Бірақ туристік сұраныстың қиыншылықтары мен өзіндік қыры олардың алдына жаңа біршама қиын міндеттер қойды. Аталған туристік ауданда туристік маусым кезеңінде барлық шаруашылық, коммуналдық - тұрмыстық қызметтердің жұмыс көлемі өсіп келе жатқан қажеттіліктерге сәйкес келмеді. Мұны кеңейту қажеттілігі туындады ол туристердің келуін өсіру есебінен яғни өз кезегінде жарнамалық және ақпараттық қызметтердің, мәдени - ойын сауық объектілерді дамытумен жүзеге асырылды. Туризмнің өсуімен бұл мәселелердің саны өсе берді ал оларды шешу қиындай бастады. Күрделі туристік айналымда қарапайым шаруашылық ұйымдары жаңа функцияларды атқара алмады, мұны жергілікті билік органдары да орындай алмады. Мұның барлығы туризм саласында өз бетінше арнайы ұйым құруға негіз болды. Олардың функциялары мен қызметтері қазіргі туристік агенттіктер мен туроператорлар мен сәйкес келді[6] .

Алғашында бұл ұйымдар әр түрлі аталды: «көркейту қоғамы», «шетелдіктерді қабылдау қоғамы» және т. б. Олардың құрыла бастауы ХІХ ғасырдың ортасына тап келеді, бірақ олардың біршама кең дамуы Германияда, Швейцарияда, Австралияда, Францияда және басқа елдерде ХІХ ғасырдың 70 жылдарынан кейін болды. Бұл ұйымдар кешенді туристік қызмет көрсетудің (өнім) қалыптасуымен айналысатын қазіргі туроператорлар сияқты болды. Жергілікті билік органдары да ұқсас қоғамдарды құрып, оларға көмектесті қоғамдар биліктің өзі шешуге тиісті міндеттерді өздеріне алды, - келетін туристік топтарды таратуды, тамақтандыруды, бос уақыттарын және т. б. ұйымдастырудың қамын ойлауды үйлестіру. Туристік фирмалар қызметін мамандандыру барысы тұрақты дамыды: біреулері туроперейтинг бағытын қалыптастыра отырып, қызметтер пакетін өндіруге, жаң аумақтар ашуға, туризмнің жаңа түрлерін жасауға өз күшін салса, басқалары турагенттік ретінде дамып өз қызметтерін өткізуге көп көңіл бөлді. Ұзақ уақыт бойы туризмде қандай бір ұйымдастырушылық нысан яғни мемлекеттік, қоғамдық және басқа да болмады. Туристік аудандарда туризмді дамыту мен жандандырудың жалпы процесі жүрді. Бірақ та бұл процесс барлық елдерде болған жоқ. Әр аумақта ол өзіндік ерекшелікте даму жолын иеленді. Қазіргі уақыттағы туристік дамыған елдер мен аумақтардағы, туристік кәсіпорындардың ұйымдастырылу нысаны мен басқару құрылымындағы айырмашылық дәл осымен түсіндіріледі. Туризм дамуында біршама кешірек және қиын деңгейде түрлі деңгейде туризмді басқаратын мемлекеттік органдардың және де халықаралық қоғамдар мен одақтардын талабының негізінде туындаған әр түрлі туристік ұйымдардың қызметін үйлестіру қажеттілігі пайда болды.

1931 жылы алғаш рет қазіргі уақытта әрекет етіп жатқан Америкада мемлекеттік деңгейде туристік қызметті жүргізуші туристік агенттіктердің Американдық қоғамы (АСТА) пайда болды[7] .

ХХ ғасырдың бірінші жартысында ұлттық және халықаралық туризм өз саласына барлық жаңа елдер мен бағыттарды еліктіре отырып дамуын жалғастырды. Бірақ та сол кезде әлі де туризм мен экскурсияға «суда» көңіл көтеру, демалу мен емделу мақсатында қымбат тұратын сапар шегуге негізінен халықтың қаймақ бетіндегі байларының өкілдерінің қолы жетімді болды. Сол уақыттарда Францияда, Чехияда және Словакияда, Швейцарияның таулы аудандарындағы халықаралық демалыс орындары сияқты туризмнің ұлттық орталықтары құрылды.

Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс аралығындағы кезеңдерде елде және шетелдерге туристік сапар шегу жаңа сипатқа ие болды. Ол қазір тек қана сауықтыру мен көңіл көтеруге ғана емес сонымен бірге ескерткіш жерлерге баруды, көз тартарлықтай тарихи - сәулетті жерлерді көруді қалайтындарды ынталандыру мен таза танымдық мақсатта.

Халықаралық туристік қозғалыстардың басым бөлігі Еуропадан енген. Сапар шегу Еуропада және басқа елдерде қалыптасқан туыстық байланыстардың басымдылығымен ынталандырылды. Ол кезде әлі шетелдік туризм жалғыз адамның сапар шегу сипатымен ерекшеленетін. Біртіндеп ұлттық туризм тәжірибесіне туризм мен экскурсияның дамуы үшін материалдық жағдайлар жасау мен игеру жөніндегі жұмыстар жүргізу, топтық сапар шегу, серуендеу мен саяхаттау ендірілуде.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде халықаралық туризм көлемі күрт кеміп кетті. Соғысқа дейінгі туризм деңгейіне 40-шы жылдардың соңында ғана жетті. Бұл кезең туристік саяхаттың жандануы мен еуропалық мемлекеттер, АҚШ пен Канада арасындағы алмасулармен сипатталады. Мексикада, Панамада, Кубада негізінен АҚШ туристерінің есебінен туризм қарқынды дамып келе жатыр. Шетелдік туризмге өз шекараларын және басқа да көптеген елдер ашуда (Мысалы, Жапония) [7] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БУРАБАЙ ¥ЛТТЫҚ ПАРКІНІҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР
Көкшетау–Бурабай аймағына жалпы сипаттама
Қонақ үйді басқарудың қызметтік құрылымы
Көкшетау қаласының жалпы физико-географиялық сипаттамасы
Империя G қонақ үйінің қызметін және персоналмен қамтамасыз етілуін талдау
Ақмола облысынның рекреациалық ресурстары
Қазақстанның туристік жерлері
Қазақстанның емдік лайды қолданатын курорттары
Сандықтау туристік аймағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz