Қазақ халқының шежірешілік дәстүрі


Мазмұны
І. Кіріспе . . . 3
І бөлім Түркі- монғол халықтарының шежірешілік дәстүрі
1. 1. Генеологиялардың шығуы, дамуы . . . 7
1. 2. Түркі- монғол халықтарының шежірешілік дәстүрі . . . 13
ІІ бөлім . Қазақ халқының шежірешілік дәстүрі
2. 1. Түркі - монғол шежірелері мен қазақ шежірелерінің
байланыстары мен ұқсастықтары . . . 27
2. 2. Қазіргі кезеңдегі шежіре деректерінің тарихнамадағы орны
мен ролі . . . 46
Қорытынды . . . 55
Қолдалынған әдебиеттер . . . 58
Кіріспе
Генеалогия (грек тілінен аударғанда туысқандық, яғни ру деген мағынада) ғылыми пән болып табылады.
Ол жеке индивидтің, отбасының, рулардың пайда болуларын, олардың уақыт пен кеңістікке байланысты туысқандық ықпалдастықтарын зерттеп, бүгінгі күнде тарих ғылымының дамуына қосымша негіз болып табылады.
Ру, тайпалардың өрбуін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми шежіре мәдениетті елдердің бәрінде де кездеседі. Шежіренің көп томдық жинағын Россия, Германия, Англия, Франция және көптеген шығыс елдері баспадан шығарған.
Қазақ шежіресі де-Европа елдерінің шежіресі сияқты ең толық жинақтар Башқұртстанда, Өзбекстанда, Туркменстанда, Қырғыстанда, Сібір халықтарында да кездеседі. Қазақ шежіресінің қайнар көзі-көп заман бойы қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, қалып отырған жинақтар. Ол белгілі бір тарихи шығарма іспетті атадан балаға ауызша, жазбаша жеткізіліп отырған. Қазақ шежіресі (араб. шаджарад-бұтақ, тармақ) - халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы Шежіре тарихи деректің аса маңызды қайнар көздерінің бірі, халқымыздың дәстүрлі тарихи санасының бірегей де өзіндік бір көрінісі. Шежіре жазудың, құрастырудың Ұлы даламызда өзіндік жөн жобасы, жолы қалыптасқан болатын ал қазіргі күнде шежіре жазу урдісі күрт қаулап қайта өрлеу жолына тускені, жүздер мен рулардың төр шежірелері құрастырылып жатқаны белгілі. Ресейде 1989жылы жылнамалардың 39 томы жарық көрген болатын этногроф ғалым Ақселеу Сейдімбековтің «Қазақтың шауызша тарихы»:шежірелік деректерді пайымдау. атты еңбегі Астана баспасынан жарық көрді.
Тақырыптың өзектілігі Алайда сол шежірелерді сыныптау, сынау, саралау жағы кенжелеп қалуы баспа бетінде пісуі жетпеген дүниелердің шығып кетуіне жол ашты әрі ерінбегеннің бәрі етікші дегендей тарихи тақырыпқа қалам тартушылардың қарасы молайғаны да шындық, қайсібірі тарихи шындықты қасақана бұрмалауға көшкеніне де біраз болды Ресейдегі тәрізді біздің де өз Фоменкомыз, Данияровтарымыз пайда болды, ол заңды да шығар, дегенмен бұрынғы шежіре айтушылар мен жазушылардың дәстүр-қалыбынан тыс жайттардың орын алуы қынжылтады әйгілі «Түп-тұқиянынан өзіме шейінен» кейін Тортай Сәдуақасовтың «Ел мен жер » аталған соңғы басылымдарына тән.
Шежіреде қазақ қоғамының әлеуметтік - саяси құрылымы, қоғамдық қатынас ерекшеліктері оның сыртқы әлеммен, жұртпен байланысын көреміз, мәселен сырттан келген Шыңғыс ұрпақтарының, қожа-сейттердің нәсілдерінің қазақ қоғамына кірігу үрдісінің сан ғасырлық тарихы осыған куә.
Тарихнамасы, зерттелу деңгейі
Шежіре тақырыбы кейінгі он жыл бойында тарихнамада монғол -түркі, қазақ хандығы дәуіріне жататын ауызша тарихи дәстүр үлгісінде қалыптасқан мол дерек қоры пайдаланыла бастады. ”Мәдени мұра”бағдарламасы арқасында тұғыш рет түпдеректер қазақ тіліне аударылу үстінде. Кеңестік кезеңге дейін Шоқан Уәлихановтың “Ұлы жүз туралы”, “Қазақ шежіресі”, Орыс шежіреші ғалымдары Н. Аристовтың, Левшинннің, Андреевтің, қазақ шежірешілері Шәһкаримнің, Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің, М. Тынышбаевтың, т. б. еңбектерінде ғылыми жүйелі шежіре жазудың берік негіздері қаланған болатын, ал кеңестік дәуірде Ә. Марғұланның қазақ шежіресіне негізделген ру - тайпаларды туралы мақалалары мен М. Мұқанов, Востровтың зерттеу еңбектерінен басқа тарихи ғылымның бұл саласына назар аударуға зерттеушілердің батылдары бармады. Шежіре мен генеалогияларға деген қызығушылық Қазастанда ғана емес соңғы уақытта басқа да шет елдердеде кең өріс ала бастады, өткен ғасырдың 80-90жж Ресейде атақты орыс ақсүйектерінің шежіресіне қызығушылық нәтижесінде орыс дворян тұқымдарының шежіре кітаптары қайта жаңғыртылып қайта жариялана басталған болатын, демек шежіре айту, жазу дәстүрі казақ тәрізді көшпелі халықтарға ғана емес отырықшы іргелі жұрттарға да тән екендігін байқаймыз ХХ-ғ ортасында француз генеалогиялық мектебінің өкілі П. Дюри индивидтердің ата-тек кестелері арқылы бүтіндей әулиеттердің тарихын баяндауға болатындығына көз жеткізген, ал ХХ-ғ екінші жартысында осы әдісті жан -жақты қолданудың нәтижесінде ауқымды әлеуметтік топтардың, жекелеген отбасылар тарихын зерттеуге мүмкіндік жасады.
Бұл орайда Шоқанның төрелер шежіресін тарқатқанда Қадырғали Жалайыридің, қазақ ру - тайпларын қарастырғанда Шал ақынның шежіре дастанының аңыз деректеріне, Әбілғазы шежіресіне әрқашан назар аударып пайдалануы, шежірелік деректанудың ұлттық тарихымыздағы бастамасының негізін қалады деседе болады. . халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы.
Жоғарыда атап өткеніміздей ру, тайпалардың өрбуін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми шежіре мәдениетті елдердің бәрінде де кездеседі.
Ата- тек тарату, генеологиялық байланыстарды зерттеу қазіргі ұлт-ұлыстардың саяси элиталарының, бизнес топтарының қалай қалыптасқандығынан мол хабар береді сондай ақ бабаларымыз дәстүрлі қазақ қоғамындағы отбасылар тарихы арқылы өзіндік тәрбие тұтқасын жасап, қан мен тек тазалығына қол жеткізгенін, бұл өз кезегінде туысқандық қауымшылдық ұлттың рухани-моральдық денсаушылығына елеулі әсер еткендігін қазіргі медицина да әлеуметтік ғылымдар жоққа шығармайды. 1998 - 1999 жылдарда ғылыми басылым беттерінде елімізді шежіретану, шежіренізерттеу тақырыбында көптеген ғылыми мақалалар жарық көрді “Қазақ тарих”журналының 1999 жылғы №4-5 [1] санында Құдайқұловтың, “Тегін білу -тектілік”оған қарсы пікірдегі М. Алпысбесұлының мақаласы “Шежіре ғылыми тұрғыдан зерттелсін”мақаласы жарияланды. қозғалған мәселенің бір жағдайы ол шежіре гнеалогияның ара қатынысы, “ген, “генетика”, “генезис” терминдерін қолданудағы Құдайқұловтың, жаңсақтықтары жөніндегі өз пікірін ортаға салады. Шежірелік тарихта пәнді анықтаудағы кейбір қолданыстарға да өз сыни көзқарастарын білдіреді.
Бүгінгі күнде бұл бағытта И. В. Ерофеева, К. А. Пищулина, Р. М. Мустафина, М. Мұқановтың, А. К. Муминовтің, Қ. Арғынбаевтың т. б. авторлардың зерттеулері жарық көрді Патшалық Ресей мен Циндік Қытайдың қазақ шежіресі мен рулық - тайпалық құрылымын зерттеудегі мақсаты олардың Қазақстанға байланысты экспансионистік нақты саясатынан туғандығы белгілі. Елдігіміз бен бірлігімізді ыдыратудың неше алуан құйтырқы әрекеттері осы ізденістерге негізделгені тарихи шындық.
Дәстүрлі қазақы деректерді бүгінгі ғылыми әдістемелік тұрғыдан зерттеп, халқымыздың әргі бергі тарихы турасында мол мағлұматтарды ашуға сәтімен пайдаланып жүрген ғалымдардың бірден бірі Ж. Артықбаев ол ”Қазақ тарихының қайнар көзі қазақы деректер”мақаласында шежірелерге, тарихи жырлар мен хикаяларға, толғауларға кеңінен тоқталып, оларды дерек көзі ретінде талдап, ғылыми сипаттама береді. Ғалым өз мақаласында Ш. Уалихановтан, А. Құнанбай-ұлынан А. Янушкеевичтен Қ. Халидтен деректер келтіре отырып, “қазақтың өз ішінде осы кезеңде хатқа түсті делінетін жүйеленген шежіре жоқ. Бірақ болуы мүмкін деуге бірнеше жағдай бар деуі көп жағдайды аңғартса керек.
Сөз соңында айтарымыз қазіргі мынау электронды құралдар дамыған заманда шежіренің электронды нұсқасын көп болып көмектесіп жасауға мүмкіндік туып отыр.
Зерттеу әдісі: Тарихшылдық, шынайылылық, салыстырмалы аналитикалық талдау, жинақтау, жүйелеу әдістері қолданылды.
Шежіренің дереккөз ретіндегі ерекшелігіне назар аудару арқылы герменивтикалық әдітерге сүйену, практикалық тәжиірбелік әдістерді пайдалану боп табылады.
Зерттеу мақсаты : Шежірешілік дәстүрін зерттеу барысында оның тарихи таным процесіндегі рөлін қарастыру, шежіре танудағы жаңа методологиялық әдістерге назар аудару. Шежіренің деректемелік маңызын көрсету.
Қарапайым тұрмыстық түсінік бойынша әулиет және текті- кландық жүйе, көбінесе экзотикалық құндылық болып келеді. Бірақта ол қазіргі уақытта өзінің архаикасының «тәжірибелік генеология» кең көлемде өріс алды. Ол арқылы әрбіреуі вертикальді жүйеде өзінің «туысқандық ағашын» құра алады. Бұған қарамастан, «кіші отбасы» тарихына деген қызығушылық, тарих ғылымының кейбір салалары сияқты генеалогияға да тыйым салу кезінде жоғалып кетпей, бүгінде ол дәстүрлі бағытта дамып, математикалық тұрғыдан билік құрылысын, сонымен қатар қай кезеңдегі болсын қоғамдық-саяси құрылысты нақты анықтауға мүмкіндік береді. Ең біріншіден бұған адамды персонификациялау мәселесі жатады, олар мемлекеттік тарихта айрықша із қалдырған тұлғаларды жаңа қырларынан тануға мүмкіндік береді. ) қазіргі тарихнамада шежіре генеалогиялардан әлдеқайда кең ауқымды тарихи ғылым саласы ретінде қарастырылады.
Тәжирбелік маңызы: халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы. Ру, тайпалардың халықтардың өрбуін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми шежіре мәдениетті елдердің бәрінде де кездеседі.
Ру, тайпалардың өрбуін ұрпақтан-ұрпаққа ұластырып, жеткізіп тұратын шежіре тарқату салты мәдениетті елдердің бәрінде бар. Шежіренің көп томдық жинақтары Ресей, Германия, Англия, Франция және көптеген Шығыс елдерінде арнайы жарияланып келеді. Шежіреге ерекше көңіл бөлетіндердің бірі-біздің халқымыз. Жұмыс нәтижелерін мектеп пен жоғарғы оқу орындарында Отан тарихы мен шетелдер тарихын арнайы пәндер мен симинар жұмыстарына пайдалануға болады
1. бөлім Түркі- монғол халықтарының шежірешілік дәстүрі
1. 1 Генеалогиялардың шығуы, дамуы
Алғашқы генеалогиялар туралы жазба дерек хабарларды ежелгі Мысыр және Қосөзен жазбаларынан ондағы билік құрушы патша әулиеттері шежіре кестелерінен бастау алады десек, ал тарихта тұңғыш генеалогиялар термині грек тарихнамасында қолданылды және оның жазба нұсқалары пайда бола бастады. Көптеген халықтарда әдетте шежіре генеологиялардың ең алдымен ауызша формалары тарай бастады.
Шежіре -синкреттік феномен. Өзінің толық мағынасында ол гнеалогиядан әлдеқайда кең. Оның бойындағы ең негізгі элеметі - ауызша тарихи дәстүр. Ал, генеалогия ол тарихи ақпараттың байланыстыру принципі ретінде өз орнын табуда. Сонымен қатар, дәстүрлі көшпелі қоғамда шежіре қоғамдық - институционалдық және функционалдық мәнге ие. Сол жағынан алғанда шежіре - саяси - әлеуметтік, идеологиялық институт деп білу керек.
Далалық ауызша тарихнаманың өзіне тән мазмұны мен түрі меншікті құрлымы, мазмұндық тұрғыдан кеңестік-уақыттық тиянақты өлшемдері болды. Оны күрделі жүйе ретінді зерделеп, зерттеуге болады. Өтеміс қажының “Шыңғыс намесі” мен Қадырғали Жалайырдың “Жамиғ ат-тауарихы” Далалық ауызша тарихнама көшпелі түркі монғол халықтарының ата-бабалаларының сонау ғасырлар тұңғиығынан жеткен уез-үні. Қазіргі тарихнамалық дәстүрде олар ішкі тарихи деректемелерге жатқызылып, екі топқа бөлініп оның біріншісіне түркі әлемінің әр аймағында хатқа түскендері мен ауызша айтылып жүргендері. Бірінші топқа Өтеміс қажының “Шыңғыс-намесі”, Қадырғали Жалаиридің “Жамиғаи ат- таурихы”, Әбілғазының “Шежіре -йи түркі” жатады, бұлр сол замандағы белгілі ру-тайпалардың ауызша тарихи дәстүріне негізделген. Екіншісінің құрамына тарихи аңыз-әңгімелер, шежірелер, дастандар, жоқтаулар және т. б. бар. Жоғарыда айтылған топтардағы аталған ескерткіштер зерттеушілердің пікірінше, “далалық ауызша тарихнаманы құрайды. Бұл тарихнамалық төл дәстүрдің маңызды мәні сол замандағы қоғамдық идеологияның қалыптасып өрбуіне зор әсер еткендігі. Ол ата- бабалардың ерлік дәстүрі, халқының тарихын аңыз-әңгіме, өлең, жыр түрінде әңгімелейді, талай ұрпақтың айтуымен ауыздан ауызға тарап жеткен және көпшілігі ХҮ111ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ғана хатқа түсіп сақталған.
Қазіргі заманғы ұғымда мемлекеттік дәстүр дегеніміз мемлекеттік құрылыстың бір мемлекеттерден еікіншілеріне беріліп отыратын ортақ, негізгі және мәнді сипаттары мен құрамды бөліктерінің тарихи-генетикалық сабақтастығы. Зерттеуші В. В. Трепаловтың пікірінше, мемлекттік басқару органдарының дәстүрлі жүйесі кез келген ортғасырлық мемлекеттің мазмұнды құрамды бөліктерінің бірі боп табылады. [2] Трепалов В. В. Государственный строй Монгольской империи Х111 в. М. 1992. с. 4, ] Орталық Азия көшпелі түркілерінің тарихы бойынша ескерткіштердің бірегей тобы - көшпелілердің ауызша тарихи танымын жеткізуші дретемелер. Бұл топ ғылымда “далалық ауызша тарихнама”, немесе “ далалық ауызша тарихтану” деп аталады. [3] Ортаазиялық тарихтану мектебі Шығыс заманының жаулап алулрының заманауи рухани әлем мен дүниетанымға, сол арқылы мемлекеттілік пен жалпы әлемдік құрылымға ықпалы мәселелерін зерттеді. Еуразияның түркі және монғол халықтарының тарихи тағдырындадағы бұл құбылыс “шыңғысизм” деп аталады. Шыңғысизм қуатты идеялық-дүниетанымдық қайсыбір өлшемдері жағынан діни дүниетанымға жақындаған және орасан зор практикалық мәні бар жүйе болды.
Шыңғысизмнің қоғамдық-саяси құрылысқа, әлеуметтік институттардың құрылымдрына, саяси және құқықтық нормаларға тікелей ықпалы болды. Онүшінші ғасырдан бастап Орталық Азиядағы түркі - монғол қауымдарындағы саяси билік Шыңғыс ұрпақтарына тиесілі деген ұғым орнығуы соның айқын дәлелі. Шыңғыс хан туралы шежірелік аңыз түрінде әлемнің ортақ жаратылыс бейнесін сипаттайтын шыңғысизм мен Оғызизм (Оғыз хан туралы аңыздар циклы) арасындағы ұқсастықтар, сондай-ақ оның кейінгі өзгерген түрі мен(едігеизм секілді) бертінректегі салыстыра зерттеу нәтижелері жаңа идеялық құрлымның өзіндік ерекшелігі туралы және оның дәстүрлі сипаты туралы қортындыға келтіреді. Сол себепті де “Шыңғыс-наме сияқты еңбекті талдау барысында зерттеушілер оның : билік жүйесі мен билік қатынастары ғана бірден бірге беріліп отырмаған, мұнымен қатар жоғарғы билеушінің өз қол астындағылармен қарым-қатынастарының рет жөні, бұдан гөрі маңыздысы - әулиеттердің алмасуы және жаңа мемлекеттердің құрылуы берілген.
ХҮ- Х1Х ғасырлар аралығында түркі тілінде жазылған құнды шығармалар алғаш рет қазақ тіліне “Мәдени мұра”бағдарламасы аясында құрастырылған жинақта жарияланып отыр. Бұл шығармалар:авторы Шайбани ханның өзі делінетін “Тауарих-и гузида -йи нұсрат наме, Камал әд-дин Бина идің “Шайбани намесі, Абдалла Балхидың “Зубдад аль асары”, сондай-ақ далалық ауызша тарихнама мағлұматтары қамтылған Жалайыр Қадыр-Ғали бидің “Жамиғат аттауарихы”, Әбіл-Ғазы Бахадүр ханның “Шежіре-йи түркі”шығармалары. Бұл шығармалардың қазақ тілінде жариялануы түркі-монғол тарихын танудағы зор оқиға, деректемелік базаның кеңеюіне жол ашып отан тарихына деген қалың қауымның қызығушылығын арттырғаны сөзсіз. Саяси -идиялогиялық мотив түркі-монғол ауызша, жазбаша шежірелердің негізгі желістерінің бірі екендігіне көз жеткіземіз.
Көптеген халықтарда шежірелік тарихты тарқатуда олардың шығу тегін мифтік аңыздағы Нұқ пайғамбардан бастау белгілі үрдіске айналғандығы, мәселен Орыс тарихының жылнама - шежіресі де славяндардың ата тегін Ной яғни Нұқ пайғамбардың біреуіне апарып телиді бұл әрине сол заманғы шежіре жасаушылардың білместігінен емес керсінше көне шежірелерді осылайша өңдеу арқылы өркениеттік - мәдени таным- талғам көрінісі екендігі болса керек. Тарихи таным рулық тіпті оқшау бір халықтық санадан адамзат тегінің бірлігі идеясына арқа сүйей бастағанының белгісі еді. Кезінде Абай хакім “Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы. ”Біздің қазақтың ықыласы ғараптан шықты дегенді, яки Бәни Исраилдан шықты дегенді ұнатқандай. Онысы, әрине, таурихтан хабар тисе, сол жақтан тигендіктен, ислам діні бұрынғы ата - бабаларды ұмыттырып, діндестерді жақын көрсеткендіктен, һәм артқы жағы хабарсыз қараңғылықта қалғандықтан болған іс, һәммаға мәлім, әуелде адам балалалары бұл күнгі орындарын екі жақтан толқынып келгендігі; бірі - Үндістан тарапынан, ол жақтан келген жұрттың көбі білімді жұрт болып, ертерек ғылымға үйір болып, қайдан шыққандарын білгендер ; екінші - маңғол жағынан келген, олар заманның көбін ғылымсыздықпен өткізіп, таурихларын терең білмей, түбі ескерусіз қалып, ата - бабаларын ақсақалдарының айтуымен, ауыз хабарынан білгеніне қанағат қылып жүріскен. Соның бірі моңғолдан шыққан халықтың бірі біздің қазақ. Біздің қазақтың моңғолдан шыққандығы бізге ұят емес, бірақ біздің білімсіз, ғылымсыз қалғанымыз ұят”деуі шежіре тарихындағы осындай жасанды мұсылмандандыру тенденцияларына өзінің пікірін білдіріп, өткен тарихқа шынайы тұрғыдан келуді қолдайды. [4]
Түркі халықтарының шежірелік арғы аталары тарихының ең ежелгі басы Оғыз қаған атты тарихи тұлғаға барып тіреледі, . Оғыз қаған - жазба шежіре мен ауызша - аңыз шежіренің біте қайнаған тұсындағы трихи кейіпкер. Оғыз қаған көптеген тарихшылардың пікірінше қытай жылнамаларыдағы атақты ғұн державасын құрушы Моде Шаньюй, яғни Модэ қаған. Оғыз ханның дүниеге келуі туралы : Оғыз қаған туғанда өң -шырайы көк, аузы оттай қызыл, қөздері қаракер шашы мен қасы қара, өгіз аяқы, бұлғын жауырынды, аю кеуделі, денесінің бәрін түк басқан еді деп суреттеледі. Оғыз қаған асқан сұлу қызға үйленіп одан Күн, Ай, Жұлдыз атты ұл туды. Оғыз қаған мен одан төрт ғасыр кейін ғұмыр кешкен “Құпия шежіренің басты кейіпкер тұлғасы . Л. Гумилев өз зерттеу еңбегінде әрқашан аңыз - шежірелік деректерге терең маңыз беріп оның мән - мағынасына жіті назар аударады [5]
Бұл түркі елінің пайда болу аңыздары Алтай тауы сілемдерінде туған”Ашин әулиетінің ата-бабаларыжергілікті түріктердің со әулиетінен тараған аңыз деректерге қарағанда бұл ел зор шапқыншылыққа ұшырап, бас сауғалап жаудан қашып келе жатып тәңірден пана тілеп жалбарынғанда Кенет көк түсті бөрі көздеріне шалынады. Көк бөрі соңдарымнан еріңдер. . ”деп ишара жасағандай болады. Соңы өлім алдынан үміт тосқан топ “Аши, қара Аши!”деп кейіннен - Өргене қон деген, Өтекен қонысына орын теуіп дәулеті мен сәулетін асырды. Малы жаны өсіп әрбірден соң Алтай таудың бауыры тарлық етті бабалардан ұрпаққа жеткен сөзде оңтүстікте ұлан - ғайыр иен дала жер бар тау ішінен шығар жол іздеп кең сахараға шығалық деп тау-тсқа өрт қойып балқытып шығып кеткен деседі. Шежіреде көп ақпарат “жасырылған емеуірінмен бріледі уақыт ағынынан тек шындық екшелініп оған сыртқы қабық аңыз әсіре сипаттар беріледі Темірші ұста -ның жол табуы түркілерге жол нұсқағант ол сол заманда темірді жете игерген түркілерге әскери басымдыққа ие етер мүмкіндік беруі болса, қайсар да қайратты қайтпас көкбөрі табиғаты жұмсақ белдеуден келген далалықтардың жаңа географиялық белдеуге қоныс аударуының символдық белгісі жаңа сападағы халықтың дүниеге келуінің бастамасын салды.
Аңыздағы Көкбөрінің немересі Әсенше 439 жылдар шамасында Алтайдың оңтүстігіндегі елдермен соның ішінде жужандармен байланыс орнатады. Шежіреде Әсеншенің ұлы Туу қаған оның ұлы Бумын қаған қаған атағын ресми иеленіп, жужандармен ат құйрығын үзіскен кезде Ұлы түрік қағанаты дүниеге келді, түркі жұртының көне аңыз шежіресі мен ресми жазба жылнамасы дүниеге келді. Оғыз қаған туралы өзіндік түркі шежірелерінде Әбілғазыдағыдай ислам мотивтері мен өңдеулері кздеспейді, бұл жыр аңыздың көнелігінің тағы бір дәлелдемесі. Шыңғыс қаған арасындағы наным -сенім қалыбындағы ұқсастық пен сабақтастықты байқаймыз. Моңғолдардың “Құпия шежіресі “атты кітабы қытай әрпімен көне монғол тіліндегі жазба нұсқасы 1382 жылы басылып шықты. Қытай тіліндегі көне атауы “Юань Чао Би ши - Юань мемлектінің құпия тарихы”[6] Кейбір зерттеушілер пәкірінше оның әуелгі түп нұсқасы жойылып, өзгертілген мәтіні қалдырылған әуелгі нұсқадан одан Шыңғыс қағанның түркі текті екендігін жасырған. Ал көне монғол дегеніміз, яғни тілі, , көне қотан тілі. Сондықтан моңғолдардың “Құпия шежіресі” қазіргі монғол тіліне қарағанда шағатай тіліне жақын деген болжам айтады. М
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz