Сан есiмдердiң даму эволюциясы


Сан есiмдердiң даму эволюциясы
Мазмұны
Кiрiспе . . . 3-4
Негiзгi бөлiм
I тарау. Түркi жазба ескерткiштерi тiлiндегi сан есiмдер сипаты
- Сан есiмдердiң түркi жазбаларында қолданылуы . . . 5-17
- Сан есiмдердiң санау тәсiлiндегi ерекшелiктер . . . 18-21
- Сан есiмдердiң этимологиясы . . . 22-27
II тарау. Сан есiмдердiң лексика-грамматикалық ерекшелiктерi
2. 1 Сан есiмдердiң мағыналық топтары . . . 28-37
2. 2 Сан есiмдердiң тұлғалық дамуы . . . 38-45
Қорытынды . . . 46-47
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi . . . 48-50
Кiрiспе
Зерттеудiң өзектiлiгi. Түркiтану саласында әлi де көп зерттеу мен талдауды керек ететiн ғылыми мәселелер бар.
Сан есiмдер ерте дәуiрлерден-ақ жалпы түркiтiлдiк қасиетке ие болған, ертеден танылып келе жатқан сөз табы екендiгi талас тудырмайтын мәселе. Дегенмен, өзiндiк қыры мен сыры толық ашылмаған сала. Түркi тiлдерi дамуындағы жаңа түркi дәуiрi ескерткiштерi тiлiндегi сан есiмдердiң қалыптасуы, даму ерекшелiктерiне арналған ғылыми еңбектер жоқтың қасы. Сан есiмдердiң жалпытүркiлiк сипатта қалыптасуы, кейбiр ескерткiштер тiлiнде берiлуi жайында кейбiр зерттеулерде айтылғанымен, сан есiмдердiң лексикологиялық, морфологиялық белгiлерi теориялық тұрғыдан әлi де толықтырылуды қажет етедi. Сол себептен қазiргi күнiмiзде қолданылып жүрген сан есiмдердiң тарихына көз жүгiртсек, олардың табиғатына тән ерекшелiктердi айқындау қажеттiлiгi туындайды. Мұндай ерекшелiктер сан есiмдердiң мағыналық тұлғалық ерекшеліктерінен көрінедi. Сондай-ақ, сөз таптарының iшiнде сан есiмдердiң көнеде пайда болғандығы олардың қалыптасу тарихына үңiлудi қажет етедi. Бұл мәселелер жөнiнде алыс-жақын шетел ғалымдары, орыс және қазақ ғалымдары зерттеу жүргiздi. Атап айтсақ, В. В. Радлов, Г. И. Рамстедт, В. А. Гордлевский, С. Е. Малов, А. Н. Самойлович, Т. Стралленберг, И. А. Кастрен, П. М. Мелиоранский, Г. Ф. Искаков, А. Н. Гаркавец, Н. З. Гаджиева, Э. Р. Тенишев, С. Аманжолов, А. Аманжолов, Ә. Құрышжанов, М. Томанов, С. Исаев т. б.
Зерттеудiң нысаны. Түркi тiлдерi дамуындағы ескерткiштерi тiлiндегi сан есiмдер.
Зерттеудiң мақсаты мен мiндеттерi. Жұмыстың басты мақсаты- сан есiмдердiң мағыналық, тұлғалық өзгерiстерiн айқындау.
Осы мақсатқа сай мынадай мiндеттердi шешу көзделдi:
- сан есiм сөз табы жайлы түрколог ғалымдардың пiкiрлерiн сүйене отырып, түркi ескерткiштерi тiлiндегi сан есiмдер жайлы теориялық материалдар жинақтау;
- түркi жазбалары тiлiндегi сан есiмдерге байланысты мысалдар теру;
- түркi ескерткiштерi тiлi мен қазiргi түркi тiлдерiндегi сан есiмдердi тарихи-салыстырмалы әдiс тұрғысынан салыстыру;
Зерттеу әдiстерi. Лингвистикалық талдаудың салыстырмалы-тарихи, синхрондық және диахрондық әдiстерi, ретроспективтiк тәсiлi қолданылады.
Зерттеу жґмысының материалдары. Зерттеу жұмысына түркi тiлдерiне қатысты салыстырмалы-тарихи тұрғыда жазылған кешендi ғылыми еңбектерден, көне түркi, орта ғасыр, жаңа дәуiр мұралары тiлiнен, қазiргi түркi тiлдерiне қатысты еңбектерден деректер алынды. Сонымен бiрге сөздiктер, ғылыми жинақтар пайдаланылды.
Зерттеудiң негiзгi тұжырымдары:
- Сан есiмдер эволюциясы көне түркi тiлiнен бастау алады;
- Түркi жазба ескерткiштерi тiлiнде қолданылған сан есiмдер тiлдiң даму барысында дыбыстық өзгерiстерге ұшыраған;
- Түркi жазба ескерткiштерi тiлiндегi сан есiмдердiң көпшiлiгi қазiргi қазақ тiлiнде ешбiр өзгерiссiз қолданылады;
- Түркi жазба ескерткiштерi тiлiнде қолданылған сан есiмдердiң мағыналық топтары қазiргi түркi тiлдерiнде де қолданылады.
Дипломның құрылымы. Диплом жұмысы кiрiспеден, негiзгi екi тараудан, қорытынды бөлiмнен және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
І тарау. Түркi жазба ескерткiштерi тiлiндегi сан есiмдер сипаты
- Сан есiмдердiң түркi жазбаларында қолданылуы
Түркi тiлдерiнiң морфологиясын, оның iшiнде сан есiмдi зерттеуде аса маңызды дерек көздерi-көне түркi жазба ескерткiштерi: Енисей, Талас, Орхон ескерткiштерi, Орхон ескерткiштерi жанындағы Құтлығ қаған, Бiлге қаған, Күлтегiн, Тоныкөк, Күлi чор, Мойын чор т. б. ескерткiштерi. Орта ғасыр жазба ескерткiштерi: М. Қашғаридың «Түрiк сөздiгi», Ж. Баласағұнның «Құдатғу бiлiгi», Кодекс Куманикус, авторы белгiсiз «Әл-қауанйин», «Ат-тухфа . . . » еңбектерi, Абу Хайианның көне қыпшақ тiлiнiң бiршама толық грамматикасы деп бағаланған «Түркi тiлдерiнiң түсiндiрме кiтабы» еңбегi. Жаңа дәуiр жазба ескерткiштерi: Қадырғали Жалайырдың «Шежiрелер жинағы», Әбiлғазы баһадүр ханның «Түрiк шежiресi» т. б. құнды жәдiгерлiктер.
Есiмдердiң бiр тобы-сан есiм сөз табы екендiгi белгiлi. Сан есiмдер тарихы жағынан басқа сөз таптарымен бiрлiкте дамығандығы анық. Ал сандық ұғымды бiлдiретiн сөздердiң жеке дара сөз табы ретiнде қалыптасуы адам ойының дамуының, синтездеу дәрежесiне көтерiлуiнiң жемiсi.
Сан есiмнiң өзiне тән семантикалық және грамматикалық ерекшелiктерi болады. Олар жеке тұрғанда абстрактi ұғымды бiлдiредi. Бiрақ олар тiлде, негiзiнен, затты не болмаса оқиғаны сан жағынан анықтап бередi. Сол кезде ғана сан есiм сөз табы өз мағынасын анықтай түседi.
Есiм сөз таптарының дамуы, тарихи өзгерiсi олардың өз алдына жеке қалыптасуына алып келдi, дегенмен есiм сөздерге ортақ, бiрыңғай мәселелер де аз емес екендiгi мәлiм. Есiм сөз таптарын, оларға тән белгiлер мен тәсiлдердi диахронды, синхронды тұрғыдан қарастырғанда да бұл ерекшелiк ескерiлуi керек. Сөз мағынасы тiлдiң дамуы барысында жаңа мағынаға ие болуы нәтижесiнде немесе көп мағыналықтың бiр түрi ретiнде тура мағынадан басқа мағынада қолданылуы осы сөзiмiзге дәлел. Мәселен, апта мағынасындағы жетi сөзiнiң қолданылуы. Бұл сөздiң шығу төркiнi сан есiмге байланысты болуы әбден мүмкiн, өйткенi бiр аптаның iшiнде жетi күн бары ескерiлген болар. Сөйтiп жетi күн деудiң орнына сан есiм ғана сақталып, уақыт түрiнiң атауы ретiнде қалыптасқан. « Жетi » сөзiнiң тағы бiр мағынасы өлген адамды еске алу болып табылады. Бұл жағдайда да сан есiммен байланыстылығы көрiнедi: дүние салған адамды жетi күннен соң еске алу дегендi бiлдiредi.
Тiлiмiздегi сан жайлы ұғымды бiлдiретiн сөздер әр түрлi және олар құрамы жағынан да бiркелкi емес, бiр-бiрiнен өзгеше қалыпта [1, 202] .
Сан есiмдердiң негiзгi тобы-бiрден онға дейiнгi сандарды бiлдiретiн сөздер екендiгi мәлiм. Қазiргi қолданыстағы есептiк сан есiмдер тарихи тұрғыдан сан жайлы ұғымды бiлдiретiн кейiнгi сөздердiң алғашқы қалыбы iспеттi. Олай дегенiмiз-қазiргi күрделi сандық ұғымдарды көрсететiн сөздердiң барлығы дерлiк осы сөздердiң негiзiнде ғана пайда болған [1, 200] .
Сан есiмдi зерттеудiң өз әдiс-тәсiлi бар, яғни тiлiмiздегi сан есiмдердi туыс тiлдер материалдарымен салыстырамыз, сондай-ақ, ескi түркi фактiлерiмен қатар қойып қараймыз, одан шығатын нәтиже арқылы сан есiмге қатысты тарихи ортақ жайларды анықтаймыз.
Тiл бiлiмiнiң дамуына байланысты түркi ғалымдары және Батыс Еуропа мен орыс ғалымдарының еңбектерiнде сан есiмге қатысты мәселелер қарастырылады.
Жұмысты орындау барысында осы зерттеулердi теориялық тұжырымдар басшылыққа алынды.
П. Мелиоранский қазақ тiлiнiң морфологиялық құрылысын талдай келе, онда зат есiм, есiмдiк, сан есiм, үстеу, жалғаулық, септеулiк, демеулiк сияқты 8 сөз табын көрсетедi. Яғни сан есiмнiң жеке дара сөз табы ретiндегi ерекшелiгiн айқындаған.
Түркi тiлдерiндегi сан есiмдер о баста ескi үндi, қытай тiлдерiнен ауысқан деген жорамал анық белгiлi тiлдiк зерттеулерге негiзделмеген көрiнедi. Өйткенi ескi түркi тiлiнде сандар жүйесiн бiлдiретiн сөздер мен қазiргi сондай сөздердi салыстыра зерттеу олардың жат тiлдiк ортада емес, түркiлiк топырақта қалыптасқандығын дәлелдейдi. Оған мысал-Орхон- Енисей ескерткiштерiнде сандық ұғымдарды бiлдiретiн сөздер тобының бар екендiгi. Мұны А. Щербак зерттеулерiнен көруге болады. Ол Орхон және Енисей бойларынан табылған тас жазуларда, сондай-ақ одан кейiнгi ғасырларға қатысты ұйғыр, араб жазуының ескерткiштерiнде көп қолданыс тапқан сан есiмдердiң қысқа тiзiмiн былай көрсетедi: бiр, ики (екi), уч (үш), төрт, дорт (дорт), бичи (бес), алты, йити, йети (жетi), секиз (сегiз), тојуз, он, йигирми, йегирми, отуз, қырқ, мин, бин (мың), түмен (он мың), алтмыш (алпыс), елиг (елу), йетмiш (жетпiс), т. б. [3, 201] .
Түркiлiк сан есiмдердi зерттеу, яғни сан есiм сөз табын туыс тiлдер материалдарымен салыстыру, сан есiмдердiң этимологиясын анықтау, Орхон-Енисей және одан бұрынғы дәуiрлерден күнi бүгiнге дейiнгi қолданыстағы сан есiмдердi топтап, айырмасы мен ұјсастығын айқындау, сандардың шығу тарихына тоқталу шетел, орыс, сонымен бiрге қазақ ғалымдарын да бейжай қалдырған жоқ [3] .
Ф. Г. Исхаков көне жазбалар тiлiндегi сан есiм мен қазiргi қолданыстағы сан есiмдер арасындағы дыбыстық ерекшелiктердi көрсетедi. Яғни бүгiнгi қолданыстағы сандық ұғымды бiлдiретiн сөздердiң арғы сипатын анықтайды. Мәселен, көне жазбалар тiлiнде тәуелдiктiң үшiншi жағы ерiндiк дыбыстармен де (-у, -ү) берiлетiнiң және жинақтық сан есiмдердiң қолданылуындағы осы ерекшелiкке мән берсек, Ф. Г. Исхаковтың iзiмен алтау жинақтық сан есiмiнiң арғы сипаты алтағ , сол сияқты учег, төртег т. б. деуге негiз бар [4] .
Ғалым О. Сүлейменов өзiнiң «Язык письма» атты еңбегiнде сан есiмдерге бiршама беттер арнаған. Ғалым түркi тiлдерiндегi сан есiмдердi басқа тiлдер материалдарымен салыстыра зерттей отырып, фонетикалық ерекшелiктерiне тоқталған: «Тюрки получают цифру и числительное ٭ meš (peš) -десять. Сохраняется в сложных числительных: jitmeš-70 (тат. ), jetmiš (огузо-карл. ) . При jite, jeti-7, в казахском źeti-7, zetpis-70 » [5, 105] .
Оказавшись в положении суффикса, служебное числительное подчиняет свое качество (по закону тюрского сингормонизма) качеству звуков корня: alty-6 (обшетюрк), altmyš-60 (огузо-карл. ), alpyš -60 (каз. ) . В окончаниях угро-финнских десяток отмечается системное окончание mys» [5, 92] .
Сонымен қатар, көне түркi және орта түркi жазба ескерткiштерiнiң тiлi туралы қазақ ғалымдары зерттеулерiнде Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томановтың «Көне түркi жазба ескерткiштерiнiң тiлi» (1971), М. Томановтың «Қазақ тiлiнiң тарихи грамматикасы» (1981) сияқты студенттерге арналған оқулық, оқу құралдарында да сан есiмнiң тарихи даму жолы жайлы мәлiметтер бар.
Сан есiмге қатысты соңғы зерттеулерден, мәселен, «7-санының қасиетi» жайындағы М. Ержанның мақаласынан, профессор Ә. Ыдырысовтың «Шумерлер мен түркiлер» атты көлемдi зерттеуiнен бiршама мағлұмат аламыз.
М. Ержан өз мақаласында сан есiмдi атам қазақ қастерлейтiн жетiлiкке қатысты ұғымдар тұрғысынан зерттеген: жетi нан, жетi жау, жетi жұт, жетi қазына, жетi күн, жетi ата т. с. с. Және де жетiден өзге қазақ үшiн қасиеттi сандар 3, 5, 12, 13, 40 т. б. сандарды көрсете отырып, жетi санына ерекше тоқталған: Жоғарыдағы «жетi» санына байланысты ой-тұжырым, жорамалдарды қорытындыласақ, арғы ата-бабамыздың «жетi» санының өзiндiк ерекшелiгiне үш түрлi жорамал бар:
1. Адам бойында жетi санының кездесуiне байланысты (жетi айлық бала,
жетi мүше) .
2. Жетi қарақшы жұлдызына табынуға, ескi тотемге байланысты.
3. Жетi күн, аптамен байланыстылығында [2] .
Профессор Ә. Ыдырысов жоғарыда аталған мақаласында О. Сүлейменов «Тюрки в доистории» еңбегiнде шумерлер мен түркiлердi туыс деп көрсетiп, соған негiз шумер тiлiнде түркi тiлiне қатысты сөздердiң бар екендiгiн айқындап, сондай 70 сөздiң кестесiн жасағандығын, сол кестеден, тiптi қазақ тiлiне тиесiлi сөздердiң кездесетiнiн тiлге тиек еткен. Ендi бiз сол мысалдардан сан есiмдердi кездестiрiп отырмыз: «Шумерше: u (y) -десять-10; түрiкше: un (ун) -10; қазақша: он (10) ; шумерше: usu (усу) -30; түрiкше usun (усун) -30; отыз-30; шумерше: es (ес) -«три»-3; түрiкше: us (ус) -3; үш-3; шумерше seksen-80; түрiкше: seqizyn-80; қазақша: сексен (80) » [6, 12] .
Түркi халықтарының кейбiрiнде сан, санақ, мөлшердi бiлдiретiн сөздердiң өзге тiлдегi элементтер негiзiнде қалыптасу фактiлерi де кездеседi. Дегенмен, негiзгi деректер түркi тiлдерiнде бiршама этимологиясы анық емес сандық ұғымды бiлдiретiн сөздердiң о баста пайда болуы жат тiлдiк әсердiң нәтижесi емес, түркiлiк ортада пайда болғандығын жоғарыдағы келтiрiлген мысалдар қуаттайды. Миллион, триллион тәрiздi сөздер кейiнгi дәуiрлерде батыстан келгенi мәлiм. Көне түркi тiлдерiндегi мұндай ұғым болмағанын күнi бүгiнге дейiнгi жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижесi көрсетедi. Ал түмен сөзi өз кезеңiнде қолданылғанымен, қазiр қолданыстан шыққан сан есiм. Зерттеушiлердiң бiразы бұл о баста монғол сөзi болуы керек деген болжам да айтып жүр.
Дегенмен, сан есiмдер ерте дәуiрлерден-ақ жалпы түркi тiлдiк қасиетке ие болған, ертеден танылып келе жатқан сөз табы, талас тудырмайтын мәселе. Сан есiмнiң көне, дегенмен орныққан сөз табы екендiгiне бiрден-бiр дәлел сонау Орхон ескерткiштерiнде де кездесетiндiгi.
Ендi хронологиялық тәртiппен түркi жазба ескерткiштерi тiлiндегi сан есiмдердiң қолданысына шолу жасап көрейiк.
VI-VIII ғасыр Орхон, Енисей түркi жазба ескерткiштерi тiлiнде қазiргi түркi тiлдерiндегi сан есiмдердiң барлығы да кездеседi. Оларды ғалым Ғ. Айдаровтың жiктеуi бойынша: бiрлiктер, ондықтар, жүздiктер, мыңдықтар деп көрсетсек болады: 1. бiр, екi, уч, төрт, беш, алты, йетi, тоғуз, т. б. 2. Он оқ қағаны йағымыз ертi. Елiгче ер тутдымыз. Йетмiш ер болты. Күлi Чор секiз он (сексен) йасап, йоқ болды. Түрк қыбчақ елiг (елу) олурмыс. 3. йүз, йетi йүз т. б. Ыда ташта қалмысы қубранып, йетi йүз (жетi жүз) болты. Қамуғы йетi йүз ер болмыс. 4. Йетi бың (жетi мың) сү iлкi күн өлiртiм. Бiз екi бiң (екi мың) ертiмiз сүсi алты бың (алты мың) ермiс. Бес түмен (бес мың) сү келтi. Құғ сеңүн башлайу төрт түмен (төрт мың) сү келтi [7, 82-87] .
Орхон-Енисей жазба мұраларында сан есiмдердiң бүгiнгi барлық мағыналық топтары кездеседi. Тек Күлтегiн ескерткiшiнде жинақтық және топтау сан есiмдерi кездеспегенiмен, Тоныкөк пен Бiлге қаған ескерткiштерiнде аз да болса көрiнiс бередi [1, 103] .
Реттiк сан есiмдер -нтi, -нч, -ынч, -iнч жұрнақтар арқылы жасалса, жинақтық сан есiмдер -ағу, -егу қосымшасы жалғану арқылы, ал топтау сан есiмдерi -ча, -че қосымшалары арқылы берiлген [7, 85] .
Орхон-Енисей жазба ескерткiштерi тiлiндегi сан есiмнiң қазiргi тiлiмiздегi сан есiмнен айырмашылығы санау тәсiлiнен көрiнедi. Мәселен, текстерде оннан бастап санағанда бiрлiкке ондық қосылып айтылатын болған: Күлтегiн бiр қырқ (отыз бiр) йашайур ертi. Алты отуз (жиырма алты) йашыңа чiк будун қырық аздармен бiрге жау болды [8, 104] .
Орта ғасырдың алғашқы кезеңiнде шамамен 1069 жылы жазылған деп шамаланған Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрiк» еңбегiндегi сан есiмдердi А. Егеубайдың аудармасы, транскрипциясы негiзiнде жинақтадық. Шығармада бiрлiктер, ондықтар, мыңдықтар және заттың қатарын, ретiн бiлдiретiн реттiк сан есiмдер кездеседi: Мысалы: иеттi қат көк [9, 39], оттыз қармақ [9, 172], еллiк (елу) иармақ [9, 173] . Бiгiп бiгiп мың болар, тама-тама көл болар.
Ендi бiр санның өз мағынасынан басқа екi мағынада жұмсалғандығына мәтiннен үзiндi келтiрсек: «оттыз иармақ-отыз теңге, оттүз иармақ-отыз теңге, отыз ақша. Оттұз сөзiн үш деген мағынада қолданылатыны да бар. Мен мұны Күнгiтте йағмалардан аңғардым. Олар «Оттұз ишәлим» деп, үштен iшкендерiн өз көзiмен көрдiм . . . Бұл жырда келтiрiлген «Отыз iшiп қықралым» дегендегi «оттыз» сөзi «үш қайтара», үш-үштен деген мәнде қолданылған» [9, 172-173] .
Ә. Н. Нұрмаханова ХI ғасыр ескерткiштерiндегi сан есiмдердiң айтылуында кейбiр өзгерiстердiң барлығын көрсеткен. Мәселен, Махмұд Қашқари «Дивани лұғат ит-түрк» еңбегiнде бир және бийр, ики, икки түрiнде қолданылғанын көрсетедi. Бұл жағдайда бiрiншiсi қысқа, екiншiсi созылып айтылатындығы сезiледi. «Қутадғу бiлiкте» де бiр сан екi вариантта қолданылған:
Киши икки турлук киши отанур.
Бири угратигли, бири угранур.
Ики дан нару барча йилји сони,
Тиласа муни тут тиласа ани [10, 81] .
М. Маженова «Абу Хаййан еңбегiндегi грамматикалық тұлғалардың көрсеткiшi» атты мақаласында: -ғу тұлғасы арқылы жасалған алтағу/алтау жинақтық сан есiмiн, -нчi тұлғасы арқылы жасалған алтынчы/алтыншы; тоқсынчы/тоғызыншы реттiк сан есiмдерiн көрсетедi [11, 281-291] .
«Әл-қауанйин . . . » қолжазбасында тiлдiң құрылымдық жүйесiне, тiлдiк материалдардың түзiлу әдiсi, берiлу тәсiлiне анықтамалар берiлген, авторы, жазылуы уақыты белгiсiз. Алайда бiзге қатыстысы еңбектегi сан есiм сөз табының көрiнiсi.
Бұл ескерткiштiң «Жинақтау» бөлiмiнде сан есiмдер мен есiм сөздердiң өзара тiркесi және семантикалық мағынасы туралы сөз болады, осы тұстан «Әл-қауанйин . . . » еңбегiндегi сан есiмдердiң берiлуiне назар салайық: «toquz yuz kisi-тоғыз жүз кiсi, bir sagir-бiр сиыр, otuz kogercin-отыз көгершiн» [12, 58-60] .
Дүйсен Сержан, Яван Кенан талдауындағы ks, qs, qz, т. с. с. дыбыс тiркесiне аяқталатын сөздер деген тұстан қолжазбадағы seksen, toqsan, toqzan тәрiздi сан есiмдердi кездестiремiз [12, 64] . Және де nc, rt дыбыс тiркесiне аяқталатын сөздер деген тұстан birinc, (бiрiншi) реттiк, qort (төрт) есептiк сан есiмдерiн байқаймыз [12, 65] .
Сонымен қоса бұл кiсiлердiң зерттеуiнде қолжазбадағы сөздер мен морфологиялық тұлғалардың бет саны мен жол саны көрсетiлiп, индекс берiлген. Бұл тұстан да сан есiмдердiң бiрлiк, ондық, жүздiк, мыңдық түрлерiн көруге болады: бiр кiшi, тоқуз кiшi, йiгiрмi, отуз, қырқ, еллi, тоқсан, алтымыш, йетмiш, йүз, икi йүз, секiз йүз, мың, йедi мың. Мұндағы бiр ерекшелiк қазiргi миллион ұғымының мың мың түрiнде берiлуi [12, 88-111] .
Орта ғасырда (ХIV ғ. ) жазылып қалған ескерткiштердiң бiрi-«Ат-тухфа . . . » еңбегiндегi сан есiмдер мынадай тұлғада келедi: «бир, икки, уч, дөрт, баш, алты, йады, сакиз, такуз, он, иагирми, алли, атмыш, йатмыш, саксан, йүз, икки йүз, биринчи, дөртунчи, он башинчи, иккав (двое), учав (трое), учар (по три), йадишар (по семь) т. б. » [13, 40-41] .
Жаңа түркi жазба мұраларынан Қадырғали Жалайыр мен Әбiлғазы баһадүр ханның шежiрелерi тiлiндегi сан есiмнiң берiлуiне тоқталамыз.
Әбiлғазы баһадүр ханның «Түрiк шежiресi» тiлiн зерттеушiлер оны қыпшақ тобына жататын тiлдерге, оның iшiнде қазақ тiлiне жақындатуға мол мүмкiндiк бар екендiгiн айтады [14, 3] . Шежiреден келтiрiлген құрамында сан есiмi бар сөйлемдер: Сексен екi йыл пайғамбарлық қылыб халықны тұғры йолға оңдады. Көб уақытлар өткенден соң йетi йүз өлүб үч йүз кiшi бiрлән уч бегi қайтыб келдiлер. Ғабдолғазиз хан бiрлән йарашыб тарих мың тақы йетмiш төртде (1074) . . . дарфәниден дарбақиға рақилет қылды. Тарих хижири мың тақы он төртде (1014) . . . талуғ қылыбмыз. Оғуз ханның алты ұғлы бар ердi, бирiнчi ұғлының аты Күн хан екiнчi Ай хан үчүнчi Йүлдүз . . . үчленчiсiнiң аты Боданжар. Чыңғыз ханның бешленчi ұғлы Шибан хан . . . Бу алтысының һәр қайсысының төрт ұғлы бар ердi. Бiрiсi тағ iчiнден йурүб екi күнде ұлұғ йолға қошұлұр. Келген төрт түлүк малның төртүсiндiн һәм көб табдылар. Адам фәрзандларын дын сiз Үчiңiздiң өзге кiшi қалмады имдi Үчiңiз үч йұртда тұрың. Андын соң мен беш алты кiшi бiрлән Хиұқ келдiм. Иман құлды хандын екi үч керрет рұқсат тiледүк. Сұлтан дың қатында намысұлы уа арлы йiгiтлердiн йетмiш йа сексен кiшi қалды. Улығ шаһарларда йарым кече болғанда нақараға йағач қойадылар. Тамәм тарихларының үчтен бiрiн йа йарымыны ғалет қылып тұрұрлар [14, 117-118] .
Бұл мысалдардан шежiредегi сан есiмдердiң барлық мағыналық топтарын, жасалу жолдарын көруге болады.
Қадырғали Жалайырдың «Шежiрелер жинағының» негiзгi желiсiне байланысты болар шығармада сан есiмдер өте аз кездеседi. Олар төмендегiдей:
екi, беш, тоқұз, йетмiш, юз, мың т. б.
екiнчi, бечiнчi, тоқұзынчы т. б.
он-ондын, екi-екiдiн,
йiгiрме-отұз мың, беч-алты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz