Тұрмағамбет – Сыр өңіріндегі қазақтың жазба әдебиетін қалыптастырушы


титулка
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе . . . 3
2. Негізгі бөлім
2. 1. Тұрмағамбет - Сыр өңіріндегі қазақтың жазба әдебиетін
қалыптастырушы . . . 9
2. 2. Тұрмағамбет - қазақ әдебиетінің классик ақыны . . . 17
2. 2. 1. Назым сөздің шебері - Тұрмағамбет
а) Өлеңмен өрілген өмір . . . 22
(Лирикалық-дидактикалық өлеңдері)
ә) Ширатқан шым жібектен өлең - жырын . . . 30
(Өлең - жырларындағы көркемдік айшықтар)
б) Шайырдың асқақ үні . . . 39
(Толғауларындағы көрініс)
2. 2. 2. Шешен тілді, асқақ рухты ақын
а) Сатира сардары . . . 43
ә) Түрме жырлары . . . 49
2. 2. 3Тұрмағамбет және парсы әдебеті
а) Шайыр жырлаған «Шаһнама» . . . 54
ә) «Шаһнама» қазақ топырағында . . . 64
б) Шаһнаматанушы ғалымдар . . . 69
3. Қорытынды
3. 1. Тұрмағамбет мұралары ХХІ ғасыр билігінде . . . 74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 77
Қосымша
КІРІСПЕ
Жұмыстың мақсаты: Тұрмағамбет Ізтілеуұлының өмірі мен шығармашылық әлемімен таныстыру. Шығармашылығындағы көркемдік ерекшеліктеріне тоқталу, тақырыптық - идеялық мәнін ашу.
Жұмыстың өзектілігі: Сыр саңлағы Тұрмағамбетті тану, киелі Қорқыт баба өңірінен шығып, зерделігіменен Көкелташ, Мир-Араб секілді ірі діни, ғылыми орталықтардан білім алып, әйгілі «Шаһнаманы» қазақшаға тәржімалаған Т. Ізтілеуұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеу - бұл жұмыстың негізгі өзектілігінің бірі.
Қазақ халқының бұрын-соңды тарихи әлеуметтік, әдеби-мәдени кеңістігінде Сыр өңірінің алар орны ерекше. Ежелгі Сақ, Қаңлы, Түркі-сір, Оғыз-Қыпшақ дәуірлерінде жасалған тарихи-мәдени мұраларымызды айтпағанда, бергі Қазақ хандығы тұсынан жеткен құндылықтарымызға Сыр бойын жайлаған этнобірлестіктердің қосқан үлесі қомақты. Сыр өзенінің жағалауы - қазақ тарихының маңызды, һәм ажырамас бөлігі. Осынау ұлы өлкеде «Жібек жолының» сан ғасырлық ізі сайрап жатыр. Бұл Дешті-Қыпшақ, Мәруанаһр, Хорезм өркениетінің түйіскен жері, пост-түркілік қазақтың Орталық, Оңтүстік және Батыс өңірлерінің мәдениетін байланыстыратын Әму-Сыр-Арқа әдеби-транзиттік аймағы.
Қазақ бодандық қамытын киген соңғы екі ғасырда Сыр өңіріндегі жасаған төлтума мәдениет өкілдері ұлт өнеріне өлшеусіз үлес қосты. Алайда, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген жазбагер шайырлар арасында төл қолжазбалары толық сақталған талант иелері сирек. Жад арқылы ауызша таралу қасиетіне ие халық ауыз әдебиеті үрдісі мен жазба поэзияның қалыптасу шекарасында тұрған аралық дәстүр өкілдерінің шығармашылығында шешімін таппаған мәселелер жетерлік. Соның бірі - Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуұлы.
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы 1882 жылы Түркістан өлкесіне қарасты Сырдария облысының Қазалы уезінде, сол уездегі Қуаңдария болысының 2-аулында, «Ақтайлақ-кезең» атанған мекенде дүниеге келді (қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы) . Тұрмағамбет ақынның балалық шағы Сырдария өзені бойында, оның жағасындағы су жолы, керуен жолы, әрі осы өңірдің әкімгершілік орталығы - Ақмешіт, Қармақшы, Қазалы қалаларында өтеді. Жасы он алтыға шыққанында әкесі дүние салады [4] .
Ел арасының қария сөзіне құлақ түрер болсақ, Тұрмағамбеттің әкесі Ізтілеу деген кісі бұрындары жазылып, жалпақ жұртқа «танылып» келгеніндей тым өрескел «сіңірі шыққан жалшы» болмағанға ұқсайды. Ақынның шыққан тегі мен өмірбаянын таптық тұрғыдан қарастырып, иіп әкеліп жалшылықтың тертесіне жегіп, кедейліктің қамытын кигізіп отыратын көнерген көзқарастың кезінде Тұрмағамбет міндетті түрде жалшының баласы болып танылуға тиіс болғаны рас. Сыр бойы, Қармақшы өңірін жайлаған Кіші жүз әлем, шөмен, жетірудың ішінде ортадан жоғары дәулетімен мал өсіріп, жан баққан Ізтілеу Қызылбайбаласы Қыр мен Сырдың арасындағы байтақ далада еркін өскен есті әулеттен. Сіңірі шыққан жалшы өзіне тиесілі мұндай көші-қон шекарасының етек-жеңін түре алмаса керек. Ізтілеудің қабірі - Қызылорда облысы, Төретам станциясынан 100 шақырымдай жерде Нұра, Қарақұм бетіндегі «Жеркіндік» деген белесте. Ерте көктемде қырға көшіп бара жатқанда кенеттен дүние салған Ізтілеу осы жерге жерленіпті [36] .
Тұрмағамбеттің шешесі - Жұпар Ермағамбетқызы. Ақынның анасы туралы мәлімет тым аз. Ермағамбет атасының да діни сауаты бар, ескіше хат таныған кісі екені ғана айтылады. Тұрмағамбеттің есімі осы нағашы атасының құрметіне ұқсастырылып қойылған. Күні бүгінге дейін Тұрмағамбет ақынмен бірге туған бауырларының да ат-есімі, олардың кім болғандығы, бар болса, бүгінгі ұрпақтарының тыныс-тіршілігін анықтау мүмкіндігі де болмай келді. Ақынның Кеңестік кезеңді жырлаған өлеңдерінің өзі үлкен күшпен жарияланып, әр жарияланым сайын баспа цензурасы, онда отырған Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті қызметкерлері саптаяқтан қарауыл қарап, ақтарып, тексеріп, тіміскіленіп отырғанда ақын өмірбаянына қатысты мұндай «артық-ауыс» саналған нақтылықтарға ешкім көңіл аудармағаны да ақиқат. Бізге белгілі болып отырғаны Ізтілеудің Тұрмағамбет, Шайқы, Нұржан, Ислам, Хатша деген бес баласының болғандығы.
Нұржан мен Ислам көп өмір сүрмей-ақ, жас шағында дүние салған. Шайқының Әкім деген баласы болып, ол да майданға аттанып, хабарсыз кеткен соң Шайқы өз атына Тұрмағамбеттің баласы Әбдірауықтың үлкен ұлы Ұлықпанды жаздыртып алған. Ал, Шайқының қызы Мафура бой жетіп, тұрмыс құрғанша Тұрмағамбеттің тәрбиесінде болған.
Бір жылы қатар отырған ауылға Жұбанбай мен Бекет билер қыдырыстап жүріп, көрші үйге түсіп, Ізтілеудің үйінен аттарына салатын шөп сұратып жіберіпті. Сонда Ізтілеудің ұлы Нұржан тұрып: «Жұбанбай болмақ түгілі, әкесі Бұқабай келсе де беретін шөп жоқ» деп салыпты. «Әй, оңбассың!» - депті, назаланған Жұбанбай. Сонда Бекет: «Әй, Жұбанбай! Сен менен төмен екенсің ғой. Біреуді тұқымсыз жібердің ғой» - депті. Жұбанбай айтқан қарғысы мен назасы мірдің оғындай, айнымай келетін тентек кісі екен. Ақыры, сол Нұржан тұқымсыз кетіпті. Ел арасының есті әңгімесі күні бүгінге дейін аңызға бергісіз осындай мөлдір естеліктер сақтап келеді. Ізтілеудің жалғыз қызы Хатша Арқаның найманына ұзатылған. Сол кеткеннен елге, туған топырағындағы бауыр-жұрағаттарына араласудың реті келмеген. Конфискация, арты ашаршылық, аяғы соғыс нәубеті жылдары арадағы байланыс мүлдем үзіліп, Хатша Сырда қалған бауырларымен мүлдем көрісе алмаған. Сонымен, кейінгі жастар бір-бірінен көз жазып қалып, Хатшаның өзі ұзатылған жерінде дүние салып, сол жердің топырағы бұйырған. Тұрмағамбеттің Хатша қарындасынан туған жиені Сейіл Еспембетов нағашы әулетін тауып алып, араласа бастағаны да кейінгі жылдары екен. Міне, Қызылбайбаласы Ізтілеуден тараған бес баланың тағдыры осылай болған [36] !
Тұрмағамбет Ізтілеуұлының ата-тегі туралы шежірелік кесте де көпшілік жұртқа беймағлұм күйде келеді. Ақынның шыққан тегін шақалап, бүгінгі ұрпағына дейін тарататын толық кесте жүйесі өз ұрпақтарының қолында сақтаулы. Кіші жүз жұрты өзінің тегін Жанарыстан таратып, одан өрген тұқым Қаракесек атымен ныспыланады. Сол Қаракесектен - Байсары, Әлім, Шөмен; Байсарыдан - Бозаншар, одан Адамқожа, Түменқожа, Қыдырқожа. Түменқожадан - Асан, Құлыс, Жанбақты. Құлыстан - Әлмәмбет (Дуан), Сарымәмбет, Әйтмәмбет (Аю) . Сарымәмбеттен - Мұртазалы, Құрманәлі. Мұртазалыдан - Андағұл, Добай, Қарба, Бостанбай, Күлкі, Қойбақ. Добайдан - Есен, Мырза. Мырзадан - Еламан, Қабанбай, Жайлаубай; Еламаннан - Жанкісі, одан Қонысбай, одан Қызылбай, одан Ізтілеу, одан Тұрмағамбет (Тұрмұхаммед) . Тұрмағамбеттің кіндігінен тірі қалғаны жалғыз Әбдірауық, одан - Ұлықпан (1949), Шалқыма (1951), Абат (1956), Гүлбарам (1958), Зәмзә (1961), Нөсер (1963), Бақыт (1968) . Алашқа аты жайылған Тұрмағамбет сияқты даңғайлардың ата-тегін бүгінгі ұрпақтың біліп жүргені жөн!
Дуан Байболат болыстың бірінші әйелінен Биға, екінші әйелінен Нәзира, Жарылқап, Зәріп есімді үш перзент көрген. Әкелері Байболат пен Ізтілеудің арасында келісім болып, ауызтамар араластықтарының аяғы құдалыққа ұласады. Тұрмағамбет пен Биға жас кездерінде атастырылған, бірақ қолдан ұзатылар кезде Байболат дүние салған. Сол Биға - Тұрмағамбеттің ұстазы Алдашбай ахунның өкіл қызы [36] .
Медресені үздік бітіріп, Шығыс тілдері - араб, парсы, түрік-шағатайшаны емін-еркін меңгерген Тұрмағамбет осы тілдерде жазылған Шығыстың классикалық шығармаларын өз халқына жеткізуді алдына мақсат етіп қояды. Революцияға дейін жазған көп шығармаларының ішінде: «Мәрді дихан», «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз», «Рауа бану», «Әшкәбус», «Лұқпан Хәкім», «Сүлеймен мен кірпішешен», «Ата мен бала», «Төрт дос», «Өгіз бен есек», «Ескендір», «Үш бәңқор», «Білімсіз», «Есер мен есті», «Соқыр мен ақсақ», «Әділетсіз», «Көкқұтан мен шымшық», және басқа мысал, хикая, дастандары - Шығыстық көркем әдебиеттің атақты шығармалары - «Шаһнама» мен «Тотынаманың», «Мың бір түн» мен «Ескендірнаманың», Рабгузи мен Мақтұмқұлы кітаптарының бөлімдері. Тұрмағамбет ақын сол кітаптарды оқып, өзін қызықтырған сондағы сюжеттерді негізге алып, қазақтың өз өлеңіндей, тыңдаушыларын тамсандыра оқиғалы мысал, хикая, дастандар жазады. Тұрмағамбеттің медреседе жазған өлеңдері: «Лұқпан хакім» (1900), «Мәрді дихан» (1900), «Ұстаз ұсынысы» (1900), «Шәкірттерге» (1905), «Еңбегің ессізге еткен еш болады» (1905), «Не қызық» (1905), «Құлжан Биге» (1905) .
Өмірін дін жолы емес, дүниетану ғылымына, өнер жолын ақындыққа арнайды. Өзі шыққан езілген тап - өзегі талған кедейдің мұның мұңдап, жоғын жоқтайды.
Қытымыр заманның қыспағында жүріп, ондаған хикая-дастан, жүздеген жыр-өлеңдерді тудырса да, ақынның революцияға дейін еңбегі баспа бетін көрмеді. Бірақ, қалың ауылдың қақ ортасында өсіп, ел өмірімен етене боп кеткен Тұрмағамбеттің жырлары жыраулар арқылы қалың қауымға кеңінен таралған . . .
Осы кезден бастап Тұрмағамбеттің өмірі мен еңбектері оқулықтар мен бағдарламаларға енгізіліп, орта мектепте оқытылды. Сонымен бірге, ақын шығармалары мектеп оқулықтары мен бағдарламаларына енгізіліп, орта мектепте оқытылғаны М. Байділдаев зерттеулерінде /1956-1971/ толық қамтылған. С. Мұқанов, Қ. Бекхожиннің орта мектептің VІІІ класына арналған хрестоматиясына /А. ҚМБ. 1937ж 6069 б/ Шаһнамадан Сам батыр туралы үзінді берілсе, Ә. Үсеновтың орта мектептің ІХ класына арналған хрестоматиясында /А. ҚМБ. 1937ж. 7598 б/ «Алып қыран», «Көктем», «Үш баңқор», Шаһнамадан «Залдың балалық кезі» үзіндісі берілген. А. Әлібаев, Ә. Қоңыратбаевтың бастауыш мектептің ІІІ класына арналған оқу құралында /АҚБ. 1936ж. 104-106б/ «Алып қыран» өлеңі берілген. Дегенмен, 1949 жылғы космополитизм туралы қаулыға сәйкес, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің, тарихымыздың ұлттық рухын бейнелейтін тұстар ұлтшылдық деп танылып, оқытылуға, жариялануға тыйым салынғандықтан Т. Ізтілеуұлы шығармалары әдебиетімізден алынған сыңайлы [26] . Шығармаларының бірқатары орыс тіліне аударылып, орталық газет-журналдар мен жинақтарда және А. М. Горькийдің инициативасы бойынша «Правда» редакциясы бастырған «Творчество народов СССР» кітабында Тұрмағамбет шығармасымен тұңғыш рет танысты. Қазақ ақынының алғаш аударылған бұл еңбектері 1937 жылы «Литературный критик» журналында жан-жақты талдау жасалынды. СССР Ғылым академиясы «Совет дәуіріндегі орыс халқының поэтикалық творчествосының очеркі» деген еңбегінде Тұрмағамбетті халық шығармашылығын дамытуға еңбегі сіңген еліміздегі белгілі қайраткерлердің қатарына қосады [16] .
Қазақтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің және Орта Азия халықтарының көркем әдебиет үлгі, дәстүрлерін Тұрмағамбет жақсы білген, оны қадір тұтып, бойына сіңірген. Соларды бір-бірімен шебер ұштастырып, өзінің шығармашылық-ақындық лабораториясында қайта қорытып отырған, өзіндік шеберлігімен танылған ақын.
Тұрмағамбет ақын осы тұста Шығыс әдебиетін жақсы білетін бірқатар мамандармен кездеседі. Осы туралы «Айнимен де ақылдастым», - дейді ол [17] . «Шаһнаманың» шығыс тілдерінде тараған поэзиялық, прозалық үлгілерін таңдап алып, оны Фирдоуси үлгісі бойынша қайтадан жырға айналдырады.
Шығыстың әйгілі эпопеясы - «Шаһнаманы» шығармашылық құрал ретінде кәдеге жаратып, оны қазақ ұғымына үйлестіре жырлап шығу Тұрмағамбеттің ақындық өміріндегі шоқтығы биік елеулі ерекшелігі.
Көпті көрген саңлақ ақын Тұрмағамбет өз өмірбаянын, асқан асуларын, жүрген жылдарын жүрегінің қасиетті қанымен жырлап, күнделікті дәптеріне тіркеп кетті.
Академик жазушы Ғабит Мүсірепов 1958 жылы жазушылардың республикалық ІІІ пленумында жасаған баяндамасында Тұрмағамбетке арнайы тоқталып: «Шынын айту керек, бұл жөнінде Қазақстан Жазушылар одағы да түрткі салмаған, баспа орындарының алдына талап қоймаған. Бұдан былайғы жерде бұл ұятымызды жууға тиістіміз», - деген еді [16] .
Тұрмағамбет өзінің қанасын қақ жарып шыққан пәк перзенті - төл шығармаларының тас баспамен теріліп түптелген жинағын көзімен көріп, қолымен ұстап оқи алмай 1939 жылы дүниеден өтті.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. ТҰРМАҒАМБЕТ - СЫР ӨҢІРІНДЕГІ ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ
Алғашқыда өз ауылындағы Қожабай, Алдашбай, Ораз деген ишан, молдалардың көшпелі мектебінде оқып, мұсылманша білім алады. Медреседе оқымай тұрып-ақ небәрі 13-14 жас шамасында оның 1896 жылы «Қара қоңыз» дастаны жазылады. Шығыс тілдерін үйрену, білуді өнер деп санаған Тұрмағамбет таудай талаппен ұшқан құстың қанаты талған, сағымданған сусыз шөл дала - «Қызылқұмның» шағыл құмын толарсақтан кешкен керуеннің соңына еріп өзегі тала, ерні кезере, қазіргі Өзбекстанның Бұхара қаласына әрең келіп жетеді. Сол кездегі Таяу, Орта Шығыс және Орта Азия елдері үшін ұлық саналатын қабырғасы ХVІ ғасырда қаланған Бұхарадағы әйгілі оқу орны - «Мир-Араб медресесіне оқуға түседі. 1899 жылдан бастап сондағы Көкелташ медресесінде оқиды.
Белгілі мәдениет қайраткері, Тәжік Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик Садриддин Сайдмұрадұлы Айни да (1878-1954) осы жылы Көкелташ медресесінің шәкірті болатын. Тұрмағамбет пен Садриддин алғаш осында танысып, дос боп кетеді. Айнимен жақын болу оның шығармашылық бағытына үлкен әсер етеді. Олар моллабача (студенттер) арасында әдебиет үйірмесін ұйымдастырып, оған жол-жоба көрсетіп жетекшілік етеді. Көкелташ медресесін екеуі бір мерзімде хатым етіп (бітіріп), хатиршатты (дипломды) бірге алып шығады.
Көшпелі қазақ жерінен Орта Азияның атақты қаласына білім іздеп, шөліркеп келген Тұрмағамбет, оның бай кітапханасынан Шығыстың ежелгі мол мәдени мұрасы - дарқан шығармаларын тауып алып мейірлене оқиды. Әсіресе, арабтың «Мың бір түні» мен «Тотынамасын», парсының «Шаһнамасы» мен Омар Хайям, Хожа Хафиздің сұлу сазды нәзік лирикасын, Шайқы Сағдидің «Гүлстаны» мен «Бостанын», Низамидің «Ескендірнамасы» мен «Қысырау-Шырынын», Науаидің «Ләйлі-Мәжнүні» мен «Жеті шұғыласын», Рудаки мен Физулидің, Жәми мен Бедилдің хисапсыз мол дүниелерін бас алмай қызыға оқып, құмарта сусындайды, философтар мен тарихшылардың асыл қазыналарын ерінбей ақтарады [13] .
Тұрмағамбет үлгі-өнеге тұтқан Сыр бойы ақын-жыраулары арасынан нақты кімнің атын атауға болады? «Әр елдің бар еді бұлбұлы» толғауында сипаттап, әрқайсына жеке мінездеме берілетін он тоғыз Сыр саңлағы: Аяған, Бұдабай, Сәдір, Әзілкеш, Бекіш, Ешнияз, Толыбай, Оңғар, Сүйіндік, Сүйкімбай, Базар, Ерімбет, Шегебай, Аманжол, Есенжол, Жүсіп, Жиенбай, Омар, Нұржан сияқты айтқыштарды түгел «Тұрмағамбеттің ұстаздары» еді деп қате басуға болмайды. Бұлар сол тұстағы қатарынан қарасы озған, өлең өресі, ділмарлығы мен орындаушылығы өзгеден жоғары тұрған Сыр бұлбұлы, өңірдің мақтанышына айналған озат айтқырлар еді. Тұрмағамбет өз толғауында олардың абыройлы есімін көпке таныстыруды ғана мақсат тұтқан. Шығарма топқа түсіп, алқаға жырлайтын жыршы-орындаушылардың өтінішімен жазылуы да мүмкін! Алқалы жиында өзге өңір өнерпаздарымен қатар жырлағанда арына шауып, ел ардақтыларының атын ұлықтайтын үрдістің барын ескерсек, бұл толғаудың да сол сарыннан алыс еместігі анықталады [14] . Шайырлық поэзия мен халық ауыз әдебиетінің бел ортасында жасаған Сыр саңлақтары шығармашылығында мұндай мысал жеткілікті. Әрине, Тұрмағамбет шайырдың аталмыш ақын-жыраулардың көбінің өлең-жырларын оқып, көңілге зерделгені рас. Әйтсе де, ол жанына жақын тұтып, үлгі санаған шайырларды өз шығармаларында ерекше атын атап, түсін түстеп отырған. Сондай қатарда тұрған кетеден шыққан Есенжол, Шегебай, Омар, Жүсіп сияқты ақындардың есімі. «Біздерге болдың жиен анық, Махат» өлеңінде:
Есенжол, Шегебай мен Омар, Жүсіп,
Сарқылып санаулы өмір болды опат.
Соңында мен солардың қалғанменен,
Қалмай жүр қыр соңымнан қырсық апат - дейді. Ал, ақынның назарына ілігіп, олардың өнеріне мадақ айтылғандары - Сыр-Қуаң топырағынан өткен Ысқақ пен Шахар. Өкінішке орай, біздің қолымызда бұлар туралы мәлімет өте тапшы. Өлең мәтіндерінің өзге тұсында Тұрмағамбет бұдан асырып өз ұстаздары туралы артық-ауыс пікір білдірмейді. Сондықтан да, кестесі келісті ақын, үлгі тұтынар ұстаз ретінде Тұрмағамбеттің жанына жақын тұрған аты аталған төрт шайырдың қатысты бөлек бөліп айтумен шектелеміз [36] .
Тұрмағамбеттің адамгершілікті уағыздайтын шығармаларының көпшілігі - балаларға, жасөспірімдерге арналған өлеңдер. Адамдар арасындағы қарым-қатынас нормаларын насихаттауға арналған оның өлеңдерін жастар тамсана тыңдайды.
Ол жастарға арналған өлеңдерінде адамгершілік рухында тәрбиелеу мәселесі жеке адамның өзін - өзі тәрбиелеу мәселесіне арналады. Адамгершілік асыл қасиетке ие болып, туған елдің қызметшісі болу міндеті жырланады.
«Қайрама халқыңа тісіңді», «Қайтсең де өз халқыңа қызмет қыл», «Қамын ойла халқыңның», «Ой», «Ұядан ұшқанда», «Адам» секілді өлеңдерінде жігіттің бағасы азамат боп ат жалын ұстап мінгенде өзі үшін емес, халқы үшін адал қызмет етумен өлшенетінін ескеріп, елін азат ету, оның мерейін көтеру азамат ердің бірден бір міндеті деп біледі [8] . Әсіресе, 1905-1907 жылдар қарсаңында жазған өлеңдерінде ұлт-азаттық үшін күрес идеясы көрінеді. Өзінің жеке басын қамдап, қарнын қампитқанына мәз тоғышарларды күлкі етеді.
Кейбіреулер сәл бақытқа мас болады,
Шабақтай шалпылдаған қайраңдағы.
Адамдық ісіңе жұрт аңсап тұрсын,
Не керек, қарныңның құр майланғаны.
Ақынның өлеңдерінде көтерілетін көкейкесті мәселесі - азаматтың қайырымдылығы, елі - жұрты үшін аянбай еңбек қыла білуі. Елге пана, жұртқа дана адамдары шын жүрегімен бар пейіл, ынтасымен жырлап бағады.
Адамгершіліктің биік нысанасы - шын достық, ауызбірлік, ынтымақ, ұйымшылдық, тілектестік, ағайыншылық депті. Аталған идея - Тұрмағамбет шығармаларының ең биік талғамы. «Қайтсең де өз халқыңа қызмет қыл» деген өлеңінде ақын:
Бақ қонып, бастарыңа бітсе дәулет,
Көзің сал, көкірегі шерленгенде!
Қолайлы өз халқыңа қызмет қыл,
Белгілі бедеу сыры ерленгенге [65, 40] . . .
Адам бақыты дәулеттікпен шектелмейді, халқыңа қол ұшын беріп, қызмет ету жігіттің асыл қасиеттерінің бірі. Сондықтан, басыңа бақ қонса, халқыңнан көмегіңді аяма, қарас демек.
Адам бойында кездесетін кемшіліктер: алауыздық және менмендік, жеке бастың қамын ғана жеп, дүниеқоңыздыққа берілушілік, тоғышарлық ерге емес, елге тән қылықтар екендігіне көз жеткізе толғайды. Тұрекеңде даңғойлардың бет пердесін ашып, оны ащы мазаққа айналдыра білетін қасиет қалыптасқан. Дүниеқорлар мен пейілсіздер адам қоғамы үшін індет екенін танытады. Әділетсіздік пен арамдықтың бәрін солар істеп, елді бүлдіретіндер екеніне көз жеткізеді. «Қайрама халқыңа тісіңді» деген өлеңінде ақын қазақты осындай «арам ниеттілерден» алшақтатады . . .
Қамын ойлап қарныңның,
Қайрама халқыңа тісіңді!
Ел ізіңе ермейді,
Тазартып алмай ішіңді.
Қойдырып алып қор болма,
«Арам» деген есімді [65, 37] !
Осы кескінсіз мінездерден ақын оқырмандарын аулақ ұстамақ. Кісілікке шақырады. Кейбір дүние, мал үшін өз ағайындарын жұтып жіберуге даяр қара ниеттерді өле жек көреді. Дүниенің өткіншілігін, дәулеттің тұрақсыздығын ескеріп, санаға жетер ақыл түйеді. Адамгершіліктің ең жоғары сапасы - өнер. Өнер-білімді игеру - байлық. Өмір өзгереді, өмірмен бірге біз де өзгереміз, жетелеміз, ілгерілейміз, өсеміз, жақсарамыз, тазарамыз, -деп философиялық ой түйеді [24] .
Жастарға арналған өлеңінде адамгершілік рухында жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселелерін қозғайды. Адамгершілік асыл сапаға ие болып, туған елдің қызметшісі болу міндеті мен тәсілі ескеріледі. Оның жеке басының тәрбиесі болашағын белгілейтіні, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»-деген халықтық қағиданы қолдайды. Барлық шығармаларында ақын шығыс поэзиясындағы қалыптасқан дағдының ізімен халықты тәрбиелеудің ең жетімді құралы поэзия деп бағалайды. Яғни, ақын адамгершіліктің ең биік сатысына жетуді білім алу деп, білім арқылы рухани сұлулыққа ие болу мүмкіндігі туралы философиялық ойлары шығыс ойшылдарының гуманизмі ең жоғары талабы екенін түсінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz