Тұтынушылар құқықтарын қорғаудың мемлекеттік органдар жүйесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР, АРНАЙЫ СӨЗДЕР МЕН СИМВОЛДАРДЫҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

Кіріспе
4
: 1
Кіріспе:

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қатынастарын реттейтін

заңнамаларға жалпы сипаттама

4: 9
: 1. 1
Кіріспе: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамалары
4: 9
: 1. 2
Кіріспе: Тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін жауаптылық және тұтынушының өтемақы алуға құқығы
4: 22
: 1. 3
Кіріспе: Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау туралы ЕРЕЖЕ мен ШАРТТАР
4: 26
: 2
Кіріспе: Тұтынушылар құқықтарын қорғаудың мемлекеттік органдар жүйесі
4: 30
: 2. 1
Кіріспе: Табиғи монополияларды реттеу жөнiндегi Агенттiгi
4: 30
: 2. 2
Кіріспе: Тұтынушылар құқығын қорғау облысындағы стандарттау және сертификациялау жөнiндегi мемлекеттiк Комитеттi
4: 32
: 2. 3
Кіріспе: Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы
4: 34
: 3
Кіріспе: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
4: 42
: 3. 1
Кіріспе: Тұтынушылардың құқықтарын сотқа дейінгі тәртіп бойынша қорғау
4: 42
: 3. 2
Кіріспе: Тұтынушылардың құқықтарын соттық тәртіпте қорғау
4: 47
: 3. 3
Кіріспе: Тұтынушылардың құқықтарын сотта «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» қоғамдық бірлестіктері арқылы қорғау
4: 51
: 3. 4
Кіріспе: Тұтынушылар құқығын қорғау туралы Жаңа Заң - бүгінгі күннің қажеттілігі
4: 55
:
Кіріспе:
4:
:
Кіріспе: Қорытынды
4: 59
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
4: 62
:
Кіріспе: Қосымшалар
4: 67

ҚЫСҚАРТУЛАР, АРНАЙЫ СӨЗДЕР МЕН СИМВОЛДАРДЫҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

АІЖК - азаматтық іс жүргізу кодексі

ҚР - Қазақстан Республикасы

АҚШ - Америка құрама штаттары

БҰҰ - Бріккен ұлттар ұйымы

ЕАПК - Еуразиялық патен конвенциясы

ҚКСР - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

ҚСРО - Қазақ социалистік республикалар Одағы

ҰИКО - Ұлттық инфокоммуникациялық оператор

ҮЭО - үздіксіз электрмен жабдықтау объектілері

ЭЕМ - электронды есептеу машинасы

ТМД -тәуелсіз мемілекет достастығы

АҚ - Акционерлік қоғам

б. - бап

ж. - жыл

т. б. - тағы басқалары

т. - тармақ

т. с. с. -тағы дсол сияқты

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшу жағдайында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың құрамдас бір бөлігіне айналуда, себебі тұтынушы бұл қатынастардың басты субъектілерінің бірі болып табылады. Ал тұтынушылық қабілет - аса аңызды экономикалық санат, ол ескерілмейінше мемлекеттік экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру мүмкін емес. Тұтынушы мен өндіруші (сатушы) мүдделері арасындағы өзара тепе-теңдік, сөзсіз, мемлекеттің экономикалық, саяси жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің қажетті тұғырнамасы болып табылады [1

Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қарыстырудан бұрын ең алдымен тұтынушы дегеніміз кім? - деген сұраққа жауап берейік. Тұтынушы болып республиканың әр бір азаматы танылады. Тұтынушы болып тауар өндіруші мен қызмет көрсетуші танылады. Кәсіпкерлердің өздері супермаркеттерден тауарлар, киімдер алады. Сол немесе басқалары сапалы тауарлар алуға тырысады [2, 8 б. ] .

Тұтынушылар құқықтарын қорғау қазіргі заманғы құқықтық мемлекеттің міндетіне айналуда. Қазіргі кезеңдегі міндет бақылау функцияларын дамытып жетілдіруде ғана емес, сонымен қатар бұл процесті жаңа экономикалық және құқықтық оймен толықтыру.

1991 жылғы 5 маусымдағы «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Қазақ ССР Заңы қабылданғаннан кейін, негізінен, тұтынушы азамат пен кәсіпкер арасында туындайтын қатынастар реттелді, тұтынушылар құқықтарының шеңбері анықталды. Дегенмен, қазіргі кезге дейін қолданылып келе жатқан бұл заң әлдеқашан ескірді, қоғамдық қатынастардың өзі реттейтін саласындағы қазіргі өмір шындығын көрсете алмайды, сондықтан ол қайта өңдеуді және жетілдіруді қажет етеді. Жоспар бойынша Қазақстан Республикасының «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңы 2009 жылдың 4 кварталында қабылданады деп белгіленіп отыр.

Тұтынушылардың құқытарын қорғау мәселесі ең біріншіден еліміздің Ата Заңында көзделген. Яғни, Қазақстан Республикасының Конституциясының 2 бөлімі толығымен «Адам және азамат» деп аталады. Бұл бөлімінде азаматтардың құқықтары, соның ішінде нақты тұтынушылық құқықтары да қарастырылған [1] .

Заң күшінде болған жылдардағы сот практикасының тәжірибесі онда әрқилы, әлі қалыптаспаған сипат бар екендігін, материалдық және іс жүргізу құқықтарын қолдануға әзірше біріңғай тәсілдің жоқ екендігін, заң баптарының әр түрлі түсініктеме беретіндігін көрсетті [1] .

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қазіргі кезде халық арасында үлкен сұранысқа ие. Сот тәжірибесінің кеңейуі, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың әр саладағы қызметтерді қамтитытын көрсетеді. Яғни, сауда қызметтері (сапасыз тауарларды сату) ; коммуналды - тұрғын үй саласы (жылу, газ, электр, су және үйлерді жөндеу мәселелері) ; тұрмыстық қызмет көрсетулер; транспорттық қызмет көрсетулер; байланыс, медициналық қызмет көрсету және тағы басқалар. Мысал ретінде қазіргі кезде кеңінен етек алған ұялы телефондарға тоқталытын болсақ, Алматы қалалық тұтынушылар құқығын қорғайтын ұйымна арыз берген екі адамның арызы бойынша әлі тиісті жақтан жауап қайтарылмаған. Ондағы ақаулар: телефонды сатқан уақытта олардың зарядтық құрылғылары белгіленген уақытынан аз мөлшерде бітіп қалуы; телефонда біздің елімізге қатысты, яғни қазақ және орыс тіліндегі жазбалардың болмауы және тағы басқалар. Бұл телефондар Индонезия, Қытай, Араб Әмірліктерінде жасалып, сол елге ғана арналған. Осыған қатысты тағы бір тұтынушы құқығын өрескел бұзушылық - кепілдік қызмет ету мерзімінің заңсыз қысқартылуы. Ұялы телефондар және басқа аса ірі емес, бірақ қымбат тауарлар сатқанда дүкен қожайындары кепілдеме мерзімін 1 айға бекітеді. Ал заң бойынша Қазақстан Республикасында сатылатын тауарлар үшін кепілдеме мерзімі өндірушінің өзі ұзақ мерзімге бекіткен жағдайдан басқа кезде бір жылдан кем болмауы керек. Өзінің абыройына көңіл бөлетін ірі фирмалар клиенттерінің шеңберін анағұрлым кеңейтуді мақсат етіп, кепілдік мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартады, бұл қалыпты жағдай. Егер сатушы өз дүкенінен бірнеше ай бұрын сатып алынған сапасыз тауарды жөндеуден немесе ауыстырудан бас тартқан жағдайда, тұтынушы оның адалдығына күмәнданып, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамына шағымдануына болады. Ал телефонды жөндеудің кепілдік мерзімі сервис-орталыққа барған сәттен бастап он күннен аспауы тиіс. Телефонның сапасын тексеру мерзімі 14 күн [4, 4б. ]

Қолданыстағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақ ССР Заңында тұтынушы - азамат пен кәсіпкерлер арысындағы қатынастарды реттейтін қатынастар және тұтынушылардың құқықтарының шеңбері көрсетілген. Бұл заң қазіргі Қазақстан Республикасындағы тұтынушылардың құқықтарының ерекшеліктеріне қатысты сұрақтарды шешпейді және халықаралық тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң нормаларымен салыстырғанда құқықтар шебері өте аз.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын заңнама тұтынушылардың құқықтарын соттық және соттық тәптіпке дейін шешу мүмкіндігін қарастырған.

Тұтынушының бұзылған құқықтары мен мүдделерін соттық тәртіпте қорғау тұтынушылар үшін ең тиімді жол болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Дипломдық жұмысты жазудағы мақсатым, тұтынушылар құқықтарын қорғау мақсатында туындаған мәселелерді қарастырып, оның соттық тәртіпте шешілу тәртіптерін қарастыру. Осы жұмысты жазу барысында алға қойған міндеттерім:

- тұтынушылар құқықтарын қорғайтын заң актілеріне шолу жасау;

- тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын қоғамдық ұйымдардың тиімділік деңгейін қарастыру;

- тұтынушылардың құқықтарын соттық тәртіпте қорғау тәртібі мен жағдайларын қарастыру;

- қолданыстағы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңның орнына

Жаңа Заңның қажеттігі жөніндегі жағдайларды қарастыру болып табылады.

Құрылымы жағынан дипломдық жұмыс кiрiспеден, негiзгi төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшадан тұрады.

Кiрiспе бөлiмде тақырыптың өзектiлiгi, дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндетi, теориялық және тәжiрибелiк тұрғыдан маңыздылығы сипатталады.

Көздеген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді алға қоямыз: Жұмыстың негізгі бөлімінде мынадай сұрақтар қаралған:

- тұтынушылардың құқықтарын қорғау қатынастарын реттейтін жалпы заңнамаларға сипаттама;

- тұтынушылар құқықтарын қорғаудың мемлекеттік органдар жүйесі;

- тұтынушылардың құқықтарын қорғау, соның ішінде тұтынушылардың құқықтарын сотқа дейінгі тәртіп бойынша қорғау және тұтынушылардың құқықтарын соттық тәртіпте қорғау;

- тұтынушылар құқығын қорғау туралы жаңа Заң - бүгінгі күннің қажеттілігі қарастырылған.

Зерттеу әдістері: зерттеу барысында теориялық деректер мен тәжірибелік актілерге жүйелі түрде талдау жасау, синтездеу және топтастыру әдістері сонымен қатар салыстырмалы құқықтану мен жүйелік және тарихи талдаудың әдістері, құқықтық модельдеу әдістері қолданылады.

Зерттеу жұмысында азаматтық құқық аясындағы тұтынушылардың құқығын қорғау және тәжірибелік жақтарына жалпы мінездеме беріліп, оларға талдау жасалынады.

Зерттеу объектісі: Тұтынушылардың құқығын қорғау объектісі, тұтынушы, өндіруші, сатушы болып табылады.

Зерттеу пәні: Азаматтық құқықтағы тұтынушылардың құқығын қорғау болып табылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Бұл дипломдық жұмыста алғаш азаматтық құқықтағы тұтынушылардың құқығын қорғау жан жақты қамтылып, кешенді түрде талдау жасалып теориялық және тәжірибелік жақтарына мінездеме беріледі. Сонымен қатар, бұл дипломдық жұмыста тұтынушылардың құқығын қорғаудан басқа олардың жекелеген түрлеріне анық түсінік беріліп, сонымен бірге ұлттық және халықаралық құқықтық тәртіп талқыланады.

Зерттеу жұмысының мәні: Бүгінгі күнде, тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, ішкі және сыртқы саясатын сипаттайтын, нақты белгіленген мақсаттар мен міндеттер қоюда. Осындай мақсаттардың бірі-тұтынушылар құқықтарын қорғау мақсатында туындаған мәселелерді қарастырып, оның соттық тәртіпте шешілу тәртіптерін қарастыру. осы аталған мәселелерді қарастыра келе, жалпы Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарының көптеп бұзылатындығы жөнінде және соған сәйкес қолданыстағы « Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңның ескергендігін байқауға болады.

1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қатынастарын реттейтін

заңнамаларға жалпы сипаттама

  1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамалары

Тұтынушылардың құқытарын қорғау мәселесі ең біріншіден еліміздің Ата Заңында көзделген. Яғни, Қазақстан Республикасының Конституциясының 2 бөлімі толығымен «Адам және азамат» деп аталады. Бұл бөлімінде азаматтардың құқықтары, соның ішінде нақты тұтынушылық құқықтары да қарастырылған [1] .

Тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын заңнамалар шеңбері бірқатар. Ол өз бастауын ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясынан алады. Содан соң «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақ ССР-нің Заңы және тағы да басқа жекелеген заңдар: «Монополияға қарсы» Қазақстан Республикасының заңнамасы; «Бәсекелестiктi дамыту және монополиялық қызметтi шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Жосықсыз бәсекелестiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Тұтынушылар қоғамы тұтынушылар құқығы және оларды қорғау жөніндегі кез келген мәселелер: сауда, білім, көлік, медицина, туризм және т. б. мәселелер бойынша кеңестер беруге дайын. Тұтынушылар құқығын қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңда қарастырылған құралдармен қамтамасыз етіледі. Аазаматтық кодекстің 8-бабындағы 4-тармақта былай делінген: «Азаматтар мен заңды тұлғалар заңнамадағы талаптарды, қоғамның адамгершілік принциптерін, ал кәсіпкер іскер этиканы сақтай отырып өздерінің құқықтарын адал, ақылмен және әділ жүзеге асыруға әрекет етуге тиісті» [2] . Бұл міндеттеме алып тасталынбауы немесе келісім-шартпен шектелмеуі керек. Азаматтық құқықтық қарым-қатынасқа қатысушылардың әрекеті адалдықпен, ақылға салу және әділдікпен көрінбек.

Монополияға қарсы заңнама кез келген нысанда меншiк және баға қою еркiндiгi бар елдерде кездеседi.

Американдық заң доктринасы бәсекелекестiктi монополияның қарама - қарсы құбылысы (антипод) ретiнде қарастырады. Осыған орай, антитрестiк саясаттының мәнiн «бәсекелестiк еркiндiгiн» қолдау ретiнде айқындап көрсетедi. Трестке қарсы заңнаманың негiзгi тұжырымы, американдық заңгерлерiнiң пайымдауынша, ол жасанды шектеулер мен бәсекелестiктiң түбегелдей еркiндiгi орнатуға әкелiп соқтыратынын айтады.

Антитрестiк заң антiлерiнiң ең маңыздылары қатарына 1890 жылғы Шерман Заңы, 1914 жылғы Клейтон Заңы және 1914 жылғы Федералды сауда комиссиясы туралы Заң жатады.

Алғашқы федералды антитрестiк заң, баршаға Шерман заңы ретiнде белгiлi. Ол 1890 жылы АҚШ қабылданған. Оның шығыуы iрi компаниялары позицияларының мығым түсуiне, сондай - ақ ұсақ кәсiпкерлердiң жоюлуымен, өндiрiстiң түсуi және бағалардың осуiмен байланыстыруға болады. Сол кездегi АҚШ-тағы жағдай бүгiнгi таңдағы Қазақстанда болып жатқан монополизмдi, инфляция мен бағалардың шексiз өсуiн бiлдiрiп көрсететiндей.

Шерман Заңының 1 тарауы - АҚШ негiзгi заң актiсi болып есептеледi, яғни ол бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер қатарына жатқызуға болады. Демек, бұл заң - «штаттар арысындағы сауда немесе» коммерциялық қызметтi шектеуге арналған шартқа, келiсiмге тыйым салады» [5, 14 б. ] .

АҚШ-тың алғашқы федералды заңының мәнi контракттардың жасалуымен, фирмалардың бiрiгуi және уағдаласқанымен, сондай - ақ монополизацияның басқа да нысандарымен пайда болған сауда шектеулерi заңға қарсы деп есетелiп қылмыс ретiнде жазаланған.

1914 жылы Шерман Заңына қосымша ретiнде Клейтон актiсі қабылданды. Бұл акт монополистiк қызметiнiң жекелеген түрлерiне бағытталған болатын. Онда, негiзiнен, баға құру дискриминациясы, «байланысқан контракттарға» отыру құбылыстары талқыланып берiлген. Яғни, сатып алушыға өзге сатушылармен жасауға тыйым салынып, осыған орай бұл жағдай олардың бәсекелестiгiн шектеген.

Бәсекелестiктiң едәуiр «төмендеуiне» немесе коммерцияның кез келген саласында монополияның пайда болуына жағдай туғызатын корпоративтiк бiрлестіктердi құруға рұқсат берiлген. Сол 1914 жылы Федералды сауда комиссиясы туралы акт қабылданды. Бұл акт бәсекелестiктiң барлық жосықсыз әдiстерiн жоюға қарсы бағытталған. Трестке қарсы заңдардың соңғы өзгертулер мен қосымшалары iшiнен Робинсон-Патманның Актiсiн (1936) белгiлеп, ол баға құру дискриминациясы туралы Клейтон актiсiн, Миллер -Тайдинг (1973) белгiлеп кетуге болады.

1950 жылы Клейтон заңына Селир - Кефовердiң өзгерiсi қабылданды. Осы қабылданған өзгерiс активтердi сатып алу арқылы болатын, заңсыз қосылудың ұғымын нақтылап көрсетуге болады. Егер, Клейтон актiмен көлденең қосылуларға бөгет қойылса, онда Селлер-Кефовердiң өзгерiсi тiкелей қосылуларды шектейдi.

Қазiргi уақытта АҚШ-тағы негiзгi монополияға қарсы функцияларды арнайы треске қарсы бөлiмi бар әдiлет (юстиция) министрлiгi жүзеге асырады. Оның мақсаты - заң бұзушылықтарды қудалау. Призедент тарапынан жасалынатын бақылаудың маңызы зор болып келедi.

«Социалистiк лагердiң» құлдырауы жаңа елдер алдына қажеттi мақсаттардың бiрiн қойды: монополияға қарсы өз заңнамасын құру (яғни бәсекелестiктiң дамуына жол берiп, сондай-ақ монополизмдi шектеу жасау үшiн) .

Сондықтан, «Монополиялық практикаға қарсы әрекет бiлдiру туралы» заңы 1990 жыл 24 ақпанда Польшада қабылданың басылымға Шыққаннан 30 күннен кейiн заңды күшіне ие болды. Сол жылы «Жосықсыз нарықтың практикасына тыйым салу туралы» Венгрия Заңы қабылданды. 1991 жылғы наурыз айынан бастап Ресей Федерациясының «Тауар нарығындағы монополиялық қызметiн шектеу және бәсекелестiк туралы» Заңы жүзеге асырыла бастады.

Бұл заң актiлерi маңызды құрылымдық ұқсастықпен сипатталады: олардың негiзгi ережелерi фирма аралық келiсiмдерге, үстем компанияларының қызметiне, қосылуларға және ұйымдастыру - құрылымдық өзгерiстерге негiзделедi.

Венгрия және Ресей Федерациясының заңдары «жосықсыз» бәсекелес практикаға қарсы бағытталған ережелердi де қамтиды. Польша заңдарында мұндай ережелер жоқ [5, 15 б. ] .

Польша және Ресей Федерациясының заңдарында бәсекелес мәселелерiмен айналысатын үкiметтiк мекемелерге монополистiк компанияларды мәжбүрлеп ұсақтауға жарғылар шығаруға құқықылы екендiгi туралы баптары бар; венгриялық заңнамада мұндай ережелер жоқ.

Бұл заңдар құрамы жағынан АҚШ-тың заң актiлерiне қарағанда, Еуропа қоғамдастығының заңдарына жақын, әсiресе тыйым салынған iскер практикасының кейбiр түрлерiн анықтаған кезде: АҚШ заңдары абстрактты түрде қалыптасқан, яғни нақты кестелер мен жағдайлар прецедент арқылы бекiтiледi.

Бiр нарықта әрекет етіп жүрген компаниялар бiр - бiрiмен бәсекелестiк құрмау мақсаттағы келiсiм - монополияға қарсы заңнамасының бiр үлкен құқық бұзушылығы болып табылады. Көлденең болып аталатын мұндай келiсiмдер (өндiрiстiк буынның бiр деңгейiнде орналасқан компаниялар) тұтынушылардың таңдауын қысқартады, сондай-ақ бағаның өсуiне әкелiп соқтырады. Ғалымдар мен мамандар бұл келiсiмдер бәсекелестiктi қорғауға арналған ведомстволармен қорғалу керектiгiн айтады.

Тiкелей келiсiмден компаниялар (өндiрiстiк буынның әр түрлi деңгейiнде орналасады) арасында мұндай келiсушiлiк байқалмайды.

Аталмыш келiсiмдердi бiр - бiрiнен ажырататын бәсекелестiк туралы заң сотта қолдануға болатын нақты қосымша нормалардың болуын мiндет етедi.

Мұндай көлдең және тiкелей келiсiмдер арасындағы айырмашылықтарды Польша заңнамасы көрсетедi.

Бiрақ, олар нақты сипатта емес. Бұл заң бәсеке компаниялар арасында баға қою жайлы ешбiр келiсiмге тұруға болмайтындығын ескертедi.

Венгрия және Ресей Федерациясының осындай заңдары, керiсiнше, көлденең және тiкелей келiсiмдер арасындағы айырмашылықтарды айқын белгiлейдi. Олардың әрқайсысында тек көлденең келiсiмге қатысты ережелер бар.

Венгрияның заң актiсiнде «бәсекелестерге өз кәсiпкерлiк қызметiн реттеуге, сондай - ақ бәсекелестiктi жоятын немесе шектейтiн келiсiмдердi жасауға» тыйым салынады. Әсiресе, «тауарлардың бағасын қоюға; нарықты бөлуге немесе кейбiр тұтынушыларға тауарларды сатып алуға және сатуға кедергi жасамауға; нарыққа шектеу жасауға, сондай-ақ нарықтағы әрекет жасап жүрген компанияларға жасанды кедергiлер жасауға» тыйым салынады. Бұл заңда тiкелей келiсiмдердi реттейтiн арнайы бап жоқ, бiрақ, үстем компаниялар қызметi туралы тарау осы аспекттi де қарастырып өтедi.

Көлдең сипаттағы тыйым салынған келiсiмдер: баға қою және оларды қою методикасы туралы келiсiм; рыноктарды бөлу, өзге бiр компанияларды енгiзбеуге шектеулер қояды.

«Монополияға қарсы» заңнамалар және оның құрылымы. Нарықтық экономикаға көшу құқық сферасының маңызды өзгерiстерiне әкелiп соқтарды. Монополистер туралы заңнама ҚР құқық жүйесiнде және оның экономикалық өмiрiнде жаңа бiр құбылыста болуда.

Монополияға қарсы заңнама - экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да шектеулер мен ынталандыру мүмкiндiктерiн орнату арқылы сатып алушыны, яғни тұтынушыны өндiрушiнiң монополиясынан қорғауға арналған. Монополияға қарсы заңнамалар әр дайым жаңару, даму және толықтырылу үстінде. Мысалы, қазіргі таңда оларды заңды және заңға бағынышты актілер түрінде атап өтуге болады: біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бәсекелестiктi дамыту және монополиялық қызметтi шектеу туралы», «Жосықсыз бәсекелестік туралы», «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары және басқа да Президент Жарлықтары, Үкіметтің қаулылары мен өкімдері.

Аталмыш актiлер шаруашылық қызметтi:

- жүргiзу ережелерiнiң нормативтiк - құқықтық актiлерiнде көрiнетiн нормативтiк реттеуiн, сондай - ақ оны жүзеге асырылып қамтамасыз етедi. Мұндай реттеу мемлекеттiң экономикалық тәртiптегi нысанын құруына бағытталған ерекше қызметiн бейнелейдi;

- ұыймдастырушылық реттеуi - мемлекетпен түрлi ұйымдастыру құрылымдарды белгiлi бiр өкiлеттiктермен қамтамасыз етедi, яғни экономикалық қатынастарға жағымды әсер ететiн, сондай - ақ олардың тиiмдiлiгiне қамтамасыз ететiн монополияға қарсы органдар болып табылады;

- аң аясындағы реттеу - бұл тауар рыноктарындағы жосықсыз бәсекелестiктi қорғау мақсатында экономикалық қызметтi жүзеге асыру бойынша ережелердi бекiту жөнiндегi iске асырылып жатқан заңнама шеңберiнде мемлекеттiң қызметi.

Бiздiң елiмiздегi монополияға қарсы заңнамасының пайда болуы өндiрiс пен шаруашылықтың басқа да салаларының тым көлеңкелi болуын жою бойынша шаралар жиынтыгын жүзеге асыруға арналған мықты заңды базаның құрылуын қажет етуiмен пайда болды.

Ал, «Бәсекелестiктi дамыту және монополиялық қызметтi шектеу туралы» Заңы келесi мақсатта қолданылады:

- кәсiпкерлiктiң еркiн бәсекелестiгiн дамыту мақсатында;

- тұтынушылар мүдделерiн қорғау мақсатында

- тауар нарығының тиiмдi қызметi дамуының шарттарын қамтамасыз ету мақсатында қолданылады [6] .

Бұл заң Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүзеге асырылады, сондай-ақ республиканың тауар нарығындағы бәсекелестiгiне әсер ететiн қатынастарын реттейдi. Осы қатынастарға қазақстандық және шетелдік заңды тұлғалар, кәсiпкерлер, орталық және жергiлiктi атқарушы билiк органдары, сондай-ақ тұлғалар қатысады. Заңның жүзеге асырылуы арнайы мемлекетiк органдарға жүктеледi.

Қазақстан Республикасының «Жосықсыз бәсекелестiк туралы» Заңы жосықсыз бәсеке деп танылатын iс-әрекеттердi айқындайды, жосықсыз бәсекенi болғызбаудың және оның зардаптарын жоюдың тетiгiн, сондай-ақ жосықсыз бәсеке iс-әрекеттерi үшiн жауапкершiлiктi белгiлейдi [7] .

Аталмыш заңның 5 бабында жосықсыз бәсекелестiктiң мынадай түрлерi қарастырылған:

- кәсiпкердiң фирмалық атауын, тауар таңбасын, қызмет көрсету белгiсiн және (немесе) өзге де коммерциялық белгiлеуiн тауар өндiрушi (жұмыс орындаушы, қызмет көрсетушi) немесе оларды сатушы жөнiнде тұтынушыларды жаңылыстыратын немесе жаңылыстыруы мүмкiн заңсыз пайдалану;

- бәсекелесi тауарының сыртқы безендiрiлуiн, оның фирмалық атауын, тауарының таңбалануын, тауар таңбаларын, басқа да коммерциялық белгiленуiн, сондай-ақ жарнамалық материалдарын, фирмалық буып-түйiлуiн, нысанын және тауардың өзге де сыртқы безендiрiлуiн тауар өндiрушi (жұмыс орындаушы, қызмет көрсетушi) жөнiнде тұтынушыны жаңылыстыруы мүмкiн етiп тiкелей қайта жасау арқылы көшiрiп алу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тарихы
ҚР тұтынушылар құқығының қорғаудың құқықтық аспектілері
Тұтынушылар мен сатып алушылардың құқықтары
Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жалпы ұғымы
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жалпы ұғым
Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ақпарат
Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Электрондық мәмілелерді жасасудағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz