ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ АУДАРМА ПРОЦЕСІНДЕ БЕРІЛУІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ЭТНО-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР.
1. 1. Қазақ туыстық атауларының семантикалық жіктелуі мен қолданылу аясы.
1. 2. Орыс менталитетіндегі туыстық қарым-қатынастардың терминдік жүйесі.
1. 3. Ағылшындардың туыстық атауларындағы ерекшеліктер.
ІІ. ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ АУДАРМА ПРОЦЕСІНДЕ БЕРІЛУІ.
2. 1. Көркем әдебиеттегі туыстық атауларды аударудағы амал-тәсілдер.
2. 2. Туыстық атауларды қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығу тегіне қарай топтастыру мәселелері.
2. 3. Қазақ тілінен орыс және ағылшын тілдеріне туыстық атаулардың берілу тәсілдері.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Тіл - адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін, сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Ғалымдар осы қарым-қатынас, сөйлеу құралы болып табылатын тілді әртүрлі ерекшеліктеріне қарай жан-жақты зерттеп келеді.
Тілдік қатынас (ТҚ) - адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т. б. әрекеттеріне тікелей қатысты құбылыс. Сондықтан тілдік қатынасқа байланысты құбылыстардың теориялық негіздерін анықтау; айтылған, берілген, жазылған хабарды қабылдаудың әдіс-тәсілдерін айқындау; сол сияқты қарым-қатынас құралдары мен тұлғаларын, олардың қолданылу жолдарын белгілеу қазір өзекті мәселелер қатарына жатады. Осы мәселелерді жан-жақтыоқыту мен үйрету олардың ғылымда өзіндік анықтамасын беруді, тілдік қатынас құбылысын теориялық және әдістемелік жақтан арнайы зерттеуді қажет етеді.
Қоғам мен табиғаттағы ең күрделі құбылыс адамзаттың ой-санасы мен тілі болғандықтан, адамның ойлау жүйесі де, сөйлесе білу қабілеті де - ерекше қоғамдық мәні бар үрдістер.
Адамның ойы мен санасы қаншама күрделі болғанымен, тілсіз ой жүзеге аспайды. Сондықтан да тіл - қоғамдық объективті шындықты танудың, оны өмірде пайдаланудың құралы болып табылады. Тілдік коммуникация адамдардың тіл арқылы түсінуін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар жалпы адамға тән қасиеттерді меңгеруге көмектеседі. Олар (адамдар) бір-бірімен сөйлесумен, пікірлесумен шектелмейді, тілдесудің нәтижесінде бірінің жанын бірі ұғады, бірінің сезіміне, мінезіне екіншісі әсер теді. Сөйтіп, жалпы адамзаттың тәрбиелік жүйесі қалыптасады.
Тілдік қатынас тілді меңгерумен бірге адамды тәрбиелеуді қатар алып жүреді. Белгілі бір тілді ұлт өкілдеріне үйрету арқылы біз тілдік қарым-қатынасты да жолға қоямыз. Тілді меңгерумен қатар сол елдің мәдениетін, тарихын, әдебиетін, өркениетті жақтарын да үйретуге тырысамыз. Немесе тілді үйрету барысында оның тәрбиелік мәнін де естен шығармаймыз.
Қазіргі әлеуметтік тіл білімі мынадай үш негізгі сипатта түсіндіріледі:
- Тіл және қоғам,
- Белгілі жағдайға сәйкес сөйлеушілерді таңдау;
- Сөйлеушілердің әр алуан жас ерекшелігі ме әлеуметтік жағдайына байланысты тілдік ерекшеліктерін зерттеу.
Қазақ тіл білімінде әлеуметтік тіл білімінің саласы болып табылатын контрастивтік лингвистика жақсы дамуда. Қазақ тілін орыс тілімен, өзге де батыс тілдерімен салғастыру дұрыс жолға қойылған. Бұл тұрғыда М. М. Копыленконың, С. Т. Саинаның «Функционирование русского языка в различных слоях казахского населения» (Алматы, 1982), Б. Х. Хасановтың «Казахско-русское двуязычие» (Алматы, 1987), Э. Д. Сүлейменованың «Казахсткий и русский языки. Основы контрастиной лингвистики» (Алматы, 1996) атты еңбектерін атауға болады.
Мәдениет пен тілдің бір-бірімен байланысы күрделі әрі өте тығыз. Бұл байланыстың қыры мен сырын тану, таныту оңай емес, ең алдымен, әр алуан сипаттағы мәдени процесстер тілге өз әсерін тигізе ме? Егер әсер етер болса, ол қай дәрежеде болады? Тілдің мәдениетке деген ықпалының дәрежесі қандай?
Мәдениет адам қолымен жасалатын құндылық болғандықтан, ол табиғи таза процесс ретінде таныла алмайды. Мәдениет - әлеуметтік дамудың жемісі. Тіл - адам баласының әлеуметтік тарихында жасалған дүниетанымын негіздейді, бейнелейді. Сондай-ақ тіл адамның биологиялық табиғатымен байланысты да қарастырыла алады. Дыбыстың жасалуы адамның сөйлеу мүшелері арқылы орындалатындықтан, тілді биологиялық құбылыс ретінде де тану орынды болмақ. Тіл дыбыстау органдарының, оны басқаратын орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі. Адам ағзасындағы дыбыс шығаруға қатысатын мүшелерге: өкпе, көмей, тіл, кіші тіл, таңдай, тіс, ерін т. б. жатады. Осы мүшелердің тікелей қатысуымен тіл дыбыстары пайда болып, мағыналы сөздер дыбысталады.
Біздіңше, ХХ ғасырда кеңестік тарихшылардың «көшпелі», «көшпелілік» деген терминдері тр мағынасында қолданылып, қазақ халқының танымдық тереңдігі мен мәдени көкжиегін дұрыс әрі толық таныта алмаған сияқты. Бұл сөздердегі негізгі өзек түбір «көш» болғандықтан, онымен байланысты туындаған түсініктердің дені, осы көшу мағынасын доминант ретінде қабылдап, оның тұрмыстық, экономикалық мәнін бірінші орынға қойған.
Қазақ халқының төрт түлік малдың арқасында күн көргенін, маусымдық мал жайылымының ыңғайымен көшіп-қонып жүргенін жоққа шығара алмасақ та, батыстық беделді басылымдарда жағымсыз эмоциялық-экспрессивті реңге ие болған көшпелі, яғни жабайы, жетілмеген деген ұғымды ғылыми мәнде қолданудың қажеті шамалы деп есептейміз. Ұлы даланың Ұлы мәдениеті болғанын, әлемдік мәдениет шаңырағы астында өзіндік ерекшелігі мен айырмасы болғандықтан ерекше орны мен маңызы бар екенін айтар уақыт жетті.
Жалпы көлемі 3, 5 млн шаршы километр болатын ұлы Даланы Тәңіріден еншілеген халықтың бір тілде сөйлеуі, диалектілердің жоқтығы, ділі мен діні, тұрмыс үлгысы мен әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің бірлігі - қазақ мәдениетінің тұтастығын таныта алады. Бұл бірліктің ең негізгі бір тетігі - халық арасында «өнер алды қызыл тіл» деп танылған қазақ тілінің киелі қасиеттерінде болса керек. Ортақ әдеби тіл жасап, оның тазалығы мен даралығы үшін күрескен қазақ халқы «бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол адамның білімсіз бейшарасы» деп шенеп отырған. Сөздің киесінен қорқөып, жөн сөзді тосып, дұрыс сөзді ұстай білген, жүйелі сөзге тоқтай білген. Сөзге тұру деген болған. «Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені. » - дейді халық. Бұл авторлығын жоғалтқан, халық даналығына айналған асыл сөз болса, XV ғасырда өмір сүрген асан Қайғы жыраудан: «Жеңемін деп біреуді өтірік сөзбен қостама» деген сөз қалған. Осы тіл арқылы адамдар бір-бірімен қарымқатынас құрғандықтан, мәдениеттің өзге тармақтары да саралана дами алған. Тіл негізінде адамдардың қауымдары құрылып, мәденпиет, өркениет, өнер жасалады. Осының бәрін ескерсек, тілді мәдениеттің өзге салаларымен тең дәрежеде бағалау дұрыс болмайды. Өйткені тарихы терең тіл қоғамдағы барлық өзгерістердің орындалуының негізгі факторы болған. Ал адам қолымен жасалған материалдық мәдениеттің немесе дүниетаным негізінде дараланатын рухани мәдениеттің үлгілері тек жетекшілік ролі арқылы ғана іске асырылып, атадан балаға мирас етіледі.
Қазақ танымында қалыптасқан ұғымдардың, қабылданған түсініктердің барлығы да тілде көрініс тауып, таңбаланып отырған. Тілде тарихтың шытырман оқиғалары, шежірелі өткені, әдеті мен дәстүрі түгелдей өз көрінісін тапқан. Сондықтан тілдегі әрбір лексикалық бірліктің, тұрақты сөз тіркестерінің, тіпті грамматикалық тұлғалардың да беретін терең мағыналары мен мәні бар. Тарихтың тере қойнауынан жеткізетін мол хабары бар. Тек осы ақпараттың көзін тауып оқып, тани абзал.
Атақты ақын О. Мандельштам сөз табиғаты жөнінде мынадай пікір қалдырған: «Столь высоко организованный, столь органический язык не только дверь в историю, но и сама история. Отлучение от языка равносильно для нас отлучению от истории». (О. Мандельштам, Слово и культура. М., 1987, 60-бет) .
Тіл мен мәдениеттің қарым-қатынасы мен байланысы терең. Тіл табиғи құбылыс, әрі адамдардың арасындағыу қарым-қатынастың ең негізгі құралы болғандықтан, мәдениеттің тууы мен дамуына тікелей қызмет етеді. Егер тіл болмаса, онда адамзаттық мәдениеттің барлығы туралы әңгіме айта да алмаған болар едік.
Қазақ дүниетанымының, мәдениетінің тұғыры - тіл. Мәдениетінің бастаубұлағын көне далалықтардан алатын қазақ халқының барлық дәстүрлі өнері сөзбен кестеленіп, таңбаланған. Мәдени-рухани мұралар да, материалдық игіліктер де тілде өзінің көрінісін тауып, заманалардан заманаларға ауысып мирас болып қалып отырған. Бәлкім кейбір көненің көзі саналатын материалдық-рухани игіліктердің өзі тарих сахнасынан шығып қалып, бізге жетпеген болар.
Ал оның атауы сөз жүзінде мәңгілік бейнесін сақтап қалған. Біздің болашақтағы мақсат көне сүрлеулер арқылы барымыздың базарын таныту, болашаққа дәстүрлі сөз өнерінің мәйегін суалтпай жеткізу болса керек.
Шежірелі тарихымыздың саналы беттерін парақтай отырып, сөз жүйесінің иірімдері мен ішкі терең нақышын меңгерген халықтың парасат-пайымын, ой жүйесінің тереңдігін, дәстүрін тіл арқылы таңбалап көрсете алғанын анық бағамдаймыз.
Қазақ арасындағы туысқандық қарым-қатынас тек елдер арасында тарапынан болып қоймайды, қыздар ұрпағы, жиендер мен нағашы арасындағы қарым-қатынас та ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Нағашыға жиен бтыл келеді, халық дәстүрі бойынша нағашысы жиеніне «қырық серкеш беруі» керек. Сондықтан болар, жиен көңілі түскен нәрсесін: жүйрік ат, қыран бүркіт, қаршыға, алғыр тазы, берен мылтық т. б. осы сияқты бұйымтайын нағашысы қолынан бермесе, жиен жолынан алуға ерікті, ол үшін жиен айыпты болмайды. Жиеннің қандай еркелігі болсын, нағашы жұрты көтереді де, оған әрдайым қамқорлық жасап отырады. Сондықтан да халық даналығы жігіттің үш жұртының болатыны айта келіп: «Өз жұртың - күншіл, қайын жұртың - сыншыл, ал нағыз қалқысыз тілеуқорың нағашы жұртың» дейді. Жиенді баласындай ерекше ардақтау - қазақ халқының қанына сінген дәстүрі.
Сөйтіп, қазақта туыстық және құдандалық қатынастарға байланысты әртүрлі қарым-қатынас, алыс-беріс, өзара көмек сияқты шым-шытырық қатынастар болады. Бұл қатынасардың әрқайсысының өзіне ғана тән, сан қилы әдет-ғұрыптарға байланысты, өзара міндеттіліктері мен жауаптылықтары бар. Оларды әр уақытта орындау әркімнің борышы екенін кез келген қазақ жақсы білетін де, оны бұлжытпай орындауға тырысатын.
Зерттеу жұмысының мақсаты Көркем әдебиеттерде және әр халықтың әдет-ғұрпына байланысты туыстық атауларды табу және оларды аудару барысындағы ерекшеліктерді зерттеу.
Зерттеу барысында біраз жеке мақсаттар шешілуі тиіс:
1. Көркем әдебиетте берілген мысалдар арқылы туыстық атаулардың үш тілде берілу мәселелерімен танысып, мағынада мәденилік компоненті бар, сонымен қатар аудармада мүмкін және бар тәсілдерді қарастыру.
2. Туыстық қарым-қатынасқа байланысты қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі туыстық атаулардың рөлін анықтау.
3. Әр ұлттың менталитетіне сәйкес шығармалардағы туыстық атаулардың айырмашылығын қарастырып, өзара жіктеу.
4. Туыстық атауларды аудару барысында лексикалық бірліктердің беру тәсілдерін анықтау.
Зерттеу жұмысының нысаны : Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттен тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі, жаңашылығы, мақсаты, өзектілігі анықталады.
Негізгі бөлім туыстық атауларға арналған. Бұнда туыстық атаулардың үш тілде жіктелуі және оларды басқа тілдерге аударудың амал-тәсілдері айтылған. Туыстық атаулардың әр халықтың әдет-ғұрпына сай жіктелуінің маңызы анықталған. Қорытындыда жасалған зерттеу жұмысының нәтижесі жазылған.
І. ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ЭТНО-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР.
1. 1. Қазақ туыстық атауларының семантикалық жіктелуі мен қолданылу аясы.
Дүние жүзі халықтары тәрізді, қазақтың да өзіне тән отбасы тарихы бар. Адам баласы басынан өткізген сан алуан қоғамдық-экономикалық формациялардың қай-қайсысы болмасын, әр қилы отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған. Оны Жер планетасын мекендеген барлық халықтар өз басынан өткізген.
Америка этногафы Л. Морганның отбасы тарихы туралы жазған «Көне қоғам» атты аса құнды ғылыми еңбегі ХІХ ғ. екінші жартысында алғашқы қауымдық құрылыстағы отбасы түрлерінің даму жолын түсіндіреді.
Алғашқы қауымдық құрылыстағы ең көне отбасы түрі топты некеге негізделген. Ондағы некелер тобы рулар ішіндегі бірімен-бірі тұстас ұрпақтар жігімен бөлінетін. Айталық, бабалар мен әжелер, әкелер мен шешелер, балалар тобында - ағалы-інілер, апалы-сіңлілер, немере мен шөбере туыстар біріне-бірі ерлі-зайыпты, яғни әр ұрпақ бір-біріне аға-қарындас бола тұра некелес болатын.
Отбасы тарихының бұдан кейінгі даму сатысы топты некенің ішінде жұп отбасының қалыптаса бастауымен, яғни қандаса туысқандар арасындағы некелесу ғұрпына тыйым салуына байланысты болған. Осының нәтижесінде алғашқы қауым ішінде бірімен-бірі некелемпетін «ағалы-інілер», «апалы-сіңлілер» топтары қалыптасады да, тағылық дәуірдегі топты неке біртіндеп ығысып, оның орнына жұп отбасы дүниеге келді. Жұп отбасы тағылық дәуірдің соңында қалыптасып, варварлық дәуірде әбден кемеліне келіп, қоғамдағы басты отбасы формасына айналады. Бірақ мұндағы неке беріктігі онша мығымболмағандықтан, отбасының ыдырап, ажырасуы тым оңай болған.
Жалпы қазақ халқы, оның ішінде көпті білетін қария адамдар орталарында патриархалды отбасы болғандығы туралы ешбір тарихи шежіре білмейді. Мұның өзі қазақ жұртшылығында үлкен отбасы ертеректе ыдырағандығын дәлелдейді. Қазақ өлкесінде үлкен патриархалды отбасының ертерек ыдырауына көптеген жағдайларсебепкер болды. Ең алдымен, қазақ қауымындағы таптық жіктелудің күннен-күнге күшейіп, патриархалдық тәртіптің әлсірей түсуі әсер етті. Әсіресе ежелден бері көшпелілік және жартылай көшпелілік жағдайда мал өсіріп, күн көру үлкен патриархалды отбасын сол қалпында сақтауды керексіз етті. Сонымен қатар, қазақ арасында әйелді қалыңмал беріп, айттырып алу мен ұзатылған қызға міндетті түрде жасау беруге байланысты туысқандар арасында мал және мүлік теңсіздігін туғызу факторы үлкен патриархалды отбасының сақталуына қарама-қайшы келді. Қазақ елінде ежелден қалыптасқан экзогамиялық (белгілі бір туыстық шеңберінде қыз алыспау) тәртіпті сақтай отырып неке құру, яғни келіндер арасындағы өзара туыстық нышанының мүлдем болмауы да үлкен патриархалды отбасының ыдырауына өзінше әсерін тигізеді. «Екі қатынның баласы екі рулы ел» деп халық тегін айтпаған, ыдыраудың зор дәлелі осыдан көрінеді. Көп қатынның балалары өзара сыйыспаған соң, әр қатынға енші бөліп, оларды бөлек отырғызатын.
Шамасы келген әкелердің үйленген балаларына енші беріп, отау етіп бөлек шығару дәстүрі де үлкен патриархалды отбасының ыдырауына себін тигізді. Ал қазақ арасында балаларына енші беріп, бөлек шығару тек ХІХ ғасырда қалыптасқан әдет емес. Оның тарихы ертеректе жатыр. Ескі жазуларға үңілгенде енші бөліп беру ХІІІ ғасырдан бері белгілі болып отыр. Олай болса, қазақ арасындағы үлкен патриархалды отбасының тағдыры да, жоғарыда айтқандай, ертерек шешіліп, тек оның кейбір сілемдері ғана сақталған. Мәселен «қара шаңырақты қадірлеу» деген сияқты.
Үлкен патриархалды отбасында әке үкімі шексіз болған. Әке өлген соң оның орнына отбасы бастығы боп қалған үлкен ағаның үкімі барлық басқа отбасы мүшелері үшін заңды болған. ХІХ ғасырда қазақтағы дара шағын отбасы үстемдігінің кезінде де әкесінен бөлініп, өз алдына жеке үй болып кеткен ұлдарына әкесінің не үлкен ағасының белгілі мөлшерде ықпалы жүретін. Шаруашылығы бөлек болғанымен, барлық балалары әкесімен ақылдасып, көпшілік жағдайда оның айтқанын екі қылмайтын, қыстауы бөлек болғанымен, өз алдына жеке ауыл қатарына қосыла қоймаған туысқандардың өзі жазда бір жайлауға жиналатын. Бірақ қотандас болмай, жеке-жеке жұртта отыратын, кейде тіпті мал суаратын құдықтары да бөлек болатын. Мұндай жағдайда көбінесе «үлкен үй» деп аталатын атасының не әкесінің үйінде түскі қымызды бір жерге жиналып ішісетін. Кейде қымыз басарға да сол үйде жиналды мүмкін. Үлкен үйдің бүкіл шаруашылығына бөлініп кеткен балалары әрдайым жәрдем беріп тұрумен бірге, керек болған жағдайда отай үйлерге әке шаңырағынан берілетін көиек те аз болмайтын. Кейде, тіпті әртүрлі жағдайларға байланысты, малсыз қалған отауларға әкесі тарапынан екінші рет енші бөліну сияқты жағдайлар да кездесіп тұратын. Үлкен үйдің шаруасын әрбір отау иелері өзінікіндей санап, ол үйден көмек дәмететін, жетпегені болса алып тұратын. Кенже бала, қазақ дәстүрі бойынша, әкенің мұрагері ретінде әкесінен бөлінбейтін де, оның шаңырағында. Мал-мүлкіне ие боп қалатын.
Әдетте әке шаңырағы «қара шаңырақ», «үлкен үй» аталады. Әкесі өліп, кенже баласына не кейінгі ұрпақтарына ауысса да, «қара шаңырақ» сол қалпында сақталып, әкесінен тараған барлық ұрпақ үшін қадірлі, қасиетті орда есебінде болады. Оған барлық отаулар, ұзатылған қыздар, құдалар әртүрлі сыйлықтар, соғым сойғанда сыбаға әкеліп таратады. Қара шаңырақты қадірлеу ата-баба аруағын қадірлеуіме, н байланысты нанымның бір түрі болумен бірге, бұдан үлкен патриархалды отбасының ыдырау кезіндегі дара, шағын отбасының арасындағы патриархалдық қатынастардың сілемін сақтай түсу нышанын байқауға болады.
Көп әйел алған қазақ байлары олардың әрқайсысын балаларымен бөлек ұстайды, әрқайсысына енші бөліп береді. Мұндағы мақсат - әке өлген соң әр әйелдің балалары бір-бірімен тату, тыныштық сақтап тұрсын деген тілек еді. Әдетте бәйбіше балалары тоқал балаларына есе бермей, оларға қиянат көрсетуге тырысатын. Нәтижесінде олардың арасы насырға шабатын. Мұндай жағдайды болдырмау үшін үй қожассы әрбір әйеліне жеке-жеке шаруа бөліп беретін де, оған әрбір әйелдің кенже балалары мұрагерлік ететін. Әйелдің үлкен балалары өз шешесінің еншісінен үлес алып, бөлініп шығады. Кенже балаларға тиісті үлес, басқа балаларға қарағанда екі есе артық болады. Өйткені бірі өз үлесі болса, екіншісі шаңырақ үлесі, яғни үлкен үйдің сыбағасы болып есептеледі. Қазақ дәстүрінде бәйбіше балалары мен тоқал балаларының әке мұрасына байланысты салмағы бірдей болмайды. Сондықтан әкесінің нағыз қара шаңырағына бәйбішеден туған кенже бала ие болу керек. Кенже баланы бөліп шығармай, оның қолында болу дәстүрі тіпті осы кезге дейін сақталып келеді.
Көп балалы ата-аналар ержеткен балаларын мезгілінде үйлендіріп, оларға енші беріп, бөлек шығарып отырады. Әдетте кенже бала ержетіп үйленгенше, кейде тіпті шаруашылыққа әбден қартайғанша әкенің өзі басшылық етеді. Халық дәстүрі бойынша кенже інісі үйленіп, шаруашылықты өз қолына алғанша қартайған әке-шешенің шаруасына үлкен бала мен келін көмектесу керек.
Мұндай жағдайда әкенің басшылығымен бір отбасы болып үш ұрпақ - әке-шеше, үйленген бала әйелімен және немерелері бірге тұрады. Бұл отбасында әкенің үйленбеген інілері мен кіші балалары да бірге тұруы ықтимал. Міне, осы жағдайлардың бәрі бір уақытта үстем болған үлкен патриархалды отбасының сарқыншағы деуге болады.
Балаларына енші беріп бөлек шығару әдеті негізінен олардың үйленуіне байланысты болады. Жаңа түскен келін әдетте 1-2 жыл ата-анасымен бірге тұрып, әр нәрсеге үйреніп, өз бетінше үй болып тұруға дағдыланған соң өз алдына отау болып бөлінетін де, еншісін алатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz