ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТЫҚ АЛҚАБЫ ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3

І. Қазақстанда тың жӘне тыңайған жерлерді игеру себептері және салдары . . . 10

  1. Солтүстік Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің

басталуы . . . 10

  1. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесіне

жаңаша көзқарас . . . 21

ІІ. Қазақстанның астық алқабы ДАМУЫНЫҢ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРы . . . 27

2. 1 Қазақстанның астық алқабының өрлеуі . . . 27

2. 2. Шаруашылық қожалықтарының дамуы . . . 37

2. 3 Тың және тыңайған жерлерді игерудің нәтижелері

мен зардаптары . . . 40

Қорытынды . . . 55

Пайдаланылған Әдебиеттер мен

деректердің тізімі . . . 60


Кіріспе

Тың және тыңайған жерлерді игеру ХХ ғасырда КСРО-дағы ең айтулы оқиғаның бірі болды, ол туралы мен осы дипломдық жұмыста айтпақшымын.

1950 жылы басталған тың эпопеясы бірнеше ұрпақтың өміріне ғана әсер етіп қоймай, Қазақстанның тарихына да тағдыр болды.

Сол жылдардың ұлан-асыр оқиғасы дала өңірі бейнесінің түбегейлі өзгеруіне жол салып, экономиканың аграрлық саласының негізгі себебіне айналды.

Аз ғана тарихи кезең ішінде жердің миллиондаған гектары ауылшаруашылық айналымына алынып, игерілді, инфраструктурасы бар мыңдаған елді мекендер тұрғызылды.

Тыңды игеру өз орбитасына көптеген адамдардың тағдырын тартты. Тек алғашқы екі тың жылдарында Қазақстанға 300 мыңнан астам механизаторлар, құрылысшылар, техник- инженерлер, жұмысшылар, ауыл шаруашылығы мамандары келді. Олардың орташа жасы 25-тен аспаған. Қазақтың шексіз даласының байырғы тұрғындары оларды жылы қарсы алды. Тыңды көтеруге Қазақстанның солтүстік, батыс облыстары ғана емес, оңтүстік, шығыс облыстары да қатысты. Қазақстан сол кезде түгелдей тың республикасы саналды.

Тыңды көтеру үрдісін қарау барысында, алдымен поселкелерді, мектеп, ауруханаларды, жолдарды, жөндеу зауыттары мен шеберханаларды, элеваторларды салып, сонан кейін техниканы енгізіп, адамдарды шақыру керектігі айтылды. Бірақ оның бәріне уақыт болмады. «Астық мемлекетке жедел қажет!» - деп, кесіп айтылды. Сондықтан алғашқы тың игерушілерге бәрін қатар істеуге тура келді: орналасуды да, поселкелерді тұрғызуды да және нан өсіруді де. Сонда да олардың негізгі көпшілігі тыңға келген күннен бастап, қиындықтарға қарамай өз шешімдерін тұрақты да бұлжытпай ұстады. Соңы оң нәтижеге беретініне сенді. Қақап тұрған аяз да, боран да, жолсыздық та, тұрмыстық жағдайдың ауырлығы да енді тың көтеруге келгендердің бетін қайтара алмады.

Тыңның игерілуі барлық жерлерде селолар мен қалалардың байланысын өсірді, қазір ол қатынастар сан-алуан дамыған. Қала тың совхоздары мен колхоздарының материалдық-техникалық базаларын бекітті, оларға өндірісті ұйымдастыруда, әсіресе, астықты жинау науқаны кезінде, кадрларды даярлау және қайта дайындауда жан-жақты көмек көрсетіп отырды, әлі де көрсетіп келеді. Тың игерушілерге мәдени қызмет көрсету сапасы әрдайым жақсартылуда. Олардың алдында талай аты шыққан шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

Тың шаруашылығында бүкіл бір талантты өндіріс ұйымдастырушылардың ортасы өсіп шықты. Олар тыңды игеруде адам өзінің еңбегін көру үшін бәрін қожалықпен істеу керектігін түсіне білді. Сондықтан да тың игеру қожалық етудің қатаң мектебі болды. Тың игерушілер ізденіспен жұмыс жасайтын нағыз нан өсірушілерге айналды. Бірақ бұл жол қиын да қатаң еді. Бірінші жылдары негізгі жұмыс жаңа пайда болған совхоздарға тұрақ орнын белгілеп, мидай далада мыңдаған адамдарды қабылдап, орналастырумен, одан соң жүздеген совхоз поселкелерін салумен, мыңдаған мамандарды таңдау және әртүрлі адамдарды топтастырып, ұйымшыл ұжым құрумен, шаруашылықтарды орнықтырумен қатар жүргізілді.

Жерді бағалау мен тануда ғылым Академиясының, ғылыми институттар мен тәжірибе стансаларының мамандары қатысты. Тың жердің топырағы мәселесімен мыңдаған топырақ танушылар, ботаниктер, гидротехниктер, жер орналастырушылар, Ресей, Қазақстан, Украина, Белоруссияның агрономдары еңбек етті. Олар топырақтың дәлме -дәл картасын жасап, топырақты жабатын өсімдіктер тобын анықтап, су көздерін белгіледі.

Жер өңдеушілер айтқандай, үлкен астық жерді күтуден басталады. Осы тұрғыдан қарағанда, жерлерді игеру жұмысына дайындық асығыс жүргізілді де, оның әсері көп ұзамай-ақ көріне бастады. Тыңдағы агротехникалық саясат - даланың жасалған табиғатына адамның араласуымен болатын кері салдарларды мүмкіндігінше шектеп, мұнда егіс егудің ең жоғарғы мәдениетін бекіту, ал сосын құрғақ аймаққа бейімделген жер өңдеу жүйесін салу - тез арада өзінің қате екенін көрсетті. Боразда салу оңай болған жоқ. Алғашқы тың игерушілер тұрмыстық жағдай мен басқа да қиындықтарды батылдықпен жеңе білді. Бұл қиындықтардың бәрі де өткінші екенін ұғынды. «Тыңның жабайы жағдайларында өмір сүру мүмкін емес», - деп түйіндеді кейбір басылымдар. Шындығында, жігері шыдамағандар, шегінді. Сол сияқты, «ұзын сомның» соңына түскен, алаяқ, өз пайдасын ғана ойлағандар да кездесті. Дегенмен, тың игерушілердің басым көпшілігі сол кездегі жағдайларына батылдықпен қарап, бар қиындықтарды жеңе алды.

Қазақстанның тың игерген аудандарында қазір миллионнан кем емес халық өмір сүріп жатыр. Бұл жерлер де еліміздің басқа аудандары сияқты көгеріп, орнықты. Уақыт өткен сайын жұмыс жағдайы ғана емес, совхоз, колхоз тұрғындарының тұрмыс жағдайы да өзгерді. Бұрынғы сусыз далада жайландырылған үйлері, мектептері, ауруханалары, Мәдениет үйлері, сауда орталықтары, спорттық құрылымдары бар нағыз агроқалалар өсіп шықты. Ауылдағылардың тұрмысына қаланың жайлы атрибуттары - электр, газ, су жүйесі, радио, телевизор және т. б. енді.

Тың игеру азаматтық нығаюдың, ұлтаралық келісімділіктің, жастар үшін еңбек ету мен өнегелі мінез-құлқын қалыптастырудың тамаша мектебі болды. Қазақстанға комсомолдық жолдамамен келген 600 мың жігіттер мен қыздардың негізгі басымы осында тұра.

Тәуелсіздігін алғаннан кейін еліміз өзінің ауылшаруашылық экономикасын қайта құруда. Және де бұл бағытта аз жұмыс жасалған жоқ. 2003-2005 жылдарды Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев ауыл (селоларды) қайта жаңарту жылдары деп жариялады. Аграрлық саланы дамыту үшін үлкен қаражат пен материалды ресурстар бөлінді. Бүгінгі күні біз астықты ең ірі өндірушілер мен сыртқа шығарушылардың бірі болып саналамыз.

Қазақстанды халықтар достығының зертханасы деп тегін айтпайды. Мұнда жүзден астам ұлттар мен халықтардың өкілі бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Әрине, бұған Солтүстік Қазақстанның аумағында тың және тыңайған жерлерді игеру үлкен рөл атқарды. Сол жылдары Қазақстан жеріне бұрынғы Кеңестер одағындағы республикалардың түкпір-түкпірінен әртүлі ұлттар өкілдері келіп, осында екінші Отан тапты.

Сол жылдардағы еңбек ерлігін үлгі тұтып, құрметтейміз, ал содан қалыптасқан халықтар достығы, республикамызда жүргізіліп отырған дана саясаттың арқасында, бағасы жоқ байлығымызға айналып, еліміздегі тұрақты қоғамдық -саясаттың негізі болып отыр.

. . . Қиын экономикалық тәуелділікке түсіп қалмау үшін, халықты тамақтандырып, өнеркәсіптің дамуын қолдай алу үшін елімізге үлкен астық қажет болды. Сөйтіп, астық пен азық түлік зор құнмен алынды. Бар қиындықта ең үлкен бағаны алдағы жарқын болашаққа күмәнсіз сеніп, қаншама ауырлықты басынан өткеріп, көп нәрсені жоғалтып, өмірдің берген азына шынайы қуанып, осы идея үшін күш-қайратын аямай жұмсаған, адамдар төледі. Қазір біздің жас еліміз -Қазақстан Республикасы, тыңды көтеру тағдырларына айналған оның халқы, жерге жаңа өмір беріп, тыңнан туындаған мәселелерді өзі шешуге мәжбүр.

Еліміздің әр азаматы тыңға, ең алды Қазақстан тыңына міндетті, өйткені әр үзім нанда оның дәнінің үлесі бар.

«Нан - бұл өмір» - деп, халық дұрыс айтқан. Ал корея аңызында, батыр қара айдахармен арпалыста қансырап жатып, өзі туған жерінің күрішінен жасалған нанның исін сезсе-ақ болғаны оған қайтадан күш бітеді екен.

Ұлы Отан Соғысының ардагері, тың игеруші Марьесев - Леонид Михайлович Картаузов: «Менен егінші мамандығын не себепті таңдап алғанымды сұрағанда, ылғи да былайша жауап беремін: Мен өзім Ленинградтанбын, әкем блокада кезінде сонда аштықтан өлген. Блокаданы басынан өткізген әпкемнің айтуынан күніне 125 грамм нанмен шыққан ленинградтықтар үшін сол кездің қаншалықты қиын болғанын білемін. Сондықтан мен әрқашан біздің адамдарымыз наннан тапшылық көрмейтіндей оның көп болғанын ойлайтынмын», -деген екен.

Ол кезде өте қиын болып еді, сөйтсе де, 1956 жылы тың ерлігі туралы хабар жер бетіне тарап кетті. Қазақстан елге миллиард пұт астық берді. Бұл үлкен жеңіс еді.

Дипломдық жұмыс барысында Солтүстік Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеру кезінде болған барлық жағдайларды ашып және де жаңа мәселелерге жаңаша қарап көрейік. Жұмысты орындау барысында белгілі Ұлы тың эпопеясы туралы, цифрлар мен фактілер арқылы тың және тыңайған жерлерді жалпы игерудің толық анықтамасын беріп, сонымен бірге ауыл шаруашылығының жаңа дамуы мен оның келешекте қарқындыі дамуы туралы баяндаймыз.

. . . Қиын экономикалық тәуелділікке

түсіп қалмау үшін, халықты тамақтандырып,

өнеркәсіптің дамуын қолдай алу үшін

елімізге үлкен астық қажет болды.

Сөйтіп, астық пен азық түлік

зор құнмен алынды. Бар қиындықта ең үлкен

құнды алдағы жарқын болашаққа күмәнсіз сеніп,

қаншама ауырлықты басынан өткеріп,

көп нәрсені жоғалтып, өмірдің берген азына

шынайы қуанып, осы идея үшін күш-қайратын

аямай жұмсаған, адамдар төледі.

Н. Ә. Назарбаев.

Тақырыптың өзектілігі: тың көтеру - әлемдік тарихта теңдесі болмаған, жиырмасыншы ғасырдың ұлан-асыр әлеуметтік-экономикалық жобасы болғандығында. Тарихи аз мерзім ішінде Қазақстанның көптеген аудандарының экономикасы, білім беруі, мәдениеті өркендеп, зор кадрлық және ғылыми әлеуеті пайда болды.

Әр елдің тарихында дәуірлік маңызы бар оқиғалар бар. Олардың маңызы, масштабы мен қауымдық-саяси дамуға жасаған ықпалын объективті бағалау, тек қазіргі заманғы бағалалармен тығыз байланыстыра отырып, сарапталған тарихи талдау жасау арқылы ғана мүмкін. Қазақстан үшін, кеңбайтақ елдің құрамына кірген басқа тәуелсіз мемлекеттер сияқты, тың көтеру сөзсіз, осындай оқиға болды. Шынында да, бұл оқиға республиканың бейнесіне ғана емес, бұрынғы Кеңестер Одағының барлық халықтарының өкілдері болған қазақстандықтардың талай ұрпағының тағдырына әсер ету деңгейімен әйгілі.

Қазіргі космостық шамамен алғанда да, осы бір ұлан-асыр жоба басталғанда, бәрі сол үшін, бәрі соның игілігі үшін жасалатын КСРО сияқты алып держава басына түскен катаклизмаларға төтеп бере алмай, тарап кетеді деп болжай алмаған. Қиын экономикалық тәуелділікке түсіп қалмау үшін, халықты тамақтандырып, өнеркәсіптің дамуын қолдай алу үшін елімізге үлкен астық қажет болды. Сөйтіп, астық пен азық түлік зор құнмен алынды. Бар қиындықта ең үлкен бағаны алдағы жарқын болашаққа күмәнсіз сеніп, қаншама ауырлықты басынан өткеріп, көп нәрсені жоғалтып, өмірдің берген азына шынайы қуанып, осы идея үшін күш-қайратын аямай жұмсаған, адамдар төледі. Қазір біздің жас еліміз -Қазақстан Республикасы, тыңды көтеру тағдырларына айналған оның халқы, жерге жаңа өмір беріп, тыңнан туындаған мәселелерді өзі шешуге мәжбүр. Алғашқы тың игерушілер деген құрметті атаққа ие болған адамдар да, оқиғаның басқаша бет алатынын біле білген жоқ, тарих алдында да, өз ар-намысы алдында да кінәлі емес.

Әрине, ол жылдары, соңы әкімшілік науқанға айналған, үлкен қателіктерсіз болған жоқ. Өкінішке орай, ол қателіктер келесі жылдары да қайталанды.

Астық шаруашылығын көтереміз деген сияқты, кезекті «шеруге» қатты ұран тастап, басқа өмірлік маңызы бар салалар естен мүлде шығарылып қалған. Осылайша, күштерді тар мақсаттарға мобильді жұмылдыруды әлсін-әлсін мәжбүр етудің әсерінен Қазақстанның малшаруашылығына үлкен қиянат жасалды. 1928 жылдан 1954 жылға дейінгі кезеңде ірі қара мал басы мен жылқы саны жартылай азайды. Жиырма миллион қой мен ешкі басының 30 жылдардың ортасына қарай тек екі жарым миллионға жақыны қалған. Олардың басын 18 миллионға жеткізу тек 1954 жылы ғана мүмкін болды. Түйе өсіру мүлдем жойылып кеткен, олардың басы осы күнге дейін кіші далалардың өзінде қалпына келтірілмеген.

1950-жылдардың басында соғыс зардабынан әлсіреген ауыл шаруашылығы, турасын айтқанда, еліміздегі астық жағдайы қатты қауіп төндіре бастады. Бүкіл Кеңес үкіметі экономикасының дамуына қатер төніп, жедел іс-шаралар қолданбай болмайтын болды, өндіріс пен ауылшаруашылығы арасында үлкен диспропорция пайда болды.

Сөйтіп, 1954 жылдың ақпан-сәуір айларында өткен КОКП ОК пленумында аз мерзім ішінде тың және тыңайтқан жерлердің үлкен аумағын игеру міндеті алдыңғы қатарға шығарылған. Негізгі бағыт Қазақстан далаларына жасалды.

Бүгінде тың және тыңайған жерлерді игерудің қажеттігі туралы әртүрлі көзқарастар бар. Дегенмен, бұл жерде акцияның аумағы мен жалпы маңыздылығы есепке алынуы керек.

Еліміздегі тыңның арқасында қол жеткен жетістіктер мен өткеннің артықшылығын жіберілген қателіктер мен кемістіктер жауып кетпеуі үшін үлкен көзқарас қажет.

Жекелеген бастықтардың жасаған қателіктері мыңдаған қарапайым адамдардың ерлігін жоққа шығара алмайды. Уақыт тыды игерудің жалпы ақталуын көрсетті.

Қазақстандық тыңның игерілуі бүгінге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ, тіпті келешекте де өзінің маңыздылығын жоғалтпайды. Өйткені тың эпопеясы республика бейнесіне ғана емес, бұрынғы Кеңес Үкіметінің өкілдері болған қазақстан халқының талай ұрпағының тағдырына із салды.

Тың өз нәтижелерімен қатар, Қазақстан Республикасының аграрлық саласында ғана емес, мемлекетіміздің демографиялық, экологиялық жағдайына, Қазақстандық қоғамдастықтың әлеуметтік, психологиялық ахуалына әсер еткен жағымсыз жағдайларды да тудырды. Фактінің өзектілігі мынада: егер де, 1954 жылы жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру басталмағанда, КСРО-ның таралуы 1989 жылы емес, одан 35 жыл бұрын болар еді. Қазақстандағы тыңды игерудің саяси маңыздылығын баса айтқан жөн.

Жұмыстың мақсаты : Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру үрдісін бақылау.

Қойылған мақсатқа сәйкес, келесі міндеттерді белгілейміз:

- жерлерді игерудің туындау себебін қарастыру;

- игерілген жерлердің үрдісіндегі және оның тудырған мәселелерін ашу;

- игеру кезеңіндегі экономикалық өзгерістерді көрсету;

- тәжірибені жинақтап, одан сабақ алу;

- тыңды жалпы игеру барысындағы әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағынан жүйелі талдау жолымен, кері ықпалдарды ашу;

- аналитикалық материалдардың негізінде қажетті тұжырымдар жасап, өмірімізге қандай оң әсерлер бергенін іздестіру;

Дипломдық жұмыста әр түрлі дереккөздер пайдаланылды, соның ішінде Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапханадан, Ақмола облысының Мемлекеттік мұрағаты қорларынан алынған материалдар ерекшеленеді.

Тың жерлерді жаппай игеру тарихы Кеңестік тарихи әдебиеттерде жарық көрді, оның ішінде ірі монографиялық ізденістер, ұжымдық еңбектер, ғылыми-практикалық конференциялар, мерейтойлық салтанаттар бар.

Тыңды жаппай игеру тарихын тану 1950 жылдардың ортасында басталды, немесе «алғашқы тың қазығы» қағылғаннан бастап, бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Негізінен олар - ақпараттық материалдар, очерктер мен тың батырлары туралы баяндаулар, мақалалар, кітапшалар мен тың шаруашылықтары басшыларының, алғашқы тың игерушілердің, тың игеруге қатысқан ғалымдардың естеліктері.

1960-жылдардың ортасына қарай алғашқы тыңға арналып жазылған әдебиеттерге тарихографиялық шолу жасалды.

«Тың эпопеясының көп мәселелері, мысалы «Коммунистік партия Қазақстандағы тың жерлерді игерудегі күресте» атты ұжымдық монографияда, В. И. Куликовтың «Тың жерлерді игерудің тарихи тәжірибесі», С. Л. Ковальский мен Х. М. Маданованың «Қазақстанда тың жерлерді игеру», Қ. Қ. Әбуовтың «Көкшетау. Тарихи очерктер» шығармаларында жан-жақты ашылған.

«Тың эпопеясын» қазіргі кезеңде танып, іздестіруде тарихшылар әртүрлі пікір айтады. Ж. Б. Әбілхожин, Мысалы, «еліміз азық-түлік дағдарысына ұшыраған кезең - 1950 жылдары туындаған оқиға теориялық жағынан екі бағытта дами алар еді» - деп, есептейді.

Л. И. Брежневтің «Целина» атты туындысы тың және тыңайған жерлерді жаппай игеруге арналған. Онда Отанға қызмет етудің символы болып қалған кеңестік патриоттар - тың игерушілердің еңбектік ерліктері көрсетілген. Л. И. Брежнев өзінің кітабында «тың жердің астығы тез арада керек болды!», «Уақыттан озу үшін кеңес адамдары социализмді бекіте отырып, көп нәрсені ештеңе жоқ жерде бастады», - деп жазды.

Партия тыңды игеруге шақырылғандарға «қиын, өте қиын болады, алда ауыр ұрыс тұр, ал әр ұрыс үлкен ерлікті қажет етеді» деп, ашық айтты.

Г. И. Харламова «Жасампаздардың атына» деген кітабында Көкшетау облысы еңбеккерлерінің тағдыры туралы жазады, Социалистік Еңбек Ері А. О. Омышұлының, М. И. Кущаның, алғаш тың игеруші Б. М. Клещуктің, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Габдуллиннің және де басқа осы өңірдің тамаша жандары туралы бандайды.

Қорытындылай келіп, тың жерлерді игеру мәселесі, ол туралы аумақты әдебиеттердің барына қарамай, алдағы уақытта да іздестіріп, объективті ашуды қажет ететіндігін айта кеткен жөн. Алда тыңның тарихи графиясын зерттеуде стереотиптер мен коньюктуршілдіктен, мөрлер мен сызбалардан, кері әсерлер туралы үндемей, сөйте тұра, «тың эпопеясы» тудырған оң аспектілерді қабылдамай, жетістіктерді төбеге көтеруден арылу тұр.

Жұмыс құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған көздер мен қосымшалардан тұрады. Кіріспеде таңдап алынған тақырыптың өзектілігі мен міндеттері, көздері мен тарихи графиясы көрсетілген.

І. Қазақстандағы тың жӘне тыңайған жерлерді

игеру себептері жӘне САЛДАРЫ

1. 1. Солтүстік Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қостанай облысының ауыл шаруашылығына әсер етуші факторларды ескере отырып, ауыл шаруашылық кешендерінің қазіргі жағдайы мен дамуын анықтау
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
Қазақстан Республикасы егiн шаруашылығын дамытудың экономикалық мазмұны
Агроөнеркәсіптік өндірісінде нарық қатынастарының қалыптасуы
Жекешелендіру туралы
Агроөнеркәсіп кешенің дамытудағы қызмет көрсету саласының ролі
Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласының қазіргі жағдайын талдау ( Қапшағай құрамажем зауыты АҚ мәліметтері негізінде )
Шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері туралы
Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы
Ауылшаруашылық өнімнің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz