Тыныс АҚ жалпы сипаттамасы мен қызметін талдау
Кіріспе
Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде
өтіп жатқан іргелі өзгерістер кәсіпорындардың шаруашылық іскерліктің жаңа
жолдарын қарастырумен қатар, экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуде
бірқатар маңызды мәселелердің шешімін табуын талап етеді. Әсіресе,
Қазақстандық өнім шығаратың кәсіпорындарға аса көңіл бөлінген. Осы
кәсіпорындардың тиімділігін арттыру үшін тиесілі аудит өткізіліп отырады.
Кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің құрамына кіретін негізгі құралдар
кәсіпорынның балансындағы басты көрсеткіш болып табылады.
Зерттеудің өзектілігі - халықаралық стандарттарға сай өнім шығарып,
қолда бар негізгі құралдарды жетілдіру, жаңаларын иемдену. Олардың тиімді
пайдалануы үшін тиісті аудиторлық тексерістерді уақытында жүргізіп,
кемшіліктерін айқын көрсету.
Бүгінде біздің еліміз әлемдік сауда ұйымына мүше болуға ат салысып
жатқанда біздің кәсіпорындарымыз өндіретін өнімдер халықаралық талаптарға
сай болуы керек.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы - ұсынылып отырған зерттеу
тақырыбымыздың негізгі ғылыми жаңалығы “Тыныс” АҚ-ң өнімін халықаралық
деңгейге шығару жолдары және негізгі құралдарының аудитін жүргізудің жаңа
шарттары.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – “Тыныс” АҚ-ң балансындағы негізгі
құралдарын зерттеу. Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер
айқындалынды:
- Кәсіпорындардағы негізгі құралдарының аудитінің теориялық және
әдістемелік мәселелерін зерттей отырып, оның шетелдік тәжірибеде қолдану
деңгейін анықтау;
- Кәсіпорынның авиация тауарларын және халықтық тұтыну тауарларын зерттеу;
- Кәсіпорында өнімді өткізу саясаты үрдісін қарастыру;
- Кәсіпорынның негізгі құралдарын тиімді қолдану жолдары;
- Тауар ассортиментін кеңейту жолдарын іздеу;
- Өнімнің өмірлік кезеңі бойынша, тауардың нарықта неғұрлым ұзағырақ тұруын
қарастыру;
- “ Тыныс ” АҚ-ң негізгі құралдарының аудитін зерттеу және оны жетілдіру
жолдарын көрсету.
- “ Тыныс ” АҚ-ң өнімін ЭКСПО 2017 жобасында ұсыну жолдары.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні ретінде “ Тыныс ” АҚ-ң негізгі
құралдарының аудиті талданады. Дипломдық жұмысты зерттеудің теориялық,
әдістемелік негізінде қазақстандық және шетелдік ғалым-экономистердің
бухгалтерлік есептегі бойынша еңбектері алынды. Сонымен қатар, негізгі
құралдарды талдау үшін және аудитін зерттеу үшін “ Тыныс ” АҚ-ң жөнінде
мәліметтер алынды, соңын ішінде АҚ-ң жарғысы, 2010-2012 жылдар
аралығындағы бухгалтерлік балансы, қаржылық көрсеткіштері талдаңды.
Диплом жұмыстың негізгі әдіс–тәсілдері – қажетті мәліметтерді жинақтап,
оларды саралау, ұғымдарды жинақтау, баяндау, пікірлерді қорыту, ғылыми
тұрғыда талдау. Сондай–ақ, қаржылық талдау басшылыққа алынды
“Тыныс” АҚ-ң бойынша жазылған дипломдық жұмыс: кіріспе, 3 бөлімнен
және қорытынды бөлімдерден тұрады.
Бірінші бөлімде - негізгі құралдар туралы жалпы түсініктер жазылды,
негізгі құралдардың шетелдік тәжірибеде қолдану жолдары, әдістері, олардың
кәсіпорындағы орны, қолданылу жолдары және кәсіпорынның негізгі
құралдарының аудитінің жалпы аспектілері қарастырылды. аудиттің теориялық
негіздері қарастырылды.
Екінші бөлімде - “ Тыныс ” АҚ-ң құрылу тарихы, жарғысы, жалпы
сипатттамасы, акционерлік қоғамның даму бағыттары, өнімді өндіру және
өткізу қызметі, техника-экономикалық әлеуеті және қаржылық-экономикалық
жағдайы талданды. Сонымен қатар 2010-2012 жылдар аралығындағы бухгалтерлік
балансы талдаңды. Баланс активі құрылымының динамикасы, баланс құрылымының
пассиві динамикасы талдаңды. Ұзақ мерзімді активтер құрамына енетін
негізгі құралдары жеке есепке алынды. Яғни қарастырылған кезеңде негізгі
құралдардың өзгерісі назарға алынды. Ұзақ мерзімді активтерді тиімді
пайдалану коэффициенті есепке алынды.
Үшінші бөлімде - “ Тыныс ” АҚ-ң негізгі құралдарының аудитінің
жетілдіру жолдары қарастырылды. Осы ұсыныстар екінші бөлімде қарастырылған
қаржылық-экономикалық көрсеткіштерге сай жасалды. ЭКСПО 2017 көрмесіне
қатысу үшін қандай шаралар қолданылу керек екендігі талдаңды. Және де осы
жобаға қатысу үшін проект құрастырылды. Халықаралық жобаға қатысу үшін
негізгі құралдарды иемдену керек екендігі назарға алынды. Және де қолда
бар негізгі құралдарды жетілдіру керек екені айқын болып тұр. Осы іс-
шараларды іске асыру үшін уақтылы аудиторлық тексерістер жүргізіп, ішкі
аудиторлық тексеріс жүйесін құру ұсынылды.
“ Тыныс ” акционерлік қоғамының өнімін халықаралық деңгейге шығару үшін
мемлекет тарапынан қолдау табу шарт болып отыр. Сондықтан акционерлік
қоғамға мемлекеттік субсидия алу ұсынылды. Осы субсидия акционерлік
қоғамның техникасын жақсартуға, соңғы талаптарға, технологияларға сай
құрылғыларды иемденуге мүмкіндік береді. Акционерлік қоғамның өндіретін
өнімі халықаралық стандарттарға сай келуі үшін, соңғы технологиялармен
өнделуі керек. Сонымен қатар өнім сапасы барлық халықаралық стандарттарға
сай болып, жаңа өндеу сапасына өтуі керек. Акционерлік қоғам сегіз бағытта
өнім өндіреді. Сонын ішінде экспортқа шығарылатын өнімдерді жетілдіру
жолдары қарастырылды.
Ал негізгі құралдардың аудитің жетілдіру үшін ішкі аудит жүйесін
құрастыру ұсынылды. Басты ұсыныстардың бірі болып, өнімді халықаралық
стандарттарға сай жасау жолдары және халықаралық жобаларда ұсынылу
жолдары.
1. Кәсіпорындағы негізгі құралдардың есебі мен аудітінің теориялық
аспектілері.
1. Негізгі құралдардың жалпы түсінігі.
Бухгалтерлік есеп өзінің бастауын сонау ХІІ ғасырдан алады. Бұл ғылым
туралы алғашқы түсінік шамамен 1340 жылдары Генуе қаласында пайда болған.
Бухгалтерлік есептің алғашқы негізін салушы және дамытушысы Француз манахы
Лука Пачоли болып табылады. Ол бухгалтерлік есеп туралы 1493 жылы Шоттар
және жазулар деген трактатын жазған. Ал бухгалтер термині ХV ғасырда
Австрия қаласында пайда болған. Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық
ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін
және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен
бақылап, оны басқару үшін бағыт бағдар беріп, алдағы уақытта істелетін
жұмысын жоспарлап және сонымен қатар, ол ұйымның болашақта атқарылатын
жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады. [21]
Кез келген ұйымда бухгалтерлік есепті жүргізу экономикалық мәселелердің
негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы
өндірілген өнімді есепке алуға, сатып өткізуге айырбастауға және одан
түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы
шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы
айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің,
сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы
экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.
Кәсіпорындардың өндірістік шаруашылық қызметтері барысында орындалатын
жеке шаруашылық оқиғалары мен әрекеттері көп.
Елімізде жүргізіліп жатқан бухгалтерлік есеп және аудит жұмыстары
толығымен халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сай орындалады.
Міне осыларды ескере отырып, бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер
маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен
қатар кәсіпорынның тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Өнеркәсіп орындарында шаруашылық әрекеттеріне, мысалы: материалдарды
алу, оларды қоймаға жеткізу, қоймадан өндіріс орындарын босату, олардан
белгілі бір өнім түрін жасау, оларды сату одан белігілі бір пайда немесе
түсім алу жатады. Сонымен қатар кәсіпорында көптеген есеп айырысулар,
айналым құралдары және әр түрлі активтер бар. Және кәсіпорында өзінің
белгілі құралдары болуы тиіс. Кәсіпорынның құралдары өзінің құрамы және
орналастырылуы бойынша жіктеледі. Жалпы барлық құралдар өндіріс құралдарына
және айналым құралдарына жіктеледі. Есеп тәжірибесінде оларды негізгі
құралдар және айнымалы құралдар деп тағы да екіге бөледі. Айналым
құралдарына бір өндірістік кезең шегінде толық қолданылатын және сонымен
қатар айналымға ұшырайтын құралдар жатады. Сонымен қоса ағымдағы активтер
деген түсінік бар, оған дебиторлық борыштар және материалдық қорлар кіреді.
Бұл активтер кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелерін өтеу барысында
қабілеттілігі жоғары, яғни тез арада өзінің құнын басқа заттарға айырбастай
алатын мүліктер болып табылады. Кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыс жүргізуі
барысында ағымдағы активтерден басқа ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын
өндірістік және әкімшілік қызметті орындауға арналған активтерді қажет
етеді. Ал мұндай ұзақ мерзімді активтердің қатарына негізгі құралдар мен
материалдық емес активтердің, ұзақ мерзімдік дебиторлық борыштарды және
ұзақ мерзімді инвестицияларды жатқызуға болады.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп - өндіріс үдерісінде ұзақ
уақыт бойы, яғни бір жылдан астам уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы
түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа,
көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде
біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді
айтады.
Ал материалдық емес активтер деп - белгілі бір нақтылы табиғи пішіні
жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да
бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде,
тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде, яғни
ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтер.
Сонымен қатар ұзақ мерзімді активтерге жоғарыда айтып кеткендей ұзақ
мерзімді қаржы инвестициялары, дебиторлық борыштары да жатады.
Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам)
материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құрал
ретінде іс әрекет ететін материалдық активтер.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар
өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек
құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-сайман т.б.) әсер ету жүзеге асады
немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды
(ғимараттар, құрал-жабдық, өткізгіш қондырғылары). Негізгі өндірістік
құралдардың пайдалануылуын сипаттайтын шолушы экономикалық
көрсеткіші - қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір
өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді
көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал жабдықтар тұтынуға арналған құрал
жабдықтар. Олар ұжымның мәдени тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын үй коммуналдық
шаруашылық, денсаулық сақтау, мүлкі т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы
өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып
бөлінеді. Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында
көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа
субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып
саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші
Жалға алынған негізгі құралдар баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу
мерзімі аяқталғаннан соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген
бағамен сатып алуына болады. Оларды 121-ші Жер, 122-ші Үйлер мен
ғимараттар, 123 Меншік және құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар, 124-
ші Көлік құралдары, 125-ші Басқа да негізгі құралдар шоттарының тиесілі
аралық шоттарында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей
тұрған (тоқталып қойған) және қор ретінде тұрған бөліп бөлінеді.
Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар - әрекет етіп тұрған
негізгі құралдар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы
тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын
негізгі құрал жабдықтар. Қорда тұрғандар – ол жұмыс істеп тұрған
құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін
ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес
болып екіге бөлінеді. Мүліктікке - заттай көрінісі бар, яғни санауға және
өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады.
Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары
(ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар
(жер учаскілерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу) жатады.
Негізгі құралдардың есебін мақсаттық белгілеуіне және орындалатын
қызметіне байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық
Бухгалтерлік есеп бойынша 1996ж. 18 қарашадағы №6 Қаулысымен бекітілген
қаржы шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының бас жоспарына
сәйкес негізгі құралдар мынандай топтар бойынша мақсатты белгілеу мен
орындалатын іс-қызмет аясына байланысты жіктеледі:
1. Жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге
меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай
актісі берілген болса, онда ондай жер учаскелері мүліктік объект болып
саналады.
2. Үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет
көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған
әлеуметтік құрылыс объектілері.
3. Ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір
қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған
инженерлік құрылыс объектілері.
4. Өткізгіш тетіктері(қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық
энергияны өткізу қондырғылары.
5. Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер ол басқа мүліктік
объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал аспаптармен,
қоршаулармен, тірек тұғырымен мүліктік объект болып табылады. Негізгі
құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады:
а) күш қуатты машиналар мен жабдықтар, жылу және электр қуатын өндіретін
машина генераторлары, әр түрлі энергияны механикалық, яғни қозғалыс
энергиясына айналдыратын машина двигательдер (бу турбиналары, электр
двигательдері)
ә) жұмыс машиналары мен жабдықтары еңбек өнімін жасау процесінде
керек-жараққа механикалық, термиялық және химиялық әсер ету үшін арналған
машиналар, аппараттар мен жабдықтар(насостар, электромоторлар,
экскаваторлар)
б) өлшеуіш және реттегіш құрал аспаптар (приборлар, құрылғылар және керек-
жарақтар, лабораториялық жабдықтар) өндірістік процестерді өлшеу, реттеу
үшін құрал аспаптар, құрылғылар мен керек жарақтар (дозаторлар, амперметр)
в) есептегіш техника процестерді түзету мен автоматтандыруға арналған
машиналар, құрылғы, керек жарақтар (компьютерлер мен басқа есептеу
техникалары).
г) басқа да машиналар мен жабдықтар, аппараттар және басқа да жабдық
құралдары (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдықтары, өрт
сөндіргіш машиналар).
6. Көлік құралдары - адамдарды, жүктерді тасуға арналған тасымал
құралдары.
7. Құрал - сайман – қол еңбегінің механикаландырылған немесе
механикаландырылмаған құралдары немесе металдары, ағашты және өндеу үшін
машиналарға бекітілген заттар. Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін
заттар ғана мүліктік объект болып табылады.
8. Өндірістік мүлік және соған жататын заттар – өндірістік
операцияларды орындау және жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар;
еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа
материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар
басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі табылмайтын және дербес
мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;
9. Шаруашылық мүлік – кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары
(орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект – мүліктік
объект бола алады;
10. Жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал – ат, өгіз, түйе және
басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал – мүйізді ірі қара
мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар,
маралдар.
11. Көп жылдық өсімдіктер – қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер. Жас
өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
12. Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) – ауыл
шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер
қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар;
13. Басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және
басқа да салымдар.
Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста, бағалауға
бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 6 Негізгі құралдар есебі БЕС
мен 16 Негізгі құралдар ҚЕБХС-на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша
бағаланады:
Бастапқы құн - негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты
өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (ҚҚС, баж
салығы), сонымен қатар орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу
шығындары, несие үшін пайыздар және тағы басқалары.
Ағымдағы құны - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нақты
бағасы бойынша бағаланған құны.
Өткізу құны - мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар
арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома.
Жою құны - тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою
кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің,
металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн - жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның
орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны.
Баланстық құн - бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде
көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың
бастапқы немесе ағымдық құны.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп
түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық
рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін, олардың
материалды жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуын, ұтымды
пайдаланылуын, негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу
нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.
Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын
үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып
алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі
табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа
субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп
түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан (келісімді құнын толық
төлегеннен кейін); жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп
түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі бірнеше құжаттармен
рәсімделеді.
Негізгі құралдарды Қабылдау - тапсыру (орнын ауыстыру) актісі
негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданып
жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс
жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі
құрал-жабдықтардың бір цехтан (бөлімнен,
учаскіден) екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да
субъектілерге берілген кезінде (жарғылық капиталға қосқан үлестерді,
сатуды, сыйларды) оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін
қолданылады.
Негізгі құралдарды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен
тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт
жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау тапсыру актісін
жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал саймандардың, жабдықтардың және тағы
да басқа объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір
типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған
болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты
техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас
бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар
бекітеді.
Алыс беріс (орын ауыстыру) актісінде , міндетті реквизиттермен
қоса, комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді.
Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъекті дербез анықтау алады,
яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және тағы да
басқа көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен шаруашылық
жүргізуші субъектінің есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны
қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен (визуальды) анықтауды, не болмаса
бастапқы құнының 0,01-ден 2,0% - ға дейінгі сомасы алынады.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін
актіні екі дана етіп, тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының
және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға
тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және
қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.
Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы
жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады (онда бірінші дана
негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі есеп
айырысу төлем құжаттарына тіркеледі), үшінші дана негізгі құралдарды
қабылдаушы адамға беріледі. Негізгі құралдардың алыс беріс (орын ауыстыру)
актісі келесі бетте келтіріледі.
Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға
арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір
типті заттарымен, құрал сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік
карточкада жүргізіледі.
Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға
бекітіп, Мүліктік карточка ашады, объектіге мүлікті тізімдеу нөмірін
беріп, мүлікті Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы
жазбасы жасалады. Бұл мүліктерді бір ғана карточкада есепке алуға рұқсат
етіледі. Бұл карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдардың
актілері, техникалық төлқұжаттары және тағы да басқа құжаттар негізінде
толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық
элементтерінің қысқаша техникалық сипатамасы беріледі, бірақ сол техникалық
құжаттамадағы мәліметтері қабылданбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге
тапсыру (беру) кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға,
сондай ақ негізгі құрал объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыру кезінде
Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орын ауыстыру ) актісі, ескіру және
тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға Негізгі
құралдар объектілерін есептен шығару актісі негіз бола алады. Құрылысы
салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен
объектілер туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін Жөнделген, қайта
құрылған және жаңаланған объектілерді қабылдау тапсыру актілері негізінде
жазылады.
Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы бөлімінде негізгі объектінің
тек негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері, сондай-ақ объектінің
техникалық құжаттамасында бар мәліметтерді қайталамай, осы объект үшін
неғұрлым маңызды екі үш сапалық көрсеткіштермен шектеліп, оған қатысты
маңызды қосымша құрылыстар, бейімдегіштер мен тиесілі заттар жазылады.
Негізгі құралдардың топтама есебі жайында қысқаша жеке сипаттаманы әр
объектіге жеке бермей-ақ, мүліктік карточкада есептелген объектілерінің
тобына тұтастай береді.
Егер де объектінің сандық та және сапалық та көрсеткіштері
айтарлықтай өзгерсе, онда оларға және де қосымша карточка ашылуы мүмкін, ал
ескі мүліктік карточка анықтама құжаты ретінде сақталады.
Тіркеу кезінде карточкаларды нөмірлейді, содан кейін негізгі
құралдарды жіктік топтары бойынша сақтайды, ал бұл топтар ішінде – қолдану
орындары мен материалды жауапты адамдар және негізгі құралдар түрлері
бойынша көрсетіледі. Картотека мынадай бөлімдерден тұрады: Қолданыстағы
негізгі құралдар (Үйлер, Ғимараттар, Өткізгіш тетіктер және басқа
жіктік топтары бойынша), сондай-ақ Ағымдағы айда келіп түскені, Ағымдағы
айда шығып кеткені, Ішкі орын ауыстырғандағы, Қордағы, Ұзақ мерзімге
жалға берілген негізгі құралдар, Жалға алынған негізгі құралдар.
Ай ішінде Түскендері, Есептен шыққандары бөлімдерінің
карточкалары 12 Негізгі құралдар бөлімшесінің шоттарында есептелген
айналымдармен салыстырғаннан кейін, картотеканың тиісті бөлімшелеріне
орналастырылады. Шығып кеткен негізгі құралдар бойынша картотекаларды
Архив (Мұрағат) бөлімшесіне орналастырады. Картотеканың дұрыс
жүргізілуі негізгі құралдардың жағдайы мен қозғалысының дұрыс есептелуіне
және тиісті бақылау жасалуына септігін тигізеді.
Негізгі құралдардың қолда барының, сақталуы және пайдалану аудиті
бағдарламасының құрамдас элементтері болып келесі тексерістер табылады:
- Негізгі құралдардың бар болуын сипаттайтын баланс баптарының Бас кітаптың
мәліметтерімен сәйкестігі;
- Негізгі құралдардың қолда бары мен сақталуы;
- Мүлікті негізгі құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу бойынша
топтастырудың, өндірістік процеске қатыстылығы;
- Негізгі құралдардың түсуі мен істен шығуы жөніндегі операциялардың
есебінде бағалаудың, ресімдеудің, және көрсетудің дәлдігі;
- Негізгі құралдардың тозуы мен жөндеуін есептеу мен көрсетудің мақсатқа
сәйкестігі. Амортизация - негізгі құралдардың құнын арнайы ақшаны –
өндіріс шығындарына немесе негізгі қорлардың жай немесе кеңейтілген қайта
өндірісіне айналуына кіретін амортизациялық аударымдар пайдалануына
көшірудің объективті процесі;
- Бухгалтерлік есеп пен есептілік регистрлерінде негізгі құралдардың бар
болуы мен қозғалысы туралы мәліметтерді дұрыс көрсетудің жүйелігі;
- Негізгі құралдарды пайдаланудың оңтайлы ісі мен тиімділігі;
Негізгі құралдар аудитінің жоғарыда көрсетілген процедураларының
мазмұнын ескере отырып, мыналарды зерттеп білу қажет:
а) негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар
қабылданды ма, кәсіпорын басшысының бұйрығымен материалдарға жауапты
адамдар тағайындалды ма, олармен толық жеке материалдық жауапкершілік
туралы жазбаша келісім шарт жасалды ма;
ә) негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету үшін, материалдарға жауапты
адамдарға жағдайлар жасалды ма, жабылатын қойма ғимараттары бар ма;
Негізгі құралдардың қозғалысын тексергенде мыналарға ерекше назар
аудару керек:
а) мүліктің түрін негізгі құралға жатқызу мен оларды тиістілік жағынан
(меншікті әлде жалға алынған), өндірістік процеске қатысу сипаты бойынша
(іс жүзіндегі не жұмыс істеп тұрмаған), белгіленуі бойынша (өндірістік пен
өндірістік емес), өндірістегі рөлі бойынша (белсенді активті немесе
пассивті) және тағы басқа жіктеудің дұрыстығы;
ә) бастапқы құнды, тозуды, келісу немесе сатып алу бағасын (ұлттық
валютамен сатып алу сәтіндегі қайта есептеу бағамы бойынша шетелдік валюта
үшін) көрсету тізбесін;
б) кәсіпорынның негізгі құрал құрамына кірмейтін, 126 шотында бітпеген
құрылыс ретінде ескерілетін, уақытша пайдалануда тұрған күрделі құрылыс
объектілері;
в) әдетте, баланстан кем болмайтын нарықтық құнды белгілеу;
г) негізгі құралдарды өтеусіз бергенде оларға ҚҚС салынуға тиістілігіне,
бұған өндірістік емес сала үшін сол салықпен бірге иелікке алынғанда
өтеусіз беру кірмейді.
Аудитор жабдықтаушы төлейтін ҚҚС есепке ала отырып, негізгі құралдарды
өтеусіз алу мен иелікке алуға байланысты операциялардың есептілігі мен
есепте көрсетілуінің дұрыстығын жете зерттейді. Осы объектілер бойынша,
негізгі құралдарды қабылдау тапсыру актісі мәліметтеріне сай оң екі және оң
журнал ордерде 12 Негізгі құралдар бөлімшесінің шоттарында көрсетілген
көрсеткіштердің анықтылығы мен негізділігі тексеріледі.
2. Негізгі құралдардың кәсіпорындағы орны.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді,
ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар) және еңбек
құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының
құрамы сыртқы белгілерімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын
рөліне қарап анықталады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес
(әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам ) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер, үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе
ағаштары, машиналар мен құрал жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары және
қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, көлік
құралдары, көлік-сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар, шаруашылық мүлкі,
жұмысшы және өнім беретін мал және тағы да басқа негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 Бухгалтерлік есеп
стандартына (БЕС) сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдардың
есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен
оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық обьектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады.
Инвентарлық обьект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін
дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Негізгі құралдар – материалдық активтер олар:
а) компания немесе тауарлы-материалдық қорларды жабдықтау және қызмет
атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар
үшін қолданылатын;
ә) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды;
Негізгі қаражаттың обьектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі
белгіленеді, бұл:
а) компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;
ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны. Басқаша
айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу
болжанатын кезең;
Негізгі құралдардың обьектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда
алады деп сендіруге болатын болса:
а) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп
сендіруге болатын болса;
ә) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің үлгісі
(моделі) болып табылады. Бухгалтерлік есеп процесінің барысында төмендегі
ерекше әдістер қолданылады:
1. Құжаттау.
Өзінің жұмысы барысында бухгалтер әр түрлі құжаттармен іс жүргізеді.
Құжат деген латын тілінде куәлік немесе дәлел деген мағнаны білдіреді.
Бухгалтерлік есепте әрбір шаруашылық операция құжатпен белгіленеді. Ол
шаруашылық операцияның орындалғанын (фактісін) дәлелдейді, оның
бухгалтерлік жазуын заңдастырады.
Кәсіпорынның бухгалтері құжаттардың мүлтіксіз сақталуына ерекше көңіл
бөлуі қажет. Құжаттар арнайы папкілерге тігіліп және белгілі мерзім бойы
сақталуы тиіс.
Құжат – бұл бухгалтерлік есеп мәліметтеріне заңды күш беретін, жасалған
шаруашылық операцияның жазбаша түрде дәлелі.
Құжаттардың құрамындағы бастапқы құжаттар, есепті регистрлер және есеп
беруді (баланс және басқа үлгілер) ажыратып отыру қажет.
Бухгалтерлік есептегі барлық жазулар бастапқы құжаттар негізінде
жүргізіледі. Сонан соң олардың мәліметтері есеп регистрлеріне өткізіледі,
сонда олар жүйеленеді, яғни бухгалтерлік шоттарда жазылады. Есепті кезеңнің
соңында есеп регистрлерінің мәліметтері бойынша кәсіпорынның есептерін
толтырады.
Бастапқы құжаттар есеп ақпаратының қозғалысына бастама береді,
кәсіпорынның шаруашылық қызметін толық және үзіліссіз бейнелеу үшін қажетті
мәліметтермен бухгалтерлік есепті қамтамасыз етеді. Есепке тек қана дұрыс
жасалған, яғни барлық міндеттері реквизиттері (көрсеткіштері) толтырылған
құжат қабылданады. Сонда ғана бастапқы құжат өзінің заң жүзіндегі
маңыздылығына ие болады.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы
ережесімен реквизиттердің құрамы белгіленген. Оларға: үлгінің (форманың)
көзі; жазылған күні, шаруашылық операцияның мазмұны, шаруашылық операцияның
(заттай және ақша түрінде) өлшегіштері; шаруашылық операцияның орындалуы
мен оның жасалуының дұрыстығы үшін жауапты тұлғалар лауазымдарының аталуы,
қолтаңбалар мен олардың түсіндірмелері жатады.
Бастапқы құжаттарда қажетті жағдайларда жоғарыда аталғандардан басқа да
қосымша реквизиттер болуы мүмкін.
Бастапқы құжаттар операцияны орындау кезінде немесе оны аяқтаған соң
бірден жасалады. Мысалы, өз уақытында алынбаған (депонирленген) еңбекақыны
беру үшін шығыс кассалық ордер бухгалтер және еңбекақысын алатын тұлғамен
барлық қажетті реквизиттерді толтырғаннан соң жазылады.
Құжатты жасап және қол қойған адамдар оны өз уақытында және сапалы
толтыру, мәліметтердің дұрыстығы және есепті регистрлерге жазу үшін
белгіленген мерзімде беруге жауапты болады.
Кассалық және банктердің бастапқы құжаттарында (кіріс және шығыс
кассалық ордерлерде, төлем тапсырмаларында, ақша шектерінде және тағы
басқаларында) ешқандай түзетулерге жол қойылмайды. Егер соңдай бастапқы
құжатта сіз қатеге жол қойсаңыз, онда ол жойылып және жаңа құжат жасалуы
тиіс. Егер сіз чек кітапшасында ақша чегін толтыруда қателессеңіз, оны
сызып тастап және оның жарамсыздығын белгілей отырып орнында қалдырыңыз.
Сонан соң келесі жаңа чекті толтырыңыз.
Басқа бастапқы құжаттарда түзетулер міндетті түрде ескертілу қажет.
Яғни дұрыс жазылмаған мәтін немесе соманы мұқият, алдында жазылғанды оқуға
мүмкіндік болатындай етіп сызып тастау қажет. Жоғарыда дұрыс мәтін немесе
соманы жазыңыз. Қатенің түзетілуі оның күнін белгілеуімен, құжатқа қол
қойған тұлғалардың қолтаңбаларымен расталуы тиіс.
Бастапқы құжаттар есеп регистрлерімен бірге сақталады немесе жеке
папкілерге тігіледі. Олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік
кәсіпорынның басшысы мен бас бузгалтеріне жүктеледі.
2. Шоттардағы қосарлы жазу.
Қосарлы жазу үшін арнайы бухгалтерлік шоттар қолданылады. Оларды
дүкенде тауарларды сату кезінде жазылатын шоттармен шатастыруға болмайды.
Бухгалтерлік шоттар есепті регистрлер болып саналады. Оларда шаруашылық
операциялар жазылады. Құралдар мен олардың көздерінің әрбір түрі үшін жеке
шот қарастырылған.
Өзінің тәсілі бойынша – бұл сол жағы дебет деп, ал оң жағы кредит
деп аталатын кесте түрінде көрсетіледі.
Баланстан (тиісті баптар бойынша) шотқа біз жазатын сома айдың
басындағы қалдық немесе сальдо деп аталады. Одан соң ай бойы шотта біз
шаруашылық операцияларды жазамыз, айдың соңында дебет пен кредит бойынша
айналымдарды есептейміз және жаңа қалдық шығарамыз. Оны біз келесі айдың
(кезеңнің) басына баланс құрастыруда пайдалануымыз мүмкін.
Шоттар активті және пассивті болып бөлінеді.
Активті шоттар – бұл кәсіпорынның құралдары мен дебиторлық қарыздарының
есебі жүргізілетін шоттар.
Пассивті шоттарда сол құралдардың көздері мен кредиторлық қарыздың
есебі жүргізілетін шоттар.
Активті шоттарда кәсіпорынға құралдардың келуі дебет бойынша, ал шығыс
етілуі кредит бойынша бейнеленеді.
Пассивті шоттарда, керісінше, құралдар көзінің (немесе шаруашылық
құралдары үшін алынған қарыздың) көбеюі кредит бойынша, ал кемеюі дебет
бойынша бейнеленеді.
Шатасып қалмау және есеп айырысулардың мерзімдерін өткізіп жібермеу
үшін әрбір дебитор мен кредитор бойынша қосымша есеп ұйымдастыру қажет.
Шоттарда шаруашылық операцияларды бейнелеудің алдында, оларды ашу
қажет. Ол үшін шоттардың дебетіне немесе кредитіне баланстан алынған
бастапқы қалдықтар жазылады. Активті шоттарда бастапқы қалдық (бастапқы
сальдо) дебетке, ал пассивті шоттарда кредитке жазылады.
Бухгалтерлік есеп шоттарының кеңестік дәуірдегі жоспарында активті-
пассивті шоттар болған. Олардың дебеттік жағында дебиторлық қарыз немесе
шығыстардың, ал кредиттік жағында есептеу бойынша айналымдардың көбеюі
есепке алынатын еді.
Шоттардың Бас, Типтік жоспары, ал одан соң Жұмыс жоспардың негізгі
ерекшеліктерінің бірі: ол тапсырыс берушілер мен мердігерлердің арасындағы
нақты қатынастарына негізделген.
Қосарлы жазу – бұл әрбір шаруашылық операциясының екіден кем емес өзара
байланысты шоттарда, біреуінің дебеті бойынша және екіншісінің кредиті
бойынша бір сомада бейнеленуі. Қосарлы жазу баланспен қоса бухгалтерлік
есептегі бақылаудың қорытындылаушы жүйесінің басты элементтері болып
табылады.
3. Калькуляциялау.
Калькуляциялау – бұл өндіріс пен өнім, жұмыстар мен қызметтерді
өткізуге жіберілген шығындарды есептеу әдісі. Өзіндік құнды калькуляциялау
өнім мен қызметтердің өндірілуіне кеткен шығындарды талдау мен біліп
отыруды, бағаларды дәлелді түрде белгілеуге мүмкіндік береді.
Калькуляциялау барысында өнімнің өзіндік құны есептеледі. Өзіндік құн
өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің бағасын
анықтау үшін негіз болып табылады. Дұрыс жасалған калькуляция өнімнің алуан
түрлеріне барлық қисыны келетін шығындарды нақты бағалап, жоғары табыс
әкелетін таңдауға мүмкіндік береді.
Өзіндік құнға енгізу әдісі бойынша шығындар тікелей және жанама болып
бөлінеді. Тікелей шығындарды немесе негізгі өндірістік жұмысшылардың
әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталатын қаржылар мен еңбекақы,
материалдарды калькуляцияға тура енгізуге болады.
Жанама шығындар әдеттегінше барлық өндіріске толық немесе оның жеке
бөлімшелеріне тиесілі болады. Бұл амортизациялық қаржылар, жөндеу бойынша
шығындар, әкімшілік – басқару персоналының еңбекақысы, кеңсе, пошталық және
тағы басқа шығындар. Олар бір ай бойы жеке шоттарда жиналады, ал айдың
соңында өнімдердің түрлері бойынша үлестіріледі.
Мұндай үлестірудің негізі болып, не тікелей шығындар немесе негізгі
өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы болады.
Өнімнің жеке түрлеріне шығындарды апарудың толықтығы мен дұрыстығы
бухгалтердің назарында болуы тиіс, өйткені кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметінің бұл жағы салық инспекторының тексеру объектісі болып саналады.
Өзіндік құнның қолдан жасалып жоғарлауы кезінде кәсіпорынның есепті жылдың
пайдасы төмендейді, сол себептен бюджетке салық төлемдері де кеміп кетеді.
Балансты құрастырған кезде тікелей шығыстар № 70 Өткізілген өнімнің
және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны және № 71 Өнімдерді сату және
қызметтер көрсету бойынша шығыстар кіші бөлімдерінің шоттарына апарылады.
Жанама шығындар: жалпы шаруашылық, көмекші және үстеме шығыстар болып
бөлінеді.
Жалпы шаруашылық шығыстар № 72 Әкімшілік шығыстар кіші бөлімінің
шоттарына апарылады және жылдың соңында жабылады.
Көмекші шығыстар № 8020 Меншікті өндірістің шалафабрикаттары мен №
8030 Көмекші өндірістер шоттарының субшоттарына апарылады.
Үстеме шығыстар № 8040 Үстеме шығыстар шотының субшоттарына
апарылады.
Одан соң шығындарды жинақтау бойынша VIII бөлімнің шоттары өз кезегінде
№ 70 Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
бөлімшесінің шоттарына немесе № 1320 Дайын өнім шоты бойынша жабылатын №
8010 Негізгі өндіріс шотына жабылады.
4. Бағалау.
Бухгалтерлік есепте бізше өлшемдес емес объектілер: үйлер мен
ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, материалдар, отын, дайын өнім, малдың
бас саны және қолма-қол ақшаны біз бірыңғай баланста жинақтап салыстырамыз.
Мұны тек қана ақша өлшегішінің жәрдемімен жасау мүмкін. Алайда есептің
алдында көптеген сұрақтар көтеріледі.
Мысалы, негізгі құралдарды қалай: оларды сатып алынған құнымен немесе
жеткізу және орнату бойынша шығыстарын қоса есепке алу қажет пе? Қосымша
құнға салынатын салықты енгізу қажет пе? Тозуды қалай есептейді? Әсіресе
көп проблемалар дайын өнімнің бағалауынан туындайды. Өнім қоймаға беріліп
қойды, енді оны өткізуге мүмкіндік бар, ал бухгалтерия оны өндіру бойынша
барлық нақты шығыстарын әлі есептей қойған жоқ.
Бұл және басқа проблемаларды шешу үшін бухгалтерлік есепте нақты
нұсқаулар мен ережелер бар.
Негізгі құралдар алынған құн және жеткізу мен орнату бойынша шығыстарын
қоса бастапқы құны бойынша есепке алынады. Олардың тозуы есептеліп, бөлек
есепке алынады. Егер бастапқы құннан тозу шығарылса, онда біздің жабдық
жағдайының шынайы көрінісін бейнелейтін қалдық құнды анықтаймыз. Соған
ұқсас материалдық емес активтер бағаланады, тек қана жеткізу мен орнату
шығыстарының орнына оларды пайдалану жағдайын келтіру үшін кәсіпорынның
шығыстары есепке алынады.
Мысалы, жеке компьютерде еңбекақыны есептеу үшін бағдарламаны сатып
алып, оны біздің кәсіпорынның жағдайына бейімдеу үшін бағдарламашының
жәрдемі қажет болуы мүмкін. Әрине, бағдарламашының еңбекақысы төленуі тиіс.
Және бұл төлем материалдық емес активтердің бастапқы құнына енгізіледі.
Материалдарды бағалау кезінде біз олардың көтерме бағаларымен шектеліп
қалуымызға болмайды. Біз материалдарды тиеу, жеткізіп беру, түсіру және
қоймаға жайғастыруымыз қажет. Мұнын барлығы көлік-дайындау жұмыстарын
құрайды. Біз материалдардың есебін сол шығыстардың шамалы мөлшері
енгізілген есепті бағаларда жүргізу мен оқтын-оқтын нақты шығыстарына
негізделіп оларды түзетіп отыруымыз мүмкін.
Материалдарды бағалаудың басқа да жолдары бар. Соған ұқсас құралдар,
саймандар және тағы басқалар бағаланады.
Дайын өнім жоспарлы өндірістік немесе нормативті өзіндік құн бойынша
бағаланады.
Тауарлар көтерме немесе ұсақ бағалар бойынша бағаланады. Тауардың
көтерме бағасына оның өндірістік өзіндік құны, коммерциялық шығыстар (орау,
қаптау, тиеу, келісімге сай жеткізіп беру), табыс, қосымша құнға салынатын
салық енгізілуі мүмкін. Ұсақ бағаға – сауда ұйымдары пайдасының есебіне
үстеме баға енеді.
Саудада, көтерме немесе ұсақ болсын жиынтық табыстың негізгі көзі
сатылатын тауарға қойылған үстеме баға болып табылады. Шоттардың кеңестік
дәуір жоспарында тауарға қойылатын үстеме бағаға жеке № 42 Үстеме баға
шоты берілген еді.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық
комиссиясының нұсқауына сәйкес бұл шот жойылған болатын. Алайда профессор
В.К.Радостовец бухгалтерлік есептің халықаралық тәжірибесі мен
стандарттарын зерттеп, сондай-ақ ұсақ сауданың ерекшеліктерін есепке ала
отырып, бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспарына бірқатар қосымшалар
енгізді.
Сондықтан тауарға қойылатын үстеме баға, сондай-ақ ол үстеме бағаға
қойылатын ҚҚС-ты №1330 Тауарлар шотынан туындайтын субшоттар ретінде
белгілеуді ұсынамыз:
№ 1331 субшоты – тауарлар.
№ 1332 субшоты – саудадағы тауарлар.
№ 1333 субшоты – тауарларға қойылған үстеме баға.
№ 1334 субшоты – тауардың бағасындағы ҚҚС-ы.
5. Түгендеу
Барлық шаруашылық операцияларды құжаттау мен шоттардағы қосарлы жазу
жүйесі бәрібір кәсіпорынның шаруашылық қызметінің толық бейнелеуін
қамтамасыз ете алмайды. Күнделікті құжаттаудың ықпалына түспейтін (табиғи
кемею) немесе кейбір себептермен бастапқы құжаттардың мәліметтерін
бұрмалайтын (қоймадағы операцияларды жасау және есептеу кезіндегі қателер,
қиянат етушілік, ұрлық, иесіздік) процестер де болады.
Мұндай фактілер туралы мәліметтер түгендеу кезінде ғана ашылуы мүмкін.
Материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары мен есеп айырысулар түгендеуге
тап болады.
Түгендеу – бұл кәсіпорында сақталу орындары бойынша тауарлы-материалдық
құндылықтардың бухгалтерлік есеп бойынша құжаттарды олардың нақты бар
болуымен салыстыру.
Түгендеу есептегім қателерді айқындау мен материалды-жауапты
тұлғалардың есебіндегі материалдық құндылықтардың түгелдігін тексеру үшін
қажет.
Егер, мысалы, материалдардың түгендеуі жүргізілсе, онда олар
есептеледі, таразыға тартылады, өлшенеді және олардың техникалық жағдайы
бағаланады. Бұл жұмыстың барысында тиісті үлгідегі түгендеу тізімі
толтырылады. Материалдық құндылықтардың нақты бар болуы бухгалтерлік есеп
мәліметтерімен салыстырылады. Атап айтқанда, материалдық құндылықтарды
сақталу орындарында алынған түгендеу тізімінің мәліметтері бухгалтерлік
шоттардағы жазулармен салыстырылады. Ол үшін тиісті үлгіде салыстыру
ведомосы түзіледі.
Соған ұқсас, салыстыру ведомосындағы түгендеу тізімі үлгісінің шамалы
өзгеруінен басқа негізгі құралдардың түгендеуі жүргізіледі. Негізгі
құралдар әрбір мүлікті объект бойынша есепке алынады.
Ақша қаражаттарын түгендеу кезінде олардың кассадағы нақты бар болуы
мен анықталған сома бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырылады.
Есеп айырысуларды түгендеу кезінде оларға мұқият салыстыра тексеру
жұмысы жүргізіледі. Түгендеу толық немесе бөлшекті түрде (материалды-
жауапты тұлғаларды бақылау үшін), жоспарлы және кенеттен болады. Түгендеу
төмендегі жағдайларда міндетті түрде жүргізіледі. Олар:
1. Кәсіпорынның мүлкін жалға беру, сатып алу, сату, сондай-ақ меншіктің
түрі өзгеру жағдайында.
2. Жылдық есеп беруді дайындау алдында. Үйлер, ғимараттар мен негізгі
құралдардың басқа да қозғалмайтын объектілерінің түгендеуі екі-үш жылда
бір рет жасалуы мүмкін.
3. Материалды-жауапты тұлғаның ауысу кезінде (жұмыстың қабылдау-тапсырудың
күніне).
4. Ұрлық және қиянат ету, сондай-ақ құндылықтардың бұзылу фактілері
анықталған кезде.
5. Өрт немесе басқа табиғи апаттар болған жағдайда.
Түгендеу кезінде анықталған артықшылықтар кіріске алынып кәсіпорынның
табыстарына есепке алынады. Кем шығулар айыпты тұлғалардан өндіріледі. Егер
айыптар анықталмаса немесе сот органы талапты қанағаттандырмаса, онда кем
шығу өндіріс немесе айналым шығындары ретінде бейнеленеді.
Тугендеу комиссия құрамында материалды-жауапты тұлғаны қатыстырумен
жүргізіледі.
Бухгалтерлік баланс
Есепке жататын барлық зат екі көзқарастан: есептің осы объектісі нендей
заттан тұрады және ол қандай көздердің есебінен алынған, деп қарастырылады.
Осы қатынас баланстық әдістің (тәсілдің) негізіне салынған. Ол төмендегі
екі жақты тәсіл арқылы іске асырылады: актив (сол жағы) және пассивтен (оң
жағы) тұратын кестеден құрастырылады. Активте есептің объектілері
(шаруашылық құралдар), ал пассивте – олардың сатып алыну немесе пайда болу
көздері жазылады. Активтің жиынтығы пассивтің жиынтығына тең болуы тиіс.
Бұл жиынтықтардың мөлшері люта балансы деп аталады. Бұл кесте
кәсіпорынның өз құрылтайшылары, салық инспекциясы және тағы басқалардың
алдында есеп беру үлгісі болып та саналады, өйткені ол кәсіпорынның
қаржылық жағдайын қорытындыланған түрде көрсетеді.
Баланс белгіленген мерзімге, әдеттегінше, есепке қойылатын талаптармен
белгіленген тоқсанның басына құрастырылады.
Баланс белгіленген мерзімге шаруашылық құралдар мен олардың көздерінің
жағдайын көрсетеді. Олар үнемі өзгеріп тұрады, қозғалыста болады. Және ол
қозғалыс қосарлы жазудың жәрдемімен бухгалтерлік шоттарда бейнеленеді.
Активтердің бірінші бөлімінде қысқа мерзімде пайдаланатын шаруашылық
құралдар көрсетіледі. Мұнда қысқа мерзімді активтер (ақша қаражаттары,
қысқа мерзімді инвестициялар, қорлар, қысқа мерзімді дебиторлық берешек
және тағы басқалары) кіреді. Одан басқа филиалдар мен алушылар
(тапсырысшылар), сондай-ақ басқа заңды тұлғалар арасындағы қысқа мерзімді
дебиторлық қарыздар бейнеленеді.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz