Солтүстік Қазақстанның өңірі ұжымдыстыру жылдарында


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова
Касенова Жұлдыз
«Солтүстік Қазақстанның өңірі ұжымдыстыру жылдарында»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА
Мамандығы (050114 ) Тарих
Специальность
Көкшетау 2011
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-6
1. Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты . . . 7-28
1. 1 Ұжымдастырудың алғы шарттары мен басталуы . . . 7-20
1. 2 «Кіші Қазан» және Ф. И. Голощекин . . . 21-28
2. Солтүстік Қазақстан округі ұжымдастыру саясатының кезеңдері және барысы . . . 29-51
2. 1 Ұжымдастыру саясаты кезеңдеріндегі Солтүстік Қазақстан округі . . . 29-40
2. 2 Солтүстік Қазақстан округіндегі ұжымдастыру саясатының салдары және зардаптары . . . 41-51
3 . Орта білім беретін мектептегі қазақстан тарихы курсындағы 20-30 жылдардағы қазақстандағы ұжымдастыру тақырыбын оқып үйренудің методикалық- әдістемелік жолдары . . . 52-56
Қорытынды . . . 57-59
Қосымшалар . . . 60-61
Қолданылған деректер тізімі . . . 62-63
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі : Қазақстан тарихының өткен кезеңдеріне зер сала қарасақ, тағдырдың талай қысталаң шақтарында тапқанынан жоғалтқаны көп халқымыздың сан қилы қиындықтарды бастан өткергенін көреміз. Егемен ел болу қазақ халқын дүр сілкіндіріп, оның әлеуметтік белсенділігін шырқау шыңға көтерді. Ел басы Н. Назарбаев: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр. Қазақта мынадай мақал бар: «Жеті атасын білмейтін жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз». Шынында жеті ғасырмен де шектелмеу керек, өйткені, біздің тарихымыз логикалық жағынан да, географиялық жағынан да көзге көрінбейтін арқаулар толып жатқан басқа да адам, халық аттарымен байланысып жатыр. Ал солардың барлығы да евразиялық «хартландтың» қазіргі замандық көптеген мәдениеттерінің нәсілдік зердесінде, оның ішінде қазақтардың да мәдени жадында белгілі бір дәрежеде өздерінің ізін қалдырған», - деп өзінің еңбегінде жазады. [1, 273б. ]
Эпиграф
«Қазақстан» - далалы өлке, тағы деп,
Табиғатқа жала жабу - мекерлік.
Таратсаң да жұртшылыққа саны көп,
Өнім астық мол болды ғой жетерлік.
Малсыз қазақ - жансыз қазақ, қайрансыз,
Аш - жалаңаш көрдік мүрдем қатқанын.
Білмейді олар Мәскеу жақта кей колхоз
Егін орып астық жинап жатқанын.
Осы бір өлең жолдарының авторы Татьяна Гавриловна Невадовская « Белгісіз жауынгердің қабіріне обелиск қойылғаны сияқты, Қазақ халқының сол кездегі жазықсыздан - жазықсыз шеккен қасіретінің куәсі ретінде мен де ескерткіш орнатар едім», - деген сөздері сонау өткен ХХ ғасырдың 80 - ші жылы айтылса да өз жалғасын таппай қалып отыр, бүгінгі еліміздің тәуелсіздікке қолы жеткен заманда бұл мәселе өзгеше терең көз салуды талап етеді. Аштық жылдары қаза болғандарға арналған бір де бір ескерткіштің болмауы, миллиондаған құрбандардың еленбей келуінің бір себебі аштық тарихының толық зерттелінбеуі, Қазақстанның әр аймағына қалайша әсер етті деген мәселелердің толық қарастырылмауы дер едік.
1933 жылғы наурызда Шындәулет ауылында жазылған осы өлеңде неліктен ала бөтен қазақ жұрты қырылады деген сауал қойылғанды, содан бері жариялылық, тәуелсіздік еркіндік заман туғанымен осы бір ауыр тақырыптың ащы шындығы әділ айтылып, астары ашылмауында не сыр бар? Неліктен оның тарихи шындығы ашылып, лайықты бағасы берілмейді деген сауалдар еліміздің жас азаматтарын толғандыруда.
Біздің жұмысымыз осы бағыттағы мәселені Солтүстік Қазақстан өңірінің мысалында зерттеп көрсету болып табылады. Өйткені біз өз егемендігімізді алып тәуелсіз ел болдық. Әр бәр азат адам бұл күнде тек бүгінгісі ғана біліп қойғысы келмейді, ол өткенге де үңіліп, тарихтан тағлым алуды қалайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: 1932 жыл немесе 1937 - ші жыл Кеңес дәуірінде жабық тақырып болатын, ол туралы көркем әдебиетте де тарих ғылымында да ешқандай бір зерттеу еңбектер өткен ғасырдың сексенінші жылдарына дейін жазылмай келді. Соған қарамастан сол жылдардың ақиқатын көрсетуге елеулі үлес қосатын еңбектердің бірі «История Казахстана: белые пятна» деп аталатын еңбек. Бұл еңбекте Қазақстан тарихының белгісіз және аз зерттелген беттері қарастырылған. Қазақстанда болған ұжымдастыру туралы да көп мағлұматтар берілген. Ұжымдастырудың алдындағы мал басының ұжымдастырудан кейінгі мал басының санының кемуін ашаршылықтың салдарынан адамдардың қырылуы туралы көрсеткен.
20-30жылдардың тарихын, әсіресе 1931-1933 жылдардағы аштықты біршама жақсы баяндалған «Қызылдар қырғыны» деп аталатын кітап. Бұл кітап Қызыл эмперияның жасалған 1932-1933 жылдардағы алапат аштық қазақ халқын тарихта бұрын сонды болмаған қырғынға ұшыратып, тең жартысына жуығын жалмады. Тағы бір ұжымдастыруға арналған Талас Омарбековтың «Зобалаң» (күштеп ұжымдастыруға қарсылық) еңбегін айтуға болады. Бұл еңбек 1929 - 1931 жылдары қазақ елінде жүргізілген күштеп ұжымдастыруға сталиншілдік қылмысқа қарсы тұрған Қазақстанның біраз жерлерінен тұтанған халық наразылығы, бас көтерулері кітапта тарихи нақты деректерге негізделе баяндалған.
1932 жылдың аштығы туралы «Огонек» журналында белгілі демограф Марк Тольц : «1933 жылы халықтар саны не болғаны жайлы деректі қолға түсіру маған қиынға соқты» деп жазды. 1936 жылы санақ жүргізген статистер тұтқындалып Сталиндік ГУЛАГ - тан бірақ шығарылғандықтан деректер «су түбі құрдымға» кетірілді.
Жариялылықтың алғашқы жылдары бұл тақырыпқа қалам тартқандар да негізінен әдебиетшілер болғанды. Дегенмен шетелдік зерттеушілер соның ішінде британдық C. Конквест «Жатва скорби» деп аталған зерттеуін жариялап онда Кеңестер Одағында ерекше қырғынға ұшыраған екі халықты атайды олар: қазақтар мен украиндар делініп нақты мәліметтер келтіреді мәселен аштықтан қырғын тапқан украиндар саны 13 миллион деп көрсетіліп, ол сол кездегі осы ұлттың 19 % құрағанын көрсетеді. Аштықтан қырылған қазақтар саны 2 миллион деп санайды. [16, 383 б. ] Тәуелсіздік жылдары Украинада 1930 - шы жж. аштық мәселесі мемлекеттік деңгейде көтеріліп, бұл бағытта ғылыми талдауға негізделген жүздеген мақалалар мен зерттеулер жарияланды. Жоғарғы Рада арнайы «голодомор» туралы заң қабылдап, саяси бағасы украин халқына қарсы әдейі ұйымдастырылған геноцид саясаты деген баға берілді. Аштық тақырыбын қозғаған алғашқы тарихи еңбекке Манаш Қозыбаевтың, демограф ғалым Мақаш Тәтімовтың, Валерий Михайловтың еңбектері жарық көрді. Ол еңбектерде Қазақстан аумағы түгел қамтылып, жекелеген аудандардағы нәубеттің тереңдігі мен көлеміне жете назар аударылмаған десе де болады. Сөзіміз дәлелді болу үшін 1995 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан Ақмола энциклопедиясында осы өңірдегі халықтың 1931-32 жылдардағы аштықтан қырылған халқы туралы бір жол дерек кездеспейді. [17, 22б. ] 2010 жылы Ресей мұрағаттарынан Қазақстан тарихшы - зерттеушілері 1930 - шы жж қатысты 2 - нан аса құжаттардың көшірмелері алынды.
Соңғы кездері Қазақстанның қоғам қайраткерлері: аштық ол барлық Кеңес халықтарына бірдей келген табиғи апат па, әлде саяси апат па, немесе қазақ халқы өзінің мешеулігі салдарынан қырғынға ұшырады ма, сол кездегі орталық биліктің қасақана жүргізген саясатының жемісі ме деген мәселелер толғандыруда. Кейбір деректерге қарағанда 1930- шы жылдары Қазақстандағы қырылған қазақтар пайызы 49 дан 60 пайызға жуық деген дерктер келтіруде, демек Украинадағы қырғыннан да үлестік жағынан асып түскенімен кейбір себептерге байланысты өз дәрежесінде бүгіндері күн тәртібіне қойылмауда. Соңғы жарты ғасырлық уақыттағы қазақ халқының демографиялық ахуалы сол 30- шы жылдардың нәубетінің салдарына тікелей тәуелді болғандығын демограф - ғалымдар талай жазды. Мәселен, қазақтардың 1926 жылғы санына 1962 жылы яғни 32 жылдан соң әрең қайта жетсе, 1926 жылғы Республика халқы ішіндегі үлес салмағын қалпына келтіру 2009 жылы ғана мүмкін болды. Қазақ халқының демографиялық тоқырау ғасыры болған ХХ ғасырда 83 жылдан соң ған демографиялық оң алудың жолына түсудің сәті түсті.
Қазақстанның бүгінгі күндегі үлкен проблемасы әлемдегі тоғызыншы территорияға ие бола отырып, халықтың аз қоныстануы, жұмысшы күштің аздығы, инфрақұрлымдық дамудың әлсіздігі елдің ішкі нарығының тарлығы салдарынан экономикалық - әлеуметтік дамуы тежелуі болып отыр. Егерде 1930 шы жылдардағы аштық болмаса Қазақстандағы халық саны демограф ғалымдар пікірінше бүгінгі күнде ең кемі 25 миллиондық межеде болу керек деген болжам айтады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Евразия орталығында орналасқан еліміздің астаналық жұртына айналған саяси - мәдени маңызы зор аймақтың этнодемогафиясының тарихының қалыптасуын, зерттеу.
Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігінен және оны зерттеу қажеттіліктері мен зерттеу деңгейлерінен ғылыми жобаның негізгі мақсатынан келесі міндеттерді айқындау мүмкіндіктері туады.
- Қазақстан өңіріндегі ұжымдастырудың алғы шарттары мен басталуы;
- Ашаршылықтың Солтүстік Қазақстан өңірінің этнодемографиясына әсерін зерделеу.
- 1932 жылғы аштық проблемасы қазақстандық, ресейлік, шетелдік ғалымдардың еңбектерінде қаншалықты көрініс тапқандығын айқындау;
- қазіргі таңдағы 1932 ж аштық мәселесін зерттеу үрдістеріне шолу жасау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- Берілген тақырыпта зерттеліп отырған мәселелерге байланысты жергілікті Солтүстік Қазақстан өңіріне қатысты материалдардың негізінде зерттеу жүргізу;
- 1932 жылғы аштық мәселесі Украинадағы нәубетпен салыстыра қарастырылады.
- Отандық тарихшы ғалымдардың жаңа басылымды еңбектері мен мақалалары пайдаланылып сарапталды.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы: Болашақ жастарды қазіргі заман талабына сай өркениеттік, қазақстандық идеологияны қалыптастыруда патриоттық сезімнің дамуына пайдалы болуы мүмкін. Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе, үш тараудан, төрт бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі айқындалады, зерттелу деңгейіне талдау жасалады. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті анықталады.
Бірінші тарауда жалпы Қазақ еліндегі ұжымдастырудың алған орны мен қайталанбас ірекеттері суреттеледі.
Екінші бөлімде Қазақ ұлтының басынан кешкен нәубеті Солтүстік Қазақстан өңірінің мысалында қарастырылған.
Үшінші бөлімде практикалық тәжірбиеде бұл тақырыпқа қалай сабақты өткізуіндегі үлгісі баяндалады.
Соңында барлық қарастырылған мәселелер бойынша қорытындылар жасалды.
1 Қазақстандағы ұжымдастыру саясатының алғы шарттары және басталуы
1. 1 Ұжымдастырудың алғы шарттары мен басталуы
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында КСРО алдында социализмге өтудің жолдары мен концепциясы анықтау мәселесі тұрды. Жаңа экономикалық саясат тұтас алғанда «Социалистік талдау» идеясы бағытын сақтай отырса да, ол бірақ реформизмнің өзгеше бір моделі: қоғам дамуының әкімшілік - әміршілік жүйесі жауап тастаған баяндырақ жолы болатын.
Азамат соғысы аяқталысымен әскери - коммунистік шаралар жаңа әлеуметтік экономикалық және саясиөмір болысымен бітресқайшылықтарға тап болды. Революциялық романтикамен бұдан былай -да әуестене берудің, коммунистік өндіріске және оның өнімдерін бөлуге тікелей өту мүмкіндіктеріне сенудің аяғы шаруашылықты, бүлдіріп, қирататын тенденцияны қатты күшейтті. Бүкіл елдің халық шаруашылығы, оның ішінде Қазақстанның экономикасы да, олардың ойранды кесапатын басынан өткерді.
Қатты дағдарыс екпіні Республиканың ауыл шаруашылығынан айқын байқалды. Мысалы, егістік көлемі 1914 жылғы 36 млн. деседен 1922 жылға 1, 6 десеге дейін қысқарды. Егінің шығымдылығы сол 1914 жылы әр деседен түсетін 38, 7 пұттан 1921 жылы 18, 7 пұтқа дейін азайды. Осы кезде астықтың жасты өнімі 3 еседен аса кеміп кетті.
Мал шаруашылығының саласы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейінірі қара мал саны 2, 1 млн-ға, жылқы 2 млн-ға, ұсақ мал (қой, ешкі 16, 5 млн-ға, түйе 0, 3 млн-ға) азайды. Жалпы алғанда осы жылдарда барша мал түрі 10, 8 млн. Басқа кемиді.
Ауыл шаруашылығында болған апаттын аяғы сұмдық аштыққа апарып соғады. Әр жерден түскен ақпарға қарағанда, 1921-1922 ж. ж. Орынбор губерниясында 445м адам, Қостанай губерниясында 225м, Оралда 400мың адам, Ақтөбеде 360 мың, Бөкей губерниясында 100 иың адам аштық азабын тартты. Кейінірек анықталған мәліметтерге қарағанда, республикада 2, 3 мың адам ашыққан.
Аштықтан және онымен ерте келген аурулардан, сол сияқты ауыртпалық жайлаған аудандардан үдере көшу санын күрт кемітті: 1914 жылы өлке жерінде 4811662 адамтұрса, 1922 жылы 3795963 адам қалды.
БК(б) П Х съезі (1921жылы наурыз) шаруашылық мүддесін іске қосудың пәрменді жүйесін жасау жолында шешуші шара қолданды. Тап осы съезде азық-түлік салығына көшу туралы шешім қабылданды.
Бірақ бұл шара жаңа экономикалық саясат шеңберінде жүзеге асырылып жатқан реформалар кешенін түгел қамти алмады. Салық саясатында шаруашылық саясатындағы белсенділікке жаңасерпін берген аса мәнді өзгерістермен бірге, қаржыда, кредитте, ақша шаруасында, арендалық қатынастың басқа да бір қатар фрагменттерінде пәрменді қам харекеттер жасады.
Жаңа экономикалық саясат шеңберінде жасалып, жеделдете жүзеге асырылған аса маңызды шаралар көп ұзамай ауыл шаруашылығының жай-күйін жақсартуға игі әсерін тигізді.
1925 жылы Егінің көлемі 3 миллион гектарға жақындады. Орал, Ақмола, Семей губернияларының бірқатар дәстүрлі астықты аудандарында егін түсімі 1913 жылғы деңгейіне жетті. 1925 жылы 92млн. пұт астық жиналды, бұл 1914 жылы сәл ғана кем еді. Малшаруашылығы саласы да дағдарыс бұғауынан босанды. 1925 жылғы мал саны 1922 жылмен салыстырғанда, 2 есе өсті. Сауда саттық өркені де кең жайылды. 1926 жылы Қазақстан территориясында 128 жәрмеңке жұмыс істеді. Жәрмеіке саудасының жалпы айналымы 20 млн санға жетеді. Ойыл, Қуандық, Қоянды, Темір, Көкшетау, атбасардағы сияқты жыл сайын өткізілетін жәрмеңкелер даңөа шартарапқа кең жайылып кеткен еді.
Сол жылдары Көкшетау уезінде де мал санының өсуі байқалды. Мысалы, 1925 жылы ірі мал саны 67234, жылқы 35273, түйе 45215, қой және ешкі 15606 болса, ал 1926 жылы ірі қара мал 72089, жылқы 37852, түйе 614, қой және ешкі 165380 ге дейін өскенің көреміз [7, 103б. ] .
Мал шарушылығы қазақтар үшін өте маңызды болатын. Өйткені, еті тамақ, жүні кйім үшін қолданылды. Сондықтан да мал шаруашылығын дамыту үшін жаңа экономикалық саясат шеңберінде жасалған шаралар ауыл шаруашылығының жағдайын біршама жақсартқан еді.
Республтка халық шаруашылығында анық көріне бастаған өсу нышаны дағдарыстан шығудың белгісі ғана емес, тоқырау мен құлау тенденциясының уақыт өткен сайын жағымды- жарқынқам -харекетке орын бере бастағаның куәсі еді. Мұндағы ең басты нәрсе шаруашылық орындары нарық экономикасының өлшем - мөлшеріне шыға бастағаны болатын.
Өлке экономикасының көп укладты сипаты анық байқала бастайды. Және меншіктің әр алуан түрлерінің қатар өмір сүре бастауы, олардың бәсекелстігімен ұдайы өңдіру арқылы бірін-бірі толықтырып отыруы халық шаруашылығының үдемелі қозғалысын анықтады.
Экономикаға мемлекеттік араласу таптық мұраттың идеологиялық сарынға шырмалған саясатын ұдайы өңдірістік байланыстарды (салық, кредит, қайта болу механизмдері т. б арқылы) реттеумен тынды. Мұндай саясат кәдімгідей ақылды сияқты еді. Өйткені ол меншіктің әр алуан түрлерәне төзімділікпен қарауды білдіретің және экономикалық өмірдің барша шынайы субъектілерінің жұмыс істеу мүмкіндігін сақтайды.
Ұзақ әлеуметтік мәдени эволюция барысында қалыптасқан дәстүрлі шаруашылық экономикалық кешені сырттан ендірілетін реттеуші бақылауға кәдімгідей қарсылық жасап бақты. Алайда қызметтің әбден күйзелген механизміне және дәстүрлі құрылымның ұдайы өңдірісіне, оның әлеуметтік мәдени және институционалды приоритеттеріне, ақырында социумды ұйымдастырудың экологиялық жүйесінің қалыптасқан тәртібіне бүлдіргіш процесті туғызбай тұра алмады. Этнос өмірін қамтамасыз ету жүйесіне жасалған көп соққының біріншісі 20- шы жылдары берілді.
Шаруашылық- мәдени қам- харекеттің үстем түрі есебіне, Қазақстанның аридті жағдайында тіршілік ететін мал шаруашылығының мақсаты «Күн көріс экономикасы» болып табылады, оған тек өндіріс құралдарын, яғни мал мен жайылымды және қажетті азық - түлікті ұдайы өндіруді қамтамасыз еткен жағдайда ғана қол жетеді.
Бірақ осынау күрделі міндетті орындауға көшпелі малшының жалғыз өзінің әл - дәрмені жетпейді, өйткені малдың қоныс- өрісін ұйымдастыру, жаңғыртып отыру т. б малды белгілі дәрежеде бір жерге жиналған кезде ғана мүмкін болды. Өндіріс құралын (малды) жергілікті мөлшерде шоғырландырған кезде ғана жеке шаруашылық бір қалыпты еңбек ете алатын болады, демек күн көре алатын еді. Осы мақсатқа жету үшін мал өсіретін шаруашылықтар өзара бірлесіп, бір-біріне қажетті малды жинап, яғни оптиум біткенше өндіріс құралымен толықтырып отырады.
Демек, мұнда шаруашылық мүдде жалпыға бірдей ортақ, яғни кооперация болған. Өндіргіш күштері жеткілікті дамымаған жағдайда тек кооперация ғана компенсаторлық өызмет атқарады, жеке адамның қолы жете бермейтін не ішінара ғана жететін еңбек құралын техникалық жағынан меңгеруді қамтамасық етеді. Басқаша айтсақ, еібекте күш жігерін біріктіру қажеттігі объективтік сипатқа ие болды.
Сонымен бірге қауымда байлықты яғни малды жинап өорлану харекеті жүріп жатады. Мал саның жоғары деңгейде жеткілікті жинаған шаруашылықтар енді қауымдық кооперацияға мұқтаж болмайды. Сөйтіп қауымдықкооперациясыз-ақ өмір сүре алатын, өзгелерден ірірек байлар шаруашылығы қалыптасады, өйткені олар өзінің ұдайы өндірісін - өндірісті ұйымдастырудың өзгеше принциптері есебінен қамтамасық ете алады. Сонғының шеңберінде олар қажетті өнімді ғанағ емес, қосымша өнімді де өндіріп отырған. Оның қауымнан шығып қалып, осынау аса үй бай шаруашылығына жалданған жалшылар жасайды.
Тап күресі принципінен айнымайтын мемлекет әу бастан- ақ тежеу-шектей әрекетіне ден қояды да, сосын бай және дәулетті қожайындарды толық жоюға кіріседі. Бейнелеп айтсақ, оларды қалыптасқан экономикалық экожүйеден арам шөптей етіп «жұлып тастайды», сөйтіп олардың текжесін құлазытып бос қалдырады. Соның салдарынан экономикалық экожүйе өзінің қызмет етіп тұрған буындарынан айырылады, бұл бір тұтас ұдайы қндіріс тізбегін үзіп тастайды.
Көп жағдайлар осыған ұқсас жәйттер орыс-украин селоларында да болды. Бұлардын қарапайым шаруа қожалықтарына тұқым, егіншіліктің құрал - жабдықтары, жұмыс көлігі жетіспеді. Келісім шарты қиын болғанына қарамастан, олар дәулеттер мен кулактарға барып жалынды. Ал, бірақ оарды да әлгі бай, манап сияқтандырып экономикалық экожүйеден, жұлып тастағанынан кейін, сұрайтын да жан қалмады. Селолық кеңеске айтқаннан пайда жоқ, өйткені өздері тақыр кедей болғандықтан да ештенемен көмектесе алмады. Сол себепті шаруалар тағдыры неғайбыл халде еді.
20 ж. ж аяқ кезіңдегі мемлекеттің реттеу актілері өздерінің мақсат жағынан жүзеге аспайт, мән -мағынасы жағынан бүлдіруші актілер болатын.
Мәселен, шабындық және егістік жерді қайта бөлу арқылы байлардынн ауылдағы жер билеудегі үстемдігін жою, сонымен бірге бай шаруашылықтары қорының молайып, өркендеуін шектеу шаралары көзделген еді.
Шынында да 1926-1927ж. ж. жүзеге асырылған шабындық және егістік жерде қайта бөлудің түпкілікті қорытындысы тым салмақты еді: 1360 мың десятина шабындықтын және 1250 мың десятина егіндік жер қайта бөлінді. Сонда шабындықтын 61, 6% - кедейлер, 8, 8%- ауқаттылар, ал 1926 жылы егіндікті қайта бөлу кезінде оның 59, 3%- кедейлер, 31, 7% - орташалар мен 9%- ауқатты шаруашылықтар алды.
Бірақ осынау реформа дегенніңәлсіз жақтары әуел бастан-ақ біліне бастады.
Қайта бөлуді жүзег асыру барысында өзекті бір жайт мүлде ескерілмеді: ауылдың іс жүзінде тіршілік етіп жатқан шаруашылық құрылымында жерді жай ғана бөліп беру үздігінен ешбір қайшылықты жоя алмады. Жерді шаруашылық мұқтажына пайдаланбаса және ауылдағы жүктелеуді жұмсарту, орташалануды ынталандыру процессіне лайықтап қолданбаса, одан мардымды ештене де шықпайды. Мұндай мүмкіндікті жасау үшін шаруашылықта екінші дәрежедегі өндіріс өоры (жұмыс көлігі, ауылшаруашылыққұрал-жабдықтары, тұқым т. б. ) болуы керек. Ал бірақ күш-қуаты аз, жалаңаш-жаманы кедейлер, сонымен бірге орташа шаруашылықтардың бір бөлігінде де бұл жөнінен құр қол болатын. Міне, осындай хал- ахуал салдарынан жерге қолы жеткен көптеген әл- дәрменсіз, кедей шаруашылықтар одан бас тартып, оны бұрынғы иелеріне яғни ауқатты байларға беруіне тура келеді.
Ірі байлардың «жартылай феодалдардың» еңбек құралдарын(ең әуелі малын) тәркілеп алу, сол сияқты олардың өздерін ұй- ішімен тұрған аймағынан көшіріп жіберу бұдан әлдеқайда қатал мақсатты орындауға бағытталды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz