Украинадағы 1990 жылдардан кейінгі саяси –қоғамдық жүйесінің дамуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова

Байманова Перизат

«Украинадағы 1990 жылдардан кейінгі

саяси -қоғамдық жүйесінің дамуы»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА

Мамандығы (5В011400) Тарих

Специальность

Көкшетау 2014

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова

Жалпы тарих және философия кафедрасы

Кафедра Всеобщей истории и философии

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА

Тақырыбы: «Украинадағы 1990 жылдардан кейінгі саяси -қоғамдық жүйесінің дамуы»

На тему:

Мамандығы (5В011400) Тарих

Специальность

Орындады:

Выполнил : Байманова П. М

Жетекші

Руководитель Төлепбергенов Ғ. М

«Қорғауға жіберілді»

«Допускается к защите»

Кафедра меңгерушісі

Зав. Кафедрой Кушпаева А. Б. __

Көкшетау 2014

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

I. Украинаның 1990-2004 жылдардағы саяси-қоғамдық дамуы . . . 5

1. 1. Украинадағы 1990 жылдардағы саяси реформалар . . . 5

1. 2. Украинадағы азаматтық қоғамның дамуүдерістері . . . 16

II. Украинадағы 2004-2014 жылдардағы саяси үдерістер . . . 26

2. 1. Украинадағы 2004-2005 жылдардағы қызғылт-сары түстілер қозғалысы . . . 26

2. 2. 2004 жылғы Украинадағы конституциялық реформа . . . 39

2. 3. Украинадағы еуромайданшылар мен ресейшілдердің саяси күресі . . . 44

Қорытынды . . . 53

Пайданаланылған әдебиеттер . . . 58

Қосымшалар

КІРІСПЕ

Тақырыптің өзектілігі: Посткеңестік елдер ішінде Украинаның алатын орны ерекше. Ол бұрынғы КСРО республикаларының ішіндегі экономикалық қуаты және халқының саны жөнінен екінші, жер көлемі жөнінен үшінші орындағы шығыс еуропалық ел. Мұндағы коммунистік билік құлағаннан кейінгі саяси қоғамдық өзгерістердің мән- мағынасы, маңызы қазіргі заман тарихнамасында өз дәрежесінде ғылыми тұрғыдан аз зертелінген, әр түрлі тарихи бағалаулар берілген тақырып болып табылады. Бұрынғы КСРО-ға кірген елдердің, халықтардың тарихы, ресейлік -кеңестік көзқарастар тұрғысынан емес ұлттық тарих, объективті тарихи шындық тұрғысынан қайта бағамдауды қажет етеді. Бұл Кеңестік отарлық жүйеден құтылған елдердің барлығына тән құбылыс саяси- экономикалық отарсыздану үдерісімен қатар Укаринада да тарихи сананың отарсыздану үдерісі жүріп жатыр. Қазақстанда Марат Тәжиннің тарихшылармен өткізген ведомство аралық мәжілісінде ұлттық тарихты жаңа тарихи методологиялық әдістер арқылы қарастыру міндеті қойылды. Бұл дегеніміз тек қазақ тарихына немесе отан тарихына ғана қатысты емес, отандық тарихшылардың алыс -жақын шетел тарихымен өзекті проблемаларына да қатысты. Себебі, Қазақстанның тарих ғылымы басқа елдердің тарихына, онда болып жатқан күрделі процестерге өзіндік көзқарастарын қалыптастыруы қажет. Біздің таңдап алған тақырыбымыз осы мәселедегі Украинада 1990 жылдардан кейінгі орын алған күрделі қоғамдық -саяси үдерістердің мән -мағынасын, даму тенденцияларын, оның украин халқы үшін маңызын қарастыруға талпынамыз.

Зерттеу мақсаты: Украинадағы 1990-2014жж аралығындағы саяси қоғамдық үдерістердің мән мағынасын, сипатын және олардың негізгі даму бағыттарын, украин қоғамы үшін тарихи маңызын бағамдап зерттеу.

Зерттеу нысаны: 1990 -2014 жылдардағы Украиндағы саяси-қоғамдық үдерістер.

Зерттеу пәні: Украинадағы қоғамдық саяси өзгерістердің негізгі даму тенденциялары.

Зерттеу міндеттері: Украинаның 1990-2004 жылдардағы саяси-қоғамдық дамуын қарастыру барысында келесі міндеттер айқындалады:

  • Украинадағы 1990жж саяси реформаларды зерделеу;
  • Украинадағы азаматтық қоғамның даму үдерістерін айқындау;
  • Украинадағы 2004-2014 жж саяси үдерістерге сараптама тарихи талдау жасау;
  • Украинадағы 2003-2004 жылдардағы қызғылт-сары түсті революциялық қозғалыс тарихын қарастыру;
  • 2004жылғы Украинадағы конститутциялық реформалардың саяси мәні мен мағынасын және оның кейінгі Украин қоғамының дамуына тигізген әсер ықпалын бағамдау;
  • Украинадағы еуромайданшылар мен ресейшілдердің саяси күресінің тарихи тамырларына, саяси сипаттарына тарихи баға беру;
  • Қазіргі заманғы Украина республикасының тарихын тарихи объективті шындық тұрғысынан қарастыру.

Зерттеу деңгейі (Мәселенің тарихнамасы) : Қарастырылып отырған тақырып бойынша, жекелеген монографиялар, ғылыми мақалалар, украинада, ресейде, батыс елдерінде жарық көрген. Дегенмен, мұндай еңбектердің саны аз. Тақырып бойынша зерттеулердің көпшілігін тарихшылардың, әлеумет танушылардың, жорналшылардың ғылыми сараптамалық мақалалары құрайды. Бұл басылымдардың көпшілігі орыс тілінде ғалымдардың еңбегінде кездеседі кездеседі.

Қазақстанда Украинаның қазіргі заманғы тарихы туралы еңбектер сирек кездеседі. Негізгі зерттеулерді көлемі шағын ғылыми мақалалар құрайды.

Диплом жұмысының деректемелік негізі: Зерттеу жұмысын жазу барысында түрлі анықтамалық энциклопедиялық басылымдар, монографиялық зерттеулер, ғылыми жорналдар, мерзімдік баспасөзде жарияланған ғылыми мақалалар, сондай-ақ интернет сайттарыннан алынған кітаптар, мақаларлар пайдаланылды.

Жұмыстың тәжірбиелік маңызы: Дипломдық зерттеудің барысында алынған материалдар мен тұжырымдар мектептегі жалпы тарих курсында таным арттыратын материал ретінде және жоғарғы мектептегі әлеуметтану, саясаттану пәндерін оқыту барысында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

I. Украинаның 1990-2004 жылдардағы саяси-қоғамдық дамуы

1. 1. Украинадағы 1990 жж. саяси реформалар

Кеңестер Одағының 1922 жылы негізгі құрылтайшысы болған төрт республиканың бірі Украина еді. Украина өзінің халқы мен экономикалық потенциалы жағынан Ресей федерациясынан кейінгі Одақтағы ең қуатты Республика болатын әрі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Украина БҰҰ ұйымының дербес мүшесі саналды. КСРО болса әлемнің алтыншы бөлігіндегі құрлықты алып жатқан, ядролық қару потенциалы жөнінен екінші орында тұрған супердержава болды. КСРО аз ғана тарихи уақыт ішінде ішкі экономикалық және сыртқы саяси - әскери факторлардың салдарына әрі М. Горбачев бастаған реформаторлардың экономикалық «қайта құру» реформаларын жүргізуде кеткен тактикалық және стратегиялық қателіктердің салдары нәтижесінде ыдырап кетті. Кеңес Одағының ыдырауының экономикалық саладағы алғы шарттары ХХ ғасырдың 70 - 80 - ші жылдары әбден қалыптасып пісіп - жетілді.

КСРО - ның ыдырауына әсер еткен жетекші фактор ретінде зерттеушілердің бір бөлегі экомикалық дағдарысты атайды. Біріншіден ол КСРО экономикасының шикізат өндіруші салаларға негізделуі, дайын өнім шығаратын салалардың кенжелеп қалуы, әлемдік нарықта КСРО мен социалистік лагердің өндірген өнімдерінің бәсекеге қабілетсіздігін айтуға болады. 1980 ші жылдары Польшада басталған саяси - экономикалық тұрақсыздықтың артынан жалғасқан «барқыт төңкерістері» социалистік елдердің қауымдастығы, оның ішінде «Өзара Көмек Кеңесі» экономикалық ұйымы 1989 жылы тарқап, КСРО өзінің 26% өнімін сыртқа шығарып тұрған өткізу нарығынан айырылып қалды.

КСРО - ның экономикалық күш қуатының күрт кемуіне соқтырған мұнай бағасының түсуі деген пікірді көптеген ғалымдар қолдайды және бұл уәжді көптеген шет ел ғалымдары да өз еңбектерінде келтіреді. КСРО - ның мемлекттік бюджетінің 60 пайызы мұнай және басқа шикізатты сатудан құралды. 1970 жж КСРО мұнай қоры мен өндіруден әлемде бірінші орынға шықты. Алып империя бюджетінің алпыс пайызға жуығын көмірсутегінен түскен пайда толтырып тұрды. Екінші бөлегін алхаголь өнімдерінің саудасынан, үшінші бөлегі қару - жарақ сатудан түсіп отырды. М. Горбачевтың «маскүнемдікпен күрес» эпопеясы мемлекет қазынасына зиян келтіріп, шарап өндіру де қысқарды. Молдавия мен Кавказдың жүзімдіктері жөнсіз оталды. [1]

Ал 1980 - ші жылдардың соңына қарай АҚШ бірыңғай араб немесе кеңес мұнайына тәуелділіктен құтыла бастады Латын Америкасыдағы Венесуэла, Мекскика, Колумбияда, Европадағы Норвегияда мұнай қорлары табылып оны экспорттаудың көлемі артты, АҚШ және Батыс елдері Нигерия және Египет сияқты мұнай өндіруші елдермен де тиімді шарттар жасады. Оның үстіне Батыс елдерінде энергия үнемдейтін технологиялар енгізіліп мұнай өнімдерін тұтыну төмендеді, АҚШ, Европа және Жапонияда энергия тұтыну көлемі 13% ға айтарлықтай қысқарды 1980- ші жылдары мұнайға баға барраліне 35 долларға жетіп(қазіргі инфлициямен есептегенде 93 долларға дейін көтерілді) . Ал 1986 ж. мұнай бағасы 8-9 долларға дейін құлдырады Сөйтіп 1980 - ші жыдар соңына қарай мұнай бағасы 8-9 долларға дейін құлдырады. Кеңес Одағының Ауғаныстандағы қақтығысқа араласуы нәтижесінде 9 жыл ішінде 35 млрд доллардан астам шығын шығарылған, [2] Кеңес Одағы өзі қыйын экономикалық жағдай табалдырығында бола тұра социалистік елдер мен социалистік бағыттағы елдерге қаржы - экономикалық, техникалық көмек беруді жалғастыра берді.

1980 жылдары Польшаға азық - түлік өнімдерін қайтарымсыз кредит ретінде беріп жіберді. Шығыстағы социалистік елдерге мәселен КХДР - ға 11, Иракка 8 млрд, Кубаға 25млрд, Ветьнамға 10 млрд барлығы 100 - ге жуық елдерге қаржылай көмек беріліп олардың көпшілігі қайтарымсыз кетті. [3] .

КСРО - ның әскери шығындары сол кездегі КСРО басшыларының деректері бойынша ел бюджетінің 20 % дейін жетті [4, 5] . АҚШ - тың Орталық барлау басқармасы мұнан до зор сандарды келтіреді.

Еліміздің ғылыми біліктілікті талап ететін салалардағы дамуы технологиялық жағынан 80 жылға жуық артта қалды. Орталықтан дерективалы, оқшау социалистік жоспарлы экономиканы дамыту нарықтық - либеральдық әлем жағдайында тиімді болмай шықты. Ақпаратты қоғамның дами бастауы жағдайында технологиялық, ғылыми инновациялық жаңалықтардан тыс өмір сүруге мүмкіндік қалмады. 1980 - ші жылдары халық жаппай тұтынатын тауарларға «тапшылық» кей тауарлардың күтепеген жерден дүкен сөрелерінен жоғалуы орын алды.

Нан мен картоптан басқа тауарларға 1989 - 90 жылы талон жүйесінің енгізілуі Кеңес Одағындағы дағдарыстың жүйелі бағыт алғандығының көрінісі болатын КСРО - да 70-80 жылдары ұлттық этникалық қақтығыстар жиілей бастады. Соған қарамастан Мемлекет басындағылар КСРО-ны «бауырмал халықтың ұйымшыл отбасы» деп атады. Көп ұлтты мемлекеттің билігі бір орталықтанған, сондықтан барлық билік Коммунистік партия қолында болған болатын. Көпшілік 70-80жылдарды, яғни Брежневтің билік ету кезеңін, КСРО-ң гүлденген кезеңі деп санаса, Брежнев өлімінен кейін Кеңес Одағы құлдырай бастады. Кеңестер Одағын Брежневтен кейін кейін басқарғандардың барлығы жастары келген қайраткерлер болды. Брежнев қайтыс болған1982 жылдың қарашасынан 1985 жылдың наурызына дейін екі Бас хатшы Ю. Андропов және К. Черненко ауысты. Д. Қонаев өзінің «О моем времени» атты кітабында Орталық партия комитетінің басшысы етіп жасы келген К. Черненконы сайлауымыз қателік болды деп еске алады. [5, 200] Мәскеулік орталықты басқарушылардың кісілік, адамгершілік келбеті әсіресе ұлт Республикаларының тағдырына елеулі әсер етіп отырды. Мысалы өзінің аласапран мінезімен, валюнтаристік қыйсынсыз шешімдерімен әйгілі болған Некита Хрущевтың тұсында ұлт республикаларының мәдени - рухани дамуы көп қыйындықтарға ұшырады, оның Минскідегі белорусь мемлекеттік университеті табалдырығында тұрып неғұрлым бәріміз орыс тілінде сөйлеге жаппай көшсек солғұрлым коммунизмге тез жетеміз деп айтылған сөзінен кейін Белорусиядағы белорусь тілі құлдыратылды. Немесе Целиноградқа келген бір сапары кезіде екі жүз жыл бойы патша үкіметі игере алмаған даланы мен екі жылда бағындырып игердім деген сандырақтары, Орта Азиялық Республикаларды жойып оның ішінде Қазақстан жерін Ресейге, Түркменстанға, Өзбекстанға таратып жіберу әрекеттері, Қырымды Украинаға қоса салу сияқты істері оның КСРО - басшылығынан кетуге мәжбүр еткен бір себебі болатын. Кеңес Одағының құлауының экономикалық және заңнамалық - легетимді негізін қалаған 1989 -1990 жылдары Балтық елдерінен басталған «Егемендік жариялау шеруі» болды. Балтық елдері Одақтан бейбіт жолмен шығу әректтерінің барлығы Кремельдің қатты қарсылығына ұшырады. Сондықтан үш Балтық елдерінің саяси басшылығы бір жақты шешімдер қабылдап өз елдерінің тәуелсіздіктерін жариялады. 22 тамызда Түркмения мен Тәжікстан, 25 қазанда Қазақстан, 15 желтоқсанда Қырғызстан өз егемендіктерін жариялады. Ал 12 маусымда Ресей Федарациясының егемендігін жариялауы Кеңес Одағындағы нақты Орталық биліктің Одақтан республикалық орталыққа ауыса бастауының нақты көрінісі еді. Жаз бойы Орталық банк, Зейнетақы қоры, Қорғаныс министрлігі Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот сияқты органдар құрылып үлгерді.

Сөйтіп 1990 жылдың соңына қарай 1922 жылы қабылданған Одақтық шарттардың федерациялық негіздері бұзылған болатын. Әр республика өзінің экономикалық дербестігіне ұмтылды, азық - түлікпен қамтамасыз етудің автономды жүйелерін жасай бастады. Ақпан - наурыз айларында Мәскеуде «Одақ болмасын» деген ұранмен демонстрациялар өтті. Жаңа одақтық шарт ұлт республикаларын да консервативті орталықты да қанағаттандырмады. Горбачев Фаросқа дем алысқа аттанғанда шын мәнісінде ел билігінің тізгінен айрылып қалған болатын. КСРО - ның сол кездегі басшылығы мен ұлт республикалары лидерлері арасында консенсустабылмады және оған орталық басшылығы қабілетсіз болып шықты. Орталықтың ыдырауына басқа факторларға қарағанда ең күшті әсер еткен ол ұлтаралық, ұлт республикалары аралығындағы қатынастарды реттеу мүмкін болмағандығын көрсетті.

Тамыз төңкеріс жасу әрекетіне дейін 1991 жылы сәуір-мамыр айларында (Новоогоровте) (президенттің резиденцияси) М. С. Горбачев тоғыз одақтас республикалардың басшыларымен келісім жүргізді. Бұл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мәселе көтерілді. Келсімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жөніндегі шартты қолдады. Шарта Суверенді Мемлекеттердің Одағын құру көзделді. Сонымен қатар, өкімет органдарын және басқару қүрылымын, жана Конституцияны қабылдау, сайлау жүйесін өзгерту белгіленді. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді. [6]

Литва, Эстония және Латвия тамыз төңкерісінен кейін іле шала өздерінің толлық тәуелсіздігін 1991 ж жариялап үлгерді және оны Мәскеу 24 тамызда бірден таныды. Бұл елдердің барлығы дерлік БҰҰ - ға мүшелікке қабылданып халықаралық қатынастардың жеке субъектілеріне айналды. 1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі) . Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев шақырылды, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. Бірақ Н. Назарбаев бұл шақыртуға келмей қалғаны туралы Украинаның бірінші Президенті Л. Кравчук өзінің «Азаттық радиосына» берген сұқбатында куәлік келтіреді. Н. Назарбаев бұл кезде Мәскеуде болатын ол Беловежьдегі үшеуден гөрі әлі де М. Горбачевқа сенім артты. [7] Беловежь нуындағы келісім шартты жасаушылар Одақ немесе федерациялық мемлекет деген ұғымдардан құтылуға тырысты. Мұнда әсіресе Украин Президентінің позициясы маңызды еді. Сондықтан олар ақыры көптеген таластардан соң «Содружество яғни тәуелсіз мемлекеттердің Достастығы деген форматта қауымдастық құрып оны басқа Одақтас елдер үшін ашық деп жариялады. Л. Кравчуктың мұндай бастамшылықтың дер кезінде болғандығын және ыдырау үдерісінің Югославтық нұсқасымен емес өркнеиетті түрде бөлінуге жол ашты деген пікірді айтады. Украина ТМД елдері ішінде әрқашан өзінің тәуелсіз позициясымен ерекшеленді. Украина тәуелсіз мемлекетті құру жолындағы қиындықтарға қарамастан өзіндік мемлекеттік институттарды қалыптастыруға кірісті. Украина мемлекетінің құрылу үрдісінде әуел бастан екі бағыттың ұстанымның қайшылықты күресі жүрді. Бірінші бағыт Батысқа ориентир ұстану еуропалық мемлекеттердің жолымен дамып, болашақта Еуро Одаққа ену, екінші бағыт консервативті бағыт ТМД аясында бұрынғы Одақтас республикалармен бір тығыз қауымдастыққа бірігу. Украинаның мұндай екі жақты бағыт ұстануы оның өткен өркениеттік саяси дамуы тарихымен байланысты. Егерде Украинаның оқтүстік шығыс облыстары (Донецк, Луганск) және Қырым Республикасы Ресеймен тарихи экономикалық жағынан тығыз байланыста болып келді. Сондықтан олар Ресеймен байланыстарды әлсіретуге қарсы шықты. Украина орта ғасырларда және жаңа заманның басында әуелі Ұлы Литва кейін Речь Постполития мемлкеттерінің құрамында болып келді. Ал, Қырым 1954 жылы Н. С. Хрущев қалауымен, әрі экономикалық жағынан Украина арқылы басқару оңтайлы болғандықтан Украинаға қосылды. [8, 150] Украинаның 1996 жылғы Конститутциясы. Украинаның бірінші күннен бастап өмір сүруінде ең басты тапсырмасы ретінде оның мелекет болып қалыптасуы болды. Украин мемлекеттілігінің қалыптасуының жаңа кезеңі 1990ж 16 шілдеде қабылданған Тәуелсіздік Декларациясысынан бастау алады. Бұл Декларация Тәуелсіз Украинаның тұңғыш конституциялық заңнамасы болды және онан әрі Украинаның мемлекеттілігін нығайтудың заңнамалық негізі рөлін атқарды. Соның негізінде Украина жалпы украиндық референдумның негізінде 1991 жылдың 24 тамызында Украинаның тәуелсіздігін жариялады.

Кесте №1. Негізгі хронологиялық даталар.

6 желтоқсан 1991ж.
«Украинаның Қарулы Күштері» туралы заң қабылданды
6 желтоқсан 1991ж.: 28 шілде 1996 ж.
«Украинаның Қарулы Күштері» туралы заң қабылданды: Украинаның Конституциясы қабылданды.
6 желтоқсан 1991ж.: 1992 ж.
«Украинаның Қарулы Күштері» туралы заң қабылданды: Украинадағы Нарықтық Реформалардың басталуы
6 желтоқсан 1991ж.: 1994 ж.
«Украинаның Қарулы Күштері» туралы заң қабылданды: Л. Кучманың Украинаның президентігіне сайлануы
6 желтоқсан 1991ж.: 1990 ж.
«Украинаның Қарулы Күштері» туралы заң қабылданды: УАПЦ қызметінің қайта құрылуы
6 желтоқсан 1991ж.: 1989 ж.
«Украинаның Қарулы Күштері» туралы заң қабылданды: УГКЦ қайта құрылуы
6 желтоқсан 1991ж.: 1990 ж. қаңтар
«Украинаның Қарулы Күштері» туралы заң қабылданды: Қырым АССР құрылуы
6 желтоқсан 1991ж.: 1998 ж. қазан
«Украинаның Қарулы Күштері» туралы заң қабылданды: Украинаның Жоғарғы Радасы АРК Конституциясын мойындады. Конституцию АРК.
6 желтоқсан 1991ж.: 1997 ж. мамыр
«Украинаның Қарулы Күштері» туралы заң қабылданды: украин-ресей достығы мен серіктестігінің келісімі
6 желтоқсан 1991ж.: 1992 г.
«Украинаның Қарулы Күштері» туралы заң қабылданды: Украина Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастың мүшесі ретінде танылды (ОБСЕ) .
6 желтоқсан 1991ж.: 1995 г.
«Украинаның Қарулы Күштері» туралы заң қабылданды: Украина Еуро Одаққа енді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ЫҚПАЛЫ
Министрліктерінің арасындағы байланыс туралы келісім
Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің ерекшеліктері
Қазақстан мен Украина қазіргі таңдағы дипломатиялық қатынастары
Шетел журналистикасы
Қазақ жеріндегі ашаршылық ерешеліктері
Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуі
Терроризм және экстремизм
Қазақстан Республикасындағы сайлау технологияларының даму ерекшеліктері
Халықаралық қатынастар теориялары – реализм және либерализм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz