ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АШЫҚ НАРЫҚТАҒЫ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ТАҢБАЛАРДЫҢ АРНАЙЫ ТЕРМИНДАРДЫҢ ТІЗБЕСІ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНК
ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметтері мен операциялары
1.2 Ақша-несие саясатының
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық қызметі және
алтын валюталық резервтерді
басқаруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКНІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..25
2.1 Банктік қызметті қадағалау және реттеу
2.2 Банктік резервтік
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..29
2.3. Ұлттық Банктің қабылдаған шаралары және 2007 жылғы
ақша – несие саясатының
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
39
2.4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің ақша – несие
саясаты және операциялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .41
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ
АШЫҚ НАРЫҚТАҒЫ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... .66
3.1 Ұлттық Банкінің 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттарының
қолданылуы
3.2 Шетелдік тәжірибедегі орталық банктерді ұйымдастыру және басқару
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .69
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..71

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...73

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 75

КІРІСПЕ

“Ұлттық банктің ашық нарықтағы операциялары” атты дипломдық жұмысты
зерттеудің маңыздылығы. Қазақстан Республикасының Ұлттық банк қызметтерінің
біріне-екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің қызметтерін қадағалау және
реттеу жатады.Ұлттық банктің негізгі мақсатының бірі-бұл банктік қызметті
макроэкономикалық деңгейде басқару процесін ұйымдастыру, еліміздегі
банктердің және басқа да қаржы-несие институттарының қызметтерін реттеу,
банктік және ақша жүйелерінің қызмет етуінің тұрақтылығын ұстап отыру болып
табылады.
Ұлттық Банк-заңды төлем құралы, яғни банкноталарды шығаруға
эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің
эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз балама алу
формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі–теңге болып
табылады.
Ұлттық Банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды,
олардың жасалуын қамтамасыз етеді,сақталу,жою және қолма-қол ақшаның
инкассациялау тәртібін орнатады.
Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктің
корреспонденттік шоты бойынша төлейді (резервтік талаптан аспайтын).
Резервтер бойынша пайызы төлеу резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында
несиелер және тартылған депозиттер бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемесі
арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды.
Ұлттық банк банктік қызметтерді қадағалау және реттеу кезінде тікілей
(әкімшілік) және жанама (экономикалық) әдістерді қолданады.
Мұндай әдістердің қатарына жататындар: пруденциалық нормативтерді және
басқа да банктердің орындауы міндетті нормалар мен лимиттерді қою,
резервтік талаптар нормалары, оған қоса күмәнді және үмітсіз активтерге
қарсы провизиялардың нормалары; бантктердің орындалуы міндетті ережелер мен
басқа да нормативті актілерді шығару; банк қызметтерін тексеру; банктің
қаржылық жағдайын суықтыру жөніндегі ұсыныстар беру; бар кемлішіктерді жою
жөніндегі міндеттеме хатты талап ету, Ұлттық банкінің бұйрық хаты және т.б.
шектеу шараларын банктерге қолдану; банкті ашудан бастап, рұқсатты қайтарып
алуға дейінгі жазалау шараларын қолдану.
Банктік қызметтерді реттеудің экономикалық әдістеріне Ұлттық банкінің
айналыстағы ақша массасын басқару үшін қолданылатын қызметтері жатады
(несие беру және бағалы қағаздармен жүргізідетін операциялар). Банктік
қызметтерге әсер етудін мұндай жанама жолдары икемдірек болып келеді.
Ұлттық Банк теңгенің айырбас бағамының күрт ауытқуын реттеу мақсатында
ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алу жəне сату бойынша
операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар, шетел валютасы Ұлттық қордың
мақсаты үшін сатып алынды. Қазақстанда 2006 жылдан бастап Ұлттық қордың
жұмыс істеуінің жаңа тетігі жұмыс істейді, ол бойынша мұнай секторы
кəсіпорындарынан тікелей салықтар бойынша барлық түсімдер тікелей Ұлттық
қорға есептеледі. Осы тетіктің ендірілуіне байланысты Ұлттық Банк Ұлттық
қордың активтерін айырбастаудың жəне қайта айырбастаудың жаңа ережесін
қабылдады, Ұлттық Банк осы Ережеге сəйкес Ұлттық Банктің халықаралық
резервтерінен Ұлттық қор үшін шетел валютасын сатумен қатар ішкі нарықта
шетел валютасын сатып ала алады.
Дипломдық жұмыстың методикалық және тәжірибелік негізі болып:
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі, нақты дипломдық жұмыстың
негізі жалпы ғылыми зерттеу әдістері болып табылады: диалектикалық,
жүйелік, топтастырылған.
Жұмыстың комплекстік мінезі құқықтық нормативтік актілерде,
заңнамаларының қызметінде негізделген.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
ашық нарықтағы операциясын талдау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
- операциялардың маңызын және түсінігін ашу;
- зерттелген банктің қаржылық жағдайын талдау;
- зерттелген банктің ұсынылған депозиттік қызмет түрін қарастыру;
- банк басқару тиімділігінің жоғарлауы және операция есебінің
жетілдіру бойынша ұсыныстарды өңдеу.
Зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Зерттеу құралы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ашық
нарықтағы операциясы.
Дипломдық жұмыстың методикалық және теориялық негізі ретінде отандық
және шетелдік экономистердің ғылыми және оқу - әдістемелік еңбектерін,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдары мен нормативтік актілерін,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банктік іс - әрекеттерді
қадағалау заңдылықтарын және де Ұлттық Банктің жылдық есептері қолданылды.
Жазу кезінде жеңілдік оқулықтары, монографиялар, ғылыми баптар, Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкінің жылдық есебі қолданылды.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНК
ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Ұлттық Банктің қызметтері мен операциялары

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас
органның рөлін атқара отырып, ерекше орынга ие болып отыр. Олардың басшылық
ролі берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы,
сондай–ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие банктердің банкі,
соңғы сатыдағы несие беруші рөлін атқарады, ақша-насиелік және валюталық
саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша–несие
саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемелекеттік Орталық банкіге кең
өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген ақша–несиелік реттеудің негізгі
объектісіне экономикадағы қолма–қол және қолма–қолсыз ақша массасы жатады,
оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әртүрлі компонентерінің
өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша-несиелік сипат алады,
яғни ақша массасы, негізінен, банктердің несие–депозиттік қызметіне
байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын
және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы
реттейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы бойынша Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Орталық банкі және
Республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, КСРО–ның мемлекеттік банкінің Республикалық
кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта құрылған. Ол жай
клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке
өзгертіледі және банктердің банкі болды.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық Банкке
шоғарланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық Банкінің
мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде
жүреді. Барлық банктер қолма–қолсыз есеп айрысулардың Ұлттық Банктердің
мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық Банкіден несие алады.
Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма–қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық
Банкіде және оның мекемелерінде шоғырландырады.
Ұлттық банк–ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да
материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүлікті
құралу көздеріне–банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен
табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық Банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге
көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: Республикалық бюджеттен
бөлінген қаражжатар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық Банк
тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайына Орталық банкінің
жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі құқықтық формалары бар:
-оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражатты есебінен
болатын унитарлық банк;
-акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің
қатысуыныз) акционерлік қоғам;
-бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуыныз);
-Орталық банкінің қызметің бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.
АҚШ–та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың
капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна-пұл
төлемдерінен тұрады. Негізгі Ұлттық Банк унитарлық орган болып табылады.
Мемлекет–жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор–ғимараттардан,
құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым
қаражаты–банкіге тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық Банк резервтік
және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол
өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға
сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Ұлттық Банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын
табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға:
активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монетарлардың
құндарының бір бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғанан қалған
бөлігі Республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық Банк және оның мекемелері
барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің негізгі міндеті–Қазақстан
Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз
ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісіне мынандай
қосымша міндеттер жүктіледі:
-Қазақстаның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға
интерграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие,
банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік
саяссаты жасау және жүзеге асыру;
-ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге
көмектесу;
-банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін
ережелерді жасау және олардың орындауына бақылау жасау негізінде банк
берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.
Ұлттық Банкі жұмысының негізгі бағыттарды:
-елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
-инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; өзіне бағынышты
мекемелер арқылы ақшалай түсімді
-халық шаруашылығында несиелік, есеп айырысу және кассалық
операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструциялық
нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті),есеп жүргізу және
банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
-банк ісін лицензиялау, ақша–несиелік реттеудің әдістерінің формаларын
талдау;
-банк ісін бақылау және қадағалау;
-елдін банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
-ғылыми–зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүрзізу;
-валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау,
беркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.
Ұлттық Банктің несиелік ресуртары мыналардың есебінен құралады:
-меншік қаражаттары;
-басқа банктерден тартылған және келесімшарт негізінде Ұлттық банкіге
орналыстырылған ақшалай қаражаттар;
-Қазақстан Республикасының тыс жерлерден тартылған қаражаттар;
-Мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос
қаражаттарынан.Ұлттық банктің құрылымы мен басқару орагандары
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметің ұйымдастырудың басқа да
мәселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы және
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Ережесі негізінде
анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат,бас
аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық
бөлімшері бар.Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы 1 - сызбада көрсетілген.

Басқарма Төраға
Директорлар Төрағаның орынбасарлары
Ұлттық банкінің орталық
аппараты

Департаменттер, дербес басқармалар және
бөлімдер
Облыстық
(аумақтық)
басқармалар

Ұлттық банкінің тәуелсіз бөлімшелері
Мемлекетік сақтау орыны
Банкноттық фабрика
Бағалы қағаздар фабрикасы
Приборлық бақылаудың мемлекеттік
инспекциясы
Қазақстандық банкарлық есеп айырысу
Орталығы
Банкаралық және қаржалақ
телекоммуникациялар Орталығы
Банктік сервистік бюро т.б.

Ақпарат көзі: Автормен құрастырылған [11]
Сурет 1 - ҚР Ұлттық Банкінің басқару құрылымы

Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен
басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның
құрамына–Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасар, Парламент пен Президент
бір–бір өкілі және Қазақстан Министірлігі ҚР Президентімен бекітіледі.
Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:
-мемлекеттік ақша–несиелік саясатын жасайды;
-ұлттық банк шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді
бекітеді;
-парламент бекітілген тұжырым негізінде банкноттар мен монетардың
номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
-ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен
операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
-қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін
белгілейді;
-сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;
-ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты
қарастырады;
-ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітінде және
Ұлттық банк департаменттерінің директорларының тағайындайды;
-банктер және олардың филиалары үшін экономикалық нормативтерін
бекітеді. Басқарма шешімдерін басқарма қауылылары формасында жүзеге
асырады.Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.
Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың үш
мүшесінің талабымен өткізеледі.Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің
ұсынуымен алты жылға сайланадыҰлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және
сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен,несиелік,халықарлық және
басқа ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-
бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келесімшарттар жасау
өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірейді.Ұлттық банк
төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметің басқарады және Ұлттық
банкіге жүктелеген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне жеке
өкілекттіктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның
қызметің орынбасарларының бірі атқарады.
Ұлттық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып
жұмыстан босатуы сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан
босатылады.Төраға орынбасарларды және басқарма мүшелері Ұлттық банк
төрағасы арқылы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан
босатуын сұрай алады.
Ұлттық банкінің жедел басқару органы–Директорлар кеңесі (директорат),
ол Ұлттық банк төрағасы басқаралады. Директорат, Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі туралы Заңға сәйке Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағаның
және басқарма қауындағылардан басқа барлық мәселелер бойынша шешім
қабылдайды.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің
облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар
филиалдың құқықтарын пайдаланады және ұлттық банк атынан қызмет етеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңға сәйкес
мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды: -айналытағы ақша массасының
көлемін реттеу жолымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша–несие
саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен
монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады,
-кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі
және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады,
-Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді:
-Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк
филиалдарын,өкілдіктерін ашуға келесім және банк операцияларын жүргізуге
лицензия береді:
-банктердегі бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының, оның тіркелеуіне
дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
-ол банктерге несие беруге,банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық
позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші
болады, қайта қаржылындыру саясатын жүргізеді:
-банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу,сату және
айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді, әрі пруденциялық
нормативтер белгілейді;
-Қазақстан Республикасындағы ресми мөлшерлемерді өзгерту арқылы
банктік пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
-Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша–несие ретеуі
әдістерімен бәсендете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары
бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге
құқықтар береді;
-Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және
нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айрысулардың
мезгілінде және үзіліссіз жүргізіліуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс
істеуін үйымдастыруы тиіс;
-Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды
жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;
-банк ісі, есеп, айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша
банктерге,валютаны сатып алу, сату, айырбастау операцияларын жүзеге
асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті
нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
-бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге,
шетелдік валютаны сатып алу,сату,айырбастаумен айналасатын ұйымдарға
бухгалтерлік, статистикалық,тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және
мерзімін бекітеді;
-егер заңды актілермен басқаралы қарастырылмаса,Қазақстан
Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық
субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және
басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін,есеп айырысуларды реттеу
мақсатында бекіте алады.
-ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін
ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы;
-қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу
және инкассациялау ережерелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды
тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге
қатысады,банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервтік қорларын құрады;
Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және тұрақты
түрде жариялайды;
-ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
-ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан
жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықтаған жағдайда
клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру
құқына ие;
-Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға
қатысады;
Сирек жағдайдаларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы
қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет
көрсетумен байланысты операциялар жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер
атқарады.
Ұлттық банк-заңды төлем құралы, яғни банкноталарды шығаруға
эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің
эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз балама алу
формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі–теңге болып
табылады.
Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды,
олардың жасалуын қамтамасыз етеді,сақталу,жою және қолма-қол ақшаның
инкассациялау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасындағы шығарылған банкноталар мен монеталардың
номиналдық құрылымы,айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен
монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің
құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау
құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Респуликасының валютасын шет ел мемлекеттерінің
ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып
отыру жолымен жүзеге асады.Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын
өндіру және коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз
күштерін енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі
кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік
шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау
алады,сонымен қатар,операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек
қойылмайды.
Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия-айналысқа банкноталар мен
монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.Қазақстандағы теңгенің көп
мөлшерде эмиссиялауының негізгі себептерінің бірі-кәсіпорындар арасындағы
дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп
айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге
болады.Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы
сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.
Ақша базасы–бұл Ұлттық банкі эмиссиясын реттеу шығаратын ақшалары.Оған
айналымдағы қолма-қол ақшалар,міндетті және артық резервтер жатады.
Міндетті резервтер –бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы
шотта несие кореспондеттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің
бөлігі (бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты
банктер мен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).
Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік
шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан,Ұлттық банк ақша
базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі
кореспондеттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің
өнімділігін реттеу арқылы реттейді.
Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл
құралдары ақша базасының кенеюінің шегін көрсететін және ақща
массасының,ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша
мультипликаторыныңт мөлшеріне әсер етеді.Ақша мультипликаторының мөлшері
міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер
мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар,
айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.
Бұл–айналымдағы қолма–қол ақшалардың банктерден тыс
(болғанда)орналасқанда мультипликацияланбауына байланысты. Ақша
мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу
жылдамдығына әсер етеді,мультипликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы (бұл жағдайда банк жүйесі
арқылы жүретін төлем жылдамдығы туралы айтылмайды) Ұлттық банк арқылы
тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және
ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс
жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді
инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана,жалпы
экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда мүмкін.
Керісінше,ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің
көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма–қол ақша үлесінің өсуіменен, ұзақ
мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субъектілерінің
ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге жүреді.
Ақша айналысының жылдамдығы экономикалық монетаризация деңгейіне
байланысты болады,ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен
анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын,монетаризация деңгейі
жоғарылайды.

1.2 Ақша-несие саясатының құралдары

Пайыздық саясаты ақша-несие саясаты құралдарының бірі болып табылады.
Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция
деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдерін байланысты
анықталатын ортақ қайта қаржыландыруды мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк
өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру
мақсатында, нарықтық пайыздық мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк
пайыздық мөлшерлемесін анықтау түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.
Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі
мақсаты-теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша
массасының өсім қарқынан азайтатын,сәйкесінше инфляцияны төмендетуде
қмтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер,
дәлірек айтқанда, пайыздыр үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі.
Яғни, жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған
болашақта емес,қысқа уақыт аралығында беруі керек.
Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға
мүмкіндік беретін келесі бір факторға–шетел валютасына деген шектен тыс
сұранысты азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл
ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық жолмен табыс алу
мүмкіндігінің болуы ірі банктердің қысқа мерзімді капиталының қарыздық
нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен
анықталатын теңгенің сыртқы құнынң көрсеткіштері мен қарыздар бойынша
пайыздық мөлшерлемелер және бағалы қағаздар бойынша табыстылық арқылы
анықталатын теңгенің ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы қатынастың
бұзылуы үлттық валютаның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.
Ұлттық банкінің қайта қаржылындыруының ресми мөлшерлемесінің өзгеру
динамикасы-1994 жылы қантар–ақпан айларында 270%, ал наурыз-тамыз айларында
300% құрады. Теңгенің айырбас бағамының тұрақтануы мен инфляцияның
тұрақтануы мен инфляцияның төмендеуіне байланысты 1994 жылдың ортасынан
бастап пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі қырқүйегінде-30%, 1997 жылы-24%
құрады.
Қаржылық операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық
мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық банкінің қайта қаржылындыру мөлшерлемесі
бойынша индикативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық
мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасын
мыналарды бөліп көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әртүрлілігі, пайызды
төлемеуімен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің
өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.
Мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, банқарлық несие,Ұлттық банкінің
ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай келеді. Жалпы
барлық нақты нарық пайыздық мөлшерлемелер 1994 жылдың тамызынан бастап оң
көрініске ие болды.
Ұлттық банкінің ноталы және қазыналық вексельдер бойынша табысы Ұлттық
банкінің банкаралық несие бойынша табысынан төмен болды. Бұл мемлекеттік
қазыналық міндеттемелер және Ұлттық банкінің ноталарының пайызды және
қарызды төлеу жағынан несиелерге қарағанда үлкен сенімділігімен
түсіндіріледі.
Резервтік талаптар. Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу
үшін,банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және
банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында
Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.
1993 жылы 1 қаңтар енгізілген Қазақстан Республикасының коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктердің қызметтерін реттеу туралы Ережесіне
сәйкес міндетті резерв бойынша норматив 18-20% көлемі өарастырылған. Бұл
Ереже 1994 жылы мамыр айына дейін қызмет етті,осы жылдан бастап норматив
банктердің теңге және шетел валютасындағы жалпы депозиттік
міндеттемелерінен 30% мөлшеріне дейін өсті.1994 жылдың 1 тамызында шетел
валютасындағы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15%-ға дейін
төмендеді.
Банктердің міндетті резерв нормативінің көбеюі, 1994 жылдың бірінші
жартысында ақша мультипликаторының тез өсіумен түсіндіріледі. Егер 1994
жылы 1 қаңтар ақша массасының колемі ақша базасынан 1,16 еседен асса,
1994жылдың 1 көкегінде бұл мөлшер 2,21, ал 1 шілдеде–3,1 есеге жетті.
Ақша–несие саясатының осы құралын пайдалану арқылы және банктер қарыз
алушылардың несие қабилеттілігін бағалауына қатаң көзқарас орнату
нәтижесінде 1994 жылдың 1 өазанында ақша мультипликаторының мөлшері 1,66
деңгейге азайтылды. 1995-1996 жылдар арасында ақша мультипликаторы 1,8-1,9
деңгейге дейін сақталынды.
Банк резервтерінің шамадан тыс өсуіне байланысты (Ұлттық банкідегі
корреспондентік шоттағы қаражаттар) резервтік талаптардың мөлшерін азайтып
қана қоймай, сонымен қатар, резервтердің баламалы тәртібіне ауысу
мүмкіндігі пайда болды. Яғни, экономикалық нормативтерді орындайтын
банктердің корреспондеттік шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті
талаптардан кем болмау керек еді. Ал, 1995 жылы резервтік талаптардың
нормативті 20%-ға, 1996 жылы -15%-ға дейін төмендеді.
Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктің
корреспонденттік шоты бойынша төлейді (резервтік талаптан аспайтын).
Резервтер бойынша пайызы төлеу резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында
несиелер және тартылған депозиттер бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемесі
арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды.
1995 жылдың басында жалпы банктер арасында баламалы резервтерден
құрылған банктердің үлес салмағы 32,6%-ын құрады, ал жыл аяғында-48,4%.
1995 жылы банктердің 13,5%-ы резервтік талаптардың орындалуын бұзды.
Мұндай банктерге айыппұл (түрінде) санкциялары қолданылды.
Ақша-несие қатыстарын мқндай бақылау және реттеу механизмі ашық
нарықтағы операцияларға және есеп мөл-шерлемелерінің өзгерісіне қарағанда
сирек пайдаланылады.
Несие операциялары Ұлттық банкі пен Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинеті арасындағы 1994 жылы қаңтар айындағы меморандумына
сәйкес Ұлттық банк несиені үш негізгі бағыт бойынша береді.Директивтік
несиелер Үкімет белгілеген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің
тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар
арқылы банктерге берілетін несиелер.1994 жылы Министрлер Кабинетінің
қарамағына Ұлттық банк ұсынған (27,5 млрд теңге) несиелердің 75%-ы несиеге
берілген. Сонымен бірге, бюджеттің кірісіне бөлінбеген пайда және 16,5млрд
теңге сомасында депозиттер үшін төлемгі аударылған. Бұл таза төлемдер
бюджет кірісінің 17% несиесін құрады.
Директивті несиелердің айналасында қиын жағдай пайда болды. Сондықтан
бұл несиелерге қайтару бойынша жұмыстарын тоқтатты, олар несие Үкіметтің
кепілдемесі бойынша төленеді деп сенді, өйткені несиелер Қаржы министірлігі
және Экономика министірлігінің рұқсат арқылы несиелік қабилетіне
байланыссыз барлық шаруашылық органдарға берілді. Нәтижесінде 4,6 млрд
теңгеден (қайтарылуы міндетті сомадан) 1994 жылы 1,8 млрд теңгесі ғана
қайтарылды.
Сөйтіп, банк жүйесі арқылы төлем қабилеті жоқ кәсіпорындарға қысым
көрсетілді, олар банк несиесі есебінен бюджет дотациясын жасады, өйткені
несие қайтару жүгі Қаржы министірлігіне ауысты.
Санациялау мен банкроттық механизмін пайдаланусыз басымдылық
салалардың кәсіпорындарының қаржы мәселесін шешуге ынтасы өткен жылдың тағы
бір рецидиві болып шықты. Есепке алу алдындағы айдың көрсеткішіне қарағанда
40,6%-ға, ал көкек айында -56,4%-ға өсті.
Төлемсіздікті шаруашылықаралық есепке алу арқылы шешу, бір жағынан
мәселені шешсе, екінші жағынан кәсіпорындардың айналым қаражаттарын
жоғалтуға әсер ететін фокторды–бағалардың өсуін ынталандырды. Ақша-несие
саясатының бұл құралы өткен уақыттың еншісінде қалды. Оның орнын тұрақты
түрде жұмыс жасайтын клиринг алу керек және ол кәсіопрындардың қаржы
тәртібін сақтаған кезде ғана төлемсіздік мәселесін шегуге мүмкіндік береді.
Үкіметтің несиелеу көлемі әрқашан бюджет тапшалағының деңгейімен және
оны баламалы көздер арқылы жабу мүмкіндігімен анықталды. Қаншылықты
бюджеттапшылығы жоғары болса,солғұрлым несие эмиссиясының иқтималдығы үлкен
оған балама инфляциясыз көздерді кеңейтуге мән береді, ондай көздерге:
сыртқы қарыздар және үкіметтің бағалы қағаздары жатады.
Ұлттық банк 1994 жылы көкек айында мемлекеттік қысқа мерзімді
міндеттемелердің бірінші аукционын өткізгенде Қаржы министірлігі бастапқы
үш айда сату көлемін 1,5-2,3 млн теңгеден, 1994 жылы желтоқсан айында
-171,7 млн, ал 1996 жылдың маусымында-3млрд теңгеге дейін көтерді.
Дисконттық баға 1994 жылы маусымда -55,65%-дан 1996 жылдың ортасында 92,92%-
ға дейін өсті.
Аукциондық несиелер 1 айдан 3 айға, кейін 6 айға дейін берілді.
1995 жылғы қаржы нарығының жаңылығы–Банкіаралық қаржы палатасы
ұйымдастырған банкіаралық несиелерді сату болды.
1995 жылы Ұлттық банк арқылы ломбардтық негізде несие беру тәжирибесі
басталды. Аталған несиелердің көлемі үлкен емес,бұлай болуы олардың
экономикалық мәнімен байланысты. Банктер бұл несиелерді өте қажетті
жағдайларда ғана қолданады:
1995 жылы орталық несиелер бойынша банктердің қарыздары бойынша
банктердің қарыздарын қайта құру процесі басталды, бұл позитивті бағаланды,
өйткені 1993-1995 жж.берілген қарыздары бойынша айыппұлдар мен пайыздың
өсуі түріндегі қарыздардың көбеюі және жиналуы республикадағы жалпы
экономикалық жағдайда кері әсерін тигізді, соның ішінде төлем жағдайына
кері әсерін тигізді, соның ішінде төлем жағдайына және есеп айырысу
тәртібіне ықпал етті.
Ашық нарықтағы операциялар. Мұны Орталық банкпен екінші нарықта ақша
массасының көлемін реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату-сатып алу
операциялары ретінде түсінуге болады. Бұл айналыстағы, коммерциялық
банкілердің өтімділігіне және несиелік салымдардағы ақша массасын реттеудің
ең икемді әдісі. Мұның мағынасына мынадай: Орталық банкінің ақша эмиссиясын
тоқтату және банктердің несиелік экспансиясын шектеу мақсатында, нарықта
бағалы қағаздарды сатып, бұл,қағаздарды сатып алған банктердің резервтік
шоттарынан белгілі бір соманы есептеген шығару. Керісінше, ақша шығаруын
және несиелерді беруді ынталандыру үшін Орталық банк кері операциясын
жүргізеді–бағалы қағаздарды сатып алып, оның құнын банктердің резервтік
шотына аударады. Осылармен Орталық банк ашық нарықтағы (өзінің)
операцияларымен банк жүйесінде өзінің өтімділігін жоғырылату үшін жағымда
жағдайлар жасайды немесе керісінше, сонымен бірге айналыстағы ақша
массасының көлемін реттейді. Егер бағалы бойынша сатылса, онда Ұлттық банк
сатып алушыларды ынталандыру үшін және сонымен олардың несиелік
қабилеттерін төмендетуге үшін нарықтық бағамнан төмен бағаммен бекітеді.
Орталық банк бағалы қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық
банктердің минималды резервтер мөлшерін көбейтіп, клиенттермен активті
қарыздық операцияларды жүргізу мүмкіндігі кеңейеді,яғни ақшалардың қолма-
қолсыз эмиссиясы үлкейеді.Орталық банк коммерциялық банктерге бағалы
қағаздарды сатқан кезде олардың резервтегі қаражаттары азаяды,ал банктердің
несиелік ресурстары қысқарады, нәтижесінде ақша массасы азаяды.Міне, сөйтіп
Орталық банк ашық нарықта бағалы қағаздары бойынша операциялары арқылы
айналыстағы ақша массасының көлеміне,коммерциялық банктердің
резервтеріне,олардың несие қабилеттеріне әсер етеді.
Ұлттық банк ашық нарықта бағалы қағаздармен операциялар жүргізу
формасы бойынша: тікілей немесе қайтарымды болуы мүмкін. Тікілей операция
коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды қалыпты түрде сату немесе сатып
алу түрінде сипатталады. Қайтарымды операциясының мағынасына кемиді.
Орталық банкпен бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу операциясы
орындалғаннан кейін, міндетті тұрде алдын-ала белгіленген бағам бойынша
орындалған операцияға кері операция жүргізулуі керек.
Аукционды белгілі бір тәртіппен бір күнде жүргізеді, бұл Орталық
банктің бағалы қағаздардың жаңа партиясы сатып алу күні мен алдында сатып
алынған бағалы қағаздардың қайта сатылу күні сәйкес келуі үшін жасалады.
Мұның бәрін Орталық банк айтылған операция арқылы коммерциялық
банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер
Орталық банк алдында сатып алған бағалы қағаздардың қайта сату көлемі жаңа
партия көлемінен кем болса, банктердің несие ресурчтарының мөлшері
шектеледі және керісінше.
Орталық банк нарықта операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-
несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді.
1995 жылдың ортасында бастап, Ұлттық банк өзінің жеке меншік бағалы
қағаздар портфелін құрастыруы бойынша жұмыс жүргізе басталды. Осыған
орай,ол - 386,6 млн теңгені құрады, сәйкесінше айналым мерзімдері әр түрлі
қазынашылық міндеттемелерінің нарықтағы айналымында болған жалпы сомадағы
үлес 6,8% құрады.
Ақша саясатының құралы ретінде Ұлттық банкіге ашық нарықта
операцияларды пайдалануға бағалы қағаздардың жеткіліксіз портфелі жол
бермейді. Мемлекеттік бағалы қағаздарды Ұлттық банкінің сату-сатып алу
операциялары көбінесе екінші реттегі нарықты жандандыру мақсатында жүзеге
асырылады. Егер, оның даму динамикасы бойынша қарасақ,мұндай жағдай
негізінен мүмкін болады.
Ақша массасын шұғыл түрде реттеудің басты құралына ақша агрегеттары
бойынша мақсатты бағдардан шығатын, көлемі белгіленген Ұлттық банкінің
ноталарының эмиссиясы жатады.
Валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету
саясаты. Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциясы жалпы ақша
–несие саясатының шегінде жүзеге асты. Ұлттық банкінің шетел валютасын
сату, егер ақша базасының өсімі басқа факторлардың әсерінен шетел
активтеріненбасқа болатын жағдайда, 1995ж. жағдайлар, көбінесе ақша
массасының өсімін стерилизациялау және теңгенің айырбастау бағамын реттеу
мәселелерін бір уақытта шешті. Бірақ, кейбір айларда таза шетел
активтерінің өсімі Үкіметке берілген таза несиелер өсіміне қосарланды,
сонда ақша базасының өсімінің төмендеуі,Ұлттық банкінің екінші деңгейлі
банктеріне беретін несиелерінің азаюы және Ұлттық банктің ноталарын
эмиссиялау есебіне жүзеге асты. Осы кезендерде валюта бағамының саясаты
ақша массасын реттеу саясатымен қарама-қайшылықта болды. Теңгенің
айырбастау бағамын реттеуге Ұлттық банкінің қатысу дәрежесінің төмендеуі
бұл қарама-қайшылықтарды жоюға мүмкіндік беріп,бір уақытта, ақша массасына
валюталық интервенцияларының әсер ету тиімділігін төмендетті.
Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты-экономиканы төлем
құралдарымен ұздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие
жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру,
банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы-несие құралдарымен
бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді.
Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне-шаруашылық
субъектілері мен халлықа не жасаса, Ұлттық банкі де соны жасайды. Оның
клиенттері–коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер болды.
Осыдан келіп,Ұлттық банкіні банктердің банкідеп атайды. Коммерциялық
банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар
береді, сол сияқты Ұлттық банкі де банктерге және жинақ мекемелерінен
салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді.
Ұлттық (Орталық) банк банктердің банкіқызметін атқару үшін:
-коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды,
-коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттілік-теріне байланысты
қысқа мерзімді қарыздар береді;
-жалпы ұлттық ауқымда қолма-қол есеп айырысу-ларды жүзеге асырады;
-банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.
Ұлттық (Орталық) банкінің маңызды қызметі–банктердің, жинақ және т.б.
несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып
табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы және Қазақстан
Респубьликасындағы банктер және банктік қызмет туралыЗаңдарына сәйкес
барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтаулары тиіс, өйткені
жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде,коммерциялық
банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін
стратегиялық маңызы бар.
Ұлттық (Орталық) банк–коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық-
несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Шетелде орталық банктерді
соңғы сатыдағы несие беруші деп атайды. Олар–коммерциялық банктерден есеп
мөлшерлемесін ала отырып, ауқытша жетіспеген өтімді құралдарының орнын
толтыру үшін несиелер береді.Әрине, бұл несиелер, сауда
вексельдерімен,мемлекеттік бағалы қағаздарымен, немесе банктердің меншікті
қарыздық міндеттемелерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, жалпы банктік жүйені қолдау
мақсатында аукциондық негізде,ломбардық несиелерді және РЕПО операциялары
арқылы несие береді.
Аукциондық несиелерді енгізу(1993 жылдың аяғында), кезінде көп
колданатын диретктивті несиелерден айырықша несие ретінде, нақты (нарықтық)
пайыз мөлшерлемесін белгілеуге мүмкіндік береді. Астаналық және аймақтық
банктер үшін аукциондар бөлек жүргізілді. Кейіннен ауыл шаруашылығы,
энергетика сияқты бөлек салалардың қажеттіліктеріне қарай жабық аукциондар
іске асырылды. Аукциондарға Ұлттық банкінің белгілеген экономикалық
нормативтері және бұрын берілген орталықтандырылған несиелер бойынша
шарттарды орындаған банктер ғана жиберіледі. Банктерге берілетін аукциондық
несиелер-жұмыс істеп тұрған банкаралық ақшалық нарықтың пайда болуының
алдында қолданылатын ақша-несие саясатының уақытша құралы болып табылады.
Банктерге ломбардтық несие беру, тек ақша массасына бақылау міндетінен
туындайтын Ұлттық банкінің лимитімен шектеледі. Ломбардтық несиелер банктік
қызметті жүзеге асыруға лицензия алған, өз активтерінің құрылымында
мемлекеттік бағалы қағаздары және олардың кепілдігі бар барлық банктердің
резиденттерін тарта алады.
Ломбардтық несиелер бойынша мөлшерлемелер қайта қаржыландыру
мөлшерлемесінен жоғары белгіленеді, әдетте, банкі-аралық нарық
мөлшерлемесінен төмен болмайды [12].
РЕПО операциясы–екі бөлімнен тұратын қаржылық операция: бірінші
бөлімде (РЕПО ашу)Ұлттық банк бастапқы дилерге (тек арнайы лицензиясы бар
банктер бастапқы дилер бола алады) бағалы қағаздарды сатады, сонымен бір
ауқытта Ұлттық банкіге келісімінің екінші бөлімдегі (РЕПО жабу)
қатысушыларға ол бағалы қағаздарлы сатып алу міндеттемесін жүктеп, ал
бастапқы дилерге оларды РЕПО келісімі белгіленген мерзімді Ұлттық банкіге
ақша қаражаттарына айырбасу үшін қайтаруды жүктейді. Кері РЕПО
операциясының РЕПО операциясынан айырмашылығы–дилер РЕПО-ны жабу кезінде
оларды қайта сатып алады.
Бұл операция банктерге қысқа мерзімді несиелеу немесе банктердің артық
өтімді қаражаттарын алу (егер ақша массасын ретеу мәселесі қажет болған
жағдайда) үшін қолданылады.
Ұлттық (Орталық)банк банкіаралық есеп айырысу сияқты жалпыхалықтық
шаруашылықтың есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы болып
табылады. Осыған байланысты ол келесі қызметтерді атқарады:
-қолма-қолсыз және қолма-қол ақша айналымының ауқымын бақылау;
-бүкіл банктік жүйесі үшін бірінғай әдістемелік негіздегі елдің
бірінғай есеп айырысу орталығы.
-есеп айырысу,есеп жүргізу және есеп беру ережесін орнату және
үйлестіру;
Елімізде қолма-өолсыз есеп айырысудың екі ішкі жүйесі бар. Біріншісі
–коммерциялық банктер арасында тікілей есеп айырысу, екіншсі–Ұлттық
банкідегі бантктердің корреспондеттік шоттары арқылы жасалатын
орталықтандырылған есеп айырысулар.
Тұрақты байланыстары бар клиенттердің операциясы бірқалыпты
корреспонденттермен тікілей есеп айырысу үшін LORONOSTRO
орталықтандырылмаған корреспонденттік шоттары бойынша–коммерциялық банктер
өзара есеп айрысуларды жүзеге асыра алады.
Ірі және ұсақ сомалардағы төлемдер үшін пайдаланылатын гросс-есеп
айырысу жүйесі 1995жылдың 15 мамырында Алматыда енгізілді. Бұл банкаралық
клиенттік жүйенің қатысушылары: барлық банктер және
Алматы,Талдықорған,Жамбыл облыстарындағы филиалдары, Алматылық клирингтік
палатасы болып табылады.
Қатысушының кез келген уақытта корреспондеттік шоттың жағдайы туралы
ақпаратты, күнделікті шыққан барлық төлемдерді қарап алу үшін, басқа
коммерциялық банкілердің оның атына келген төлемдерді қарау үшін сұрауы да
мүмкін. Жүйенің қатысушыларына өздерінің төлемдерінің кезектілгін ретеуге
мүмкіндік беріледі. Есеп айырысу арқылы өтпеген төлемдер қатысушыға қабыл
алмаған, қамсыздандырылмаған төлемдер құны түрінде қайтарылады.
Төлем жүйенің реформасы шегінде екінші деігейлі банктер операциондық
күнді және біртұтас корреспонденттік шотты өңдеумен айналысады. Біртұтас
корреспонденттік шотқа өту екі кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде біртұтас
корреспонденттік шотқа өту облыс деңгейінеде,ал кезеңде–республика
деңгейінде өту қарастырылған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі–Үкіметтің бас банкирі,қаржы
кеңесшісі және агенті. Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы
Заңында былай жазылған:Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Үкіметтің бас
банкирі,қаржы кеңесшісі әрі агенті ретінде және басқа да мемлекет
органдарымен өзара мәмілегі келуі бойынша әрекет етеді.
Ұлттық банк барлық үкіметтік қорлардың және басқа да мемлекеттік
органдардың депозитари-банкі болып табылады. Ол органдардың шот
қаражаттардың сақтайды және операциялар жүргізед, сонай-ақ оларға қаржылық
қызмет көрсетеді. Ол үшін үкіметтік мекемелер мен ведомстволардың шотын
жүргізеді, салықтар мен басқа түсімдерді шоғырландырады және Қаржы
министірлігінің тапсырмасы бойынша төлемдерді жасайды.
Ұлттық банк бюджеттің орындалуы мен мемлекеттік қарызға қызмет
көрсетуі жағынан Үкіметтің фискальдық агенті және депозитари қызметін
атқарады. Ұлттық банк бюджеттік кассалық қызмет көрсету функциясын, барлық
меншік нысанын кәсіпорындар мен азаматтардан түскен республикалық және
жергілікті бюджет шотындағы ақша қаражаттарының есебіне жүргізу жолымен
атқарды. Бюджет кірісіне түскен ақша қаражаттарының көлімі туралы. Ұлттық
банк және оның жергілікті мекемелері Қаржы министрлігінің органдарына хабар
береді.
Қаржы министрлігі қарамағында қазыналық институттың құрылуымен
байланысты мемлекеттік бюджет пен кассалық қызмет көрсету жұмысы аталған
құрылмға беріледі.
Қаржы министрлігінің келісуімен Ұлттық банк мемлекеттік заемның бір
бөлігін құрайтын, Үкіметпен шығарлыған және кепілденген бағалы қағаздар
айналымын реттеуге қатысуға құқы бар,яғни ол мемлекеттік заемдардың нарықта
орналысқаны және эмиссиясы бойынша операциялар жасайды.
Мемлекеттік ақша-несие саясатының және қаржы жүйесі қызметінің
тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банкіге Заңға сәйкес,
келісішарт негізінде Қаржы министрлігіне, 6 айдан аспайтын мерзімге
бюджеттің ағымдағы кірістері мен шығыстары арасында жылдың ішіндегі
үзілістерді жабуға,яғни бюджет тапшылығын жабу үшін қысқа мерзімді несие
береді. Бұл несиенің мөлшері шектеулі, оған Қазақстан Республикасының
Парламенті лимит белгілейді.
Қаржы минитстрлігіне берілген әрбір несие бойынша, несие сомасы,оны
төлеу мерзімі және пайыздық мөлшерлемесі көрсетілген келесімдерге қол
қойылыу тиіс. Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген несиелік
лимит негізінде Үкіметке берілген несие сомасына Ұлттық банк Қаржы
министрлігінен бағалы қағаздарды, олар бірінші орналыстырылған кезде
(қазыналық міндеттеме)сатып алады.
Шамамен банк өзара келесімшарттар бойынша Ұлттық банк Үкіметке
мемлекеттік қарызды жабуға,ақы төлеу,қайтару,көздеген мақсатқа жұмсау
шартымен несиелер береді. Ол үкіметтік несиелердің өтелу мерзімін бақылайды
және келісімде көрсетілген мерзімде олардың пайдалануын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банк Қаржы минстрлігімен біріге отырып мемлекеттік заемдары
өтеуге, пайыз бойынша олардың мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуіне
қатысады.
Қаржы министрлігінен мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және
орналастыру жолымен қаражаттарды біршама тез жұмылдыруды қамтамасыз ету
мүмкіндігі, республикадағы бағалы қағаздар нарығының қызмет жағдайына
байланысты. Өз кезегінде Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының толығымен
қалыптасуының болашағы екі деңгейлі банк жүйесінің толық құрылуына,
жекелешендіру бағдарламасының нәтижелеріне,экономиканың түрлі сегментерінің
дамуына және басқаларға тәуелді. Бірақ, республикамызда бұл жағдайлар
жасалған жоқ және қалыптасқан бағалы қағаздар нарығы жоқ.
Ұлттық банк қаржылық және жалпы экономикалық мәселелер бойынша
Үкіметтің және басқа да мемлекеттік органдардың кеңесшісі болып табылады.
Өйткені, болашақта ақша қаржы, несие және басқа да макроэкономикалық
көрсеткіштер туралы жаппай дәл және жедел көпшілік ақпараттарды иеленетін,
ірі экономикалық, ғылыми ақпараттық орталық бола бастайды.

1.3 Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық қызметі және алтын валюталық
резервтерді басқаруы

Қазақстан Республиканың Ұлттық банкі туралы Заңға сәйкес Ұлттық
банкінің құзырлығына сыртқы экономикалық қызметтері жүзеге асыру
жүктелген.Қазақстанда және халықаралық банктік тәжирибеде қолданып жүрген
заңдарға сәйкес шетел валютасымен кез келген операцияларды Ұлттық банкінің
жүзеге асыруға құқыға бар.
Орталық банктер деңгейінде мемлекетаралық қызметті жүзеге асыру
барысында,яғни басқа елдердің орталық банктерінде және халықаралық қаржы-
несие институттарында Қазақстан Ұлттық банкісінің мүддесі
ескеріледі.Қазақстан аумағында шетелдіктердің қатысумен банктердің немесе
еншілес банктердің, сондай-ақ шетел банктерінің өкілеттіктерінің ашылуына
Ұлттық банк лицензия береді.Шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның
бағамын реттейді. Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның және бағалайлы
қағаздардың шетел валютасындағы айналым тәртібін анықтайды.
Валюталық операциялар бойынша шетел валютасымен есеп айырысуға банктік
қызмет көрсету және валюталық құндылықтармен жасалатын банктік
операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы ережелерді белгілейді, сондай-
ақ олардың қызметін бақылайды.Осындай лицензияларды пайдаланатын өкілетті
банктердің саны анықталады.
Мұндай жағдайда банктер тарапынан заңдылықты бұзған фактілер
анықталған уақытта Ұлттық банк берілген лицензияларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ақша-несие жүйесін реттеу
Қазақстан Республикасыдағы ақша.несие саясатын жүргізу ерекшеліктері
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
Ұлттық банк және оның мақсаты
Ақша - несие саясатының ресурстары
НҰР БАНКІ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
Орталық банктердің ұйымдастырудың жолдары мен операциялары
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің депозиттік операцияларын талдау
Пәндер