ҚР Ұлттық банкі Ақмола филиалының қызметін талдау


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ақша-несие механизмі
1. 1 Ұлттық Банк, оның мақсаттары мен міндеттері,
қызметінің бағыттары . . . 5
1. 2 Ақша-несие саясатының мәні мен мақсаттары . . . 5
1. 3 Ұлттық банк - ақша-несие саясатының негізгі іске асырушысы . . . 8
1. 4 Ақша - несие саясатының құралдары . . . 12
2. ҚР Ұлттық банкі Ақмола филиалының қызметін талдау
2. 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие
саясатын талдау . . . 25
2. 2 ҚР Ұлттық банкінің Ақмола филиалы қызметінің
негізгі көрсеткіштері . . . 41.
2. 3 ҚР Ұлттық банкінің Ақмола филиалының ақша-несие
саясатын жүргізуін бағалау . . . 47.
3. ҚР Ұлттық Банкінің ақша - несие саясатын жақсарту
жолдары
3. 1 Ақша-несие саясатын жоспарлау және болжау . . . 54.
3. 2 Ұлттық банктің ақша-несие саясатын жақсарту жолдары . . . 61
3. 3 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары . . . 66
Қорытынды . . . 71
Қолданылған әдебиет . . . 74
Қосымша
Кіріспе
Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банкпен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.
Банк ісі нарықтық экономиканың ең маңызды әрі динамикалық құрылымы болып табылады. Банктер ақшалай есеп айырысуды жүргізіп, экономиканы несиелеп, капиталдың қайта бөлінуінде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттырады әрі елдің қорлануына өз ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда, яғни осы заманғы жағдайда банк жүйесінің құрылымы күрделене түсті. Қаржы мекемелерінің жаңа түрлері, жаңа несие құралдары және клиентке қызмет көрсетудің жаңа әдістері пайда болып үлгерді. Пайда алуға, коммерциялық жетістікке бағдарланған, әр түрлі меншік формаларына негізделген серпінді әрі икемді несие жүйесіне өту қолға алынды.
Тұрақты әрі тиімді банк жүйесін құру - Қазақстан экономикасын реформалауда маңызды міндеттердің бірі. Ішкі банк секторының барлық қатынас жүйесін, Ұлттық банк тарапынан басқарудың және қадағалаудың сипатын, банктердің өзара қарым-қатынасын және олардың клиенттерімен арадағы қатынасын, мемлекеттік бюджетпен есеп айырысуды және тағы да басқа түбегейлі өзгерту қажет. Банкирдің психологиясын өзгерту, жан-жақты білімі бар, жаңашылдыққа бейім, тәуекелшіл банк қызметкерін тәрбиелеу - алда тұрған көп міндеттердің бірі.
Жаңа банк тетігін халықаралық іс-тәжірибеде қабылданған әрі нарықтық қаржы құрылымының тәжірибесіне сүйенетін ұтымды принциптерді несие мекемелеріне енгізу жолымен ғана құруға болады.
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік орган болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіктермен анықталады.
Ұлттық банк еліміздің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Банк ісінің осы заманғы әдістерін жақсы меңгерген банктерде банк қызметін көрсетудің жаңа технологиясын игеру, банк қызметін келешекте дамыту, банк қатерін кеміту, клиенттің несиені өтеу қабілетін және баланстың өтімділігін бағалау бойынша ұсыныстарды, шетелдік банктер мен корреспонденттік қатынасты жасау арқылы банк ісін жақсартуға болады. Бұл жағынан алғанда, халықаралық іс-тәжірибені, ақшалай ресурстарды шоғырландырудың, несиелеудің және есеп айырысудың тәсілдері мен формаларын терең оқып-білудің маңызы зор. [ 3, 236 -239 беттер]
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін нарықтық экономика аумағында жинақталған ақша - несие қарым қатынасының, банк қызметінің даму тәжірбиесін дұрыс қолдана білу керек. Ақша - несие саясатының банктік технологиялары мен әдістерін көзсіз көшіре беру ең алдымен экономикалық жағдайлардың салыстыруға келмейтіндігімен мүмкін болмайды. Біздің жағдайымызда олардың өзгерген түрінің енгізілуі жөнінде сөз болуы мүмкін емес, солай болғандықтан бөтен де болса пайдалы тәжірбиенің өзін қолдану идеясының беделін түсіреді. Міне осындай қызметтерді атқаруда банк ісінің орны ерекше болады. Сондықтан өзімнің осы дипломдық жұмысымда ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын және банк ісін қарастырдым. Дипломдық жұмысым үш тараудан тұрады:
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ақша-несие механизмі.
2. ҚР Ұлттық банкі Ақмола филиалының қызметін талдау.
3. ҚР Ұлттық банкінің Ақмола филиалы қызметін жақсарту переспективалары туралы қарастырдым, және өзіме көптеген мәліметтер жинап білімімді толықтырдым.
Мақсаты: Ұлттық Банк ісін, жалпы ақша және несие саясатын құрудың мақсаттарын ашып, банктердің жұмысының бағыт-бағдарын, клиенттермен жұмыс істеудің тиімділігін қарастыру.
Міндеті: банк ісіндегі барлық операциялардың тиімділігін саралап қарастыру, ақша-несие саясатының тиімділігінің пайдалы жолын айқындап ашу.
Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, оның ақша-несие саясатын іске асыруы.
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ақша-несие механизмі
1. 1 Ұлттық Банк, оның мақсаттары мен міндеттері, қызметінің бағыттары
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік орган болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие депозиттік қызметіне байланыстыпайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздың банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және «банктердің банкі» болды.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкіге шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банкіден несиеалады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын-валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттан, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
- оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
- акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз) ;
- Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.
АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тарады.
Негізгі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, айналым қаражаты - банкіге тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға; активтер амортизациасы, оның ішіндегі банкноттармен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады. [ 5, 281 -302 б ]
Орталық банктердің операциялары
Орталық банк өз қызметтерін банктік пассив және актив операциялары арқылы атқарады. Пассив операциясы деп банктердің өзіне ақша қаражатын тартып, банктік ресурстар құру операцияларын, ал актив операциялары деп осы қаражатты орналастыру операцияларын айтады.
Орталық банктің негізгі пассмв операцияларына: банкнота эмиссиясы, коммерциялық банктердің және мемлекеттік қазынашылықтың ақша салымын қабылдауы, банктің өз капиталын құру операциялары жатады. Көп елднрде орталық банктің ақша қорларының негізгі көзі - банкнота шығару.
Орталық банктің несиесі онда ашылған коммерциялық банктер мен мемлекеттік қазынашылықтың шоттарыныжазылуы мүмкін. Бұл жағдайда орталық банктің банкноталық эмиссиясы емес, депозитік эмиссиясы жүзеге асырслады.
Орталық банктің ақша ресурстарының келесі көзі - коммерциялық банктер мен қаржы министрлігінің ақшалай салымы. Коммерциялық банктер орталық банктегі ашылған процентсіз шотқа міндетті резервтерімен қоса өзінің кассалық қорының бір бөлігін сақталуы мүмкін. Кейбір елдерде міндетті резервтер процентсіз арнаулы шоттарда жинақталады. Орталық банк коммерциялық банктерге белгілі бір бекітілген проценттік мөлшермен мерзімдік шоттарда да ашуы мүмкін. Ал орталық банктің өз капиталының үлесі пассив операцияларының 4% - тін құрайды.
Орталық банктің актив операцияларына негізінен: есеп - несие операциялары, бағалы қағаздарға салымдары, алтын және шетел валютасымен жүргізілетін операцияларр жатады.
Есеп-несие операциялары - есептеу операциясы және мемлекет пен банктерге қысқа мерзімді қарыз беру операциялары болып екі түрге бөлінеді. Есептеу операциясы - ол орталық банктің мемлекетпен банктерден векселдерді сатып алуы. Орталық банктің коммерциялық банктерден вексельдерді сатып алуын вексельдерді қайта есептеу деп атайды, себебі коммерциялық банктердің өз клиенттерінен сатып алған векселдерін орталық банкке сатқанда, олар екінші рет сатып алынып, екінші рет есептеледі.
Қазыналық вексельдерді есептеуді көптеген өркендеген мемлекеттерде уақытша кассалық жетіспеушілікті жабу үшін мемлекеттік қысқа мерзімді несиелеу құралы ретінде қолданылады.
Орталық банк әр түрлі мақсатпен бағалы қағаздарды ақша жүмсауы мүмкін:
Біріншіден, көптеген өркендеген мемлекеттерде бюджеттің кемшілігін жабу мақсатында орталық банктің мемлекеттік облигацияларды сатып алуы үкіметті несиелендірудің басты және жалғыз формасы болып табылады. Кейбір елдерде мемлекетті тікелей несиелеу, яғни бюджеттің кемшілігін жабуға қаржыландыру үшін банктік қарыз беру жүргізілмейді. (Мысалы, АҚШ - та, Канадада, Жапонияда) немесе бірсыпыра елдерде ло заңмен шектелген (Францияда, Нидерландыда) . Орталық банктің портфелінде мемлекеттік бағалы қағаздардың, әдетте өте аз бөлігі сақталады. Мемлекетке несие беруші орталық банк емес, коммерциялық банктер және басқа қаржы - несие мекемелері, компаниялар және халық.
Екіншіден, орталық банктер мемлекеттік облигацияларды банк жүйесін, ақша массасын және ақша - несие саясатын жүргізу барысында мемлекттік облигациялардың курсын реттеу мақсатында сатып алынады. Коммерциялық банктердің Ресурстарын ұлғайту үшін орталық банктер, мысалы, репо типті операцияларды қолданады, яғни банктерден мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алумен қатар оларды белгілі бір мерзімненкейін алдын ала бекітілген бағамен сату жөнінде өзіне міндеттеме алады. [12, 145 -150 бет]
1. 2. Ақша-несие саясатының мәні мен мақсаттары
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейден тұрады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып сатуменде айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банкпен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторладың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мултипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Қазақстан Ұлтық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие бұл айналыстағы ақша жиыны, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатындағы макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банкі тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және ақшасыз жиынының жиынтығы жатады. Ол саясаттың мақсаты - ақша айналымымен несие жағдайына әсер ету арқылы шаруашылық коньюктурасын құру. Ақша - несие саясаты несиеге және ақша эмиссиясына жағдай жасауға, оларды іріктеуге жән ешектеуге бағытталады. Өндірістің дағдарысы жіне жұмыссыздықтың күшейюі жағдайында орталық банк несие беруді кеңейту және процент мөлшерін азайту арқылы өндірістің жандануына себепші болады. Керісінше экономикалық өрлеу кезінде кездесетін алыпсатушылық, бағаның өсуі, үйлесімсіздіктің өрлеуі сияқты келенсіз жағдйларды болдырмау мақсатында орталық банк несиеге шек қою, проценттік төлемді жоғарылату, төлем құралдарын шығаруды тежеуәрекетімен шұғылданады.
Ел экономикасының жағдайы ақша-несие жүйесіне тығыз байланысты. Несие институттарыныңсанына, несие ресурстары мен жүргізілетін операцияларының көлеміне қарай кез келген мемлекеттің ақша - несие жүйесінің негізгі коммерциялық банктер болып снслсды. Оған дәлел, көптеген мемлекеттерде ақша массасының 75%-дан 90%-ға дейінгісі банктік депозиттер ал тек 25 - 10%-ы Орталық банктердің банкноталары Сондықтан мемлекеттің ақша - несие аясын мемлекеттік реттеу қызметі, тек орталық банк арқылы коммерциялық банктердің операцияларының масштабы мен олардың түрлеріне ықпал жасауымен ғана табысты бола алады.
Орталық банк ақша - несие аясына ықпал ету үшін ең алдымен коммерциялық банктердің депозиттері ұлғайту немесе азайту мүмкіншілігін пайдаланады. Бірақ одан орталық банк банктердің депозиттік эмиссиясы мен несие операцияларының көлемін тікелей өзгертеді деген ұғым бар. Орталық банк міндетті резервтер жүйесі арқылы банктік несие мен депозиттерді қысқарту немесе ұлғайту реакциясын тудыруы мүмкін.
Орталық банктің ақша - несие саясатының әдістері сан алуан, олардың ең көп тарағандары төмендегідей:
Коммерциялық банктерге берілетін несиеге процентік төлем мөлшерін өзгерту, банктердің міндетті қорларының мөлшерін өзгерту, ашық нарықтағы операциялар. Бұл айтылған ақша - несиелік реттеу әдістері барлық коммерциялық банктердің операцияларына және толық қарыз капиталының нарығына әсер ететіндіктен жалпы реттеу әдісі деп аталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеттері -
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүние жүзілік экономикаға интеграциялануы ақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
- ақша- несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
- банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүддылырін қорғау.
Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары :
- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкасациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдің банк жүйесінің тәуелсіз баланысын жасау;
- ғылыми зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
- валюталық операциялардың жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т. б.
Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:
- меншікті қаражаттары;
- басқа банктермен тартылған келісім шарт негізінде Ұлттық банкігеи орналастырылған ақшалай қаражаттар;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерден тартылған қаражаттар;
- мемлекеттік арнай қорлардан және бюджеттің уақытша бос қаражаттарынан. [16, 197 - 208 бет. ]
1. 3 Ұлттық банк - ақша-несие саясатының негізгі іске асырушысы
Несие ісі - ақшалар саудасына бағытталған кәсіпкерлік қызметінің айрықша саласы болып табылады, соның негізінде несиелік операциялар жүргізіледі. Оларды әр алуан несие инстеттутары жүзеге асырады.
Несие жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі негізінде белгіленген принциптер жатыр. Экономиканың нарықтық қатынастарға өту кезінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, банктік емес инстетуттармен үйлестіре отырып, банк жүйесінің екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша - несие саясатының біртұтастығы, несиелік мекемелер желісін барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік волюталық монополия, Орталық банктің автономиясы.
Банк ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекеттің банктерінің құрылуы мен жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу ретін және ережелерін заңды бекітуінің айрықша құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық банк Қазақстан Республикасы аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктер мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізеді. Ұлттық банк рұқсат беру кезінде орындалатын банктік опреациялардың шеңберін анықтайды.
Өзара жинақтау банктері «өзара» кәсіпорындар типі бойынша ұйымдастырылған, оларды арнайы кеңес басқарады. Олар халықтың салымдарын жұмылдырады және оларды жылжымайтын мүлік пен бағалы қағаздар кепіліне инвестициялайды, сонымен бірге комерциялық және тұтынушылық ссудыны ұсынады.
Қарыз - жинақтау бірлестіктері халық жинақтарының салымдық операцияларымен айналысады және оларды жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін пайдаланады.
Еке меншік және мемлекеттік зейнетақы қорлары халықтың салымдарын тарта отырып, ірі капиталды иеленеді және оны акциялар мен облигацияларды сатып алуға салады, шағын несиелерді береді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz