Әйел киімдерінің классификация


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Қоршаған орта мен климат жағдайлары, кәсіби шаруашылық негіздері мен жалпы тұрмыстық ахуал, халықтың әдет-ғұрпы мен табиғи талғамы қазақтың ұлттық киім үлгілеріне ықпал еткен. Кемеңгер Абай «Ескілік киімі» өлеңінде ұлттық киім туралы аз жазып, саз айтқан !

Ойланып, ойға кеттім жүз жылғы өткен,

Тон қабаттап кигенім шидем шекпен.

Жиде, дамбал ақ саннан, жарғақ шалбар

Жырым балақ, матамен әдіптелген.

Мықшима аяғымда былғары етік,

Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп.

Үлкен кісі белімде жез салдырған,

Шақпағым, дәндекеуім жарқ-жұрқ етіп

Күләпәрә басымда пұшпақ тымақ,

Ішкі бауын өткізген тесік құлақ.

Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,

Артын белге қыстырған бар құрысқақ.

Қазақ киімдерінің түрі, үлгісі көп. Кейбірінің сырт көріністері мен атаулары өзбек, қырғыз ағайындарының киімдеріне ұқсас болғанымен, қазақтың киім пішіндері мен нақыштары өзгеше, таза ұлттық нұсқалы.

Қазақы киімдер етек-жеңі мол, қарапайым, жұмысқа және жүріп-тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашатын сәнді. Қазіргі өркениетті заманда ұлттық нышандарымызды айқындай түсетін ұлттық киімдеріміз егделерімізге де, жастарымызға да күнбе-күн, той-думанда киіп жүруге әбден жарасымды.

Өзімнің дипломдық жұмысымның тақырыбын «Орта жастағы қазақ әйелдерінің костюмі » деп таңдағаным - ұмыт болып бара жатқан ұллтық киімнің сәнділігін, көз тартарлықтай көркемдігін көрсете білу, жаңғырту.

  1. Қазақ халқының ұлтық киімдерінің даму тарихы.

Қазақ киімі құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығының, салқын самалы мен аңызақ желінің әсерімен қалыптасқан, бар өмірі көлік үстінде өткен. Сарыарқа мен оған іргелес жатқан ұлан-ғайыр кеңістікте көшіп-қонған малшы қауымының, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей « жер мұқылап » мал ұстап күн кешкен Сыр бойындағы, Қазақстанның оңтүстігі мен Талас-Шу атырабындағы жартылай отырықшы елдің ғасырлар бойы реттеуге көне қоймаған тұйық шаруашылығы мен қарабайыр тіршілігі қалыптастырған заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден-бір көрінісі болмағандықтан, өзінің қарапайымдылығымен, жүріп-тұруға ыңғайлылығымен ерекше.

Ал оның кешегінде халқымыздығың сезімталдығын, аса зор эстетикалық талғамын аңғартатын қарқара, мұрақ, айыр қалпақ қасаба сияқты зерлі-кестелі бас киімдердің, бұрын бір ата елдің, кіші-гірім бір рудың ортақ мұрасы ретінде, қыз ұзатып, келін түсіргенде ғана басына кигізетін, кәдесіне лағыл, жақұт, інжу, маржан, перуза, ақық секілді бағалы тастар, алтын-күміс шытырлар жаратылған сәкәгүлді, құйма төбелі сәукеле, тіптен кемер белбеу, кісе белдік, қыздар буынатын ширатпалы нәзік белдік, күмістен таптаурын кебіс, көксауыр секілді, қол өнеріндегі мүлтіксіздіктің шегінен көрінетін заттардың, алтынмен аптап, күміспен күптеген алқа, тамақша, шолпы,

2

бойтұмар, сырға, білезік, сақина-жүзіктердің болғаны әсемдікке құштарлықты көрсетеді. Мұның өзі қазақы киімнің табиғатындағы екі жақтылықты - тұрмыс қажеті мен сымбатты болу қамын аңғартатын жәйт. Өйткені заттық өндірістің өзі, сайып келгенде, халықтың сезімталдық талғамымен біте қайнасып жататын құбылыс.

Қазақтағы киімді солға қаусырынатын, шалғайына, етек-жеңіне оқа тігетін, кимешектің өңіріне, жақтауына кесте жүргізетін, сәбидің, қыз-баланың, сал-серілердің бас киіміне үкі қадайтын дәстүр о баста табиғаттан тысқары, пайымдауға сыя бермейтін сиқырлы-сұғанақ күштердің, дәлірек айтқанда, жын, перілердің «салқынын» бойына тартып, пәле-жаладан, сұқық көзден, ауру-сырқаудан сақтайды - мыс деген көне түркі-қыпшақ заманынан қалған ескі ұғымнан түған. Бірақ кейіннен бірте-бірте қазақша киінудің жөн-жобасына, киім-кешекті сәндендіру жүйесіне енген. Мұны біз қазақы шапанның, сеңсең тонның шектен тыс айқара қаусырынылатынынан, өңіржиексіз кимешектің - келіншекті, ал үкісіз тақияның қыз баланы, әсіресе оның бұрымы жоғын ұсқынысыз етіп көрсеткенінен де аңғарамыз.

Қазақы киімге қатысты зергерлік заттарға әр түрлі құстардың, жыртқыштардың, бал арасының, көбелектің, ағаштың, жер-судың, тау-тастың кескінін беретін дағдының ерте келе жатқанын және оның ежелгі сақ, үйсін тайпаларының мәдени жетістіктерін бойына сіңірген «Қарғалы қоймасындағы» аты шулы тәтіге, Эрмитажда сақталған батыр дулығасындағы

3

тау, ағаш, құс суреттеріне, ондағы көне шапан кестесіне, тағы да басқа белгілі ескерткіштерге меңзейтін Қазақстанның мұражай қорындағы кісе белбеу оқшантайларынан, қапсырмалардан, бойтұмарлардан нәзік белдіктен көруге болады

Халықтың ою-өрнек әшекеінің ең бір көп кездесетін ұлттық киімдер. Сондықтан қазақ өрнек әшекейлерін зерттеушілер

С. Дудин, Е. Шнейдер, Р. Карутц тағы басқалары қазақ халқының киім үлгілері мен оны әшекейленген өрнек мәнеріне үлкен мән берген. Қазақ киімдерінің түрлерін жинау, үлгі өрнек мәнерлерін ғылыми тұрғыдан зерттеу Ұлы Октябрь революциясы жеңісінен кейін, қазақ халқының өз алдына мемлекет құрған совет дәуірінде ғана кеңінен өріс алып отыр. 1

1922-1926 жылдары қазақ республикасының астанасы болған Орынбордың мұражайы жер-жерлерге өкілдер жіберіп, қазақ киімдерінің түрлерін, үлгілерін жинай бастады. Бұл істе мұражайдың ғылыми қызметкерлері А. Четыркин мен А. Мелков орасан үлкен еңбек сіңірді. Олар неше түрлі жол азаптарын көре жүріп, Ақтөбе, Торғай, Семей, Павлодар аймақтарының көп жерлерін аралап мықты, көптеген ұлт киімдері мен өрнектердің, алтын-күміс әшекейлердің экспонаттарын жинады, орташа, дәулетті қазақтардың 7 түрлі болатынын жазды. Атап айтқанда, әр адамда көйлек, дамбал, шалбар,, қамзол не бешпет, шапан (ішік), күпі (тон), бас киім, аяқ киім болатынын анықтап,

4

зерттеушілер әр облыстағы әр түрлі үлгі-түрлерін, атауларын қағаз бетіне түсірді. 2

Қазақ киімдерінің ұлттық түрлерін жинап, оның әр алуан әсем үлгілерін жасауда советтік дәуірде өркен жайған қазақ театрлары мен көркемөнерпаздар ұжымдары үлкен еңбек сіңірді. Мысалы, қазақтың Абай атындағы Ленин ордені мемлекеттік опера және балет театры, М. Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының коллективтері көптеген игі жұмыстар істеді. Олар «Қыз-Жібек», «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қобыланды батыр» сияқты тарихи эпостықдүниелерді сахнаға

шығарумен бірге қазақ киімдерінің неше алуан әшекейлі түрлерін де қалпына келтірді. Бұл ұжымдардың өнерпаздары, әрине соның барлығын

өз жандарынан шығарған жоқ, олар ізденді, тпты, көрді, архив пен мұражай қазыналарының деректеріне сүйенді.

1930 жылдар Қазақ ССР Орталық мұражайының қызметкерлері Ә. Омаров пен В. Куж бірлесіп Алматы қаласынан және Еңбекшіқазақ ауданынан қазақтың ұлттық киімдерін жинады. Бұл жылдары Қазақстан суретшісі Е. Клодт қазақ киімдерінің, киімшең тұрған қазақтардың бейнелерін суретке түсірді. Сол сияқты қазақ киімдерінің түрлері мен атаулары, үй жиһазы мен өрнек-әшекейлері туралы республикамыздың әйгілі ғалымы академик Ә. Марғұлан мен архитектура ғылымының кандидаты Т. Бәсенов, Ә. Масанов, Х. Арғынбаев жолдастардың еңбектерін баса айтуға болады.

5

  1. Қазақ ұлттық киімдерінің түрлері

Қазақтың ұлт киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады. Мысалы, арғын тымақ, найман тымақ, қыпшақ тымақ, адай бөрік, қызай бөрік, ноғай бөрік тағы сол сияқты. Кейде географиялық мекен атына қарай да ерекше мәнер үлгіге бөлінеді - қоңырат үлгісі, жетісу үлгісі, арқаның үлгісі және тағы басқа. Мұндай бөлініп атау киімдерінің кеңдігі, ықшамдылығы, бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерлерінің ерекшеліктеріне қарай да ажыратылады. Мысалға, шапан үлгісі. Ұлы жүздің шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, ашық жағалы келеді. Оңтүстік елі өзбек, тәжік, ұйғыр халықтарымен көршілес, көпшілік кәсібі бақ өсіріп, егін салу болғандықтан бұлардыңкиім үлгісінен тігілу мәнеріне осы жағдайлардың ықпал еткенін көреміз.

Орта жүздің шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ ойма немесе түймелі болып келеді. Өйткені орта жүз қалаға жақын, орыс, татар халықтарымен аралас-құралас отырады.

Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып келеді.

Осындай ара-тұра айырмашылықтары бола тұра, солардың бәріне бірдей ортақ, ұлттық мәнер мен қазақша атаулары бар. Үш жүздің қайсысында болса да шапанға шабу қояды және оны барлық жерде шабу деп атайды. Жеңтүптері кең келеді де, оны жеңтүп, ойынды, қолтырмаш деп атайды. Үш жүздің қайсысы болса да шалбарға ау қояды, қолтыққа қолтырмаш салады. Ертеден қалаған киімдердің үлгі нұсқаларына қарағанда, киімді адам денесіне шақ етіп тігу берірікте, орыс халқымен аралас, қаламен қатынас көбейе түскен кезде қалыптаса бастаған сияқты. Қазақ киімдерінің ең ықшамды кішірек түрлері орта жүз бен ұлы жүзде, ал ең мол үлкен үлгілері кіші жүз жақтан кездеседі.

6

Бір сөзбен айтқанда, етегін төсек, жеңін жастық етіп жүретін - жорықшылық, шидем, тон, шапан қабаттап киінетін - мал бағушылық, етек-жеңін түрініп, ықшам киінетін -диқаншылық тағы басқа тұрмыстық жағдайлар киімдердің түрлеріне зор ықпал жасап отырған.

Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, бір киер делініп төрт топқа бөлінеді. Іштік киімдерге - көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәдекей, сырттық киімдерге - шапан, күпі, тон, шидем, сулық киімдерге - шекпен, қаптал, шапан, кебенек, кенек, сырттық жатады. Қазақстанның Орталық

аймақтарында тон, ішік, тайжақы сияқты тері киімдерді өң киімдер деп атайды. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той - думандарға, жиын-топтарға бароғанда, жат елге сапар шеккенде киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақтың «таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы» дейтін мәтелі де осыны аңғартады. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдерінің ең жақсы көрнектісін киетін.

Халық арасында белгілі бір топтар үйде де, түзде де, күнделікті тұрмыста да ұдайы жақсы киініп жүрген. Олар бойжеткендер, бозбалалар, салдар, ән-күй, күрес өнерпаздары еді. Сол сияқты келіншектер де тұнғышын тапқанша өте сәнді киініп жүрген. Кестелі, зерлі, жалтырауық киімдерді қадырлы қарттардың да үнемі киіп жүруі ел рәсіміне тән сыимды салт деп саналған. 3

Еркек киімдерінің ең қымбаттыс - аң терісінен істелген ішіктер. Олар аң түрлерінің атына сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінген. Аң терісінен тігілген ішіктердің сыртын шұға, мауыт, үштоп барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы торғын, ләмбек сияқты бағалы да ширақы маталармен тыстаған. Кейде осы материалдарды бірнеше түсті жібек жіптермен кестелеп, сумоншақ, маржан тізген жіптер бастырып, етек-жеңіне алтын, күміс зер ұстап, кейде бөлек тігілген кестелермен сыртынан қаптап киген. Ішіктеркейде әдіпті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып келген.

7

Шапан көбінесе жүн тартылып бидайланып тысталған. Кей жерде шапанды әуелі астар мен бидайын қабып алып, тысты соның үстіне бос жабу арқылы тыстаса, кей жерлерде тура тыстың үстінен қабыған, кейде сыритын болған. Мұндай шапанды «сырмалы шапан» деп атаған. Шапандар көбінесе

қайырма жағалы, кейде тік жағалы бешпент түрінде кездеснді. Қайырма жаға шапанның бір түймесі, тік жағалы бешпент шапанның екі түймесі бар.

Қазақ шапандары үш бой, екі жең болып және жағасын ойып шығарып пішіледі. Үш бойдың алдыңғы екі бойын «алдыңғы өңірі» деп, артын «»артқы бой деп атйды. Арт бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңірге қусырыларда оның екі жақ етегіне бел мықынға жеткенше екі үшкіл қойма қойылады. Оның етек жағы енді, бел жағы енсіз келеді. Мұны «шабу» деп атайды. Шабу шапанның шалғайын молайту үшін қойылады. Шапан жеңінің екі беті бірақ қиылады. Орта жүзде шапанның жағасы мен жеңінің ұшы әдетте басқа түсті барқыт, шұға тәрізді тәуір матадан салынады, оңтүстікте жаға, жең тұтас бой матаның өзінен ( басқа түсті матадан емес) салынып кестеленеді не әшекекйленіп сырылады.

Қазақ мәнерінде кейде арасына жүн тартпаған жеңіл, жадағай шапандар да кездеседі. Мұндай шапанның тысы астарына қабусыз бос тұрады. Ал ішіктер көбінесе аң терісінен, қой, қозы, ешкі, бота терілерінен құрастырып істеледі. Бұлародың да бөлшектері мен пішілу түрлері, бой атаулары шапанға ұқсайды. Ішіктер көбінесе асыл және түсті матамен тысталады. Бірөңкей түсті мата болғанда оны әр түсті жібек жіппен кестелейді, зерлейді. Ішіктердің әдібін сыртынан келтіреді, кейде әдіп аң терісінен жұрындалады.

Қазақстанның оңтүстік аймағында шапанның да, ішіктің де ойық етек түрлері кездеседі. Ондай ойық кейде тура арт бойдың етегінен, кейде екі жақ шабудың үстінен жасалады да айналасы жұрындалып, кестеленіп, әдемі оюлармен әшекейленеді.

Тон кңөбінесе иленген күздік терілерінен тігіледі. Орта денелі адамдарға 11-12 қойдың терісінен тон шығады. Олардың шап терілері мен пұшпақ терілері, таңлықтары, мойын терілері бөлек алынады, яғни олар тон тігісіне пайдаланылмайды.

8

Тондардың жүндері ішіне қарайды, ет жағы қынамен, қабықпен, томар бояумен боялады. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе

шалып тігіп кестелейді. Кейде сыртына тыстық жапсырып қаптама тон да тігеді. Қаптама тондардың тыстарын әр түсті жіппен кестелеп, елтірі, сеңсең, аң терілерінен қайырма жаға жасап, етек-жеңіне жұрын ұстайды.

«Қазақта салтанатты киім мен күнделікті киім-кешектің пішімінде айырмашылық бола бермейді. »4 Салтанаттық киімнің бітімі сыпайылау, тігісі жатық, зерлі оқалы, кестелі, басына киетіндері көтеріңкі, аяқ киімдері шоңқима, биік өкшелі, қақы тұмсықты, таптаурынданған, түрлі-түсті қайыспен, таспамен өрнектелген, зерлі жіптермен кестеленген болып келеді. Оның үстіне салтанаттық киім-кешекте алтын, күміс жалатқан, жалған қаралы, қиыршықты, ширатпалы қапсырма, белдік, алқа, шолпы, сақина-білезік болған.

Күнделікті киімге шекпен тоқымасы, қолда бар мата, бөз, кенеп, шыт, сәтен, сеңсең терісі, қолдан ұқсатылған тері-терсек, көн секілді қарапайым материалдар жаратылса, салтанаттық киім-кешекке барқыт, масаты, мәуіті, шұға, жібек, қырмызы, бәтес, мақпал кездемелері, кәмшат, сусар, бұлғын, құндыз терілері, бұлан немесе бұғы күдерісі, жылқы шегірені пайдалпнылған.

Халық шеберлері киім тіккенде іс тапырушының талғамын, жас ерекшелігін, дене бітімін, бет әлпетін мұқият ескерген. Киім-кешекті әр жерде мүмкіншілігіне қарай өзінше тіккенімен бүкіл қазаққа тән түр ұқсастығын, пішімін, бояу-нақышын сақтап, әсіресе оның қыздар, әйелдер, кейуаналар киетіндерінажырата білген. Мысалға алсақ, қыздар белі қымтылған, етек-жеңіне желбезек салған қос етекті көйлек, оқалы қамзол киіп, беліне металл шытырлармен безендірілген немесе ширатпалы күміс белдік буынады екен. Ал қайсыбір жерлерде етек-жеңіне екі-үш қатар бүктесін (оны Маңғыстау мен Атырауда қосетек деп те атайды) берген, арқасы немесе белі бүрілген көйлек сыртына қамзол киетін болған. Қазақтанның оңтүстігінде осындай көйлетің үстіне белдемше қаусырынады немесе шалғы орайды екен.

9

Балалы әйелдер мен кейуаналар астарланған, тік жағалы жөн көйлектің үстіне қамзол, басына жаулық ораған кимешек, аяғына етік немесе кебіс-мәсі киіп, сырт киімнің қаусырмасын айқара, белмеумен буынатын болған.

Қазақтағы еркек киімі әйелдікке қарағанда біркелкілеу. Тіптен жейдені (көйлек-дамбал), қаптал шапанды, түйе жүн шекпенді, сеңсең тонды барлық жерде бірдей киген. Ал жалпыға тән еркек киім-кешегінде көйлек-дамбалдан басқа бешпент, көкірекше, шапан, шалбар(кей жерлерде оны сым деп те атайды), сондай-ақ бөрік, қалпақ, тақия секілді бас киімдер, көксауыр, саптама етік, кебіс-мәсі болған. «Осындай еркек киімі ғасырларды артқа салып бізге жеткенімен, оның құрамында, пішімінде, тігісінде уақыт талабына сай әртүрлі ұрпақ енгізген сапалы өзгерістер болып келгенгі хақ». 5

Әсіресе жігітттің киімі әсемділігімен көз тартатын болған. Ол ойық немесе тік жағалы жібек көйлектің, жүріп-тұруына ыңғайлы болуы үшін ауына үшкіл салғанымен, балағын көксауыр етіктің қонышына тығатындықтан, дене бітімін сымбатты етіп көрсететін шалбардың үстінен тұрпатына мығым қонатын күдері, барқыт немесе мәуіті бешпет, басына зерлі тақия, мұрақ, пұшпақ бөрік киіп, иығына түйе жүн шекпен немесе шапан жамылады екен.

Бешпет, шалбар көбіне көгілдір, қоңыр, шымқай күрең мәуіті, барқыт, бедерлі жібек маталардан тігілген. Бешпеттің қаусырмасы, етек-жеңі жіңішке зерлі жолақпен, тоқыма ызбалармен жиектелетін. Әсіресе нәубетатты өрнектермен кестеленген күдері бешпет пен жарғақ шалбар жоғары бағаланған.

Үйлі-жайлы болып, егде тарта бастаған еркектің киім-кешегі әдетте жігіттің киіміне тән элементтерден тұрғанымен, пішімі молдау, шалбары кеңдеу болып тігілетін.

Қарттардың киімі мейлінше қарапайым, көбіне көктеп тігілетін және әшекейсіз болған. Оларға арнап қалыптасқан дәстүр бойынша жейде, жырым балақты шалбар, арасына түйе жүн салып сырылатын көкірекше, бешпет, шекпен, шапан тігілетін. Ауқатты қарттар, әсіресе олардың ішіндегі аңшылықпен айналысқандары көкірекшенің үстіне күдері

10

бешпет, жарғақ тон, жарғақ шалбар киіп, сыртынан кісе белбеумен қаусырынатын болған.

Еркек қыс кезінде күпі, сеңсең тон, түлкі немесе қасқыр терісінен тігілген қаптал ішік, аяғына киіз байпақты саптама

етік, басына тымақ, малақай киген. Бұлардың ішінде әсіресе түйе жүнне бастырылып, шұғамен тысталатын күпі малшы киімінің

ертеден келе жатқан үлгілерінің бірі болған. 20-жылдарда Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтың тұрмысын палеоэнтологиялық тұрғыдан зерттеген С. Руденко күпіні қазаққа және оның ата-бабасына кем дегенде осыдан екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі деп есептелген. 6

Шұғамен немесе барқытпен тысталған пұшпақ ішік те қазақ қоғамында жоғары бағаланған. Аса сәнді ішіктің қаусырмасы мен шалғайы кәмшат немесе сусар терілерімен көмкерілген.

Сырт киімнің көне түрлерінің бірі кебенек (Жетісуда - кебентай) болып табылады, Оны асқан ұқыптылықпен шаршылап, қылшығын сыртына шығара басқан жұқа киізден ақ, қара немесе қоңыр түсті етіп, атқа отыруға ыңғайлы болу үшін артында жарма қалдырып, шалбарымен қоса пішетін. Шапанға ұқсас болғанымен, тік немесе күләпара іспетті жағасы бар кебенекті жылқышылар үускірік аяз бен ызғырық желден, жаңбыр мен қардан сақтану үшін қысқы киімнің сыртынан киген. Қазақтың «Кебенек киген келер, кебін киген келмес» дейтіні де осыған байланысты.

Қаусыра киілетін сырт киім түймеге бекітілмегендіктен, білдік оның негізгі элементтерінен саналған. Соның бірі - кісе белбеу. Оның кәдімгі белдіктен айырмашылығы - бұрынғы аңшылардың садақ жебесін салатын қорабы, оқ-дәрі салатын оқшантайлары іспетті салпыншақтарының, мығым бекітілген қынының болатынымен байланысты. Кісе металл шытырларымен безендірілген.

Еркектер көбінесе оң мен солға ажыратылмайтын етік киген. Бұл - үнемі бір аяқтан екінші аяққа ауыстырып, ұзағырақ киюдің қамынан туған жағдай. Ал оңға-солға ажыратылатын аяқ киім қазаққа тек соңғы кездерде ғана, онда да европалық аяқ киім ықпалымен тарала бастаған.

Қойшы-қолаң, кедей қазақ қарапайым етік, шоқай, ал шөгінді, қиыршық тасты-таулы жерлерде етіктің сыртынан

11

табаны мен өкшесі мұқалмас үшін шикі қайыстан тігілген шарық киетін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киімнің негізгі қызметтері
Қазақтың ұлттық киімдері жайында материал
Қазақ халқы ұлттық киімдері
АҚ КӨГЕРШІН СӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ КӨРКЕМДІК МОДЕЛЬДЕРІН АНЫҚТАУ
Қазақтың ұлттық киімдері туралы мәлімет
Қазақ халқының ұлттық киімдері - киім үлгілері
Әйел киімдері
Ересектерге арналған киімдер
Қазақ костюм тарихы
Қазақтың ұлттық киімдері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz