Ұлттық шешендік өнердің қалыптасуы мен дамуына би- шешендердің қосқан үлесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Көкше» академиясы

Хажат А.

Ұлттық шешендік өнердің қалыптасуы мен дамуы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050117- мамандығы - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Көкшетау, 2011

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Көкше» академиясы

«Қорғауға жіберілді

кафедра

меңгерушісі А. Е. Абдрахманова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Ұлттық шешендік өнердің қалыптасуы мен дамуына би-шешендердің қосқан үлесі»

050117- мамандығы бойынша - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Орындаған А. Хажат

Ғылыми жетекшісі

филол. ғ. к. А. Т. Қажыбай

Көкшетау, 2011

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

І ҰЛТТЫҚ ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ АРҒЫ БАСТАУЛАРЫ 6

1. 1 Шешендік өнер жайлы ой-пікірлер, зерттеулер, шешен сөйлеудің алғышарттары6

1. 2 Ұлттық шешендік өнердің қалыптасуы мен дамуы 16

ІІ ҰЛТТЫҚ ШЕШЕНДІК ӨНЕР ДАМУЫНА ЖЫРАУЛАР МЕН БИ-ШЕШЕНДЕРДІҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ 22

2. 1 Қазақ жыраулары мен билері - шешендік өнердің ұйытқысы22

2. 2 Би-шешендердің сөз саптау үлгілері және «Көшпенділер трилогиясындағы шешендік үлгілері31

2. 3. Билер дауындағы әділдік шешімдер және Абайдың билік нұсқалары42

ҚОРЫТЫНДЫ 57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР58

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.

Қазақ фольклорының бір саласы болып табылатын ұлттық шешендік өнері өзінің бастауын ежелгі дәуірден алады. Аталған жанр өзіндік қалыптасу жолына ие және осы тақырып бойынша біршама ғалымдарымыз өткен ғасырларда зерттеу жұмыстарын жүргізгендігі бізге айқын. Ұлттық шешендік өнері қазіргі күні көмескіленіп, адамдар арасындағы суырыпсалмалық, аз сөзбен көп нәрсені түйіп айту, немесе азаматтық, қылмыстық құқықтар барысында үнемі қолданыс таба бермейтіндігін білеміз. Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық шешендік өнерді диплом жұмысының нысанасына айналдыра отырып, оның дамуына үлес қосқан тұлғаларды таныту - жұмыстың өзектілігі болып табылады.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері.

Қазақ ұлттық шешендік өнері - ақындықпен, тапқыр әзілкештікпен, салиқалы пікір айтушылықпен астасып жатады. Осы айтылғандардың басын қосқан, ұлттық шешендік өнері және оның теориялық алғышарттарын, ұлттық шешендік өнерді дамытуға үлес қосқан ұлы тұлғалар еңбегін қарастыру - зерттеудің басты мақсаты болып табылады.

Айқындалып, алға қойылған бұл мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу қажет

- ұлттық шешендік өнердің қайнар көздеріне шолу жасау;

  • шешендік өнерінің ерекшеліктеріне тоқталу;
  • ұлтық шешендік өнерін дамытушы тұлғалар еңбегін қарастыру;
  • сөзь саптау үлгілерін келтіру және т. б. блып табылады.

Зерттеудің нысаны:

Қазақ ұлттық шешендік өнері диплом жұмысының зерттеу нысаны ретінде алынды.

Зерттеудің пәні

Фольклористика саласының бір саласы болып табылатын қазақ фольклористикасы - жұмыстың зерттеу нысаны ретінде алынып отыр.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы

Ұлттық шешендік өнердің дамуына үлес қосқан белгілі билер мен шешендердің еңбегін қарастырып, олар жайындағы еңбектерді топтастыра отырып, дипломдық жұмыс жазылуы - ғылыми жаңашылдық болып табылады.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері:

Зерттеу барысында материалды көптеген әдістер мен тәсілдер қолданылды: анализ-синтез, индукция-дедукция, жинақтау, даралау және т. б. қолданылды.

Зерттеудің құрылымы:

Дипломдық жұмыс 60 беттен, мұның ішінде кіріспеден, екі тараудан, әр тарау екі тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда ұлттық шешендік өнердің қалыптасуы туралы айтылса, екінші тарауда ұлттық шешендік өнері дамуына би-шешендердің қосқан үлесі туралы жан-жақты зерттеліп көрсетілген.

Диплом жұмысы қорытынды арқылы бекітілген. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

І ҰЛТТЫҚ ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ АРҒЫ БАСТАУЛАРЫ

Ұлттық шешендік үлгілері ХІХ ғасырдан бері зерттеліп, жинақталып, жарыққа шығарылып келгенімен, оны жинақтап, толықтай зерттеу әлі де бір ізге түсіп кетті деп айта алмаймыз. Бұл тұрғыда сонау Шоқан Уәлиханов пен Мұса Шормановтардан басталған шешендік өне асылдарын жинақтау үрдісі ХХ ғасырда өзіндік өрнегін тапқаны белгілі.

Қазақ әдебиетінің асыл үлгілері - жыр жауһарлары мен шешендік сөздер республиканың кез келген өңірінен табылатыны рас. Олардың біразы оқулықтар мен хрестоматияларға кіріп, антологияларда басылып, әдебиетіміздің қымбат қазынасына қосылып, жүздеген зерттеу еңбектер жарық көрді. Алайда, асылдың бәрі жиналды, маржанның бәрі терілді деп айта алмаймыз. Ел арасында сақталған, қағазға түссе де, баспа бетін көрмеген, ауызекі айтылып жүрген туындылар жеткілікті.

1. 1. Шешендік өнер жайлы ой-пікірлер, зерттеулер

Халқымыз сөз қадірін білетін, жөн сөзге тоқтаған жетелі халықтардың бірі. Қазақ арасында жүйелі сөздің жібін ширатқан сөз майталмандары арамызда қазір де бар. Халқымыздың «сөйлесе тілдің шешені» атанған бүгінгі Ә. Кекілбай, Қ. Мырза-Әлі сынды ұтқыр ойлы ділмарларымыздың қанында кешегі өткен билердің гендік мұрасы жатқаны анық. Біз дипломдық жұмысымызда шешендік өнер жайлы жазылған зерттеу еңбектер мен ертеде өткен билер институтының жағымды қырларына, олардың сөз саптасына, тапқырлығына, олар туралы сын-пікірлерге баса назар аударуды мақсат еттік.

Қазақтың сайын даласы қашаннан от ауызды, орақ тілді ақындар мен шешендерге кенде болмаған. "Ылдидан шапса, төске озған, ертемен шапса, кешке озған". таңдайынан бал тамған шешендер қазақта қара сөзге дес бермесе, қара қылды қақ жарған билер жесір дауын, жер дауын, ерегескен ер дауын бір-ақ ауыз сөзбен бітіріп отырған. Елге қорған, жетім-жесірге пана болған, үлкенге іні, кішіге аға болған, қамқа тонға жаға болған осындай асылдар республиканың кез келген өңірінде аз емес. Маржан сөздері не бізге жетпей, не қағазға түспей кеткендері қаншама?!

Қазақ жұрты жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, табан астында суырып салып ұтқыр да бұлтартпас дәлелге толы шешімдеріне қашан да сөзге тоқтаған халқымыз басын иіп келген. Бұған қазақ халқының өзі де ақын болып туғандығы әсер етсе керек. «Түйеге мінгеннің төрт ауыз, атқа мінгеннің алты ауыз өлеңі бар» дегендей, қазақ халқында төрт ауыз өлең айтпайтын адам кемде-кем екені белгілі. Билер мен шешендердің саяси мәртебесі қазақ қоғамының тұрмыс-тіршілігінен көрнекті орын алады. Абай мен Шоқанның сұлтан сайлауына түсуі сол дәуірдің саяси шындығын бейнелесе керек. Шоқан "шешен" деген сөз кемеңгер, парасатты, ақылды деген ұғымды білдіреді деп жазса, Абай ғұмырнамасын терең зерттеген А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Әуезов оған "сөзге жүйрік, шешен" деген баға береді. [1, 25],

Ақындар секілді билер мен шешендер де елге ерекше сыйлы, аса беделді адамдар. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, билерге деген ілтипат айырықша болған және олар өмірде сирек кездесетін дарынды тұлғалар есебінде бағаланған. Мәселен ақындарды қанша құрмет тұтса да, "қазақта екінің бірі ақын" деген сөз бар. Ал билер туралы: "Батыр деген барақ ит, екі долы қатынның бірі табады, би дегенің бір бұлақ, қатынның ілуде бірі табады", - дейді. Немесе: "не қадірлі биің болсын, не би түсетін үйің болсын" [2, 28], - дейді. Яғни, билерді қабылдап, күте алатын үйдің өзі қадірлі дегенді меңзейді.

Ақындар, шешендер мен билер өнері көне түркі халықтарының көпшілігінде ұқсас. Яғни, бір бастаудан бас алған. Башқұрт ғалымы Б. Хұсайынов: " Жырау - түркі халықтарының көне сөз шебері. Жырау сөзі Махмұт Қашқари сөздігінде кездеседі. Академик В. Радлов бұл сөзді көненің жыршысы деп аударады. В. Жирмунский, М. Әуезов, С. Мұқанов, Н. Давкараев, И. Сағитов, Ш. Суюншалиев, К. Мәмбетов "жырау" суырып салма ақын, дастандар, өлеңдер мен толғаулардың авторы әрі орындаушысы деген анықтама береді" [ 2, 59], - дей келіп, шешендер жыраулар орнын басқанын, олар ақын, философ, тарихшы және кемеңгер ақсақалдар болғанын айтады.

Башқұрт халқында "Шешен сөзі - халық сөзі", "Батыр жауда, шешен дауда танылады", "Шешен - елдің лебізі" секілді қанатты сөздер бар. Жалпы алғанда, қазақ тіліндегі "шешен" сөзінің түп-төркіні де "шешу" екені белгілі. Яғни, әуел баста шешендер белгілі бір даудың түйінін шешкен, кесім кескен. "Би" сөзі болса елді билеген деген ұғымды білдірген. Кейін барып билер қазылық роль атқарса, қызыл сөзде ешкімге дес бермеген ділмарларды халық шешен деп атай бастаған. [3, 28],

Шешендік өнер XIX ғасырда қазақ қоғамында жаңаша мәнге ие болғандықтан ерекше қарқынмен дамиды. Ал ақындық өнер осы шешендік өнер қасиеттерін бойына сіңіре отырса да, XIX ғасырда қазақ даласына тереңдеп енген ислам дінінің қарсылығына ұшырайды. Мәселен, мұсылманшылдықты насихаттауға үлкен үлес қосқан Құнанбай қажының: ''Құдайға шүкір, тұқымымызда ақын-бақсы болған жоқ" деуі ақындардың билеуші топтан да қолдау таппағанын көрсетеді. Тек байларды мақтап,

"қолайына жаққан" сарай ақындарының ғана солардың шашбауын көтерушілер арасында мерейі үстем болған. Оның есесіне оларды қарапайым халық көзге ілмеген.

Сонымен қоса, билердің атының өзі айтып тұрғандай, ел билеуге қазақ қоғамында үлкен рөлі болғандығын байқаймыз. ХҮІІІ ғасырда Жоңғар шапқыншылығы кезеңінде Ұлы жүздің билігі шын мәнінде Төле бидің қолында болғандығына тарих куә.

Мәдениеттанушы Ө. Жәнібеков: "Өз билігін нығайту жолындағы күресте хандар жүздердің аға билеріне арқа сүйеген. Жергілікті билеп-төстеушілерді әлсіретуге тырысқан Абылай ханның тұсында ішкі, сондай-ақ сыртқы саясатқа да ханның аймақтық басқарушыларының - аға билерінің ықпалы зор болған. Ұлы жүздің аға биі Төле Әлібекұлы/1663-1756/, Орта жүзден шыққан Қазыбек Келдібекұлы /1665-1765/, Кіші жүзден танылған Әйтеке /Айтық/ Байбекұлы / ХҮП ғасырдың аяғы-ХҮШ ғасырдың ортасы/. сол кездегі Қазақстанның аса дарынды мемлекет қайраткерлері болған. Қазыбек Келдібекұлын алсақ, ол тек ханның Орта жүзді басқарушы аға биі болып қана қоймай, өз заманының асқан ірі дипломаты болған адам" [4, 28] - деп атап көрсетеді.

Халқымыздың көркем сөз өнерінің даму жолы ұзақ та күрделі болды. Бірде жырау, бірде ақын аталып келген жеке өнер иесінің ауыз әдебиетінен бөлініп шығу процесі бірнеше ғасырға созылды. Алғашқы ақын-жыраулар ХІҮ-ХҮ ғасырлардан бастап көрінсе де, олар ұзақ уақыт бойы ауыз әдебиеті аясында еңбектеніп, өз туындыларын сол арнада жасады, көбінесе үлкен бір оқиғалар мен тарихи адамдар төңірегінде толғанудан әрі бара алмады. Соның нәтижесінде көркемдік қуаты өзгеше күшті, ескірмес, өшпес сөз туғызған немесе сөз өнерімен бірге ірі қимыл-әрекетімен халық жадында сақталған бірен-саранынан басқасы сол алыс заманның өзінде ұмыт болып, азды-көпті шығармалары ауыз әдебиеті сияқты телегей теңіз дүниеге сіңіп кетіп отырды.

"XIX ғасырдағы қазақ ақындары" кітабында Ә. Дербісалин жазған алғы сөзде: "ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың алғашқы тұсынан бастап қазақ поэзиясында қоғамдық тұрмысты, оның көзге ашық көрініп тұрған кемшіліктері мен қайшылықтарын, адам мінезіндегі артық-кем сипаттар мен олардың арасындағы теңсіздік, әділетсіздік жайларын суреттеуге нақты бетбұрыс жасалды. Поэзияның бұл дәуірде шарықтап өскені соншалық, Атырау, Орал, Ойыл, Сыр, Тобыл, Есіл, Нұра, Ертіс, Жетісу бойы, Қаратау, Ұлытау, Алатау, Көкшетау, Тарбағатай, Шыңғыс баурайынан және тағы басқа жерлерден көрінген белгілі ақындардың, өзі ондап саналады. Олар әр алуан ақындық өнер, шеберлік мектебін жасады, Осы таланты мен дүниетанымы әр дәрежедегі ақындардың тұтас еңбегі поэзияны өнер биігіне қарай көтере, есейте түсті. Оның көркемдік сапасын жаңа сатыға жеткізді, шын мәніндегі жазба әдебиет туып, дамыды. Осының бәрі әдебиеттің қоғамдық орны мен ролін, салмағы мен қуатын әрдайым арттырып отырды" [5, 6 ], - деген ой айтылады.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін республиканың көптеген өңірлерінде шаң басып, ұмыт қалған, зерттеушілердің назарына мүлде ілінбей қалған әдеби мұраларымыз анықталып жатыр.

Бүгінгі күні билер институты кешегі патшалық отарлау мен қызыл империяның бұғауында өзінің барлық ықпалы мен пайдалы әсерінен айрылып қалғандықтан қазақ қоғамына ешқандай рөлі жоқ дегенімізбен, қазақ рухы өлмеген кейбір өлкелерде ақсақалдар билігіне бас ию әлі де сақталған.

Сонымен бірге кейінгі кезде мемлекетіміздің сот жүйесінде Алқа билер кеңесі құрылу үстінде. Еліміз егемендік алып өткенді жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды тірілте бастаған заманда билер тағылымы мен шешендік үрдістердің қайтадан күш алары анық деп білеміз

Билер сөзі, яғни халқымыздың ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы мектеп бағдарламасында оқытылып

Билер мен шешендер және ақындар шығармаларындағы ұқсастық мен сәйкестік жетіп артылады. Филология ғылымдарының докторы Б. Уахатовтың құрастыруымен жарық көрген "Қазақ фольклорының типологиясы" жинағында: "Фольклордағы ұқсастық пен сәйкестіктің өзі типологиялық, генетикалық және тарихи-мәдени байланыстылық делініп, үш жүйеге бөлінеді. Мұның алғашқысы неғұрлым кең тараған тұрақты фактор болып есептелінеді" [2, 4], - деп көрсетілген. Көрнекті фольклоршы Б. Н. Путилов: " . . . типология дегенді кең мағынасында заттар мен _құбылыстарда, қасиеттер мен қарым-қатынастарда, элементтер мен жүйелерде, процестер мен оқиғаларда табылатын табиғат пен қоғамдағы қайталаушылықтың объективті факторларының заңды, шартты белгілері деп түсінуіміз қажет" [7, 28], - деп атап көрсеткен.

Белгілі әдебиеттанушы ғалым Серік Негимов «Шешендік өнер» атты монографиялық еңбегінде қазақ топырағында туған осынау өнерге барынша байыпты талдаулар жасаса, [8, 46], - философия ғылымдарының докторы Қ Бейсенов «Қазақ билерінің ойханасы» атты еңбегінде қазақ билерінің сөз саптауы мен логикалық құрылымына мән береді.

Шешендік сөздер жөнінде еңбектер жазып, құнды пікірлер білдірген ғалымдарымыздың бірі, филология ғылымдарының докторы У. Қалижан: «XIX ғасырдың соңғы жартысы мен XX ғасырдың басында Қазақстан дамудың жаңа сатысына ауыса бастады. Ол капитализм элементтері еді, бұл сонымен бірге елге жаңа леп әкелді. Ол - оянушылық, ғылым-білімге ұмтылушылық еді. Одан ел ішінде оқыған, азды-көпті қоғам өміріне араласқан қазақтың өз ағартушылары пайда болды. Халықты ағартуды мақсат еткен ақын-жазушылардың қатары көбейді. Сөйтіп, қазақтың жазба әдебиетін одан әрі дамыта түскен ағартушылар қатары өсті. Бұл дәуірде ақын-жазушылардың бірқатары едәуір білім алған, көзқарасы қалыптасқан, ел қамын жейтін қайраткер дәрежесіне дейін көтерілген еді» [9, 248] , - деп жазды.

Кейбір ғалымдардың рулық дәуірде дүниеге келген әдеби туындылар халыққа ұғымсыз деген пікірінің негізі жоқ екені осы күні айқындалып отыр. Қазақ халқының өзіндік рухани және материалдық мәдениетіне үлес қосқандардың қатарында, сөз жоқ, билер мен шешендер және ақындар бар.

Би деген ұғымның этимологиясы билік айту деген сөзден шықса, билер мен шешендердің әлеуметтік-қоғамдық мәні, олардың мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін көтерілуі Эллада мен Римдегі Демосфен, Цицерон секілді шешендер өнерімен сабақтас екені белгілі, Көне Римдіктер шешендерді шешендер, философтар, ақындар, тарихшылар деп жүйелеген болса, қазақ даласындағы би-шешендер мен ақындар осы ұғымдардың барлығының да басын біріктірген, яғни, бір арнаға салған деуге болады.

А. Байтұрсынов: "Сөздің көркі - мақал, жүздің көркі - сақал" деген қазақта мақал бар. Мақал мен сақалдың мәні құр көрік болу емес, олардың бірін сөзге, бірін жүзге көрік қылып теңеп отырған адамның ойы мен көңілі" [10, 26] дей келіп, шешендердің адамның ойын да, бойын да билеп алатын қасиеттеріне ерекше баға береді. Осы қасиеттер ақындар мен би-шешендер шығармашылығында да айқын көзге түседі.

Ы. Дүйсенбаев: "Өткендегі аты-жөні белгілі ақын-жыраулардан қалған бар мұраның өзін зерттеуде үлкен бір кемістік үнемі бой көрсетіп келді. Әдетте біз әдеби шығарманың көркемдік қасиеттері мен ерекшеліктеріне басымырақ көңіл бөлудің орнына, қалай да сол ақын-жыраулардың өздерімен көбірек шұғылданып, оларды талай саққа жүгіртумен әурелендік. Әрине, қай ақын-жазушының болсын көзқарасын тану, оның идеялық негізінің бағытын айыру өте қажет. Бірақ осындай игі талапты бірыңғай қуалап кетсек, яки алдын ала жасап алған дайын схема бойынша талдау жүргізсек, бұлардың түбі жақсылыққа апарып соқпайтынын да есте тұтқан дұрыс" [11. 6], - деп атап көрсеткен еді.

Қазақ даласындағы жөн-жоралғыны, қағазға жазылмаған дала заңдарын өмірге енгізіп, толып жатқан дау-дамайды ата дәстүріне сай шешуде өзіндік роль атқарған шешендер мен билер өнеріне тәнті болған ұлы ғалым Шоқан: "Мұсылман, қытай және орыстың ақиқат заңына, қарағанда қазақтың әдетті правосының адамгершілік жағы басымдау. Қазақ заңында европалық жаңа кодексте сіресіп тұрған: ескертетін, сескендіретін шаралар жоқ. Қазақта тән жазасы ешқашан болған емес. Ру заңы бойынша, туыстардың бірінің ісіне бірі жауап беретін руластық жағдайы ру қатынасында іс жүзінде көп пайда келтіріп отыр . . . Өзіне етене таныс, сонымен тәрбиеленіп, өсіп-өнген Заң ғана халық үшін жайлы болмақ . . . " [12, 156], - деп жазды.

Билер, шешендер жайлы зертеу еңбектер мен диссертациялық жұмыстар қазіргі кезеңде көптеп жарияланып, қорғалып жатқандығына Қостанай өңіріндегі би-шешендердің мысалында «Типологиялық сабақтастықтың ақындық мен шешендік өнердегі көрінісі» атты А. Шаяхметтің кандидаттық жұмысын айтуға болады.

«Шешен сөйлеудің табиғатын тексергенде ең негізгі, ең басты мәселе - сол шешен адамның жаратылысы, табиғи психофизиологиялық қасиеттері, ерекшеліктері, жүйке талшықтарының жүйесі. Әсіресе миға алуан түрлі, сан қилы хабарлар жеткізетін жүйке талшықтарының сезімшіл, қозғаушы, тітіркендіруші қасиеттері, көру, сезу, есту қабілеттері, образдар ассоциациясын тудыру, сыртқы дүние әсерлерін қабылдау - шешен болмысының өзгешеліктерін анықтайтын көрсеткіштер. » [13, 15]

Асқақ шешеннің асыл қасиеттері тумысынан болады. Жас баланың еліктегіш болатыны аян. Оның ақыл-ой қабілеті мен сөз сөйлеуінің нақты белгісі айналадағы дыбыстарды қайталауға құрылады. Ол баршасын естиді, һәм қайталайды. Ол естіген дыбыстарын сол қалпында (мәнерімен, айтылу ерекшелігімен) қайта айтады. Қазақ халқының адам баласының небір асыл, мәйек қасиеттері "Ананың сүтінен" деуінің сыры осы. Ол табиғи әрі рухани нәр-қорек. Бесік жырлары жас баланың рухани болмысына лайықталып шығарылған. Келісім мен мағына бір-біріне орайлас. Бұл ретте Ғұмар Қарашевтің бала ананың құрсағында-ақ өз тілінің музыкасын естиді, туған соң дамытады деген лебізі ойға оралады.

Баланың бүлдіршін шағынан ән, күй, жыр, ертегі-аңыз естіп есуі - ең мәнді, қисынды, табиғи құбылыс болып саналады. Шешендік өнерге баулудың бұлжымас шарты осы.

Сондай-ақ шешен сөйлеуге төселу үшін, сөздің дыбысталуын әсем қабылдау үшін ерекше есіту қабілеті үлкен қызмет атқарады.

Шешен адамға сөйлеу мен еске сақтау ерекше қажет. Әрбір клеткаға еске ұстау қасиеті дарыған. Кез келген орган еске сақтаудың кезі. Мысалы, көз -жарық толқындарын, құлақ- дыбыс толқындарын еске сақтайды.

«Сонымен еске сақтау ерекше болған жағдайда, үш түрлі қызмет атқарады. Біріншіден, сақтайды. Екіншіден, қайтадан қаз қалпында өзгеріссіз айта алады. Үшіншіден, жаңадан тудырады. Шешен қайсысына күшті көңіл бөлсе, сол өте жақсы дамиды. » [14, 153]

Рухани қабілеті (реттеу, жүйелеу, жіктеу, ойлай білу, себеп пен салдарын тексеру) айрықша талантты шешенде ұшан-теңіз сөз-образдар мен оралымдардың қоры болады.

Шабыт, импровизация, елестету - еске сақтаудың түрлері. Шын мәнісінде, шабытты кемеңгер шешен сөйлеген шақта күш-қуаты буырқанып, толқынды ойдың құшағында тербеліп, небір ғажайып көркемдік ассоциацияларға бой ұрып, даналық меруерттерін жайып салады.

Көне әдебиеттерде шешендік сөйлеудің процесс екендігі туралы толыққанды зерттеу жоқ. Бүгінгі таңда жазу өнері мен сөйлеу өнерінің шек-шекарасы, ара-қатынасы жайында ештеңе айтылмаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісін ғылыми тұрғыда қалыптастырып, шешендік сипатын, сөз саптау ерекшелігін, битанудағы ролін жалпы ауыз әдеби ерекшелігін ашып көрсету
Битанудағы шешендік өнердің ролі
Шешендік сөздерді жанрлық тұрғыдан бөлу
Шешендік өнердің пайда болу тарихы
Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер
ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ
Қазақ даласындағы шешендік өнер
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты
Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі
Шешендік сөздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz