Оқыту құралдарының кешені – физика курсын экологияландыруының алғышарты


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І - тарау. Мектептегі физика курсын экологияландырудың үрдісі − орта білім беру жүйесінің жетілдіруінің бір жолы.
1. 1. Экологиялық мәселелерді бейнелеу − бүгінгі таңдағы жаратылыстанудың ерекше ғылыми келбеті . . . 7
1. 2. Экологиялық мәселерді шешу жолдары мен сананың қалыптасуының негізгі жолдары . . . 11
1. 3. Глобальдық экологиялық мәселелер туралы алғашқы түсінікті ашу жолдары . . . 15
1. 4. Білімнің экологияландырылуы бүгінгі таңдағы қоғам дамуы артықшылықтарының бірі сипатында . . . 18
1. 5. Жаратылыстану ғылыми пәнін экологияландырудың теориялық негіздері . . . 22
ІІ - тарау. Физиканың экологияландырылған курсының әдістемелік негіздері
2. 1. Экологияландырылған сабақтар құрудың негізгі педагогикалық әдістемелері және оқушыларды сол бағытта тәрбиелеу мәселелері . . . 27
2. 2. Физика курсын экологияландырудың мақсаттары мен жоспарланған нәтижелері . . . 31
ІІІ-тарау. Оқыту құралдарының кешені - физика курсын экологияландыруының алғышарты
3. 1. Мектеп оқушыларын оқыту үрдісі кезінде пәндік интеграцияның педагогикалық негіздері . . . 38
3. 2. Экологиялық білімді үзбеу қағидасы туралы . . . 42
3. 3 Физика мен астрономия курсының экологияландырылған моделі туралы. 49
IV - тарау. Физиканың жалпы білім беру курсының экологияландырылған бағдарламасы бойынша тәжірибелік - экспериментальды оқыту
4. 1. Тәжірибелік - экспериментальды оқытуды ұйымдастыру . . . 52
4. 2 . Физика пәнінен сабақ беру әдісінің ерекшеліктері . . . 53
Қорытынды . . . 57
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 58
КІРІСПЕ
Қазақстанның халықтық білім беру моделін жасау барысында орта мектептерге арналған түбегейлі әлеуметтік сұранысқа көптеген сауалдар қойылады. Әрбір азаматтың өзіндік талаптарына, шығармашылық деңгейіне сай, өздігінен шешім қабылдауына қабілеттілігін дамыту мәселесі көтерілуде. Қазақстанның экономикалық және мәдени стратегиясының бірі болып жоғарғы білім берудегі жаңа реформаларды енгізу болып тұр.
Қазақстан республикасының бірқатар құжаттарында жеке тұлғаның қалыптасуы кезінде экологиялық білім және тәрбие беру қарастырылады.
Бұл - қоршаған ортаны қорғаудағы ғылыми және практикалық білімді арттыру, табиғатты аялау және оны қолдануды, өмірдің экологиялық бейнесін қалыптастыпруды түсіндіреді. БҰҰ-ң Бас Ассамблеясының қабылдауы бойынша 2005-2014 ж. ж. «Тұрақты өркендеу үшін білім берудің он жылдығы» болып жарияланып, «Экологиялық қауіпсіз даму және тұрақты өркендеуге бағыттау - болып Қазақстан стратегиясының маңызды бағыттарының бірі болып саналады». Білім беру үрдісін экологияландырудың нақты жүйесін енгізуді халықаралық құрылымдары қолдап қана қоймай, сонымен қатар, Орталық Азия Аймақтық экологиялық орталығы, БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНЕП сияқты халықаралық құрылымдар да әр түрлі отырыстар мен семинарларда, ғылыми және ресми конференцияларда талқыға салып, зерттеп, түрлі шешімдер қабылдады.
XXI ғасырда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен қоршаған ортаны қорғауды көздеген мемлекеттердің саны өсіуде. Мысалы, 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында «Қоршаған орта және даму» жайында өткен БҰҰ-ң конференциясында көптеген құжаттар қабылданды, олардың негізгі идеясы - тұрақты өркендеу концепциясына қалыптасып, «бүгінгі күннің талаптарына сай келешек ұрпақты қорғау» мәселелері ортаға салынды . Басқа мемлекеттермен қатар, Қазақстан Республикасы да қоршаған ортаны қорғау және болашақ ұрпақтарға сақтап қалу шараларын іске асырмақ. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы «Тұрақты өркендеудің жауапты мақсаттары» құжаттарының 22 Халақаралық экологиялық Конвенцияны (ХЭК) қабылдап, қол қойды. ХЭК-ке қатысу барысында Қазақстан бірқатар құжаттарды қабылдады, мысалы, «Экологиялық жариялылықты дамыту және қоғамда ашық экологиялық сананы өсіру» жатады.
Сонымен қатар Қазақстан шектес конвенциялардың - Париждегі (бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұралар туралы), Вашингтондағы (GITES, жануарлардың сирек кездесетін және жоғала бастаған түрлері туралы), Рамсар (су-батпақ жерлер туралы), Бонндағы (көшіп қону түрі) және т. б. - қатарына кіріп, мойнына негізгі міндеттер алып отыр, олардың арасында «экологиялық білім беруді дамыту және тәрбиелеу» де бар. Жоғарыда айтылғандардың барлығы Қазақстанда экологиялық бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын, түрлі экологияландырылған бағдарламалар іске асырылуы үшін мұғалімдер мен оқушыларға арналған әдістемелік кітаптар мен құралдар шығарылуда, ҚР-ның экологиясы жайында танымдық жобалар жүзеге асырылуда.
Өткен XX ғасырда адамдар үшін өмір сүрудің негізгі әлеуметтік мәні мынадай қысқаша сөзбен де жеткізуге болады: «менен кейін не болса, о болсын, маған бәрібір», табиғатқа қарсы бағытталған қылықтары мен
зиян-кестік шараларын ақтау мақсатымен адамдар әртүрлі ұран ойлап тапқан: «Ғылыми техникалық революцияның жеңісі», «Ғылыми техникалық прогрестің өрлеуі» немесе «Адам - Әлем иесі, табиғат патшасы». Міне бүгінгі күндегі экологиялық тығырыққа тірелу себептеріміздің бірі содан басталған да шығар: ұрандарға еліктеген, «Шаруамызды істеп алайық, табиғат өз-өзін емдер» деп, Аралды сарқыттық, Семейді кем дегенде жарты мың жылдық радиация кеселіне толтырдық, қалалардың атмосферасын, гидросферасын, литосферасын ластадық, жерді жыртудың ғылымға сай емес әдістерін қолданып, құнарлығын әжептәуір төмендеттік, және т. с. с.
Ал экологиялық апаттардың механизмі, ғалымдардың айтуы бойынша, қарапайым екен: табиғаттағы тіршілік пен өлі заттар үнемі айналымда болады; ал адам, сол табиғаттың тек бір мүшесі бола отырып, «табиғат патшасымын» деген елес ойымен тура жолмен әсерін тигізеді; табиғатқа тигізер кеселдерін үдете келе, оның «бұрылыстарын елмей қалатын» секілді, сөйтіп, апатқа жеткізетінін өзі де білмей қалады.
Сондықтан, білім берудің стратегиялық мақсаты - экологиялық ғылыми көзқаратың қалыптасуы, экологиялық мәдениет пен этиканың қалыптасуы болып табылады. Ол үшін нәтижелі білім беру жүйесі қажет, нақты шарттар қойылып, экологиялық білім беруді жүзеге асыру үшін экологиялық оқулықтар шығарылып, студенттердің ғылыми жұмыстары шеңберінде экологиялық жобаларды жүзеге асыру болып саналады.
Экологиялық білім беруде сапалы әрі елеулі өзгерістер жобаланып, Қазақстанда жалпы білім беруде қарапайым экологиялық білім беруді көздеу және тәрбиелеу жеткіліксіз болып отыр, енді экологиялық модельдерді болжап, оларды оқушылармен қатар шешіп, болашақ өмірдегі жұмысында істелетін шараларын талдап, келешек мамандарды мектепте қалыптастыра бастау, сөйтіп табиғатты қорғау үрдісіне жастарды баулу болмақ. Экологиялық білім беру, тәрбиелеу жолында істеліп отырған шараларға сай біздің жұмысымыз да жоғарыда айтылған мақсаттарды көздеп, үлес қосу жолында педагогикалық-әдістемелік оқулықтарды жасау, белгілі бір материалдарды жинастыру, оқыту үрдісін экологияландыру негізінде мектептің физика мен астрономия курсына арналған материалдарды жинау, жүйелеу.
90-жылдары ТМД елдерінде экологиялық білім берудің көптеген концепциялары шықты. Білімнің нақты даму жолындағы бағыттарға экологиялық бағыт беру және бағдарланған деңгейдегі қоршаған ортаның жағдайын уағыздау - бұл мәселенің бірден-бір жауабы экологиялық білім болып табылатынына көзіміз жетіп отыр, яғни, халықтың гуманитарлық экологиялық санасын қалыптастырып, болашақ мұғалімдерді сол бағытта дайындау мәселесі жатады.
Экологиялық білім беру деңгейі - болашақта шексіз, шетсіз табыстың кепілі болмақ. Қазіргі оқыту проблемасы - ғылыми жаратылыстану циклі бойынша жүргізілетін пәндерді (физика және астрономияны) үйрету үрдісі - әр түрлі экологиялық өзгерістер туралы мәліметтердің қажеттілігін талап етіп, жас баланы оқуға баулуды қалайды.
Қазіргі Әлемдегі экологиялық кризис пен экологиялық апаттар экологиялық білімді мамандарды тәрбиелеуді талап етсе, экологиялық оқыту жер бетіндегі елдерінің халықаралық идеологиясына және жалпы саясатына айналып отыр. Сондықтан, көптеген ғылыми конференциялар мен саяси конгресстерде экология жайында мәселелер қозғалып, шешілуде. Жаңа заманда экологиялық білім беру үрдісі экологияландырылған ғылымның пайда болуына себеп болып, дамуына көмектеседі. Экологиялық білімнің негізгі аспектісі - ғылыми даму мен үздіксіздік принципінде, интеграциялық жаратылыстану пәндерінің дамуында.
Бұл жұмыста экологиялық тәрбиелеудегі мәселелер қарастырылып, жаратылыстану ғылымдарына сай көзқарастардың қалыптасу кезінде табиғат жайында фундаментальды ғылымдар - физика, астрономия, химия сияқты ғылымдардың мазмұнына экологиялық материалдар мектеп бағдарламаларына жүйелі түрде енгізілуі зерттелді. Ойымыздың түйіні - экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеп, мінез-құлық қалыптастырғанда, жаратылыстану ғылымдарының барлығы бірдей қатысуы керек. Бұл - білім беру үрдісінің жеке компоненттерінің интеграциялық үрдісі деп білеміз.
Зерттеудің өзектілігі: экология курсы қазіргі кезде оқу үрдісінде елеулі орын алса да, астрономия пәнінің маңыздылығы төмендеп, басқа пәндердің арасында дәрежесі кемітілген сияқты, ал физика пәні астрономиясыз, химиясыз негізін жоғалта бастаған ақпараттық жиынтыққа айналып отыр. Астрономия - ең көне ғылым болып табылады, сондықтан бүгін оның орнын қайта жоғарлату - аса маңызды мәселеге айналып отыр. Оған себеп - Қазақстанның ғарыштық кемелерді жіберілу орталығы (Байқоңыр туралы) болуында ғана емес, кен орындарын қолдану кезіндегі болуы мүмкін немесе болып қойған аппаттар, Совет Одағы кезіндегі Мәскеулік әскери жетекшілердің жүргізген сынақтары мен «ғылыми» айдарымен іске асырылған атомдық бомба жарылыстары да болады.
Физика және астрономия интегративтік курсының әдістемелік жүйесін дайындау барысында әрі қиын, әрі күрделі мәселелерді шешіп, бірақ қызықты жұмыстарды жүргізуге кезіктік. Олар:
- Мектептің физика пәніне тиісті сағаттар санын өзгертпей, астрономиялық мәліметтерді экологиялық үрдістерге сай таңдап алу.
- Физика мен астрономияның интегративтік курсын дамыта келіп, экологиялық мәселелердің техникалық себептерін, адам қызметінің салдары деп қарастырып, мәліметтерді жинастырып қана қоймай, оларды жүйелеу, талдау.
Яғни, Жер туралы, Күн мен Космостың Әлем туралы мәліметтерді физика, астрономия және экология тұрғысынан зерттесек, бірнеше пәннің бірігуін де, экологияландыруды да іске асыруымызға болады деп есептейміз.
Зерттеу объектісі: пәндік интеграция негізінде және оқу үрдісін экологияландыру негізінде мектептің физика мен астрономия курсын оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: оқытудың мақсаты, мазмұндық аспектілері, оқытудың түрі мен әдістемесі, оқытудың тәсілі және оны бақылау.
Зерттеу мақсаты: ғылыми жөндеу мен негіздеу, орта мектеп оқушыларына арналған экологияландырылған физика мен астрономия курсына әдістемелік құралды жасап, оны ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің негізгі гипотезасы:
- Экологияландырылған материалдарды жинақтау
- Экологияландырылған материалдарды зерттеп, жүйеге келтіру.
- Физика және астрономия үшін жалпы болып саналатын құбылыстар, үрдістерді педагогикалық тәжірибелер тарапынан қарастырып, мәселелерге бірден-бір жауап іздеу.
- Астрономия, физика және экология бойынша жүйелік әдістемелік ерекшеліктерді ескере отырып, мектеп оқушыларына әрбір құбылыстың мәнін, мазмұнын ашып беру.
Ғылыми зерттеудің әдістемелік негізі - мемлекеттік стандарт, «Білім беру туралы» заң, Ғ. К. Длимбетованың білім берудегі экологияландырудың жолдары туралы еңбектері, К. О. Шайхеслямованың экологиялық білім беру және дүниетанымның дамуы туралы еңбектері және т. б. ғылыми зерттеулері мен еңбектері кірді. Жаратылыстануды түсіну үшін мектеп оқушыларына физика пәніне астрономияның көптеген мәселелері сабақтастырылып, экология материалдары бойынша көптеген материалдар теріліп, жүйелендірілген. Бұл мәселе - оқытудың әдістерінің аса актуалдылығын көрсетіп, көкейкесті мәселеге айналып отырғанын көрсететі.
Интегративтік оқыту программалары ретінде біз Г. Д. Бессараб, Т. А. Попова, Г. Ю. Граковский, Ю. И. Дик, А. П. Рыженковтың және т. б. пәнаралық байланыс туралы ғылыми зерттеулерін негіз етіп алып, қазіргі кезде оқытуды сапалы түрде жүргізуді көздедік. Айта кететін тағы бір жәйт - физика мен астрономияның интеграцияландырылған курсы шығармашылықтың инновациялық түріне жатады, ал оқытуды экологияландыру үрдісі - зерттеулеріміздің ең соңғы жетістіктерінің қатарына қосылмақ.
Жұмыс құрылымы . Дипломдық жұмыс: 1) объект, пән, мақсат пен міндет анықталатын кіріспе бөлімнен; 2) экологиялық тәрбиелену мен оның іске асырылу технологиясының теориялық негіздері ашылатын жұмыстың негізгі мазмұнынан; 3) негізгі тұжырымдамаларға арналған қорытынды бөлімнен; 4) пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І - тарау. Мектептегі физика курсын экологияландырудың үрдісі-орта білім беру жүйесінің жетілдіруінің бір жолы.
1. 1. Экологиялық мәселелерді бейнелеу-бүгінгі таңдағы жаратылыстанудың ерекше ғылыми келбеті
Экология терминінің мағынасы мен мәнін ашу. Экологиялық қиындықтар мен аппаттар жаратылыстанудағы елеулі мәселелердің бірі, күн тәртібіндегі көкейкесті глобальдық мәнге ие болып отыр, ал экологиялық білім беру - мектеп үшін аса маңызды факторға айналып отыр. Ол фактор біздің ұлттық қауіпсіздігіміз бен экологиялық қауіпсіздігімізді көздеп, белгілі мақсаттарды алдына қойып отыр. Оқушыларға үздіксіз экологиялық білім және тәрбие беру жүйесінде экологиялық материалдарды курстарда беру қолайлы әрі тиімді әдетке айналып келеді. Біздің жұмысымызда да бұл көкейкесті мәселе маңызды орын алып, құрастырып отырған пән және сабақ бағдарламасына әсерін тигізеді деп үміттенеміз. Жұмысымызда ерекше орын алып отрыған бір жәйт - экология мәселесінің бүгінгі таңдағы ең актуалды, маңыздысы - глобальды проблемаға айналып отырғаны туралы мәліметтер мектептегі физика, химия, астрономия сабақтарында экологиялық мәселенің жеке моменттерін интегративтік курс түрінде құрастыру, сөйтіп, экологиялық тәрбие жұмыстарын жүйелі жолға қою мақсаты көзделіп отыр. Экологиялық интегративтік курсы - оқыту жұмысының инновациялық түріне жатады, яғни мектеп пен жоғарғы оқу орнындағы мұғалімдердің педагогикалық жұмыстарының жаңа үлгісін жасауды көздейді.
Ең алдымен, кез-келген пәннің сабақтарында экологиялық проблеманың философиялық мағынасы жете ашылуы тиіс деп есептейміз. Ол үшін жұмыстың барысында «глобальдық», «экологиялық»,
«қоғамдық-өндірістік технология» және «қоршаған орта», «ядролық технология» ұғымдары ерекше орын алатыны тегін емес, себебі олардың экологиялық мәселелерінің пайда болуына тікелей қатысы бар. Мысалы, «қоғамдық-өндірістік технология тәсілі» ұғымының мағынасы - «қоғам табиғатқа қалай әсер етеді» деген сауалға жауап береді. Жалпы «глобальдық» деген сөздің этимологиялық түбірі «глобус» - «жер шарын қамтитын», «жалпы адамзаттық» деген сөзден тарауы да тегін емес. Анықтап айтсақ, глобальдық проблема деп қоғамның даму жолындағы пайда болатын қарама-қайшылықтар, қиындықтар, мәселелер жиынтығы, оларды шешпей «қоғамдық организмнің өмір сүруіне қауіп төнді» деуге болады. «Экология» терминінің шыққан тегі: «экос» грекше - мекен, «логос» - ғылым, яғни, организмдердің «мекен-жағдайы» туралы ғылым. Мұндай түсініктеме «экология» терминінің классикалық формуласын мақұлдайды: экология дегеніміз - организмдердің тіршілік ететін ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым . Ал немістің табиғи зерттеушісі Э. Геккельдің анықтамасы бойынша: « экология - табиғаттағы өзара күрделі байланыстылықты және
өзара қарым-қатынасты зерттейтін ғылым». Егер ғалымдардың экологияға қойылған анықтамаларының көптігін және алуан-түрлілігін ескерсек, онда жоғарыда аталған пән мұғалімдерінің жұмыстары қиындап, сабақтарында қолданатын терминдер мен анықтамаларының дұрысын анықтау үшін қосымша уақыт және қажетсіз шараларды талап етеді. Мысал келтірейік: В. Дежкин өз еңбегінде көптеген ғалымдардың «толып жатқан еңбектерін егжей-тегжейлі» зерттей келе, кейде «бірін-бірі жоққа, теріске шығаратын немесе бірін-бірі толықтыратын, анықтайтын» формулаларының тамаша коллекциясын жинапты. Солардың ішінен біз де қазіргі заманғы қиындықтар мен сауалдарға толық жауап беретіндерін қолданудамыз.
Әлемдік «цивилизацияны» зерттеу барысында оның тарихи дамуы біркелкі, бірқалыпты емес, керісінше адамзат дамуының мыңдаған жыл тарихы көптеген локальды цивилизациялардың кенеттен пайда болып, тез дамып, кенеттен төмен құлдырап, жоғалып кеткенін білеміз. Әрбір цивилизацияның дамуы, өсіп-жетіліп, құлдырауы, жоғалып кетуі - оның дамуына әсер ететін сыртқы және ішкі факторларға байланысты екендігі де мәлім. Ал цивилизацияның өмір сүруі, жетілуі белгілі бір табиғи, климаттық ортада болады емес пе, себебі ол табиғатпен тығыз байланысты. Қоғамның іс-әрекеттерінің барлығы табиғат ресурстарының күштерін, қорын, ондағы болып жатқан процестерін, заттарын, энергиясын қолдануға бағыттылған. Бізді айнала қоршаған ортаға Г. С. Гудожник пен В. С. Елисеева өте сәтті анықтамасын берді: «Бізді айнала қоршаған орта деп - түп-тамырлары шексіз космосқа кететін жүйелер жиынтығы, ондағы болып жатқан үрдістер қоғам өміріне жан-жақты (бірақ әзірше өте аз зерттелген) әсерлерін тигізетіні анық». Табиғаттағы болып жатқан қауіпті ығысулар мен үрдістерден өзін-өзі қорғау, сақтандыру және табиғи факторларды өзінің пайдасына дұрыс жұмсай алу - цивилизацияның ішкі даму дәрежесіне, тарихи күштеріне, прогресстік дами алу қабілеттілігіне тікелей байланысты. Глобальдық проблема қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасынан туады.
Адамның глобальдық әрекеттері - қарапайым емес, күрделі және өзгеше үрдіс екен; сол жасанды ортаны үнемі жетілдіру, толықтыру, өзгерту жолында жұмыс істеп, белгілі бір энергиялар жұмсаймын деп талаптанады. Басқаша айтқанда, адам өз айналасында құрған техносферасын биосферадан изоляциялап, бөлектеп, мұндай «жетістіктерінен» өзі де рухани шығынданып, ішкі дүниесі, дүниетанымы кедейленеді. Адамның санасы оны қоршаған әлемнің бейнеленуінен қалыптасып, бұл бейне адамның мәдениетінің (өнер, мәдениет, ғылым) қалыптасуына тікелей себепкер екенін біз жақсы білеміз. Белгілі бір қажеттіліктердің болмауы, орындалмауы оның жалпы психологиялық жүйесінің қайта құруына апарады, сөйтіп адамның санасы, дүниеге көзқарасы қайта қарастырылып, басылып қалған талаптары осы жүйедегі басқа талаптар арқылы шығуы үшін компенсация кезінде бүкіл жүйе өзгеріске ұшырауы мүмкін. Экологиялық жүйе де дәл сондай деуге болады: экологиялық жүйенің бір бөлігіндегі дағдарыстар жүйенің түгелдей қайта құрылуына, өзгеруіне, сөйтіп қайта құрылуының тізбекті реакцияларының басталуына себепкер болады.
Сонымен, экологияландырылған материалды методологиялық жаңашаландыру жолында жалпы физика курсына енгізіп, оларды физика ғана емес, астрономия элементтерімен қоса, ұштастырып, мектеп оқушыларының назарына ұсыну - біздің мақсатымыздың өзегі болып отыр. Экологиялық проблемаларға «табиғат, қоғам, адам және оның шығармашылығы жайында терең және берік білімді қалыптастыру» жатады . Бұл - білім берудегі төрт элементтің бірі болып саналса, негізі ой «экологиялық оқыту мен қоғамда тәрбиелеу мемлекеттік деңгейге қойылып келешек мамандарды дайындау жолындағы негізгі мәселелерді қозғауымыз тиіс». «Экологиялық оқыту мен тәрбиелеу», «экологиялық білім беру» және «экологиялық түсінік» деген терминдер бүгін «мемлекеттік деңгейдегі» статусқа ие болып отыр. Адамның экологиялық санасының қалыптасуы - оқыту үрдісінің негізіне кіріп, сөйтіп біздің қоғамымыздың жаңа менталитетінің қалыптасуы туралы әңгіме қозғалып отыр. Оның
ой-санасының мүлдем жаңа түрі адамның мінез-құлқының қоршаған ортамен гармониясында негізделген. Ғалымдардың ойлап шығарған жаңашыл теориясының негізіне жаңа терминдер және ұғымдарды талдау кіріп қана қойған жоқ, сонымен қатар эволюциялық аралас пәндер теориясы мен біріктірілген ғылымдардың экологиялық мәселелері туралы ой-пікірлері негізделген. Сонымен қатар, экологиялық сана - табиғатты басқа құбылыс ретінде түсінуге үзілді-кесілді қарсы болып, «оған билік етуге болмайды, себебі әсерге - қарсы әсер туады, сөйтіп өзіне кесел тигізуі мүмкін» демекпіз.
Көптеген авторлардың пікірі бойынша, экологияның құндылығы - жаңа өнегеліліктің қалыптасуына негіз болып, оқытудың мазмұнын таңдауда жол сілтеуші бола алады, білім беруді интеграциялау идеясын негіздейді, қолдайды. Физика мен астрономия пәндерін экологияландыру жолдары мен принциптерін зерттеу барысында біз түрлі пәндердің осы мәселеге көзқарастарының әртүрлілігін байқап, зерттеу бағыттарының да пәндерге сай ұштаса қоймайтынын байқадық.
Сондықтан, физика мен астрономияның экологиялық құндылығын арттыру үшін, білім беруде ғылыми әдебиеттерде кездесетін жаңаша методикалық әдістерді зерттеп, талдап, соларды пайдаландық.
Бүгінгі күні ғылым мен техниканың, өндірістің жаңа салаларының пайда болып, қоршаған ортаға адамдардың іс-әрекетінен пайда болатын әсерінің өсуіне байланысты қоғам мен табиғаттың ара-қатынасы тым тығыз қалыпқа енуі соншалық, енді адамзаттың табиғатқа «қол салуы» ретсіз және шексіз бола алмайды. Ол белгілі түрде реттеліп жүргізілуі тиіс, басқа жағдайда адамзат баласы өз тіршілігіне ядролық соғыстан кем емес қауіп төндіретін экологиялық апат алдында тұрып қалуы мүмкін. Адамның табиғатқа араласуының теріс салдарының алдын алуы үшін бірқатар
Ғылыми − техникалық, әлеуметтік − саяси, экономикалық және басқа да мәселелерді шешуі қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz