Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие берудің озық үлгілерін тәрбие процесінде қолдану жолдарын зерттеген, пікірлерін айтқан ғалымдар


Жоспар:
Кіріспе. 1-5 бет
Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие берудің озық үлгілерін тәрбие процесінде қолдану жолдарын зерттеген, пікірлерін айтқан ғалымдар. 6-16 бет
1-тарау. Қазақ халық шығармашылығының балалар мен жастарға эстетикалық тәрбие берудегі мүмкіндіктері.
1. 1. Халық ауыз әдебиетінің эстетикалық тәрбиедегі көрінісі. 17-21 бет
1. 2. Халықтың музыкалық шығармашылығының эстетикалық тәрбиедегі көрінісі. 22-26 бет
1. 3. Халықтың сәндәк қолданбалы өнерінің эстетикалық тәрбиелегі көрінісі. 27-30 бет
2-тарау. Қазақтың халықтық педагогикасын эстетикалық тәрбие беру ісінде пайдалану.
2. 1. Қазақтың халықтық педагогикасы негізінде эстетикалық тәрбиені дамыту перспективалары. 31-34 бет
2. 2. Қазақтың халықтық педагогикасын эстетикалық тәрбие беруде қолдану. 35-39 бет
Қорытынды. 40 бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі. 41-42 бет
Кіріспе.
1980-ші жылдардың аяғындағы Қазақстанның қоғамдық өмірінің салаларындағы болған- саяси-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени өзгерістер жеткіншектер тәрбиесіне тікелей ықпалын тигізді. Қазақ халқының ұлттық мәдени өтлеу жағдайында жеткіншектерді халық дәстүрлерінде тәрбиелеудің қажеттігі туындады.
Айналасы 4-5 жылдың ішінде жеткіншектрге қазақ халқының игі мұра рухани байлығын, тағылымды тарихын, ізгілікті мәдени дәстүрлерін меңгертуде Республика мектептерінде іс-тәжірибе жтнақталды.
Алдымен өзіміздің ғылыми-әдістемелік секцияның эксперимент жүргізген Боран ауылындағы Халық мұғалімі Қ. Нұрғалиев мектебінің іс-тәжірибесінің үлгісі арқылы бұл мәселенің қалай кешенді түрде жүзеге асырылып жатқанына тоқталып өтсек.
Тәжірибе-эксперименттік жұмыс бұл мектепте 1990 жылы басталды. Эксперимент мектеп мұғалімдері мен Университеттің педагогика кафедрасының оқытушылары, аспитанттары және ізденушілерімен бірігіп жүргізілді. Олардың алдына мынадай міндеттер қойылды:
- ауылдық мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мен басқару үлгісін жасау және оған басшылық жасаудың педагогикалық шарттарын әзірлеу (жетекші- педагогика кафедрасының доценті С. И. Қалиев) .
- халықтық педагогика негізінде ауылдық мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің ұйымдық-әдістемелік және мазмұндық аспектілерін әзірлеу (жетекші- педагогика кефедрасының доценті С. А. Ұзақбаева) .
- ауылдық мектеп оқушыларының саяси мәдениетін қалыптастыру жүйесін енгізу (жетекші- педагогика кафедрасының доценті Қ. Қ. Жампейісова) .
- жаңа экономикалық қатынастарға көшу жағдайыеда әлеуметтік адамгершілік құндылық ретінде еңбекке ауылдық мектеп оқушыларын бағдарлау проблемаларын зерттеу (жетекші- педагогика кафедрасының доценті Г. Қ. Нұрғалиева.
Түпкі нәтижесінде Республика мектептері ауылдық мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың тәжірибеде тексерілген ғылыми-теориялық негіздерін және бірқатар әдістемелік ұсыныстарды, бағдарламаларды алады. Эксперименттік ретінде бұл мектеп кездейсоқ таңдалып алынған жоқ, яғни оның қазақ ортасына тән бірқатар ерекшеліктері болды.
Мектеп ауылдағы эстетикалық тәрбиенің орталығы болып табылады, өйткені онда педагогтардың, отбасылардың, еңбек ұжымдары мен жұртшылықтың іс-қимылы үйлестірілген. Мұның өзі, сөз жоқ, баланың мектеп қабырғасындағы барлық жылында оған эстетикалық тәрбие берудің тиімді жүйесінің негізі болып табылады. Мектепте эстетикалық тәтбие беру мен оқытудың негізгі міндеті- қазақтың халықтық педагогикасы материалдарын пайдалану арқылы оқушылардың жан дүниесін байыту, ұлттық мәдениетке, ұлттық өнерге, өз халқының әдет-ғұрып пен дәстүрлеріне сүйіспеншілікпен қарауға баулу, жеке адамның эстетикалық мәдениеті мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, оқушыларға қоғамдық құбылыстар мен өнерді бағалауда дұрыс бағдар беру. Педагогтар ұжымы көн тәжірибе жинақтағанын, оны біз эксперименттің бірінші кезеңінде жинақтап қорытқанымызды айтуымыз керек. Бұл мектептегі эстетикалық тәрбие жұмысының өзегі барлық балалар үшін міндетті бейнелеу өнері, музыка, эстетика сабақтары болып табылады. Балалардың бойында жақсы қасиеттерді эстетикалық жолмен тәрбиелеудің құралы халықтың ауызекі шығармашылығының көптеген жанрлары, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, халықтың материалдық мәдениеті болды және болып қала береді.
Торғай облысының Амангелді ауданындығы мектептерде ұлттық өнеге мен тәлім негізінде жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру тұрақты жолға қойылған. Бұл мақсатта мектепте көптеген үйірмелер жұмыс істейді. «Домбыра-дастан», «Ақ көгершін», «Қызғалдақ», «Жауқазын», «Көктем гүлдері» атты балалар ансамблдері бар. Жастар үйінің жангынан құрылған жас айтыс ақындарының мектебі жұмыс істейді.
Республикаға белгілі «Домбыра-дастан» балалар фольклорлық ансамбілінің өзіндік бет-бейнесі, бағыты бар. Ол ұлттық тәрбиені халықтың бай музыкалық өнері мен тамаша салт-дәстүрі арқылы жүзеге асыруда. Мектепте оқушылардың ұлттық дәстүрге қызығушылығын арттыру мақсатында ата-аналар мен оқытушылардың ұйымдастыруымен жиі-жиі кештер өткізіліп тұрады. Мәселен, «Сырласайық, жеңеше» атты кеште ұлттық киім киінген жеңгелер, қайын сіңліліер бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару арқылы ұмытылып бара жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді қайта жаңғыртты.
Талдықорған облысы, Алакөл ауданындағы 4-ші мектептің де халықтық педагогиканы жүзеге асыру барысындағы тәжірибелері өте қызықты. Мәселен, мектепте «Қыз өссе- елдің көркі» атты тәрбие беру саласы жұмыс істейді. 1-11 сынып оқушылары толық қамтылады. Жоспар оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты қарастырылады.
Қазақтың халықтық педагогикасы дәстүрлерін орыс мектептері оқушыларына меңгерту қазақ әдебиеті сабақтарының жоғары дәрежеде жүргізілуімен тікелей байланысты болып келеді.
«Ғылым шыңына шығуға ұмтылудан бұрын оның әліппесін оқып үйреніңдер» деп И. П. Павлов айтқандай, қай халықтың болмасын, мәдениетін терең меңгеру үшін, сол халықтың ең алдымен ана тілін білген жөн.
Өкінішке орай, бұл мәселе орыс мектептерінде дұрыс шешімін тауып отырған жоқ. Сондықтан сабақтың сапасы төмен, балалардың ынтасы жоқ.
Бұл, біріншіден, осы пәнді жүргізетіе мамандардың арнайы теориялық және әдістемелік дайындығының аздығына, екіншіден, оқулықтардың, қазіргі педагогика талаптарына сай еместігіне және әдістемелік оқу құралдарының, нұсқауларының жетіспеушілігі, үшіншіден, мұғалімдердің өз бетімен дербес ізденімпаздығының жоқтығына және бала психологиясын терең білмеуіне, төртіншіден, жасыраптыны жоқ, пән мамандарының өз ісіне жауапты қарамауына байланысты болып отыр.
Мысалы, қазіргі бағдарлама бойынша оқушыларға жалры әдеби білім бері бесінші сыныптан басталса, қазақ әдебиеті сабақтары тек оныншы сыныптан бастап жүргізіледі. Ондағы оқу материалдарының мазмұны автордың педагогикалық ескермегенін байқатады. әрине, бұл оқушының материалды тез қабылдауына, меңгеріне кедергісін тигізетіні, пәнге деген ынтасын, қызығушылығын төменднтнтіні сөзсіз.
Оқушы білімінің сапалы болуы сабақ жүйесіне, әр сабақтың ішкі мүмкіндігіне, оларды ұлттық дәстүрмен ұштастыра білуге, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істетіп, білімдері мен дағдыларын біліктілікпен дамытуға, сабақ мазмұнына қарай әр түрлі әдіс-тәсілдерді, ұлттық ойын түрлерін пайдалануға салыстырмалы талдау беруге байланысты. Ал бұл - тікелей мұғалімнің міндеті.
Сабақты осылай түрлендіріп өткізу оқушылардың қызығушылығын оятып қана қоймайды, сонымен бірге олардың талабын ұштап, қиялын дамытып ой-өрістерін кеңейтуге, өз бетімен ізденуге үлкен септігін тигізеді. әсіресе, қазақ халқының ұлттық дәстүрлері түрлерін өтілетін тақырыпқа лайықтап, басқа халықтың дәстүрлерімен салыстырмалы түрде пайдалану, ғасырлар бойы ұмыт болып, көңіл бөлінбей келген тамаша дәстүрлерді қайта жандандыруға көмегін тигізеді, халықтар дәстүрлерінің көркемдік, ұлттық өзгешелігін, олардың тұрмыс салтындағы ұқсастықты көре білуге, саналы түрде сезінуге үйретеді.
Яғни, ұлттық дәстүрлер сабаққа сәтті жол тапса, оқушылардың белсенділігін дамытып, пәнге деген құштарлығын оята түседі.
Мұндай өзгерістерді орыс мектептерінің әдебиеттері ғана емес, қазақ мектептерінің әдебиеттері мазмұны талап етіп отыр. Әрине, мұның тез арада шешімін таба қоюы мүмкін емес. Дегенмен де, «әдебиет пәні оқулығының басты мақсаты оқушыларды өмірдегі әсемділікті танытуға үйрету, сол арқылы олардың жан-дүниесіне сұлу адамгершілік қасиеттерді дарыту болып табылатынын» әрдайым есте ұстаған жөн.
Орыс мектептерінде қазақтың ұлттық мәдени дәстүрлері сыныптан тыс тәрбие жұмыстары арқылы шешімін табуда. Мысалы, Алматы қаласындағы 53-ші мектеп «Атамекен» бағдарламасының бағыттарын негізге алған. Жұмыс түұрлері сатылап: 1-4, 5-8. 9-11 сыныптар аралығында топтастырылып жүргізілнді.
Сонымен, жоғарыда келтірілген деректердің барлығы қазақты халықтық педагогикасы дәстүрлерінің Республика мектептерінде оқу-тәрбие процестері арқылы жүзеге аса бастағанын көрсетеді. әрине, бұл мәселе осымен толық шешімін тауып отыр деуге болмайды. Тіпті жақын арада шешімін тауып кетуі де қиын. Егер жоғарыда аталғандай жетістіктерге қол жетсе, ол- тек мұғалімдер мен оқушылардың ынта-ықыласының, жігерінің жемісі, ұлттық дәстүрге деген сағынышты сезімі. Бұл мәселені толық жүзеге асыру үшін қазақ халқының жеткіншектер мен жастардың эстетикалық тәрбиесі дәстүрлерін, оның әдіс-тәсілдері мен амал-жолдарын жан-жақты зерттеген еңбектер қажет.
Тақырыбы : Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие берудің озық үлгілерін тәрбие процесінде қолдану жолдары.
Мақсаты : Қазақтың сан ғасырларға созылған шығармашылық мұраларын эстетикалық тәрбие беруде озық үлгілерін бүгінгі оқу-тірбие жүйесіне қолдану жолдарын көрсету.
Міндеті :
1. Халық шығармашылығының эстетикалық тәрбие берудегі зерттеу деңгейіне сипаттама беру.
2. Халық өнер мұраларының тәлім-тәрбие ерекшеліктерін ашып, тәрбие процесінде қолдану жолдарын көрсету.
3. Ақын-жыраулар, музыкалық поэзиядағы тәлімдік ой-пікірлерді жүйелеп, іске асыру жолдарын белгілеу.
Зерттеу объектісі : Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие беру мұралары.
Зерттеу пәні : Халықтық педагогиканың мұраларының, шығармаларының озық үлгілерін оқу-тәрбие процесінде қолдану жолдары.
Зерттеу болжамы : Егер халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие беру үлгілерін алып, уақыт талабына сай, тиімді қолданса балалардың эстетикалық талғамын, сезімдерін дамытып, эстетикалық тәрбие беруге болады.
Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие берудің озық үлгілерін тәрбие процесінде қолдану жолдарын зерттеген ғалымдар.
.
Қазақ ағартушылары Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың эстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбектер жазып қалдырмағаны белгілі. Алайда, олар өздерінің саяси-қоғамдық, ғылыми және әдеби еңбектерінде қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің, өнерінің даму барысына аса көп көңіл бөлді. Халық шығармашылығын жинап, зерттеу арқылы қазақтардың эстетикалық талғам деңгейін, болмысқа деген эстетикалық көзқарасын көрсете білді, эстетикалық тәрбиеге байланысты көптеген құнды пікірлер айтты.
Қазақ ағартушыларының эстетикалық көзқарастары мен орнықты пікірлері халықтың дүниетанымдық көзқарастарымен тығыз байланыстылығы сол өздері өмір сүрген дәуірдегі тарихи жағдайлардан туындап отыр. Ол- заңды құбылыс. Бұл жердегі басты мәселе ағартушылардың эстетикалық тәрбиені жан-жақты, жүйелі талдап зерттеуінде емес, керісінше, мүмкіндігінше сол проблемалар жайлы сөз қозғап, өз көзқарастары мен пікірлерін айтып тұжырымдауында жатыр.
Қазақтың ұлы ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов өзінің аз ғұмырында көптеген баға жетпес құнды еңбектер қалдырды.
Оның ағартушы ретінде айтқан ой-пікірлері, кейбір ескертпелері мен болжамдары қазақ халық шығармашылығына байланысты. Мысалы, халықтың поэтикалық өнерінің адамгершілік тәрбиесіне ықпалы туралы пікірін өлең, мақал-мәтелдер, эпостар жинағынан кездестірсек, өнердің эстетикалық тәрбиедегі рөлі жайлы пікірін ән-күйлер мен архитектуралық құбылыстар суреттемелерінен көреміз. Сондай-ақ табиғаттың да адамгершілік-эстетикалық тәрбиесіне деген пайдасы оның күнделіктерінде, сапарнама тұрғысынан жазған еңбектерінде тұжырымды берілген.
Шоқанның халық шығармашылығына деген сүйіспеншілігінің қалыптасуына, көркемдік талғамының жетілуіне, ой-өрісінің, рухани әлемінің кеңи түсуіне бірнеше факторлар әсер етті.
Шоқаның балалық шағы Көкше өңірінде- Оқжетпес, Құсмұрын, Сырымбетте өтті. Бұл өңір баршаға өзінің тарихи аңыздарымен, ғажайып сұлу табиғатымен, атақты майталман суырып салма ақын, әнші-күйшілеріен белгілі. Бұлар Шоқанның рухани жетілуіне, көркемдік талғамының қалыптасуына тікелей әсері болғаны күмәнсіз.
Бала жасынан әжесіАйғанымнан ертегі, тарихаи оқиғалар мен батырлар туралы естеліктерді естіп өсуі Шоқанның туған жер, ел, Отан алдында жауапкершілігін арттырды, халық мұрасын бағалап, сүйе білуге үйретті. Оның ой-өрісінің кеңеюіне, көркемдік талғамының жетілуіне орақ ауыз, от тілді ақын-жыраушылар, бал таңдай әншілер, саусағынан өнер тамған күйшілерден естіген қазақ халқының тарихи шындығын бейнелейтін әндер мен лирикалық әуенднрі, эпикалық жырлары мен толғаулары, тариха күйлері де өте зор әсер етті.
«Ата көрген оқ жонар дегендей» Шоқанның көркемдік танымының қалыптасуына әкесі Шыңғыстың ықпалы айрықша болды. Шыңғыс- қазақтардың салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, өнерін зерттеген орыс ғалымдарымен, жазушыларымен байланыста болды, оларға қажетті материалдар жинауға көмектесті. Зерттеушілердің өтініші бойынша халықтың ауызекі шығармашылығы нұсқаларын жинауға атсалысқан. Мұның бәрін жүзеге асыруда бала Шоқанның көмегі де аз болмады. Мысалы, Шыңғыс полковник М. Ладыженскийдің қазақ халқының өлең-жырларын, аңыз-ертегілерін, бұрынғыдан қалған сөздерін, хиссаларын, мақал-мәтелдерін жазып жібергейсіз деген өтінішін орындау мақсатымен әйгілі ақын-жыршыларды талай рет үйіне шақыртып, халықтың өлең-жырлары мен аңыздарын бала Шоқанға жаздырып алып, Омбыға жіберіп отырған. Осындай ұлағатты іске Шоқанның бала кезден араласуы өз халқының мәдениетін, әдебиетін, өнерін ерте танып білуіне себепкер болды, халық байлығын көзінің қарашығындай сақтауға үйретті, естігенін қағаз бетіне түсіре білу дағдысын қалыптастырды, халықтың өмірін терең, тиянақты зерттеуге итермеледі.
Ш. Уәлихановтың орыс мәдениеті мен ғылымының атақты қайраткерлерімен достығы және олармен жақын араласуы оның ағарушылық қызметі мен қоғамдық, эстетикалық көзқарасына дұрыс бағыт берді.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы Шоқан Уәлихановтың дүниетанымдық, эстетикалық көзқарасының қалыптасуына ықпал еткенін, оның ауызекі шығармашылықтың тәрбиелік мәнін кезінде дұрыс түсінгенін, оған тәрбие құралы ретінде қарағанын көрсетеді. Оның «егер Гомердің поэтикалық аңыздаулары, Геродоттың естіп алып, жазып қалдырған аңыздары азды-көпті тарихилық мәнге ие десек, егер әрбір шал-пұла, қисынсыз аңыз-әңгімелердің өзінің негізінде оқиға мен шындық жатады десек, қазақтардың ұнамды және жүйелі аңыздауларында… тарихи мән болуы шүбәсіз», - деген пікірдің өзі-ақ халықтың ауызекі шығармашылығының қандай жағдайда болмасын таныла білетініне кәміл сенгендігін байқатады.
Шоқанның бұл пікірі оның зерттеу жұмыстарының ұзына бойына арқау болып отырды. Шоқанның зерттеу әрекетінің басты мақсаты- ауызекі шығармашылық арқылы халықтың өмір жайлы ой-арманын, тілегін көрсету, ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерге көңіл аудару, оны халықтық тәрбиенің құралы, әдіс-тәсілі ретінде пайдаланғанын және оның болашақ ұрпақтар тәрбиесіне де қажет екенін ескерту. «қалай дегенмен де өмірдің, өз қоғамының ұғымдары мен қатынастарының бейнесі ретінде қазақтар поэзиясы өте қызықты және көңіл аударатын көптеген жақтары бар», - деп атап көрсетті.
Шоқан шығармаларының мазмұндылығы, көркемділігі. өз басының өмірге деген азаматтық құштарлығы өз дәуірінің әлеуметтік жағдайын жақсы түсініп, жан-жақты талдай білетіні, байқампаздығы мен пікірлерінің жандылығы, нақтылығы, жазған тақырыбы саласынан түсінігінің молдығы таңдандырады. «Болмасаң да ұқсап бақ» дегендей оқырмандарын өзіне баурайды, еліктіреді.
Шоқан Уәлиханов ауызекі шығармашылық арқылы халықтың болмысқа деген эстетикалық көзқарасын, талғамын, эстетикалық сезімін көрсете білді. Ол әсіресе 1856 жылы атақты Жанақ ақыннан естіп, жазып алған «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» эпосының поэтикалық көркемдік ерекшелігін жоғары бағалады. Шоқанның айтуынша бұл тек қазақ халқының арасында ғана тараған жыр емес, көптеген Шығыс халқының арасында да кең танымал. Шоқанның Жанақтан жазып алған нұсқасы әлі күнге табыла қоймағанымен, М. Әуезов бұл жырдың басқа нұсқаларға қарағанда түпнұсқаға жақын екендігі туралы көңілге қонымды пікір айтқан. Эпостың қай нұсқасында болмасын, халықтың өткендегі әдет-ғұрпы, тұрмыс-салты, адамдардың өзара қарым-қатынастары, қайырымдылық пен жауыздық, екі жастың бір-біріне деген таза сүйіспеншілігі жырға қосылады. Шоқан бұдан басқа да эпикалық аңыздарды жазып алды. Эпостардағы бір ерекшелік- «өлеңдері домбыраның, қобыздың, ым мен дене қимылдарының сүйемелдеуімен айтылып, ел арсына тарайды, кейбір өлеңші ақын өз тарапынан сол өлеңге кіріспе және қортынды сөз қосып отырады». Бұл тыңдаушыларға естіген өлеңдерін әсерлі тұрғыда қабылдауына, көркемдік талғамының жетілуіне әсер етеді, ұзақ орындалатын өлеңнің мазмұнын тез меңгеруге, дұрыс түсінуге көмектеседі.
Ш. Уәлиханов сонымен қатар шебер манасшының орындауында «Манас» дастанын естіп, көпшілік қалай эстетикалық ләззат алғанын айтып өтеді. «Шебер манасшылардың әңгімелері тыңдаушыларын қызықтырғаны сонша, бірі де аяғына дейін кетпейді, тіпті «Манасты» аяғына дейін тыңдау үшін түніңіз де жетпейді», - дейді. Олай болатын себебі, «Манас»- бір кезеңге және бір адамның- Манас батырдың төңірегіне топтастырылған барша халық ертегілерінің, хикаялары мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдет-ғұрып жөніндегі түсініктерінің энциклопедиялық жинағы. «Манас»- бүтін бір халықтың шығармасы, соның көп жылдық шығармашылығының жемісі- дала Илиадасы десе де болғандай.
Шоқан өз еңбектерінде басқа халықтардың шығармашылығына қажетті мағлұматтар береді.
Шоқан ауыз әдебиеті үлгілерінің ішінде эстетикалық тәрбиенің таптырмас құралы- ертегілер жайлы құнды пікірлер айтады. Ертегілердің мазмұнының бай екендігін ескертеді, ондағы батыр, жезтырнақ, алып секілді көптеген кейіпкерлерді көрсету арқылы адам баласының жағымды жағымсыз моральдық қасиеттерін ажырата білуге, әдемілікті сезіне, қабылдап тани білуге шақырады. Мақал-мәтелдерді жинақтау арқылы халықтың балалар мен жастар тәрбиесінің әлеуметтік-тарихи тәжірибесін әсерлі көрсете білді. «Оңтүстік Сібір губернияларының тарихына аңғармалар», «18 ғасыр батырлары туралы тарихи аңыз-әңгімелер» деген еңбектерінде қазақ халқының тарихи аңыз-әңгімелерінің мәніне тоқталды, тарихта болған батырлардың, белгілі хандар мен билердің ісін, өмірін әңгімелейді, қызықты деректер келтіреді. Шоқанның бұл аңыз-әңгімелері өзінің мазмұндылығымен, ғылымилығымен тартымды. Шоқанның мақсаты болашақ ұрпаққа халықтың өткендегі өмірінің ақиқатын толығырақ, тереңірек түсіндіруге көмектесу, көрнекті адамдардың іс-әрекетімен таныстыру, мәдени мәнін ашып көрсету.
Эстетикалық тәрбиеге тікелей қатысы бар халықтың сөз өнері ақындық, жыршылық, әншілік, күйшілік өнерлері де Шоқан зерттеулерінен тыс қалмаған. Музыкалық аспаптардың түрлеріне де тоқталып өткен. Сөз өнерін түсінетін, әлеуметтік, көбінесе мәнді мәселелерді қозғайтын, табан астында сөз тауып кететін ақындарды жоғары бағалады. Оның тыңдаушыларына әсерлі тұрғыда әсер ететінін айтты.
Халық арасынан шыққан сыбызғышылар мен қобызшыларды, жыр-дастанды орындаушы жырауларды тыңдап, түсіне білуге шақырды. Олардың сазды әуенді аспаптармен еркін сүйемелдейтінін жоғары бағалады. «Дала жыршыларының бәрі әдетте қобыздың сүйемелдеуімен ән салады» деп бұрын қобыз аспабына аса назар аударылғаны туралы жазады. Алайда, 18-19 ғасырларды халық фольклорынан көптеген ән-күйлер, жырлар, аспаптар ұмыт бола бастайды. Шоқан бұған үлкен өкініш білдіреді, оның себебін Ресеймен қосылғаннан кейінгі кезеңдердегі әлеуметтік-мәдени өзгерістерге халық музыкасында жаңа әндер мен домбыра аспабымен орындалатын күйлер көбеюіне байланысты деп топшылайды. Өзінің осы ойын «Қазақ халық поэзиясы туралы» деген мақаласында «домбыра және жаңа әндер енді жыр мен қобызды мүлдем ығыстырды» деп тұжырымдай түседі.
Шоқан жастардың рухани қорын, мәдени-эстетикалық деңгейін кеңейту мақсатымен көршілес халықтардың музыкасы ме аспаптары туралы да бағалы деректер қалдырды. Өзінің Қашқарияға барған сапарында ұйғыр, қалмақ, сібе халықтарының музыкасы жайлы мәліметтер алып қайтады. Саяхат барысында үш шекті лютнямен сүйемелденген әнді естіген, саусаққа киетін ағаш кастаньетпен ән салып жүрген Қытай монахтарын кездестіргенін, ұйғыр музыканттарының күйін тыңдағанын, керней сияты ұзын мыс түтікпен, флейтасы қосылып музыка тартылғанын және дап, нағра, дұмбақ сияқты ұрып ойналатын аспаптарды көргенін жазады.
Музыка өнерін зерттеуші Б. Сарыбаев: «Біз Шоқанның еңбектерінен өзімізге таныс музыкалық аспаптар домбыра, қылқобыз, сыбызғы туралы мағлұматтармен қатар, осы кезде ұмыт болған шыңдауыл, мүйіз сырнай, асатаяқ, хонбе сияқты аспаптар жайында да құнды деректер тауып отырмыз. …олардың Уәлиханов еңбектерінде сипатталып жазылуы музыкалық аспаптар дамуы тарихынан көптеген сыр шертеді», - дейді.
Осы Шоқан жиған аспаптардың кейбірі, мәселен, сыбызғы бүгінгі күнде өз орнын халық аспаптар музейінен тапқан. Оны Шоқан 1860 жылы белгілі Қашқар сапарынан арнайчы алып келген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz