ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

:
КІРІСПЕ: КІРІСПЕ
5: 5
: 1
КІРІСПЕ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК
5: 9
: 1. 1
КІРІСПЕ: Халықаралық қауіпсіздік құқығының ұғымы, мақсаттары, қағидалары, ұжымдық қауіпсіздік
5: 9
: 1. 2
КІРІСПЕ: Халықаралық бақылау, қарусыздану және қарулануға шек қою
5: 23
:
КІРІСПЕ:
5:
: 2
КІРІСПЕ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
5: 31
: 2. 1
КІРІСПЕ: Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы, реттеу заты және қайнар көздері
5: 31
: 2. 2
КІРІСПЕ: Халықаралық гуманитарлық құқықтағы соғыс құқығының салдары
5: 38
: 2. 3
КІРІСПЕ: Coғысты жүргізу құралдары
5: 42
:
КІРІСПЕ:
5:
: 3
КІРІСПЕ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
5: 50
: 3. 1
КІРІСПЕ: Халықаралық гуманитарлық құқықты зtрттеу қағидалар жүйесі
5: 50
: 3. 2
КІРІСПЕ: Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің құқықтық мәртебесі
5: 56
:
КІРІСПЕ:
5:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
5: 57
:
КІРІСПЕ:
5:
:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
5: 60

ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

ҚР- Қазақстан Республикасы

ҚРК- Қазақстан Республикасының Конституциясы

ҚРКК- Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес

ҚРХҚ- Қазақстан Республикасының Халықаралық құқық

БҰҰ- Біріккен Ұлттар Ұйымы

БҰҰБА- Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы

ХҚКК- Халықаралық Қызыл Крест Комитеті

КСРО- Кеңес Социалды Республикалар Одағы

ТМД- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

АҚШ- Америка құрама штатары

АБҰ- Африка бірлік ұйымы

АЕЛ- Араб елдерінің Лигасы

АМҰ- Америка мемлекеттер ұйымы

ЕҚЫК- Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық комитеті

ДИАКБ- Демократиялық институт және адам құқықтары жөніндегі бюро

т. б- тағыда басқа

с/с- сәйкес

т. с. с- тағы сол сияқты.

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі: Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, ҚР Конституциясын қабылдадық деп айтып кетуіміз жөн деп ойлаймыз.

Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады. 2. Конституцияның ең жоғары заңды күшi бар және Республиканың бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады. 3. Республика бекiткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады. 4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау оларды қолданудың мiндеттi шартты болып табылады. [1]

Сондықтан еліміз жаңа әлемдегі деңгейге аяқ басқан қазіргі таңда халықаралық гуманитарлық құқықты дамыту аса өзекті мәселелердің бірі ретінде алға қойылып отыр. Қазіргі кездегі нарықтық экономика мен әлемдік кризисті қарастыра-отыра, әлемдік кризистің құрамдас бөлігі ретіндегі әлемдік мемлекеттер арасындағы халқаралық даулар мен жан жалдықты алдын алушылық шаралар қолдану үшін халықаралық гуманитарлық құқықтын міндеттері мен негізгі қағидаларын дамыту ел алдында ғана емес бүкіл халықтын міндеті десек артық емес деп ойлаймыз. Нарықтың құрамдас бөлігі ретінде халықаралық гуманитарлықты дамыту ел алдына қойылған үлкен міндет. Олай болса, халықаралық гуманитарлық құқықтары туралы біліп ғана қоймай, терең зерттеулер жүргізуді талап етеді.

Сондықтан қазіргі халықаралық гуманитарлық құқықты зерттеу, оның негізгі артықышылықтары мен кемшіліктерін білу кез-келген мемлекеттік саяси жүйесі үшін аса маңызды болып табылады.

Қазақстан Республикасының халықаралық құқыққа сәйкес гуманитарлық құқық әлемдік құқықтық жағдайын теориялық және құқықтық тұрғыдан қарастыру болып табылады. Бұл мәселеге жалпы халықаралық гуманитарлық құқыққа қарастыру тұрғыдан мән берер болсақ ол тіпті әлемдік деңгейде әлі күнге дейін, өз шешімін таппай отырған үлкен бір өзекті мәселелер қатарында тұр десек артық айтпағандық болар еді. Сонымен бірге біздің ойымызша осы қарастырылатын мәселелердің өзектілігін сондай-ақ мына мән жайлардан-ақ байқап көруге болар еді. XX ғасырдың басында Репарациялық шаралар екінші дүниежүзілік соғыс кезінде одан әрі рәсімделе бергендіктен. Германияның антигитлердік елдерге келтірген залалы 200 млрд. доларды құрады, ол Германияның барлық ұлттық құндылықтарының көлемінен асып түскендіктен, оған залалды толық көлемде өтемеу қағидасы қолданылды. мұнан басқа, 1945 ж. Ялта және Потсдам конференцияларында репарация көлемін айқындаған кезде, репарациялық шаралардың шамаға шақ қағидасы ескерілді, өйткені олардың эканомикалық дамуына кері әсерін тигізбеуі керек болатын. Сондай-ақ, Германияға қарсы соғысқан және зиян шеккен барлық мемлекеттерге репарация алу құқығы берілген жоқ, ондай құқық тек аумақтарында соғыс қимылдары жүргізілген және аумақтарды басып алынған мемлекеттерге ғана берілді. Сол тарихи кезіңде екінші дүниежүзілік соғыстан киінгі БҰҰның бейбітшіліктер мен мемлекеттер арасындағы даулар мен жан жалдарды тоқтату үшін, сонымен қатар соғысты реттеу үшін бүкіл әлемдік мәселеге айналып, осы мән жайларды қазіргі кезде халықаралық гуманитарлық құқықта қарастыруға болады.

Сонымен халқаралық құқыққа тоқталып өтсек, Халықаралық гуманитарлық құқық - бұл ізгілік қағидаларына негізделген және қарулы қақтығыстар салдарын шектеуге бағытталған құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығы. Ол әскери қимылдарға тікелей қатыспаған немесе қатысуын тоқтатқан адамдарды қорғайды және соғыс жүргізу құралдары мен әдістерін таңдауды шектейді. Халықаралық гуманитарлық құқықты сондай-ақ «соғыс құқығы» немесе қарулы жанжалдар құқығы деп те атайды. Халықаралық гуманитарлық құқық мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтың бір бөлігі болып табылады. Халықаралық гуманитарлық құқықтың қалыптасуының қайнар көздері ретінде ережелер мен нормаларды айтуға болады, олар әлемнің барлық діндері мен мәдениеттерінде кездеседі. Осы заманғы халықаралық гуманитарлық құқықтың дамуы 1860 ж. басталды. Сонан бері мемлекеттер осы заманғы жағдайлардағы соғыс жүргізу тәжірибелеріне негізделген және ізгілік пен мемлекеттердің әскери талаптарының арасындағы қатаң тепе - теңдікті орнатуға арналған әдеттегі ережелердің бірқатарын мойындауға келісті. Халықаралық гуманитарлық құқықтың дамуына үлес қосқан мемлекеттер саны артты. Халықаралық гуманитарлық құқық екі құқықтық проблеманың зерттелуін қамтиды: 1. әскери қимылдарға тікелей қатыспаған немесе қатысуларын тоқтатқан адамдарды қорғау; 2. соғыс жүргізу әдістеріне, атап айтқанда, қарудың кейбір түрлерін және әскери тактиканы қоса алғанда, әскери қимылдар жүргізу әдістеріне шектеулер қою. [2]

Халықаралық гуманитарлық құқықты реттеудің пәні мемлекетаралық қатынастарды мынадай мәселелер төңірегіңде жүйеге келтіруден құралады: соғыстың басталуы; соғысқа қатыспайтын мемлекеттердің бейтараптығы; соғысушьшардың соғыс күралдарын тандаудағы шектеулері; соғысушылардың соғыс жүргізу тәсілдеріндегі шектеулері; соғыс құрбандарын қорғау; соғыс кезінде мәдени қүндылықтарды қорғау; соғыста жаулап алу ережелері; мемлекеттердің күқық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі; соғыс қимылдарының аяқталуы; соғыстың аяқталуы. Қарулы қақтығыста құқық ережелерін бұзғаны үшін жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершіліктері және т. б.

Зерттеу маңыздылығы: міне бүгінде біздер осы жайларға және өзге де мәселелерге жете мән берер болсақ Халықаралық гуманитарлық құқық саласын үнемі әрі үздіксіз жетілдіру қажеттілігін аңғару қиын емес деп білеміз.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Біз дипломдық жұмысымызда Халықаралық гуманитарлық заңдары мен халықаралық құқықтық шарттары бойынша халықаралық гуманитарлық құқық қатынастағы болып табылатын субъектілердің әлемдік жағдайын теориялық тұрғыдан талдау жасауға, сондай-ақ осы халықаралық деңгейдегі қатысушылардың, яғни соғыс құқығына душар болған субъектілердін және бейбітшілдерге (Қызыл Крест Комитеті мен БҰҰның қарамағындағы бейбітшілдік әскері) қатысты олардын құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты қазіргі кезде тәжірибеде жиі кездесетін өзекті теориялық және тәжірибелік мәні бар сұрақтарды қарастырдық.

Осыған сәйкес көздеген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді алға қоямыз:

- Халықаралық қауіпсіздік, оның ұғымы, мақсаттары, қағидалары, ұжымдық қауіпсіздік ұғымына тоқталып оның халықаралық деңгейде бақылау жүргізуді талдап теориялық тұрғыда ашу;

- Халықаралық гуманитарлық құқықтың жалпы ережесіне талдау жасау;

- халықаралық гуманитарлық құқықтың ең өзекті мәселесініндегі соғысты жүргізу құралын қарастыру жолдарын теориялық талқылау болып табылады.

Зерттеу әдістері: Біз дипломдық жұмысымызда ең алдымен халықаралық гуманитарлық құқықты қарастырмас бұрын жалпы халықаралық құқықтың халықаралық құқықтағы қауіпсіздіктің ұғымын, мақсаттарын, қағидаларын, ұжымдық қауіпсіздікті және сонымен қатар халықаралық бақылау, қарусыздану және қарулануға шек қоюды, содан келіп халықаралық гуманитарлық құқық және халқаралық құқықтағы гуманитарлық құқық мәселесінің өзекті мәселесі қарастырылды, яғни соғысты жүргізу құралдарына теориялық және құқықтық тұрғыда мүмкіндігінше тереңірек қарастыруды мақсат етіп қойдық. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі гуманитарлық құқықтық қатынастарды реттейтін заңнамаларға теориялық тұрғыдан сараптама жасап кеткіміз келді.

Ғылыми жаңалығы: Халықаралық гуманитарлық құқықтың төңірегінде көптеген жаңалықтар мен ғылыми еңбектер жазылуда. Солардың ішінде отандық авторлар мен шетелдік авторлардың еңбегі көптеп кездеседі. Мысалы: Нәрікбаев М. С., Құлжабаева Ж. О., Арцибасов И. Н., Блищенко И. П., Егоров С. А., Богуславский М. М., Котляров И. И., Мелков Г. М., Полторак А. И., Савинскии Л. И., Пустогаров В. В., Фуркало В. В., Хлестов О. Н., Блищенко И. П., және т. б.

Зерттеу құрылымы: Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде Халықаралық құқықтағы қауіпсіздіктің жалпы сипаттамасы: ұғымы, мақсаттары, қағидалары, ұжымдық қауіпсіздіктің ұғымы мен түрлері қарастырылған.

Екінші бөлімде Халықаралық құқықтағы гуманитарлық құқықтың жалпы ережелері мен қатынастары, соның ішінде оның ұғымы, реттеу заты, қайнар көздері, халықаралық гуманитарлық құқықтағы соғыстың құқықтық салдары мен соғысты жүргізу құралдары қарастырдық. Халқаралық гуманитарлық құқықтың мәнін ашып, оның қызмет ету және реттеуінің халықаралық нормативті құқықтық актілерін, сонымен қатар оның негізгі индикаторлары мен зерттеу жолдарын қарастырады.

Үшінші бөлімде Халықаралық гуманитарлық құқықтағы зерттеу мәселелері, соның ішінде халықаралық гуманитарлық құқықты зерттеу қағидалар жүйесі мен халықаралық Қызыл Крест Комитетінің құқықтық мәртебесін жетілдіру жолдары қарастырылады. Зерттеу нәтижесі қорытындыда қарастырылады.

  1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

1. 1 Халықаралық қауіпсіздік құқығының ұғымы, мақсаттары, қағидалары, ұжымдық қауіпсіздік

Ең алдымен біз диплом жұмысын бастар алдында оның тарихи қалыптасуына тоқталып откеніміз жөн болады деп ойлаймыз. Сонымен. халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері қазіргі күнге дейінгі тарихты қарастырамыз, сонымен қатар халықаралық құқық дамуының әр кезеңіне тән негізгі халықаралық құқықтық пікірлер мен институттарды анықтаймыз.

Халықаралық құқықтың пайда болуы әр негіз бойынша, халықаралық құқықтың және халықаралық құқық ғылымының тарихи кезеңдері әр түрлі ұсынылды, бірақ тарих бойынша барлық кезендерді ежелгі ғасыр, орта ғасыр, жаңа ғасыр және қазіргі уақытқа бөліп қарастырамыз.

Халықаралық құқық мемлекетаралық, ұлтаралық қатынастарды, бейбітшілік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатын реттейтін және қоғамның даму тарихының бір бөлігі болып табылатын, көпғасырлық даму тарихы бар құқық ретінде белгілі. Халықаралық құқық ғылымын толық және терең зерттеу үшін халықаралық құқық доктринасында халықаралық құқықтың даму тарихының маңызы мойындалады. Басқа да ғылымдар сияқты, халықаралық құқықта да дау туғызатын, шешілмеген көптеген мәселелер бар. Қазіргі күнге дейін халықаралық құқық қашан пайда болды деген қағидалы мәселе шешілмеді. И. И. Лукашук халықаралық құқық ғылымында қалыптасқан негізгі жауаптың 3 түрін белгілейді:

а) халыкаралық құқық тайпаралық қатынастар тұсында пайда болды;

б) халықаралық құқық мемлекетпен бірге пайда болды;

в) халықаралық құқық Еуропада тәуелсіз мемлекеттер жүйесі қалыптасқан кезде, орта ғасырдың аяғында пайда болды.

Халықаралық шарттар құқығы шарттық-құқықтық нормалар жиынтығын құрайтын халықаралық шарттар жасау тәртібін жарамдылық шарттарын әрекет етуімен тоқтатуын айқындайтын халықаралық құқықтық жария құқықтың бір саласы. Бұл сала осы заман халықаралық құқықтың қызмет тәртібін шарттық нормаларын жасау тәртібін, олардың жарамдылығын, әрекет ету, тоқтату рәсімдерін өзіне жүктелген міндеттерді орындалмау құқықтық сала. Шарттық құқықтың мұндай басым рөлі оның реттеу объектісінің ерекшелігіне осы заман халықаралық құқықтық маңызымен сондай ақ халықаралық шарттар құқығынын қайнар көздерін өзгешелікпен айқындалады, халықаралық шарт құқығының осы құқықтың объектісі болып табылады. Халықаралық шарт бұл халықаралық құқықтық субъектінің ең алдымен және негізгі орайда мемлекет еріктерін келісімімен көрінісі[3] . Ол тараптарын өзара мүдделер мәселелері бойынша жасалады және қатынасы халықаралық құқықтық негізіне сай өзара құқықтар мен міндеттерді жасау жерімен реттейтін шарттық ережелер болып табылады. Шарттар 2-ге бөлінеді: 1. тең құқықты. 2. тең құқықсыз. Жария құқықтық субъектісі сапалы шарттық тәжірбиелер үшін тең құқықтық шарттардың орны ерекше. Тең құқықсыз шарттарды былайша сипаттауға болады:

  • шарттың негізгі субъектісі мемлекекет тәуелсіздігін сыртқы жағымен шектеу;
  • халықаралық құқықтық субъектінің құзіретін құрайтын қол сұғу;
  • келісуші мемлекет құқығы мен міндеттерді бөлісудегі әжептәуір үлеспеушіліктін болуы;
  • қаржылық мемлекеттің сәйкессіздігі өзара тиімділік болмауы- тиімділіктің жоқ болуы;

Халықаралық шарттар мемлекет арасында туындайтын дауларды бір шешіммен шешеді. Тиісінше халықаралық келісімдер мемлекет арасында бір мезгілде пайда болған. Халықаралық шарттар құқығының процесі рим құқығының әсерінде, оның ішінде міндеттемелер құқықтық нормаларына көп шығады. Pacta Svnt Servanta - шарттар орындалу тиіс деген шарттар негізгі ережесі рим құқығынан алынған. Халықаралық шарттар туралы 1928 жылы америкалық конференция жүйеленген алғашқы халықаралық құқықтық акт болып табылды. Шарттар құқығы туралы мәселе 1958 жылы болған құқықтық комиссиясын жүйелеу жұмыстарын енгізді. 1968 жылы шақырылған халықаралық шарттар құқығы жөніндегі Вена конвенциясы 1969 жылы қабылданды. Ол 1980жылы 27 қаңтарда күшіне енді. Қ. 1990 жылы 30 наурызда қосылды. Бұл бап 88 баптан және қосымшалардан тұрады. 1986 жылы халықаралық қауымдастық мемлекеттік халықаралық ұйымдар арасындағы халықаралық құқыққа ие туралы Вена конвенциясы құрады. Осы норматив актілерді қолдану үшін баптар нормативтеріне сәйкес 1978 жылы тағы бір маңызды жүйелер актісі мемлекеттік шарттарға қатысты құқықтық Вена конвенциясы қалыптасты. Халықаралық жария құқығының барлық субъектілері шарт құқығының негізгі субъектісі бола алады. Барлық мемлекеттердің халықаралық құқықтық шартқа құқығы бар. Әр мемлекеттің шарттар жасасуға құқықтық қабілеттілігі бар деп 69 конвенцияда бекітілген. Сонымен бірге мемлекет шарттың белгілі бір келісім жасау құқығы бар. Халықаралық келісімге сәйкес ұдайы бейтарап мемлекеттік қорғану сипатындағы, олар шарттар жасайды. Әскери одақтар, әскери көмектер туралы келісім жоқ. Өздерін тәуелсіз үшін күресуші ұлттарды, олардың халықаралық субъектілері бір-бірін құрайды. Халықаралық іс тәжірбиеде түрлі салалар көпжақты шарттар кездеседі. Олардың өзіндік жағдай ретінде аралас немесе күрделі деп атауға болады. [4]

Халықаралық шарттарды жасау дегеніміз бірнеше жүйелі шарттарын құрайтын күрделі процесс. Оның күрделілігін шарт объектінің күрделілігімен, қатысушылардың көлемімен, табиғатымен, кейбір жағдайларды саяси жағдайлармен түсіндіруге болады. Осы шарт процесіне халықаралық шарттың қатысушылар тарапының заң әрекетімен тұтастай бірқатар сатылары кіргізіледі. Олар: келіссөздер жүргізуге уәкілетті тұлғаларын тағайындау, оларды тексеру, шарттық мәтінін үйлестіру, жобасын талқылау және қабылдау, шарттың түп нұсқасын жасау, қол қою, ескертулерді жариялау, шартты бекіту, бекіту грамоталарымен алмасу және депоненттеу шартты жариялау. БҰҰ шартын тіркеу, халықаралық шарттың рәсімін қарастыру, әдебиеттерде әдетті өкілеттікті беруден басталады. ҚР-дағы шет мемлекет дипломатияның басшысын немесе халықаралық ұйым жанындағы өкілдігінің басшысы тиісінше өзі барған мемлекет пен немесе осы халықаралық ұйымның шеңберінде Қазақстаның халықаралық шарттарын жасау жөнінде арнайы өкілетсіз келіссөздер жүргізуге құқылы. Егер олардың арнайы өкілеттіктері болса, шарттарға қол қоюға құқығы бар. ҚР министірлігі мемлекеттің комитет төрағасы, өзге де атқару басшысы, сондай-ақ Қазақстан Президентіне толық бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшысы өз құзырындағы мәселер жөніндегі арнайы өкілетсіз-ақ келіссөздер жүргізуге және Қазақстанның ведомстволық шарттарға қол қоюға құқылы. Халақаралық шарттардың келісімге мәтін жасау шарт процесіндегі міндетті саты болып табылады. Осы сатыға шарт жобасын талқылау мен қабылдау және оның тұтнұсқасын бекіту кіреді. Келіссөздер жүргізу келісілген мәтінді дайындаудың негізгі сатылары:

  • әдеттегідей дипломатиялық көздерді пайдалану;
  • халықаралық конференцияның қызметі;
  • халықаралық ұйымдардың қызметі;

Әдеттегідей дипломатиялық арналар келісуші тараптардың дипломатиялық өкілдік қызметтен тұрады. Олар шарттың жобасы бойынша келіп түскен ұсыныстарды талқылап мәміле, өзара талаптар арқылы өздерінің позицияларын үйлестіреді. Халықаралық конференцияның қызметі шарт мәтінін үйлестірудің маңызды нысаны. Қазіргі кезде шарттың келісілген мәтіні бойынша мемлекет үкімет басшыларын жоғары деңгейде кездесулері кеңінен таралып келеді. Мысалы: Шанхай кездесуі, Алматы бас қосуы. [5]

Шарт мәтінің қабылдау дауыс берудің қажетті мәтіні, оның көмегімен мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың өкілетті тұлғалары шарттың мәтінімен келісетінің білдіреді. Екі тарапты шарттар және аз мемлекеттер қатысатын шарттардың мәтіні келіссөзге қатысқан барлық мемлекет дауыс беру арқылы қабылданады. Рәсім ережелері дауыс беру нысанын айқындайды. Ең көп қолданатын қол көтеру арқылы дауыс беру. Шарттың қабылданған мәтіні түпкілікті деп атайтын рәсім мәтінің түпнұсқасын бекіту деп аталады. Түпнұсқалық мәтін дегеніміз- бір немесе бірнеше тілде жазылатын мәтін, олар бірдей түпнұсқалық деп қарастырылады және бірдей заң күші болады. Мәтінің түпнұсқасын бекітетін мындай нысан қолданылады:

  • Қол қою ( парафирлеу, француз сөзі) . Халықаралық шартта уәкілетті адамның аты-жөні бас әріппен алдын ала қол қою;
  • Халықаралық конференцияның қорытынды актілеріне шарттың мәтінін енгізу;
  • Халықаралық конференцияның қарамағына шарттың мәтінін енгізу;

Халықаралық шарттқа қол қоюдың 2 түрі бар: түпкілікті және түпкілікті емес. Шартқа қол қою егер шарт кейін үкіметтің бекітуін қажет етсе, яғни жоғарғы заң шығарушы орган шарт мәтінін бекіту қажет болған жағдайда уәкілетті адам жүзеге асырылады. Алайда қол қоюдың ол түрі соңғы емес және парафирлеуден мынандай айырмашылығы бар - ad referendum - мемлекеттік шарттың өзіне міндетті екендігімен келісу тәсілі, ал парафирлеу түп нұсқалықты анықтау мақсатымен ғана шектеледі, яғни парафирлеуден кейін қол қойылады. Аd referendum-ға қол қоюға растаудың кері күші бар, яғни қол қойғанан кейін мемлекет шарттық міндеттемелердің субъектісі болып табылады, ал парафирлеуде ондай кері күші болмайды. Аd referendum-ға қол қою парафирлеудегі сияқты уәкілетті адамның аты-жөні бас әріпімен шектелмейді, мұнда алдын-ала қол қою үшін уәкілеттіктің болуы шарт. [6]

Шарт жасаудың барлық сатыларында мемлекеттің ескертуге құқығы бар. Бекіту ратификациялау (шешілген, бекітілген) шарттардың маңызды сатыларының бірі. Ол мемлекеттік биліктің жоғарғы органының халықаралық шартты бекітуді көрсетеді. Бекітудің 2 тәсілі бар: бекіту грамотасы түріндегі, халықаралық және заң немесе жарлық нысанында және мемлекет ішіндегі. Қазақстан тәжірбиесінде бекітуге жататын халықаралық шарттың толық қамтылған тізімі бар:

1. Орындалуы қолданып жүрген заңдардың өзгеруін немесе жаңа заңдарын талап етуге, сондай-ақ Қазақстан заңдарында көзделгендей өзгеше ережелерд белгілейді;

2. ҚР-ң басқа мемлекеттермен аумақтық шекара аумасуы туралы ереже экономикалық аумағының және континенттік қайранынан ара жігі туралы шарттарды қоса ҚР басқа мемлекеттермен ара қатынасын жіктеуі туралы т. б. халықаралық шарттарды бекітуге жатады[7] . Халықаралық тәжірбиеде тіркеудің мынандай түрлері жиі кездеседі:

1. Бір тарапты- бұл кең таралған. Тараптың біреуі тіркеуде дербес түрде жүзеге асады.

2. Қайталама тіркелген шарт келісуші тараптың біріне тіркеуге беріледі;

3. Бірлескен бірнеше депозиттер болғанда;

4. Қосарланған. Бір шарт екі халықаралық ұйымдардың хатшысында тіркеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастығы
Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілігі
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі және оқу пәндеріндегі мемлекет және құқық теориясы
Қазіргі геосаясат жағдайындағы Қазақстан мен халықаралық ұйымдар қарым-қатынасы
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет жəне құқық теориясы
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ МЕХАНИЗМІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӘМБЕБАП ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Халықаралық құқықта құқықбұзушылық жасаған жеке тұлғалардың жауапкершілігін халықаралық-құқықтық реттеу
Федерациясымен қарым - қатынастары
Гуго Гроций кім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz