Халықаралық қылмыстық құқық және қылмыстылықпен күресетін ұйымдар


Халықаралық қылмыстық құқық және қылмыстылықпен күресетін ұйымдар
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗДЕРІ . . . 7
1. 1 Халықаралық қылмыстық құқықтың түсінігі және Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қылмыстық құқықты дамытудағы рөлі . . . 7
1. 2 Халықаралық сипаттағы қылмыстық істер және олармен күресудегі мемлекеттердің міндеттемелері . . . 13
1. 3 Қылмыскерлерді ұстап берудің құқықтық мәселелері . . . 22
2 ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚПЕН КҮРЕСУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ . . . 27
2. 1 Қылмыстық істермен күрестегі халықаралық ынтымақтастық . . . 27
2. 2 Қылмыстылықпен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі . . . 29
2. 3 Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымақтастығының
салалары . . . 35
3 ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚПЕН КҮРЕСЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР . . . 41
3. 1 Қылмыстылықпен күресетін халықаралық ұйымдар, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және қылмыскерлерді беру . . . 41
3. 2 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (Интерпол) . . . 48
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 56
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМІ:
АХАЖ -Азаматтық хал актілерін жазатын бөлім
АҚШ - Америка Құрама Штаты
АІЖК - Азаматтық іс жүргізу кодексі
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ГАЕ - Герман азаматтық ережелері
КСРО - Кеңестік Социалистік Республика Одағы
ҚР ҚК- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
МКАС - Мәскеу коммерциялық арбитраж соты
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттердің достастығы
ҚР АК - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
ҰОБ - Ұлттық Орталық Бюро
ХҚПК - Халықаралық қылмыстық және пенитенциарлық комиссия
ХҚҚ - халықаралық қылмыстық құқық
ХЖҚ- халықаралық жария құқық
Инкотермс - шетелдік коммерциялық терминдер
ЮНИДРУА-Жеке құқықты унификациялау жөніндегі халықаралық институт
ЮНСИТРАЛ-Халықаралық сауда құқығы жөніндегі БҰҰ-ның комиссиясы
КІРІСПЕ
Бұл тақырыптың өзектітілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. [1] . Осы келелі міндеттерді жүзеге асыру үшін елімізде заң шығару процессін халықаралық деңгейге дейін жетілдіру, қабылданған заңдардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету, өмірдің барлық салаларында құқық ережелерін қатаң сақтап, тәртіп бұзушылықпен қылмысқа қарсы пәрменді күрес жүргізу қажет.
Қылмыстардың жекелеген түрлерімен күресуде мемлекеттердің күштерін үйлестіру тарихта ежелгі уақыттан бері белгілі. Ынтымақтасудың негізгі түрі - халықаралық келісімдер бекіту. Олар: қылмыскерлерді беру туралы екіжақты шарттар, тергеу және сот тапсырмаларын өзара екі жақты орындау, кейбір қылмыстар мен қылмыскерлер туралы өзара мәліметтер алмасу, оларды іздеу мен ұстау, қылмыстылықтың өсуіне байланысты ынтымақтасудың жаңа түрлерін іздеу. Арнайы үкіметаралық және үкіметаралық емес халықаралық ұйымдар пайда бола бастады. Мемлекеттер мезгіл-мезгіл халықаралық конгрестер, конференциялар шақырып, онда қылмыстылықпен күресу проблемасын талқылаумен қатар, халықаралық сипаттағы нақты ескерту іс-шараларын жасайтын болды.
Қылмыспен қарсы күрес саласында, құқық ғылымы, оның ішінде қылмыстық құқық ғылымының ролі ерекше. Өйткені, еліміздің өмірінде болып жатқан сан-салалы әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес келетін қылмыстық құқық нормаларын дер кезінде осы өзгерістерге сәйкес әзірлеуде осы ғылым саласының міндетті. Өйткені, елімізде орын алған әр түрлі өзгерістерге сәйкес орын алатын қылмыстардың саны, деңгейі, ерекшелігі де болады. Еліміз бойынша тіркелген қылмыстардың саны жылма жыл арта түсуде. Бұл мәселеге байланысты Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев 1999 жылы мамыр айында облыс әкімдерінің республикалық жиынында ерекше мән беріп, ұлғайып келе жатқан ұймдасқан жемқорлық қылмыстарына, экономика саласындағы қылмысқа қарсы пәрменді күрес жүргізу міндеттерін алға қойды. Осы мәселеге байланысты елімізде 1992 жылы 7 наурызда Республика Президентінің «Жемқорлықпен ұйымдасқан қылмыстың нысандарына күресті күшейту шаралары туралы», 1998 жылы 2 маусымда «Жемқорлықпен қарсы күрес туралы», 1999 жылы 23 шілдеде «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар қабылдады. Осы аталған нормативтік-құқықтық актілердің негізгі бағыты қылмыстың сан алуан түрлерімен түбегейлі күрес жүргізу, олардың қарқынын тежеу, қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге жол бермеу болып табылады. Көпшілікке аян болып отырғандай көптеген қылмыстар ресми құжаттарды пайдалану, оны қолдан жасау, оған тиісінше өзгерістер енгізу арқылы алдау жолымен жүзеге асырылады. Мұндай қылмыстарды лауазымды адамдарды да, жеке тұлғаларда істейтіні белгілі.
Осы жұмыстың зерттеу мақсаты - негізгі мәселелердің бірі халықаралық қылмыстың жалпы мінезднмесінің ұғымын анықтау болып табылатынын көрсету.
Мақсаттына байланысты төмендегідей міндеттер анықталып, шешілді:
- халықаралық қылмыстық құқық және оның негіздеріне түсініктеме беру;
- қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығы анықтау;
- қылмыстылықпен күресетін халықаралық ұйымдарға түсініктеме беру;
Осы жұмыс бірнеше зерттеу әдістерінен тұрады. Біріншіден, халықаралық қылмыстың белгілерін қарастыру және ашып көрсету. Екіншіден, Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде қылмысты саннатау туралы арнаулы норма енгізіліп, онда қылмыстар сипатына және қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты саннатарға бөлу. Үшіншіден, халықаралық қылмыс пен басқа құқық бұзушылықтың өзара басты айырмашылығын көрсету.
Зерттеу объектісі болып қылмыстылық проблемасы бүгінгі таңға дейін әрбір мемлекеттің ішкі ісі деп есептеліп келді. Бірақ ұлттық қылмыстылықпен күресу жағдайы қазіргі уақытта жекелеген мемлекеттерге ғана емес, бүкіл адамзатқа қауіп төңдіретін қылмыстардың өсуімен күрделеніп, мемлекеттердің бірлесіп күресуін және күнделікті өзара ынтымақтасуын талап етеді. Мұндай ынтымақтасуды бірқатар факторлар қажет етеді.
Біріншіден, халықаралық қылмыстылықтың тұрақты өсуі, халықаралық терроризм, әуе көлігіндегі қылмыстар, заңсыз есірткі айналымы, қару-жарақ контрабандасы жөне басқа қылмыстар кеңінен қанат жайып келеді.
Екіншіден, қылмыстар жетік әрі шебер тәсілдермен жасалатындықтан, оларды бір мемлекеттің күшімен ашу қиындық туғызып отыр.
Үшіншіден, шекарамен шектелмейтін ұлтаралық қылмыстық қауымдастықтар пайда болды. Олар өте жақсы ұйымдасқан, әрі әр түрлі елдерде өз "өкілдерін" орнықтырып, қомақты қаржы және техникалық мүмкіндіктерді иеленіп, құқық қорғау ұйымдарымен қылмыстық байланыстар орнатады.
Зерттеу мәні: Халықаралық қылмыстық істердің жеке түрлерімен күресудегі халықаралық келісімдер қылмыскерлерді ұстап берудің құқықтық негіздері болып табылады. Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттер екі жақты тәртіпте әдеттен тыс ұстап беру (экстрадиция) немесе қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттар жасай алады. Қылмыскерлерді ұстап беру үшін заңдық негіздерді белгілеген кезде ұлттық заңдардың нормалары мен өзара көмек қағидасының болуы назарға алынады.
Ғылыми жаңалығы: Бұл дипломдық жұмыс бұрыннан бері зерттеліп келе жатқан жаңалықтардың бірі болып табылады, яғни оны зерттеген ғалымдар Кудайбергенов М. Б., Ляхов Е. Г., Панов В. П., Сеитов Т. Б. және басқадай отандық және шетелдік авторлар еңбектері қарастырылған.
Адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әректсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады. Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді. Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылады. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды. Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым жасалған.
Заң әдебиеттерінде қылмыстық құқықтың тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыратындығы туралы пікірлер айтылған. Біздің мұнымен келісуіміз керек сияқты. Себебі, азаматтардың бойына заң құрметтеушілік дағдысын, мораль талаптарына жауап беретін тәртіп қалыптастыру барлық құқық салаларының алдында тұрған міндет.
Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасындағы банк салымы шарты негізін реттеу болып табылады.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негізідері нормативтік құқықтық актілер мен Қазақстан республикасы және Ресей Федерациясының ғылыми әдебиеттерің қолдануынан көрініс тапты. Сонымен қатар статистикалық мәліметтер қолданылды.
Дипломдық зерттеулер жүргізу үшін келесі әдістер қолданылды: аналитикалық, жалпы диалектикалық, салыстыру, тарихи, логикалық және қорытындылау әдістері.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының мақсаты міндеттері, ғылыми жаңалығы зерттеу обектісі, зерттеу пәні, зерттеудің теориялық және методологиялық негізідері, практикалық маңыздылығы, диплом жұмысының құрылымы көрсетілген.
Бірінші бөлімде халықаралық қылмыстық құқық және оның негіздері, халықаралық қылмыстық құқықтың түсінігі және Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қылмыстық құқықты дамытудағы рөлі, халықаралық сипаттағы қылмыстық істер және олармен күресудегі мемлекеттердің міндеттемелері, қылмыскерлерді ұстап берудің құқықтық мәселелері анықталған.
Екінші бөлімде қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығы, қылмыстық істермен күрестегі халықаралық ынтымақтастық, қылмыстылықпен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі, қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымақтастығының салалары көрсетілген.
Үшінші бөлімде қылмыстылықпен күресетін халықаралық ұйымдар, қылмыстылықпен күресетін халықаралық ұйымдар, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және қылмыскерлерді беру, халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (Интерпол) толықтай зерттелген.
Жасалынған зерттеулердің нәтижесімен, олар бойынша келтірілген ұсыныстар қорытынды бөлімінде көрсетілген.
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Халықаралық қылмыстық құқықтың түсінігі және Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қылмыстық құқықты дамытудағы рөлі
Қылмыстылық жағдайы және онымен күрес проблемалары мамандардың ғана емес, сонымен қатар маман емес көпшіліктің де назарын осы салаға аударып келеді. Бұл мәселе криминология құзыретіне кіреді. Ол қылмыстылықты мемлекетте немесе оның жеке аймағында белгілі бір нақты кезеңде жасалған барлық қылмыстардың жиынтығын сипаттайтын қоғамдағы әлеуметтік құбылыс деп айқындайды. Қылмыстылық - бұл болып, өзгеріп тұратын құбылыс, яғни ол қоғамның белгілі бір даму сатысында пайда болады, әлеуметтік-экономикалық құрылымдар мен нақты саяси жүйелердің тарихи ерекшеліктеріне сәйкес түрлі елеулі өзгерістерге де ұшырап отырады. Мемлекеттің қылмыспен күрестегі рөлі қандай? Ол көбіне-көп сақтандырушы-превентивті, репрессивті және тәрбилеу сипатындағы ішкі мемлекеттік шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен, мұндай шаралар оң нәтижелерге жету үшін аздық етеді. Қылымыспен күресте мемлекеттер ынтымақтастығына үлкен рөл беріліп келеді.
Осындай мәселелерді зерттеумен халықаралық қылмыспен күрестегі мемлекеттердің ынтымақтастығы саласындағы қатынастарды реттейтін нормалар мен қағидалар жүйесі ретінде халықаралық қылмыстық құқық айналысады. Халықаралық қылмыстық құқық нормаларын, институттарын, қағидаларын жетілдіру ұлттық және халықаралық деңгейде қылмыстылықтың өсіп кетуімен негізделіп отыр.
Халықаралық қылмыстық құқықтың тарихы XIX ғ. соңына келіп тіреледі және оның тарихи тамыры тереңде жатыр. "Оның кейбір институттары мемлекет пен құқықтың пайда болуының қайнар көздеріне жатқызылуы мүмкін. Бірінші кезекте, қылмыскерлерді ұстап беруге (әдеттен тыс қамау) қатысты және ол оның ең көне институтының бірі болуымен қатар, халықаралық қылмыстық құқықтың қайнар көзі де болып табылады. Жалпы халықаралық құқықтың белгілі бір кезеңденуіне сәйкес келетін халықаралық қылмыстық құқықтың кезеңденуі қылмыскерлерді ұстап беру институтынан басталған"[15]
1889 ж. Қылмыстық құқықтың халықаралық одағы құрылды, ол барлық мемлекеттерге халықаралық қылмыстық құқықты жетілдіру ісінде ынтымақтасуды ұсынды. Мұндай ынтымақтастық халықаралық қылмыскерлерді құдалау жөнінде келісілген мемлекетаралық шаралар жүргізу арқылы көзделген болатын.
XIX ғ. алғашқы халықаралық-құқықтық актілер құлдық және құл саудасы мәселелеріне қатысты болды. Мысалы, 1815 ж. Вена конгресі осы мәселе жөнінде арнайы декларация қабылдады. Англия, Франция, Ресей, Австрия және Пруссия қатысушысы болған 1841 ж. Лондон шартында құл саудасы қылмыстық құбылыс деп танылды және барлық мемлекеттерді құл саудасымен айналысады деп күдіктенген теңіз кемелерін тоқтатып, тінтуге, кіріптарларды босатып, кінәлы адамдарды әділ сот органдарына беруге шақырды.
Дәл осы кезеңде халықаралық қауымдастық қылмыстылық туралы басқа да халықаралық шарттарды қабылдады. Мысалы, 1885 ж. Берлин конференциясында құл саудасының қылмыс екенін және жазаланатындығын; 1889 ж. әйелдерді саудалаумен күрес жөніндегі Лондон халықаралық конгресі бекітілді; 1884 ж. Парижде су асты телеграф кабельдерін күзету туралы халықаралық конференцияға қол қойылды; 1802 ж. Англия, Франция, Испания және Голландия арасында кісі өлтіру, қасақана банкрот болу және қолдан ақша жасау жөнінде айыпталған адамдарды ұстап беру туралы Амьен шартына қол қойылды. Жоғарыда аталған халықаралық актілер халықаралық қылмыстық құқықтың нормативті-құқықтық негізінің қалыптасуының бастамасы болды. Кейінірек, XX ғ. 20-жылдарының аяғында қылмыстық құқықты бір ізге салу жөнінде халықаралық конференция шақырылды. Ондағы талқыланған басты мәселелер халықаралық құқықтық тәртіпке қол сұғатын қылмыстарға жатқызылатын қылмыстар туралы болды. Сонымен бірге, осы халықаралық форумдарда барлық халықаралық құқық бұзушылықты халықаралық қылмыстарға және халықаралық сипаттағы қылмыстық істерге бөлу ұсынылды.
Халықаралық қылмыстық құқық жүйесінде Халықаралық Әскери трибунал Жарғысымен (ол туралы 7-тараудың 7. 7. -тармағында егжей-тегжейлі баяндалған болатын) баға жетпес үлес қосылды.
Адамзат қоғамының дамуына орай, қылмыстық құқықты жетілдіру саласында халықаралық ынтымақтастықтың объективті қажеттігі де туындайды. Халықаралық қауымдастықта халықаралық қылмыстың құрылымы мен серпіні өзгеріп келе жатқандығы оғаш та болса, шындық.
Халықаралық қылмыстардың экоцид, геноцид, адам құқықтарын жаппай бұзу сияқты жаңа түрлері пайда болуда. Соған орай, мемлекеттерге "халықаралық қатынастарда құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтау және нығайту арқылы халықаралық қылмыстылыққа қарсы күресті үдету қажет және халықаралық қылмыстық құқықты одан әрі дамытып, осы саладағы халықаралық шарттардан туатын міндеттемелерді толық көлемде орындап, өздерінің ұлттық заңдарының халықаралық қылмыстық құқық талаптарына сәйкес болуын қаматамасыз ету үшін қайта қарап шығуы тиіс". [16]
Халықаралық қылмыстық құкық доктринасы ұзақ уақытқа дейін халықаралық қылмыс ұғымын анықтай алмады. Теоретиктердің бір тобы халықаралық қылмыстық құқықты халықаралық жария құқық саласына жатқызса, екінші бір тобы - халықаралық жеке құқыққа, келесі біреулері - халықаралық қылмыстық құқықты құқықтың жеке дербес саласы деп белгіледі. Сонымен бірге, халықаралық жария құқықтың қылмыстануына жол бермеу туралы пікірлер де айтылып жатты, ягни халықаралық қылмыстық құқық деген ұғым мүлдем жоқ деген көзқарастар да болды.
В. П. Панов құқық саласы ұғымын негіздеу үшін осы саланың кұқықтық реттеу затын айқындау керек деп әділ айтып өткен. "Халықаралық қылмыстық құқық затына қандай құрамдас бөліктер кіреді? Біріншіден, бұл халықаралық шарттарда көзделген қылмыстарды ерекше тәртіпте алдын алу, тергеу және жазалаудағы ынтымақтастық. Екіншіден, халықаралық құқықтық тәртіпке қауіп төндіретін жеке әрекеттерді мемлекеттердің қылмыс деп жазалауын бекіту, юрисдикция мен сот іс жүргізуін анықтау, қылмыстық істер бойынша бір-бірлеріне құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді ұстап беру, қылмыстылықпен күрестегі халықаралық ұйым қызметтері және т. б. сияқты ынтымақтастықтың жеке мәселелері. Сонымен бірге, құқықтық реттеу затына қылмыстық әділ соттылық ережелері мен ең төменгі стандарттарды бекітуді, құқық бұзушылармен сөйлесу және қылмыстық құқықты бір ізділікке салуды жатқызуға болады. "[17]
Сонымен, саланың зат құрылымын саралауды ескере отырып, халықаралық қылмыстық құқық - бүл халықаралық шарттарда көзделген қылмыстармен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығын реттейтін қағидалар мен нормалар жүйесі екенін атап өту қажет.
Халықаралық қылмыстық құқық халықаралық жария құқықтың жеке бір саласы. Соған орай, халықаралық кылмыстық құқықта дербес зерттеу заты, құқықтық нормаларды қамтамасыз етудің ерекше тәсілі, арнаулы қағидалар жүйесі, халықаралық қылмыс субъектілері бар. Сонымен бірге, халықаралық қылмыстық құқыққа қылмыстық құқықтық көпшілік мойындаған институттары да тән: қылмысқа бірге қатысу, қажетті қорғану, аса қажеттілік және т. б.
Халықаралық қылмыстық құқықтың қайнар көздер жүйесі, тұтастай алғанда халықаралық жария құқық институттарының жүйесін қайталайды, тек реттеу затының ерекшелігіне байланысты болмашы өзгерістері болуы мүмкін. Мысалы, халықаралық жария құқықтың негізгі қайнар көздері - екі жақты және көп жақты шарттар болып табылады. Мұндай шарттық нормалар әмбебапты және аймақтық сипатта. Ерекше орын БҰҰ аясында қабылданған шарттарға беріледі. Осы салада жүйелеу жұмысының толық аяқталмағанын айту керек. Сондықтан халықаралық қылмыстық құқыққа қатысты құқықтық нормаларды халықаралық құқықтың басқа салаларынан да табуға болады. Мысалы, өлім жазасын алып тастау туралы Конвенциялық нормалар, азаптауды болдырмау және тыйым салу туралы, кәмелетке толмағандарды, әйелдер мен балаларды түрмеде қамауда ұстау ережелерін "Халықаралық жария құқықтағы адам құқықтары" деген саладан кездестіруге болады.
Халықаралық қылмыстық құқық ұлттық құқықта қабылданған құқықтық санкцияларға сұйенеді. Соған орай, халықаралық сипаттағы қылмыстарға қатысты юрисдикцияларды мемлекеттердегі қылмыстық соттар жүзеге асырады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы қылмыспен күрестегі мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар қызметтерінін үйлестіру орталығы болып табылады. Мұндай қызмет қылмыстылықтың алдын алу, онымен күресу және құқық бұзушыларға ізгілік көзқарасқа көмектесу саласында тәжірибелер алмасу арқылы жүзеге асырылады. БҰҰ қызметінің бұл бағыты 1872 ж. құрылған ХҚПК қысқартылғаннан кейін 1950 ж. орнай бастады. [5]
БҰҰ қызметіндегі халықаралық ынтымақтастықтың дамуы, қылмыстылықтың алдын алу, онымен күресу және құқық бұзушылармен қатынас жасауды бірқатар факторлар айқындайды:
• қылмыстың нақты қоғамның объективті негізделген әлеуметтік құбылысы ретінде болуы, мемлекеттердің олармен күресте жинақталған тәжірибелермен алмасу қажеттігі;
• халықаралық қауымдастықта мемлекеттердің ұлтаралық корпорацияларының қылмыстық әрекеттері алаңдатушылық туғызуда;
• ұйымдасқан қылмыстар үлкен залал әкелуде - олар мемлекеттердегі қылмыстық істердің ажырамас бөлігіне айналды;
• бірқатар мемлекеттер үшін есірткі заттарын заңсыз сату, ұшақтарды айдап әкету, әйелдер мен балаларды сату және т. б. елеулі проблемалардың бірі болып отыр.
Жарты ғасырдан астам кезең ішінде БҰҰ қарастырып отырған мәселедегі халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру мен тиімді қолдауға жәрдемдесті. Сонымен бірге, БҰҰ-ның қосалқы органдарының да белсенді рөлі бар, оның ішінде, БҰҰ-ның қылмыстылықтың алдын алу және құқық бұзушылар мен қатынас жасау Комитетін айтуға болады.
Жағымсыз, теріс құбылыс - қылмыстылықтың алдын алу және бұлтартпау шаралары туралы мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттердің кез келген әрекеттері халықаралық ынтымақтастық заңдарына негізделуі тиіс және ол халықаралық құқықтың мынадай қағидаларының негізінде жүзеге асырылуы керек: мемлекеттердің дербес теңдік қағидасы, мемлекеттердің ішкі істеріне қол сұқпау қағидасы, бейбітшілікті қолдау және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қылмыспен күресу мәселелерімен айналысатын органдар жүйесі мынадай сипатта белгіленген:
• Қылмыстылықпен күрес және құқық бұзушылармен қатынас жасау жөніндегі БҰҰ Конгресі. Бес жылда бір рет шақырылады.
• Қылмыстылықтың алдын алу және онымен күрес жөніндеғі БҰҰ комитеті.
• Ұлттық тілшілер институты (жүйесі)
• 1968 ж. құрылған БҰҰ-ның әлеуметгік қорғау ғылыми- зерттеу институты, Римде орналасқан.
• Қылмыстылықпен күрес және құқық бұзушылармен қатынас жасау жөніндегі аймақтық институт.
• Қылмыстылық және қылмыстық әділ соттылық саласындағы ғаламдың ақпараттық жуйе.
• Ақпараттар жинауға, саралауға, алмасуға және таратуға, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының суратуы бойынша және ұдайы негіздерде мемлекеттердің қылмыстылық серпіні, құрылымы және көлемі туралы мәліметтерді беруіне көмектеседі.
• Қылмыспен күрес және оның алдын алу ісінде БҰҰ-мен ынтымақтастық жасаушы үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар.
Қылмыстық істердің алдын алу проблемалары. БҰҰ Конгрестерінде, Комитет мәжілістерінде қарастырылатын мәселелердің жартысынан көбі қылмыстың алдын алуға жатқызылады. Осы саладағы БҰҰ органдарының қызметін күшейту кейінгі жылдардағы қылмыстық істердің криминологиялық аспектілерінің үдеп кетуіне байланысты болып отыр.
Халықаралық қылмыспен күрес іс-тәжірибесі халықаралық және ұлттық органдардың құқық бұзушылықтардың алдын алу қызметтерінің келешегін көрсетіп отыр.
Халықаралық қылмыстық құқықта мұндай күрестің екі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылатыны жалпыға мәлім. Біріншісі - құқық бұзушылықтың, оның ішіндегі ең қауіптісі - қылмысың алдын алу. Екіншісі - жасалып жатқан немесе жасалған кылмыстарды көпшілік жағдайларда кінәлыға жаза тағайындау арқылы ашу, тергеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz