Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі. Атом құрылысы. Радиоактивтілік. Химиялық байланыс



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 146 бет
Таңдаулыға:   
Мазм±ны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Химияныњ негізгі стихиометриялық зањдары
1. Эквивалент. Эквивалент зањдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2. Газ күйінің зањдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
3. Газдыњ парциалды ќысымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
4. Моль. Авагадро зањы. Кµлемдік ќатынас зањы ... ... ... ... ... ... ... 15
5. Газдардыњ күйіндегі заттардың молекулалыќ массаларын аныќтау
тєсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .18
6. Химиялыќ тањбалар, формулалар. Химиялыќ ќосылыстардыњ формулаларын
ќ±растыру жєне химиялыќ тењдеулер ... ... ... ... ... ...21
7. Баќылау тестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

ІІ тарау. Бейорганикалыќ ќосылыстардыњ жіктелуі

2.1. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарына жалпы
       сипаттама ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.2. Бақылау тестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
ІІІ тарау. Атом ќ±рылысы. Радиоактивтілік
1. Атомдардыњ электрондыќ ќ±рылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
2. Атом ядросыныњ ќ±рылысы. Ядролыќ реакциялар. Радиоактивтілік.48
3. Бақылау тестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 50
ІV тарау. Химиялыќ байланыс
1. Химиялыќ байланыстардыњ т‰рлері. Ковалентті
байланыстардыњ т‰зілу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Молекулалардыњ полюстілігі. Молекуланың геометриялық
құрылысы.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .
3. Иондыќ байланыс. Иондар
поляризациясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .
4. Бақылау
тестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .
V тарау. Химиялыќ реакциялардыњ ж‰ру зањдылыќтары
1. Химиялық процестердің энергетикасы. Химико-термодинами-
калық
есептеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
2. Химиялыќ реакциялардыњ жылдамдыѓы. Химиялыќ тепе-тењдік ... ..
3. Бақылау
тестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .
VІ тарау. Ертінділер
6.1. Ертінділер концентрациясын көрсету
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6.2. Бақылау
тестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
VІІ тарау. Электролит ертінділер
1. Әлсіз электролиттер. Диссоциациялану дәрежесі мен константасы...
2. Күшті электролиттер. Иондардың
активтілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Сутектік
көрсеткіш ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .
4. Ерігіштік
көбейтіндісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...
5. Электролит ерітінділердің алмасу реакциялары. Тұздар гидролизі...
6. Бақылау
тестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .
VІІІ тарау. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электрохимия негіздері
8.1. Тотығу дәрежесі. Тотығу және
тотықсыздану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8.2. Тотықтырғыштар мен
тотықсыздандырғыштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8.3. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың
эквиваленті ... ... ... ... ... ...
8.4. Электродтық
потенциал ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
8.5. Тотығу-тотықсыздану реакциясының жүру
бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ...
8.6.
Электролиз ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
8.7. Бақылау
тестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
ІХ тарау. Комлексті қосылыстар
1. . Комплекс ионының құрамын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Комплексті қосылыстардың
номенклатурасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
3. Бақылау
тестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .
Эксперименттік бөлім

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Тест жауаптары
Қосымша нұсқаулар

Әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі кезеңнің заман ағымына сай ақпараттануы жоғары оқу
орындарында жаңа инновациялық технологияның енгізілуіне мүмкіндік береді.
Білім берудегі инновациялық технологияның негізгі бағыты ретінде жаңа
ақпараттық технологияның жетілдірілуі және қолданылуы жатады. Жаңа
ақпараттық технологияның жетілдірілуі оқыту – бақылау бағдарламаларына
деген қызығушылықты тудырып, оның оқу процесіне кеңінен қолдануына
мүмкіндік туғызады.
Адамзат қоғамында болып жатқан елеулі өзгерістер жаңа ақпараттық
технологияның қолдануымен байланысты кәсіби мамандарды дайындау барысында
жаңаша талаптар қояды.
Жоғары оқу орнындағы оқытушылар студенттердің білім негіздерін
меңгеру әдістері мен тәсілдерін үйретуді, ұйымдастыруды басты мақсат
ретінде қарастырады. Ал компьютер білімді меңгеруді жеңілдететін тиімді
құралға айналып отыр. Химия және биология ғылымдары мамандарын дайындауда
экспериментальды бөлімі мен қатар компьютердің қолдану маңызы зор.
Оқыту және бақылау бағдарламасы педагогикалық жаңашыл бағыт бола тұра
біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруға және білім деңгейін әділ бағалауға
мүмкіндік береді. Сонымен бірге студенттердің дайындалу барысында жекеше
оқыту қарқынын айқындайды.
Ақпараттық технологияның бағдарламалық – педагогикалық әдісі мен
байланысы қазіргі кезеңдегі адаптивті оқыту және бақылау жүйесінің
қалыптасуына көмектеседі.
Білімді жүйелі түрде оқыту, тексеру және бақылау оқытудың тиімді,
маңызды шарты болып табылады. Бақылау бағдарламалары немесе тестердің
көмегімен жүргізілетін бағдарламалық бақылаудың жылдам әрі объективті түрі
барлық оқытушылар қауымының көзқарасын аударады.
Соған орай дипломдық жұмыстың мақсаты: жалпы химия курсын меңгеретін
студенттер үшін оқыту және бақылау бағдарламасын құрастыру болып табылады.

І тарау. Химияның негізгі стихиометриялық заңдары

1.1. Эквивалент. Эквивалент заңдары

Элементтің эквиваленті дегеніміз сутегі атомдарының 1 молімен
әрекеттесетін немесе сондай мольді қосылыстан ығыстырып шығаратын мөлшерін
айтады.
Элементтің 1 эквивалентінің массасын оның эквиваленттік массасы
дейді, ал ол гмольмен көрсетіледі.
1-мысал. Мына қосылыстардағы HBr, H2O және NH3 элементтерінің
эквиваленттік массасын және эквивалентін анықта.
Шешуі. Берілген қосылыстардағы сутегі атомының 1 молі, бром атомының 1
молімен, оттегі атомының ½ молі, азот атомының 13 молімен қосылады. Яғни,
соған сәйкес бромның, оттегінің, азоттың эквиваленті 1 мольге, ½ және 13
мольге тең. Бұл берілген элемент атомдарының мольдік массасы нәтижесінде
бром, оттегі, азот —эквиваленттік массалары — 79,9 гмоль, 16 ∙ ½ = 8
гмоль, 14 ∙ 31 = 4,67 гмольге тең екені анықталды.
Элементтің эквивалентін немесе эквиваленттік массасын анықтағанда,
оның сутегімен қосылыс түзуі міндетті емес. Қосылыстағы элементтерді талдау
арқылы анықталған массалық мөлшерлері және біреуінің эквиваленті белгілі
болса, екінші элементтің эквивалентін табуға болады.
2-мысал. 5,6 г темір күкіртпен қосылғанда 8,8 г темір сульфидін
түзеді. Күкірттің эквиваленттік массасы 16 гмольге тең екені белгілі
болса, темірдің эквиваленттік массасын ЭFe және оның эквивалентін есепте.
Шешуі. Берілген есептің шарты бойынша, темір сульфидіндегі 5,6 г
темірге 8,8 - 5,6 = 3,2 г күкірт келеді. Эквивалент заңына сәйкес,
әрекеттесетін заттардың массалары олардың эквиваленттік массаларына
пропорционал болады. Демек,
5,6 г Ғе эквиваленті 3,2 г S
ЭҒе гмоль — 16 гмоль
Бұдан, ЭҒе = 5,6 ∙ 163,2 = 28 гмоль
Темір атомының мольдік массасы, санды түрде оның салыстырмалы молекулалық
массасы (28 гмоль), оның атомының мольдік массасынан 2 есе кем
болғандықтан, 1 моль темірде 2 эквивалент бар. Демек, темірдің эквиваленті
½ мольге тең (1:2).
Эквиваленттер заңы негізінде күделі заттардың эквиваленттік
массаларын мына формулалармен өрнектеуге болады:

Эоксид = Моксид элемент атомының саны ∙ элемент валенттігі; Эқышқыл =
Мқышқыл қышқыл негізділігі;
Энегіз = Мнегіз негіз қышқылдығы;
Этұз = Мтұз металл атомының саны ∙ металл валенттілігі;
мұндағы, М – қосылыстардың мольдік массасы.
3-мысал. Құрамында 8г NaOH бар ертіндімен күкірт қышқылын
бейтараптағанда түзілген натрий гидросульфатының массасын анықта.
Шешуі. Натрий гидроксидінің эквиваленттік массасын табамыз:
ЭNaOH = MNaOH1 = 40 гмоль. Демек, 8г NaOH 840 = 0,2 гмоль NaOH
эквиваленттік массасын құрайды. Эквиваленттер заңына сәйкес, түзілген тұз
массасы да 0,2 тең. Кейін тұздың эквиваленттік массасын анықтаймыз:
ЭNаНSО4 = MNаНSО4 1 = 120 гмоль. Натрий гидросульфатын түзген масса 120
∙ 0,2 = 24 г тең.
Кейбір есептерді шығарғанда, мысалы, газ күйіндегі заттардың
реакцияға түсуі, көлемді анықтау және оған есептерде міндетті түрде
“эквиваленттік көлемді„ қолданған жөн.
Эквиваленттік көлем деп осы жағдайда заттың 1 эквивалентіне сәйкес
келетін көлемді айтады. Мысалы, қалыпты жағдайда сутегінің 1 эквиваленті
22,42 = 11,2 л тең, оттегінің 1 эквиваленті 5,6 көлем алады.
4-мысал. Эквиваленттік массасы 28 гмольге тең, металдың біршама
мөлшері қалыпты жағдайда қышқылдан 0,7 л сутегіні ығыстырып шығарады.
Металдың массасын анықта.
Шешуі. Сутектің эквиваленттік көлемі 11,2 гмольге тең екенін біле
тұра, пропорция құраймыз:
28 г металл эквиваленті —11,2 л сутегі
хг — 0,7 л
х = 0,7 ∙ 2811,2 = 1,75 г.

Есептер

1. 5,00г Ме жанғанда 9,44г металл оксиді түзілді. Металдың эквивалентті
массасын анықта.
2. Металдың бірдей мөлшері 0,200г оттегімен және 3,17г галогенмен
әрекеттеседі. Галогеннің эквиваленттік массасын анықта.
3. 1 л оттегінің массасы 1,4 тең 21 г магний жанғанда қанша литр оттегі
жұмсалады? Магнийдің эквиваленті ½ моль.
4. 3,24г металл 3,48г оксид және 3,72г сульфид түзеді. Металл мен
күкірттің эквиваленттік массасын есепте.
5. 8,34г металл 0,680 литр оттегімен тотығады (қ.ж) Екі валентті Ме анықта
және оның атомдық массасын есепте.
6. Мышьяк құрамында 65,2% As және 75,7% As бар екі оксид түзеді.Екі
оксидтегі мышьяктың эквивалентті массасын анықта.
7. 1,00 г белгісіз Ме 8,89г броммен 1,78 г күкірт пен әрекеттеседі. Егер
күкірттің эквиваленттік массасы 16,0 гмоль болса, бром мен металдың
эквиваленттік массасын анықта.
8. Хлордың эквиваленттік массасы 35,5гмоль, ал мыстың молярлық массасы
63,5гмоль. Мыс хлоридінің формуласы қандай?
9. 16,8г металды еріту үшін 14,7 г күкірт қышқылы жұмсалады. Металлдың
эквиваленттік массасын және бөлініп шыққан сутектің көлемін (қ.ж)
есепте.
10. 1,80г металл оксидін тотықсыздандыру үшін (қалыпты жағдайда өлшенген)
883 мл сутегі жұмсалады.Оксид пен металлдың эквиваленттік массасын
есепте.
11. Эквивалентті массасы 27,9гмоль белгісіз металл қышқылдан 800мл сутегін
(қ.ж) ығыстырып шығарады.Металл массасын анықта.
12. 1,60г кальций және 2,16г мырыш қышқылдан бірдей көлемде сутегін
ығыстырып шығарады. Кальцийдің эквиваленттік массасы 20,0
гмоль.Мырыштың эквиваленттік массасын анықта.
13. Күкірт және ортофосфор қышқылының молекулалық массасы бірдей. Егер
реакция нәтижесінде сульфат және дигидрофторфосфат түзілетін болса,
бірдей көміртегі сілтіні бейтараптауға кеткен қышқылдың массалық
қатынасын анықта.
14. Мыс екі оксид түзеді. Мыстың белгілі мөлшерінен сәйкес бірінші оксид
түзуге жұмсалан оттегінің көлемі, екінші оксидпен салыстырғанда екі есе
көп болады. Екі оксидтегі мыс валенттілігін анықта.
15. Ортофосфор қышқылы сілтімен әрекеттескенде Na2HPO4 тұзы түзіледі. Осы
реакция теңдеуіне байланысты ортофосфор қышқылының эквиваленттік
массасын есепте.
16. 2,45 г қышқылының бейтараптау үшін 2,00г натрий гидроксиді жұмсалады,
Қышқылдың эквиваленттік массасын анықта,
17. 5,95 белгісіз зат 2,75 хлорсутекпен әрекеттескенде 4,40 тұз түзілді,
Затпен түзілген тұздың эквиваленттік массасын есепте
18. 0,376 алюминий қышқылымен әрекеттесу нәтижесінде 0,468 литр сутегін
(қ,ж, өлшенген ) ығыстырып шығарады, Алюминийдің эквивалентік массасы
99 г\моль сутегінің эквиваленттік көлемін есепте.

1.2. Газ күйінің заңдары

Газ күйі оның температурасы, көлемі және қысымымен сипатталады. Егер
газдың температурасы 0ºС, ал қалыпты жағдайдағы қысымы(101,325 кПа немесе
760 мм.сын.бағ.) тең болса, онда бұл жағдайдағы газ нормал газ деп аталады.
Осы айтылған жағдайда болатын газдың көлемін V0, ал қысымды Р0 деп
белгілейді.
Бойль-Мариотт заңы бойынша тұрақты температурада газдың массасындағы
көлемі оның қысымына кері пропорционал тәуелділікте болады:
Р2Р1 = V1V2 немесе РV = const.
1-мысал. 3 л көлем алатын біршама температурадағы газдың қысымы 93,3
кПа (700 мм.сын. бағ.) тең. Егер де температураны өзгертпей газдың көлемін
2,8 литрге дейін азайтса, оның қысымы қандай болады?
Шешуі. Егер қысымды Р2 деп белгілесек, онда Р2 = 93,3 = 32,8. Бұдан:
Р2 = 93,3 ∙ 32,8 = 100 кПа (750 мм. сын. бағ.)
Гей-Люссак заңы бойынша: тұрақты қысымда осы газдың массадағы көлемі,
оның абсолюттік температурасына тура пропорционал тәуелділікте болады:
V1T1 = V2 T2 немесе VT = const.
2-мысал. 27ºС температурадағы газдың көлемі 600 мл. Егерде қысым
тұрақты болса, онда 57ºС-де газ қандай көлем алады?
Шешуі. Ізделініп отырған көлемді V2, ал соған сәйкес температураны Т2
деп белгілейміз. Есептің шарты бойынша V1 = 600 мл, Т1 = 273 + 27 = 300К
және Т2 = 273 + 57 = 330 К. Мына мәндерді Гей – Люссак заңына сәйкес қойсақ
аламыз:
600300 = V2330, бұдан V2 = 600 ∙ 330300 = 660 мл.
Көлемі тұрақты газдың қысымы оның абсолюттік температурасына тура
пропорционал тәуелділікте: Р1Т1 = Р2Т2.
3-мысал. 15ºС-да баллондағы оттегінің қысымы 91,2 ∙ 102 кПа тең.
Қандай температурада ол 101,33 ∙ 102 кПа жетеді?
Шешуі. Ізделініп отырған температураны Т2 деп белгілейік. Есептің
шарты бойынша
Т1 = 273 + 25 = 288 К, Р1 = 91,2 ∙ 102 кПа, Р2 = 101,33 ∙ 102 кПа
Бұл мәндерді теңдеуге қойып, табамыз:
Т2 = 101,33 ∙ 102 ∙ 288(91,2 ∙ 102) = 320 К немесе 47ºС.
Бойль – Мариотт пен Гей – Люссак заңдарын біріктіру арқылы газ
көлемі, қысымы және температурасы арасындағы байланысты өрнектейтін газ
күйінің теңдеуі шығады:
РVТ = Р0V0Т0
Мұндағы, Р менV - берілген температурадағы қысым мен көлем, Р0 мен V0 –
қалыпты жағдайдағы қысым мен көлем.

4-мысал. 25ºС температурада, қысымы 99,3 кПа (745 мм. сын. бағ.),
газдың біршама мөлшері 152 мл көлем алады. 0ºС мен 101,33 кПа қысымда
жоғарыда берілген газдың мөлшері қанша көлем алады?
Шешуі. Соңғы көрсетілген теңдеуге мына мәндерді қойып, табамыз:
V0 = РVТ0Р0Т = 99,3 ∙ 152 ∙ 273(101,33 ∙ 298) = 136,5 мл.

Есептер.

1. 17ºС температурада газдың біршама мөлшері 580 мл көлем алады. Егерде
қысымды өзгертпесе, жоғарыда берілген газ мөлшері 100ºС температурада
қанша көлем алады?
2. 2,5 л көлем алатын газдың қысымы 121,6 кПа (912 мм.сын. бағ) тең. Егер
температураны өзгертпей, газ көлемі 1 литрге дейін сығылса, оның қысымы
нешеге тең болады?
3. Жабық ыдыстағы температура 0ºС, ондағы қысымды 2 есе көбейту үшін газды
неше градусқа дейін қыздыру керек?
4. 27ºС және 720 мм сн. бағ. қысымда газдың көлемі 5 л тең. 39ºС мен 104
кПа қысымда осы берілген газдың мөлшері неше көлем алады?
5. 7ºС-де жабық ыдыстағы газдың қысымы 96,0 кПа тең. Егер ыдыстағы
температураны –33ºС дейін салқындатса, оның қысымы қандай болады?
6. 1 г ауа қалыпты жағдайда 773 мл көлем алады. Жоғарыда көрсетілген ауаның
массасы 0º температурада және 93,3 кПа (700мм сын. бағ.) қысымда неше
көлем алады?
7. Жабық ыдыста 12ºС температурадағы газдың қысымы 100 кПа (750мм сын.
бағ.) тең. Егер де ыдысты 30ºС-ға дейін қыздырса, ондағы газдың қысымы
қандай болады?
8. 0ºС температура мен 15,2 Мпа қысымда сыйымдылығы 12 л болат баллонның
ішінде оттегі бар. Мұндай баллоннан қалыпты жағдайда қанша көлем оттегі
алуға болады?
9. Болат баллонда азоттың температурасы 12,5 Мпа қысымда 17ºС тең.
Баллонның шекті қысымы 20,3Мпа. Азоттың қысымы қандай температурада
шекті мәніне жетеді?
10. Газдың біршама мөлшері 91ºС температурада, 98,7 кПа қысымда 680 мл
көлем алады. Қалыпты жағдайдағы газдың көлемін анықта.
11. 21ºС температура мен қысымда 104,5 кПа (784 мм сын. бағ.) қысымда 1,28
г металл сумен әрекеттескенде 380 мл сутегі бөлініп шықты. Металдың
эквиваленттік массасын анықта.

1.3. Газдың парциалды қысымы

Қоспадағы газдың парциалды қысымы деп барлық газ қоспасының бірдей
физикалық жағдайдағы алатын көлемінің өндіретін қысымы.

1-мысал. 100 кПа (750 мм сын. бағ.) тең бірдей қысымда 2 л О2 мен 4
SO2
араластырылады. Араласқан қоспаның көлемі 6 л. Алынған қоспадағы газдың
парциалды қысымын анықта.
Шешуі. Есептің шарты бойынша оттегінің көлемі араласқаннан кейін 62 =
3 есе, ал күкірт (ІV) оксидінің көлемі 64 = 1,5 есе артты. Газдың
парциалды қысымы да сонша есе кеміді. Демек,
РО2 = 1003 = 33,3 кПа, РSO2 = 1001,5 = 66,7 кПа.
Пациалды қысым заңы: газ қоспасының қысымы оны құрайтын және бір-
бірімен әрекеттеспейтін газдар қысымдарының қосындысына тең.
2-мысал. 3 л СО2 4 л О2 және 6 л N2 араластырылды. Соған сәйкес СО2,
О2 және N2 араластырғанға дейін олардың қысымдары 96,108 және 90,6 кПа
болды. Қоспаның жалпы көлемі 10 л. Қоспаның қысымын анықта.
Шешуі. Жоғарыда шығарған есепке ұқсас әр газдың үлестік қысымын
анықтаймыз:
РСО2 = 96 ∙ 310 = 28,8 кПа
РN2 = 90,6 ∙ 610 = 54,4 кПа
РО2 = 108 ∙ 410 = 43,2 кПа
Қоспадағы жалпы газдардың қысымының қосындысы парциалды қысымға тең.
Р = 28,88 + 43,2 + 54,4 = 126,4 кПа
Егер де газ сұйықтықтың бетіне жиналса, онда есептеу алдында келесі
жағдайды ескеру қажет: оның қысымы парциалды болып табылады және әр түрлі
газдар қоспасының жалпы қысымына тең.
3-мысал. 20ºС температура мен 100 кПа (750 мм сын. бағ.) қысымда су
бетінен жиналған 120 мл азот қалыпты жағдайда қанша көлем алады? 20ºС су
буының қаныққан қысымы 2,3 кПа тең.
Шешуі. Азоттың парциалды қысымы: жалпы қысым мен су буының парциалды
қысымына тең.
РN2 = Р – рН2О = 100 – 2,3 = 97,7 кПа
Ізделініп отырған көлемді V0 деп белгілеп, Бойль – Мариотт пен Гей –
Люссактың біріктірілген заңын қолданып, анықтаймыз:
V0 = РVТ0ТР0 = 97,7 ∙ 120 ∙ 273(293 ∙ 101,3) = 108 мл.

Есептер.

1. 96 кПа (720 мм сын. бағ.) қысымдағы 0,04 м3 азот пен 0,02 м3
араластырылды. Қоспаның жалпы көлемі 0,06 м3, ал жалпы қысым 97,6 кПа
(732 мм сын. бағ.) тең. Алынған оттегінің қысымы қандай болды?
1. Газды қоспасы 2 л Н2 (Р = 93,3 кПа) мен 5 л СН4 (Р = 112 кПа)
дайындалған.
Қоспаның көлемі 7 л тең. Қоспаның жалпы қысымы мен парциалды
қысымын анықта.
2. Газды қоспа NО мен СО2 құралған. Егер де олардың парциалды қысымы 36,3
және 70,4 кПа (272 және 528 мм. сын. бағ.) болса, қоспадағы газдың
көлемдік үлесі (%) есепте.
3. 0ºС сиымдылығы 0,6 м3 жабық ыдыста 0,2 кг СО2, 0,4 кг О2 және 0,15 кг
СН4 тұратын қоспа бар. Есепте: а) қоспаның жалпы қысымын; б) қоспаның
көлем бойынша проценттік құрамын.
4. Газ қоспасы 0,03 м3 СН4, 0,04 м3 Н2 және 0,01 м3 СО дайындалған СН4, Н2,
СО-ның бастапқы қысымдары 96,84 және 108,8 кПа (720,630 және 816 мм сын.
бағ.) тең. Қоспаның көлемі 0,08 м3. Қоспаның жалпы қысымы мен газдың
парциалды қысымын анықта.
5. Газометрдің су бетінде 23ºС мен 104,1 кПа қысымда 7,4 л оттегі бар.
Қаныққан су буының қысымы 23ºС температурада 2,8 кПа (21 мм сын. бағ.)
тең. Газометрдегі оттегі қалыпты жағдайда қандай көлем алады?
6. 0,350 г металл қышқылдан 20ºС және 104,3 кПа қысымда су бетіне жиналған
209 мл сутегін ығыстырып шығарды. Осы температурада судың қаныққан
буының қысымы 2,3 кПа. Металдың эквиваленттік массасын тап.
7. 250мл. сутегі судың бетінен 26ºС мен 98,7 кПа қысымда жиналды. 26ºС мен
98,7 кПа қысымда жиналды. 26,С-дегі судың қаныққан буының қысымы 3,4 кПа
құрайды. Сутектің қалыпты жағдайдағы көлемі мен массасын есепте.
8. 0,604 г эквивалентті металл 18ºС мен 105,6 кПа қысымда су бетінен
жиналған 581 мл сутегін қышқылдан ығыстырып шығарды. 18ºС-де судың
қаныққан буының қысымы 2,1 кПа құрайды. Металдың салыстырмалы атомдық
массасын анықта.

1.4. Моль. Авагадро заңы. Газдың мольдік көлемі

Химиялық есептеулерде масса, көлеммен қатар зат мөлшері қолданылады.
Заттар молекулалардан, атомдардан немесе иондардан тұрады. Заттағы
құрылымдық бөлшектердің мөлшерін моль арқылы анықтайды. Зат мөлшерінің
өлшем бірлігі – моль болып табылады. Моль дегеніміз массасы 12-ге тең
көміртегі атомының 0,012 кг қанша атомдар болса, құрамында сонша құрылымдық
бөлшектер – молекулалар, атомдар немесе иондар болатын зат мөлшері.
Моль дегеніміз құрамындағы құрылымдық бірліктердің саны үлкен
нақтылықпен анықталған: Практикалық есептеулерде оны 6,02 ∙ 1023 Авагадро
саны деп атайды.
Зат мөлшерінің 1 молінің массасы граммен өрнектеледі. Зат массасының
зат мөлшеріне қатынасына тең шаманы молярлық масса деп аталады. Бос
күйіндегі хлордың СІ2 салыстырмалы молекулалық масса 70,90 тең. Демек,
молекулалы хлордың мольдік массасы 70,90 гмоль құрайды. Бірақ, хлор
атомының мольдік массасы 2 есе кіші (34,45 гмоль), себебі хлор СІ2
молекуласының 1 молі хлор атомының 2 молін құрайды.
1-мысал. СО2 бір молекуласының массасын граммен өрнектеу.
Шешуі. СО2 молекулалыќ массасы 44,0 тењ. Демек, СО2 мольдiк массасы
44,0 гмоль. 1 моль СО2 6,02 ∙ 1023 молекуладан ќұралады. Бұдан бір
молекуланыњ массасын табамыз:
m = 44,0 (6,02 ∙ 1023) = 7,31 1023 г.
Авагадро зањы: бірдей жағдайда (бірдей температура мен ќысымда) єр
түрлі газдардыњ бірдей көлемдеріндегі молекулалар саны бірдей болады.
Басќаша айтќанда, кез келген газдыњ 1 молі бірдей молекула санынан
тұрады. Демек, бірдей жағдайда кез келген газдыњ 1 молі ќалыпты жағдайда
22,4 л көлем алады. 22,4 л газдардыњ ќалыпты жағдайдағы (0º ќысым 101,325
кПа) мольдік көлем деп аталады.
2-мысал. 100ºС температурадан жоғары жабыќ ыдыстың ішінде сутек пен
оттектің эквиваленттік ќоспа мөлшерлері бар. Егер ќоспа жарылып, содан
кейін ыдыстыњ ішіндегі ќұрамдарды бастапќы температураға әкелсе, ыдыстыњ
ішіндегі ќысым ќалай өзгереді?
Шешуі. Сутегі мен оттегін єрекеттестіргенде єр екі Н2 молекуласынан
жєне бір О2 молекуласынан 2 молекула Н2О пайда болады. Реакция нєтижесінде
молекуланыњ жалпы саны 1,5 есе кемиді. Реакция тұраќты көлемде жүреді, ал
реакция аяќталғаннан соњ ыдыстыњ ішіндегі заттарды бастапќы температураға
алып келеді. Молекула саны 1,5 есе кемиді, сондыќтан ќысымныњ да сонша есе
азаюына әкеліп соғады.
3-мысал. 5,25 г азот 26ºС мен 98,9 кПа (742 мм. сын. бағ) ќысымда
ќанша көлем алады?

Шешуі. Азоттыњ мольдік көлемімен мольдік массасын (28,0 гмоль) біле
тұра, 5,25 г азоттыњ ќалыпты жағдайда алатын көлемін аныќтаймыз:

28,0 г Ν2 — 22,4 л
5,25 г Ν2 — V0
бұдан
V0 = 5,25 г ∙ 22,4 л 28,0 г = 4,20 л.
Аныќталған көлемді есептіњ шарты бойынша табамыз:
V = P0V0T (РТ0) = 101,3 ∙ 4,20 ∙ 299 (98,9 ∙ 273) = 4,71 л.
4-мысал. Көлемдік ќұрамы (ќ.ж.) 21% болатын 1 л ауада неше моль О2
бар?
Шешуі. 1 л ауада О2 ќалыпты жағдайда 0,21 л көлем алады. О2-ніњ
мольдік көлемін біле тұра, 0,21 л О2 оныњ моль санын аныќтаймыз.
22,4 л. 1 моль О2 — 22,4 л
0,21 л. х моль О2 — 0,21л
х = 0,21 22,4 = 0,093 моль О2

Есептер.

1. Құрамында 1 г NH3 және 1 г N2 бар заттардың молекулалар санын
салыстыр. Қай заттың молекулалар саны неше есе үлкен болады?
2. Күкірт диоксидінің бір молекуласының массасын граммен көрсет.
3. Молекулалар саны бірдей бола ма:
а) 0,001кг H2 және 0,001 O2
б) 1 моль H2 және 1 моль O2
в)1 литр H2 және 1 литр O2 бірдей болған жағдайда?
3. 1,00 мл сутегінің қ.ж. молекулалар санын есепте.
4. Газдың 27∙1021 молекуласы қалыпты жағдайда қандай көлем алады?
5. 1 моль O2 және 1 моль O3 (бірдей жағдайда) көлемдер қатынасы қандай?
6. Бірдей жағдайдағы оттегінің, сутегінің және метанның тең массалары
берілген. Осы газдардың көлемдер қатынасын анықта.
7. 1 моль су қалыпты жағдайда қандай көлем алады. Жауабы: 22,4 л, осы жауап
дұрыс па? Дәлелде.
8. Құрамында 0,03 % CO2(қ.ж) бар 1 литр ауада қанша молекула көміртегі
диоксиді болады?
9. Берілген заттардың массасын есепте :
а.150 C және 100,7 кПа(755 мл сын.бағ) қысымдағы 2л H2;
в. 100 C және 102,9кПа (722мм сын.бағ) қысымдағы 1 м N2;
с. 200 Cжәне 99,9 кПа (749,3 мм сын.бағ) қысымдағы 0,5м CI2.
10. 210С және 142кПа (1065 мм сын.бағ.) қысымдағы 0,07 кг N2 алатын көлемін
анықта.
11. Бертолле тұзын қыздырғанда KCI мен O2 айырылады. 1 моль калий
хлоратынан 00 С және 101,3 кПа қысымда неше литр оттегі алуға болады ?
12. Қалыпты жағдайда кез – келген газдың 1 м көлемінде қанша моль болады.
13. Егер 00 С-да 1л ауаның массасы 700 мг болса, Қазбек шыңында
атмосфералық қысым қандай болады?
14. Бір көлем CO және бір көлем CI әрекеттескенде бір көлем фосген
түзіледі. Фосген формуласын анықта.
15. 2л бутан жанғанда қанша көлем СО2 түзеледі? Екі газдың көлемдері
қалыпты жағдайда өлшенген.
16. 0,020 л сутегімен оттегінің қоспасы жарылғанда 0,0032 л оттегі қалады.
Қоспаның алғашқы құрамының көлемдік үлесін (%) есепте.
17. Тењ көлемдегі SО2 мен О2 ќоспалары жанама аппараты арќылы өткенде SО2
молекуласыныњ 90%-і SО3 айналады. Жанама аппаратынан шығатын газ
ќоспаларыныњ ќұрамын (көлемдік үлес бойынша % - ін) аныќта.
18. 3 көлем СІ2 мен бір көлем Н2 тұратын ќоспаны жабыќ ыдыста жарыќ жерде
жєне ќалыпты температурада ќалдырды. Біршама уаќыттан соњ СІ2 ќұрамы
20 % кеміді. Ыдыстағы ќысым өзгере ме? Көлем бойынша ќоспаныњ
проценттік ќұрамы ќандай болды?
19. ΝН3 пен СІ2 әрекеттескенде хлорсутек пен азот түзіледі. ΝН3 пен СІ2
ќандай
көлемдік ќатынаста єрекеттеседі жєне алынатын газдыњ көлемдік ќатынасы
ќандай?
20. 1,5 г мырыш тұз ќышќылында ерігенде (17ºС мен 102,4 кПа ќысымда) ќандай
көлем сутегі бөлініп шығады?
21. Құрамында бір көлем зерттелетін газ және бір көлем сутегі бар, ќоспа
жарылғаннан кейін бір көлем су буы және бір көлем азот түзілді. Барлық
өлшемдер бірдей жағдайда өткізілді. Ізделініп отырған газдыњ формуласын
аныќта.

1.5. Газ күйіндегі заттыњ молекулалыќ массасын аныќтау

Заттыњ молекулалыќ массасын аныќтау үшін, әдетте санды түрде заттыњ
мольдік массасын гмоль ретінде табады.
А. Газдыњ тығыздығы бойынша молекулалыќ массаны аныќтау.

1-мысал. Газдың ауа бойынша тығыздығы 1,17 тењ. Газдыњ молекулалық
массасын аныќта.
Шешуі: Авагадро зањы бойынша бірдей ќысым мен бірдей температура мен
массада (m), мольдік массада (М) бірдей көлемдеріндегі молекулалар саны
бірдей болады.
m1 m2 = М1 М2
мұндағы, m1 m2 – екінші газ бойынша бірінші газдыњ салыстырмалы
тығыздығы, D – деп белгіленеді.
Демек, есептіњ шарты бойынша
D = М1 М2 = 1,17
Ауаныњ орташа мольдік массасы М2 29,0 гмоль тењ. Онда М1 = 1,17 ∙ 29,0 =
33,9 гмоль, бұл 33,9 молекулалық массасы болып келеді.
2-мысал. Қалыпты жағдайда 0,824 г газ 0,260 л көлем алады. Газдыњ
молекулалық массасын аныќта.
Шешуі. Кез келген газдыњ 1 молі ќ. ж. 22,4 л көлем алады. Берілген
газдыњ 22,4 л массасын есептеу арќылы оныњ мольдік массасын табамыз.
0,824 г — 0,260 л
Х г — 22,4 л
Х = 22,4 ∙ 0,824 0,260 = 71,0 г
Демек, газдың мольдік массасы 71,0 гмоль, ал молекулалық массасы - 71 тењ.

В. Клапейрон - Менделеев тењдеуі арќылы молекулалыќ массаны аныќтау.
Клапейрон - Менделеев (идеал газ күйініњ тењдеуі) тењдеуі массаны (m,
кг), температураны (Т, К), ќысымды (Р, Па) және көлемді (V, м3), газ және
мольдік массаны (М, кгмоль) біріктіреді:
PV = mRTМ
Мұндағы, R - универал газ тұрақтысы, 8,314 Джмоль ∙ К.
3-мысал. Массасы 600 мл, оның буының массасы 87ºС температура мен 83,2
кПа қысымда 1,30 г тең екенін біле тұра бензолдың молекулалық массасын
анықта.
Шешуі. Берілген есепті ӨЖ аударып, (Р = 8,32 ∙ 104 Па; V = 6 ∙ 10-4
м3; m = 1,30 ∙ 10-3 кг, Т = 360 К) оларды Клапейрон – Менделеев теңдеуіне
қойып, келесі мәнді табамыз:
М = 1,30 ∙ 10-3 ∙ 8,31 ∙ 360 8,32 ∙ 104 ∙ 6 ∙ 10-4 = 78,0 ∙ 10-3
кгмоль = 78,0 гмоль
Бензолдың молекулалық массасы 78,0 тең.

Есептер.
1. 200 мл ацетиленнің қ.ж массасы 0,232 тең. Ацетиленнің молекулалық
массасын есепте.
2. 600 мл газдың (қ.ж) массасы 1,714 нең. Газдың молярлық массасын есепте.
3. 00 С және 101,33 кПа қысымдағы 0,0611м газдың массасы 1,25 г
тең. Осы газдың молярлық массасын, бір молекуласының
массасын есепте.
4. 0,001 м3 газдың қалыпты жағдайдағы массасы 0,0021кг. Газдың молярлық
массасын және ауа бойынша тығыздығын есепте.
5. Этиленнің оттегі бойынша тығыздығы 0,875 тең. Газдың молекулалық
массасын есепте.
6. 0,001 м3 белгісіз газдың қалыпты жағдайдағы массасы 0,00125кг, ал
0,001м3 азоттың массасы 0,00125кг. Газдың молярлық массасын
анықта:
а) азотқа байланысты тығыздығы бойынша;
б) молярлық көлемге байланысты.
7. Сынаптың ауа бойынша тығыздығы 6,92 тең. Бу күйіндегі сынаптың
молекуласы неше атомнан тұрады?
8. Белгілі температурада күкірт буының азот бойынша тығыздығы 9,14 тең. Осы
температурада күкірт молекуласы неше атомнан
тұрады?
9. 87 0С және 96кПа 720 мм сын.бағ қысымында көлемі 500 мл ацетонның
массасы 0,93г тең. Ацетонның молярлық массасын
есепте.
10. 17 0С және 104 кПа (780 мм.сн.бағ.) қысымда көлемі 624 мл тұздың
массасы 1,56г тең. Газдың молекулалық массасын есепте.
11. 17 0 С және 101,33 кПа қысымда 1 кг ауа қандай көлем алады?
12. Газометр 20 литр газбен толтырылған 170 С және 103,3кПа (774,8 мм
сн.бағ.) қысымда осы газдың ауа бойынша тығыздығы
0,40 тең. Газдың массасын есепте .
13. 270 С оттегімен толықтырылған сыйымдылығы 750 мл колбаның массасы 83,3г
тең. Бос колбаның массасы 8,21г оттегінің қысымын анықта.
14. 170 С және 83,2кПа (624 мл сн.бағ.) қысымдағы 1м ауаның массасын
есепте.

1.6. Химиялыќ тањбалар, формулалар. Химиялыќ ќосылыстардыњ формулаларын
ќ±растыру жєне химиялыќ тењдеулер

Заттың формуласы заттың құрамына қанша элемент кіретінін, оның санын
көрсетеді. Химиялық қосылыстардың формулаларын қарапайым және молекулалық
болып екіге бөлінеді. Қарапайым формула молекуланың құрамына кіретін
элементтердің сандық қатынасын кіші бүтін сандардың қатынасындай етір
көрсетеді. Белгілі бір заттың қарапайым формуласын қорытып шығару үшін оның
құрамы мен атомдық массасы белгілі болса жеткілікті.

1-мысал. Құрамында 68,4 % хром бар хром оксидінің қарапайым формуласын
анықта.
Шешуі. Хром мен оттегі атомдарының сандарын оксидтің қарапайым
формуласына сәйкес х пен у деп белгілейік. Бұл элементтердің атомдық
массалары 52 және 16 тең. Сондықтан оксид құрамындағы хром мен оттегі
52х:16у қатынасындай болады. Есептің шарты бойынша бұл қатынас 68,4 : 31,6
тең. Демек,
52х : 16у = 68,4 : 31,6 бұдан х:у = 68,4 52 : 31,6 16 = 1,32 : 1,98
Алынған қатынасты бүтін санмен өрнектеу үшін бұл екі санды соның ішіндегі
ең кіші мәніне бөлеміз:
х:у = 1,32 1,32 : 1,98 1,32 = 1:1,5
Кейін соңғы алынған қатынасты екіге бөлеміз:
х:у = 2:3
Сонымен хром оксидінің формуласы Сr2О3.
2-мысал. 2,66 г біршама заттың толығымен жаққанда 1,54 г СО2 мен 4,48г
SO2 түзілді. Заттың қарапайым формуласын анықта.
Шешуі. Жанған зат құрамында С мен S болғанын көрсетеді. Бұл екі
элементтен басқа ол заттың құрамында оттегі де кіреді. Заттың құрамындағы
көміртектің массасын, ондағы түзілген СО2 массасы бойынша анықтаймыз. СО2
мольдік массасы 44 гмоль тең: Сонымен 1 моль СО2 құрамында 12 г С бар. 1,5
г СО2-дегі көміртегінің массасын m табамыз. 44:12 = 1,54 : m; m = 12 ∙ 1,54
44 = 0,42 г
Соған сәйкес 4,48 г SО2-дегі күкірттің массасы 2,24 грамға тең екенін
есептедік.
Сонымен жанған заттағы 0,42 г көміртекке 2,24 г күкірт сәйкес келеді.
Бұл екі заттың массасының қосындысы, жанып кеткен затты (2,66 г) массасына
тең болғандықтан оның құрамында оттегі жоқ.
Жанған заттың молекласындағы көміртек (х) пен күкірт (у) атом
сандарының қатынасын есептейміз:
х:у = 0,42 12 ∙ 2,24 1,32 = 0,035:0,070 = 1:2
Демек, заттың қарапайм формуласы СS2.

Заттың молекулалық массасын анықтау үшін ол заттың құрамымен бірге
оның молекулалық массасын да білу керек.
3-мысал. Газ күйіндегі азот сутектің қоспасында сутектің 12,5 %
(масс.) бар. Қосылыстың сутегі бойынша тығыздығы 16 тең. Қосылыстың
молекулалық формуласын анықта.
Шешуі. Молекула қосылысындағы азот (х) атомы санының сутегі (у) атомы
санына қатынасын анықтаймыз.
х: у = 87,5 14 : 12,5 1 = 6,25 : 12,5 = 1:2
Қосылыстың қарапайым формуласы NН2. Бұл қосылыстың молекулалық массасы
16 тең. Сутектің тығыздығы бойынша заттың шын молекулалық массасын табамыз:
М = 2 ∙ 16 = 32
Сонымен, заттың шын молекулалық массасы оның қарапайым формуласы
бойынша есептелінген массадан екі есе үлкен. Демек, қосылыстың молекулалық
формуласы N2Н4.
Химиялық реакция теңдеуінде әр формула заттың 1 моліне сәйкес келеді.
Сондықтан реакцияға түскен заттың мольдік массаларын біле отыра реакцияға
түсетін және оның жүруі кезінде түзілген және реакция теңдеуі бойынша зат
массалары арасындағы қатынасты анықтауға болады. Егер реакцияға газ
күйіндегі заттар қатысса, онда реакция теңдеуі бойынша олардың көлемдік
қатынасын анықтауға болады.
4-мысал. 20 г натрий гидроксидін бейтараптау үшін қажетті Н2SО4
массасын тап.
Шешуі. Реакцияның теңдеуі:
Н2SО4 + 2 NаОН = Nа2SО4 + 2 Н2О
Н2SО4 мен NаОН молекулалық массалары соған сәйкес 98, 40 тең. Бұлардың
мольдік массалары 98 және 40 гмоль құрайды. Реакция теңдеуіне сәйкес 1
моль Н2SО4 2 моль NоОН әсер етеді, яғни
98 г Н2SО4 —— 80 г NаОН
х г Н2SО4 —— 20 г NаОН
бұдан х = 98 ∙ 20 80 = 24,5 г
5-мысал. Күкірт қышқылын МnО2 мен NаСІ қоспасына әсер еткенде хлор
алынады. Реакция мына теңдеу бойынша жүреді:
2 NаСІ + МnО2 + 3 Н2SО4 = 2 NаНSО4 + МnSО4 + СІ2 + 2Н2О
100 г натрий хлоридiнен қалыпты жағдайда қанша көлем хлор алуға
болады?
Шешуі. Реакция теңдеуіне сәйкес 2 моль натрий хлоридінен 1 моль хлор
түзіледі. 2 моль ΝаСІ (117г) массасын есептеп, пропорция құраймыз:
117 г ΝаСІ — 22,4 л СІ2
100 г ΝаСІ — Х л СІ2
демек, х = 22,4 ∙ 100 117 = 19,15 л.

Есептер.

1. Құрамында (массасы бойынша) 43,4 % натрий 11,3 % көміртегі
және 45,3 % оттегі бар заттың қарапайым формуласын анықта.
2. Құрамына сутегі, көміртегі, оттегі және азот кіретін массалар қатынасы
1:3:4:7 болатын заттың қарапайым формуласын анықта.
3. 2,73 г оксидте 1,53 г металл бар. Ванадий оксидінің қарапайым формуласын
анықта.
4. Құрамында (массасы бойынша) 26,53 % калий, 35,37 % xром және 38,10 %
оттегі бар заттың қарапайым формуласын анықта.
5. 36,6 г тұз қыздырғанда 5,4 г су буланады. Барий кристаллогидратының
формуласын анықта.
6. Құрамында (массасы бойынша) 54,5 % көміртегі 36,4 % оттегі және 9,1 %
сутегі бар май қышқылының молекулалық формуласын тап. Заттың сутегі
бойынша тығыздығы 44 тең.
7. Құрамында (массасы бойынша) 93,75 % көміртегі және 6,25 % сутегі бар
заттың молекулалық формуласын тап. Заттың ауа бойынша тығыздығы 4,41 тең.
8. 4,3 г көмірсутегі жанғанда 13,2 г СО2 түзіледі. Көмірсутектің сутегі
бойынша тығыздығы 43 тең. Заттың молекулалық формуласын анықта.
9. Массасы 1,88 г құрамында бромы бар органикалық зат жанғанда 0,88г СО2
және 0,3г Н2О алынды. Барлық бромды күміс бромидіне айналдырғанда 3,76г
AgBr түзілді. Заттың сутегі бойынша тығыздығы 94 тең. Зeрттелетін заттың
молекулалық формуласын анықта.
10. Бір көлем белгісіз газбен екі көлем оттегі қопарылыс бергенде екі көлем
СО2 және бір көлем N2 түзіледі. Газдың молекулалық формуласын тап.
11. Бор мен сутектен тұратын 1л газдың массасы 1л азот тең болғандағы осы
қосылыстың молекулалық формуласын анықта.
12. Массасы 1 кг болатын:
а)KNO3 калий селитрасының; б) NH2NO3 амоний селитрасының; в) (NH4)2
HPO4 аммофостық құрамындағы азоттың массасын есепте.
13. Қосылыстағы элементтің массалық үлесін (%) есепте:
а) Мg(OH)2; б) Fе(NO3)3; в) H2SO4 г) (NH4)2SO4.
14. Құрамында 94% Fе2О3 бар 2 т темір рудасынан қанша масса темір
алуға болады?
15. Құрамында 10г H2SO бар ертіндіге 9г NaOH қосылды. Алынған ертіндінің
реакция ортасы қандай?
16. Құрамында 34,0 AgNO3 бар ертіндіге дәл осындай массасы
бар NaCl ертіндісі араластырылады. Күміс нитраты толығымен
реакцияға түседі. Реакция нәтижесінде неше грамм күміс
хлориді түзіледі.
17. 3,00 г антрацитті жандырғанда қалыпты жағдайда өлшенген 5,30 көмір
қышқыл газы бөлінеді. Антрациттегі көміртегінің массалық үлесін есепте.
18. Құрамында 0,2г FeCl2 бар ертіндіге 0,24г моль NaOH қосылды. Реакция
нәтижесінде неше моль Fe(OH)3 түзілді және қанша моль FеCl3 ертіндіде
қалды?
19. 1 моль суды электр тогының әсерінен айыру нәтижесінде қанша көлем
күркіреуік газ (қ.ж) түзіледі?
20. 0,80 кг кальций карбидіне сумен әрекеттестіру арқылы қандай көлем
ацетилен (қ.ж) алуға болады ?
21. 265 г натрий карбонатынан қанша грамм натрий хлоридін алуға болады?
22. 10 моль SO2 және 15 моль 02 тұратын қоспаны катализатор арқылы
өткізгенде 8 моль SO3 түзіледі. Қанша моль SO2 және O2 реакцияға
түспейді?
23. 7,3г HCl мен 4,0г NH3 араластырылды. Қанша грамм NH4Cl түзілді?
Реакцияға түспей қалған газдың массасын анықта.
24. Су буын қыздырғанда, көмір арқылы өткізгенде бірдей көлем CО және Н2
тұратын су газы алынады. 0,3кг көмірден қанша көлем газы (қ.ж) түзіледі?
25. Кальций карбонатын қыздырғанда СаО мен СО2 айырылады. 7,0т
сөндірілмеген ізбес алу үшін құрамында 90% СаСО3 бар қанша табиғи ізбес
алу керек ?
26. Құрамында 6,8г АlCl3 бар ерітіндігі құрамында 5,0г КОН ерітінді
құйылды. Түзілген тұнбаның массасын анықта.
27. Құрамында 7,4г кальций гидрооксиді бар ертінді арқылы 3,36л көміртегі
(IV) оксиді (қ.ж.) өткізілді. Реакция нәтижесінде түзілген тұздардың
массасын анықта.
28. 7,4 г кальций гидроксидінен тұратын ерітінді арқылы қалыпты жағдайда
3,36 л көмірдиоксиді өткізілді. Реакция нәтижесінде түзілген тұздардың
жалпы массасын анықта.
29. 10 г мыс азот қышқылында ерітіліп, кейін буландырды. Түзілген Сu(NО3)2
∙ 3Н2О кристаллогидратының массасын есепте.
30. Натрий гидроксиді ерітіндісімен 3,90 г алюминий қоспасын өңдегенде
алюминийдің оксидімен бірге қалыпты жағдайда өлшенген 840 мл газ бөлініп
шықты. Бастапқы қоспаның құрамын анықта.

Бақылау тестері

1. test
Эквивалент заңдарын қай формула дұрыс анықтайды:
а. m1 Э2 = m2Э1
в. m1 m2 = Э2 Э1
с. m1Э2 = m2 э1
d. m1Э1 = m2Э2
е. m1 m2 = Э1Э2
2. test
Фосфор құрамы бойынша хлоридтің екі түрін түзеді. Бұл қосылыстардағы қай
элементтің эквиваленті тұрақтылығын сақтайды:
а. фосфорда
в. хлорда
с. екеуінде де
d. тұрақтылығын сақтамайды
е. дұрыс жауап жоқ.
3. test
Оттегі мен сутегінің қалыпты жағдайдағы эквивленттік көлемінің дұрыс
мәндерін анықта:
а. 11,2 л 02 және 22,4л Н2
в. 11,2 л 02 және 11,2л Н2
с. 22,4л 02 және 11,2л Н2
d. 5,6л 02 және 11.2л Н2
е. 5,5л 02 және 5,6л Н2
4. test
7,1 г хлор 16 г бромды ығыстырса, 35,5 гмоль қанша бромды ығыстыра-тынын
есептеу арқылы бромның эквиваленттік массасын және эквивалентін анықта:
а. эквиваленттік масса 40 гмоль, ал эквиваленті 40
в. эквиваленттік масса 80 гмоль, ал эквиваленті 80
с. эквиваленттік масса 51,5 гмоль, ал эквиваленті 52
d. эквиваленттік масса 80 гмоль, ал эквиваленті 40
е. дұрыс жауап жоқ.
5. test
FeCl2 мен FeCl3 қосылыстарындағы темірдің эквиваленттік массалары бірдей ме
:
а. ҒеСІ3 эквиваленттік массасы артық
в. молярлық масса
с. бірдей
d. әр түрлі
е. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Квант саны
Атом-молекулалық ілім. Стехиометриялық заңдар
Химияның теориялық негіздері
Жалпы және бейорганикалық химия пәні
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің ашылу тарихы
Атом ядроларының байланыс энергиясы
Қышқылдардың химиялық қасиеттерін зерттеу
Бейорганикалық қосылыстардың кластарын оқыту әдістемесі
Бейорганикалық заттардың негізгі класстары және олардың генетикалық байланысы
Атом құрылысын ұжымдық оқыту
Пәндер